Ыбырай Алтынсарыұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ыбырай Алтынсарыұлы

(1841-1889)

Көрнекті ағартушы, қоғамдық қайраткер, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан айының 20-сында дүниеге келді. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, жас Ыбырай атасы Балғожа биден тәрбие алды.

1857 жылы ОРынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын көрсетті. Мектепте орыс, араб, татар және парсы тілдерінен, басқада негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашық ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті интеллигенция өкілдерімен танысты. Жасынан жаңалыққа құштар болған Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В. В. Григорьевпен жақындасты. Оның пәтерінде жиі болып, бай кітапханасын пайдаланды.

Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857 жылы Ыбырай өзінің атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Торғайдың жанында Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде. Ы. Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарастары да қалыптасты. 1867-1868 жылдарда өлкені басқарудағы әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мазмұнына жете мән бермеген Алтынсарыұлы - отаршылдық өзгерістерді қазақ халқына пайдалы іс деп қарсы алды. Патша үкіметінің қанау саясатын өз шығармаларында жеткізіп сынағанмен де, белгілі ағартушы отаршылдық әкімшілердің халыққа озбырлығын дәйекті сынамады. Әрине, ауыл ортасынан шыққан Ыбырай қазақ еңбекшілерінің екі жақты езуге дұшар болғаның балалық шағында да, Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші қызметінде де өз көзімен көріп, халықтың басынан кешіріп отырған ақуалын жақсартуды әрдайым ойлағанына оның көптеген мысал, әңгімелері дәлел. Бай, феодал топтардың көргенсіз қылықтарын әзілдеген Ыбырайға жиі орынсыз жала да жабылатын. ХІХ ғасырдың екнші жартысында әсіресе патша өкіметінің қазақ шаруаларын өз қоныстарынан ығыстырып, шырайлы жерді орыс қонысшыларына үлестіруі Ыбырай тарапынан сан рет наразылық туғызды. Жергілікті баспасөз беттерінде ол патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын сан рет әшкереледі.

Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи сахнаға келуі, кейінгі ұрпақтарға есімінің терең із қалдыруі, ең алдымен оның ағартушылық қызметіне байланысты. ХІХ ғасырда ресми түрде халыққа білім беру жүйесінде арнайы қызметте болған, ағартушы өзінің білімін, байланыстарын, қолындағы мүмкіндікті қазақ жастарын сауаттылыққа шақырудан аянбады.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлылығына қызметке тағайындалды. Тағыда басқа көрсететін мәселе - ағартушының қызмет бабы жағынан облыстық губернаторға тікелей тәуелділігінің оның ағартушылық қызметіне шек қойғаны. Алтынсарыұлының басты үлесінің бірі қазақ жастарын азаматтық білімге тарту еді. Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ ауылдарын аралап, өз көзімен көрген оқулықтарды түзеуге күш салды. Алтынсарыұлы қазақ ауылдарында жиі болып жаңа оқу орындарын ашу үшін ақша жинастырды, жастарды тәрбиелеуге, оқу ісін ұйымдастыру ісіне пайдалануға ерекше көңіл бөлді.

Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы терең із қалған жарқын істерінің бірі - қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Қазақ ауылының шаруашылық, әлеуметтік өмірінде капиталистік құбылыстардың біртіндеп орын ала бастауы, өңдіргіш күштерді, табиғат байлықтарын игеретін мамандар әзірлеуді талап етті. Жергілікті жастар арасынан қолөнершілік, ауылшаруашылық және басқада мамандақтар бойынша білгір адамдарды даярлаудағы ағартушының қызметі бір бөлек. өсиетінде өзінің қарасты жерді Торғай қаласындағы ауылшаруашылық мектептің қарамағына қалдырған шешімі де әр салалық мектептердің жұмысын жолға қоюға ерекше мән бергендігі еді.

Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп - интернат ұйымдастыруы оның педагогикалық саладағы ауыз толтырып айтатын жетістігі. Бастауыш мектептерде сауаттылықты ашу үшін ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Қазақ аулында педагогикалық істің әлсіз дамуы, арнайы көмекші оқу құралдардың тапшылығы Алтынсарыұлының орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кең пайдалануға себепші болды. Белгілі педагог ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың тағыда басқа ойшылдардың педагогикалық мұрасын кең пайдаланды. Ыбырай орыс - қазақ мектептеріне арнап екі оқу құралын жазды. «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық» атты еңбектері орыс тілінде оқитын қазақ жастарына арналған. Ыбырай Алтынсарыұлы педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мұра қалдырған ғалым - этнограф. Әсіресе Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы - қазақ халқының әдет - ғұрпы. Ыбырай сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жриялауда белгілі болды. Көпшілікке белгілі «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде Торғай өзені бойында жатақшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістердің уағыздаушысы болды. «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» сияқты прозалық шығармаларының мазмұны жаңа өмірді көксеген ағартушының арманы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы
Көрнекті ағартушы - Ыбырай Алтынсарин
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар туралы
Ыбырай Алтынсарин және дәуір
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz