Қазақ әдебиетінің 1956-1990 жылдардағы дамуы



1. Жаңғыру кезеңі (1956—1967).
2.Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі (1968—1990).
Бұған дейін әдебиетімізде өмірді күнгей жағынан ғана алып, боямалап көрсету орын алып келсе, ендігі жерде бүгінгі заман қайшылықтарын ашып көрсетуге біршама бетбұрыс жасалды. Ел тарихындағы маңызды тарихи оқиғалар көркем бейнелене бастады.
Т. Ахтановтың "Боран" (1963) романында бас кейіпкер Қоспанның өмір сүрген дәуірінің қайшылықтары суреттеледі. Жаратылысында адал, адамға сенімі мен сүйіспеншшілігі мол Қоспан өзі қызмет етіп жүрген қоғамнан неше түрлі әділетсіздіктерді көреді. Соғыстағы ерлігіне қарамастан, амалсыз тұтқында болғандығы үшін еліне оралғанда, оған сенімсіздік көрсетіледі. Мемлекет мүддесінен, халық мүддесінен гөрі қара бастың мүддесін көбірек ойлайтын әкімсымақтар қоғамды кері тартып отырғаны айтылады. Қоспан осы қайшылықтардың кесірінен өмірде көп қиындықтарға ұшырайды, баққан малымен бірге боранда қалады. Ол табиғат бораны емес, заманның бораны деген ойға автор батыл меңзейтіндей. Боранмен арпалысып жүріп, Қоспан көрген қиыншылықтарын, соны тудырып жатқан себептерді еске алады. "Тұтқында болғаны неге бұның бетіне шіркеу болады? Оның еркімен жауға берілмейтінін, ержүрек жауынгер болғанын Қосболат білетін еді ғой, ол неге ара түспейді? Ауыл басшылары неге қоғамдық малды бағу жағдайын жақсартуға селсоқ?" Осындай ойлар Қоспанды қинайды. Алайда ол ешқашан еңсесі түспей, биік адамдық белестен көрініп отырады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ 1956-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУЫ

Апырау, бұл не?
Не болып біздер кеткенбіз?!

Қайдан шыққанбыз?
Қай жерге
келіп жеткенбіз?!

Айтсандаршы енді —
Кім болып осы
кеткенбіз?!

(Әбділда Тәжібаев.)
1. Жаңғыру кезеңі (1956—1967). Қазақ әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы
дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бұған дейін әдебиетімізде өмірді күнгей жағынан ғана алып, боямалап
көрсету орын алып келсе, ендігі жерде бүгінгі заман қайшылықтарын ашып
көрсетуге біршама бетбұрыс жасалды. Ел тарихындағы маңызды тарихи оқиғалар
көркем бейнелене бастады.
Т. Ахтановтың "Боран" (1963) романында бас кейіпкер Қоспанның өмір сүрген
дәуірінің қайшылықтары суреттеледі. Жаратылысында адал, адамға сенімі мен
сүйіспеншшілігі мол Қоспан өзі қызмет етіп жүрген қоғамнан неше түрлі
әділетсіздіктерді көреді. Соғыстағы ерлігіне қарамастан, амалсыз тұтқында
болғандығы үшін еліне оралғанда, оған сенімсіздік көрсетіледі. Мемлекет
мүддесінен, халық мүддесінен гөрі қара бастың мүддесін көбірек ойлайтын
әкімсымақтар қоғамды кері тартып отырғаны айтылады. Қоспан осы
қайшылықтардың кесірінен өмірде көп қиындықтарға ұшырайды, баққан малымен
бірге боранда қалады. Ол табиғат бораны емес, заманның бораны деген ойға
автор батыл меңзейтіндей. Боранмен арпалысып жүріп, Қоспан көрген
қиыншылықтарын, соны тудырып жатқан себептерді еске алады. "Тұтқында
болғаны неге бұның бетіне шіркеу болады? Оның еркімен жауға берілмейтінін,
ержүрек жауынгер болғанын Қосболат білетін еді ғой, ол неге ара түспейді?
Ауыл басшылары неге қоғамдық малды бағу жағдайын жақсартуға селсоқ?"
Осындай ойлар Қоспанды қинайды. Алайда ол ешқашан еңсесі түспей, биік
адамдық белестен көрініп отырады.
Т. Әлімқұловтың "Ақ боз ат" (1962) романында қазақтың қанына сіңген жылқы
құмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сауықшылдық сияқты кәсіп пен өнер
кең суреттеле отырып, заман қайшылығынан сетінеп бара жатқан ұлттық дөстүр
мен ұлттык болмысты сақтап қалу мәселесі көтеріледі. Бас кейіпкер, адал
еңбеккер Гүлнаштың отызыншы жылдардағы ауыр кезең қиыншылықтарына
мойымағандығы көрсетіледі.
Бұл жылдарда Қазақстанда тың көтерумен байланысты туған, уақыт тынысын
суреттеуге ұмтылған көптеген шығармалар ішінде С. Жүнісовтің "Жапандағы
жалғыз үй" романын атауға болады.
С. Жүнісовтің "Жапандағы жалғыз үй" романында ұжымдастыру жылдарында және
одан кейінгі тың игеру жылдарында жердің жаңа адамдар қолына көшіп, қатты
өзгерістерге ұшырағаны айтылады. Ұлт тағдыры не болмақ? Жер тағдыры қайда
апарады? Роман осындай сұрақтарға жауап іздейді.
3. Шашкиннің "Теміртау" (1960) романында Теміртау металлургия зауыты
өмірі кең суреттеледі. Қазақстан металлургиясының даму мәселелері,
қоғамдағы толып жатқан қайшылықтар мен жеке адамдар арасындағы тартыстардың
тереңдей түсуі сөз болады.
Бұл шығармалар бастан кешкен қиындықтарға қарамай, қайткенде де адам
болып қалу мәселесіне көңіл аударады. Мейлі ауылда болсын, мейлі өндірісте
болсын, адам — қайда болса да адам, қазақ әдебиеті осы адамның бейнесін
танытуға ұмтылды.
Бұл дәуірдің бірталай шығармалары қазақ халқының бастан кешкен тарихын
танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі, өмір үшін талас
Ғ.Мұстафиннің "Дауылдан кейін" (1957), X. Есенжановтың "Ақ Жайық"
(1957—1965), Ә.Нүрпейісовтің "Қан мен тер" (1961—1970) сияқты романдарын
өзара жақындастырады.
X.Есенжановтың "Ақ Жайық" атты үш томдық романында Қазақстанның батыс
аймағында XX ғасырдың бас кезінде болған әлеуметтік тартыстардың тарихы
суреттеледі, оған қатысқан адамдар тағдыры ашылады. Осы тақырыпта жазылған
Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романы Арал балықшыларының қиын өмірін,
бостандық жолындағы күресін суреттеуге арналады.
Бұл дәуірде тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған шығармалар ішінде
Д.Әбіловтің "Ақын арманы", "Арман жолында" романдары (кейін "Сұлтанмахмұт"
деген атпен трилогия болып басылды) елеулі орын алады.
Романның сюжеттік желісі XX ғасырдын басында өмір кешкен қазақ халқының
біртуар ақыны Сұлтанмахмұттың басынан өткен тарихи кезеңдердің негізгі
оқиғаларынан құралады. Роман Сұлтанмахмұт өмір сүрген ортаны жан-жақты
ашып, ақынның ағартушылық, демократиялық көзқарасын танытады.
Өнер адамының өмірін суреттеуге арналған шығармалардың бірі-
С.Бақбергеновтың "Қайран шешем" (1963) романы. Ол -күйші. Дина
Нүрпейісованың өмірі мен өнері туралы шығарма.
Отан соғысы дәуірінің шындығына арналған Т. Ахтановтың "Қаһарлы күндер"
(1956), Б. Момышұлының "Артымызда Москва" (1958), т. б. кітаптар жазылды.
Екі шығармада да Қазақстанда құрылып, 1941 жылы Мәскеуді қорғауда айрықша
ерлік танытқан Панфилов дивизиясының майдандық жолы туралы баяндалады. Б.
Момышұлы тікелей өзі қатысқан оқиғалардың нақты деректерін әңгімелесе, Т.
Ахтанов Мәскеуді корғаудағы соғыс өмірін көркем жинақтап береді. Соғыс
туралы деректі прозаны Ә.Шәріпов пен Қ.Қайсеновтың партизан жазбалары
жалғастырды.
Бұл кезде адамның жеке басының жан сырларын ашып көрсетуге тырысқан
көптеген тартымды повестер жарық көрді. Егер бұған дейін адам тек еңбек
үстінде ғана бейнеленетін болса, ендігі жерде жазушылар оның ішкі жан
дүниесіне көбірек көңіл бөле бастады. С. Шәймерденовтің "Мезгіл",
Б.Соқпақбаевтың "Менің атым - Қожа", т. б. повестерде көркем кейіпкердің
ішкі жан әлемі әр жағынан көркем суреттелді. Мысалы, Шаймерденов повесі
жетім бала мен өгей шешенің арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Мезгіл
дейтін жас бала көзімен отызыншы жылдардың басындағы аштық оқиғаларын
көрсетеді. Халықты сондай күйге ұшыратқан белсенділерді өткір мінейді.
Б.Соқпақбаевтың повесі қиялшыл, сезімтал, зейінді бала Қожаның бейнесін
тамаша жасауымен окырмандар сүйіспеншілігіне бөленді.
Поэзияда бұрын саясатты үгіттейтін өлеңдер бағаланса, енді жалпы жеке
адамның қуанышы мен қайғысы, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғатпен
сырластығы молырақ жырланады.
Ғ. Қайырбеков көктем жайындағы бір өлеңінде былай дейді:
Жүреді кіріп
түсіме ылғи ақ боз ат,
Өңімде жылда кербез
бір көктем келгенде.
Сол ма еді бөлкім,
... жастық шақ
Тулаган асау кеудемде.

Ризамын көктем,
Қан болып қайнап,
Тамырда шапшып тулайсың!
Жылда бір маған
Ақ боз ат сыйлап тұрғайсың.
Өзіне шабыт берген көктемді ақын ақ боз ат бейнесінде әдемі суреттейді.
Мұндағы ақынның "мені" әрбір оқырманға оның өзінің "мені" сияқты әсер
етеді.
Қ. Мырзалиев "Ой орманы", "Дала дидары" кітаптарында туған жер туралы
ойларын оның тарихы, табиғаты, салт-дәстүрі, мінезімен ұштастыра жырлайды.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді, —
деп, дала табиғаты дала адамының мінезін, яғни ұлттық мінезді сипаттайды.
Т. Молдағалиев жас адамның көңіл-күйін, махаббат сезімдерін сұлулық пен
әсемдікке орап, оқырманды қоса баурап жырлайды:
Ай да бүгін аласарып, төбемізден төнеді,
Сәулешімді рұқсатсыз қайта-қайта көреді.
Көлегейлеп жабар едім албыраған жар жүзін,
Бірақ менің өзімнің де көре бергім келеді.
С. Мәуленов әскери тақырыпта өткір де ойлы өлеңдер жазды. "Түбірлер"
деген өлеңінде ормандағы түбірлерді соғыс мүгедектеріне ұқсатып, кішкене
бір құбылыстан үлкен ой түйеді.
Көрінеді
Орманнан түбірлер.
Айырылған
бұтақ-қолдардан
түбірлер.
Мүгедек солдат секілді
түбірлер.
Оқ жұлғандай етімді,
Жүрегім тулай дүбірлер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Соғыс не?
Менен біліңдер, —
Деп түрғаңдай түбірлер.
Бұл жылдарда қазақ поэмасы да едәуір дамыды. Олар адам мен
заман рухын бейнелеуге ден қояды.
Ж. Молдағалиевтің "Мен — қазақпын" поэмасы қазақ атынан айтылатын монолог
түрінде жазылған. Ақын осы әдіспен қазақ халқының тарихының ұзақ жолын,
ауыр, азапты өмірін кең суреттейді. Оның бойындағы ерлік пен ізгілік
сезімдерді паш етеді.
Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен,
Жылағанда жүрегім — күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Осы шумақ — бүкіл поэманың беташары. Әр тараудың мазмұны осыдан өрбіп,
қазақ өмірінің қилы кезеңдерін ашады.
X. Ерғалиевтің "Құрманғазы" поэмасында XIX ғасырда өмір сүрген қазақ
композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың, Ғ.Қайырбековтың "Дала қоңырауы"
поэмасында ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің ауыр тағдырлары жырланады.
Олардың қараңғы қауым ортасында отаршылдықпен, ел билеушілермен,
надандықпен күресте өткен жалынды өмірлері жырланады.
Драматургия саласында да бұл кезеңде, ірі ілгерілеулер болды. Драматургия
заман қайшылықтары шиеленістірген адам тағдыры қайшылықтарын ашуда батыл
қадамдар жасады. Шахмет Хұсайынов "Кеше мен бүгін" пьесасында адал
адамдарды шырмаған жалақорлыққа қарсы үн көтерді. Пьесада өз басының ғана
емес, елінің мүддесін қорғай алатын Марабай сияқты адал, биік тұлғалы
азаматтардың басына төнген жала мен қауіп кезіндегі күйініш-сүйініші ашық
естіледі. Адал адамды қорғауды драматург мәселе етіп қояды.
Қ.Мұхамеджанов "Қуырдақ дайын" пьесасында Ережеп, Жақан сияқты өмірде өз
орны жоқ, әркімге сүйеніп күн көрген адамдардың майысқақ, жұрттың бәріне
жақсы көрінуге тырысқан қылықтарын ажуа етеді. Қ.Шаңғытбаев пен Қ.
Байсейітов бірлесіп жазған "Беу, қыздар-ай!" комедиясында жастар арасындағы
жылы қарым-қатынасты сыпайы әзілмен көріктендіріп, зілсіз күлкі тудырады.
Газетте басылған Айсұлудың суретін көріп, бірі өлең жазбақ боп, бірі
суретін салмақ болып, үшіншісі оның еңбектегі табыстарын зерттемек болып
іздеп келген ақын, суретші, ғалым үшеуі де қызға келеді. Олар Айсұлудың
өзін көрмей, апалары Күнсұлу, Нүрсұлу, Жансұлумен танысады және оларды
Айсұлу деп ойлайды. Комедия шешімінде Айсұлу өз сүйгенімен, сондай-ақ ақын,
суретші және ғалымдар да бірі Күнсұлумен, бірі Нүрсұлумен, бірі Жансұлумен
табысады. Пьесада комедияға тән жылы юмор, жеңіл күлкі, жүйрік өзіл арқылы
сүйіспеншілік сезімін күрметтеу идеясы сенімді үсынылады.
Қазақ әдебиетінің осы кезеңдегі қарқынды дамуына бір кезде жазықсыз қуғын-
сүргінге ұшыраған ақын-жазушылар мұрасының халыққа қайтадан қайтарылуы
үлкен үлес болып қосылды. С.Сейфуллин, Б. Майлин, I.Жансүгіров ақталып,
олардың кітаптары қайта басыла бастады. Ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихын
кеңірек зерттеуге мүмкіндік туды.
2.Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі (1968—1990). Әдебиет бұл
дәуірде социалистік қоғамның экономикалық, саяси құлдырауын, оның тарап
тынған қарсаңын бастан кешіре отырып дамыды. Бұрынғыдай ол коммунистік
партия ықпалында болды. Әдебиет, негізінен, партия белгілеген міндеттердің
үні болуға тырысты, дәуір талаптарына қызмет етті.
1967 жылы КСРО-ның 50 жылдығын атап өту қарсаңында: "СССР-де социализм
мен коммунизм орнату жылдарында адамдардың тарихи жаңа қауымы - совет халқы
пайда болды" деп жазылған қаулы шықты. Бұл "кеңес халқы" деген үғым КСРО-да
өмір сүретін халықтардың өзіндік ұлттық өзгешеліктерін мойьшдамау, оның
психологиясымен санаспау деген сөз еді. "Ұлттық кедергілерді білмейтін"
жаңа коммунистік мәдениет пайда болды деп жарияланды. Көркем әдебиеттің
өзінің ұлттық сипатынан айырылып қалу қаупі туды. Осындай жағдайда ұлттық
сананың жоғалып кетпеуі үшін қаламгерлер өзінің ұлтының тарихын, тағдырын,
өмірін жазуға тырысты. Қазақ тарихы қайта ой елегінен өткізіліп, көркем
бейнелене басталды.
Кеңес өкіметі кезінде қазақ халқының бастан кешкен қиыншылықтар —
аштық, халықтың қырылуы, жер аууы сияқты оқиғалардан бұрын жалтарып,
боямалап, айналып өту әдет болса, енді олар қоғам қайшылығы ретінде
шыншылдықпен көрсетіледі.
Кеңестік бюрократтық жүйенің (бәрін де жоғары жақ біледі, біз тек
жоғарының айтқанын орындаушымыз дейтін) жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың
табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойына күштеуі мен зорлауының қатты әсер
еткені, оның ел тағдыры үшін адам төзгісіз жауапсыздыққа соқтырғаны сөз
болды. Мұндай сарындар Ә. Тәжібаевтың өлеңдерінде, С. Жүнісовтің "Аманай
мен Заманай" повесінде, т. б. шығармаларда көрініс тапты.
Жалпы алғанда, бұл дәуірде әдебиет жанрларының барлық түрі қарқынды
дамыды. Проза кең көлемде өрістеді. Поэзия заманымен тынысып танытуда
ұшқырлық танытты. Театр репертуарында сыншыл пьесалар көбейді.
Халықтық поэзияның айтыс жанры өрістеді. Жаңа айтыс ақындары шығып,
үмытыла бастаған бұл өнерді қайта көтеруге қызмет етті. Жыраулық және
жыршылық дәстүр қайта жасырды.
Қазақ прозасының бұл кезеңдегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге
болады. Қазақ халқының XVI—XIX ғасырлардағы тарихы, Қазақ — Ресей қарым-
қатынастарының басталуы мен күрделі жағдайда өрістеуі I.Есенберлиннің
"Көшпенділер", "Алтын орда" сияқты күрделі трилогия-романдарында, М.
Мағауиннің "Аласапыран" (1981, 1983), Ө. Кекілбаевтың "Үркер" (1981) және
"Елең-алаң" (1984) романдарында суреттелді.
Қазақ — қалмақ жаугершілік кезеңінің оқиғалары Ә. Әлімжановтың "Жаушы"
(1974), С. Сматаевтың "Елім-ай" (1979) романдарына арқау болды.
Тарихи тұлғалар туралы бұл дәуірде біршама туындылар жазылды.
Ә.Әлімжановтың "Махамбеттің жебесі" (1969, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақтың ақын-жазушылары
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
Абайдың қай тап ақыны екендігі
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
Моңғолиядағы қазақ тілді баспа сөз және Жаңа дәуір газеті
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
1946-1960 жылдардағы жазылған шығармалардағы ұқсастықты табу. Абай Жолы роман-эпопеясы туралы ой толғау жазу. Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына шығармашылық талдау жасау
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Пәндер