Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері
2. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі
3. Ш.Уәлихановтың психологиялық көзқарасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ш.Ш.Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш.Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде 1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы – Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған.
Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы – Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың есімін алып, өзін «Уәлиханов» деп аталған.
Щыңығыс Уәлиев – Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де, өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.
Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты, терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген кісі.
Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір себепкері болды.
Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.
Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына үйленеді.
1. Мұқанов С. «Жарқын жұлдыздар»
2. Алматы 1964ж. Ш.Уәлиханов бөлімі
3. Қазақ Әдебиеті қысқаша тарихы.
4. «Достық дастаны» (ұлы адамдар өмірінен. ХІV-ХХ ғасырлар). Алматы, 1994ж.
5. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір анатологиясы» І-том. Алматы, 1994ж.
6. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, «Қауақтың тәлім-тәрбиесі». А., 1995.
7. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір анатологиясы». ІІ-том (ХХ ғасырдың 20-жыолдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) / Құрас.: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. А., 1998.
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М:Қоянбаев. «Педагогика». А., 1998.
9. Т.Қордабаев «Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы». «Қазақстан мұғалімі» газеті, 1998.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері
2. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі
3. Ш.Уәлихановтың психологиялық көзқарасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ш.Ш.Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш.Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-
Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде
1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар
әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы – Абылай Россиямен
сауда және саяси байланыс жасап отырған.
Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы – Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың
есімін алып, өзін Уәлиханов деп аталған.
Щыңығыс Уәлиев – Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли
қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де,
өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі
Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.
Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты,
терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен
орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген
кісі.
Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір
себепкері болды.
Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы
Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.
Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым
әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген
соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені
беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына
үйленеді.
Уәлихановтың азамат ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық
мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз
қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің,
Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен
идеяларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға
дейінгі уақыт яғни 1855—1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі
(1859—1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да
мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан — өмірінің
соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан
өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия
тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялык мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,
алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын
байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Даладағы
мұсылмандық жөнінде", "Тәңір (құдай)" деген еңбектерінде философияның
негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш. Уәлихановтың
сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін
айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде
"сыртқы дүние—күн, ай, жұлдыздар және жер—алғашқы құдірет болып табылады"
деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және
басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы,
себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы,
"Тәңір (құдай)" атты мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын
ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен
түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сырткы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның
объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық
көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселесінің
маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады.
Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ
айтып кеткен. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде табиғат
пен адам; өмір мен өлім әрқашанда түпсіз сырға толы ғажайып танданудың пәні
болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттігінен шамандық туды деп тұжырымдайды.
Бұдан Шоқан Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім
мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуынын
бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның
терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның
ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе
есебінде қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұқара молдаларының
таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса
айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары ой мен
сезімнін дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеме әкелмейді"-деп
көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға
болады деген пікірлеріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін
емес дейді.
Шоқанның прогресті халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруымен
тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден-
бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге Ш.Уәлиханов қоғамның топка,
жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң-мұқтажына
қайшы келетіндігін атап көрсетеді.
Ерекше назар аударарлық нәрсе — Шоқанның демократиялық көзқарастары.
Мысалы, "Сот реформалары жөніндегі жазбалар" атты еңбегінде патша өкіметі
тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын билер
артық деген қорытындыға келеді. Себебі би болу үшін ол адам әділдігімен,
шешендігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса оған ешкім билік
айтқызуға келмей қояды, ал патша өкіметі сайлаған сот белгілі уақытқа шейін
сот міндетін атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік пен
мансалқорлык жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс
даму үшін, алдымен оған қажет нәрселер—өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-
өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп және сақталып
қалу ушін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық
сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша,
дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған
реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді. Сонымен бірге
Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан
аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпы адамзаттык мәдениетті меңгеру қай елдің
болмасын алдына қоятын максаты болу керек деген ойды қолдайды. Әрине,
еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халкы ағарту мәселесін іске асыруы
қажет. Бұл ретте казақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше
жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген мақалаларында қазақ даласында
орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді кеңес етеді.
Қазақ жерінде дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала
көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың бәрін патша өкіметі шеше
алады деп келді. Ресейдің мәдениетті көтермелемек тәсіліне үлкен үміт
артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді
жақсы меңгерсе де өз халқынан ажырамады, халқының мұңын, әсіресе, қалың
бұқаранын жоғын жоқтады, Г.Н.Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халкынан
ажырата алмады, керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рухөз елінің
қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды.
Ресей өкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе
бастайды. Әсіресе, генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс
әскерлерінің отаршылдық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен шығып,
ел ішіне кетеді. Н.М.Ядринский Шоқан туралы естелігінде: бұратана халықтың
өкілі цивилизация нәрін татып, білім алсада, бөтен мәдениетхалқының ырқын
ығыстырғанын көзімен көргенде, біржақты ықпалдың болашағына сенбей, өз
жұртына оралуды жөн көрді дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен
әдістерінде Уәлиханов әкімшілік жолымен жасалатын реформаға шешуші мәселе
деп қарады. Сондықтан отаршыл өкімет орындарына бірнеше рет өз
ұсыныстарымен барып та жүрді.
Н.Г.Чернышевскийдің "Философиядағы антропологиялық принцип" атты Батыс
Еуропа экономистерінің, онын ішінде Ст.Милльдің идеяларын қарастыратын
еңбегіндегі автордық реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы кеңіл
аударарлық. Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де жақсы таныс болған.
Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформа қарастырылып отырған әлеуметтік
қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық, тектік-топтық, психологиялық және салт-
дәстүр ерекшеліктері ескерілуге тиіс еді.
Революцияшыл демократтар реформа мәнін теріске шығармағанмен, алдыңғы
қатарға революциялык күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік ағартушылықты
ұстанып, халық бұқарасынын өмірін материалды және рухани жағынан жақсарту
кезі реформа деп білді Қоғамдық прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым,
білімді таратуда, содан сон реформа жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы
әлеуметтік бақытсыдықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. "Әділетті
басшы" идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға шарттылығы жайлы
айтылған жеке ойлары болғанмен, жалпы алғанда ағартушылық позицияны
ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою
қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік
және сот реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат —
әлеуметтік теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам
құру.
Уәлиханов мәнгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін
түрлерінің ішінде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді
"гушнды ілім" деп бағалады. Жалпы алғанда, Уәлиханов дүниетанымы, оның
шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның
рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.

1. Ш.Уәлихановтың еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған
дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы
демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына
даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай
қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-
сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж)
өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар
семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында
туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады.
Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне
байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер,
жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте
осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған
Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы
да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы
ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және
географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес,
тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол
жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын
серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: Айкөкек,
Сырымбет, Көкенің аманаты сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді.
Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені
Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды.
Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді.
Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі
Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық
даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен
аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.
Сол кез дің дәстүрі бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін
білу парыз еді, сондықтан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс
тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін меңгерген.
Шоқанның жас кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Жас
Шоқан сұңқар салып, салттық құпуға өте құмар болған.
Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман өзен алабының қалың тоғайлары
мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат
алғандайды.
1847 жылдың күзінде туған елінен 1-ші рет ұзақ сапар шеккен он екі
жасар Шоқан әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс
достарының көмегімен баласын Сібір кадет корпусына түсіреді. Герцен мен
Белинскийдің идеялары, сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да
жетті. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан,
Монғолиямен, ОРта Азияны зерттеуші П.Н:Потанин оқыды. Кадетте аса көрнекті
тәрбиеленушілердің қатарына Ш.Уәлиханов пен П.Н.Потаниннің досы, ақырында
атақты ғалым – публицист және статистик Н.Ф.Аненский де жатады. корпустың
оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы тарих, орыс және Батыс
Европа әдебиеттері, жалпы география, философия негіздері, химия, физика,
арифметика, ал гебра, тригонометрия, геометрия, пәндері де қамтылған,
сонымен бірге сурет салу, сызу, орыс француз тілдері де оқытылатын. Кадет
корпусы сегіз жылдық оқу орны еді.
Қазақ әншілер мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне әкесі келіп жүргендегі
де Шоқанның халық поэзиясын қастарлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер
еткен. Ш.Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның
классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу және Ер көкше атты халық дастанынан ол тіпті
бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Косылецкийге берген.
Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңға қатарлы орыс
интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді.
Академик А.И.Шренк, Сібір казактарының облыстың басқармасында жұмыс істеген
декабристер С.М.Семенов, В.М.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан
университетінің студенттері С.Соткиков, Н.Ф.Костылецкий, С.Сейфуллин сияқты
көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған.
Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғылымдары үшін
түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласында қатыстырып
отырған. Бірақ Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшейе берді. Ол
үлкен қалада оқуды армандайды. Онда екі даярлау класы, бес негізгі және
алтыншы – арнаулы класс болды. Соңғысында әскери ғылымдар (тактика,
артиллерия, далалық фортификация).
Азия елдері жөнінде Қытай, Индия, Ауғанстан, Персия терең мағұлмат
алуға үлкен орын беріледі. Қолданбалы ғылымдар саласынан сызба геометрия,
топография, архитек тура мейлінше ұсынылды. Программаға оқу пәндеріне
қосымша ән, гимнастика, жүзу, би, қылыштасу, шабондоздық өнеріне жаттығу
ойындары енгізілді.
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, бірақ қиыншылықты
тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, құрдастарының алдына түсті. Шоқан тез
кемелденді - деп еске алды, оның мектепте досы Г.Н.Потанин өзінің орыс
жолдастарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның
қабілеттілігі сондай, тіпті оқу орнына түсуден бұрын-ақ сурет сала бастаған
еді.
М.И.Березиннің еңбектері Шоқанды ертедегі жазба ескерткіштері зерттеу
ісіне құлшындырады және ол өзінің алғашқы ғылыми еңбектерін осы хан
жаңалықтарын талдау мәселесіне арнайды. Костылецкий өмірінің соңына дейін
крепостнойлыққа қарсы табанды күрескер болып қалды. Ол әділеттілікті
жақтаған ақниет адам болды. Азаттық идеяларын ашықтан-ашық насихаттағаны
үшін Костылецкий кадет корпусындағы қызметінен айырылып, күн көрісі,
нашарлап, ақыры қайтыс болды.
Шоқанды туған баласындай көрген Гонсевский (аса білімді адам, тарих
пәнінің оқытушысы) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Шоқанның жастық шағы
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
Қазақ ағартушыларының философиясы
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер
Пәндер