Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
ТАРАУ І. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасу және даму тарихы ... ... ...6.12
1.2. Сабақ.оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ... ... ... ... ... ... ... ... 12.17
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың түрлері ... 18.27
2.2 Қазіргі орта мектептегі сабаққа қойылатын талаптардың мәні ... ... ... ..28.32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34.35
ҚОСЫМША

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды»-деген болатын.
Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.

1. Қоянбаев Ж.Б. «Семья және балалармен жеткіншектер тәрбиесі»
Алматы 1990 жыл.
2. Қоянбаев Ж.Б. «Педогогика» Алматы 1992 жыл.
3. «Педогогикалық ізденіс» Алматы 1990 жыл.
4. Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші». Оренбург, 1924 ж.
5. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы, 2005ж.
6. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
7. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
8. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
9. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
10. Сманов І,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
11. Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004
12. Дүйсембекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Алматы 2001
13. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
14. Борбасов С. Қазақстандық патриотизм туралы//Ақиқат. - 1991. - №9.
15. Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм қалай қалыптасады //Егемен қазақстан, 10 Қантар 1998.
16.Амонашвили Ш.А., Воспитательная образовательная оценка учения школьников. М. 1984г.
17.Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы 1992ж
18.Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитания школьников. Из опыта работы Москва 1977г.
19.Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы Рауан. 1994
20.Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие қайнары. Алматы Ғылым. 2002
21.Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз. Білім 2006 №10 26-30б.
22.Айталы А. Асықпағанның асығы алшысынан түсед. Алматы. Қазақстан – 2003-56б
22.Лихачев Б.Т. Методологические основы педагогики. Самара. 1998
23.Спиркин А.Г., Юдин Э.Г., Ярошевский М.Г. Философский энциклопедический словарь. М. 1983 364 б.
24.Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы Алматы: Мектеп
1984.- 255 б.
25.Құнантаева Қ.Қ. Оқушылардың оқудан тыс бірліктері. Алматы: Мектеп 1970. – 56б.
26.Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы //Бастауыш мектеп, 1986 №9 16-128б.
27.Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б.
28.Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. //Бастауыш мектеп, 1992 №2
29.Ғабдуллина А. Ұлттық тәрбиеге ұмтылыс //Қазақстан мектебі, 1991 №4 40б.
30.Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. //Бастауыш мектеп 1994, №1 – 12б.
31.Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлттық мұраты». Алматы 1996

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
ТАРАУ І. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасу және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-12
1.2. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі
формасы ... ... ... ... ... ... ... ... 12-17
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...18-27
2.2 Қазіргі орта мектептегі сабаққа қойылатын талаптардың
мәні ... ... ... ..28-32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34-35
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36- 43
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен
құндылықтар туралы айтты: Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды
қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.біз ненің
іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз
дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге
және ұғынуға тиіспіз. Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған
уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп,
сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар
іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-
жара қарауға болмайды-деген болатын.
Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында
педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен
(сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді
жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін
қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге
оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің
көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру,
бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі
мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады.
Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның
кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі
түрлерінсн басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның
жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру сапасын реформалаумен тығыз
байланыста іске асуда.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұңдай дәстүрсіз түрлсрі көбінесе оның жеке
әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-
тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық
сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама,
компыотерлік сабақтарын жатқызуға болады.
Бірақ, жоғарыда аталғап сабақтың дәстүрлі емес түрлсрі - оның жаңа немесе
жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы
анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта
қолданалатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс,
көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция)-сабақтың элементтерінен
қарау керек.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі
озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған
еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары,
библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер,
саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер,
арнайы семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру
университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін "Өздігінен білім
алу мектебі" т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың
өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым
дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген
сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ
түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және
лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс
сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, ждарнама сабағы және т.б. осы
аталған сабақтардың әрқайсысын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға тәрбие
беруге болады.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларн еске алып,
тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңзы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр-түрлі сабақ түрлерін
өткізудегі жаңалыктарын іс-тәжірибесінен байқауға болады. Өйткені, олардың
оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл
мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде,
әсіресе Қазақстан мектебі журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір
шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік
деңгейдс өткізетіндігін көруге болады.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие
мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М.Н.
Скаткин, М.И. Махмутов, В.Ф. Шаталов, Е.И. Ильин т.б.) белгілі жағдайлар
керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің
шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы,
ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы,
білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім
мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен
кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық
жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын
сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл
мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар
оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмысқа тарата
және қызықтыра білетін педагогикалық құралы-балалар ұжымы. Ол балаларды
зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне
қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі.
Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей
басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен
жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды,
ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.
Сабақ формалары мен түрлері мәселелері көптеген зерттеушілердің
еңбектерінде кеңінен зерттелген. Зерттеушілердің ішіндегі орыс
зерттеушілерінің еңбектерінде сабаққа қойылатын негізгі талаптарын көптеп
зерттелген (И. Н. Казанцев, С. В. Иванов пен А. Даниловтардың еңбектері).
Ал, қазақстандық зерттеушілерден Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, К. Сейталиев
атап өтсек болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың
негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
1.Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасу және даму тарихын зерттеу;
2.Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізіне сипаттама беру;
3.Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың түрлері мен ерекшеліктерін ашып
көрсету;
4.Қазіргі орта мектептегі сабаққа қойылатын талаптардың мәні мен мазмұнын
ашып көрсету.
Зерттеу әдістері:мектеп құжаттары, әңгіме, бақылау, сұхбат, озат
педагогикалық бөліміне зерттеу.
І-тарау. Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасуы және даму тарихы
Оқытуды ұйымдастыру формасы-оқыту процссінің міндеттерін іске асырудағы
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Қйымдастыру
формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бір-ыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш
түрлі формасы қалыптасқан; жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне жәнс орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім
жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып
тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау
амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене
шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не
бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық
оқу жүйесіне өтс ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп
отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы"
немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары,
білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай
мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам
оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді
оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші окушыларға өздерінің
мұғалімнен алған білімдсрін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы
тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке, дара, әрбір
оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды.
Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесін
атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл
әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын
бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар)
белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын
жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,
бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке
басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде
ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйссінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогика-лық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен
мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі
түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі
жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттггерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен
педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың әр-түрлі
формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні-дәрісбаян
(лекция).
Дәрісбаян оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие
формасы. Дәрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын
баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды.
Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оқу материалы
қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты
суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дәріс тыңдармандардың
белсенділік көтеріңкілік баға беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-
қуаттау көрсетеді. Сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп,
сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты
дәрісбаян: кіріспе, айқындау ағымдық қорытындылау және шолу түрлерімен
ажыралады.
Оқу дәрістерін өткізу әдіс-тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері
төмендегідей:
ақпараттық дәрісбаян - түсіндірме-көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі,
ежелден келе жатқан оқу түрі:
проблемді дәрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған
сұрақтар, мәселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу
формасы. Таным процессі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, әрқилы
көзқарастарды салыстыру және т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
көрнекілі (визуалды) дәрісбаян оқу материалын техникалық оқу құралдарын,
аудио, теледидар қолдану арқылы түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
бинарлы дәрісбаян (диалогты дәрісбаян) оқу материалын екі оқытушының - бірі
ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты
негізінде жеткізу формасы;
-шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация)-мұндай дәрістер алдын ала
жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсаты оқушылар ынтасына дем
беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды
байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып,
жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
Дәрісбаян-конференция-ғылыми-практи калық сабақ түрінде күн ілгері
белгіленген, оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар
тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды,
ақпаратты толықтырады әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
Кеңес дәрісбаяндар сұрақ-жауап не сұрақ-жауап-сөз-жарыс күйінде
материалды оқушыға жеткізу формасы;
Екеу дәрісбаяны (лекции вдвоем)-бір пән не тақырып бойынша екі маман бір
уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі
анықталады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тәрбиелік,
дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;
ықпал-әсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар
қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, әдетте, дәрісбаян үш, кіріспе, негізгі және қоры-
тынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады жоспармен
міндеттер таныстырылады, негізгі және қосымша әдебиеттер көрегіледі,
өтілген материалдармен байланыстар түзіледі.
Семинар-меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық
талқылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан
өзгешей оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік
жұмыстары негізіне ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек
көздерінен құжаттардан, қосымша әдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер
барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі.
Жүргізу тәсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса
кең тарағаны-семинар-сұхбат: оқытушының қысқа кіріс сөзі және
қорытындылауымен жоспарға сәйкес кең әрі ашық сұхбат-әңгімелесу формасында
өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият
дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың әр сұрағы бойынша жеке оқушылар
хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады
әрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара болып алады да, баяндамалар,
хабарламалар дайындайды, кейін олар ссминар сабағында тыңдалады және
талқыланады.
Оқу-конференциясы-білім арттыру, бекіту және жетілдіруге бағытталған оқу
ұйымдастыру формасы. Әдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен
өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар-оқушылардың мұғалім-дер
тапсырмалары және басшылығында зертханалық тәжірибе жұмыстар орындауына
арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пән кабинет-терінде,
зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тәжірибе алаңдарында, оқушылардың
өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарын-да өткізіледі.
Факультатив сабақтар-оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және
қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шәкірттердің ғылыми-теориялық
білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сәйкес факультатив түрлері келесідей:
негізгі оқу пәндерін тереңдете игеру;
қосымша пәндерді (логика, риторика, шет тілдері және т.б.) меңгеру;
мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты
қосымша пәндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тәжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары-әрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын
оқушылардың тікелей бақылау және зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көр-
ме, табиғат аясы жағдайларынла жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік табиғаттану,
өлкетану, әдеби, жағрапиялық және т.б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тәуелді тақырыптық және шолу саяхаттары
жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пәндерінің өзара
байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика және химия, биология және
география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі
мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды
ретінде ұйымдастырылады.
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде
пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі-бұл экспедиция-экологиялық
жағдайлармен тануға, тарихи деректер және ауызекі әдебиет материалдарын
жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс-оқу ұйымдастыру формасы ретіндс жоғары мектеп
жүйесінде оқу пәнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол
меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-әрекет аймағымен байланысқан
өндіріс-техникалық не басқа міндет мәселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін
ашады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім орындарының оқушылары
курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай жұмыс жалпығылымдық,
математикалық не арнайы пәндер бойынша дайындалалы. Оларды орындау
барысында студенттер техникалық, технологиялық және математикалық
проблемаларды шешеді.
Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша
жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу
сипатындағы мәселе, міндеттермен айналысады.
Дипломдық жоба-білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу
кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-
теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын
түзеді не дипломдық жұмыс жазады және қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік
біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде
шешім қабылдайды.
Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп
формаларының бірі.
Өндірістік практикалық дидактикалық мақсаттары - кәсіби ептіліктер мен
дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы
игерілген білімдерді кеңейту, бекіту, қорытындылау және жүйелеу.
Өндірістік практикалық құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты
айқындалып, нәтижеде ол маманның кәсіби іс-әрекетке болған бірітұтас
дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сәйкес
кәсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.
Үйдегі өзіндік жұмыстар-дәрісхана оқуларынан тыс білім игеру процесінің
құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі таңда өте жоғары,
себебі қазіргі нарықтық кезең әрбір оқушыдан үздіксіз өзіндік білім
жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп
баруды талап етуде.
Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қасиеттерінің дамуы осы
үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.
Кеңес- оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті
игерілмеген оқу материалы бойынша жәрдем көрсету мақсатында
ұйымдастырылады. Пәнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз
алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан және сынақтарда
қойылатын талаптармен таныстырылады.
Енді алғашқы қазақ педагогтарының тұжырымдамаларына тоқталайық.
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа
заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған
көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, тарихи қызметі мен зор
талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен
көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі
мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп
түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі
тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта
ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады.
"Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы
педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде
жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".
Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп
ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы
мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі
соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін
жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту,
тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар
жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-
интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені
ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын
болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне
көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.
Сондықтан да ол: Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы...
Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты, - деп жазған
болатын-ды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет
істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда,
мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға –
мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша
жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз
берері шамалы деп есептеген.
Біздің отандық педагог, әлеумет және саясаттану ғалымдарымыздың
тарапынан білім берудің ұлттық моделін жасау қажеттігі туралы мәселе көптен
бері айтылып келеді. Ал XX ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы
мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың еңбектері екені
бәрімізге белгілі. Яғни ұлттық білім беру моделін жасау ұлттық ғылымның
негізін қалаушылардың еңбегінен тыс бола алмайды.
Ж.Аймауытов "Психология" еңбегінде мұғалімнің кәсіби дайындығы
туралы былай дейді: "Айтпай-ақ белгілі, баланың мінез-қылығын байқаушы -
оқытушылар балаларынан бақылаган, тапқан-таянғанын соларды амалға тәрбиелеу
үшін құрал ету керектігі; амалға неше түрлі мақсатқа қолайлы болган
серпілудің бәрі кіреді".
Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны
тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға
бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:
-сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке
субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді бағалау, бекіту
кезінде есепке алады;
- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыға ерік береді, сол күнгі
сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;
- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке
ерекшелігіне сай сұрыптап береді;
- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу
негізінде құрады.
Сабақта оқу-тәрбие үрдісінің барлық педагогикалық элементтері: мақсаты,
мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс
табады. Оның нәтижелілігі - оқушының білімді дұрыс меңгеруінің шарты.
Сонымен қатар сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы зор.
Әдістемелік тұрғыдан шебер, педагогика-психологиялық тұрғыдан сауатты,
дидактикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған сабақ оқу-тәрбие үрдісінің
нәтижелілігінің кілті деуге болады. Бұл туралы ағартушы ғалым М.Жұмабаев
мынадай ойлар айтады: "Тәрбиеден мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей
қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару", ал "...балага
білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп жаңа білімді ескі
білімге байлап беру керек". Ғалым сабақ барысында орындалатын орекетке
мұқият болуды айтады: "...сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның
ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отыруынан, ауаның бұзылуынан.
Сондықтан сабақ уақытында балалар абай болмай бастаса, мұғалім дереу
балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып сыныптың ауасын тазарту керек".
Қорыта айтқан, Сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу-
танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру формасы. Сабақ
жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық
талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты.
1.2. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Сондай-ақ сабақ-оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы
болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде
алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың
рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары
көзделеді.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық
шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің
мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді,
қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың
шын мақсаты –тұлғаның оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір
сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде
күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен

Сабақта оқушыларға білім берумсн қатар олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Әр сабақ негізгі бірліктерден
құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік,
дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік
сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа
түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және
сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы-бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген
дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық
мақсатқа оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылық-тары мен
ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының
көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады. Бүгінгі
дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы
жоқ. Мұның басты себебі-сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара
байланысқа түсетін ықылас іс-әрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін
күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше
топтастырады:
-дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері;
жаңа білім материалын хабарлау;
білімді бекіту;
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып бекіту;
қорытындылау;
білім, ептілік және дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дәрістерін өткізу тәсілі бойынша сабақ типтері:
оқу саяхаттары;
кино-теле-сабақтар;
өзіндік жұмыс сабақтары және т.б.
Дәріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
жаңа материалды игеру;
бекіту;
қайталау;
-білімді бақылау, тексеру.
Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын
ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау,
түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың
бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсеңділігі
жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл
құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе жоғары сыныптарда кеңірек қолданған
дұрыс болар. Себебі. оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып
келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және
оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар.
Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық
принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік
және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру,
теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі
негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні
оқушының өзі ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген тереңде әрі өз
бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше
шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық
белсенділігінің деңгейі мен синаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу
тәрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары
және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының
бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал
жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принціпін іске асыру барысында
келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс: тағы жұмыстың мақсаттары мен
міндеттерін анық түсіну-саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға
көрсету маңызымен мәнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына
жеткізе білу;
оқыту барысында оқушы не неліктен және қалай істеу керектігін түсінуі.
Сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән-
мағынасын ұғынуы;
оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану,
талдауды біріктіру тәсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-
қарсы қою, біріктіру, сәйкестігі жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса,
индукция тәсілін жиі қолдану;
оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-мағынасын түсінуі: оларды
қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйену, бейнелі
салыстыруларды пайдалану, мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған
ұғымдарды сабаққа қолданудан аулақ болу;
балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың
ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайдарды қамтамасыз ету, мұғалімнің
түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының әнгімелеп бергені
тиімді де, әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін
оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тәрбиелеуге уақытты да
күш-қуатты дайындау;
оқушыларға белгілі мәліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру,
игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс
болмаса, саналы оқу да болмайды.
оқудағы басты нәрсе оқытылып жатқан пән емес, ол мұғалім тәрбиесімен
қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пәнге қосалқы элемент болмайтындай етіп
оқыту әрі тәрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пәнді мұғаліммен бірге белсенді
игеретін субъект дәрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді
оқытумен байланысқан мұғалімнің өз әрекет-қимылы.
оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы
айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар
жасау;
егер әр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол
ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе оқу
табысы соғұрлым жоғары болады.
беріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды
табуға және ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды
түсініп, игеретін дәрежегі жеткізу. Сабақта келтіретін дерек және
мысалдардың негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамауы.
Көрнекілікпен оқыту принциптері. Оның негізінде келесідей ғылыми
заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әр-
түрлі қабылдамайды, адамның көбі органдардың аса жоғары сезімталдығына ие;
рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық
каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарын (оптикалық канал
бойынша) миға келіп түсетін ақпарат құайта таңбаланбайды, ол оқушы есіне
жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік
принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін
атап өтейік:
-сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда,
табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп,
оларды оқу процесінде пайдалану;
-оқушы ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен
өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденеген ұғымдар мен сөздерден
құрадмай, оның тікелей қабылдануындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
-оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды
пайдалану, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына-көретінді, құлақ қабылдауына-
естілетінді, иіс, дім қабылдауға тиісті мүшелерді;
-бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік-мақсат емес, оқушының ойын
дамыту және оны оқыту құралы;
-оқыту және тәрбиелеу барысында: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар
бала санасынына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде
жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады, олардың мәнін ашуға әрқилы
көрнекілік түрлерін пайдалану;
-көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық
ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл
оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік
береді;
-көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте
анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретін оқу және тәрбие
барысында естен шығармау;
-оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп-салдармен сәйкестендіру;
-көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген
бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дірежелерін өз
алдына, содан соң –қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету;
-әр-түрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен
асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-
мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге
алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана,
оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың
басты тәсілі-белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің
бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен және оқушылардың танымдық
мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің
тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің,
ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да
себептермен бұзлмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі
бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға
үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекеттерінде үлкен қиыншылықтарға
кезігеді; егер оқу ісінде бәсеңдейді.
Мұғалім тәжірибесінде жүйелілік пен бірізділік көптеген ережелерді
орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:
-оқушылардың білімдер жүйесін қалыпта игеруін қамтамасыз ету үшін
схемаларды, жоспарды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге
келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды
бірізді оқу әрекеттерін жасауға үйрету;
-егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай
сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қоймау;
-матеиралдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға
жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске қалса, үлгермеушіліктің алдын
алу үшін олқылықтарды түзету;
-әрдайым пән аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-
ақ оқу әдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз
ету;
сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой
болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, әркімге
белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.
Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі-оның төртінші және бесінші кезеңі болып
табылады.
Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері
қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.
Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус,
приборлар, оқу-әдісгсмелік кітаттары, көмекші оқу құралдары т.б.) жәнс оны
пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны үй тапсырмасын беру.
Н. К. Крупская мұғалімдсрдің назарын тапсырманы орындау жөнінде
оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, оның мақсаты
түсінікті болуына бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына
аударады. "Ең қызық тапсырма - дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей
алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім"- деген
тұжырымдама жасайды.
Сонымен біргс Н. К. Крупская мұғалімдердің сабаққа әзірлену барысында
оқушылардың үй тапсырмасында теңестірушілікке жол берілуге болмайтындығына
олардың назарын баса аударады. "Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы
жерлерін, оның білімі мен дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа
оқушыларға берілетін тапсырмалар оларды тым алға сүйреп әкетпей, олардың
алған білімін тереңдете, оның сапасын жақсарта түсетін болсын"- дейді ол
(Тандамалы шығармалары, 202-203 беттер орыс тілінде).
Сабақ жоспарлары мүғалімнің дайыңдығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі
мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.
Тәжірибелі мұғалімдср жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты
өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті
орыңдадды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер
мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.
Қорыта айтқанда, сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық
элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін
барып оның қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі.

2.1. Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың түрлері
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классисфикациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі)-сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру,
түрге бөлу. Дидактикалық сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз
береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер
әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы
және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдсрінің де өзгеріп, жаңарып
отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың
жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н.
Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық
мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту
процесінің ерскшгеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр-түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-
біріне өте ұқсас келеді.
И. Н. Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарын өтетін
бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырып арқылы
қайталау -қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы- оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы-оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында
11. Әр нәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
12. С. В. Иванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағья.
3. Жаңа білімді мсңгеру сабағы.
4. Меңгерген білімді тожірибсдс қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау жонс қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы.
Б. И. Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
Жаттығу сабағы..
Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ
түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары,
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларыи тексеру және
бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ
9. Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуыңда белгілі
бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім
оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай "Жаңа білімді хабарлау
сабағы" деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде
пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол "Жаттығу немесе практикалық сабақ"
деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол "Қайталау-қорыту сабағы" деп аталады.
Ал сабақтың "Аралас сабақ" түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді. Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге
асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас
өтеді. Міне, осындай сабақ түрі "Аралас сабақ" деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды
бөліктерінің, кезендерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзегс
асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат,
міндеттерін тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік жәнс зертханалық жұмыстар жүргізу).
5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактиктикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.
Кіріспе сабағының құрылымы.
1. Сабақтың басталуын ұымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-
міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын
немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе
тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, ондағы сабақтарда оларды өткізу
тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын
оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.
5. Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелер-ді
шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын
меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді
баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Соңдықтан
да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылған мақсатқа сәйксс және оқушылардың жас ерекшеліктері мен
таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті
мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысыңда мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен
ұласып отырады.
6. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндет-
терін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрді жаттығулар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz