Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
І БӨЛІМ. Тұтас педагогикалық процесс . оқыту білім беру және тәрбие бірлігінің негізі
1.1 Тұтас педагогикалық процесс ұғымы және оның өзіндік ерекшеліктері...5
1.2 Қарама қайшылықтар тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші ... ... ... 8
ІІ БӨЛІМ. Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің алатын орны.
2.1 Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие...12
2.2 Тұтас педагогикалық процестегі оқыту ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... 22
ҚОСЫМШАЛАР.
Оқу мен тәрбие – егіз. Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол бір елдің болашағы үшін еңбек ететін аса асиеті де құрметті мамандық иесі.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрие үрдісін жаңаша ұйымдасытру қажеттілігі туындап отыр. Келешек ұрпақты ұлттық халықтық тұрғыда тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл міселелерді шешу үшін негізгі, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелу үшін мына міндеттерді орындауға тиіспіз:
- оқушылардың сана сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасы туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін оның тарихын, мәдениетін , өнерін, салт – дәстүрін , рухани - мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық тілімізді, дінімізді мұра мұрағаттарымызды, ата – бабаларымыздан қалған өсиеттерді, мақұал – мәтел, нақыл сөздерді білім беру барысында пайдалану керек.
Егер оқыту барысында білімді тәрбиемен ұштастыра білсек, онда білім сапасы көтеріліп, тиімділігі артады.
Ғұлама Әл – Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - дегенде мәлім демек, оқыта отырып тәрбие беруді әрбір ұстаз жадында ұстануы шарт.
С. Генсеннің «Егер білім беру жүйесі ғаламдық көркемдік жәене адамгершілік талаптарға сай келмесе, сонда ғана ол шынайы ұлттық болуы керек» деп көрсеткен. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жылға арналған бағдарламасыдағы бала тәрбиесіне қатысты стратегиялық сілтемелерінде кеңінен орын алған. Демек біз жас ұрпақты оқыту барысында сан ғасырлар бойы ұрпаққа азық болатын ақыл – кеңес, азық болатын мәдениетін қалыптастыру сезімін оятуға парызбыз. Сонда ғанасана – сезімі толып жетілген ұрпақтар оқытып тәрбиелей аламыз [1].
1. Н.Назарбаев «Қазақстан 2030» жолдауы. 2006ж.
2. Коменский Я.А. Великая дидактика 1955г.
3. Пестолоцци И.Г. избр. педагог. сочинения. «О дидактических законах и правилах». Гос. Учебно – пед. Изд – во, М.1956
4. «Қазақстан мектебі» журналы №4 2006ж.
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы 1999ж
6. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. «Педагогика» Алматы 1998ж.
7. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы 1992.
8. Қ.Қ. Жарықбаев ., С.Қ.Қалиев. «Қазақ тәлім - тәрбиесі» Алматы 1995ж.
9. Педагогика. Дәрі курсы Құраст. Хмель Н.Д., Жанпейсова К.Қ. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
10. С.Әбенбаев «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістері» Алмты 1999ж.
11. Сабырова Т.С. Оқушылардың оқу белсенділішіг арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
12. Айманбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция) – Алматы, 1991ж.
13. Болдыров Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы 1987ж.
14. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
15. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – А., 1994ж.
16. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика. – А.Фолинат, 2007ж.
17. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы. – Алматы , 1991ж.
18. Тәлім – тәрбие хрестоматиясы. / Құраст С. – Алматы: Рауан, 1996ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. Тұтас педагогикалық процесс - оқыту білім беру және тәрбие бірлігінің негізі
0.1 Тұтас педагогикалық процесс ұғымы және оның өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Қарама қайшылықтар тұтас педагогикалық процестің
қозғаушы күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ БӨЛІМ. Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің алатын орны.
2.1 Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Тұтас педагогикалық процестегі оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ

Оқу мен тәрбие - егіз. Оны бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол бір елдің болашағы үшін еңбек ететін аса асиеті де құрметті мамандық иесі.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрие үрдісін жаңаша ұйымдасытру қажеттілігі туындап отыр. Келешек ұрпақты ұлттық халықтық тұрғыда тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл міселелерді шешу үшін негізгі, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелу үшін мына міндеттерді орындауға тиіспіз:
oo оқушылардың сана сезімін қалыптастыру;
oo жас ұрпақ санасы туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, ұлттық рухын дамыту;
oo ана тілі мен дінін оның тарихын, мәдениетін , өнерін, салт - дәстүрін , рухани - мәдени мұраларды қастерлеу;
oo жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық тілімізді, дінімізді мұра мұрағаттарымызды, ата - бабаларымыздан қалған өсиеттерді, мақұал - мәтел, нақыл сөздерді білім беру барысында пайдалану керек.
Егер оқыту барысында білімді тәрбиемен ұштастыра білсек, онда білім сапасы көтеріліп, тиімділігі артады.
Ғұлама Әл - Фарабидің Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі - дегенде мәлім демек, оқыта отырып тәрбие беруді әрбір ұстаз жадында ұстануы шарт.
С. Генсеннің Егер білім беру жүйесі ғаламдық көркемдік жәене адамгершілік талаптарға сай келмесе, сонда ғана ол шынайы ұлттық болуы керек деп көрсеткен. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан 2030 жылға арналған бағдарламасыдағы бала тәрбиесіне қатысты стратегиялық сілтемелерінде кеңінен орын алған. Демек біз жас ұрпақты оқыту барысында сан ғасырлар бойы ұрпаққа азық болатын ақыл - кеңес, азық болатын мәдениетін қалыптастыру сезімін оятуға парызбыз. Сонда ғанасана - сезімі толып жетілген ұрпақтар оқытып тәрбиелей аламыз [1].
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Тұтас педагогикалық процесс ұғымы және оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
oo Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы күштерін анықтау.
oo Тұтас педагогикалық процесстегі тәрбие маңыздылығын қарастыру.
oo Тұтас педагогикалық процесстегі оқыту маңыздылығын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және әрқайсы екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І БӨЛІМ Тұтас педагогикалық процесс - оқыту, білім беру және тәрбие бірлігінің негізі
1.1 Тұтас педагогикалық процестің ұғымы өзіндік ерекшеліктері.
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір - бірімен өзара байланысы, тұтас педагогикалық процеске айналады. Бірақ екі ұұғымның өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі кезендегі біртүтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш дауларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртүтас туралы білім емес. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақгары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктер қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупсқая, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағыты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қызет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. пайда болған сұрақтарға эмприкалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап. Қазіргі кезенде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық -өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру жөне тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі - деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, төрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармасы - мен объектілері арасында
әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім жөне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылыкты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, озара байланысын дәлелдейді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты. Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестің зандылықтарына көрсетілген міндеттерді толық іске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық, шығармашылық қабілеттеріне
сүйену қажет.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының сапасы жоғарылайды. Қазақстан Республикасының субъектісі Білім беру туралы Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар): Мемлекет ... білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік-мәртебесін арттыруға кепілдік береді, -- деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Оқыту және тірбие процесінің арасындағы байланысты тікелей қатынастан байқауға болады. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Педагогикалық процестің басты идеясы -- оқыту жоне тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымының соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды - динамикалық дыбысты -техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.
Оқыту мен төрбие процесінде моралъдық-психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда озара көмек іс-әрекетінің сапасына, тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау - бұл әр түрлі іс-әрекеттерін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру.

1.2 Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесстің дамуына әсер ететін қарама - қайшылықтар.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықгардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский , В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама - қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко , Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді.
М.А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртүтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте кдрастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процесдурасына сәйкес келмейді, окыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
- қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:
- қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс -әрекетін-педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
- қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогикалық процесстің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:
- жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы ;
- жаңа ғылымдардың міңдеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
- тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
- жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
- дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
- мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
- тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы:
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс - әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі беліленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар коллективінің қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қанда қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.
Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
- коллектив мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында ;
- индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
- тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну кажеттілігі арасындағы;
- коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
- коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
- бастапқы коллектив ұйымының кажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы .
Көрсетілген коллективтің даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін - ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс - әрекетін ұйымдастырудың мәні:
- педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы:
- мектептегі іс - әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
- коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ййымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы;
- оқушыларды атадан қалған ,адамға тән іс - әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс -- әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс - әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы;
- әрбір оқушының өзін - өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
- оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жүмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы қүрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегенміз қарама -қарсылықгардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама - қарсылықгардың бірі басқаға сәйкес келсе оңда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа "адам - адам" жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық (пәндік) іс - әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді,- қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.
Қайшылықгар дамуының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті түрде оқушының өзіндік ерекшеліктерін сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктерін және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек балалар коллективімен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықтардың көп жағдайда дау -- жанжалға өсуіне ұласып отырады. (Ф.М.Бородин, Н.М.Коряк, М.Ю.Красовицкий, Р.С.Немов жәнет.б.). Маманданған мұғалімнің педагогикалық сауатты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды, тану біліктерімен байланысы коллективтегі дау жанжалдар оқушылардың өздерінің және үлкендердің азғана араласуымен шешуіне әкеледі.
Қайшылық оқушылар коллективі жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары - сол сыныптың оқушылар коллективі" жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М.С.Виноградова, Н.С. Дежникова, В.В. Котов, И.Б. Лиймете, В.Б. Первин, Н.Н. Хан және т.б.) Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып коллективтіне жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейе түсе көмектеседі.
Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе "ұстаздар -- оқушылар" жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс-әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалық іс - әрекеттерінің қас қағым уақытында оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. коллективтің жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс-әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықгарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.
Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қиылыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде, қалай, болса да педагогикалық процестің - белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақты қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқты қасиеттері көрінеді.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсеңді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.

2 бөлім Тұтас педагогикалық ұғымы және оның өзіндік ерекшеліктері
2.1 Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие.
Тәрбие - қоғамның негізі қызметтерінің бірі. Жеке адамды, мақсатты қалыптасыру процессі, аға ұрпақтың тәжірбиесін кейіңгі ұрпаққа меңгертіп, оларыдң сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірбиені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндірші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамадағы адамдардың өмір сүруі тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірбиелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік - экономикалық жағдайларының туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Онсыз қоғам ұғымы ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қоғамның әдет - ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау. Қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар , өндіріс құралдары - құлиеленушілердің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты - құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиелеу ұйымдастыруды нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылды.
Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Экономикалық тәрбие беру
Математиканың сызумен байланысы
Педагогикалық іс-әрекеттер
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Ата-аналармен бірлескен жұмыс мазмұны
Пәндер