Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ТАРИХ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Халықаралық қатынастар кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Еуразиялық экономикалық қауымдастығЫныҢ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғылыми жетекшісі,
т. ғ. к., аға оқытушы
«» 20__ ж.
Халықаралық қатынастар
кафедрасының
меңгерушісі, т. ғ. к.,
«» 20__ ж
тобының студенті
Норма бақылаушы
«» 20__ ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың айтуынша: « . . . біреулерді жаһандану қайтадан «тас ғасырына» қуып тықса, келесілерді өзінің өміршең күш-қуатымен және жайнаған жасампаздығымен құнарландырады» [1, 11 б. ] . Біздің тарапымыздан оған төтеп беру, ғаламдану әсерінен қалыптасқан жаңа жағдайларға машықтану болып табылады. Мұндай машықтанудың бірден-бір әдісі - экономикалық интеграция.
Қазақстанда, сондай-ақ басқа да жаңа тәуелсіз мемлекеттерде өзінің болашағын жаңа тәртіптерге сай қалыптастырудың тек екі ғана нұсқасы бар сияқты:
- қол жеткізген егемендігіне және өз күшіне арқа сүйей отырып, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді өз бетінше өктемдігінде қалуға тәуелділікте болу (әрине, тиімсіз нұсқа) ;
- көршілес мемлекеттермен өзара ұтымды әрі тиімді интеграциялық байланыстарды дамыту, ұлттық экономикалық бірлесе отырып нығайту. Қазақстан қазіргі таңда екінші нұсқа бойынша өзінің даму бағытын таңдап отыр.
Сол себепті біз болашаққа нық аяқпен басу үшін бүгінгі күннің қауіпсіздігіне сенімді болуымыз керек. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынып келеді. Оның айтуынша: « . . . Біз - өзінің жеке тарихы және өзінің жеке болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің үлгі басқаларға ұқсамайтын болады. Ол өзінің өн бойына әртүрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді»[1, 130-131 бб. ] . Әрбір елдің, қоғамның, мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі оның жүргізіп отырған халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты арқылы көрініп, бағаланады.
Осы мәселелерді талдай отырып, мен өзімнің диплом жұмысымның тақырыбын қазіргі таңда үлкен маңызға ие деп ойлаймын. Қандай болмасын мемлекеттің болашағы бүгінгі күннен басталатыны сөзсіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Посткеңестік кеңістегі экономикалық интеграция мәселелерін зерттеуге экономист-ғалымдардың тәжірибедегі адамдардың көптеген еңбектері арналды. Интеграцияның және ортақ аймақтық экономикалық кеңістікті қалыптастырудың жалпы мәселелеріне ТМД елдерінің мынадай белгілі ғалымдарының еңбектері сіңді: Л. Абаукин, П. Алампиев, Л. Бляхма, Т. Койчуев, И. Коротченя, А. Кротов, К. Овчинников, И. Семенов, С. Ситарян, Е. Строев, Е. Чистяков, Н. Шмелев, Ю. Шишков, В. Шульга және басқалары.
Интеграция проблемалары төңірегінде отандық экономист ғалымдар да - қалам тербеді, олардың еңбектерінің тақырыпты зерттеу барысындағы алатын орны зор. Атап айтсақ, Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы және әлемдік экономикадағы алатын орнын анықтау мәселелері туралы ой-пікірлер А. Алшановтың, О. Әлиевтің, Я. Әубәкіровтың, А. Әшімбаеваның, Р. Елемисовтың, А. Есентүгеловтың, А. Қошановтың, Е. Жатқанбаевтың, К. Сағадиевтің, Л. Сухованың және т. б. еңбектерінде қаралды.
Ал экономикалық интеграция, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің, оның ішінде Орталық Азия елдері экономикалық интеграциясы проблемаларына байланысты арнайы зерттеулерді Н. Назарбаев, Н. Исинғарин, С. Сатубалдин, С. Прімбетов, М. Кенжегузин, Д. Қабдиев, Б. Қазбеков, Ж. Әубәкірова, М. Тінәсілов, Т. Мансұров сияқты отандас ғалымдар еңбектерінен көруге болады.
Дегенмен, аймақтық экономикалық интеграцияның кейбір мәселелеріне қатысты еңбектердің барлығына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ концепциясы төңірегіндегі интеграциялық процестермен байланысты теориялық және практикалық мәселелер толыққанды өңделіп, бір жүйеге келтіріліп, кешенді түрде әлі зерттелген жоқ. Сондай-ақ бұл тақырып туралы республикамызда арнайы жүргізілген дипломдық жұмыс кездеспейді. Сондықтан экономикалық саясатты жүргізудегі маңызды бастаулардың қазіргі әлем талаптарына сай бағытталуы мәселелері тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты Әлем елдерінің аймақтық интеграциялануға деген жаппай бет бұрыстарын ескерсек, интеграциялық әлеуметтері өте жоғары ЕурАзЭҚ елдерінің аймақтық бірігуі - объективті қажет процесс еді. Сондықтанда аталмыш диплом тақырыбының басты мақсаты - Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың құрылу тарихы мен қазіргі таңдағы қызметіне баға беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс барысында бірнеше міндеттер туындады. Олар төмендегідей:
- Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың - географиялық, тарихи - мәдени, саяси, экономикалық алғышарттарымен жан - жақты таныса отырып, оларға талдау жасау;
- Еуразияшылдық идеасының қалыптасуы және және қазіргі таңдағы маңызы;
- Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың мақсат міндеттерімен кеңінен танысу;
- Қауымдастықтың институтционалдық құрылымын анықтау;
- Қауымдастықтың әлемдік экономикадағы алар орнын анықтай отырып, сауда қарым - қатынастағы рөлін анықтау;
- Қазіргі таңдағы интеграциялық дамудың маңызын анықтай отырып, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың орнын анықтау болып табылады.
Зерттеу нысаны (объектісі) - ЕурАзЭҚ-қа қатысушы-мемлекеттердің көпжақты экономикалық ынтымақтастығы.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі Жұмысты жазу кезінде обьективтілік, салыстыру, талдау және тағы басқа әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдеріндегі экономикалық - сауда қатынастарына байланысты теориялық және практикалық мәселелерге кешенді шолу жасау және талдау, сондай-ақ оның қалыптасуы мен дамуына байланысты ғылыми негізделген ұсыныстар зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданыстық маңызы Жұмыстың басты нәтижелері мен тұжырымдамаларын халықаралық қатынастар тарихын және әлемдік ықпалдастық үрдістерін оқып үйренуде студенттердің семинар, реферат, курс жұмысын жазу барысында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ
1. 1 Еуразиялық экономикалық кауымдастықтың қалыптасуының алғышарттары
1993-1994 жж. ТМД дамуының жаңаша бір жолын іздеу жылдары болды. Бұл кезеңде ТМД елдерін өзара қарым-қатынасының құқықтық формасын қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. Жүздеген екі жақты және көп жақты келісімдер дайындалды және қол қойылды. Олардың ішінде маңыздысы 1993 жылғы Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қою болды.
Дегенмен Тәуелсіз мемлекеттер достастығында дағдарыстың тереңдеуі тоқтаған жоқ, экспортталған шикізатқа деген баға саясатының келісілген түрде жүргізілмеуі эконмикаға кері әсерін тигізді. Басқа жағынан, демпинг қалыптасқан әлемдік шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық элементтерін енгізді, үшінші елдерді сәйкес шаралар қабылдауға итермеледі. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс, көп ұлтты құрамды, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттерінің барлығында да тереңдей түсті. Нәтижесінде ішкі этникалық шиеленістер өсті, ал кейбір жағдайларда мемлекетаралық жанжалдарға ұласты. Мұндай жағдай, қатысушыларының бір-біріне қарсы күш жұмсаған (мысалы, Армения және Әзербайжан), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы идеясының беделін түсірді. Ол сондай-ақ нақты түрде орындалуын таппаған маңызды міндеттер мен келісемдерді формальды түрде қабылдаумен сипатталады.
Тәуелсіз мемлекетердің бейбіт жолмен құрылуында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үлкен рөл атқарды, дегенмен олардың реинтеграциясы үшін үлесі аз болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы органдары өз функцияларын атқарған жоқ және қабылданған шешімдерін жүзеге асыруда қабілетсіз болды [1, 110 б. ] .
Осы тұста елбасымыздың: « . . . Достастыққа қатысушы елдердің арасында экономиканы дамыту деңгейі бойынша да, заңнама бойынша да, ал кейде саяси көзқарастар бойынша да елеулі айырмашылықтар бар . . . » - деп айтқандары, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы қол қойылған мыңдаған декларациялардың орындалмай қалуының себебін түсіндіреді. Сондай-ақ Достастықтағы экономикалыққа қарағанда саяси мүдделердің үстемдік етуін және ол келесі факторлардан көрініс айта аламыз:
- бұрынғы КСРО ортақ халықтық шаруашылық кешеніндегі шикізатқа бағытталған, бұрынғы экономикалық өзара қарым-қатынас жүйесінің сақталуы;
- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі экономикасы әлсіз елдердің неғұрлым Тәуелсіз мемлекеттер достастығының дамыған елдерінен тәуелді болуы;
- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің қысқа және ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерін қанағаттандыратындай ортақ экономикалық стратегияның жоқтығы;
- Қабылданған шешімдер мен міндеттердің орындалмауы.
- Нәтижесінде, посткеңестік кеңістікте өз бастауын КСРО ыдырауынан дезинтеграция үрдісі әлі де болса үстемдік етуде.
Осылайша, қазіргі таңда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы өзінің интеграциялық әлеуметін көп дәрежеде төмендетіп алғандығын айта аламыз, дегенмен қазіргі кездегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы органдарының құрылымы ондағы бар интеграциялық әлеуметті толықтай пайдалануға мүмкіндік бермейді.
1994 жылғы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қызметін тоқтату немесе дұрыс қызмет ететін бірлестік қайта қалыптастыру сияқты альтернативаны таңдау алдында тұрды.
Осындай жағдайларда посткеңестік кеңістіктің даму перспективасын тұтастай және нақты қамтамасыз ететін концептуалды зерттеулер қажеттілігі туындады. Оның келесідей қағидаларға негізделуі қажет болды:
- тең құқылы және жауапкершілік ұстанымына негізделген;
- қабылданған мемлекетаралық келіссөздерді міндетті түрде орындау;
- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің қалыптасқан мемлекет-саяси институттарын өзара мойындау;
- Шекара бұзылмаушылығын және территориялық тұтастықты мойындау;
- Мемлекетаралық қатынастарда экономикалық, саяси және басқа да түрлі қысымдардан бас тарту;
- өзара әскери әрекеттерді тоқтату сондықтан да бұл тұрғыда жақын елдердің алдымен интеграциялануы дұрыс жасалған қадам - Еуразиялық Одақ құру болған еді.
Еуразиялық Одақ (ЕАО) жобасы осындай жағдайларды ұсынылған болатын. Еуразиялық Одақ идеясы алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1994 жылы 29 наурызда ресей федерациясына арнайы сапарындағы Мәскеудің М. Ломоносов атындағы университетінде лекциясында егжей-тегжейлі баяндалды. Мұндай бастаманы ресейдің ең ежелгі университетінің ғылыми элитасы құптап, ұсынысты қызу қолдады.
Жобаны ұсынушы Н. Назарбаев: «Идеяны өмір шындығына айналарына толық сенемін, онда альтернатива жоқ, тек болашақ қана . . . Және де бұл идеяның авторы мен емес, халықтың өзі. Ал мен тек оны жалпылап халыққа жеткізу белсенділігін өзіме алдым, » - деді [1, 94 б. ] .
Қазіргі уақытта еуразияшылдықтың дамуын үш кезеңге өзекті мәселелердің біріне айналуда. Еуразияшылдықтың дамуын үш кезеңге бөлуге болады: еуразияшылдықтың идеялық қалыптасуы (П. Чадаев, Н. Гоголь, Ф. Достоевский, Н. Данилевский, К. Леонтьев және т. б. ) ; классикалық еуразияшылдық (ХХ ғасыр 20-30жж. ) ; неоеуразияшылдық.
Бүгінде Еуразия тек өзінің еуразиялық ғана емес, дүниежүзілік даму территориясы 22402 млн. шаршы км. жуық, яғни планетаыздың жер қабатының 1/6 бөлігін алып жатыр, ал тұрғындары - шамамен 290 млн. адам. Мұнда 170-тен астам ұлт, халық, ұлттық және этникалық топтар өмір сүруде.
Еуразияның географиялық және этникалық типті бөліп айта аламыз. Еуразияшылдық концепциясын, шын мәнінде, өзіндік ерекшелік тарихи-мәдени концепция деп атауға болады.
Еуразияның нақты геосаяси және үлкен тұрақтылығы алғаш рет Шыңғысхан империясының сынынан өткен болатын. Жазық материктік еуразия территориясын үш өткен болатын. Жазық материктік еуразия территориясындағы үш жүз жылдан астам уақыт бойында моңғолдардың үстемдік етуінің түп тамыры осында. Ешқандай шапқыншылықтың үш жүз жылға созылуы мүмкін емес еді. Яғни, бұл территорияда жүзжылдықтар бойына өте үлкен күрделі этномәдени және геосаяси синтез қалыптасты. Қазіргі кезде еуразия республикаларының тұрғындарының жалғасуда, сондай-ақ миграциялық одан әрі жақындасуның дамуына алып келеді. Ал бұл біздің қоғамымыздағы жылдан-жылға етек алған аралас ұлтты некеге отырулардың куәсі. Мысалы, статистикалық көрсеткішетр бойынша, Қазақстанда 750 мыңға жуық әр ұлттан құрылған отбасы өмір сүруде әрбір жетінші нәресте осындай отбасыларда дүниеге келуде.
Осылайша, мәселе бұрынғы КСРО-ның әкімшілдік-әміршілдік экономикасын қайта орнату туралы емес, ал КСРО-ның құлау кезеңіндегі шаруашылық байланыстардың үзілуімен тереңдеген экономикалық дағдарысты бірігіп жеңу жолы жайында болды. Жобада экономикалық егемендік пен экономикалық интеграцияның үйлесімділігі жеткілікті түрде анық және нақты көрсетілген болатын.
Посткеңестік кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұрғындары саяси этникалық құрамды болып келеді. Әсіресе Қазақстан тұрғындары этникалық құрамының еуропа тектес болуын, оның еуропалық өркениет пен мәдениетке жақындасуына әсер етуші фактор ретінде қарастырамыз. Елбасымыз Н. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ идеясын алғаш болып ұсынуының да мәні тереңде. Сол уақыттан бергі бұл идея төңірегіндегі пікірталастар, ақпараттар тасқыны және Достастық елдері арасындағы ғылыми конференциясының сапалылығы артуда. Жобаның бір кездері жоғалған гуманистикалық, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталғандығы оның маңыздылығын арттырады.
Еуразия мемлекеттерін ғасырлар бойы байланыстырып тұрған ортақ тарих, тұрмыс-тіршілік ғұрыптарының бір болуы, мәдени мұралары, сондай-ақ адам тағдырларының ортақтығы ондағы интгерациялық процестердің кең алғышарттары болып табылады. Бір кездері Украинаны азат еткен мыңдаған адамдар, Смоленщинадан Қазақстанға келген алғашқы тың игерушілер, кезіндегі Беларусьтен Қазақстанға еркін келіп жұмыс істеген инженерлер бүгінгі таңда елдердің тарихында болмаған шекара, кеден және бұл процесс олар үшін жат.
Яғни айтқанда, Еуразия континентіндегі посткеңестік мемлекеттердің жаңа бір интеграциялық толқынға ұмтылыстарына бұрынғы КСРО халықтарының этникалық, әлеуметтік-мәдени жақындықтары, жоғарыда айтылғандай олардың ортақ тарихи, адамдардың жанұялық, мүліктік және басқа да байланыстары, ұжымдасулық психология, әлеуметтік идеология элементері мен дәстүрлері және т. б. өте үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан да жаңа бір географиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени кеңістік құрылу жөнініде сөз болмайды, болмуы да керек деп ойлаймыз. Себебі, бұл континенттегі интеграциялық процестердің қарқын алуы. Ол туралы көптеген ойлардың ұсынылуы объективті және табиғи процесс деп есептейміз.
Еуразиялық идея - халықтың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын тереңдетуге, жетілдіруге ұмтылыс болып табылады. Бұл идеяға ғылымның алғашқы бетбұрыстарынан кейін-ақ, Еуразиялық Одақ құру жобасының толық нұсқасы дайындалып, Достастық мемлекетері басшыларына, БҰҰ-на таныстырылды. Және Мәскеуде өткен (қазан, 1994 ж. ) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
мемлекет басшылары саммитінің күн тәртібіне енгізілді. Бұл ұсыныс тереңге талқыға салынғаннан кейін саммит соңында, Достастық мемлекетерінің басшылар Кеңесі, ұсынылған негізгі идеяны Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
шеңберіндегі интеграциялық процестерді тереңдету мақсаттарында қолдану қажеттілігі туралы қорытындылар жасады.
Нарықтық реформаны ойдағыдай өткізудің маңызды кепілдерінің бірі - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ұлттық заң шығаруларын жетілдіру болып табылады. Осыған орай Еуразиялық Одақ құру жобасында мемлекеттердің шаруашылық қызметтерінің заңдық негіздерін бір-біріне жақындата түсуге ұсыныстар жасалынды. Себебі олардың арасындағы айырмашылық экономикалық интеграция процесіне елеулі кедергілер келтіретіні баршамызға мәлім.
Жобада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қауіпсіздігі мәселелеріне де көп назар аударылды. Достастық мемлекеттерінде, сондай-ақ сыртқы шекаралардағы сол кездегі жағдайды ескере отырып, бұрынғы кеңістіктің әр қилы жанжалдар етек алып, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан тысқары шиеленіс ошақтарының ықпалына да ұшырап, тұрақсыздық аймағына айналып отырғандығын ашық айту қажет болды. Сыртқы шекараны қорғау және кикілжің аймақтарындағы жағдайды қалпына келтіру мүдделі сипаттағы мәселелер төңірегінде бірауыздылық танытуды талап етеді.
Экологиялық қауіпсіздік мәселесіне де арнайы тоқталған-ды. Ол ТМД елдерінде күні бүгінге дейін өткірлене түсуде. Ондай өзекті мәселені әркім өз бетінше шеше алмайтыны бізге мәлім. Гуманитарлық ықпалдасудың да тиімді тетіктері ұсынылған болатын. Жалпы айтқанда жоба бес бөлімнен тұрды.
1. Бірлестік қағидасы
2. Экономика
3. Ғылым, мәдениет, білім
4. Қорғаныс
5. Экология
Интеграция жайындағы бұл пайымдау 1994 ж. қалыптасса да, жобаның барлық қағидалары бірден жүзеге аспағанын білеміз. Біздің ойымызша жобаның ұсынылуына екі түрлі себеп басты түрткі болды. Біріншіден - кешегі кеңестік елдерде бір уақытта туындап жатқан бұдан былайғы интеграцияны дамыту жайындағы ұсыныстардың көңілге қонымдыларын сұрыптап, жалпы жинақтама жасау. Екіншісі - ТМД институттарының «сылбыр» қызметтеріне жаңа қарқын беру.
Мұндай одаққа бірігіудің негізгі қағидалары - теңдік, суверенитетті жоғары бағалау, территориялық біртұтастық және мемлекеттік шекараларға қол сұқпаушылық, әрбір адамның жекелік және тұлғалық құқылығы. Осы тұста Қазақстан Президентінің: «Теңдікке, еріктілікке және өз мүддесін ойлаушылыққа негізделген интеграция тек Еуразияның лайықты болашағын қамтамасыз етіп қана қоймай, ХХІ ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың ең басты, ең зор сипатына айналары сөзсіз» [1, 112 б. ] . - деген сөздері зор маңыздылыққа ие.
Біздің ойымызша, ЕАО идеясы алғашында саяси карьерасын бұрынғы кеңестік республикалар негізінде қалыптастырғандар үшін кері көзқарастар туғызды. Дегенмен, бұл мәселенің қозғалуына ТМД-ның қызмет етпейтін құрылымдарын жаңа енгізулермен алмастыру көзделінген және процесін байқауға болатын.
Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясы сессиясында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев ТМД-ның басты сәтсіздіктері себептерін қортындылай отырып, бұл кеңістіктегі сәтті интеграциялық бастаулар ЕАО құру үлгісінде келтірілген ұсыныстар негізінде дамуының болашақта жетістіктерге жеткізетіндігіне үлкен сенімділік білдіреді. Сондай-ақ, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі ТМД-ның жалғыз интеграциялық форма бола алмайтынын, аймақтық және салалық бірігулердің қалыптасу қажеттілігін айтып өтті.
Уақыт өткен сайын мұндай көзқарастың дұрыстығы айқындала түсуде. Осының дәлелі: ТМД территориясында қалыптасқан аймақтық бірлестіктер (олар туралы алдынғы бөлімдерде қарастырылды) .
«Ағайынды» елдердегі интеграция жақтаушыларының күш-жігерлерінің нәтижесі ретінде 2000 жылдың 10 қазанында астана қаласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей федерациясы және Тәжікстан республикасы президенттері еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Бұл қауымдастықтың құрылуына дейінгі ТМД елдері арасындағы интеграциялық процестердің даму хронологиясын келесідей сипаттауға болады.
1. Экономикалық одақ құру туралы Келісім-шарт, 1993ж., (ТМД-ның 11 мемлекеті) .
2. Еркін сауда аймағын құру туралы келіссөз, 1994ж., сәуір (ТМД мемлекеттері) .
3. Кедендік одақ келіссөз, 1995ж., қаңтар (Беларусь, Қазақстан, Ресей) .
4. Интеграцияны экономикалық және гуманитарлық аймақтарда тереңдету туралы келісім-шарт 1996 ж., наурыз (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) .
5. Тауар, қызмет, еңбек және капиталдың ортақ нарығын құрудың бағыттары туралы шешім, 1997 ж., қазан (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) .
6. Кедендік одақ және ортақ экономикалық кеңістік құру туралы келісім-шарт, 1999 ж., ақпан (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) .
7. ЕурАзЭҚ құру Келісім-шарт, 2000 ж., қазан (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) .
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы 1994 ж. наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ЕАО идеясының мәреге жеткен десек артық болмайды.
Аймақтық бірлестіктердің сәтті қызмет етуі мен экономикалық тиімділігі келесі факторлардан тәуелді: интеграциялық бірлестікке кіретін елдердің санынан; интеграцияланушы елдердің ғылыми-технологиялық деңгейінен, экономикалық дамуынан және еларалық экономикалық өзара байланыстардың даму деңгейінен; интеграцияға дейінгі болған сауда барьерлерінің деңгейінен.
Тағдырлары ұқсас бұл мемлекеттердің «жас ұйым» құруына және оның дамуына оң ықпал ететін, оның құрамына кіретін елдердің бірқатар бәсекелестік артықшылықтарын көрсетуге болады:
- ұтымды географиялық орналасуы;
- КСРО -дан мұралық еткен өндіріс саласындағы бірқатар әдістер,
- Жоғары білімді және кәсіби машықталған деңгейдегі еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;
- кейбір өнеркәсіп салаларындағы сирек технологиялардың болуы;
- салааралық байланыстарды дамыту үшін материалдық алғышарттардың жеткілікті болуы және салыстырмалы түрде дамыған өндірістік әлеумет.
ЕурАзЭҚ елдері интеграциясын меңзеген басты алғышарттардың маңыздысы - жекеленген елдердің ішкі нарықтарының, әлемдік түсінікке сай, сыйымдылығының аздығы және рационалды қалыптастырылған транспорттық коммуникациялық желінің жоқтығынан оның бытыраңқылығы.
Ішкі нарық сыйымдылығының жеткіліксіздігі қазіргі заманғы бәсекелестік қабілетті өндірістің қалыптасқан және тиімді қызмет етуіне мүмкіндік бермейді.
ЕурАзЭҚ 1995 ж. қалыптасқан ТМД территориясындағы Кедендік одақтың (КО) негізінде құрылды. Себебі КО-ң алға қойған мақсаттары мен міндеттері ЕАО жобасының қағидаларын қанағаттандыратын еді. «Жалпы айтсақ, бірігудің негізгі ұстанымдарының үштен бірі КО мемлекеттерінің ұйымдастырушылық және алынатын құжаттарында көрініс тапты» .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz