Мектептегі берілетін тәрбие



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Мектептегі берілетін тәрбие мазмұны

2.2.Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі .

2.3. Тәлім . тәрбиені ұйымдастыру формалары

2.4. Озат тәжірибе

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министрлігінің тәләм – тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, ерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан –жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет . Ондай адамды орма мектеп және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу – тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Олардың бірі – Қазақстан Рестубликасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр, 1992 ж.), екішісі – Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан, 1994ж.). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (7 шілде 1994 ж.).
1. Аманашвили Ш.А. Разышление о гуманной педагогике
2. Бастауыш мектеп. №9 1991
3. Бастауыш мектеп №1-2 1993
4. Бастауыш мектеп №9-10 1996
5. Бастауыш мектеп №6 2004
6. Бастауыш мектеп №1 2004
7. Бастауыш мектеп №12 2004
8. Бастауыш мектеп №1 2005
9. Бастауыш мектеп №5 2004
10. Бастауыш мектеп №9 2003
11. Бастауыш мектеп №5 2005
12. Бастауыш мектеп №9 2004
13. Бала тәрбиесi №9-10 2004
14. О.С.Багданова, В.И.Петрова “Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы”.
15. Ғаббасов С. “Iзгiлiк әлiпесi”Алматы, Мектеп, 1998
16. Корчак Я. “Как любить детей” М 1968.
17. Жарықбаев Қ. “Қазақ тәлiм-тәрбиесi”.Алматы, 1992
18. Игенбаева Б.Қ. “Жеке тұлғаның рухани адамгершiлiгiн дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдiстемелiк”. Алматы. 2000 ж.
19. Каиров И.А., Богданова О.С. “Адамгершiлiкке тәрбиелеу әлiппесi”. Алматы, Мектеп, 1988
20. Келжанова Ж.,Өтемова А. “Тәрбие сағаттар жинағы” I-жинақ. Шымкент қаласы. 2000 ж.
21. Корчак Я. “Как любить детей” М., 1968.
22. Қоянбаев “Педагогика”
23. Қожақметова Қ. “Мектептiң ұлттық тәрбие жүйесi”
24. Мектептегi сыныптан тыс жұмыстар №5, 2004

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Мектептегі берілетін тәрбие мазмұны

2.2.Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі .

2.3. Тәлім – тәрбиені ұйымдастыру формалары

2.4. Озат тәжірибе

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Бұл жөнінде Республикамызда мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім
министрлігінің тәләм – тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп
жазылған: Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби
біліктілігін, ерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан –жақты білімді, жоғары мәдениетті,
жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет . Ондай адамды орма
мектеп және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу – тәрбие жұмысын жақсарту
және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған
тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Олардың бірі – Қазақстан Рестубликасы
жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр, 1992 ж.), екішісі
– Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының
тұжырымдамасы (17 ақпан, 1994ж.). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (7 шілде
1994 ж.).
Авторлар заман талабына сәйкес мол тәжірибелерін пайдалана отырып,
Педагогика курсының құрылымын, мазмұнын бірсыпыра өзгертті.
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай
оның теориясы қалыптасқан

Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім
беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады,
әр түрлі жағдайдағы оқу –тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге
асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім
беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу
жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім,
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа тұседі. Сондықтан да біз тәрбиені
шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге
педагогикалық әрекетте
-мәдени құбылыс;
-педагогикалық ықпал ету;
-балалардың әрекетін ұйымдастыру;
-қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Мектептің тәрбие жүйесі – ашық жүйе. Оның қалыптасып әрекет
жасауына, дамып жетілуіне тікелей әсер ететін қоршаған орта. Қоршаған
ортада сырттай ықпал жасаумен шектелмейді. Ол мектептің ықпалы басым болған
сол тәрбие жүйесіне арнайы бір сала болып енеді.

Мектептегі берілетін тәрбие мазмұны

Адамзат дамуының қай кезеңде болмасын тәрбиенің тиімдігігін жетілдіру
ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы
мемлекет қажеттілігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттілігінің
орындалуы оның экономикалық күш – қуатымен саясатына тәуелді екені белгілі.
Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен
туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін
сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой –
санадағы көінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап,
реттеп отырады ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып,
объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты
мүмкіндіктеріне сай керуі керек, сода ғана адамдардың нысаналы қызметіне
азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым – қатынас көрініс
табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе
іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат
келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі
мақсаттарға бөлінеді.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын
объективті түрде білдіреді. Яғни, тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір
сүрмейді деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның
мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі
қоғамның мақматын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл
талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса Тәрбиедегі мақсат
адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.
Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақыттты. Адамзат дүниесінің
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын
айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын
мағанасымен адам қылып шығару.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан –жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбилеу ісіне
тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен,
өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды
политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік
бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы
бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен
мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а)
жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның
рухани және дене қабілеттерін жан –жақты дамытып, эстетикалық талғамдары
мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылды. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл
–ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді,
рухани қмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір
жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркедеу
дәрежесіне қарай жан –жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық
және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті,
сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды
көздейді.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл –ой
тәрбиесі, құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т. б.
Тәрбиені жан –жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған
әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық жағдайлар жасау керек. Ол
үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
2. Оқу – тәрбие беретін мекемелердің материалдық – техникалық базасын
үнемі жақсартып отыру;
3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен
білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет
сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т. б. Ұтымды ұйымдастыру;
Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене
тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт
секцияларын ұйымдастырып,спорт залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз
ету;
5. Халықтың әл – ауқатын, тұрмыс – жағдайын, материалдық ахуалын
жақсарту;
6. Тәрбие процесінде халықтық педогогиканы кеңінен пайдалану. Аға
ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту;
7. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру,өздері қалаған
шығамашылық жұмыспен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар
туғызу;
8. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты
үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.
Қайта өрлеу дәірінен бастау алған тәрбие мақсаты әрбір жеке
тұлғаны жан –жақты қалыптастырып, дамыту мәселесі кеңестік дәуірде үлкен
маңызға ие болғанмен де, күні бүгінге дейін өз шешімін толыққанды шеше
алмады, социализм бұл күрделі мәселені шешуде тек берік негіз қалады. Осы
мәселе елдің әлеуметтік – экономикалық саласының өрлеуімен тығыз
болғандықтан, әлеуметтік салада материалдық – техникалық базаның
жеткіліксіз дамуы оған бірден – бер негізгі дәлел болмақ. Сондықтан да
бүгінгі демократияландыру және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке
тұлғаны жан – жақты үйлесімді жетілдіру мәселесі үнемі әлеуметтік –
педагогикалық мәселе боп қала бермек.
Мақсат категориясына қарама – қарсы категория – арман.
Екеуінің бір – біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын
идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының
әртүрлігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субъектіге берер бершама
қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат – бұл да бейне, бірақ одан келетін қанағаттану тек
ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс - әрекетке қосып шындыққа
айналудырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағытталды, ықпал
жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз
қанағатын таппайды. Бұл арада бейне нәтиже тек іштей қызығу үшін емес,
нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъектінің енжарлығынан келіп шығады,
әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс - әрекет, белсенді қызметтің
бастау көзі
.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама – қайшылығы қабысқан барша
дүниеміздегідей – бұл екі шекті құбылыс – арман мен мақсат өзара тығыз
байланысты. Арман мен мақсат түзу үшін негіз, арман – мақсаттарды қайта
қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа
жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудуің жолы тұп – тура болмақ
емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс - әрекеттік бітімін таппаса,
жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен
пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс - әкекеттің жалпы
нәтижесін алуға жұмсалады. Іс - әкекеттің барысын- да субъект, әдетте,
мақсат жөнінде ойламайды, оның есіне тек міндеттері, өз іс-әрекеттерін сол
міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы статегиялық бағыттың жойылуына әкеледі,
ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңынын жояды.
Педагогтың тәрбие ұйымдастыруға байланысты кәсіби қызметінің мақсаты
– тәрбие мақсатын анықтау, оны іске асыру. Ал осы педегогикалық іс -
әрекеттің мотивтері неде?
Бұл тұрғыдан, педегогикалық мақсат мотивтері келесідей: 1. Қайшылығы
көп, күрделі өмірге еніп жатқан сәбидің бақыты үшін қамқорлық; 2. Балалық
шақтың сәулелі өтуіне көмек беру және адамға деген инабатты қатынас.Мұндай
сипаттағы мотивтер педагогке кәсіптік және әлеуметтік келеңсіздіктерді елей
бермей, ізгі мақсатқа жетуге жол ашады.
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны
орындаудың бірізді жүйесі жасалғанмен, сынып жеетекшісі тәрбиелеудің
негізгі әдістерімен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса,
тәрбиені іске асыра алмайды.
Әдіс алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері – тәрбие
міндеттеріне жету үшін жасалған сынып жетекшілерімен тәрбиеленушілер
ұжымының өзара байланыс әрекетінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып
алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері
арқылы тәрбие міндттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі
байиды, мінез – құлқы, қажетті әдет –дағдылары, іскеліктері қалыптасады.
Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі – оқушылар мен сынып жетекшілерінің
өзара байланысты әрекетінің күрделі компексі. Әрбір әдіс оқушылардың
әрекетін ұйымдастырып, олардың мінез – құлқына, сезіміне, санасына ықпал
ететін сынып жетекшісінің қолындағы құрал ретінде
көрінеді.

Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуындағы тәрбиенің ролі.

Баланың дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін негізгінде үш
фактор: биологиялық (тұқым қуалаушылық), орта, тәрбиенің ықпалдарын
талдап, салыстыру нәтиежиесінде тәрбиенің ең күшті де, жан-жақты әсер
ететін фактор екендігін көрсетеді.
Тәрбие баланың дамуына ықпал ететін фактор. Оның басқа
факторлардан айырмашылығы – мақсат көздеп ықпал ету болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету.Бұл міндеттердің шешімін беру – жеке
тұлғаның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдай
ықпал ететінін білумен байланысты.Тәрбие мен қоршаған орта арасында
күрделі байланыс бар. Мысалы, тәрбие ең алдымен әлеуметтік ортамен
өзара әрекеттестікке түседі. Тәрбие әрқашан да әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың сипатына сай келеді, оқушының дамуын қоғам
талаптарына сәйкес бағыттап отырады: белгілі бағытта баланың
өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы
барлық құралдардың (баспасөз, кино, радио, теледидар, т.б) оқушыларға
тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады, сондай- ақ бұлар мемлекеттің
саясатын жүргізуші болып табылады.
Адамның әлеуметтік пісіп – жетілуі – жауапкершілікті ,
шыдамдылықты, өзін-өзі дамытуды сипаттайды.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан
дамуына қажтті материалды іріктейді, жағымсыз ықпалдардан аластайды;
оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының
дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді.Олар:
1) тәрбие мақсатының реализм идеясы- адамды қабілетіне және
дарындылығына сүйеніп, жан- жақты дамыту;
2) ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс- әрекеттерінің
идеясы- ынтымақтастық педагогикасы принциптерінен туады, өйткені
мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді;
3)тәрбие бағыттылығының дербес идеясы- мұғалімнің балаға ерекше
көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске
алатын басты тұлға – бала.Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғарғы
мақсаты. Сондықтан, баланы ұқыптылықпен зерттеген жөн;
4) ұжымдық бағыттылық идеясы- мұнда ересек адамдардың жастар
жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық елеусіз қамқорлығы дамиды:
1-шіден, ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім
қабылдауы;2-шіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық
міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын,
әдістерін, құралдарын қарастырады;
5)тәрбие процесінде ұжымның қозғаушы күші- жолдастық тәрбиелік
қамқорлық. Жолдастық тәриелік қамқорлықтың мақсаты – нақтылы істі
адамның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
6) өзін-өзі талдау идеясы.Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымда
талдауға үйрету қажет;
7) ата- аналармен ынтымкақтастық- отбасында баламен жолдастық,
жылы шырайлы қатынасқа негізделеді.
8)мұғалімнің ынтымақтастығы- балалармен өзара ынтымақтасу.
9)өзін-өзі құрметтеу идеясы- балаға көмектесу, дұрыс
педагогикалық назар аудару, әсірісе бала өзіне-өзі көңіл ауларуы
қажет.
10)өзін-өзщі реттеу идеясы.Өзін-зі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге
негізделеді.
11) тірек идеялары-жаңашыл педагогтердің (В.Ф.Шаталов,С.Н.Лысенкова,
Е.Н.Ильин) еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың
әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.Тұлғаның барлық жағынан дамытып
тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу
міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие
алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік
қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын
меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес мектеп
тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсатына сай бұл мсәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге
асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі,азаматтық тәрбие,
адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық және т.б
көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.
Оқушы тұлғасының дамытуда, оның белсенді өмірлік позициясын
тәрбиелеу – қазіргі қоғамның демократиялық принциптерін жүзеге асырудың
басты міндеттерінің бірі. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу,
еңбек пен моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен
ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау-мұғалімнің басты міндеті
Тәрбие түсінігі мән- мағыналық жағынан кең ауқымды категория.
Қоршаған орта тәрбиелейді., Отбасының тәрбие жемісі., Мекиеп
тәрбиесі адам қылды., т.б деп и нақты айтатын болсақ, онда бұл-
мақсаты бір әрекеттердің теңгерілмейтінін байқаймыз.
Тәрбиенің мәні- адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның
ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру.
Тәрбие- бұл тұлғаны мақсат –бағдарлы қалыптастыру процесі. Сонымен,
тәрбие - бұлжеке дамның тәжірибиені игеру үшін бағытталған белсенді
іс- әректін қолдап қуаттаушы, әрі ұйымдастырушы, бір мақсатқа
бағытталған, бағдарлы, әрі сапалы педагогкалық процесс.
Тәрбиенің мақсаты- педагогикалық ғылымның өзекті категориясы.Оны
нақтылау, жобалау, дайындау- педагогикалық тұжырымдар жасаудың
арқауы.Мақсат- субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал
байланысынан туындайтын әрекетінің нәтижиесі туралы ой- болжамы. Демек,
мақсат- нақты болмыстан алынатындықтан, ол обьективті құрылыс.
Тәрбиенің мақсаты қоғамның өркениеттілігіне, оның демократилық
сипатына, экономикалықмүмкіншілігіне, педагогикалық жүйелер дамуын
болжстыратын және нақты жағдайды үйлестіріп отыратын мекемелеріне
байланысты.
Мақсат - өзгермелі, қозғалмалы , ауыспалы болуы педагогикалық процесте
айқын көрінеді.Мысалы, өсскен сайын бір мақсатттың ысырылып, орнына
екіншісі қойылуы даму нәтижиесі болып табылады.Мақсат- іс-әрекет,
белсенді қызметтің бастау көзі.
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман.Арман-елестің
немесе қиялдың субьектіге берер біршама қанағаттану сезімі.Арман адамды
шындық болмыстан шындыққа айналдырады.
Мақсатқа жетудің жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшін көптеген
міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.Міндет- бұл мақсатқа жету
жолындағы бір саты орындалуы қажет нәтижиенің бір бөлігі.Осы бөлік
өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтижие де жоқ.Әрбір міндет
өзінің орындалу сәтінде субьект үшін нақты бір мақсатқа айналады да ,
ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді туғызады.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбилейді. Ол белгілі бір
сыныпта оқушылардың оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы
– кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол киын да әрі жауапты міндетті
іс.
Мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы
– сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.Сынып жетекшісінің тәрбие
жұмысында сынып сағатының орыны ерекше.
Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер
саласында талғам –тірліктерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде жағымды –
жағымсызмінез құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарысты қалыптастыруға,
елжандық сезімдерін шыңдауға, сабақтан тыс кезінде өткізілетін тәрбие
жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық,
бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық.
Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі:
1) өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері,
олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы,қоғамдық істері және олардың
бір –бірімен қарым –қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Оны
ұйымдастыру тек сынып жиналысы негізінде атқарылады;
2) әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар: қызықты әңгімелер,
кездесулер, пікір- талас пен оқырмандар конференциясы, т. б.
Сонымен қатар, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да
сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады.Онда өндіріске, табиғат аясына
бару, оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға
деген көз-қарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын
көздесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне ат салысуда тәрбие
сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Сынып жетекшісінің оқушымен жүргізетін жұмысының мақсаты – оның
тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының
жан – жақты қалыптасуын және күш – жігерінің аруын қамтамасыз ету. Соған
орай, оқушумен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның
өзінің жетілуі мен өзін - өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу.
Соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әр түрлі формалары мен
әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керсінше оған оның өзін
қатыстыруымен жемісті болмақ. Мұғалімдерден жұмыс барысында асқан
сезімділікті, кішіпейілдікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты,
ықыластылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін
мынандай жағдайларды ескеруі тиіс: бала жанын жақсы түсіну, баланың таңдау
еркіндігін қолдау,оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны
әлеуметтік тұрғыдан қорғау, мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету.

Тәлім – тәрбиені ұйымдастыру формалары

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен
сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының
асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпаұ тәрбиесі адамзаттың
парызы болды.Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас
түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір
тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық,
іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған
ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі
адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын
көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім- тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен
шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін
халық педагогикасына кешенді қараған жөн.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық
даналығы мақал-мәтел, ертегі, өлең- жыр түрінде, ақын- жыраулардың,
шешендік сөздері тоғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.Осы
тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі – ауыз әдебиеті, оның
ішінде тәрбиелік мәні зор.
Қазақтың халықтық тәлім- тәрбие педагогикасында әңгімелесу,
кеңесу, түсіндіру, сенім көрсету, бұйыру, жаттықтыру, әдеттендіру,
өтіну, бұйыру, алғыс, бата- тілек,қарғыс, сөгу, жазалау, кіналау,
айыптау, сынау, қағыту, жазғыру, зекіру, тәжірибиеде көрсету, өнгелік
тәлім, бәсеке жарыс т.б сияқты тәрбие әдістері бар және осылардың бәрі
ғылыми педагогиканың негізін қалайды.
Тәрбие ісі сан түрлі формада ұйымдастырылуы мүмкін. Тәрбие
ұйымдастыру формасы дегеніміз- тәрбие процесін ұйымдастыру
түрлері.Тәрбие процесін ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар
мағынада түсініледі. Кең мағынадағы тәрбие жұмысының формасы тәрбие
жұмысының тұтас ұйымдастырылуымен сипатталады: оқу процесінде
тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жерлерде тәрбиелеу, отбасында
тәрбиелеу формасы түгел қамтылады. Тәрбие процесіне сынып рқушылары
түгел қатысуы, қатыспауы, түгел қамтылуы, қамтылмауына байланысты
тәрбиенің өпшілікпен ұйымдастырылу формасы, топппен, шағын топпен (
үйірмеде) ұйымдастырылу формасы ғылыми негізде, педагогикалық
әдебиеттерде қалыптасқан және кең тараған. Соңғы жылдары тәрбие
жұмысын ұйымдстырудың жаңа формалары көрініс тапты : әр түрлі
клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем
өнер театры және кино студиялар, теориялық алқалы жиындар т.б
жарыстар (Ал, қане қыздар!, Көңілді тапқырлар, Ал, қане
жігітттер!, Алтын сақа, Өнерпаздар жарысы, Мамандықты қорғау
жарысы, Ән жарысы, Күй жарысы т.б).

Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары :

1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бір-
бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін-бірі толықтыра ,
бірізді, жүйелі жүргізілуге тиіс.
2. Адамды тәрбиелеу үшін оны жан- жақты түгел зерттеп,
психофизиологиялық дамуын, мінез- құлқын, қажетін, мүмкіндігін
біліп,оған жеке дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп,
тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4. Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда оның бойында қалыптасып
қалған тәрбиесін ескерген жөн.
Тәрбие сияқты күрделі процесте бір формамен шектеліп
қанағаттануға болмайды немесе кез келген өмірдегі жағдай ға
байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана беруге де болмайды.
Қандай жаңа болса да, дайын бір ғана тәрбие формасы арқылы жас
ұрпақты баулудың барлық мәселелерін шешу мүмкін емес, сондықтан
аталған тәрбие формалары үнемі бір- бірімен алмастырылып,
кезектесіп ұйымдастырылады.
Еліміздегі көптегн мамандық иелерінің жеке тұлғасының Сегіз
қырлы, бір сырлы дамуы алдымен сабақ процесінде іске асса, ал
сыныптан тыс кездерде тәлім- тәрбиенің өзге формаларын қолдану
арқылы түрлене түседі.

Озат тәжірибе

XXI ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделi тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық
жаңартулар тұсында дамып келедi. Бұл кезеңде рухани адамгершiлiк дамудың
жаңа бағытын айқындау көзделiп отыр. Сондықтан да бүгiнгi таңда барлық
әлемде,сонымен қатар бiздiң елiмiзде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына
жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жұмысын жоспарлау
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау
Экономикалық тәрбие ұғымы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Биология оқыту әдістемесі
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Мектептанудың негізгі мәселелері
Пәндер