Баянауыл өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері



1 Жасыбай көлі
2 Мәстек абыздың зираты Далба тауы
Бүгінгі таңда Қазақстанда туристердің демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциялын көтері мәселелері жан-жақты қарастырылуда. Туризмнің дамуына республиканың саяси-әлеуметтік жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасы әсер етеді.
Біздің еліміз таңғажайып тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Оның ғасырлар бойғы тарихы және халқымыздың ежелгі мәдениеті, тарихи ескерткіштері, байлықтары мен бірегей мұрасы, әдет ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, осының барлығы туристердің үлкен қызығушылығын тудырады.
Қазақстанның тарихи-мәдени шетелге таныстыру ел беделіне оң ықпал етері сөзсіз. Елімізде ежелден аты аңызға айналған және бүгінгі күнге дейін болып келген қаншама тарихи-мәдени орындар бар, сондай өлкелердің бірі Павлодар облысына қарасты Баянауыл киелі елді мекені.
Баянауыл – Павлодар облысының күн батысында, қарт Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 18,5 мың шаршы шақырым. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Биіктігі 600-1000м. ең биік жері – Ақбеттауы (1026м). Тау басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен балқарағай, аққайың орманы, әсем құзды алуан бейнелі алып жартастары, әртүрлі формадағы таулары, үңгірлері, тау ерекшеліктерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді. Сондай-ақ Баянауыл өңірінен адамның тасқа салған суретін, ежелгі қазақ қоныстарының орнын, қасиетті Әулиетас үңгірін және басқа да археологиялық ескерткіштерді кездестіруге болады. Ескерткіш – кең мағынасында елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи-мәдени ескерткіштердің жиынтығы, мұражай және көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды.
Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі Жасыбай. Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер куәлік етеді. Атбастау тауында көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда, ерліктің белгісі болып табылатын найзалы жауынгердің суреттері салынған. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері бейнеленген.
1. Жақсыбаев С.И. Баянауыл тарихынан//Дауа, 1992ж.
2. Тілеке Ж. Шежіре: Ертіс-Баянауыл өңірі. Павлодар, 1995ж.
3. Баянауыл, 2006ж.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Баянауыл өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 3 курс студенті Болатхан
Б.Б.

Қазақ мемелекеттік қыздар педагогика институтының аға оқытушысы Жақсыбекова
Д.К.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туристердің демалуына жағдай жасауды
ұйымдастыру, республиканың туристік потенциялын көтері мәселелері жан-жақты
қарастырылуда. Туризмнің дамуына республиканың саяси-әлеуметтік жағдайының
тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасы әсер
етеді.
Біздің еліміз таңғажайып тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Оның
ғасырлар бойғы тарихы және халқымыздың ежелгі мәдениеті, тарихи
ескерткіштері, байлықтары мен бірегей мұрасы, әдет ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері, осының барлығы туристердің үлкен қызығушылығын тудырады.
Қазақстанның тарихи-мәдени шетелге таныстыру ел беделіне оң ықпал
етері сөзсіз. Елімізде ежелден аты аңызға айналған және бүгінгі күнге дейін
болып келген қаншама тарихи-мәдени орындар бар, сондай өлкелердің бірі
Павлодар облысына қарасты Баянауыл киелі елді мекені.
Баянауыл – Павлодар облысының күн батысында, қарт Ертістің сол жақ
жағалауында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 18,5 мың шаршы шақырым.
Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 20-25 км-
ге созылып жатыр. Биіктігі 600-1000м. ең биік жері – Ақбеттауы (1026м). Тау
басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен балқарағай,
аққайың орманы, әсем құзды алуан бейнелі алып жартастары, әртүрлі формадағы
таулары, үңгірлері, тау ерекшеліктерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше
көрік береді. Сондай-ақ Баянауыл өңірінен адамның тасқа салған суретін,
ежелгі қазақ қоныстарының орнын, қасиетті Әулиетас үңгірін және басқа да
археологиялық ескерткіштерді кездестіруге болады. Ескерткіш – кең
мағынасында елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи-мәдени
ескерткіштердің жиынтығы, мұражай және көрмелік маңызы бар заттар мен
жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды.
Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі Жасыбай.
Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер
куәлік етеді. Атбастау тауында көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда,
ерліктің белгісі болып табылатын найзалы жауынгердің суреттері салынған.
Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде
мінген түйенің суреттері бейнеленген.
Жасыбай көлінің оңтүстік таулы қабырғасындағы жартаста – көне
замандағы адамдардың болашақ ұрпақтарына қалдырған сурет мұражайына ұқсас
Драверт гроты (қуысы) бар, ол сол кездегі адамдардың өмір-салты мен
күнкөріс әрекеттерін бейнелейтін көне мәдени ескерткіш болып саналады.
Күрең қызыл, яғни охра түстес бояумен салынған тастағы суреттерді 1926 жылы
қазіргі Жасыбай көлінің оңтүстік – шығыс жағалауында орыс географы және
саяхатшысы П.Л. Драверт тауып, суреттеген. Баянауыл тау жотасындағы алғашқы
қауым адамдары жасаған осы және тағыда басқа бірқатар суреттерді 70 жылдары
Павлодар өлкетану ғалымдары Л.Гайдученко, А.Сафонова, С.А.Музалевский,
П.И.Онеприенко және басқалары зерттеді. Бірақ мамандар зерттеу
нәтижиелеріне жете алмады, өйткені олар жайлы публикациялық сипаттағы
мәліметтер тек жергілікті баспасөз беттерінде ғана жарық көрген.
Жартастағы үңгір тәріздес қуыстардың қабырғалары мен төбе жағында
ерекше техникамен орындалған ежелгі кескіндеменің үңгірлері болып табылатын
Баянауыл тау – орманды алқабының петроглифтері Сарыарқаның ежелгі
мәдениетінің өзгеше қабатын айқындайды. Бұл суреттердің салттық сипаты бар
және негізінен антропоморфты бейнелер түрінде бейнеленген, олардың
көпшілігі сумен шайылған немесе үңгірлерде туристер жаққан оттың әсерінен
бүлінген. Драверт үңгірлерінің суреттері өткен ғасырдың 20 жылдардың
соңынан белгілі бола бастаған, тарихи ескерткіштер 60 жылдардың басынан
жергілікті демалушылардың жиналатын жеріне айналды, сондықтан бұл
суреттердің сақталуына кері әсерін тигізді. Аталған суреттерді
П.Л.Драверттің Грот с писаницей на озере Джасыбай в окрестностях Баян-
Аула атты еңбегінде, тас жазбаларынан 15 фигураны көруге болады, ондағы
10 мүсін адамының әртүрлі қалыпта тұратындығын бейнелесе, соның ішінде 3 ер
адам мүсініне жататындығын айқын көруге болады. Кіші келген үңгір, адамның
мұнда өмір сүруі үшін емес, пұтқа табынушылардың храмы дін заттарын сақтау
ретінде арналған, ал күнтізбедегі суреттер діни немесе сиқырлық мағынасын
береді деп жазған. Көршілес үңгірлер біршама кең және сиымды болып, яғни
бұлар ыңғайлы баспана болған, өйткені оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
Сәтбаев Қаныш өмірбаяны
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
Сақ ескерткіштері
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)
Пәндер