ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-8
I. Д. КЕННЕДИ КЕЗІНДЕГІ АҚШ-ТЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫ (1960-1963) . 9-27
- 1960 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау . . . 9-15
- Д. Кеннедидің «Жаңа белес» бағдарламасы . . . 15-20
- Кариб дағдарысы . . . 21-27
II. Л. ДЖОНСОН КЕЗІНДЕГІ АҚШ (1963-1968) . . 28-48
2. 1 «Ұлы қоғам» бағдарламасы . . . 28-33
2. 2 Американ-Вьетнам соғысы . . . 33-41
2. 3 ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тағы негр халқының азаматтық
құқық жолындағы күресі . . . 41-48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49-50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 51-52
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Дүниежүзінде ең күшті капиталистік ел болып табылатын Америка тарихындағы маңызды кезең 1960 жылдарда болып өткен өзгерістер мен оқиғалар тек Америка тарихына өшпес із қалдырумен қалмастан бүкіл дүниежүзі тарихы үшін де өзекті боп табылады.
ХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та демократиялық қоғамның қалыптасу кезіндегі азаматтардың саяси құқықтарының жүзеге асуы барысында сайлау заңдарының енгізілуі, азаматтардың сайлауға еркін түрде қатыса алуы және мажаритарлық сайлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы кезеңімен сипатталады. АҚШ қоғамының азаматтарының саяси құқықтары қорғала бастауы және саясатта, экономикада әлеуметтік мәселелер бойынша заңдардың жүзеге асуы салдарынан мажаритарлық сайлау жүйесінің дамуы сол кездегі АҚШ қоғамының демократияланғанын көрсету өзекті боп табылады.
1950 жылдың екінші жартысындағы ғылыми-техникалық революция жетістіктері экономиканың жедел дамуына әкелді. Экономиканың даму қарқыны ішкі өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай әсер етіп, ұлттық бюджеттің өсуіне қолайлы жағдай жасады. Экономика саласындағы жинақталған күрделі мәселелерді шешу мемлекеттік реттеу саясаты арқылы шешуді талап етті. АҚШ капитализмі мемлекеттік-монополиялық қоғамға айналды. Ғылыми-техникалық революцияның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі қарама-қайшылыққа толы болды. Бір жағынан, өндірістің жедел дамуына, өмірдің сапасы мен деңгейінің өсуіне жаңа мүмкіндіктер берсе, екінші жағынан, мемлекет экономикалық саясатты жүргізуде ғылыми-техникалық революцияның салдарынан пайда болған жаңа проблемаларды есепке алу қажет болды. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде жұмыссыздық көбейді. Жұмыстың сапалы бағытқа жол беруі техника мен технологияның дамуына байланысы болды. Өндірісте техника мен технологияларды қолдану бірнеше адамның жұмысын атқаратын жағдайға жетті. Салдарынан жұмыссыздық көбейді. Бұл Американың әлемдегі дамыған мемлекет ретіндегі жаңа бір бағытқа ауысуы көрінді. Міне, осы мәселелерді көтеру өзекті боп табылады.
ХХ ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысында АҚШ-тың ішкі дамуында әлеуметтік жүйе саласында айтарлықтай дағдарыстық құбылыс байқалды. Рузвельт заманында болған «жаңа бағыт» бағдарламасындағы әлеуметтік бағыт толық өз мақсатына жете алмады. АҚШ-тың ішкі әлеуметтік дағдарысының негізгі себептерінің бірі негр халқының азаматтық құқық жолындағы күресінің күшеюі болды. АҚШ қоғамындағы ең нәзік бағыт нәсілшілдік болды. Негр халқы әлеуметтік жағынан қорғалмады, олар кедейшілікті бастан өткізді. 1950 жылдардың екінші жартысынан бастап, АҚШ қоғамында әлеуметтік салада негр халқының азаматтық құқық жолындағы күресі басталды. Азаматтық және демократиялық қоғамның қалыптасуы жолындағы АҚШ халқының оның ішінде негр нәсілінің азаматтық құқық мәселесі бойынша АҚШ үкіметіне қарсы М. Л. Кингтің теңдік проблемаларын орнату жолындағы күресі АҚШ-тың әлеуметтік және саяси жүйесінде заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Негр халқының азаматтық құқық жолындағы күресі АҚШ қоғамындағы демократияның дамуына жол ашты.
1960 жылы билікке келген Д. Кеннеди әлеуметтік мәселелерді шешу, экономиканың даму қарқынын арттыру, негрлердің азаматтық құқығының қорғалуын қамтамасыз ету қатарлы ішкі саясаттағы мәселелерді шешумен қатар сыртқы саясатта кеңес одағымен дүниежүзін баса билеуге таласу күресі қырғи-қабақ соғысын сәтті жүргізу міндетін мойнына алған еді. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы әлемдік ірі оқиғалардың бірі ретінде Кариб дағдарысы орын алды. Кариб дағдарысының тоқтатылуы АҚШ президенті Д. Кеннедимен тікелей байланысты. Бұл уақытта әлемдік қырғи-қабақ соғысының салдарынан үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі тұрған еді. Бұл күрделі проблеманы бейбіт жолмен шешу, арнайы келіссөздерге келу Д. Кеннедидің көрегенді саясаткер ретіндегі тұлғалық қасиетінен байқалады.
Джонсон кезеңінде ол Кеннедиден қалған саясатты жалғастырып, АҚШ-тың ішкі қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығы мен экономиканың тұрақты артуын жүзеге асырған еді. Л. Джонсонның «Ұлы қоғам» бағдарламасы мемлекеттік - монополистік капитализмінің әлеуметтік доктринасының дамуында жаңа кезең болды. АҚШ-та бірінші рет күрделі әлеуметтік проблемалардың кешенді шешімін табуға ұмтылыс болды. 1960 жылдардың ортасы неолиберализмнің жандандыру уақыты болды. Л. Джонсон үкіметі қызметінің бірінші жылдарын буржазиялық мемлекеттің әлеуметтік саясатта ірі жылжулармен байланыстырды. Америка мұндай әлеуметтік реформаның тиімділігін Ф. Рузвелттің «жаңа бағыт» уақытынан бері білмеді. Кедейшілікпен күрес саясаты қарқынды жүре бастады. Алайда сыртқы саясаттағы ірге кеңейтуі сондай-ақ сол уақыттағы қырғи-қабақ соғысы барысындағы Вьетнамды өз отарына айналдыру үшін болған Американ-Вьетнам соғысы АҚШ-тың қыруар күш-қуатының ысырап болуына алып келіп, оның ішкі мәселелерді реттеуге арналған бағдарламаларының толық жүзеге аспай қалуына, экономиканың құлдырауына алып келіп, АҚШ-ты терең ішкі қоғамдық дағдарыстарға апарып тіреді. Бұл АҚШ-тың 1970 жылдары сыртқы саясатта қырғи-қабақ соғысында икемді әдіс-тәсілдер қолданып, жалпы жақтан қорғаныстық орында тұруына алып келді. Осы күрделі қайшылықтарға толы АҚШ тарихының 1960 жылдар кезеңі дүниежүзінің тарихи даму бет алысына, көптеген елдердің тағдыр талайына өз әсерін тигізді. Сондықтан, Америка елінің 1960 жылдардағы саяси-экономикалық дамуы және оның тәжірибе сабақтары дүниежүзі халықтарының құнды тарихи тәжірибесіне жатады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы тақырыбына байланысты арнайы зерттеулер жоқ болғанымен, АҚШ-тың сол кезеңдегі тарихына, АҚШ-тың жүргізген саясатына, экономикалық бағдарламаларына қатысты зерттеу еңбектері бар. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуын анықтау үшін тарихи зерттеулерге шолу жасалынды. Бұл тақырыпқа қатысты қазақ тіліндегі зерттеулер жоқ. Сондықтан, Ресей зерттеушілерінің еңбектерінің маңыздылығын атап өтпекпіз. ХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынастың жасалуына өз үлестерін қосқан КСРО-ның сыртқы істеріндегі қайраткерлердің еңбектерінде сол кезеңдегі АҚШ-тың ішкі даму жағдайын жан-жақты көрсетеді. А. Громыко мен А. Кокошиннің [1], А. Громыконың [2], Х. Броганның [3] зерттеулерінде тақырыпқа қатысты Кеннедидің АҚШ басшылығындағы қызметі, АҚШ-тың президенті болу жолындағы тартысы, әлеуметтік-экономикалық саладағы бағдарламалары, президент Кеннедидің өліміне дейінгі кезең, АҚШ қоғамындағы саяси жағдай деректерге негізделіп жазылған. Жоғарыда айтылған А. Громыконың еңбегі Кеннеди үкіметінің сыртқы саясатына арналған. Сонымен бірге автор XX ғасырдың 60 жылдарындағы Американың саяси өміріндегі қарама-қайшылықты көрсетеді [2] . Тікелей АҚШ президенттері және олардың жүргізген саясаттарына, президенттердің АҚШ қоғамын дамытудағы ерекшеліктері, ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды мәселелеріне арналған зертеуші Э. А. Иванянның еңбегі қазіргі кезде құнды зерттеу еңбегі болып табылады. Бұл еңбекте Кеннеди мен Джонсонның елді дамыту жолындағы бағдарламаларының ерекшеліктері мен кемшіліктері анық көрсетілген [4] . ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың экономикалық дамуына байланысты зерттеулерге келетін болсақ, ғылыми-техникалық революцияның ел экономикасына әсері, экономикалық өсімді мемлекеттік-монополиялық тұрақтандыру жолындағы қарама-қайшылықтары мен проблемалары, АҚШ-тың экономикалық жағдайы, әлеуметтік проблемаларды шешуде экономиканы тұрақтандыру саясаты В. М. Шамбергтің [5], С. М. Меньшиковтың [6], Ю. И. Бобраковтың [7] еңбектерінде айтылған.
ХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты Г. А. Трофименконың редакторлығымен шыққан Современная внешняя политика США атты монографияда кеңес тарих ғылымында бірінші рет АҚШ-тың сыртқы саясаты кешенді түрде зерттелінді. Сол кездегі американ империализмінің стратегиясына талдау жасалынып, олардың сыртқы саяси мақсаттары толық дәлелді түрде көрсетіледі [8] . Кременюк, В. П. Лукин, В. С. Руднев, И. Б. Булайдың Политика США в Азии еңбегінде XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-тың Азияға қатысты саясаты айтылады. Бұл саясаттың АҚШ-тың ғаламдық стратегиясымен тікелей байланысының құпиясы ашылады. АҚШ-тың Азияға қатысты стратегиясының мақсатына талдау жасалынады. Бұл еңбекте АҚШ-тың Вьетнамдағы саясатына отарлық сипатта баға беріледі [9] . Сонымен бірге, Ф. Дэвидсонның [10], А. Д. Богатуровтың [11] еңбектерінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар және Шығыс Азия елдеріне көз тіккен ұлы державалардың, соның ішінде АҚШ-тың саясатына агрессивті баға беріледі. Говард Зинннің США после второй мировой войны атты зерттеуінде АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси-экономикалық дамуы, ішкі және сыртқы саясаттағы қарама-қайшылықтар, халықаралық қатынастардағы АҚШ-тың орны, Кариб дағдарысының себептерін аша келе, бүкіл адамзат үшін оның қауіптілігі көрсетіледі [12] . Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың шиеленісуі, екі ірі мемлекет КСРО мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қатынастардың бұзылуы, қарсыласу бағытының өрши түсуі, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ-тың сыртқы саяси бағытының негізіне айналғандығы, сонымен бірге екі елдің қару-жарақ шығарудан басымдылық көрсетуге ұмтылуы, Кариб дағдарысы, оның халықаралық қатынастардағы орны жөнінде С. М. Роговтың еңбегі қазіргі таңда сол уақыттың тарихы бойынша бағалы [13] .
З. Л. Мальковтың [14], Н. В. Сивачев пен Е. Ф. Язьковтың [15], А. Н. Яковлевтің [16], И. Зубок пен Н. Н. Яковлевтің [17] зерттеулерінде АҚШ қоғамының екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы, экономика саласында жүргізілген бағдарламалары көрсетіліп, АҚШ-тың сыртқы саясаттағы бағыттарына агрессивті баға береді.
Л. Н. Митрохиннің [18], К. М. Лайтфуттың [19] еңбектері АҚШ-тағы негр халқының азаматтық құқық жолындағы күресіне арналады. Бұл еңбектерде негр халқының демократия орнату және нәсілдік сегрегацияны жою үшін бағытталғанын көрсете келе, негр халқының азаматтық жолындағы күресіне оң баға беріледі.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Біздің зерттеуіміздің басты мақсаты - ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуын саралау. АҚШ-тың қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы саяси ұстанымын, яғни дүниежүзіндегі ең күшті алып мемлекет болу жолындағы жүргізген саясатын, экономика саласындағы жасалынған бағдарламалар арқылы АҚШ экономикасының дамуын, даму жолындағы ерекшеліктерін көрсету.
Ол үшін алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:
- 1960 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлаудың соншалықты тартысты өткенін айта келе халықтың елдің президентін таңдаудағы белсенділігін, яғни сол кездегі АҚШ қоғамының демократия жолында дамуын көрсету.
- Д. Кеннедидің «жаңа белес», Л. Джонсонның «Ұлы қоғам» бағдарламаларының елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамудағы алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерін анықтау.
- Д. Кеннеди мен Л. Джонсонның сыртқы саясатта қырғи-қабақ соғыс саясатын жалғастыру салдарынан болған Кариб дағдарысы, Американ-Вьетнам соғысына талдау жасау арқылы олардың жалпы адамзаттың дамуы үшін қауіптілігін дәлелдеу. Кариб дағдарысының тоқтатылуы барысындағы президент Кеннедидің жүргізген көрегенді саясатының ерекшеліктерін көрсету. Американ-Вьетнам соғысының себептерін, яғни сол уақыттағы қырғи-қабақ соғыс барысындағы коммунистік идеологияға бағытталғанын, Вьетнамды өз отарына айналдыру үшін болған соғыстың маңызды тұстарын көрсету.
- ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы негр халқының азаматтық құқық, М. Л. Кингтің теңдік проблемаларын орнату жолындағы күресінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысты орындау барысында, алдымызға қойған мақсатымыз бен міндеттерімізге орай бүгінге дейін жарық көрген, тақырыпқа тікелей қатысы бар деректер пайдаланылды. Мұндай деректер қатарына сол кезеңде болып өткен оқиғаларға қатысты құжаттарды, мерзімді басылымдар бетіне жарияланған маңызды мәліметтерді, президенттердің елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында халыққа жолдаған сөздерін жатқызуымызға болады. 1960 жылғы президенттік сайлау қарсаңында республикалық партиядан үміткер Р. Никсонның 1960 жылы 28 шілдеде Чикаго қаласында өткен республикалық партияның конвенциясында сөйлеген сөзі біздің зерттеуімізге ағылшын тілінде пайдаланылды. Р. Никсон бұл сөзінде әлеуметтік салаларға баса назар аударды [20] . АҚШ-тың президенті Д. Кеннедидің инаугурациялық сөзі, сыртқы саясаттағы Кариб дағдарысынан кейін Американ университетінде сөйлеген сөзі зертеуімізде пайдаланылды. Американ университетінде сөйлеген сөзінде Д. Кеннеди бейбітшілік мәселесін, қандай жағдай болмасын соғысты болдырмау саясатын ұстанатынын мәлімдеді [21, 333] .
Кариб дағдарысына қатысты деректерге келетін болсақ, Кариб дағдарысының құпиясы болған оқиғадан кейін 30 жылдан кейін ашылып отыр. Қазіргі таңда әскерилердің еске түсірулері аса маңызға ие. Кеңес зымырандарының Куба территориясына құпия түрде қойылуы, әскерилердің кемелердің қайда бара жатқанын білмесе де, барлық бұйрықтың орындалғандығы туралы еске түсіреді [22] . Бұл дағдарыс Д. Кеннеди және бүкіл АҚШ елі үшін де шиеленісті жағдайда болды. Cол кезеңдегі КСРО-ның АҚШ-тағы елшісі А. Добрыниннің мемуары Кариб дағдарысына қатысты маңызды мағлұмат береді [23] . 1990 жылдардың басында Кариб дағдарысына байланысты Америка-Ресей жақтарымен құпиясы ашылған материалдар мен құжаттар С. М. Мәшімбаевтің хрестоматиясында беріліп отыр [24] . ХХ ғасырдың 60 жылдарында нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды. 1963 жылы 28 тамызда Вашингтонда АҚШ афроамерикандықтардың азаматтық құқық жолында митинг ұйымдастырды. Митингіде негр қозғалысының басшылығындағы М. Л. Кинг сөз сөйледі. Бұл сөз тарихта «Мен де арман бар» деген атпен қалды [21, 343] . Сонымен бірге, М. Л. Кингтің Вьетнамдағы соғысты тоқтату үшін сөйлеген сөзі, Американ-Вьетнам соғысына, негрлердің ашық күресіне байланысты сол уақыттағы АҚШ мерзімді басылымдар беттеріндегі құжаттар мен материалдар зерттеуімізге пайдаланылды [25, 351-387] .
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси- экономикалық дамуы бүгінге дейін арнайы зерттеуге айналған емес. Президенттік сайлаудың АҚШ қоғамы үшін маңыздылығын, елдің президентін таңдаудағы халықтың белсенділігін, яғни сол уақыттағы АҚШ қоғамының демократия жолында дамуын зерттеуімізде көрсеттік. АҚШ-тың президенттері Д. Кеннедидің «Жаңа белес», Л. Джонсонның «Ұлы қоғам» бағдарламалары ел экономикасын дағдарыстан алып шықты. Әлеуметтік проблемалардың кешенді шешімін табуға ұмтылыс болды. Қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы Кариб дағдарысы, Американ-Вьетнам соғысының жалпы адамзат дамуы үшін қауіптілігін анықтадық. Негр халқының азаматтық құқық жолындағы күресі АҚШ қоғамындағы демократияның дамуына жол ашты. 60 жылдардағы күрестің нәтижесінде қазіргі кезде негр халқы АҚШ конституциясы арқылы қоғамда ақ нәсілділермен бірдей құқыққа ие болып отыр. Зерттеуімізде АҚШ-тың 60-70 жылдар аралығындағы саяси-экономикалық өзгерістер мен оқиғаларды өзара байланыстырып, кешенді түрде талдауға тырыстық.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық даму тарихы зерттеу жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттеріне сәйкес 1960-1970 жылдардағы АҚШ-тың тарихын жазуға арналады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тару үш тармақшадан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ДЖОН КЕННЕДИ КЕЗІНДЕГІ АҚШ-ТЫҢ
САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ (1960-1963)
1. 1 1960 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау
50 жылдардың аяғында американдықтар Эйзенхауердің басшылығындағы республикалық партияның сегіз жылдық билігіне қорытынды жасады. Ендігі кезекте АҚШ-тың президенті кім болады және ол қай партиядан деген мәселе американдықтардың алдында тұрды.
1960 жылы президенттік сайлауға демократиялық және республикалық партия американ қоғамының проблемаларын шешуде мемлекеттің рөлін жандандыру ісін негіз етіп алға қойды. Демократиялық және республикалық партия елдің экономикалық дамуына барлық назарын аударды. Демократтар «біздің еліміздің экономикасының орташа жылдық өсімі 5% болу керек және біз бұл мақсатқа инфляциясыз жететін саясат жүргіземіз»-деді [15, 241] . Демократиялық және республикалық партия басшылары, әсіресе, демократтар экономикалық салада алға қойған мақсатқа мемелекеттік - монополистік жолмен жетуге үміттенді.
ХХ ғасырдың басында АҚШ-та алдын-ала президенттік сайлау тәжірибесі енгізіле бастады. 1960 жылы 16 штатта алдын-ала президенттік сайлау жүйесі - «праймериз» енгізілді [1, 52] . АҚШ-тың саяси өмірінде жарнаманың маңызы жоғары болды. АҚШ қоғамында сайлау науқаны жарнамасыз өтпеді. Мұндай жарнамалар 100 мың долларды құрады [1, 40] .
Демократиялық партия ішінде президенттік орынға үлкен талас болды. Бұл үміткер демократтар кімдер еді? Линдон Джонсон, Джон Кеннеди, Горацио Хэмфри, Стюарт Саймингтон. АҚШ-тың болашақ президенті Джон Кеннеди үшін демократтардың арасында негізгі бақталас сенатор Хуберт Горацио Хэмфри болды. Хэмфридің демократиялық партияда беделі жоғары болды. Хэмфридің беделі жоғары болғанымен, оның бақталастарымен күресу үшін жоғарыда айтылған сайлау науқанында қолданатын жарнамаға жеткілікті қаражаты болмады.
Демократиялық партиядан президенттік орынға келесі бір үміткер сенатор Стюарт Саймингтон болды. АҚШ-тың басқару жүйесінде жетекші орындарда жұмыс істеген сенатор Саймингтонның беделі жоғары болды. Саймингтон демократиялық партияда өзінің жоғары беделіне сенім артты. Саймингтон президенттік орынға өзін лайықтымын деп санады. Саймингтон жақтастарды демократиялық партиядан жинады. Саймингтонның кандидатурасын бұрынғы президент Трумен қолдады. 1960 жылы наурызда Саймингтон АҚШ-тағы президенттік сайлауға өзінің кандидатурасын ұсынды [2, 55] .
Демократиялық партиядан тағы бір үміткер сенатор Линдон Джонсон болды. 1950 жылдардың соңында оңтүстік штаттардың басқарушы өкілі болды. Оңтүстік штаттар бірнеше мыңжылдықтар бойында сайлаушылардың 25%-ын құрады [2, 55] . Линдон Джонсонның Техастың ірі монополистерінің арасында беделі жоғары болды. Ұзақ уақыттар бойы Линдон Джонсон сенатта демократтарды басқарып, сол жұмыстың механизмінің қыр-сырын өте жақсы білді. Сенатта маңызды заң жобалардың өтуі Линдон Джонсонға байланысты болды. Джонсонды саяси тұлғалар қолдады. 1959 жылы қазанда Далласта Сэм Рейберн пресс-конференцияда президенттік сайлауға Линдон Джонсонның сайлау комитетінің құрылуы туралы жариялады [26] .
Ақш қоғамына аты шыққан демократиялық партиядан Эдлай Стивенсон 1952-1956 жылдары президенттік сайлаудан жеңілгеніне қарамастан президенттік орынға үміткер болды [2, 55] .
1960 жылы президенттік сайлау қарсаңында демократиялық партиядан үміткер Джон Кеннедидің сайлау алдындағы бағдарламасы күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берді [27] . Джон Кеннедидің көпшілік алдына шығып сөз сөйлеуінің бірінші күнінен бастап американ халқының санасында өзіне сенімді, қайратты кандидат образында қалыптасты. Америка журналдарының қатарында Джон Кеннедидің АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатындағы проблемаларға көзқарасы жайында мақалалар жарық көрді.
Джон Кеннедидің сайлау кампаниясы президенттің жеке саяси машинасын ұйымдастырушысы, сайлау кампаниясының тактикашысы, қоғамдық ойды талдаушы, баспасөзбен жұмыс істеуге жауапты, сайлау кампаниясының қаржысын реттеуші, сөз құрастырушысы сияқты бүкіл жүйенің координаторынан құрылды. Бұл кампаниядағы барлық жұмысқа жауапты Роберт Кеннеди болды. Кеннеди алдына қойған мақсаттарына жету үшін өзінің тобына қабілетті адамдарды жинады [4, 223] . 1960 жылы 2 қаңтарда сенатор Джон Кеннеди президенттік орынға өзінің кандидатурасын ұсынады.
Консерваторлардың даусын жинау үшін Кеннеди халықтың алдында «Коммунистерге сөз әсер етпейді, оларға тек күш әсер етеді . . . Біз коммунистердің келуін күтіп оларға жауап беруіміз керек емес, біз коммунистердің алдын бөгеп, оларға жол бермеуіміз керек» - деді [4, 225] . Кеннеди өзінің сөзінде өзіне дейінгі демократиялық партиядан шыққан президенттер, яғни В. Вильсон, Ф. Рузвельт, Г. Трумен сияқты демократтардың бастаған істерін жалғастырамын деді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz