Саяси элита және саяси көшбасшы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1. Саяси элита және саяси көшбасшылық

Элиталар мен көшбасшылар (лидерлер) әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік-саяси ғылымдар зерттеулерінің маңызды обьектісі болып табылады. Б. з. д. 430 жылдың өзінде Ежелгі Грекияның белгілі саяси қайраткері Перикл: "саясатты аз ғана адамдар жасайды, алайда ол жөнінде бәрі де пікір айтады"- деген екен.

Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар- саясаттың аса белсенді субьектілері. Бұл субьектілер өз қызметінде нақты мақсаттар мен мүдделерді көздейді. Практикада халықтың көпшілік бөлігінің саяси үрдіске қатынасуы әдетте сайлаумен ғана шектелгендіктен, нақты билікті саяси элиталар мен саяси көшбасшылардың жүзеге асыратыны белгілі нәрсе. Осы элиталар (элита ұғымы француз тілінен аударғанда- "ең жақсы", "сұрыпталған", "қалаулылар") және көшбасшы-лидерлер (ағылшын тілінен аударғанда лидер сөзі- "алда жүретін", "жол көрсетуші", "басшы" мағынасын білдіреді) қоғам дамуының мақсаттары мен болашағын айқындауды қалыптастырады. Олар қоғамды басқарады, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды және оларды жүзеге асыруда мемлекеттік билік ресурстарын пайдаланады. Басқару міндеттерін атқара отырып, олар, сонымен қатар, билікте болып, оны ұстап тұруға көмектесетін тұлғалық айрықша ерекшеліктер мен кәсіби сапаларды меңгерген.

Осымен байланысты аталмыш элитаға және көшбасшыға басқа адамдарға жетекшілік ету құқы не беретінін, олардың өздерінің саяси қызметінде нендей уәждерді басшылыққа алатынын анықтау қажет. Демек саяси элиталар мен саяси көшбасшылардың қоғамдық- саяси өмірдегі және қоғамдық саясаттағы ерекше рөліне не себепші болып отыр деген орынды сұрақ туындайды. Бұл сауалға жауап беру үшін, ең алдымен, саяси элитаның мазмұнын ашу қажет.

2. Саяси элита ұғымы.

Саяси элитаны анықтау мен оның ауқымын белгілеу үшін келесі өлшемдерді ұсынған жөн деп санауға болады:бірәншіден, қоғамның саяси элитасын жария саяси қызметпен кәсіби айналысатын барлығының күресінің түпкі мақсаты билік болып саналатын адамдар құрайды; екіншіден, олар қоғамнан біршама өзімен-өзі болуымен қатар, сол саяси тәртіптің қалыптасқан "ойын ережесін" ұстайтын, билеуші және оппозициялық бөліктің мәнді ерекшеліктерін сақтайтын, сонымен бірге, әр түрлі саяси элита фракцияларының мүдделері, құндылықтары және мақсаттары ортақ біріккен тығыз топты құрайды, үшіншіден, осы адамдарды саяси қайраткерлер ретінде олардың өзіндік заңдылығын қоғамдық мойындау бар.

Контрэлита- бұл билеуі элитаға қатысты оппозиция ролін сол сәтте атқаратын саяси элитаның бөлігі. Кейде оның да билеуші топқа кейбір басқару және кадрлық шешімдер қабылдауға жетткізетін қысым жасау ресурстары болады. Әйтсе де бюрократияның жоғарңы өкілдері билеуші элитаның құрамына енетіні сөзсіз, оның еркін орындайтын соңғысын бюрократиялық аппаратпен шатастырмау керек.

Саяси элита- бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратын және мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған, маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ. Қоғамның саяси элитасының құрамына биліктік функцияны және уәкілдік құқықты иеленген жоғарғы дәрежелі қызметтегі кәсіби саясаткерлер кіреді. Саяси элитаның құрамына сонымен бірге, қоғамның дамуының стратегиясын дайындауға, саяси бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға кәсіби дайындығы бар жоғары мемлекеттік қызметткерлерді жатқызуға болады. Жылдар өткен сайын саяси элита ұызметкерлерінің құрамы өзгереді. Адайда қызмет құрылымы ешбір өзгеріске түспейді. Бұған мемлекеттер басшылары(монархтар, президенттер), биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот органдарының, жоғарғы елшілік корпустардың және т. б. жетекшілері жатады. Әр түрлі елдерде берілген әр қилы баға бойынша саяси элитаның саны 2-4 мың адамнан аспайды.

Саяси элита, сонымен бірге әкімшілік, экономикалық, әскери, полициялық, идеологиялық-ақпараттық, рухани-мәдени, және ғылыми мамандаедырылған кіші әлеуметтік топтар да жатады.

Әкімшілік элита- бұл меншік ресурстарының негізінде билік құрылымына өзінің қатысуын іске асыратын билеуші элитаның бөлігі. Экономикалық элитаға өз қолдарында атеериалдық және қаржы ресурстарын шоғырландырған:ірі корпорациялар, банктердің иелері және олардың менеджерлері, бизнесмендер және т. б. адамдар кіреді. Билеуші элитаның бұл бөлігі экономикалық үстемдікті жүзеге асыра отырып, көптеген саяси мәселелерді шешудің жолдарын анықтауға да қатысады.

Әскери және полициялық элита- билеуші элитаның маңызды жігі. Олар қоғам өмірінде, саяси үрдістерде үлкен рөл атқарады, әскери, полициялық элитаны көбінесе саясаттың шешуші құралы ретінде пайдаланады. Әскери және полициялық элитаның құрамына елдің жоғарғы әскери басшылары, генералитет, ішкі істер министрлігінің бсасшылары, мемлекеттік қауіпсіздік, арнайы қызмет және т. б. басшылары кіреді. Саяси элитаның маңызды жігін идеологиялық- ақпараттық элита құрайды. Ол өз құрамына қоғамда дүние танымдық ұстанымдарды, құнды бағыт-бағдарларды, адамдарда идеялар мен сенімдерді қалыптастыру функцияларын атқаратын идеологиялық майданның қайраткерлерін- гуманитарлық ғылымдардың, білім берудің, діни қызметшілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының- радио, теледидар, баспасөздердің ролі аса зор.

Рухани- мәдени элита -бұл рухани билікті алып жүрушілер. Ол аса беделді әрі ықпалды өнер, оқу- ағарту, әдебиет қайраткерлерінен және басқа да шығармашылық интеллигенция өкілдерінен тұрады. Оның атқаратын рөлін қоғамның рухани өмірінің мынандай процестері: білім беру, әдебиет, өнердің дамуы, оның адамгершілік қуатына ықпал ету сипаты мен деңгейі анықтайды.

Ғылыми элитаның қоғамның қоғамдық- саяси өмірінде маңызды позициясы бар. Ол интеллектуалды элитаның аса дарынды бөлігінен тұрады. Оның рөлі- ғылым мен техниканың дамуына, ғылым мен техникалық прогреске және т. б. ықпал жасау деңгейімен анықталады.

Билік ресурстарымен ерекшеленетін саяси элиталады әдетте дәстүрлі және қазіргі деп бөлінеді. Дәстүрлі элитаның билігі әдет- ғұрыптарға, дінге, салт- жораларға, байлыққа негізделген. Үндістан саясаттанушысы П. Шаран дәстүрлі элитаның қатарына діни элитаны, аұсүйектерді(арисократия), дамушы елдердің әскери басшыларын қосқан. Заңға, формальді ережеге арқа сүйейтін және әр түрлі топтардан тұратын қазіргі элита ұтымды саналады. Қазіргі саяси элитаға чиновниктер, білімдар саяси көшбасшылар, бизнесмендер, ғылым саласының өкілдері, технократтар және де саяси билікпен тікелей немесе жанама болса да байланысқандар немесе саяси, мемлекеттік шешімдер қабылдауға ықпал етуге мүмкіндігі барлар жатады.

Қазіргі саяси элиталардың тұңғыш классикалық тұжырымдамалары XIXғасырдың соңы- XXғасырдың бас кезінде пайда болды. Соның бір айғағы макиавелдік мектеп өкілдері(Г. Моски, В. Парето, Р. Михельс) . Бүгінде "макиавелдік мектеппен" қатар саяси элиталар теорияларының аса маңыздысы болып, құнды элиталар теориясы (В. Ропке, Хосе Ортега-и-Гассет, Н. Бердяев), демократиялықэлитизм (Д. Даль, С. Липсет, Й. Шумпетер), партократиялық мәндегі элита (В. Ленин, И. Сталин), солшыл либералды мектеп(Ч. Миллс т. б. ) және тағы басқалары есептеледі.

Енді саяси элиталарды зерттеп білуде және баға беруде институционалдық амалға тоқталайық. Оның көрнекті өкілі- "Билеуші элита" атты кітаптың авторы Чарльэ Райт Миллс. Ол элитаның мәртебесі мен құрамын элитаның жекелеген мүшелерінің дарындылығымен және психологиясымен түсіндіруге болмайды деген көзқарасты қолдайды. Элитаны қоғамның экономикасы мен әлеуметтік құрылымына сәйкес зерттеу қажет. Ч. Миллс билікті ауқымды институттар жүйесінің рәмізі ретінде болжап, элита стратегиялық институттар иерархиясында жетекші позицияны иемденгендерден тұрады деп есептейді. Бұл шын мәнінде саяси элитаның мәртебелік үлгісі еді. Осы элитаның құрамына ену үшін көрнекті интеллектуалдық және моральдық сапалардың болуы міндетті емес, тек қана билік иерархиясындағы керекті орынға отырса жеткілікті.

3. Саяси көшбасшылардың мәні және табиғаты

Саяси көшбасшы- көп қырлы ұғым, ол қоғам дамуымен бірге өзгеріске түсіп отырады. Зерттеушілер саяси көшбасшыны "ықпал ету" деп анықтаса, екіншілері- "басқару", үшіншілері "шешім қабылдау" деп түсінсе, ал төртіншілері халықты "алға жетелейтін" тек "жаңашыл" көшбасшыларды мойындайды.

Саяси көшбасшы мәселесі белгілі бір еркіндігі бар елде ғана пайда болады. Оның маңызды шарты- саяси плюрализм. Тоталитаризм және автократизм жағдайында саяси көшбасшы деген мәселе атымен болмайды да, мұнда билікке көшбасшылық заңы арқылы емес, "басып алу құқы" заңына сүйенгендер келетін тек диктатура мен номенклатура мәселесі ғана болады. Осымен байланысты саяси көшбасшылар өз соңынан әр түрлі азамат қауымдастықтарын- шағын, белгілі бір адам топтарынан бастап, мемлекеттік деңгейдегі қауымдастықтарын ертіп, ілестіреді. Сонымен саяси көшбасшылар қатарына көбінесе ұйымға, мемлекетке, жалпы қоғамға тұрақты және шешуші ықпал жасайтын тұлғаны жатқызады.

Саяси көшбасшылар халықтың небәрі 5%- ын құрайды. Саяси көшбасшыларды сипаттай келіп, олардың басым көпшілігі ер адамдар екенін айтпай кетуге болмас. Үлгі-өнеге боларлықтай сирек кездесетін, мысалы М. Тетчер, Г. Х. Брудтланд, Б. Бхутто, И. Ганди сияқты белгілі әйел-саясаткерлер де шықты. Бүкіл дүние жүзі мемлекеттерінің 40 мың депутатының небәрі 10%-ын әйелдер құрайды, оладың кейбіреуін ғана саяси көшбасшы деп санауға болады. Жалпы әлемде әйелдер саны еркектерден 1% ғана кем. Саясат әлемінде өзін мойындату үшін әйел адамға әдетте, әйелдікті сипаттайтын белгілермен шектеліп қалу жеткіліксіз. Концерваторлар партиясының саяси көшбасшысы болу үшін және кейінірек премьер-министр қызметіне келу үшін М. Тетчер қатандықты, тік мінезділікті, табандылықты көрсетуі керек болды. Сонымен қатар ол ерекше ерік-жігер, сендіру және қарапайым тілмен өзінің мақсаттарын баяндау қабілеттерін меңгерген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың әдістері
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Саясаттанудың негізгі парадигмалары
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Ұлттық мұрат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz