Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері

Жоспары

І. Кіріспе . . . 3-9

І Тарау. Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының көркемдік және стильдік сыр - сипаты . . . 10-49

ІІ Тарау. Ақынның «Құлагер» поэмасының көркемдік ерекшелігі . . . 50-68

Қорытынды . . . 69

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 70-71

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақиық ақын Ілияс Жансүгіров шығармашылығының даму жолдары, әсіресе кең құлашты эпикалық поэмалары, сол жанрда әдебиетке қосқан өзіндік үлестерді бүгінгі күн көз қарасынан кең түрде зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Осы айтылған ой желілері тақырыптық өзектілігін айқындайды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінің қалыптасуына, халық тағдырына тікелей қатысты Ілияс Жансүгіров поэзиясын оның ішінде сюжетті поэмаларын ол туралы деректермен ғылыми зеріттеулерді, ой - танымдарды басшылыққа ала отырып, өзек болған ғылыми пікірлердің екрекшелігін ашып көрсету, талдау негізіне айналдыру. Осы бағытта ақын поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан талдап тұжырымды пікірлерді анықтау.

Ғылыми болжамы: Келешек оқу үрдісінде ғылыми жобалармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, бақылау, курс жұмыстары және кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті пәнін өткенде көмекші дерек ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу нысаны: Диплом жұмысын орындау барысында кеңес әдебиетімен мәдениетіне байланысты, Ілияс Жансүгіров шығармаларына қатысты қолда бар еңбектермен пікірлер іріктеліп пайдаланылды. Осы пайдаланған дерек көздері мен ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері әдебиет теорисы заңдылықтары негізінде біз тақырыпқа қатысты еңбектерді ғана талдауға алып, олардың ғылыми және теориялық маңызына назар аудардық.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі үлкен тараудан және қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп ( 1921), өз ауылында мұғалім болады. Одан кейін аз уақыт « Тілші » газетінде істеп Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады (1922) .

І. Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз - ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме - шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстанған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң « Еңбекші қазақ » газетіне қызметке алынады. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы ( 1932 - 1934 ) . ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі (1933 - 1936 ) . 1937 - 1938 жылдары саяси қуғын- сүргін науқанының құрбаны болады.

І. Жансүгіров - ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.

Халқымыздың құт - береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.

Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біріз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады.

Жастық қиял арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне сөздер оралып, өлең шығара бастайды.

1920 жылы Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курста бес - алты ай оқығаннан кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты ауылына қайтады.

Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газеті редакциясында қызмет істеу экспедицияға шығып фальклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет- журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жаз» газеттерінде «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.

1927 - 1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай - Махамбет » пьессалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.

1928 жылы журналистика институтытын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп қазақ баспа-сөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының 1 съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сакен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.

1920 жылы Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді курс бітіргеннен кейін әр түрлі ағарту жұмыстарында болған. 1925 - 1928 жылдары Москвада Коммунистік журналистика институтында оқып білім алған. Ауыз әдебиетінен мол сусындаған Ілияс Жансүгіров жастайынан өлең, қисса жаттап, ел арасында « жыршы бала » атанған. Өз жанынан жыр айтатын импровизаторлық қабілетіде ерте оянып, той жиындарда айтысқа да түсіп жүреді. Кейінірек ол өз шығармаларын жазып та

шығара бастайды жаңа қалыптаса бастаған әдебиетіміздің жанрлары әлі жас еді. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрең жүйрігі, ақындықтың құлагері атанған Іляс Жансүгіров кесапат - кесел репресияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. [1:16:27] Басқа да замандас жазушылары сияқты Ілияс Жансүгіров біраз жанрда қатар еңбектенуіне тура келді. Оның сатираға деген бейімділігі ертерек көзге түсті. Кейін драма жанрына қалам тартты. Орта мектепке оқулық жазу, қазақтың тұңғыш календарын жасау, ауыз әдебиеті мұраларын жинап бастыруға, әдеби сынға, көркем аудармаға да ат салысты. Жазушының әр жанрда жазған шығармаларының тақырыбы, идеялық мазмұны бірімен бірі іштей байланысты еді. Ертерек кездері жазылған өлеңдерінде ол көңіл - күйін білдіретін, өнер - білімді дәріптейтін ағартушылық, демократия, бағытын айқын көрсетті. Сатиралық шығармалары да жарық көре бастаған - ды. Еңбек адамдарының жарқын бейнесін жасау интернационалдық достық идеясының жалауын биік көтеру Ілияс Жансүгіров поэзиясының көрнекті арнасына айналды. Ауыз әдебиетіне тән дәстүрлі өлең, жыр үлгілерін еркін пайдаланған ол, әсіресе Абай поэзиясының кестесі, ою - өрнек нақыштарына да қатты еліктеген. Кейбір өлеңдері оған ұқсаңқырап кеткені байқалады - дегенімен Ілияс Жансүгіров бірте - бірте Абай поэзиясының еңселі толқындарының астында қалып қоймай, оны творчестволық жолмен игереді өз қолтаңбасын танытуға бет алады. [2:5:12] Бірақ ол әр кезде Абайды ұстаз тұтудан жалыққан емес. Ел өміріндегі жаңалықтарды көрсету жаңа дәуір лебін таныту үшін тың көркем бейнелеулер іздейді. Көбіне көшу - қону сияқты қазаққа тән үрдістерде жаңа мазмұн береді. Ескі жұртпен жаңа қоныстың көрінісі заман сипатына орай өзгере бастағаны «Көші - қон», «Бүгінгі дала» т. б. өлеңдерінен көрінеді. Дала - ақын тврочествосынан берік орын тепкен тұрақты бейне. Осы арқылы халық тұрмысын көрсетуі ақынның жаңалығы еді. «Заводта», «Отарба» өлеңдерінде жаңа құбылыстың ішкі сырларын халықтың рухани өмірімен қабыстыра, сабақтастыра беретін нәзік арналарды да ол жақсы білді. Сонымен өмір сырын шынайы қалпында, тапқыр суреттеуге ден қоюы сол кездің өзінде - ақ оған заман туралы реалистік бейне жасауға мүмкіндік берді. Жат қылықтарды әшкерленетін фельетон, сықақ өлеңдері, әңгімелер («Құқ», «Сөз Қамысбаевқа», «Жалаңаштар жиналысы», «Жанды қуыршақ») жарық көрді. Бас бостандығы үшін, таптық тартыс, революциялық жеңісті тұрақтандыру үшін Ілияс «Кек» (1931), «Түріксіб», «Исатай - Махамбет» (1936) сияқты дарамалық шығармаларында Ілияс Жансүгіров жаңа қырынан танылады. Жаңа қалыптасып келе жатқан драматургиядағы бұл шығармаларының да өз орны бар. Орыс классиктері В. Маяковский (Ленинград), М. Горкий (Дауылпаз) А. С. Пушкин (Евгений Онегин) т. б. ақындардың шығармаларын аударды. Ақынның классикалық шығармалары көбінесе поэма жанрында туған. Олардың бір сыпырасы («Мақпал», «Көбік шашқан») аяқталмай қалған. «Рүстем қырғыны» (1926), «Байкал» (1937) ақынның көзі тірісінде жарияланған жоқ. Жаңа өмірдің шындығынан алып жазылған «Жорық», «Мәйек» «Кәмпеске» поэмаларында ақынның тың тақырыптың қиындықтарына кездескені байқалады. Дегенмен тақырыптың актуальдығы жағынан бұл шығармалары кезінде халық санасын оятуға белгілі бір дәрежеде қызмет атқарғаны даусыз. Жаңа тақырыпқа сәтті жазылған лиро - эпикалық поэмасын - «Дала». Ақынның бұл шығармасында халық дархан дала, ал «Гималай» атты тамаша өлең - толғауларында құдыретті тау бейнесінде суреттеледі. «Дала» дастанында лирикалық жоспардағы бейнелеуді ақын эпикалық сарынға көшіреді. Қазақ халқын басынан кешкен сан - алуан тарихи кезеңдер дәстүрлі дала бейнесі арқылы кең құлашты көлемде баяндалады. Ақын ұзақ тарихтың сырын ашуда ұтымды композиция құра білген І. Жансүгіровтың «Күйші» (1934), «Құлагер» (1937) поэмалары 30 - жылдардағы қазақ поэма жанрын шырқау биікке көтерген шын мағынасындағы классикалық шығармалар. Бұл поэмаларда Ілияс Жансүгіров өткен ғасырлардағы өнер иелерінің тағдыры арқылы үлкен әлеуметтік сыр шерткен. Сөз өнері, әншілік - күйшілік туралы шабытты жыр төккен ақын 1929 жылы «Күй» поэмасын жазған. Бұл «Күйші», «Құлагер» поэмаларының кіріспелері іспеттес. Поэмалардың сюжеті, композициялы желісі шебер құрылған. Баты - басты кейіпкерлер бейнесі ұмытылмастай әсер қалдырады, романтикалық пафос пен риалистік өрнегі өз биігінде көрінген. «Күйшіде» әлеуметтік күреспен бірге психологиялық тартыс қатар жүреді. Хан тұқымы Қарашаштың күйшіні құл ететін, сапақты әшкерелейтін оқиғаларда әлеуметтік мәселе тікелей қозғалса оның өнерпаз күйшіге көңілі құлай ауғандығы ішкі драмасыда жоғарыда айтқан әлеуметтік мәселемен қабысып жатыр. Қыздың таптық мен - мендігі, төрелік тәкәппарлығы өз сезімінен де биік тұр. Сондықтан сезім отына да ол ақырында су құйып өшіреді. Қарашаш реалистік - романтикалық бағыттағы сом тұлға дәрежесіне көтерілген. Ақын күйді, күйге еліккен адам сезімдерін лирикалық нәзіктікпен төгілте, романтикалық асқақтықпен шалқыта береді. «Құлагер» поэмасының басты кейіпкері ХІХ ғасырдың аяғында өмір сүрген атақты композитор, әнші әрі ақын Ақан сері. Ілияс Жансүгіров Ақан сері өмірінің ең бір трагедиялық сәтін, яғни жанына балаған жүйрік сәйгүлігі Құлагердің бәйгеден озып келе жатқан да қызғаншақ дұшпаның қолынан мерт болған оқиғасын поэмасына арқау еткен. Жүйрік аттың өлімі арқылы әлеуметтік орта, заманның шындығының сырын ашты. Сонымен бұл екі поэмада үстем тап қауымының озбыр күші, жеке адамның бас бостандығы үлкен психологиялық драма арқылы беріледі. Өткен дәуір көрінісінің риалистік шындығы арқылы жаңа заманның артықшылығы жырланады. Ілияс Жансүгіров өз кейіпкерлерінің бір - біріне ұқсамайтын портреттік мінездерін беруде, әсіресі, сатиралық портрет жасауда үлкен шеберлік көрсетті. Оның шығармалырында кейіпкерлердің сыртқы мүсіні, ішкі жан тербелісі, жүрек лүпілі, табиғат сұлулығы - баршасы өзіндік бояу мен іштей байланысты. Ақын әр бір құбылысқа, детальға, әр сөздің мағыналық салмағына өте жауапты қарайды. Эпикалық шығармаға лирикалық өрім, эмоциялық қызу беретін кйіпкердің ішкі монологы Ілияс Жансүгіров поэзиясында ерекше орын алады. Оның күрделі, эпикалық кең құлашты поэмаға келу жолы оңай болған жоқ. Бірде оның фольклорлық дәстүрден шыға алмағандығы байқалса, кейде суреттеудің орнына баяндау тәсілдері басым болды. Бірақ іздеу үстіндегі мұндай қиыншылықтарды жеңе білген ақын «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары арқылы отызыншы жылдары қазақ поэмасына жаңа үлгі, тың соқпақ әкелді. [3:5:6] Сондықтан аталған шығармалардың жалпы қазақ әдебиетіндегі орны мен бағасы айрықша. Домбыраның үніндей қоспасы жоқ, мөлдір, таза поэтикалық тіл ақынның елеулі табысы. Халықтың ауыз әдебиетін, Абай поэзиясының тілдік бояу - нағыштарын бойына мол сіңірген Ілияс Жансүгіров оларды жаңғыртып жаңарта түрлендіре пайдалануда да үлкен жаңашылдық танытты. Өлең жолдарының ішкі үндестігі, жаңа инверсия, аллитерация, ассонанстар, қиыннан қиысқан ұйқастар негізгі айтайын деген ойды беруге айрықша қызмет етеді. Сөйтіп, Ілияс Жансүгіров қазақтың поэтикалық тіл мәдениетіне елеулі үлес қосты. Ілияс Жансүгіровты есте мәңгі сақтау үшін бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы пединститутқа оның есімі берілген. Алматы облысында әдеби - мемориялдық мұражайы жұмыс істейді. Мұражай 1984 жылы 23 қарашада Жансүгіровтың туғанына 90 жыл толуына байланысты талдықорған қаласында ашылды.

Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының

көркемдік және стильдік сыр - сипаты

Ілияс Жансүгіровтің қазақ поэзиясындағы, жалпы қазақ әдебиетіндегі орнын айқындауда айрықша мәні бар шығарма - 1934 жылы жазылған «Күйші» поэмасы. Ол - классикалық поэма. Ілиястың ақындық құдіреті осы поэмада жан - жақты көрінген, ашылған.

Орта мектептерде бұл поэмаға дұрыстап көңіл бөлінбеуі көбіне - көп біздің саяси сақтығымыздан, яғни Кенесарыға байланысты болған жай әлі күнге дейін жөнделіп кете алмай жүр.

Поэманың негізгі идеясы - ел талау, тонау, орынсыз соғыс ашу емес, рухани езушілікке моральдық қысымшылыққа, озбырлыққа қарсы шығу. Бұл жөнінде жазылған шығармалар бізде тіпті аз, бар болса «Күйшідей» емес. Оқырманды ылғи қатер үстінде жалаңдаған қылмыстың жүзінде ұстай білу ақыннан үлкен шеберлікті, тапқырлықты талап еткені сөзсіз.

Арқадан ауып, Жетісуға өктемдікпен қоныс тебе бастаған Кенесары қасына Сарыүйсін жігіті келіп домбыра тартады. Бармағынан бал тамған күйші:

Күйшінің қошеметке көңілі тасып,

Бес бармақ маймаң қақты перне басып.

Толқынтып тоқсан күйді дірілдетті,

Көңілді бірде шымшып, бірде қасып.

Жігіттің өнеріне тәнті болған Қарашаш «ағажан күйшіні маған қиыңыз » деп сұрап алып, өзінің көңілін көтеретін ермегіне айналдырды. Ертелі - кеш күй тартқызады. Машықты күйлерін тартып отырып, алдындағы Қарашашқа көз салса, ай мен күндей хор қызы отыр екен.

Күлкісі тау бұлағы төгілгендей,

Сөйлесе меруерт, маржан себілгендей.

«Алғандай пірден пішін» деген сұлу,

Көркіне көз тойынып семіргендей

Қасынан моланың жүріп кетсе,

Жыбырлап көрдегіге жан кіргендей.

Күйші жігіт ақылынан адасып, күнде тартып жүретін тоқсан күйінен айырылып жаңа бір мақамға түседі.

Ауырып домбырада ыңыранды,

Санасыз саусақ қаңғып қыдырады.

Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,

Жүректей сансыраған күй жынданды.

Жігіт көңілі Қарашашқа әбден құлағанын жаңа бір әуенмен жеткізді. Жан сезімін сыртқа шығарады.

Қыз екен! Ақ тамағын сүйер ме еді,

Алпыс жыл асығына күйер ме еді.

Көрінбей тірі жанға жүру үшін

Құс кебін перілердің киер ме еді, -

деп есінен адасады. Жігіт сезімін күй арқылы Қарашашта ұғып, оның да жан дүниесі алай - дүлей

Беу, жаным, жігіт екен, Бағлан торы!

Безектеп не қылмақшы мынау қолы.

Есіл ер хан боп неге тумады екен

Қарадан неге туған алда сорлы! -

дегеннен негізгі әлеуметтік сыр аңғарылып қалса да күй әуені Қарашаштың ханша екенін ұмытпасқа шарасын қалдырмайды.

Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен,

Күйшім боп өміріме жүрсін бе екен.

Сүйкімді, жігіттің бұл - бұлғай.

Қарашаш осыған - ақ тисін бе екен, -

деген ой орала бергенде ханзадалығы есіне түсіп:

Жоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба?

Қараға хан затымды былғармын ба!

Бұл менің басы байлы бір маймылым

Тиюге енді маған құл қалды ма?! -

деп Қарашаш төре тұқымынан туған ханша екенін есіне түсіргенімен әліде күй әсерінен шыға алмай дал болады.

Соқ жігіт! Соқ! Соқ жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірме!

Керегі жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!

Бәріде ой жүзінде, екеуі бір отауда отырғанымен ләм деп тіл қатыспайды, тек домбыраның үні арқылы ынтыға сырласады. Сөйтіп жүргенде Әлімқұл датқа Кенесарыны қонаққа шақырып риза еткенінен кейін Қарашаш өз үйіне келген соң жігітке күй тартқызады Күйдің тілі бұрынғыдан да гөрі анық. Ынтызарлық күшті.

Барсам ба екен, қол салсам ба екен деген ой жігітке ұйқы бермей жатыр. Есінен адасып өз ойымен өзі әлек болып жатқанда бірдеме көлеңдеп «Ханша» деген сыбыр естіледі. Қарашаш орнынан ұшып түрегелгенде:

Ай құлап аспандағы соқты жерді.

Отаудан дүр-дүр етіп тұрды пері.

Төсекте қыз киініп жатқанын да

Айдаһар ысқырынған секілденді.

Күйші жігіт болған оқиғаның шын сырын аңғаруға дәрмені жетпей, «Менен басқа осы үйде еш пенде жоқ, сонда әлгі менің көлеңкем болды ма? . . . » деп есеңкірейді. Көңіл мастығы әлі тарқап болмаған шақта:

Қасына қалай бардым Қарашаштың

Аяғым сынып қалғыр қалай бастым

Өзімді оққа байлап, отына айдап

Есуас, міне адастың! Қапқан бастың -

деп өкініп жатқанында Қарашаш Кенесары қосын дүрліктіреді. Оның ашуы жын соққан қара дауылдай қосының әңкі - тәңкісін шығарып, абыр - сабыр қылғанда, есер соқ бір батыр күйшіге тап береді. Қарашаш «Қолыңды қоқаңдат па күйші ме» деген кезде ғана сары үйсін есін әзер жиады. Қарашашқа қол салған Әлімқұлдың Сапағы екен.

Тез келтір өз алдыма дозақыны,

Мен оған көрсетейін мазақына.

Әруағын Абылайдың қорламасқа

Үлгі алсын, мұнан былай қазақ ұлы! -

деп өзінің негізгі пиғылын жайып салады.

Бұл психологиялық детальдың рөлі аса зор. Енді күйшінің көзі ашылып, санасы оянады. Қай ортаға түскенін айқын сезінеді. Сапақты масқаралап «жыны қайтқан» Қарашаш өз отауына келіп, күйшісіне домбыра тартқызады. Күй машықты болғанымен күйшінің жанары мүлде өзгерген.

Қыз емес мынау тұрған қорлау сырттан,

Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан.

Осыны оятуға оқталдым - ау

Албыртқан жындымын ба жүрек жұтқан, -

деп тәубесіне келуі, бүкіл түсінік сезімінің өзгеруі қазақ поэзиясында бұрын-соңды болып көрмеген құбылыс. Әрине, таптық таныммен жанастырып әлек болдық. Шындығында зұлымдылық, зұлымдық, әсіресе рухани қысым, зорлық нендей көріністің болмасын екінші қырынан тануға еріксіз жетектейді. Бұл поэманың психологиялық негізін күшейте түсіп, оқиғаның әлеуметтік арнасын кеңейте түседі. Мұны Қарашашта күй тілін ұғады. Себебі ендігі тартылар күйде, ойда өзгеріп, бұрынғы ынтықты ызалы сезім басады. Екеуінің түсінігі екі түрлі.

Қыз емес, жалмауыз-ау, аузы қалай?

Кісі емес, айдаһар ма даусы қалай? -

деген жеркенішті көрініс пен мінездемелер

Бұлардың жүрген жері бүлік екен

Қансорғыш, қаралардың сүлігі екен, -

деген ызбалы ойларға жалғасқанда поэманың бүкіл идеялық арқауы ашылып, кейіпкерлердің арасында өткел бермес асу барлығы айқындалады.

Осындай әлеуметтік жайды сезген Қарашаш қайтадан пенделік қалпына түспек болып, адамгершілік сипат танытуға тырысады.

Жеңілді қыз жүрегі, ақыл жеңді.

Қызарды қыздың беті тағы өзгерді.

- Тастама домбыраңды, күйіңді ұмытпа!

Тарта жүр сонау тартқан сергеленді, -

деп тілек айтады да, өзінің бар сырын ашуға себепкер болған Сапақтың сұрына мінгізіп азаттық береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
І. Жансүгіровтың шығармашылығы
Ільяс Жансүгіров
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz