Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік қарыз


Жоспар
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Негізгі бөлім
1. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
2. Мемлекеттік қарыз
Қортынды
Мемлекеттік борышты басқару
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет - мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.
Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар:
- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді.
Бюджет сонымен қатар мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні бүгінгі уақытта мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді.
Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады.
Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай -ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды.
Бюджеттің толықтылық қағидасы- бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.
Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді. Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде -бір елде дұрыс сақталынбайды. Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады.
Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.
Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
Негізгі бөлім
1. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының - бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады.
Бюджет механизмі (тетіктері) - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының арасында бөлістіреді.
3. Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.
Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.
2. Мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері Мемлекеттік қарыз (борыш) - Мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері бар. .
Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің шығыарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.
Ағымдық қарыз - бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады.
Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1) үкіметтік борыштың лимиті.
2) Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.
3) Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Қортынды
Мемлекеттік борышты басқару
Мемлекеттік борышты басқару - мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:
• Қайта қаржыландыру
• Конверсия (Мерзімді ұзарту)
• Консолидация (Жаңғырту)
• Сәйкестендіру (унификация)
• Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау
• Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту
• Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанада дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Борышты өтеу - қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінең өтеуді білдіреді. Сонымен бірге, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.
Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.
Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мұмкін.
Мемлекеттік қарызды басқарудың аталып өткен әдістері бір уақытта да қолданылуы мүмкін.
Ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды және валюталық ресурстарды тарту оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz