Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері



КІРІСПЕ ... ... .3
1. ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУ ... ...13
1.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы, мазмұны және заңдық табиғаты ... ... ... ...13
1.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтардың қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орыны ... ... ... ... ... ... .32
2. ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ... ...44
2.1. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі экологиялық ақпарат ... ... ...44
2.2. Экологиялық зардапты қалпына келтіру ... ... ... ... 52
2.3. Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі .62
3 ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ..
3.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың заңдық кепілдігі.
3.2 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың сотпен қорғалуын жүзеге асыру кепілдігі
Қорытынды..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.

әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

ӘОК
Қолжазба құқығында

Ақназаров Оралбай Өскенбайұлы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ ӨМІР СҮРУІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛАЙЛЫ
АЙНАЛАДАҒЫ ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

12.00.02 – Конституциялық құқық; муниципальдық құқық; әкімшілік құқық,
қаржы құқығы

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
заң ғылымдарының докторы,
профессор
Кенжалиев З.Ж.

Алматы
2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы,
мазмұны және заңдық
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13
1.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен
азаматтардың қоршаған қолайлы ортаға деген құқық
орыны ... ... ... ... ... ... .32
2. ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.1. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі
экологиялық
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 44
2.2. Экологиялық зардапты қалпына
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
2.3. Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыру
механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
3 ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ... ... ... ..
3.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың заңдық
кепілдігі ... ... ... ... ... ...
3.2 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың сотпен қорғалуын жүзеге
асыру кепілдігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде
халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын
белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер
байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға
деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи,
ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін,
заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам
болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде
адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған
ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған
принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және
мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің
реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және
қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және
заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру
мүмкіндіктерін қарастырады.
Бұл проблеманың өзектілігі қазіргі жағдайда экологиялық проблеманың
ауқымды мәнге ие болуына байланысты болып отыр.
Қазақстан экологиялық жағдайы нашарлаған елдер қатарына жатады.
Адамның қоршаған ортаға деген қарқынды кедергісі экологиялық және
биологиялық мағынада орны толмас қасіретке ұрындыруы мүмкін. Табиғаттың бір
бөлшегі ретінде адам бүкіл қоршаған ортаға орасан зор ықпал етеді, соның
нәтижесінде табиғат экологиялық жағынан құлдырауға ұшырайды.
Қазіргі экологиялық құлдырау жағдайы экология жүйесіндегі теңдіктің
бұзылуы және адамзат қоғамының табиғатпен қатынасы ретінде анықталуы
мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау қоғам мен табиғаттың өзара ықпалдасуын
реттеуді жүзеге асыратын адам мемлекет үшін де өмірлік қажеттілік болып
саналады. Сондықтан бүгінгі күннің маңызды міндеті Қазақстан
Республикасында мемлекетке қатысты жетекші рөл атқаратын қоғамның
экологиялық қауіпсіздігі болып табылады, ол-білім беру, бұқаралық ақпарат
құралдары және заңнамалық базалар жүйесі арқылы өзіндік экологиялық мінез-
құлық кодексін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет тарапынан ғылыми негізделген
құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, тәрбиелік және басқа
да шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында адамның экологиялық
қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Бұл қоршаған табиғи ортаға деген
антропологиялық қысымның күшеюі экологиялық жағдайың асқынуына әкеп
соғуынан туындап отыр. Экологиялық жағдайың асқынуы табиғи ресурстар
қорының сарқылуынан, қоршаған ортаның ластануынан, адам мен табиғат
арасындағы табиғи байланыстың және эстетикалық құндылықтардың жоғалуынан,
адамдардың жай-күйі, денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Осымен қоршаған
қолайлы ортаға деген құқық қана емес, өмірге, еңбек бостандығына, демалуға
деген құқықтарды қамтитын конституциялық құқықтар мен бостандықтардың
бұзылуына әкеп соқтырады.
Бұл ұзақ жолда тәуелсіз еліміздің экологиялық проблемалардың дұрыс
шешілуіне ықпал ететін ұлттық экологиялық заңнамалардың құрылуы алғашқы
кадам болып табылады. Бұл Конституциялық құқық тұрғысынан адамзаттың
қоршаған қолайлы ортаға деген құқығын тереңірек зерттеу қажеттілігімен
түсінідіріледі.
Қазақстандағы қазіргі таңдағы заңнамалар бірінші кезекте қоршаған
қолайлы ортаға деген құқықтарды көрсететін конститутциялық ережелерді
нақтылай түсіп, оны жүзеге асырудың жолдары мен тәртібін, кепілдік жүйесін
және оны қорғау амалдарын көрсетуге тиіс. Қоғамның экологиялық және
экономикалық мүдделерін ғылыми негізделген байланыста қарау, қоршаған
ортада оның қажеттілігін қанағаттандыру іс-шараның маңызды құрамдас болу
керек.
Қазіргі таңда Қазақстанда адам құқығы саласындағы Халықаралық нормаға
сәйкес қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты реттеу мен қорғауға
бағытталған заңнамалардың тарамдалған жүйесі жұмыс істеуде. Экологиялық
жағдайдың барынша қолайсыздануы мен оны жақсарту жолында өкімет
белсенділігінің төмендігіне байланысты қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықты жүзеге асыру проблемасының қоғам үшін де, жекелеген азаматтар үшін
де күннен-күнге ауқымдылығы артып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке адамның құқығы
жөніндегі барлық декларацияларға қарамастан, практикада адамның құқығы мен
бостандығының бұзылуып жатуы сирек құбылыс емес. Оның үстіне ешқандай ел
қазіргі жағдайда әр адамның қоршаған қолайлы ортаға деген құқығының жүзеге
асырылуын мен қорғалуына жүз пайыз кепілдік бере алмаса да, оның
Конституциясы мемлекет пен оның органдарының экологиялық әрекетін реттеп
отыруы тиіс. Қоршаған қолайлы ортаға деген әркімнің Конституциялық құқығы
жақын арада Қазақстанда құқық жүйесінің басты өлшемі болуы тиіс.
Соныдықтан әрекеттегі заңнамалар бойынша ақтаңдақтарды жою қажеттілігі,
оны Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру, экологиялық
заңдарды әзірлеу және қабылдау, кепілдік жүйесін қалыптастыру және
жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуы өзекті әрі
күрделі болып қалуда. Бұл адамның бекітілген құқықтары мен бостандықтары
және олардың реалды пайдалануы арасындағы ара қашықтықтың өте үлкен
болуымен түсіндіріледі.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жүзеге асырулуы үшін Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңында қарастырылған барлық құқық
қорғау және мемлекеттік жүйелердің ықпалдастығы, сондай-ақ азаматтардың
өздерінің белсенділігі мен олардың бірлестігі ескерілуі тиіс. Мемлекетте
саяси өкімет ретінде өзінің азаматтармен қарым-қатынасын реттеуге, жеке
адамның құқығы мен мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған ерекше өкілеттілік
болуы тиіс. Сондықтан мемлекет оны жүзеге асыру шарттарын жасауы тиіс,
дәлірек айтқанда, нақты заңдылық құралдары, сондай-ақ берілген құқықтың
механизмін жүзеге асыру көрсетілуі керек. Қарсы жағдайда оны практика
жүзінде іске асыру күрделене түседі.
Жоғарыда айтылған жағдаялар әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген
конституциялық құқығы жүзеге асыру және кепілдік беру проблемаларын зертей
түсудің өзектілігін дәлелдей түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл проблеманың ғылыми әзірлік деңгейі
фрагменттік мәнге ие. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты қамтамасыз
етудің конституциялық – құқықтық негіздеріне арналған арнайы теориялық
зерттеулер жоқтың қосы, Қолда бар ғылыми басылымдар тек журнал мақалалары
ғана. Арнайы әдебиеттерде осы проблема бойынша іргелі жұмыстар жүлде жоқ.
Бүгінгі күнге дейін ғылыми әдебиеттерде қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықтың кейбір аспектілері пайда болды. Бұл қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықтың көптеген авторлардың зерттеу объектісіне айналғанын көрсетеді.
Олардың ішінде Ресейлік ғалымдар С.А.Боголюбов, М.М.Бринчук, М.И.
Васильева, Т.Н.Захарченко, Т.В. Злотникова, О.С.Колбасов, О.Ю.Рыбаков,
А.Т.Тарнавский, Ю.С. Шимшученко, А.М.Эрделевский, А.В. Яблоков және тағы
басқалар бар. Отандық ғалымдар қатарында А.Е.Еренов, С.С.Сартаев,
С.З.Зиманов, Ғ.С.Сапарғалиев, Ә.С.Стамқұлов, Н.Б.Мұхитдинов,
Ә.Е.Бектұрғанов, З.А.Кенжалиев, Д.Л.Байделдинов және т.б. атап өту қажет.
Олар қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы мен мазмұны, халықаралық
заңнамалармен бірге талдау жасау, экологиялық ақпараттар алудың құқықтық
негіздері, экологиялық шығынды қалпына келтіру, осы құқықтардың тапталу
себептері, жүзеге асыру және қорғау проблемалары, олардың кепілдігі,
қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтарын жүзеге асыру саласындағы
заңнамаларды жетілдіру жолдары туралы мәселелерді қамтыған.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құықты конституциялық-құқықтық реттеу,
қалыптастыру, дамыту, қамтамасыз ету проблемалары бойынша кандидаттық
диссертациялар қорғалды Алыс және жақын отандық ғалымдары (А.П.Анисимов,
Н.Г.Нарышева, В.Ф.Петренко, Э.И.Равилова, Р.Ф.Хабиров, А.Е.Есеналиев,
Н.М.Батырбаев.
Жоғарыда аттары аталған авторлардың жұмыстарында конституциялық
құқықтар мен бостандықтар мазмұны, ұғымы, орны, қоршаған қолайлы ортаға
деген құқықты жүзеге асырудың формалары, кепілдік жүйесі (оның ішінде
конституциялық кепілдік) толық көлемде қарастырылмаған, жаңама заңнамалар
мен құқық қолдану практикасы зерттел-меген. Бұл айтылғандар олардың
жұмыстарының ғылыми-танымдық құндылығына шүбә келтірмейді. Олар қоршаған
қолайлы ортаға деген құқық саласына қатысты әрекеттегі заңнамалардың дамуы
мен жетілуіне айтарлықтай үлестерін қосады
Зерттеу объектісі мен пәні. Сонымен бірге қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықтық реттеудің, заңдық құқық негізін конституциялық құқық нормалары
бекітіп құқықтың көптеген салаларының объектісі болып саналады. Сондықтан
қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру, қамтамасыз ету, қорғау
конституциялық нормаларға, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының конституциялық механизмдерінің жүзеге асырылуына, заңды
кепілдік жүйесіндегі конституциялық кепілдіктерді зерттеуге терең талдау
жасауды талап етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі
мақсаты-қоршаған қолайлы орта ұғымын халықаралық және ұлттық заңнамалар
тұрғысынан қарай отырып, мазмұнын анықтау, қоршаған қолайлы ортаға деген
әркімнің конституциялық құқық мазмұнын зандылық тұрғыдан көрсету,
конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесіндегі оның орнын талдау,
қоршаған қолайлы ортаға деген құқығын жүзеге асыру формалары мен кепілдік
жүйелерін зерттеу.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеуге-мынадай міндеттер қойылды:
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық ұғымын, мазмұны мен
заңдылық табиғатын ашу.
Берілген тақырып бойынша халықаралық және ұлттық заңнамаларды зерттеу.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтары жүйсіндегі қоршаған қолайлы
ортаға деген құқықтық орны мен мәнін талдау, оның басқа құқықтар,
бостандықтармен өзара байланысын көрсету.
Берілген негізгі құқықтарды жүзеге асырудың стадиялары мен формаларын
іске асыру.
Экологиялық ақпаратты алу аумағында қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықты жүзеге асыру тәртібін ашу.
Экологиялық құқық бұзушылықтарға жол берген шығынның орнын толтыруды
реттеу механизмін оқып үйрену.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты іске асыруда қоғамдық
бірлестіктердің рөлін көрсету.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты іске асыруды қамтамасыз ететін
жалпы және арнайы заңнамаларға салыстырмалы – құқықтық талдау жүргізу.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың мемлекет ішілік және халықаралық
кепілдік жүйесін анықтау.
Осы конституциялық құқықты жүзеге асыруда ерекше кепілдік ретінде
соттық қорғауды қарау.
Құқық қолдану практикасын оқып үйрену және талдау.
Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын жүзеге асыру
және қорғау мәселелеріне байланысын конституциялық – құқықтың реттеу
жұмыстарын жетілдіру бойынша нақты нұсқауларды әзірлеу және ұсыну.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері қоғамдық-саяси,
құқықтық ғылыми және арнайы әдістер комплексінен тұрады. Жүйелік,
логикалық, тарихи – заң, салыстырмалы – құқықтық әдістер қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістер “адам құқығы”, “қоршаған орта”, “қоршаған
қолайлы ортаға деген “құқық, құқық нормаларын жүзеге асыру”, “адам
құқығының кепілдігі” және тағы басқа ұғымдарды қарастыру үшін қолданылады.
Қазақстан экология кодексі , Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасының жер кодексі.
Зерттеудің нормативтік базасы. ҚР-ның Конституциясы, шет ел
мемлекеттерінің Конституциялары (ТМД елдерін қосқанда), Заң күші бар –
конституциялық және заңдар, ішкі заңның нормативтік актілері құқық қолдану
актілері және тағы басқалар құрайды. Көптеген халықаралық – құқықтық
актілер пайдаланылады: Адамның құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау
туралы (1950) Европа конвенциясы, қоршаған орта туралы БҰҰ Стокгольм
конференциясының Декларациясы (1972ж.) 1992 жылы маусым айында Рио-де –
Жанейро қаласында БҰҰ конференцияның қатысушылары қабылдаған қоршаған орта
және оның дамуы бойынша Декларация принциптері, Европа Кеңесі дайындаған
және 1994 ж. қабылдаған қоршаған ортаны қорғау жөнендегі модельдік Заң және
т.б. Заңдардан басқа ішкі заңдық мемлекет органдарының нормативтік және
құқық қолдану актілеріне талдау жүргізіліді. ҚР-ның Конституциялық
Кеңесінің нормативтік қаулылары кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу объектісіне қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық
құқықты жүзеге асыру және қорғау процестерінде құрылған қоғамдық қатынастар
жатады.
Зерттеу пәнінен қоршаған қолайлы ортаға деген құқық кепілдігін
жүзеге асыру механизмі мен заң кепілдігін реттеуші конституциялық,
халықаралық, экологиялық , азаматтық нормалар және басқа салалар жатады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы – жұмыс Қазақстан және Халықаралық
жаңа заңнамалар нормасы мен адам құқығы саласындағы практиканы салыстарма
талдау негізінде жүргізілген қоршаған қолайлы ортаға деген әрбір жанның
Конституциялық құқығын жүзеге асырудың формасы мен кепілдігін зерттеу
нысаны етіп отырған алғашқы еңбек.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қоршаған қолайлы ортаға деген
мына төмендегі аспектілері анықталады:
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық – ұғымы, мазмұны мен заңдылық
табиғаты зерттеліп, анықтамалары берілді.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде қоршаған қолайлы
ортаға деген құқықтың орыны анықталды, олардың өзара байланысы белгіленді.
Әрекеттегі заңнамаларды талдау негізінде қоршаған қолайлы ортаға деген
конституциялық құқықтың механизмдері мен жүзеге асыру формалары қаралды,
қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыруды реттейтін нормативтік-
құқықтық актілер зерттелді.
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыруда
қоғамдық бірлестіктердің рөлі көрсетілді және олардың іс-әрекетіне
позитивтік баға берілді.
Мемлекеттік және Халықаралық кепілдіктер жүйесі көрсетілді, заңды
кепілдіктердің анықтамасы тұжырымдалды, мұнда конституциялық кепілдік
арнайы сипаттама берілді.
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық ретінде соттық
қорғау жүргізілетіндігі белгіленді, соттық қорғауға анықтама берілді.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты реттейтін нормативтік-құқықтық
актілерге комплекстік талдау жүргізілді, адам құқығын қамтамасыз ету
саласынла әрекеттегі заңнаманы, құқық қолдану іс-әрекеттерін жетілдіру
бойынша тұжырымдар мен нұсқаулар даярланды.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар.
Қоршаған қолайлы ортаға деген әркімнің конституциялық құқығы адам
өмірінде және жалпы қоғамда қалыпты экологиялық, экономикалық, әлеуметтік
және эстетикалық шарттарын ұстан тұруға ықпал ететін өмірлік қажетті,
іргелі құқық болып табылады.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық үшінші ұрпақ құқығына қатысты болып
саналады.
Осыған байланысты мемлекет заңдық деңгейде ҚР-ның
Коснтитуциясының 31-бабын жүзеге асыру мақсатында қоршаған ортаның
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құру жағын өз міндетіне алуы
тиіс.
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық субъективтік құқық
болып табылады.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру күрделі процессболып
табылады, оның тиімділігі тек құқықтық регламентацияға ғана емес, құқықтық
сана мен құқықтық мәдениетке де байланысты.
Экологиялық ақпаратқа деген құқық конституциялық құқық болып табылады,
оны жүзеге асыру заң шығарушылар үшін толық және заманауи ақпараттың
қажеттілігін талап ететді.
Экологиялық құқық бұзылған жағдайда азаматтық денсаулығына және мүлкіне
келтірілген шығындардың орнын толтыруға арналған конституциялық құқық
практикада дұрыс жүезеге асырылмайды, яғни экологиялық шығынды есептеуге
байланысты, компенсациялық өтемақыны төлеудің мүмкін еместігімен байланысты
экологиялық шығып келтірген кінәлілерді көрсетудің құқықтың механизмінің
жоқтығына байланысиы объективті проблемалар туындайды. Осыған байланысты
арнайы экологиялық кодексінің заң қабылдау үшін жаңа аргументтер
келтіріледі.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру механизмінде
қоғамдық бірлестіктер тиімді рычаг болып табылады. Олардың іс-әрекетін
мемлекет демеуге тиіс, себебі бұл реалды күш көптеген әлеуметтік және
экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ете алады. Экологиялық проблемаларды
тиімді және жұмыла шешу мақсатында аймақтық қоғамдық бірлестіктерді құру,
қоршаған орта жағдайын жақсартуға байланысты әр түрлі шаралар өткізу
көздемді, олардың іс-әрекетік жақсартуға байланысын нұсқаулар ұсынылады.
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыру
механизмінде заңды кепілдіктер ерекше орын алады, олардың ішінде
конституциялық кепілдіктің мәні зор. Олардың негізгі мақсаты –
конституциялық құқықтар мен бостандықтарды өмірге ендіру, оларды қорғау
және сақтау.
Құқықтар мен бостандықтарды соттық қорғау-қазіргі жағдайда ерекше
өзекті болып отырған конституциялық құқық институты. Азаматтардың
экологиялық құқығын соттық қорғауды жетілдіру бойынша іс-шаралар түрлері
қамтылған. Экологиялық юстицияны құруға байланысты ұсыныстар қолдануда.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты барынша тиімді жүзеге асыру
мақсатында ҚР-да Конституциясының 31-бабын мынадай редакцияда беру
ұсынылады: “Әрбір адамның қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы бар.
Мемлекет әркімнің қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде толыққанды ақпарат
алуына және оның экологиялық құқығы бұзылып, денсаулығына немесе мүлкіне
зардабы тиген жағдайда орын толтыруға кепілдік береді”.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диссертацияның ғылыми маңыздылығы мынада:
Зерттеу нәтижесінде конституциялық, экологиялық заңнамаларды жетілдіру,
қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұығымы мен мазмұнына аңықтама беру,
экологиялық ақпарат, экологиялық зиянның орнын толтыру, осы құқық
кепілдігінің жүйесін, соттың қорғауды қамтамасыз ету және т.б. жетілдіру
үшін теориялық ережелер реті әзірленді. Адам құқықтары бойынша жұмыстардың
адама құқығының жайлы теориясы үшін де, конституциялық құқық үшін де мәні
зор, қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың басқа құқықтар мен бостандықтар
жүйесіндегі орны анықталды.

1. Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын
конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу.

1.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы,
мазмұны және заңдық табиғаты.
Адамзаттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі
адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты
мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі
қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи,
ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін,
заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам
болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде
адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған
ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған
принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және
мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің
реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және
қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және
заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру
мүмкіндіктерін қарастырады.
Бұл проблеманың өзектілігі қазіргі жағдайда экологиялық проблеманың
ауқымды мәнге ие болуына байланысты болып отыр.
Қазақстан экологиялық жағдайы нашарлаған елге жатады. Адамның
қоршаған ортаға деген қарқынды. Кедергісі экологиялық және биологиялық
мағынада орны толмас қасіретке ұрындыруы мүмкін. Табиғаттың бір бөлшегі
ретінде адам бүкіл қоршаған ортаға орасан зор ықпал етеді, соның
нәтижесінде табиғат экологиялық жағынан құлдырауға ұшырайды.
Қазіргі экологиялық құлдырау жағдайы экология жүйесіндегі теңдіктің
бұзылуы және адамзат қоғамының табиғатпен қатынасы ретінде анықталуы
мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау қоғам мен табиғаттың өзара ықпалдасуын
реттеуді жүзеге асыратын адам мемлекет үшін де өмірлік қажеттілік болып
саналады. Сондықтан бүгінгі күннің маңызды міндеті Қазақстан
Республикасында мемлекетке қатысты жетекші рөл атқаратын қоғамның
экологиялық қауіпсіздігі болып табылады, ол-білім беру, бұқаралық ақпарат
құралдары және заңнамалық базалар жүйесі арқылы өзіндік экологиялық мінез-
құлық кодексін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет тарапынан ғылыми негізделген
құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, тәрбиелік және басқа
да шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында адамның экологиялық
қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Бұл қоршаған табиғи ортаға деген
антропологиялық қысымның күшеюі экологиялық жағдайың асқынуына әкеп
соғуынан туындап отыр. Экологиялық жағдайың асқынуы табиғи ресурстар
қорының сарқылуынан, қоршаған ортаның ластануынан, адам мен табиғат
арасындағы табиғи байланыстың және эстетикалық құндылықтардың жоғалуынан,
адамдардың жай-күйі, денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Осымен қоршаған
қолайлы ортаға деген құқық қана емес, өмірге, еңбек бостандығына, демалуға
деген құқықтарды қамтитын конституциялық құқықтар мен бостандықтардың
бұзылуына әкеп соқтырады.
Бұл ұзақ жолда тәуелсіз еліміздің экологиялық проблемалардың дұрыс
шешілуіне ықпал ететін ұлттық экологиялық заңнамалардың құрылуы алғашқы
кадам болып табылады. Бұл Конституциялық құқық тұрғысынан адамзаттың
қоршаған қолайлы ортаға деген құқығын тереңірек зерттеу қажеттілігімен
түсінідіріледі
Қазақстандағы қазіргі таңдағы заңнамалар бірінші кезекте қоршаған
қолайлы ортаға деген құқықтарды көрсететін конститутциялық ережелерді
нақтылай түсіп, оны жүзеге асырудың жолдары мен тәртібін, кепілдік жүйесін
және оны қорғау амалдарын көрсетуге тиіс. Қоғамның экологиялық және
экономикалық мүдделерін ғылыми негізделген байланыста қарау, қоршаған
ортада оның қажеттілігін қанағаттандыру іс-шараның маңызды құрамдас болу
керек.
Қазіргі таңда Қазақстанда адам құқығы саласындағы Халықаралық нормаға
сәйкес қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты реттеу мен қорғауға
бағытталған заңнамалардың тарамдалған жүйесі жұмыс істеуде. Экологиялық
жағдайдың барынша қолайсыздануы мен оны жақсарту жолында өкімет
белсенділігінің төмендігіне байланысты қоршаған қолайлы ортаға деген
құқықты жүзеге асыру проблемасының қоғам үшін де, жекелеген азаматтар үшін
де күннен-күнге ауқымдылығы артып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке адамның құқығы
жөніндегі барлық декларацияларға қарамастан, практикада адамның құқығы мен
бостандығының бұзылуып жатуы сирек құбылыс емес. Оның үстіне ешқандай ел
қазіргі жағдайда әр адамның қоршаған қолайлы ортаға деген құқығының жүзеге
асырылуын мен қорғалуына жүз пайыз кепілдік бере алмаса да, оның
Конституциясы мемлекет пен оның органдарының экологиялық әрекетін реттеп
отыруы тиіс. Қоршаған қолайлы ортаға деген әркімнің Конституциялық құқығы
жақын арада Қазақстанда құқық жүйесінің басты өлшемі болуы тиіс.
Соныдықтан әрекеттегі заңнамалар бойынша ақтаңдақтарды жою
қажеттілігі, оны Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру,
экологиялық заңдарды әзірлеу және қабылдау, кепілдік жүйесін қалыптастыру
және жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуы
өзекті әрі күрделі болып қалуда. Бұл адамның бекітілген құқықтары мен
бостандықтары және олардың реалды пайдалануы арасындағы ара қашықтықтың өте
үлкен болуымен түсіндіріледі.
Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы табиғи мәнге ие және құқықтың
маңызды санатына кіреді.
Қазіргі таңда экологиялық жағдай өршіп тұр. Қоршаған табиғи орта адам
ағзасына кері әсерін тигізуде соның салдарынан адам өзінің қоршаған қолайлы
ортаға деген құқығын мемлекет тарапынан ресми түрде қорғауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында әрбір жанның қоршаған
қолайлы ортаға деген құқығын оның жай-күйі туралы толыққанды ақпарат алу
және экологиялық құқығы бұзылып денсаулығына немесе мүлкіне зардабы тиген
кезде шығынның орнын толтыру құқығын бекітеді.
Бұл бап негізінен жекелеген үш экологиялық құқықты бекітеді.
-қоршаған қолайлы ортаға деген құқық
-оның жай-күйі туралы толыққанды ақпарат алу құқығы
-экологиялық құқығы бұзылып денсаулығына немесе мүлкіне зардабы тиген кезде
шығынның орынын толтыру құқығы.
Өмір сүру құқығы сияқты бұл да жекелеген адам тұтастай алғандағы қоғамның
болуының байланыстығын көрсетеді, сондықтан жеке және жалпы құқықтарға
жатады.
Талдама жасалып отырған құқық болып табылады, ол барлық салаларда
өміршең екендігін көрсетеді, экологиялық, экономикалық және эстетикалық
жағдайларды бір қалыпты ұстап тұруға ықпал етеді.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты тану Қазақстан заңнамалар үшін
негізгі сипатқа ие. Осы құқықты бекіте отырып жаңадан қабылдады. Қазақстан
Республикасының Конституциясы мемлекеттің құқықтық дамуының прогрессивтік
үрдістерін нығайта түсті.
Қазіргі таңда адам құқығы институтының ролімен анықтала түсетін осы
заңдылықтың конституциялық тұрғыдан бекітілуінің саяси және заңдық тұрғыдан
мәні үлкен. Адам құқығы өзінің табиғатында жеке адамның индивидтің
қоғамның, мемлекеттің қалыпты дамуын қамтамассыз ету үшін қажетті
обьективті шарттары мен әдіс-тәсілдерін қалыптастырады.
Белгілі Ресейлік ғалым И.Л.Петрухин атап көрсеткендей қоғам мақсатының
иерархиясында адам мүддесі бірінші орынға қойылуы керек. Атап айтқанда адам
құқығы мемлекет саясатын дәлірек айтқанда адамдар арасындағы жеке тұлға
және мемлекет арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Адамда оның құқықтары мен бостандықтарын үлкен құндылық деп тану саяси
және заң тұрғысынан жеке тұлғаның мүддесін қамтамассыз етуге бағытталған
азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасына өзгерістер енгізуге әкеледі.
Адам құқығы-бұл мемлекет сыйы емес,адамзаттың ажырамас қасиеті.
Осы құқықтардың болуына орай мемлекеттік өкімет өзінің көріну және
ықпал ету амалдары бойынша шектеліп қана қоймайды, сонымен бірге заңға
бағынады.
Қазақстан Республикасында жоғары құндылық ретінде бағаланатын адамның
құқықтары мен бостандықтарын конституцияда ресми түрде жариялауын 1948жылы
Адам құқықтарының жалпы декларациясы секілді жалпыға танымал халықаралық
актілер, 1966жылғы экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі
халықаралық шарт және азаматтық, саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық шарт
болып танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының экологиялық құқықтарын реттеп
отыру, құқықтық мемлекетке тән құқық демократиясын куәландырады.
Демократиялық мемлекет аумағына қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты
жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың тиімді іс-әрекеті азаматтардың
экология саласындағы құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің өсуін
ынталандыруына мүмкіндігі бар. Және экологиялық құқықты реттеу мемлекет
беделінің нығаюына, оның халықаралық қоғамдастықтағы интеграциясына,
Европалық және әлемдік құқықтық кеңістікке енуіне ықпал етеді.
Осы бағыттағы стратегиялық мақсат-адамзатты мүмкін болатын шаруашылық
іс-әрекетке жіберу өзін құртып жіберетіндей тәуекелге бармай соның
биосфералық әлеуметтік пайдалана алатындай баға беру,мемлекетішілік сондай-
ақ халықаралық қатынастар жүйесінде осы бөліктің экологиялық ресерсын
тауарға айналдырып,айналымға енгізу.
В.Д.Писарев атап көрсеткендей, халықаралық қатыначстарды
экологияландыру үрдісінің кері жағын осындай трансформацияға бүгінгі күннен
жоғары ұлттық приоритет ретінде қатысатын сол мемлекеттің барынша қолайлы
позициясы білдіреді.
Қазіргі таңда ҚР да қоршаған қолайлы ортаны қорғау мен табиғатты
пайдалануды реттеу аумағында 78 көп жақты келісімдердің қатысушысы болып
есептеледі.
Сондай-ақ Европа,Азия,Америка және тб елдерден табиғатты қорғау және
табиғатты пайдалану мәселелері бойынша екі жақты келісімге келген.
Бұдан РФ Конституциясында қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты
бекітудің саяси мәні жатқандығын аңғаруға болады.
Берілген ереженің заңдық мәні оның мазмұнымен құқық месі ретіндегі
азаматтың мүмкіндіктерімен анықталады.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты тану жіне құқықтық реттеудің тек
адам үшін ғана емес,қоғам және тұтастай алғанда мемлекет табиғатты қорғау
іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етсе, екінші жағынан мемлекеттің өзі
азаматтардың белсенділігіне мүдделі болуға тиіс.
Осылайша біртіндеп реттеу арқылы экологиялық құқықтар қоршаған қолайлы
ортаны қалпына келтіру үшін негіз болатын маңызды құқықтық мәнге ие
болады,ол адамнаң қалыпты өмір сүруін қамтамассыз етуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Конституцисяында қоршаған қолайлы ортаны
қалпына келтіру үшін негіз болатын, маңызды құқықтық мәнге ие болады, ол
адамның қалыпты өмір сүруін қамтамассыз етуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған қолайлы ортаға
деген құқықтың бекітілуі, заң шығарушы үшін барынша тиімді пайдалану
мақсатында берілген құқықты дамытады және жетілдіре түсуде мәні мен
мазмұнын есепке алу қажеттілігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоршаған қолайлы орта ұғымына
анықтама бермейді, ол өз кезегінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың
көлемі мен мазмұнын анықтауда кейбір қиындықтарға әкеп тіреуі мүмкін.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық санатының мазмұнын анықтамас
бұрын, Қазақстан Республикасының заңдарына талдау жасау негізінде осы
ұғымның мән-мағынасын түсініп алу қажет. Мәселен, 2007 жылдың 19 ақпан
айында Қазақстан Республикасының Экология Кодексінде азаматтың таза және
қолайлы ортаға деген құқығын бекіте отырып, берілген құқыққа Қазақстан
Республикасы Конституциясымен салыстырғанда нақты тұжырымдама береді.
Сондықтан мынадай тұрғыдан қойылған сұрақ әділ болып табылар еді. Қоршаған
табиғи орта және қоршаған орта ұғымдары мазмұны жағынан ерекшелене ме, жоқ
па.
Қоршаған орта-заманауи ғылым мен практиканың әлемі, экономика, қоғам
және демократия сияқты санаттармен қатар жүретін іргелі категорияларының
бірі. Міне, сондықтан табиғат емес, қоршаған орта ұлттық, сондай-ақ
халықаралық құқық сияқты қазіргі кезеңдегі табиғатқа байланысты қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеудің интеграциялық обьектісі болып табылады.
Заңнаманың бір обьектісі ретінде қоршаған орта ұғымы экономикалық
жағынан дамыған елдерде АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция және тб .ХХ
ғасырдың 60-70 жылдарынан қолданыла бастады, бұл кезеңде бұл елдердің
табиғат жай-күйі күйреу жағдайында деп танылған болатын. Бұл шетел
Конституциясында көрініс тапты. Қазақстанда қоршаған қолайлы ортаға деген
құқық ұғымы ғылыми айналымға кеш енгізілді. 1997 жылдың 06 тамызда
қабылданған Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң деп аталады. Жаңа
термин қауырт дамыған ғылыми-техникалық прогресс, халық санының өсуі
урбандалу жағдайында адамзаттық табиғат жай-күйін қорғауға қызығушылық
танытуымен байланысты енгізілді. Қоршаған орта ұғымының табиғат ұғымынан
айырмашылығы бар екенін атап өткен жөн. Бұл Қазақстан Республикасы
Конституциясының өзінде нақтылана түседі, оның 32-бабында әркімге табиғатты
және қоршаған ортаны қорғау міндеті жүктелетіндігі айтылады. Осылайша
Қазақстан заң шығарушылары табиғат және қоршаған орта ұғымдарын олардың
мазмұны бойынша ажыратып береді. Мұнда 1994 жылы заманауи үйлесімді
заңнамаларда құруда Орталық және Шығыс Европа мемлекеттеріне көмек корсету
мақсатында Европа кеңесінде қабылданған модельдік заң қызығушылық тудырады,
онда қоршаған орта ұғымына табиғи ресурспен қатар қоршаған ортаға адамның
әсер етуімен қалыптасқан құндылықтар, сондай-ақ адам денсаулығына әсер
етуші немесе әсер ететін өмір сүрудің санасы мен шарттары да енгізілген.
Қорытындылай келе, айтарымыз қоршаған ұғымына адамның тұрмыс жағдайы
және табиғи емес басқа да обьектілер кіреді.
Табиғатты қорғау терминдерінің сөздігінің қоршаған ортаға адамды
қоршаған және оған әсер етуші жағдайлар жиынтығы деген анықтама
беріледі,яғни қоршаған ортаға әрі табиғи әрі әлеуметтік орта оның ішінде
тұтастай алғанда биосфера да жатқызылады.
А.С.Тимошенконың пікірі бойынша,қоршаған орта термині табиғи ортаға
барынша сәйкес келеді.
Н.Ф.Реймерс айтқандай адамда қоршаған орта – қоршаған табиғи ортаға
қарағанда кең ұғым оның мазмұнына тек әлеуметтік орта ғана емес, табиғат
асфальтталған жолдар үйлер тб кіреді. Осыған ұқсас көзқарасты басқа
авторлар да ұстанады. Қоршаған орта мен қоршаған табиғи орта барабар тепе
тең деген көзқарасты ұстанатындар да бар.
Біздің көзқрасымызша бұл негізсіз. Егер философиялық сөздікке үңілетін
болсақ, онда табиғат-санадан тыс және оған тәуелді емес, адамның мекен
ететін табиғи ортасын білдіретін обьективті нақтылық. В.В.Петровтың пікірі
бойынша адамды қоршаған орта дегеніміз адамнеың антропогендік іс-әрекеті
процесінде өзгертілген органикалық бірлікте табиғи модификациялық
экологиялық жүйелерден құралған табиғи ортаның бөлігі.Бұдан шығатыны
әрекеттегі заңнама табиғи орта мағынада түсіндіреді, онда табиғат адамның
санасына тәуелсіз болатын обьективті нақтылық. Ал нақты айтқанда бұл
адамның шаруашылық іс-әрекетінде аз немесе мүлде өзгертілмеген адамның
табиғи мекені.
Қазақстан құқығының дамуының заманауи кезеңінде табиғат термині
қоршаған орта терминімен алмстырылады деп болжам жасауға болады. Ол ғылыми
зерттеулердің обьектісі құқықтық реттеу пәні болып табылады. Бұдан бұл
немен байланысты деген сұрақ туындайды.
Адам қаншалықты табиғаттың құрамды бөлігі болып табылса да, табиғат
қоршаған орта болып саналады. Табиғатқа қатысы жағынан ол обьект болып
табылады.Ол қоршаған ортаның табиғи жағдайына тәуелді. Субьект ретінде адам
өзінің шаруашылық міндеттерін шешу үшін табиғи ресурстарды пайдаланады және
табиғи процестердің дамуына белсенді әсер етеді.Қоғам мен табиғаттың өзара
әсері биологиялық байлныс шеңберінен шығып, әлеуметтік мәнге ие болады.
А.С.Тимошенконың пікірі бойынша бұл үрдіс қоршаған орта терминінің
табиғи ортаға барынша сәйкес келуімен байланысты. Коршаған табиғи ортаның
жағдайы қандай болса, халықтың денсаулығы да сондай болмақ.
Адамзаттың заманауи даму кезеңіндегі қоршаған ортаға шаруашылық іс-
әрекеттердің ауыртпалықтары түседі, сондақтан оны жеке объект сакатында
бөліп қарау орынды.
Бұл қоршаған ортаның басқа табиғи ортадан айырмашылығын оның жаңа
сапалық құрылымынын болуымен, табиғи орта элементтерінің адам еңбегі
өкімдерімен органикалық жағынан қосылуымен түсіндіруге болады. Егер табиғи
ортада табиғи экологиялық жүйе үстемдік құрса, ал қоршаған ортаға табиғи
байланыстардың әлеуметтік байланыстармен араласып, жаңартылған және түрін
өзгерткен экологиялық жүйелердің басым түсуі тән.
Сондай-ақ табиғи ортаның сапасы зат алмасу мен энергияның эволюциялық
процестерінің қосылысы нәтижесінде табиғаттың өзімен қамтамасыз етіледі.
Адам үшін қоршаған ортаның сапалық жай-күйінің болуы қажет, бұл табиғи
процесс мемлекеттің күш салуымен және тазалық сақтау қоғамының, адамның
өмір сүру ортасын сауықтыру, жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстар
нәтижесінде жүзеге асырылады.
Егер табиғи орта қатынастарында қорғаудың орталық объектісі
табиғаттың экологиялық жүйесі болып табылса, ал қоршаған орта өрісінде
қорғаудың жетекшісі бөлімі тікелей адамның өзі, оның денсаулығы, қазіргі
және болашақ ұрпақтын экологиялық салауаттылығы.
Жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай тұжырымға келуге болады
қоршаған ортада қоғам мен табиғаттың өзара іс-әрекеті жүзеге асырылады,
сондықтан мұнда қоғам мүддесінің экологиялық және экономикалық қатынастары
проблемасын шешу талап етіледі. Мұндай проблемалардың болуы мынадай
себептермен түсіндіріледі:
1. Кейбір табиғи объектілер табиғи күйде емес (Арал теңізі, Каспий
теңізі, ауылшаруашылық сипаттағы жерлер т.б.), не болмаса олардың,
қалапты қызмет ету қабілеті, пайдалығы күрт төмендеген не болмаса олар
Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Занының 58,59-баптарында
анықталған өлшемдерге сәйкес емес.
2. Табиғатты қорғау іс-шараларының алдын алу немесе қалпына келтіру
жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің төмендігі тұтастай алғанда
елде әрі жекелеген объектілерде қоршаған ортаны тиімді
қорғаудың мүмкін еместігіне әкеп соқтырады.
Бұдан шығатыны: Декларацияда қауіпсіз қоршаған ортаға деген
құқық ашық айтылмаған.
Бұл мәселе бойынша 1992 жылы Бразилияның астанасы Рио – де – Жанейрода
қоршаған орта және оны дамыту жөнінде БҰҰ -ның Конференциясында да басы
ашық мәселелер қамтылмады. Осы Конференция қабылдаған Декларацияның І-ші
құжатында былай делінеді: Тұрақты дамуды қамтамасыз етуді күшейтуде
адамға қамқорлық жасау басты орынға қойылған. Олар табиғатпен үйлесімді
салауатты және жемісті өмір сүруге құқылы.
Бұл жағдайда, әңгіме қоршаған ортаның сапасы туралы, тек экологиялық
шарттармен ғана шектеліп қалмайтын адам өмірінің сапасы туралы болып отыр.
Сондай -ақ табиғатпен үйлесімді өмір тұжырымы да адамның табиғатпен өзара
қарым – қатынасы қандай болу керектігін көрсетеді, бірақ адамды қоршаған
орта үшін жеткіліксіз сипаттама ретінде танытады.
Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы бірнеше тәуелсіз
мемлекетіміздің достығын ТМД елдерінің Конституциясында қамтылған. Ол
Украина республикасы (50-бап), Беларусь республткасы (46-бап), Грузия
республикасы (37-бап), Азербайжан республикасы (46-бап), Қырғызыстан
республикасы (35-бап) елдерінде бекітілген.
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың нақтыланбауы (дефиниция)
берілген субъективтік құқықтың мәні мен мазмұнын дұрыс түсіндіруге кедергі
жасайды. Алайда әдебиеттерде және практикада қоршаған қолайлы орта туралы
кейбір түсініктер берілген.
Адамдарды қоршаған қауіпсіз (салауатты, қолайлы) орта проблемалары
бойынша өткізілген Стокгольм конференциясының Деклорациясына сәйкес
қоршаған орта дегеніміз – сапалық тұрғыдан адамдарға лайықты және гүлденген
өмір сүруге жағдай жасайтын орта. Бұл сапа салыстырмалы түрде алғанда
адамдардың анатомиялық және физикалық және химиялық шарттардың тар
шеңберімен шектелген. Егер бұл шарттар орындалмаса, адамдардың салауатты
өмір сүруі үшін қажетт табиғи байланыстар үзіледі. Мұндай ортаны адамдар
үшін, қоғам үшін қауіпсіз деп айтуға болмайды.
Қоршаған ортаның сапасы заңдық тұрғыдан алғанда орнықты нормативтік-
құқықтық тәртіппен анықталады. Мұндай нормативтер мен лимиттер жүйесі,
сондай-ақ оларды дайындаудағы жалпы талаптар Қазақстан республикасының
Экология Кодексінде анықталған. Қоршаған табиғи орта сапасының
нормативтер жүйесіне: зиянды заттар концентрациясының шегіне дейінгі
нормативтері, шу деңгейінің шегіне дейінгі нормативтері, вибрациялар,
магнит өрістері және басқа зиянды физикалық әсерлер, радиациялық әсер
деңгейінің шегіне дейінгі нормативтері, қоршаған табиғи ортаға жүктеменің
шегіне дейінгі нормалары, санитарлық және ерекше қорғалатын аймақтардың
нормативтері кіреді. Санамалап көрсетілген нормативтер қоршаған ортаны
таза ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған біреу болса да бірегей
сипаттамаға жатады.
Қоршаған орта жағдайының осы нормативтерге сәйкес келуі оның
қауіпсіздігін танытса, сәйкессіздігі оның сапасының адамдар үшін қолайсыз
екендігін білдіреді.
Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы факт жағынан оның тиісті
заңдық тұлғалардан экологиялық – құқықтық нормативтерді сақтауды талап ету
құқығы болып табылады.
Қоршаған ортаның келесі маңызды сипаты оның табиғи байлықтарының
сыйымдылығы, сарқылмайтындығы, бұл 1997 ж Қазақстан
РеспубликасыныңҚоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Заңына сәйкес
табиғатты пайдаланудағы лимиттеумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған қолайлы ортаға сондай-ақ адамдардың эстетикалық және басқа
да қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеттілігі тән. Эстетикалық қажеттілік
қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың нормативтік мазмұнының маңызды
элементі болып саналады және қоршаған орта сапасы үшін міндетті делінеді.
Қоршаған қолайлы ортаны осы мақсатта ұстап тұру ерекше қорғауды қажет
ететін табиғи аумақтармен мен объектілерді, рекреациялық зоналар мен басқа
да территорияларды құрумен реттеумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған орта жағдайы оның ластанбаған, сарқылмайтын, қор
сыйымдылығына, экологиялық тұрақтылығына, әр түрлілігіне және эстетикалық
байлығына қатысты табиғатты қорғау заңнамасында орныққан өлшемдерге,
стандарттарға, нормативтерге сәйкес келгенде ғана қолайлы деп есептелуі
мүмкін.
Бұдан да басқа орныққан көзқарастар бар. Мәселен, М.И.Васильеваның
пікірі бойынша қоршаған қолайлы ортаға деген құқық – бұл жеке бастың емес,
нақты, субъектіге тән, үздіксіз жүзеге асырылатын, заңды бекітілетін,
мемлекет кепілдік беретін және қорғайтын, адам денсаулығы үшін қауіпсіз
табиғи игіліктерді пайдаланатын, сондай-ақ табиғатты пайдалану және басқа
да экологиялық мәні бар іс – әрекеттерді жүзеге асыруда тұрғындардың
денсаулығын сақтау үшін мемлекеттен, басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан
өз міндеттерін орындауды талап ету, бағынбаған жағдайда мемлекеттік немесе
қоғамдық қорғау орындарына жүгіну мүмкіндігі.
Біздің пікірімізше, бұл анықтама қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың
барлық саласын қамтыса да, жетімсіздеу болып саналады.
Ғылыми әдебиеттерде басқа да анықтамалар (дефиниция) ұсынылады.
Мәселен, М.М.Бринчуктың ұстанымы бойынша, қоршаған орта егер оның жағдайы
таза ластанбаған), сарқылмайтын ресурс сыйымдылығына, экологиялық
тұрақтылығына, әр түрлілігіне және эстетикалық байлығына қатысты заңнамада
белгіленген өлшемдерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкес болса ғана
қолайлы деп танылады.
Жоғарыда берілген анықтама қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық емес,
тек қоршаған қолайлы орта терминінің ғана мазмұнын ашады.
Біздің көзқарасымыз бойынша қоршаған қолайлы ортаға деген құқық былай
анықталуы тиіс: бұл Қазақстан республикасының Конституциясында бекітілген
және Қазақстан мемлекеті кепілдік берген әркімнің табиғи игілікті пайдалану
, халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын, таза
қоршаған ортада өмір сүру, оның жай – күйі туралы толыққанды ақпарат алу
және өзінің, қоғамның мүддесі мен қажеттілігін қорғау үшін заңды түрде
маңызды іс – әрекеттерге бару мүмкіндігі.
Қазақстан республикасы Конституциясы сияқты берілген анықтамада да
әрбір жанның құқығы туралы сөз болады. Кім заңды түрде Қазақстан
республикасының аумағында орналасқан: Қазақстан респуликасының азаматтары
ма, шетелдіктер ме, апатридтер ме, қос азаматтығы бар тұлғалар ма –
әркімнің құқығы осында айтылады.
Халықаралық құжаттар - 1948 жылы адамдардың құқықтары мен
бостандықтары туралы жалпы деклорацияда, сондайақ 1966 жылы Біріккен
ұлттар ұйымында қабылданған адамдардың құқықтары мен бостандықтары
туралы Халықаралық Шарт – және адамның қандай да бір мемлекетке саяси
қатысы туралы қағадаттан азат. Олар азамат деген терминді қолданбайды,
адам және оның құқықтары мен бостандықтары туралы айтылады.
Халықаралық құқыққа сәйкес Шартқа қатысушылар өздері тұратын мемлекетте
барлық тұлғалар нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе
басқа сеніміне, ұлттық немесе шығу тегіне, сословиесіне т.б. қарамастан,
Шрт бекіткен құқықты пайдалануға мүмкіндік алады.
Бұл Шартқа қосылған мемлекетке олардың талаптарына сәйкес өзінің ұлттық
заңнамасына енгізуге міндеттейді міндеттейді.
Осы шартқа қосылғанна кейін құқықтық мәртебесі анықталады және
құрылады, онда халықаралық – құқықтық актілер ішкі заңнамалардан үстем
болады.
Осыған қатысты Қазақстан республикасының Конституциясы екінші тараудың
атында және мәнінде азамат терминімен бірге адам терминін де қолданады,
бұл кеңестік Конституцияда болмаған.
Адам деген заңдық термин.
Конституцияда екі жақты жүктемеге ие болады. Біріншіден, ол
меемлекеттің негізгі заңының мәтінінің жоғарыда аталған Халықаралық
құжатпен сәйкестігін көрсетеді; екіншіден, Қазақстан республикасы
аумағында территориясында орналасқан тұлғаның саяси – құқықтық жағдайына
қарамастан тануын қамтамасыз етеді. Алайда мемлекетте бұл құқықтар мен
бостандықтар бірінші кезекте азаматтың құқығы мен бостандығы болып
табылады.
Адам құқығы және азамат құқығы ұғымдары жақын, бірақ мазмұны
жағынан бір емес. Олар жеке адам статусының түрлі аспектілерін бейнелейді.
Сондықтан Қазақстан республикасының Конституциясы құқықтық мәртебеге мән
бере отырып, екі ұғымды да – адам, азамат құқықтары мен бостандықтарын
пайдаланады.
Адам құқығы – жеке адамның дүниеге келгеннен бергі ажырамас құқықтары
мен бостандықтары. Бұл олардың мемлекетті тануына дейін де бола береді.
Оның үстіне адам құқықтарының табиғи, ажыратылмайтын, әмбебап мәні бар.
Аталған санаттардың маңыздылығы сонда, қоғамның бүкіл тарихи топтасып,
жеке адамды, тұрғынды, қоғамдастықты қорғауда басқаша айтқанда, адам
құқығында бейнеленеді.
Азамат құқығы – мемлекет таныған, негізгі заңда ресми түрде
жарияланған, мемлекет қорғауында болатын адам құқығы. Азамат құқығы тек сол
мемлекеттің азаматтығын алған тұлғамен байланысты. Яғни адам құқығы ұғымы
азамат құқығы ұғыымнан мазмұны жағынан көлемдірек, олар жеке адам
мәртебесінің заңдық конструкциясында түйіседі.
Одан басқа адам құқығы ұғымы – тек заңдық қана емес, философиялық,
адамгершілік. этикалық, саяси санаққа жатқызылады.
Бұл құбылыс абстрактілі емес, реалды, өміршең. Ғылыми әдебиетте бұл
аталғандар дискуссиялық сипатқа ие болады және жеке проблема санатында
зерттеледі.
Адам құқығы мен азамат құқығы қатынасындағы мәселелер олардың ғылыми
анықтамасын жасаудың теориялық және практикалық қажеттілігін көрсетеді.
Адам құқығы жөнінде анықтамалар (дефиниция) жеткілікті. Мәселен,
Б.С.Эбзееваның пікірінше адам құқығы – оның құндылығына, әлеуметтік
жағдайына қарамастан, қоғамның автор берілген санатынан кең аспектіде
қарайды, демократиялық қоғамда оған жоғары құндылық ретінде тәжірибе
береді.
В.К.Забигайлоның берген анықтамасы да қызығушылық тудырады: ..адам
құқығы қажетті шарттармен қамтамасыз етілетін ресми түрде жарияланған және
жан – жақты кепілдік берілген мүмкіндік... Бұл жүйе жеке тұлға мен қоғам
мүддесін үйдесімді байланыстыра біледі және жеке тұлғаның жем болып қалмауы
қарастырылады, алайда ол өзіне қоғам мүшесі ретінде жүктелген
жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды.
Басқаша айтқанда, бұл бостандық басқалардың мүддесіне тимей, өзін
жүзеге асыра алады. Келтірілген пікір тұжырымдамасының күшті жағы құқықты
жүзеге асыру кепілдігінің болуы.
Біздің көзқарасымызша, А.С.Мордовецтің берген тұжырымдамасы сәтті
шыққан секілді: Адам құқығы – әрбір жеке тұлға үшін белгіленген
халықаралық және ұлттық стандарттар мен процедураларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Пәндер