«Альянс банкі» АҚ


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I.

  1. «Альянс банкі» Акционерлік қоғамының ережелері мен негізгі міндеттері, қарым-қатынас. 3
  2. «Альянс банкі АҚ-ның негізгі атқаратын қызметтері . . . 10
  3. «Альянс банкі» АҚ-ның ұйымдастыру құрылымы . . . 16
  4. «Альянс банкі» АҚ-ның басқару құрылымы . . . 18
  5. «Альянс банкі» АҚ-ның атқарған қызметтері және динамикасы . . . 19

II.

«Альянс банкі» АҚ-ғы қызметкерлерді басқару көрсеткіштерін талдау

  1. Альянс банкі» АҚ-ның ережелері мен негізгі міндеттері

Жалпы ережелері

1. Банкінің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекттік органдарында заңды тұлғаны банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі «Уәкілетті Орган») лицензиясының болуымен анықталады. Банк акционерлік қоғам түріндегі заңды тұлға болып табылады, дербес балансқа және толық шаруашылық есеп айырысу мен өзін-өзі қаржыландыру негізінде әрекет етеді.

2. Банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заң актілерін, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келісімдерді), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Уәкілетті Органының нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3. Банктің меншік нысаны - жеке.

4. Банктің қызмет ету мерзімі - шектелмеген.

  1. Банк өз атауы жазылған мөрге, мөртабандар мен бланкілерге ие.

6. Банк заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында да, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде де өзінің еншілес ұйымдарын құра алады.

7. Банкінің жұмыс және іс жүргізу тілдері мемлекеттік және орыс тілдері болып табылады.

Банкінің атауы, орналасқан жері.

  1. Банкінің толық атауы:

1) қазақ тілінде: «Альянс Банкі» Акционерлік қоғамы,

2) орыс тілінде: Акционерное общество «Альянс Банк»,

3) ағылшын тілінде: Join-stock company «Alliance Bank».

  1. Банкінің қысқартылған атауы:

1) қазақ тілінде: «Альянс Банкі» АҚ,

2) орыс тілінде: АО «Альянс Банк»,

3) ағылшын тілінде: JSC «Alliance Bank».

  1. Банкінің атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Фурманов көшесі 50.

Банк қызметінің негізгі мақсаты банкілік қызметтерді көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, шетелдік ұйымдармен іскерлік ынтымақтастықты жетілдіру және нығайту үшін халықаралық қаржы институттарымен тікелей байланыс орнату негізінде табыс алу болып табылады.

Банкінің акционерлермен қарым-қатынастары

  1. Банк өзінің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкі шегінде жауап береді.
  2. Банк өзінің акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  3. Қазақстан Республикасының заң актілерімен ескерілген жағдайлардың басқасында, акционерлер Банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оларға тиесілі акциялардың құны шегінде Банк қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
  4. Мемлекет Банк міндеттемелері бойынша жауап бермейді және сол сияқты Банк те мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді.
  5. Банк, Банкінің акционерлеріне Банк қызметі туралы ақпаратты «Егемен Қазақстан» және «Казахстанкая правда» республикалық газетінде мәліметтерді жариялау жолымен береді.
  6. Банк акционерлерге ақпаратты олардың сұраныстарына жазбаша жауаптар беру арқылы да береді. Акционерлер Банкіге Банкінің міндетті түрде қарастыруына жататын, жазбаша сұрау салулар, ұсыныстар, өтініштер арқылы өтінуіне құқықтары бар. Акционердің өтініштерінде акционер - жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, акционер - заңды тұлғаның атауы, сұраныс уәждері, талаптары көрсетіледі. Өтініштер жеке және ұжымдық бола алады.
  7. Акционерлер сұранысы Банкімен қарастырылады және олардың Банкіге түскен күнінен отыз күн ішінде олар туралы шешім қабылданады.
  8. Өтініштерге жауап, өтініш берілген тілде не болмаса Банкінің жұмыс және іс жүргізу тілдерінің бірінде беріледі.

Банкінің клиенттермен қарым-қатынастары

  1. Банк клиенттермен өз қызметін, тараптардың өзара міндеттемелері мен экономикалық жауапкершілігін анықтайтын шарттық, төлемдік негізде жүзеге асырады.
  2. Заңды және жеке тұлғалардың Банкідегі ақшасы мен басқа да мүліктеріне, тек Қазақстан Республикасы заңнамаларымен ескерілген жағдайлар мен тәртіпте ғана тыйым салынуы немесе өндіріп алу салынуы мүмкін.
  3. Банк өз клиенттерінің, депозиторларының және корреспонденттерінің операциялары мен депозиттері бойынша құпиялылығына, сондай-ақ Банкінің сейфтік жәшіктерінде, шкафтарында және үй-жайларында сақталып тұрған мүліктің құпиялылығына кепілдік береді.
  4. Банк құпиясы болып табылатын мәліметтер тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздерде ғана ашылуы мүмкін.

Банкінің жарғылық капиталы мен бағалы қағаздары

  1. Банкінің жарғылық капиталы, Банкінің жарияланған акцияларын орналастыру арқылы ұлғайтылуы мүмкін.
  2. Банкінің акциялары аукциондар немесе жазылу арқылы орналастырылады. Банкінің жазылу арқылы орналастырылатын акциялары осы орналастыру шеңберінде, басымды сатып алу құқығына сәйкес акцияларды алушы акционерлерден басқа, акцияларды сатып алушы барлық тұлғалар үшін бірыңғай база бойынша сатылуы тиіс.

Акционерлер акциялары орналастыру туралы шешім қабылдаған Банк органы белгіленген бірыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алудың басымды құқығына сәйкес сатып алады.

Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған Банк органының осы орналастыру үшін белгіленген акцияларын орналастыру бағасы, осы акциялардың сатылып кетуі мүмкін ең төмен бағасы болып табылады

  1. Банкінің жарияланған акцияларының көлемін ұлғайту туралы шешім акционерлердің Жалпы жиналысында қабылданады.
  2. Банкінің акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.
  3. Жай акция акционерге дауысқа салынатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің Жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысуға, Банкінің таза табысы болған кезде дивидиендтер алуға, сондай-ақ Банк таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, оның мүлкінің бөлігін алуға құқық береді.
  4. Артықшылықты акциялардың иелерінің-акционерлерінің қай акциялардың иелері-акционерлері алдында, осы Жарғымен белгіленген, кепілдікті мөлшерде алдын-ала айқындалған дивидиендтер алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Банк таратылған кезде, мүліктің бір бөлігіне басымдылық құқы бар.

Банкінің артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс. .

7. Артықшылықты акция мынадай жағдайларды алып тастағанда, акционерге Банкіні басқаруға қатысу құқығын бермейді, егер:

1) Банк акционерлерінің Жалпы жиналысы, шешімді артықшылықты акцияны иеленуші акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселені қарастыратын болса. Мұндай мәселе бойынша шешім, тек жарияланған артықшылыкты орналастырылған акциялардың жалпы санының үштен екі бөлігінен кем емес бөлігі шектеуге жақтасып дауыс берген болса ғана қабылданған болып саналады.

  1. егер Банк акционерлерінің Жалпы жиналысы Банкіні қайта ұйымдастыру немесе тарату жөніндегі мәселені қарастырса.
  2. артықшылықты акция бойынша дивидент, оны төлеуге белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін үш ай ішінде толық көлемде төленбесе.

8. Банк заңмен белгіленген тәртіпке облигациялармен өзге де бағалы қағаздың турлерін, соның ішінде айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

  1. Дивидент болып Банімен төленетін, оның иелігіндегі акциялар бойынша акционердің кірісі табылады.
  2. Банкінің артықшылықты акциялары бойынша Дивиденттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банкінің ішкі құжаттарымен және банк органдарының шешімімен белгіленген тәртіпте және шарттарда төленеді.
  3. Бір артықшылықты акция үшін дивидент мөлшері - 2680 (екі мың алты жүз сексен) теңге болып белгіленеді.

Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төлеу мерзімі қаржылық жыл аяқталғаннан кейін алғашқы он жұмыс күні ішінде іске асырылады. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер алу құқығы бар акционерлер тізімі, дивиденттерді төлеу іске асырылатын, қаржылық жылдың ақырғы жұмыс күнінің жағдайы бойынша бекітіледі .

  1. Банкінің артықшылықты акциялары бойынша дивиденттер толық төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивиденттерді төлеу іске асырылмайды.

Банкінің резервтік капиталы, провизиялары (резервтері) және қорлары.

1. Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу мақсатында, Банк резервтік капиталды қалыптастырады. Резервтік капитал Банкінің жай акциялары бойынша дивиденттер төлегенге дейінгі таза табысы есебінен құрылады. Резервтік капитал Уәкілетті Органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қалыптастырылады және пайдаланылады.

  1. Жүргізілетін акциялардың сипатына және масштабына сәйкес өз қызметінің тиісті бақылау және сенімділік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Банк, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен ескерілген тәртіпте және шарттарда, күмәнді және үмітсіз талаптарды ажыратып, оларға қарсы провизиялар (резервтер) құра отырып, берілген несиелерді және басқа активтерді сыныптауды іске асырады.

Жеке тұлғаларға арналған «Альянс Банкі» ЖАҚ құжаттар альбомы.

Бірлескен Стандарт НөміріКС-03А-СУОД-010:

Бірлескен Стандарт Нөмірі

КС-03А-СУОД-010

Іске қосылды 20__ж. «___»: Іске қосылды 20__ж. «___»
Бірлескен Стандарт НөміріКС-03А-СУОД-010: Дайындаған:
Іске қосылды 20__ж. «___»:

Бөлімше атауы

Дамыту Департаментінің Директоры

Басшының аты-жөні

Мащанова Р. А.

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Күні
Бірлескен Стандарт НөміріКС-03А-СУОД-010: Тексерген:
Іске қосылды 20__ж. «___»:

Бөлімше атауы

Логистика Басқармасы

Басшының аты-жөні

Қуатова М. С.

Қолтаңбасы
Күні
Бірлескен Стандарт НөміріКС-03А-СУОД-010: Келіскен:
Іске қосылды 20__ж. «___»:

Лауазымы

Құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы Директор

Аты-жөні

Бекетов К. Т.

Қолтаңбасы
Күні

1. Мақсаты

Бұл жеке тұлғаларға арналған «Альянс Банкі» ЖАҚ құжаттар альбомы Банктің ішкі нормативтік құжаттары қосымшаларынан құрастырылған. Альбом Банкке клиенттер клген кезде оларға пайдалануға беру және банк өнімдерін беру уақытын қысқарту үшін жасалған.

2. Қолдану аумағы.

Бұл құжаттар альбомы Банк өнімін беру кезінде Бактің ішкі құжаттарын дайындауда, тексеруде, келісуде, қолдануда қатысатын барлық Банк қызметкерлеріне таратылады.

3. Терминдер мен қысқартулар

Құжаттар альбомы - Банктің жеке тұлғаларға беретін өнімдер түрлері бойынша Банктің ішкі нормативтік құжаттарының қосымшасы болып табылатын құжаттар тізімі.

4. Жауапты орталықтар

  1. Осы Нұсқаулықтың жасалуына - Бизнесті дамыту Департаменті.
  2. Осы Нұсқаулықтың мазмұнының тексерілуіне - Логистика Басқармасы
  3. Мазмұнының келісілгеніне - Банк Басқармасы Төрағасының Бірінші Орынбасары, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы Директор, Бас бухгалтер - Бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаментінің Директоры.
  4. Осы Нұсқаулықтың бекітілуіне - Банк Басқармасының Төрағасы.
  5. Осы КС пайдаланушыларға берілуіне - Банк Кеңсесі.
  6. Осы Нұсқаулықты сақтау тәртібінің орындалуына - Банк Кеңсесі
  7. Осы Нұсқаулыққа өзгерістер енгізілуіне - Логистика Басқармасы.
  8. Тиісті ішкі нормативту құжаттар талаптарын пайдаланушылардың сақтауына - Бизнесті дамыту Департаменті, Филиалдардың Директорлары, - Бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаменті, касса қызметкерлері, Ішкі аудит қызметі.
  1. Әдістеме суреттемесіЖалпы ережелер

5. 1. 1. Бұл жеке тқлғаларға арналған «Альянс Банкі» ЖАҚ құжаттар альбомы Банктің ішкі құжаттарына қосымшалар тізімінен тұрады. Ол қосымшалар тізімі:

  • ағымдағы шоттарды ашу және жабу,
  • уақытша жинақ кассасын ашу,
  • валютаны сатып алу, сату және конверсиялау,
  • ұлттық және шетел валютасында аударымдарды жүзеге асыру,
  • Банк кассасына қолма-қол ақшаны салу және беру кезінде Банкке берілуі қажет.

5. 1. 2. Құжаттар альбомындағы құжаттар тізімі банк өнімдерін беру бойынша жаңа ережелердің қабылдануын, өнімнің жаңа түрлерінің енгізілуін ескере отырып, кеңейтілуі мүмкін.

5. 1. 3. Құжаттар альбомына өзгерістер ішкі нормативтік құжаттарға және олардың қосымшаларына өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана енгізіледі.

6. Көрсетулер мен ескертулер

  1. Осы Ереженің құрылымы КС-02П-СВНР-002 сәйкес құрылған.
  2. Осы Альбомның мазмұны банк өнімдерін беру бойынша Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жасалған.
  1. Өзгерістер енгізу. Осы Альбомның мазмұнына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды оны жасауда, тексеруде, келісуде және бекітуде қатысушы және/немесе өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолданатын кез-келген Банк қызметкері жасай алады. Жасалған қсыныстар жазбаша түрде рәсімделеді. Оған құрылымдық бөлімше басшының рұқсатнамасы қойылады да, Логистика Басқармасына жібереді. Өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар Логистика Басқармасында қаралады. Ұсыныстарды орынды деп тапқан жағдайда Банк Басқармасының қарауына және бекітуіне береді. Өзгерістер енгізу туралы ұсынысты Логистика Басқармасы орынсыз деп тапқан жағдайда және де Бқл шешіммен тұлға келіспесе, ол өз ұсынысын тікелей Банк Басқармасына жібере алады.

8. Қосымшалар

Қосымша 1 - Банктік жинақ шоттарын ашу және жабу кезінде қолданылатын құжаттар

Қосымша 2 - Валютаны сатып алу, сату және конверсиялау кезінде қолданылатын құжаттар

Қосымша 3 - Ұлттық және шет ел валютасында аударымдарды жүзеге асыру кезінде қолданылатын құжаттар

Қосымша 4 - Кассалық операцияларды орындау кезінде қолданылатын құжаттар

Қосымша 5 - Танысу парағы

Қосымша 6 - Өзгерістерді тіркеу парағы

1. 2. «Альянс банкі» АҚ-ның негізгі атқаратын қызметтері

«Альянс банкі» АҚ бүгінгі күні әмбебап қаржы институты ретінде бизнестің барлық бағыты бойынша тұрақты дамып келеді. Әсіресе Банк бөлшек бизнеске көңіл бөлуде. Оның ішінде карточкалық бизнеспен бірге шағын және орта бизнес те бар. :

Банктің сала бойынша қызмет көрсету бағыттары:

  • бөлшек бизнес,
  • корпоративті бизнес,
  • ынталандыру бағдарламалары,
  • шағын және орта бизнес.

Төмендегі кестеден Банк қызметінің салалар бойынша атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген:

Кесте №1

Бөлшек бизнес саласы бойынша қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Себебі бизнестің дәл осы саласы ақша айналымын жылдамдатуға өте икемді болып табылады және бизнес әлемінің ең көп бөлігін құрайды.

Кесте №2

Осы бес негізгі қызметтері арқылы корпоративті бизнес қаржыландырылуда. Банк өз клиенттерінің талап-тілектерін алдыңғы орынға қоятындықтан аталған қызмет түрлері арқылы клиенттеріне кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік береді.

Ал ынталандыру бағдарламалары «Байланыс-Менеджмент» қағидасы арқылы жүзеге асрылады. Яғни, Банк өз клиенттерімен үнемі тығыз байланыста және олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып ынталандыру бағдарламаларын құрады.

Кесте №3

Еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына да Банк өз үлесін қосып келеді. 2009 жылдың 5-ші қазанынан «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен қайта құрылымдау жөніндегі шарттарға қол қойғаннан бастап, аталған қормен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен, Банктің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы азаматтарына қол жетерлік және сапалы қызметтерді көрсете отырып, Банктің республика жұртшылығы үшін пайдалылығы болып табылады.

Банк қызметінің философиясы келесі ұстанымдарға негізделеді:

  • үйлесімділік,
  • әділеттік,
  • сенім,
  • бейсаясаттық,
  • даму,
  • парасаттылық.

Өзара әрекет үйлесімділігі (Банк ішінде) әділеттікті, сенім мен бейсаясаттылықты талап етеді. Әділетсіздік немесе сенімсіздік жүйелі болған кезде, қарама-қайшылықтың негізі қаланады және ол үйлесімділікке теріс әсер етеді. Қарым-қатынастағы сенім мен әділеттікке шынайылықты дұрыс түсіну, яғни парасаттылық арқылы қол жеткізуге болады. Ал парасаттылыққа қол жеткізу үшін қызметкерлер үнемі өзін дамытып отыру керек. Даму - үйлесімді қарым-қатынастар болған жағдайда ғана мүмкін. Ал үйлесімсіздік қарама-қайшылықтарды шешу үшін күш пен қаражат жұмсауды қажет етеді.

Міндет және философия Банк қаржы институты және пікірлестер командасы ретінде дами отырып, аса сапалы өнімдер шығаратынын және қоғаммен біршама үйлесімді қатынастар орнатылуын қарастырады, бұл қоғамның сенімін арттырады және тигізетін пайда үшін қоғам атынан әділ сыйақы береді. Қоғамнан алынған материалдық ресурстар және сенім шегін Банк бизнестің, сонымен қатар Банкте жұмыс істейтін адамдардың дамуының жаңа циклы ретінде дұрыс қолданады. Төменде банк қызметінің негізін қалайтын жеке тұлғалармен жұмыс жасауда қажет құжаттар тізімін және үлгілерін талдаймыз.

БАНКТІК ЖИНАҚ ШОТТАРЫН АШУ ЖӘНЕ

ЖАБУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ҚҰЖАТТАР

Қосымша 1. 1. - Банктік жинақ шоттарын ашу үшін құжаттар тізімі

Қосымша 1. 2. - Қойылған қолдың үлгісі бар құжат

Қосымша 1. 3. - Шотты (-тарды) жабуға өтініш

Қосымша 1. 4. - “Кодтық сөзді” қолдануға өтініш

Қосымша 1. 5. - Шот паспорты

Қосымша 1. 6. - Карт-шот паспорты

Қосымша 1. 7. - Уақытша жинақ шотын ашуға өтініш

БАНКТІК ЖИНАҚ ШОТТАРЫН АШУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Салымшы клиент жинақ шотын ашу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:
  1. Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары - салымшылары үшін:
  • қойылған қолдың үлгісі бар құжат
  • клиенттің салықтық есепке тұратындығы жөніндегі фактіні растайтын салық қызметі органы берген құжат көшірмесі,
  • тұлғаны куәландыратын құжат
  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалары үшін -салымшылары үшін:
  • қойылған қолдың үлгісі бар құжат,
  • тұлғаны куәландыратын құжат.
  1. Жинақ шотын белгілі бір үшінші жақтың-клиенттің атына ашу үшін салымшы Банкке келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:
  • шотты ашу және оған билік ету құқығы бар нотариальдық куәландырылған сенімхат,
  • клиенттің салықтық есепке тұратындығы жөніндегі фактіні растайтын салық қызметі органы берген құжат көшірмесі, егер клиент салық заңдарына сәйкес салық төлеуші болып табылса және оған салық төлеушінің тіркеу номері берілсе
  • кәмелеттік жасқа толмаған он алты жасқа толмағандар тұлғалар-клиенттер үшін
  • туу туралы куәлік,
  • салымшы тұлғасын куәландыратын құжат
  1. Клиент бір филиалда /ЕКБ бірнеше шот ашқан жағдайда, филиал/ЕКБ шот ашу үшін көрсетілген құжаттарды қайта ұсынуын келесі жағдайлардың бірінде талап етпеуге құқылы (жеке тұлғалар - клиенттер үшін тұлғаны куәландыратын құжатты қоспағанда) :
  1. егер клиент бірінші шот ашылған филиалда/ЕКБ банктік шот ашатын болса,
  2. немесе осы құжаттар тізімінің I және II бөлімдеріне сәйкес банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттар пакетінің толық екендігі жөнінде клиентке бірінші шот ашылған филиалдың/ЕКБ растамасы болса.
  1. Уақытша жинақ шотын ашу үшін клиент:
  • уақытша жинақ шотын ашуға өтінішті,
  • қойылған қолдың үлгісі бар құжатты,
  • құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға өкілеттігі бар жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшірмесін ұсынуы қажет

Қол қою үлгілері бар

ҚҰЖАТ

ДОКУМЕНТ

с образцом подписи

Банктің клиенті Кодтары Банктің белгілері

Клиент банка Коды Отметки Банка

(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью): (толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью)
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Банк клиентінің мекен-жайы, телефоны

Домашний адрес, телефон Клиента Банка

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Жұмыс орны, телефоны

Место работы, телефон

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью): (толық атауы) (полное наименование)
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Банк мекен-жайы (банктің филиалы, бөлімшесі)

Место нахождения Банка (филиала, подразделения Банка)

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Банктік есепшот түрлері (ағымдағы, жинақ, корреспонденттік

Вид банковского счета (текущий, сберегательный, корреспондентский)

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Клиенттің жеке сәйкестендірілген коды

Индивидуальный идентификационный код Клиента

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін банктік есепшот бойынша барлық операцияларды жүргізген кезді міндетті деп саналсын

Образцы, указанные в настоящем документе, считать обязательными при осуществлении всех операций по банковскому счету, требующих соглосования Клиента

:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):

Аты -жөні Қойылған қолдың үлгісі

Фамилия, Имя, Отчество Образец подписи

(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):
:
:
(толық аты-жөні) (Ф. И. О. полностью):
:
:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиенттерге берілген несиелер
Forte bank АҚ -ның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын талдау
«Forte bank» АҚ
Қаржылық мәліметтер
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Корпоративтік басқару жайлы
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Банктік капиталы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz