Көліктер түрі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Су көлігі
  2. Өзен көлігі

3. Теңіз көлігі

4. Көліктің негізгі экономикалық көрсеткіштері

5. Темір жол көліг

6. Өзге де құрлықтағы көлік

Су көлігіне жалпы тсінік

Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілетін шөгім кеменің қорпусында қызыл сызық - ватерсызықпен белгіленеді. Кеме суға ватерсызыққа дейін батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады. Әдетте су ығыстырымды күш бірлігімен белгілейді. Алайда көбінесе су ығыстырымға салмақтың орнына ығыстырылып шығарылған судың массасы алынады (жүгі бар кеменің массасы) және оны тонна арқылы өрнектейді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті. Су палубадағы люктар арқылы трюмдарға еніп, ал бұдан кеме суға батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық су деңгейінен жоғары болса, яғни кеме суға жеткілікті дәрежеде батпаса, онда кеме сапарға шықпауы тиіс, толқындар оны теңселтіп, аударып тастауы мүмкін. Сондықтан бос кемелердің трюмдарына міндетті түрде масыл жүк (құм, қиыршық тас) тиеледі. Су көлігінін ішіндегі ең күрделісі -сүңгуір қайықтар. Сүңгуір қайықты құрастырушыларға көптеген мәселелерді шешуге тура келеді: сүңгуір аппаратының беріктігі мен орнықтылығы, өте ұзақ су астында жүзу кезіндегі экипажға қолайлы, т. б. жағдайларды туғызу және қайықты басқару (суға шөгу, су бетіне көтерілу, жүзу кезінде тепе-теңдікті сақтау) . Ал жүзу шарттарын сендер білесіңдер: Ф а А - суға бату; Ф а < Ф А - су бетіне шығу; Ф а = Ф А - жүзу (1-сурет) . Сүңгуір қайықтың суға батуы кезінде оның суға толатын арнаулы орындары болады. Бұл кезде қайыққа әрекет ететін ауырлық күші артады да, ол суға батады. Қайық жоғары көтерілген кезде қуатты сорғылар ауаның көмегімен олардан суды айдап шығарады. Бұл кезде ауырлық күші ығыстырушы күштен аз болады да, қайық су бетіне көтеріледі .

Өзен көлігі

Өзен көлігі - ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар. Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі орналасқан. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады, ол республиканың ең қуатты су күретамыры. Қазақстанның батыс жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде, Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ. Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 5635 км; оның ішінде жоғары Ертіс телімі бойынша - 1715 км, Орал бойынша - 1164 км, Іле пайдалану телімі бойынша - 880 км, Балқаш бойынша - 978 км, Сырдария бойынша - 840 км, Есіл бойынша - 55 км. Қазақстан өзендерінің суы аз болуына байланысты оларды кеме қатынайтын жағдайда ұстау үшін жыл сайын бірнеше млн. теңге шығын жұмсалады. “Ракета” үлгісіндегі алғашқы кеме Ертісте 1962 жылғы су қатынасы маусымында пайда болды, ол Павлодар - Омбы желісінде жолаушылар тасымалдады. Бұдан кейінгі жылдары Ертістегі, сонан соң Оралдағы жолаушылар флоты “Ракета”, “Метеор”, “Белорусь” үлгісіндегі бірнеше кемелермен толықтырылды. Жүк айналымының көлемі бойынша өзен көлігі темір жол көлігі мен автомобиль көлігінен кейінгі үшінші орынды алады. Қазақстан өзендерінде 1963 жылдан бастап жүкті контейнерлерге және кеменің табанына тиеп тасымалдау дамыды. Бұлай тасымалдау жүктің сақталуын, ең бастысы, жүкті көліктің бір түрінен екіншісіне механизмді қолдана отырып, қолайлы түрде әрі арзан бағаға тиеуді қамтамасыз етеді. Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендерінің бойымен жергілікті мәні бар жүктер тасымалданды. 1996 ж. Семейде, Павлодарда, Өскеменде, Оралда, Атырауда және Қапшағайда су жолдары мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. Бағдарлама бойынша бұл қалалардағы өзен кемежайлары, барлық сүйреткі, жүк, жолаушы және май құю кемелері, төрт жолаушы вокзалы, Ертістегі он екі айлақ, Қапшағай бөгеніндегі екі айлақ аукционда сатылды. Елдің ішкі су ресурстарын кеме қатынасы үшін пайдалану тәртібі, кеме жүретін гидротехникасы құрылыстарды күту және іске жарату, жүкті, жолаушыларды тасымалдау шарттары, порттың, кеменің және оның экипажының мәртебесі айқындалған “Ішкі су көлігі туралы” ҚР заңының қабылдануы (2005) өзен көлігі қатынасының дамуына серпін берді. 2005 жылдан бастап Қазақстанның үш аймағында - Павлодар, Семей және Өскеменде өзен көлігі қатынасы жандана бастады. Түрлі себептермен, соның ішінде экономикалық және технологиялық себептермен 18 жыл бойына тоқтап тұрған ең арзан көлік осы жылы Ертіс өзенінде қайтадан қатынады. Өскемен шлюзі қалпына келтірілді, Ертіс кеме дәлізінің табаны тазартылды, 1978 ж. басталып, аяқсыз қалған Шүлбі шлюзінің құрылысы қайта қолға алынды, уақыт талабына сай келетін ең жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған қажетті инфрақұрылым құрылды. Сөйтіп, Қазақстанның шығысындағы аймақтық су дәлізінде Ресей мен Қытайдың айлақтарына өзен көлігі қатынасының ашылуы еліміздің Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығу мүмкіндігін туғызды. Қазіргі кезде үш ел арасындағы жүк тасымалының бірыңғай стандарттарын жасау және ілеспе заңи құжаттарды егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстары жүргізілуде. 2005 ж. жалпы ішкі су жолдарымен 825, 04 мың т жүк тасылды, мұның өзі 2004 жылмен салыстырғанда 144, 2% көп. Жүк айналымы 89052, 4 мың ткм, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 108, 6% көп.

Теңіз көлігі

Теңіз көлігі - теңіз су жолында қатынайтын көлік құралы. 1960 жылға дейін теңіз тасымалы Каспийдің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Бұл орайда Гурьев (қазіргі Атырау) айлағында мұнай жүктерін тасымалдау есебінен жүк айналымы жоғары деңгейде болды. Маңғыстау түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Баутино айлағы екінші орынды иеленді. 1964 ж. Мақат - Бейнеу - Маңғыстау темір жолының салынуына және онымен Маңғыстау мұнайының Атырауға тасымалдана бастауына байланысты теңіз жолымен Баку мен Орта Азия мұнайын Атырау айлағына әкелу едәуір азайды. Каспий теңізімен жүк тасымалдау соңғы жылдары Маңғыстау түбегінің байлығын игеруге байланысты қайта жанданды. Транзиттік тасымалдың көбеюіне орай Каспий теңізі халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады. Еуропа - Кавказ - Азия көлік дәлізі (ТРАСЕКА) дәлізінің бірқатар қатынас бағыттары осы теңіздің айлақтары арқылы өтеді және Ресейдің Солтүстігіне апаратын Қара теңіз бен Каспий теңізін Волга-Дон арнасы арқылы жалғастыратын, Иранның оңтүстігі және солтүстігі айлақтары арқылы өтетін көлік дәліздерін байланыстырады. Сондықтан Еуропа жаңғыру және даму банкінің инвестициясын тарта отырып, халықаралық Ақтау теңіз сауда айлағын жаңғырту тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы шешімдерінің бірі болды. Жаңа айлақ жүктерді Иранның Каспийдегі айлақтары арқылы Түркияға және одан әрі Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің айлақтарына, ал келешекте Пәкстан мен Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Ақтау айлағының жүк айналымын негізінен экспорттық жүк: мұнай, металл өнімі, астық құрайды. Айлақтың жүк жөнелту қуаты мұнай бойынша жылына 9, 5 млн. т, құрғақ жүк бойынша 1, 5 млн. т, 2005 ж. Ақтау айлағы арқылы жөнелтілген жүктің жалпы көлемі - 10, 4 млн. т, оның ішінде мұнай - 9, 0 млн. т, құрғақ жүк - 1, 4 млн. т, мұның өзі 2004 ж. көрсеткіштен 107% артық. Жөнелтілген мұнайдың негізгі бағыттары: Ақтау - Баку - Батуми, Ақтау - Махачқала - Новороссийск және Ақтау - Нека (Иран) . 2005 ж. Павлодардан Ақтау айлағына жеткізілген 1, 07 млн. т металл қақтамасы мен Ресейдің металл өнімі Иран айлақтарына және Еуропа елдеріне жөнелтілді, сондай-ақ 33, 0 мың т астық Иран айлақтарына жеткізілді. Ақтау айлағы арқылы Қазақстан мұнайын жөнелтуші негізгі компаниялар: “Қазтеңізкөлікфлот”, “ҚазМұнайГаз”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Цаспіан Оіл Девелопментс Лтд, Петрофонт Лімітед Лтд, Еұро-Асіан Оіл А. Г., Енергy Цо. Лтд.

Көліктің негізгі экономикалық көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының көлігі - сол аумақта тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы магистралдық құбыр көлігі.

Тасымалданған жүктер (жүктерді тасымалдау көлемі) - көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.

Тасымалданған жолаушылар - белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

Көліктің жүк айналымы - жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

Көліктің жолаушылар айналымы - жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Әрбір тасымалдаудың әрбір жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады

Қатынас жолдары торабының ұзындығы - көлік қатынасы жолдары учаскелерінің километрмен алынған ұзындығының жиынтығы. Торапты құрайтын жекелеген учаскелердің жиынтығы бойынша есеп беретін күні анықталады.

Қатынас жолдары торабының жиілігі - елдің немесе өңірдің аумағындағы көлем бірлігіне келетін (әдетте 1000 км²), километрмен алғандағы жол қатынасының ұзындығы.

Темір жол көлігі

Темір жол көлігінде тасымалданған жүк көлемі әкелінген және әкетілген жүктердің, транзиттік тасымалдың және жергілікті қатынастағы тасымалдың жиынтығы болып саналады.

Жүк айналымының таза салмағы - жүктерді ешқандай бумасыз, тек орамда немесе ішкі орамда белгілі бір қашықтықта тасымалдаумен сипатталады.

Жолаушыларды тасымалдау көлемін анықтаған кезде жалпы пайдаланылатын темір жол торабын пайдалану бойынша жолаушылар паркі вагондарында, жылжымалы құрамдағы моторвагонда, дизель-поездар мен автомотристерде, жүк вагондарында жолаушыларды тасымалдаудың есебі қамтылады.

Темір жол көлігінде жолаушыларды тасымалдау - бұл жөнелтілген, транзиттік және келген, сонымен қоса қаламаңында тасымалданған жолаушылар сомасы.

Жолаушылар айналымы жолаушылар-километрдегі жол, темір жол және желі бөлімшелерінің жолаушылар тасымалы бойынша орындалған жұмыстар көлемі, тасымалданған жолаушылар санын есепке алынған тасымалдау қашықтығына көбейтумен есептеледі.

Желінің пайдалану ұзындығы дегеніміз, осы желіні шектейтін бөлек бекеттер (станциялар, разъездер, басып озатын пункттер) осьтерінің аралығымен өлшенетін негізгі жолдың ұзындығы. Пайдалану ұзындығы тек негізгі жол үшін анықталады. Іргелес жол ара қашықтығы жанасатын орындарда (жолдар, жол бөлімдері және басқа да бөлімшелер) пайдалану ұзындығын осы бөлімшелердің шекарасы белгіленген тұстан анықтайды.

Локомотив - бұл бастапқы қозғалтқышпен және қозғалтқышпен немесе тек қозғалтқышпен жабдықталған және тек темір жол көлігінің құралдарын сүйреуге пайдаланылатын темір жол көлігі құралы.

Автомотрис - бұл темір жолмен жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін жабдықталған моторлы көлік құралы.

Жол иелігіндегі жүк вагондары паркіндегі нақты парктердің жүк вагондары ескеріледі, олар былайша бөлінеді:

жабық;

жартылай вагондар;

цистерналар;

рефрижераторлар;

өзге де вагондар.

Жолаушылар вагоны - моторвагонды поездағы автомотристерді немесе тіркеме вагондарды қоспағанда, жолаушылар темір жолы көлігі құралы.

Багаж вагоны - қозғалтқышы болмайтын, жолаушылар немесе жүк поездары құрамына жататын және қажет болған жағдайда поезд бригадасы пайдаланатын, сондай-ақ багаждарын, жүк орындарын, велосипедтерді т. б. тасымалдайтын темір жол көлік құралы.

Өзге де құрлықтағы көлік

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау - қолданылатын тарифіне қарамастан, барлық жолаушыларды қалалық, қала маңындағы, қала аралық және халықаралық қатынаста, сонымен қоса тегін жүру құқығын пайдаланатын немесе кәсіпорын (ұйым) төлеген жол жүру құжатымен жүретіндерді автобустармен тасымалдайтын барлық жолаушылардың жиынтығы ретінде есептеледі.

Жолаушыларды трамваймен, троллейбуспен тасымалдауға ақылы жүретін және тегін жүру құқығын пайдаланатын азаматтар енгізіледі.

Автомобиль көлігінің жүктерді тасымалдауға жүк автомобильдерінің, пикаптар мен фургондардың жеңіл автомобиль мен автотіркеме шассилерінде орындаған жиынтық көлемі енгізіледі. Жеткізілген жүктердің есебі келген сәтте жүзеге асырылады. Тасымалданған жүктер көлеміне әрбір келген кездегі (келу) ыдыс салмағын, контейнер салмағын ескере отырып, нақты тасылған жүк салмағын көрсетеді.

Автомобиль көлігінің жүк айналымы әр жолы тасып әкелінген жүктің салмағын (автотіркемемен тасылған жүкті қоса) тасымалданған қашықтығына көбейтіп, кейін алынған нәтижені барлық жүріске жиынтықтау арқылы анықтайды.

Автомобильдің жылжымалы құрамы - жүк, жолаушылар және арнаулы болып бөлінеді. Жүк көлігіне жүк автомобильдері, тартқыш-автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады. Жолаушылар таситын жылжымалы құрамға автобустар, жеңіл автомобильдер, жолаушыларға арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелер, арнаулыға - әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер жатады.

Автомобиль жолдарының ұзындығы - жол торабын құратын елді мекеннің басынан соңына дейін жекелеген учаскелердің ұзындығын жиынтықтау жолымен есептеледі.

Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына - Қазақстан Республикасының меншігі болып саналатын қаладан тыс автомобиль жолдары жатады және маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарға, сондай-ақ техникалық санаты бойынша және жамылғы түрі бойынша бөлінеді.

Қатты жамылғысы бар автожолдарға жататыны: жетілдірілген жамылғылар (цемент-бетонды, асфальт-бетонды және асфальт-бетон, қиыршық тас, малтатас түріндегі, органикалық тұтқыр материалдармен өңделгені), сондай-ақ қиыршық тасты, малтатасты, тас төселген жамылғылар.

Бір бағыттағы трамвай (троллейбус) жолының (желісінің) ұзындығын есептеуге есепті жылдың соңында трамвай (троллейбус) жолының (желісінің) барлық теңгерімінде болатын ұзындығы енеді: жолаушылар, жүктік, деполык, разъездік, тораптық, айналма жол және басқа да жолдар.

Өзен көлігі

Өзен көлігімен жүк тасымалдау - меншікті, сондай-ақ басқа кеме иелерінен жалға алынған, өзен және көл кемелері қатынасының барлық түрлерінде елдің өзен кәсіпорындары көлігімен жіберілген жүк көлемімен өлшенеді.

Жүк айналымын жүктің тоннамен алғандағы салмағын тасымалдау қашықтығына көбейту, содан кейін барлық жөнелту бойынша алынған нәтижені жиынтықтау арқылы анықтайды.

Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалдау туралы деректерге тиісті жол жүру құжаттарымен ресімделіп (ақылы және жеңілдіктегі жолаушылар билеттерімен, топтық, әскери, экскурсиялық т. б. тасымалдау құжаттарымен), жөнелтілген барлық жолаушылар енгізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлiк құралдарының қоршаған ортаға қолайсыз әсер етулерiн кемiту әсерлерi
Автокөліктерге қолданылатын ЕВРО стандарты
Көлiк құралдарының қоршаған ортаға қолайсыз әсерін кемiту
Кәсіпорынның құралдары мен машиналарын бағалаудың маңызы
КӨЛІКТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН БАҒАЛАУ
Шығын тәсілдерін қолдану
Халықаралық көлік құқығы
Экспрес ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру
Транспорттық құралдарды бағалау
Мультипликациялық фильмдердегі иронияны аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz