Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер


ЖОСПАР
Кіріспе
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
ІІ. Негізгі бөлім
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері
1. Ескерткіштердің табылуы мен зерттелуі.
2. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері.
2. 1 Ескерткіштер туралы кейбір пікірлер
2. 2 Орхон - Енисей жазуларының шығу төркіні жөнінде
3. Қазақстандағы ескерткіштер.
3. 1. Талас руникалық ескерткіштері.
3. 2. «Таңбалы тас» жазба мұрасы
Қорытынды бөлім
Тақырыптың мақсаты:
Көне түркі жазуының аса бір құндылығы - ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын нақты дәлелдей түседі. Сондай-ақ Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпелілерде «жазу-сызу болмады-мыс» деген дәстүрлі пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2 жарым мың жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың алфавиттік жазуды білгендігін және оны кең түрде пайдаланылғандығын куәландырады.
Көне түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазуы екендігі ешқандай күмән туғызбайды. Бұл алвафит соншалық өмір сүргендігін қазіргі біздің қолымыздағы деректер айқындап, көзімізді толық жеткізе алады.
Жазба ескерткіштерді ғылыми зерттеу қоғамның рухани мәдениетінің тарихын, тілін терең танып, байыпты білуге жол ашады. Әр түрлі түркі жазба текстерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілдік, графикалық ерешеліктерін анықтап, мәдени, әдеби және тарихи мәні мен мазмұнын көрсету-зерттеу жұмысының басты мақсаты .
Тақырыптың өзектілігі:
Жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіші.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі халықтарының бәріне ортақ, баға жетпес қазына болып саналады. Сондықтан Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен қазақ, өзбек, түркмен, қырғыз да, Шығыс Түркістанды мекендеген ұйғыр да, Еділ бойын жайлаған татар мен башқұрт та, Алтай аймағында өмір сүрген алтай, хакас, шор және тува тайпалары да Орхон жазба ескерткіштерін ерте кездерде өз ата-бабаларының қалдырып, тас беттеріне жазып кеткен тарихи мұралары ретінде қабылдайды.
Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан-замананы көктей өткен ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлардың бір-бірімен іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармаған абзал.
Ескі жаба дәстүр әр түрлі даму кезендерін бастан кешіріп, өзінің жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып білуге үлкен роль атқарды. Ал, қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі-тарихи дәуірлерде осы мекенді қоныстап келген көптеген тайпалардың тас бетіне жазып қалдырған белгілері болып табылады.
Кіріспе
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екенін айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан, оның «құпия» таңбаларына балап «руникалық» деп атап кетті. *
Көне түркі жазу ескерткіштерінің ең көп қанат жайған аймағы жоғарыда атап кеткеніміздей - Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл, күйдірілген саз балшықтай жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны айқындалып отыр.
Бірнеше ғасырға созылған араб графикасындағы жазба дәстүр ескі түркі жазба әдеби тілдерінің дамуына желі болып таралып, сол бір бастаудан нәр алған өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ т. б. халықтарының қазіргі жазба әдеби тілдерінің мәуелеп өркендеуіне негіз салды.
*А. С. Аманжолов. Түркі филологиясы жазу тарихы Алматы. 1996ж//Көне түркі жазуы тарихының даму кезеңдері //39-40бет
Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған :
- Ескі сақ, ғұн, үйсіндер пайдаланған руна жазуы;
- Орхон дәуіріндегі руна жазуы;
- Шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан Ана, Батағай) .
- Араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатын, Болған ана, Көк кесене, тағы басқалар) .
Бұл тасқа немесе мавзолейдің қабырғаларына жазып қалдырған тарихи сөздер қазақ мәдениетінің ерте кездегі, орта ғасырлардағы бір үлкен белгісі, қазақта жазу болмаған, шикі, тағы ел деп айтушылардың сөзін теріске шығаратын ашық белгілер екені бәрімізге мәлім. Осындай тасқа жазылған кітап сөздерін, мұраларын біріктіріп, жеке бір кітап етіп шығарса, қазақтың білмейтіндер өзінен-өзі таң қалып жүрер еді.
Әуелде, түркі филологиясында ерекше орын алып, дамып келе жатқан және болашағы зор салалары - түркі эпиграфикасы мен түркі палеографиясы. Олар көне таңбалардың эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған. Былайша айтқанда, эпиграфика тас, метал, сүйек, саз балшық тағы басқа бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексерсе, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді.
Көне түркі тіліндегі руникалық жазулар тек тастарға қашау әдісімен ғана емес, үй жиһаздары, түрлі бұйымдарға да ойылып жазылғандығы айқындала түсті. Сазбалшықтан ыдыс-аяқтар мен құмыраларға кескінделген руникалық бірнеше Ферғанада және Дон өзенінің құйылысынан табылды. Алтай мен Хакасиядағы ескі мола-қорымдарын қазғанда, археологтар алтын, күміс табақтар мен құмыра, тостағаншаларға және күміс қапсырмаға ойылған руникалық жазулардың куәсі болады.
Кең тараған руникалық жазулардың Шығыс Түркістаннан VIIІ-IX ғасырда қағазға жазылған нұсқаларын ХХ ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық экспедициялар айқындады десек, Алатаудың оңтүстік өңіріндегі Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойып жазылған нұсқасы табылды.
Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің ең қанат жайған аймағы жоғарыда атап кеткеніміздей - Оңтүстік Сібір, Монғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде 200-ге жуығы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл, күйдірілген саз балшықтай жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса, ағаш пен сүйек сияқты заттарда қолданылғаны айқындалып отыр.
Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан замананы көктей өткен ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлардың бір-бірімен іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармағанымыз абзал.
Түркі қағанаты құрамына енген ру-тайпалардың бір-бірімен пікір алысатын, белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан тілі, тілдік ерекшеліктерін көрсететін арнаулы жазулары болды.
Қазіргі замандағы қай тілді алсақ та, ол бір ғана заманның жемісі емес, оның негізі - грамматикалық құрылысы, дыбыстық жүйесі, сөздік құрамына - әлденеше заманның жемісі. Олардың элементтері бағзы дәуірінде жасалып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп. Біздің заманымызға келіп жеткен.
1. Ескерткіштердің табылуы мен зерттелу деңгейі .
Құпия жазуларға алғаш көңіл бөліп, оны талдауға әрекет жасаған Т. Бойер 1729 жылы ескі кельт жазулары деп есептеді. 1793 жылы А. С. Паллас бұл жазуларды ескі гот жазуы деп қателесті. 1818 жылы орыс ғалымы Г. Спасский «Древность Сибири» деген журналды бұл белгісіз жазуларды моңғол не қалмақ жазуы түрінде қарады. Моңғол және қалмақ жазулары соғды жазулары негізінде пайда болғанын ескермеді. Кейінірек 1857 жылғы бір еңбегінде ол өзінің алғашқы пікірінен тайып, бұл жазуларды ескі славян жазуы деп есептеді. Ғылымның бұл пікірі де дәлелсіз еді. Ол кісі 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының ескі жазулары болуы ықтимал деп шатасты. 1824 жылы Ю. Клапрот оларды грек жазуы негізінде қарады. Ж. Аспелин Сібір жерлерінен табылған жазулар жөніндегі өз пікірін 1884 жылы Одесса қаласында болған археологтардың конгресінде хабарлап, оны шалғай жатқан Скандинавия халықтары жазуы деп ұйғарды. М. А. Кастрен құпия жазулардың шығу тегі жөнінде үзілді-кесілді пікір айтып, оны фин халықтарының ерте замандағы жазуы түрінде қарады. Кейінгі кездері, 1933 жылдар Г. Ксенофонтов бұл жазуларды якут жазуы түрінде қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В. Томсен, В. Радлов, П. М. Мелиоранский т. б. он ескі қырғыз жазуы түрінде қарады.
Қалай болған күнде де бұл кезге дейін белгісіз, құпия болып келген жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.
Орхон-Енисей жазба нұсқаларының шығу төркіні жайлы тюркологтар арасында әртүрлі, шындыққа жанаспайтын пікірлер де болды. Солардың бастылары төмендегідей:
В. Томсен жазудың арғы тегі арамей жазуы болуы керек деген пікірді қуаттайды. Алайда ол басқа да элементтерден толығуы ықтимал деген жорамал жасайды. Кезінде бұл пікірді О. Доннер, Е. Блоше, С. П. Толстов, В. Радлов т. б. қолдады. Арамей жазуы ескі еврей, сирия алфавиттерімен қатар финики жазуы негізінде пайда болғандығы ескерілмеді.
Тарихшы С. Г. Кляшторный орхон жазуы пехлеви, соғды жазуынан пайда болды деген пікірін одан әрі дамыта түсті. Кейбір ғалымдар көне түркі тайпалары бұл жазуды өздері көрші отырған жуженьдіктер арқылы гунндардан үйренді деп есептейді. Тарихи деректерге үңілсек гунндар бұдан 1200 жылдай бұрын өмір сүрді, олар арамей жазуын қолданды. Әрине, бұл мәселелер тереңірек зерттеуді қажет етеді
Енисей мен Орхон аңғарларынан табылған жазулар Мочжо мен Могилян дәуіріндегі Шығыс түркі қағанатын зерттеп білудің негізгі көзі болып табылады. Әсіресе, олардың істеген істерімен жорықтары сипатталып жазылған қағандар мен бектердің басына орнатылған жазулы тастардың ерекше маңызы бар.
Тюркологиялық әдебиеттерде көне түркі жазулары жөнінде ең алғаш хабар берген кісі - Амстердам қаласының бургомистрі Н. Видаев бұдан кейінгі мағлұмат Тобыл қаласының бояры Семен Ремезовтың 1697 жылғы «Сібір қалаларының, жерлерінің шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» атты еңбегінде көрсетіледі.
Ең алғашқы Енисей аңғарларынан табылған құпия жазулар жөніндегі ақиқат мағлұматтар швед елінің тұтқын офицері И. Страленбергтің еңбектерінде анық көрсетілді. Оның ескерткіштер туралы еңбегі 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде жарияланды. Мұнда Сібірде жүрген кезінде кездестірген бірқатар құпия жазулардың кестесі ұсынылды. Сондай-ақ Енисей өзені бойынан табылған жез құмыра бетіндегі жазу да көрсетілгенді.
Сібірден табылып жатқан жазуларды Т. Байер оқып, оларды өзінше талдағысы келіп еді, бірақ оның әрекеті сәтсіз аяқталды. 1793 жылы П. С. Паллас Сібір жерінен табылып жатқан құпия жазулардың бірқатар үлгілерін жариялайды.
1818 жьглы Г. Спасский өзі шығарып тұрған «Сибирский Вестник» атты журналда табылып жатқан құпия жазулардың кейбір үлгілерін жариялайды. Бұл деректер көп кешікпей-ақ латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына белгілі бола бастайды. Енді оларға көптеген шетел ғалымдары өз көңілдерін аудара бастайды.
1875 жылдан бастап, фин ғалымдары Минусинск ойпатына екі рет экспедиция ұйымдастырып, көптеген ескерткіштерді жинайды.
Г. Спасский: «Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольоны болуы мүмкін және В. Р. Розеннің: « . . . күні бүгінге дейін белгісіз Сібір құпия жазуларының сыры ашылмай, 20 ғасырға өтеді деген мен сенбеймін» деген қағидалары шын мәнінде жүзеге асты.
Ескерткіштердің талдап, олардың оқылу кілтін табу Дания елінің ғалымы В. Томсеннің үлесіне тиді. Ол кісі ең алдымен ескерткіштерде кездесетін таңбалардың екінші бір таңбаларымен тіркес, қатар келетін және келмейтін ерекшеліктерін ескерді.
В. Томсен бұдан соң түркі жазу жүйесінде дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты олардың жуан және жіңішке айтылатын екі түрлі ерекшелік болатындығын байқады.
Өйткені, түркі тілдеріндегі үндестік заңы ерекшеліктерін жете білудің өте қажет екендігіне көзі жетті. Ол үшін ғалым шартты түрде ХҮХ таңбаларын алып, Х-дауыссыз, Ү-дауысты, не мұның керісінше, Ү-дауыссыз, х-дауысты деп қарады.
Бұдан соң жазуды қалай оқу керек деген қорытындыға келді. Ғалым жазуды солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқу керек екендігін анықтады. Шындығында В. Томсеннің бұл пікірі дұрыс болып шықты. Енді ескерткіштің орнына жұмсалатындығын ажырату керек болды. Ол ескерткіштердегі текстерге, ондағы кездесетін таңбаларға көп үңілді, көп қарады. Таңбаларды бірімен-бірін салыстырды. Мұның бәрі де ғалым үшін нәтижелі болды. Ол қорытындыда ескерткіштерде не бәрі 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. В. Томсеннің анықтауы бойынша ескерткіштерде төмендегідей әріптер болды.
Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы республикасы, Алтай, Хакас автономиялы облысы, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ірілі-кішілі бірқатар ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан шағын: ең үлкені 10-15 жолдан, кішілер - бір, екі және үш жолдардан кұралған. Олардың бірқатары Хакас автономиялы облысындағы Минусинск қаласы Н. М. Мартьянов музейінде Е. 1, 2, 10, 11, 13, 19, 25, 32, 37, 40, 42, 48, Тува АССР қызыл қаласындағы өлкетану музейінде /Е. 3, 5, 9, 14, 18, 20, Ленинград қаласындагы Ұлы Петр I атындағы антропология және география музейінде /Е. 17, 21, 23, 71, Финляндияның Хельсинки музейінде /Е. 16/ және табылған жерлерінде /Е. 12, 15, /?/, 24, 60, 6, 67, 70, 72, 75/ ескерткіштер сақталады.
Қолдану мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері көне түркі жазуларының ең көнесі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларды қамтиды.
Енисей ескерткіштерінің кейбір үлгілерін 1730 жыл Ф. И. Табберт-Страленберг, 1793 жыл П. С. Паллас, 1818-1857 жылдары Г. Спасский өз еңбектерінде жариялап, жұртшылыққа таныстырды.
Көне түркі руникалық жазбалардың көптеген зерттеушілер VII-IX ғғ. жатқызып келеді. Бұл турасында әртүрлі даулы пікірлер айтылып келеді. Дегенмен, 80-ші жылдары Монғолиядан табылған тас ескерткіштер руна жазуларының бастапқы кезеңінің әріде жатқызғандығын дәлелдеп берді. Көне түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі неғұрлым ежелгілерінің ішіндегі бірі ретінде Бұғыты жазбасы (Бугутская надпись) аталып жүр. Бұл жәдігерлік VI ғасырдың соңғы ширегіне жатқызылады.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың ІІ жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662 ж) Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам-Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен.
1697 Тобыл қаласының бояры С. Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер атап көрсетілді. Көне пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы Талас ескерткіштері табылған нұсқа сай келеді.
Ал, Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф. И. Табберт-Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 ж Стокгольм қаласында неміс тілінде басылып шықан «Европа мен Азияның Солтүстік және Шығыс бөлімдері» деген еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді. Сондай-ақ 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д. Е. Мессершмидтік күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілді.
1783 ж. П. С. Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялады. Міне, осы кезден бастап көне түркі жазуларының жаңа дәуірі туды. Оларды жинау, бастыру мәселелері жедел қолға алына бастайды. «Сібір хабарлары» деген журналда Г. И. Спасскийдің «Сібір естеліктерінің жазбалары» атты еңбегі жарияланды. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына да белгілі бола басталды. Олардың орысша аудармалары 1825 ж. «Азия хабарлары» атты журналда басылып шықты.
1887-1888 жылдары Фин елінің көрнекті ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтып, экспедицияның қорытынды материалдары 1889 ж. Гельсенгфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық көрді. Мұнда 14 текстік иллюстрация, 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған еді.
1889 ж. А. М. Ядринцев бастаған орыс географиялық қоғамның Шығыс Сібір бөлімі экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан 2 үлкен ескерткіш тауып, тюркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі-Күлтегінге, екіншісі - Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіштер еді.
Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 ж. Г. Гейкель бастаған фин және 1891 ж. В. В. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты.
Ал, белгісіз жазуларды оқып, талдау (расшифровка жасау) Дания елінің ғұлама ғалымы В. Томсеннің үлесіне тиді. Жазуды солдан оңға қарай емес, керісінше оңнан солға оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді және ескерткіштердегі таңбаларды салыстырып, онда 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. Сөйтіп, данышпан ғалым 1893 ж. 15 желтоқсан күні Дания королінің қоғамы мәжілісінде өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз, құпия болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзі алдында дәлелдеп берді.
Ғалым ежелгі түркі жазуларының сырын ашып, оны оқумен ғана қанағаттанып қойған жоқ, ол сондай-ақ бірсыпыра Орхон ескерткіштерінің аудармаларын жасап, кезінде оны жұртшылықпен кеңінен таныстырды. Ол өз еңбегінде Орхон-Енисей алфавитінің пайда болуы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте т. б. жөнінде деректер берді. Сонымен бірге ғалымның бұл еңбегінде VI-XIII ғасырлары түркі тайпалары мен олардың әдет ғұрыптары жөнінде қыруар мәліметтер берді.
Көне түркі жазуларын жете тексеріп, оны зерттеуге айрықша көңіл бөлген ғалымдардың бірі-В. В. Радлов. Ол бірінші болып Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінің аудармаларын жасады. 1894-1895 жылдары Кошо-Цайдам, Онгин және басқа да бірсыпыра үлкенді - кішілі ескерткіштердің аудармаларын жасап, бастырып шығарды. Оның көптеген еңбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне арналды.
Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымдарының бірі - П. М. Мелиоранский. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде 40-тан аса еңбек жазып қалдырды. Сол еңбектерінің жартысынан көбі тюркология мәселелеріне арналған. Бұлардың ішіндегі ең шоқтығы биігі - Күлтегін ескерткішін зерттеген еңбегі. Ол 140 беттен тұрады. П. М. Мелиоранскийдің еңбектерін Н. Ф. Катанов өте жоғары бағалады.
Енисей, Орхон және Талас жазу ескерткіштеріне арнап В. Радлов, В. Томсен, П. М. Мелиоранский, Б. Бартольд, А. Н. Бернштам, С. Е. Малов, С. В. Киселев, И. А. Батманов, Х. Н. Оркун, В. Банг, В. Л. Котвич, Г. И. Рамстед сияқты ұлы ғалымдар көптеген еңбектерін жазды. *
*Ғ. Айдаров. Көне жазба ескерткіштерінің тілі. 1-бөлім. //Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері//5-8 бет.
Тюркология ғылымына белгілі 1950 жылдарға дейін аталмыш ескерткіштер бойынша біздің елімізде еңбек еткен С. Е. Малов. Ол кісі осы ескерткіштер бойынша бірқатар құнды еңбектер жазды. Мұның өзі Орхон-Енисей ескерткіштерін одан әрі зерттей түсуге белгілі дәрежеде ықпалын тигізді. Осы өткен дәуір ішінде Қазақстанда Орхон-Енисей жазба ескерткіштері бойынша кадрлар да өсіп жетісті.
Г. Мұсабаев Орхон-Енисей ескерткіштеріне ерекше мән беріп, Күлтегін ескерткіші бойынша арнайы мақала жазды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz