Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша кылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 .Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары ... ... ... ... ... .7
1.2.Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3.Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән.жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

П.тарау. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.1. Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.Алдын ала тергеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Ш.тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.І.Сот талқылауы тәртібінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.2.Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
1994 жылы Қазақстан Республикасында барлық салалар бойынша 201796 қылмыс тіркелген, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 11447, үлес салмағы 9,6% құрады, 1998 жылы тиісінше -137511, 7185
1994 1995 1996 1997 1998
Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 201796 183913 183977 165401 137511
Оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 11447 9968 9027 7435 7185
Үлес салмағы % 9,6 8,2 7,0 7,4 7,6
Осы бесжылдықта кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.



1 В. Сиськов. Преступность несовершеннолетних: причины и следствия. Фемида, №2, 1995, стр 59.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.
Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева5 А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова .және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу қажет болып отыр. Мысалы, сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау
шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардан ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім-қүқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері. Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бүның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сензімдерін қалыптастыруы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыруға байлаңысты мәселелер зерттелетін, ҚР қолданыстағы заңнамасында бекітілген істердің осы категориясын жүргізудің өзгешелігімен алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударылатын, кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу заты туралы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кепілдері туралы сұрақтар зерттелетін, жасөспірімдер қылмыстылығы мен онымен күрес мәселелері қозғалатын осы бір күрделі жұмыстың негізгі бағыттарын таңдауға себепші болды.
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативті-құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1995.
2. Минимальные стандартные правила ООН, касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних от 29 ноября 1985 г.
3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
5. Қазақ ССР Азаматтық кодексі 28 желтоқсан 1963.
6.1998-2000 жылдарға арналған ҚР-да кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы үкімет қаулысы 8 маусым 1998 ж.
Арнайы әдебиеттер
1. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних.- М., 1970.
2. Бегалиев К. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. -Алма-Ата: Казахстан, 1980.
3. Бегалиев К. Меры борьбы с преступностью несовершеннолетних: правовые и организационные основы деятельности органов, принципы в борьбе с правонарушениями несовершеннолетних.-Алма-Ата: Казахстан, 1975.
4. Берсугурова Л. Основание пересмотра судебных решений по уголовным делам и эффективность судопроизводства.-пПравовая реформа в Казахстане", №1, 1999.
5. Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М., 1968 г.
6. Голубева Л.М. Судебное рассмотрение дел о преступлениях несовершеннолетних.-Фрунзе: Илим, 1981.
7. Григорян Н. Защитник как участник уголовного процесса. Сборник статей слушателей Летнего Юридического Университета.-Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 1998.
8. Головко Л.В. Новые основания освобождения от уголовной ответственности и проблемы их процессуального применения.-!Тосударство и право" РАН, № 8, 1997.
9. Гуковская Н.И. Деятельность следователя и суда по предупреждению преступлений несовершеннолетних.-М.: Юридическая литература, 1967.
10.Гуковская Н.И., Миньковский Г.М., Долгова А.И. Расследование и судебные разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних.- М: Юридическая литература, 1974.-стр 5-6.
11. Дарбаев С. Преступления несовершеннолетних и их ответственность перед законом.- "Тураби", № 3, 1997.
12. Ерешев Е.Е, Патсаев У. Предварительная проверка заявлений и сообщений о преступлениях как уголовно-процессуальная деятельность и как необходимая часть стадии возбуждения уголовного дела. Тосударство и право", № 3, 1998, стр 43-44.
13. Каневский Л. Расследование и профилактика преступлений 1 несовершеннолетних.-М., 1982.
14. Келина С.Г. Освобождение от уголовной ответственности как правовое последствие совершения преступления. В книге "Уголовное право: новые идеим.-М., 1994.
15. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии.-М., 1972.
16. Кокурин И.П. Особенности судебного разбирательства по делам о преступлениях несовершеннолетних. -Вестник МГУ, № 5, 1996.
17. Леоненко В.В. Судебное производство по делам о преступлениях несовершеннолетних.- Киев: Наукова думка, 1987.
18. Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в советском уголовном процесссе. - Ленинград: Изд-во ЛГУ, 1959.
19. Миньковский Г.М. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних.-М. Госюриздат, 1959.
20. Михайлов В.А. Меры пресечения в российском уголовном производстве.-М: Право и Зақон, 1996.
21. Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций.-М., 1996.
22. Перлов И.Д. Право на защиту.- М.: Знание, 1969. 23.Рыбальская В. Особенности производства по делам о преступлениях
несовершеннолетних-Иркутск, 1972.
24. Саркисянц Г.П. Законный представитель несовершеннолетнего обвиняемого в суде.-Ташкент:Фан, 1985.
25. Сафин Н.Ш. Допрос несовершеннолетнего подозреваемого в советском уголовном судопроизводстве.-КазаныИздательство Казанского университета, 1990.
26. В.Сиськов.Преступность несовершеннолетних: причины и ^ следствия. "Фемида ", №2, 1995.
27. Строгович М.С. Курс Советского уголовного процесса.Т.2.- М:
Наука, 1970.
28. Сперанский К.К. Проблемы уголовно-правовой борьбы с преступлениями несовершеннолетних и против несовершеннолетних.-Автореф.дис.д.ю.н.-М., 1992.
29. Тарарукин С.А. Преступное поведение. - М., 1974.
30. Уткелбаев П.Подростковая преступность.-м3акон и время11, №5Д998.
31. Шапинова А.С.Новое уголовное законодательство и проблемы ответственности и наказания несовершеннолетних правонарушителей.-Известия Министерства Науки- Академии Наук .-Алматы, № 1, 1996.
32. Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я.-М., 1987.
33. Уголовный процесс. Под ред. Божьева В.П.-М.: СПАРК, 1997.
34. Уголовное право. Общая часть. Под ред Казаченко И.Я- М.: Инфра,
М. Норма, 1998.
35. Обзор судебной практики.- "Тураби", № 1, 1996.
36. Материалы следственной и судебной практики.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Құқық қорғау органдары факультеті

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жоспар
Бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша кылмыстық іс жүргізудің
жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 .Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары ... ... ... ... ... .7
1.2.Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың
қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3.Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-
жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші
кепілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

П-тарау. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс
қозғау ... ... ... ... ... ... ... 2 3
2.2.Алдын ала
тергеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
Ш-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот
талқылауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.І.Сот талқылауы тәртібінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 39
3.2.Соттың үкім шығару кезінде шешетін
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 54

КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот
ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар,
оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік
құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын
тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау
үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де
жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді
және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы
әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын
болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас
ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-
құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта
жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын
алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі
тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің
қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде
мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
1994 жылы Қазақстан Республикасында барлық салалар бойынша 201796
қылмыс тіркелген, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны
11447, үлес салмағы 9,6% құрады, 1998 жылы тиісінше -137511, 7185
1994 1995 1996 1997 1998
Тіркелген қылмыстардың жалпы 201796 183913 183977 165401 137511
саны
Оның ішінде кәмелетке 11447 9968 9027 7435 7185
толмағандар жасаған қылмыс
Үлес салмағы % 9,6 8,2 7,0 7,4 7,6

Осы бесжылдықта кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына
қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті
бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі
басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес
міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан
әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін
әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.

1 В. Сиськов. Преступность несовершеннолетних: причины и следствия.
Фемида, №2, 1995, стр 59.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының
іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу,
тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы
шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану
нақты оң нәтиже береді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот
талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған
құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге
оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот
процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту
ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер
қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін
себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.
Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі
көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы
18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын
иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін
қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады.
Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-
мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен
құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды
жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын
жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың
жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы
категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің
өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева5 А.Лиеде,
т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев,
С.А.Шапинова .және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында
жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын
алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау
мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының
жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті
мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында
талқылануда.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің
ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде
жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар
істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы
категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен
кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу
қажет болып отыр. Мысалы, сот және тергеу органдарының кәмелетке
толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау
шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты
тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардан ісін жүргізуді
жүзеге асырушы органдар жасөспірім-қүқық бұзушының құқықтары мен
бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері. Өкінішке
орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын
немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе
дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен
хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық
іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып
жатады, ал бүның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы
немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра
беру сензімдерін қалыптастыруы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді
жүзеге асыруға байлаңысты мәселелер зерттелетін, ҚР қолданыстағы
заңнамасында бекітілген істердің осы категориясын жүргізудің өзгешелігімен
алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударылатын, кәмелетке
толмағандар істері бойынша дәлелдеу заты туралы, олардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кепілдері туралы сұрақтар зерттелетін,
жасөспірімдер қылмыстылығы мен онымен күрес мәселелері қозғалатын осы бір
күрделі жұмыстың негізгі бағыттарын таңдауға себепші болды.

І-ТАРАУ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЬШША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде
кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарға
қатысты әділ соттылықты жүзеге асыруды қамтитын Пекин ережелер деген атпен
белгілі шағын стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелер әртүрлі
құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге,
жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде
қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп
жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз
қолданылуы тиіс.
Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген
қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс
тапты.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі баптарының нормаларына сәйкес
кәмелетке толмағандардың істері бойынша әділ соттылықты жүзеге асырудың
жасөспірімнің жасына орай әлеуметтік-психологиялық және да басқа
ерекшеліктеріне байланысты белгілі-бір өзгешілігі бар.
Бұл өзгешелік мынадай жағдайларда көрінеді:
а) нақты ерекшеліктері кәмелетке толмағандардың қылмыс үшін
жауапкершілігі мен жазалануы мәселелерінің, сондай-ақ дәлелдеу затына, іске
қатысушылардың құқық өкілеттігі шеңберіне, тергеу әрекеттерін жүзеге
асыруға байланысты мәселередің,т.б. шешімін қамтиды.
б) бүл ерекшеліктер іс жүргізу мақсаттары мен қағидаларының біртүтас
жүйесі шеңберінде өмір сүреді1.
Осы істер бойынша іс жүргізуді регламенттеу ерекшеліктері іс-әрекеттің
өзін, оның себептері, дәлелдерін, кінәлінің тұлғасын сипаттайтын мән-
жайлармен бірлікте болатын кәмелетке толмағандық фактісіне негізделеді.
Осы категориядағы істерді жүргізудің ерекше тәртібі жасалған қылмыстың
барлық мән-жайы неғұрлым толық әрі терең зерттеуге, оны жасаудың себептері
мен шарттарын анықтауға, істің дүрыс ешеімін табуына, қылмыстық сот ісін
жүргізудің міндеттерін толық көлемде орындауға көмектеседі.

1 Гуковская Н.И., Миньковский Г.М.? Долгова А.И. Расследование и судебные
разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних.- М: Юридическая
литература, 1974.-стр 5-6.
1. .Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет
ретінде қалыптасуы, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сот жүйесін
реформалау жағдайында қылмыстың өсуіне байланысты оның әркелкі түрлерімен
күресті күшейту қажет және жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес қылмыспен
күрестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр,
жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы
мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары
жасалады.
Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет мәліметтеріне сәйкес,
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың қаңтарына қарай 10 жастан 14-ке
дейінгі жасөспірімдер саны 1 млн 632,5 мыңды қүрады. 15 жастан 30-ға
дейінгілер саны 4 млн 187 мың 830 адам немесе тұрғын халықтың жалпы санының
26,8%-ы. Республикада соңғы уақытта жүргізілген жастар мәселесі бойынша
әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, жастардың белсенді еңбек және
қоғамдық өмірге араласуы үіпін, ал бүл еңбекке қабілетті халықтың 40%-ға
жуығы, қажетті әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық шарттар әлі
қалыптаспаған.
Қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтар осы мезгілде мемлекетте
қалыптасқан қоғамдық қатынастармен себепті түрде байланысты екендігі
белгілі, сондықтан да елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар
жастардың әлеуметтік жағдайына әлі елеулі оң ықпал ете қоймағандықтан да,
сәйкесінше қылмыстың өсуі белең алуда.
Оңтүстік Қазақстан облысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін
1998 жылы 3675 жасөспірім ұсталған. Әрбір 26-қылмысты солар жасайды. Жеке-
профилактикалық есепте 917 жасөспірім, 1326 ата-ана немесе олардың
орнындағы түлғалар, қоғамға қарсы бағыттағы 154топ тұр2.
Соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың ауыр қылмыстар: қасақана кісі
өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақаттары, тонау және т.б. жасауы көбеюде.
Кісі өлтірудің үлкен пайызын жасөспірімдердің абайсыздықпен кісі
өлтіріп алуды қүрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында 17
жасар Е.Ақназаров өзінің шексіз ашу-ызасына ие бола алмаған. Еш жерде
оқымайтын және жұмыс істемейтін ол үнемі жергілікті мектеп маңын
торуылдаумен жүрген. Оқушы А.Батырбековпен сөзге келіп қалған Ақназаров оны
кеудесінен соққан. Оқиға қайғылы жағдайда аяқталды -жарақат алған оқушы
қылмыс орнында қайтыс болды.

1 Сиськов В., Указ раб.Фемида, №2?99, стр 58.
2 Уткелбаев П. Подростковая преступность. Заң және заман? №5Д9985стр 78-80.
Сондай-ақ балалардың қараусыздығы да үлкен мәселе тудырып отыр.
Жасөспірімдердің уақытша ұстау, бейімделу және ақтау Орталығында Қазақстан,
Өзбекстан және Тәжікстаннан келген жасөспірімдер бар. 1998 жылы 7 айында
Орталықта 410 кәмелетке толмаған жасөспірім болды, бүл 1997 жылмен
салыстырғанда 51,9% -ға көп1.
Жағдайды түзеу тек сот, тергеу органдарының жұмысы ғана емес, жалпыға
ортақ жұмыс болып табылады. Өйткені, оларды қылмысқа итермелеген себептер -
үлкендердің теріс ықпалы, жасөспірімдер арасында маскүнемдіктің,
нашақорлықтың таралуы, ата-ана тарапынан тиісті назар бөлмеу,
жасөспірімдердің бос жүруі. Олардың еркін уақыт өткізуді ешкімді
мазаламайды: тегін үйірмелер, секциялар, клубтар қазір жоқ. Жасөспірімнің
жұмысқа түруы барған сайын қиындай түсуде.
Дегенмен, статистика көрсеткеніндей, 1994-1998 жылдары құқық қорғау
органдарының, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының күш салуы арқасында
жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны едәуір азайды -11447- ден 7435-ке
дейін, ал елде тіркелген қылмыстардың жалпы санындағы үлесі 9,6-дан 7,6
пайызға төмендеді2.
Өскелең ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге құқықтық ықпал ету, білім беру,
азамат ретінде қалыптасуы мәселелерін ұйымдастырудағы маңызды орын сот және
тергеу органдары мен жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиядан басқа
прокуратура органдарына тиесілі, өйткені бас Прокуратураның 1998 жылы 17-
наурыздағы №21 "Кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану
үшін прокурорлық қадағалаудың деңгейі мен тиімділігін көтеру туралы"
бүйрығында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес және оның алдын алу, олардың
қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдары
қызметіндегі маңызды бағыттың бірі екендігі атап көрсетілген.
Прокуратураның алдына қойылған міндеттерге орналастыра отырып, құқық
қорғау, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктердің қызметін
үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметі 1998 жылғы 8 шілдеде ҚР-ның 1998-2000
жылдарына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың
алдын алудың кешенді бағдарламасын бекітті.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде сот және
тергеу органдары қылмыстық іс жүргізудің қағидалары міндеттерін жүзеге
асырады. Ең алдымен оған жасөспірімді адал еңбекпен өмір сүруге бетін бүру?
оны түзету және т.б. мақсатындағы жасөспірім құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал
еті жүмыстары жатады.

1 Уткелбаев П. Подростковая преступность. Заң және заман? №5!98.-стр78-80.
2 Сиськов В.? Указ раб.Фемида, №2'99, стр 63.
Бірақ, бұл міндеттерді табысты орындап шығу үшін қылмыстық қудалауды
жүргізетін органдардың өзі заңдылықты бұзбауы, жасөспірімдердің қүқықтары
мен мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз етуі, оларды тәрбиелеуге қолдау
көрсетуі қажет.

1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және
олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы

Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады.
Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек
алдыжас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-
18 жасқа дейін) \ Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес,
сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық
күштерінің қуат алуы жүзеге асады.
Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден
үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда,
ортастатистикалық жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. Жеткіншек
алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие
шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне
де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді2.
Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас
психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста
болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін
маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың
аяқталу кезеңін білдіреді.
Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі
жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар
қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан
басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін - 14
жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап)3.
Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі
аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады.
Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді5 өсу
жылдамдайжы, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму
басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер
етеді. Жеткіншек алды Жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бүзылады: өз
түлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады,
мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

Рыбальская В. Особенности производства по делам о преступлениях
несовершеннолетних-Иркутск, 1972-стр 7.
2 Каневский Л. Расследование преступлений несовершеннолетних.-М.? 1982.-етр
4.
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін
арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда
болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері түрлаусыз
болып келеді. Бұл:
а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;
б) көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез
ауысып отыруы ретінде көрінеді1.
Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен
қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез
өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай
бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға
килігеді.
Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр "апаттар" кезеңі деп
есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік,
қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.
Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі
ерекшелік пайда болады:
а) қоғамдық мінез-қүлық пен адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар
аударуы;
б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз
моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды2.
Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән,
"ұстамдылық" жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған,
сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді
ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке
алып келеді немес оларды жасы үлкен қүқық бүзушылар пайдаланады, кәмелетке
толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар
оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.
Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін
дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді олардың теріс
іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бүзуға байланысты
құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет.
Осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі-қырсықтық.
Кәмелетке толмаған сезіктінің немесе айыпкердің қырсықтығына тергеуші
істелген қылмыстың мән-жайын, ұрланған мүлік пен қылмыс қүралының
орналасқан жерін, қылмысқа қатысушыны анықтау кезіндегі жауап алуда тап
келуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеуші жасөспірімнің қырсылыққа жақынырақ сапасы
өтірікшілдікпен де соқтығуы мүмкін.

1 Крутецкий В. Основы педагогической псхологии. М.Д972.- стр 17.
2 Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте- М.Д968.-
стр322
Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:
а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;
ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан
кек алу қорқынышы;
б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын"
атанудан қорқу;
в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек
алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге
бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер
осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады.
Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы
дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен
адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір
жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы
келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате,
теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс
түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім
топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс
істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік
қасиеттерін көруі кездеседі1.
Бұлжас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән.
16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері
жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді.
Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық түрақтылық пайда
болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден
гөрі үстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншек алды жасы - бұл
жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік
қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің
физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі
де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға
әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну"
сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың
жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын,
әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар
психологиялық қасиеттері қалыптасады.
Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу
үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді,
абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі5 кеңес ала
алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай
әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.

1 Тарарукин С.А. Преступное поведение. - М., 1974.-стр 202
Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны
сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу
болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі.
Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік,
бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша,
өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы
келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды,
сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз
ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде
айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған
қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті
мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса
да бекітуге дейін барады1 ".
Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл
қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер
өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын
тұрады.
Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие
болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның
топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады.
Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен
өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері
өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық
қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.
Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді
емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі
шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен
сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу
жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге
асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу
үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.
Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу
тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін
нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының
ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері
кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты
процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері
шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.

1 Каневский Л.Л. Указ.раб., стр 5-9.
1.3. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-
жайлар

Кәмелетке толмағандар істер бойынша қылмыстық іс жүргізу процестің
арнайы субъекті - жасөспірім айыпкер екендігіне сәйкес белгілі бір
ерекшеліктерге ие бола отырып, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүргізудің
жалпы міндеттерін орындауы тиіс.
Олар - қылмыстарды тез және толық ашу, кінәліні анықтау, әрбір қылмыс
жасаушы әділ жазаға тартылуы және бірде-бір кінәсіз адам қылмыстық
жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңды дұрыс қолдануды
қамтамасыз ету. Осы мақсатта қүзіретті органдар қылмысқа кінәлі түлғалар
мен қылмыс белгілер табылған жағдайдың бәрінде қылмыстық іс қозғауда
міндетті.
Іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды
белгілейді, оған жататындар (ҚР ҚІЖК, 117 бап):
1) қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілері
(уақыты, орны, қылмыс жасаудың тәсілі және басқа да мән-жайлар) және
оқиғасы;
2) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекет жасаудағы тұлғаның
кінәлылығы, кінә нысаны, жасалған іс-әрекеттің сарыны, заң қатесі және шын
қателер;
3) айыпкер жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-
жайларыы;
4) айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мән-жайлар;
5) қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері;
6) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар; және басқа
да заңда белгіленген мән-жайлар.
Барлық талаптар кәмелетке толмағандар ісі бойынша орындалуға тиіс.
Сонымен бірге, жасөспірім айыпкерге тән жасына байланысты психологиялық
ерекшеліктер жасөспірім айыпкер тұлғасының қалыптасу процесін сипаттайтын
мән-жайларды неғұрлым толық зерттеуді қажет етеді. Бұл оның дүниеге
келуінің, өмірінің, тәрбиесінің, мінез-құлқының, т.б. нақты шарттарын терең
зерттеу жолымен ғана мүмкін болады. Мұның бәрі қылықтарына дұрыс
түсініктеме беру оның белгілі бір жас шегіне жетуімен (қылмыстық
жауапкершілікке тартылатын) байланысып жатыр.
Көрсетілген мән-жайлар кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу
затын заңнамалық нақтылау қажеттілігін тудырды. Сонымен, осы істер бойынша
дәлелдеу жататын негізгі мән-жайларға заң мыналарды жатқызады (ҚР ҚІЖК, 481
бап):
1) жасөспірімнің жасы (күні, айы, туған жылы);
2) жасөспірімнің өмір сүру және тәрбие шарттары;
3) зияттық, ерік-жігер және психикалық дамуы, мінез, темперамент
ерекшеліктері, қажеттеліктері мен қызығушылығы;
4) жасөспірімге үлкен адамдардың және басқа
жасөспірімдердің ықпалы.
В. Рыбальская есептеуінше1, кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу
затының ерекшеліктерін жалпы түрде мән-жайлардың үш үлкен тобын айқындаумен
түсіндіруге болады:
а) өмір сүру және тәрбие шарттары;
ә) тікелей айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мәліметтер;
б) оны қылмыс жасауға әкелген мән-жайлар.
Дәлелдеу процесінде бұл мән-жайлардың бірінші және үшінші топтары
олардың жасөспірімнің жеке тұлғасына ықпалы тұрғысынан зерттелетінін есте
ұстау керек. Бірақ, егер де бірінші және үшінші топтағы мән-жайлар
негізінен тұлғаның қалыптасу процесін (әлеуметтік шығу тегі, отбасының
материалдық және тұрмыс жағдайы, оның мәдени деңгейі, тәрбие әдістері және
т.б.) сипаттайтын болса, онда екінші топтағы мән-жайлар жасөспірімнің
қылмыс істеген сәтіне және істің қаралған уақытына сәйкес келетін мезеттегі
оның тұлғасының қалыптасқан қасиеттерінқамтиды (аты-жөні, нақты жасы,
т.б.).
Тергеу және сотта іс қарау тәжірбиесінде жоғарыдағы барлық мән-жайлар
кешенді түрде, бір уақытта және біртұтас іс жүргізу тәсілдерімен
зерттеледі. Алайда, бұл мән-жайлар туралы мәліметтерді іс жүргізу барысында
пайдалану әртүрлі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Г.М Миньковскийдің2 тұжырымдауынша, кәмелетке толмағандар
ісі үшін елеулі бірқатар мән-жайлар үлкендер туралы істерге қарағанда
неғұрлым нақты айқындаладаы, өйткені кәмелетке толмағандар ісі бойынша
дәлелдеу шегі өзгеше және оның құрамына айыпкердің тұлғалық сипаттамасы,
өмір сүру және тәрбие шарттары үшін анықталуы қажет фактілердің неғұрлым
үлкен саны кіреді.
В.В Леоненко3 кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегінің
жалпы өзгешелігі, негізінен, бұл шектер үлкендер қылмысы туралы істер
бойынша да анықталатын мән-жайлардың дәлелдемесінің әдеттегіден үлкен тобын
құрайтынына байланысты деп есептейді. Мысалы, жасөспірімнің қылмыс істеуі
әкелген себептер мен шарттарды анықтау үшін әдетте, үлкендер істеріне
қарағанда неғүрлым көп дәлелдемелер тартылады. Өзгешелік пен жекелей
дәлелдемелерге, мысалы, ата-аналардың қылмыстық жауапкершілікке тартылған
кәмелетке толмаған баласының өмір сүруі мен тәрбие шарттары туралы жауабы;
мүғалімдердің, тәрбиешілердің және т.б. жауаптары жатады. Іс үшін елеулі
барлық мән-жайлар анықталғанда ғана тиісті тәрбиелік әсерге, жасөспірімнің
тағдырын дұрыс белгілеуге, оның түзелуі үшін және болашақта осыған ұқсас
қылмыстардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға қол жетеді.

1 Рыбальская В. Указ.раб.,стр 35.
2 Миньковский Г.М. Указ.раб., стр 74
3 Леоненко В.В. Судебное производство по делам о преступлениях
несовершеннолетних.- Киев: Наукова думка, 1987.
Кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегшщ ерекшеліктерін Г.М
Миньковский мынадай мән-жайларды анықтаумен байланыстырады:
а) жасөспірімнің жеке тұлғасы және дәл жасы;
ә) оның дамуы, физикалық және жан-дүниесінің саулығы;
б) оның тұлға ретінде қалыптасуының, моральдық бейнесінің, мінез-
құлқының шарттары;
в) арандатушылар мен көмектесушілердің болуы немесе болмауы;
г) қылмыстыққа ниет;
д) жасөспірмінің заңды және жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін
маңызы бар мән-жайлар1.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды бойынша, дәлелдеу затының
басты қүрамы (компоненті) жасөспірімнің жеке тұлғасы болып табылады.
"Тұлға" ұғымы адамның әлеуметтік, биологиялық,
физиологиялық, психологиялық және басқа да қасиеттерінің
бірлігін қамтиды. Ол адамның әлеуметтік негізін, оның бет-бағдарын, мінез-
құлық ерекшеліктерін және т.б. білдіреді.
Философтар, әлеуметтанушылар, психологтар ұстанымы бойынша тұлғаның
белгілерін тарзылай келе, оның үш негізгі элементін атап көрсетіге болады:
демографиялық мәліметтер; адамгершілік-психологиялық қасиеттері;
қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы әлеуметтік мінез-құлқы.
Қылмыскер тұлғасы "қандай да бір дәрежеде оның қылмыс істеуіне әсер
еткен" әлеуметтік және жеке өмірлік ережелерімен өзара әрекетте қаралады.
Жасөспірімнің қылмыстық мінез-құлқына көбінесе субъективті себептер түрткі
болады.
Криминологтар кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының
құрылымын зерттеудің ерекше маңыздылығын және күрделілігін атап
көрсетеді.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтастыру олардың мінез
құлықтарының мынадай ерекшеліктерін қамтиды: а) қылмысты кездейсоқ жасау;
ә) тұлғаның жеке бағыттылығының жалпы тұрақсыздығы салдарынан қылмыс
жасау ықтималдығы.
Кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу - өте күрделі
психологиялық міндет.
Әсіресе, жасөспірімнің ішкі жан-дүниесін, оның әдеттерін,
қызығушылығын, қажеттіліктерін зерттеу өте күрделі. Бұл күрделілік кем
дегенде екі жағдаймен түсіндіріледі:
1) осындай зерттеу жүргізілуге тиісті шектерді белгілеуге байланысты
қиындықтар;
2) алынған ақпараттың әділдігін (объективтілігін) қамтамасыз етуге
байланысты қиындықтар.

1 Миньковский Г.М. Указ.раб., стр 74
Н.И. Гуковскаяның пайымдауынша, жасөспірімнің тұлғасын, оның өмір
сүру, тәрбие шарттарын зерттеу тергеу және сотта іс қарау барысында
істелген қылмысқа тікелей қатысы бар мән-жайларды ғана анықтаумен шектелуі
тиіс1. Бірақ В. Рыбальская бұл ұсынысты қолдамайды. Өйткені, жасөспірімдер
кейде өздерінің жас ерекшелігіне байланысты олардың бұған дейінгі мінез-
құлқы мен тәрбие шарттарына мүлдем қатысы жоқ ауыр қылмысқа қатысушы болып
шығады. Сондықтан да, кәмелетке толмаған айыпкердің тұлғасын зерттеу
қылмыстық іс жүргізудің арнайы міндеттері мен шеңберінде белгіленетінін
есте ұстай отырып, қылмыстың жасөспірімге апаратын жолын емес, керісінше
жасөспірімнің қылмысқа келу жолын табу қажет. Ал бұл үшін көбінесе, былай
қарағанда істелген қылмысқа тікелей қатысы жоқ сияқты көрінетін, айыпкердің
жеке тұлғасындағы бірқатар ерекшеліктері анықтауға тура келеді.
Айыпкер түлғасын зерттеудің күрделілігін крсететін екінші жағдай,
әдетте түлға туралы мәліметтер жасөспірімді білетін әртүрлі адамдардың: ата-
ана, мүғалімдер, достары және т.б. жауаптарынан жинақталатынына байланысты.
Және олар кейде айыпкер туралы қайшылыққа толы мәліметтерді де хабарлайды.
Сол себеп мүндай жауаптарды бағалау алдында айыпкер мен оған мінездеме
беретін адамның өзара қарым-қатынасы туралы жақсы біліп алу қажет.
Жасөспірімнің ішкі әлемін айқындау үлкен әдепті, әділдікті талап
етеді.
Жасөспірімнің қылмыс істеуге дейінгі мінез-қүлқы оның жағымды
жақтарымен бірге теріс әрекеттерін де есепке ала отырып, өте мүқият
зерттелуі тиіс. Жасөспірім ІІМ органдарында есепте түрған ба, бүған дейін
қылмыстық жазаға немесе тәрбиелік сипаттағы шараларға тартылған ба, неге
олар оң нәтиже бермеген - міне, осының бәрін міндетті түрде анықтау керек2.
Алайда, кәмелетке толмағандардың істерін жүргізуді жүзеге асыру
кезінде қылмыстың мән-жайларын анықтауға жасөспірмінің тұлғасын зерттеуге
қандай маңыз берілсе, сондай дәрежеде қарау керек, өйткені қылмысты тергеу
кезінде жасөспірімнің жеке тұлғасының, іс-әрекеттің мақсаты, дәлелі,
сарыны, т.б. "жиынтығынан" тұратын сипаттама қажет.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу үшін елеулі мән-жайларды анықтау
негізінде қылмыс құрамының жас және есі дұрыстық сияқты элементтерін
айқындау өте маңызды болып табылады, себебі ессіздік жағдайында қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды.

1 Гуковская Н.И. Деятельность слдеователя и суда по проедупреждению
преступлений несовершеннолётних.- М.:ЮЛ5 1967.
2 Рыбальская В. Указ.раб., стр 61.
Қылмыстық құқықтағы ессіздік - бұл психиканың ауру жағдайымен немесе
ақыл-ес кемдігімен сипатталатын тұлғаның өз әрекеттеріне жауап берудегі
немесе қоғамға қарсы әрекет жасау сәтінде өзін басқаруға қабілетсіздігі1.
Заңда (ҚР ҚК, 16 бап) екі өлшем бекітілген - медициналық (биологиялық)
және заңдық (психологиялық). Адам осы өлшемдердің екеуі де болғанда ғана
есі дүрыс емес деп танылады.
Медициналық өлшем созылмалы жан-дүниесінің дерті, жан-дүниесінің
уақытша күйзеліске ұшырауы, ақыл-ес кемсіздігі немесе басқа бір ауру
жағдайын білдіреді.
Заңдық өлшемге тұлғаның өз әрекетіне есеп беруге (интеллектуалдық
өлшем) немесе оларды басқаруға (ерік-жігер өлшемі) қабілетсіздігі кіреді.
Ессіздікті анықтау үшін осы белгілердің біреуі жеткілікті2.
Психикалық жағдай туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық
сараптама тағайындалуы тиіс (ҚР ҚІЖК, 3-4 т, 241 бап). Есі дүрыс емес деп
танылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, оған медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚР ҚК, Іббап).
Адамның есі дұрыс еместігі нақты іоәрекетке қатысты анықталады.
Сондықтан да ешбір адам істелген әрекетке қатыссыз, мүлде есі дұрыс емес
деп таныла алмайды. Дәл осылайша бүған дейін танылған ессіздік жаңадан
істелген әрекетке қолдануға жарамайды. Бұл мәселені шешу рәсімді қайталауды
қажет етеді3.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 489-бабына
сәйкес, кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің бойында психикалық ауру
немесе даму кемдігі болуы, оның өз іс-әрекеттеріне толықтай немес жекелей
есеп беруге және нақты жағдайда оларды басқаруға қабілеттілгі туралы
мәселелерді шешу үшін кешенді психологиялық-психиатрлық сараптама
тағайындалуы міндетті. Сондай-ақ, жасөспірім сезікті не айыкер тұлғасының
ақыл-ой, ерік-жігер, психикалық даму деңгейлерін анықтау үшін психологиялық
сараптама тағайындалуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481-бабына сәйкес, кәмелетке
толмаған айыпкердің жасы дәл анықталуы тиіс. Бірқатар жағдайларда кәмелетке
толмаған ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту, жазаның нақты бір түрін
таңдау немесе жасөспірімнің ісін тоқтату мүмкіндігі жастың дұрыс
анықталуына тәуелді болады.
Жасөспірімнің дәл жасы құжаттармен расталуы тиіс, куәландырушы құжат
болмаған жағдайда, оны алу мүмкін болмаса сот-медициналық сараптама
тағайындалады (ҚР ҚІЖК, 89-бап, 2-т).

1 Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я-МД987.
2 Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я-МД987., стр
242.
3 Уголовное право. Общая часть. Под ред Казаченко И.Я- М.: Инфра, М-Норма,
1998.-стр28.
Заң шығарушы, жасқа осыншалық үлкен мән бере отырып, алайда, жас
"табалдырығын" қылмыстық жауапкершіліктің формальды негізі ретінде
қарастырмайды. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жасөспірімнің
белгілі бір жасқа жетуі осы жасқа сай келетін дамудың қандай да бір
деңгейіне жеткенін білдірмейді деген ситуацияның болуын да ескереді.
Басқаша айтқанда, З.А.Астемировтың атап өткеніндей, адам өз тұлғасының
дамуы мен қалыптасуының белгілі бір кезеңінде, сана, оның құрылымдық
элементтерінің деңгейіне байланысты, нақты дәрежедегі, қандай да бір
түрдегі жауапкершілік жүктейді (немесе жүктей алады).
Қылмыстық жауапкершілік өз негізіне іс-әрекетінің қоғамға
қауіптілігін, оның рұқсат етілмегендігін тұлғаның түсінумен мазмұндалатын
құқықтық сананың нақты деңгейін алуы тиіс деген З.А.Астемировтің пікірі
назар аударуға тұрады1.
Ішінара, қылмыс істеу сәтіндегі кәмелетке толмаған айыпкердің жасы
туралы мәселе істі шешудің қылмыстық іс жүргізу тәртібін айқындайды;
айыпкер түлғасының елеулі қасиеттері істі тәрбиелеу шараларын қолданумен
тоқтатудың негізі мен тәртібін белгілейді. Тұлғаны сипаттайтын
мәліметтердің көмегімен тергеу мен сот талқылауының (жауап алу, тінту,
беттестіру және т.б.) бірқатар тактикалық мәселелері шешіледі.

1.4. Кәмелетке толмағандар қүқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер

Кәмелетке толмағандар істерін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығы
нормаларымен реттелетіндігі белгілі. Жасөспірімге жеке тұлғаның
дербестігіне қол сүғылмауы, сот ісін жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға
құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық көлемінде тиесілі.
Сонымен бірге, кәмелетке толмаған құқық бүзушының психологиялық, жас
ерекшеліктерін назарға ала отырып, заң шығарушы осы категориядағы істерді
тергеу мен сотта қараудың ерекше түрлерін қарастырған. Олар кәмелетке
толмағандардың мүддесін қорғаудың қосымша кепілдіктері ретінде қызмет
атқарады.
Бұл нормалардың бірінші кезектегі міндеті - тұлғаның заңды мүдделері
мен қүқықтарын бүзуды болдырмау, қылмыстық сот ісін жүргізудегі қатал
заңдылықты қамтамасыз ету және сот әділдігінің заңда белгіленген
мақсаттарына жету. Қылмыстық іс жүргізудің кәмелетке толмаған қатысушылары
- бүл құқықтың, оның ішінде қылмыстық істерді жүргізу құқығының ерекше
субъектілері. Олар қүқық пен заңда танылған мүдделердің үлкен шеңберін
иеленеді, бірақ өз құқықтарын толық көлемде қорғауға және іске асыруға
қабілеттері жетпейді.

1 Астемиров З.А. Уголовная ответственность и
наказание несовершеннолетних. - М., 1970.
Сондықтан жасөспірімдер үшін олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
ерекше кепілдері бекітілген. Оларға негізінен, қорғаушының, заңды өкілдің
міндетті түрде қатысуы, жасөспірімнің интеллектуалдық, ерік-жігер,
психикалық даму деңгейін анықтау үшін психологиялық сараптамадан өткізу
және т.б. жатады.
Қылмыстық іс жүргізу теориясында айыпкердің қорғау алуға құқығы заңда
берілген құқықтардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, олардың көмегімен
айыпкер өзіне тайыптан қорғану, толық немесе ішінара ақталуға қол жеткізу,
жауапкершілікті жеңілдету, сондай-ақ өзінің заңды жеке және мүліктік
мүдделерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін пайдалана алады. Қорғау құқығы,
айыпкерге заңда берілген басқа да құқық өкілеттіктермен бірге, қорғаушының
көмегін пайдалану құқығын да қамтиды.
Осылайша, айыпкердің қорғау құқығы оның жеке пайдалана алатын
құқықтарының жиынтығын және процесте қорғаушы қызметін пайдаланумен
байланысты құқықтардың жиынтығын қамтиды1.
Айыпкердің зияттық кемелсіздігі, істің нақты жағдайына жас шамасына
қарай өзіндік көзқарасы оны қорғау үшін елеулі маңызға ие болады және
кәмелетке толмаған айыпкердің өз мүдделерін заңды өкілдің көмегімен жүзеге
асыруына жәрдем түрінде қосымша кепілдіктерді енгізуге себепші болды. Бұл
мақсатқа қол жеткізуге педагогтың, психологтың іс жүргізудегі арнайы рөлі
көмектеседі.
Кәмелетке толмаған айыпкерді қорғау жоғары кәсіптік шеберлікті ғана
емес, сонымен қатар жасөспірім психологиясын білуді қатынас тәжірбиесін
қажет ететін қиындықтармен сабақтасып жатады. Сондықтан, кәмелетке толмаған
айыпкерді қорғауды мүмкіндігінше, жасөспірімдерді қорғауға маманданған,
балалармен жүмыс тәжірбиесі бар қорғаушының жүзеге асыруы тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 71- бабының 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес істердің осы
категориясы бойынша міндетті болып табылады.
Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не олардың заңды өкілі қорғаушымен
келісімге келмесе, онда тергеуші, прокурор, сот іс бойынша қорғаушының
қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Процеске қорғаушының қатысуы - айыпкердің қорғау құқығы қағидасын
жүзеге асырудың бір түрі.
Қорғау құқығын жүзеге асыру - бұл сот әділдігін табысты түрде жүзеге
асырудың қажетті шарты.
Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету осы жағдайдың ерекше
маңыздылығына байланысты конституциялық қағида дәрежесіне көтерілген. Ол ҚР
Конституциясының 13-бабында бекітілген.
Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету - қылмыстық іс бойынша
ақиқатты анықтаудың, сот шешімінің, қаулысының, заңды және негізделген
үкімнің маңызды кепілдігі.

Рыбальская В. Указ.раб., стр 18-19.
Бұл қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықтың маңызды кепілдігі.
Қорғауды шынайы жүзеге асыру - соттық дәлелдемелерді жан-жақты, толық
және әділ тексерудің кепілі, іс бойынша шындыққа қол жеткізудің, тұлғаның
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қол жетті шарты.
Айыпкердің қорғау құқығы қол сүқпаушылық, сот ісін жүргізу тәсілі,
жариялылықты шектеу құқығы және т.б. құқықтармен тығыз байланысты.
Демек, бұған дейіт айтылғандай, кәмелетке толмағандар үшін олардың
құқықтары мен заңды мүдделерінің ерекше кепілдіктері бекітілген. Егер,
жасөспірімдердің қүқықтарымен заңды мүдделерін шынайы жүзеге асыруды
қамтамасыз етуші барлық кепілдерді жинақтайтын болсақ, онда мынадай негізгі
кепілдерді атап айтуға болады: тергеуді жүргізетін соттың және органның
кәмелетке толмаған сотталушы, айыпкердің құқықтары мен міндеттерін, басқа
да сот талқылауына қатысушылармен құқықтары бірдей екендігін түсіндіру
міндеті және т.б1. Ал айыпкер құқықтарының маңызды кепілдерінің біреуі,
В.З. Лукашевичтің пікірі бойынша, кінәсіздік презумпциясы қағидасы2.
Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы - бұл объективті құқықтық
ереже, оған сәйкес заң үкім заңдық күшіне енгенше айыпкерді кінәлі деп
есептемейді және әрбір процеске қатысушыдан іс бойынша жиналған
материалдарды жан-жақты және әділ зерттеудің негізінде осы іске қатысушының
бойында айыптаудың заңдылығы мен негізділігіне берік сенім қалыптасқанға
дейін айыпкерді кінәлі деп есептемеуін талап етеді.
Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы сот әділдігінің тура
кепілдігі болып табылады, қылмыстық іс жүргізудегі объективті шындықты
бекітуге көмектеседі.
Кінәсіздік презумпциясы қағидасы ҚР Конституциясының 77 бабында берік
негіз тапқан, бұл тергеушіні істі толық және жан-жақты тергеуге
міндеттейді, айыпкердің қорғау құқығын қамтамасыз етеді және т.б. (ҚР ҚІЖК,
19-бап).
Кінәсіздік презумпциясының мәні одан бірнеше маңызды салдарлар келіп
шығатынында жатыр:
1) айыпкердің кінәлылығын істі қарайтын сотта кім бекітеді, сот
дәлелдеуі тиіс, сотталушыны дәлелдеу міндеті айып тағуға жатады;
2) соттың, прокурордың, тергеушінің дәлелдеу міндетін айыпкерге
аударуға құқығы жоқ;
3) айыпкер өзінің кінәсіздығын дәлелдеуге міндетті емес, егер ол оны
дәлелдей алмаса, онда бұл оны кінәлі деп тануға үшін негіз бола алмайды;
4) шешілуі қиын күдіктер айыпкердің пайдасына шешіледі (оларды шешуге
барлық қажетті шаралар қабылданғаннан кейн ғана);
5) айыпкердің көрсетпесіне зорлық, қорқыту және заңсыз шаралар
жолымен жетуге тыйым салынады;

1 Перлов И.Д. Право на защиту.- М.: Знание, 1969.
2 Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в советском
уголовном процесссе. - Ленинград, ЛГУ, 1959.
6) дәлелденбеген кінәлылық дәлелденген кінәсыздықпен бірдей;
7) айыптау үкімі шығарылғанға дейін айыпкердің кінәлылығы туралы
баспасөзде, бұқаралық ақпарат құралдарында түпкілікті пікір айтуға жол
берілмейді.
Тіпті сот айыптау үкімін жариялағаннан кейін де кінәсіздік
презумпциясы өз әрекетін жалғастыра береді, өйткені үкім әлі заңдық күшіне
ие болған жоқ. Сотталушы мен оның қорғаушысы үкімге шағымдануға құқылы,
яғни жоғары түрған соттардың үкімді қайта қарауына құқығы бар (ҚР ҚІЖК, 31-
бап, 2-т). Үкім заңдық күшіне енген кезде ғана, адамның қылмысқа кінәлі
екендігіне сенімді болуға мүмкіндік туады. Тек кейбір жағдайларда заңдық
күшіне енген үкімді қайта қарау қажеттілігі пайда болады1.
Жоғарыда айтылғандардан айыпкердің қорғау құқығын жүзеге асыру үшін
кінәсіздік презумпциясының әсері қандай үлкен маңызға ие екендігі көрінеді.
Кінәсіздік презумпциясы маңызды демократиялық қағида болып табылатын
қылмыстық іс жүргізуде айыпкердің және оның қорғаушысының қорғау құқығын
шынайы жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істері бойынша қорғаушының
қатысу міндеті жасөспірімнің зияттық кемелсіздігі, оларда заң туралы
қажетті білімнің болмауы және іс жүргізу құқықтарын, істің мән-жайларының
маңыздылығын түсінбеуі себепті, процесте қорғаушының болмауы істі дұрыс
шешуге және олардың құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу
Кәмелетке толмағандарға қатысты
Балалардың құқықтық қағидалары
Ювеналды юстиция
Дәлелдемелерді пайдалану
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Пәндер