Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 2 . 4 бет


1. Бауыржан Момышұлының өмір тарихы мен шығариашылығы 5 . 27б

1.1 Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
1.2 Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары 8 . 14 бет

1.3 Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері 14

1.4 Жауынгер жазушы 17

1.5 «Москва үшін шайқас» романының өмірге келу тарихынан 21

2. Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер

2.1 «Ақиқат пен аңыз» атты романы жөнінде

2.2 Ойнаған от ішінде найзағайдай . Батыр туралы естеліктерден 34

2.3 Азамат. Қаламгер. Қаһарман
2.4 Бауыржан мен Мұхтар


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... 53 . 55 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .56
Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік.
Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.
Ол: "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды", — дейді.
Біздің халқымыз, әсіресе, жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін.
Нурсултан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
(Тәуелсіздіктің 17-ші жылдығына байланысты салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен). Астана, 2008 жылы 15 желтоқсан.

Ер азаматқа бақыттың, ең үлкені — халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасақ — кімде кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам үздік көзге түскен, даңққа ие болған, халқының сүйіспеншілігіне бөленген. Сондықтан да әрбір халықтың көркі, мақтаны не дегенде алдымен атышулы батыры, даңқты ғалымы, өнерпазы, данышпан жазушысы аталады. Мысалы осы дәстүр бойынша қазақ халқының бұрынғы өткен дарқандарын айтсақ, ауызға Қобланды мен Қамбардың, Исатай мен Махамбеттің, Құрманғазы мен Шоқанның, Абай мен Ыбырайдың есімдері ілінер еді.
Бүгін жас ортасы елудің биік белесіне шығып отырған Бауыржан Момышұлының атын айтқанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі — батырдың бейнесі, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Ба¬уыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылса ше? Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипатының ғажап сыйысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес[1].
Бауыржан Момышұлы бұрыннан әдеби кейіпкер болуға дайын тұлға еді. Өзі көсем, өзі шешен және жазушы. Соғыс кезіңце оның 40 макаласы жарияланды. Ол туралы А. Бек кітап жазды. Нұршайықов «Ақиқат пен анызда» дайын образды сол қалпында кайталап шықты. А. Бек те дайын образды кітап етіп шығарды.
Ерлігі де, өрлігі де, білімділігі де парапар. Оны сен қазір кез келген маршалдың қасына апарып қойсаң, ешқайсысынан кем түспейді. Мәселен, Кубаның соғыс министрі Рауль Кастромен қатар отырған кезін қара. Бөтен елдің министрімен терезесі тең, тіпті биік те. Әсіресе, соғыс тактикасы жайында сөз сейлегенде, Кастро-министр полковник Момышұлынан төмен қалады. Оны Кастроның озі де мойындап отырады.
1. Аманжол Қ. Баукеңнің университеті // Егемен Қазақстан, №181 (25578) 23 мамыр сенбі 2009 жыл
2. Аманжол, Қ. Баукеңнің университеті // Егемен Қазақстан. - 2008. - №48, 23 ақпан. - Б.5. : фото
3. Апатанов К. Человек-легенда: К 90-летию Бауыржана Момышулы // Панорама Шымкента. - 2000. - 3 ноября
4. Апатанов Қ. Аңыз адам Шымкентте оқыған // Оңтүстiк қазақстан. - 2000. - 7 қараша
5. Аупбаев Ж. Сырымды саған айтам. – Алматы, 1990. – 7-17 бб.
6. Ахметова З. Шуақты күндер. – Алматы, 1987. – 262 б.
7. Әбілұлы М. ХХ-ғасырдың күлтегіні: Қазақ халқының қаһарман-жазушысы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай // Жұрағат. - 2007. - №6. - Б. 10-11
8. Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. – Алматы, 1992. – 122-132 бб.
9. Қаһарман Бауыржан Момышұлы (1910-1982). Фотоальбом. – Алматы, 2008.- 192 б.
10. Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. – Алматы, 1992. – 144-148 бб.
11. Момыш-улы Бауыржан. «Наша семья».- Калинин: Книжное издательство, 1956. - С. 173.
12. Бауыржан батыр. – Алматы, 1991. – 352 б.
13. Егембердиева Ж. Өмірінің өзі дастан. – Алматы, 1990. – 320 б.
14. Қалдыбайұлы Т. Бауыржан батырға барғанда. – Алматы, 1982.- 215 б.
15. Егеубаев, А. Бауыржан мен Ержан // Қазақ әдебиеті. - 2005. - №7, 18 ақпан. - Б.10.
16. Ешджанова С. Сменив оружие на перо: К 90-летию Бауыржана Момышулы // Панорама Шымкента. - 2000. - 3 ноября
17. Жамбыл. Ел қадірін біл, балам. – Алматы, 1996. – 515-529 бб.
18. Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер / Құрастырған: М. Мырзахметұлы. – Алматы, 2007. – 208 б.
19. Жұмабек С.Ақиқат шындықты талап етеді // Ақиқат. - 2006. - №5. - Б. 37-42. : фото
20. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. – Алматы, 1998. – 368 б.
21. Жұмағұл С. Өшпес ерлік, өр тұлға // Ақиқат. - 2006. - №7. - Б. 21-27. : фото
22. Иманасов С. Партизан Қасым Қайсенов // Әдебиет айдыны. - 2007. - №5, 8 ақпан. - Б. 4-5. : фото
23. Иманбекұлы Т. Ұлағат ұясы. – Алматы, 1994. – 221 б.
24. Момышұлы Б. "Капитан Лысенко" // "Әдебиет және исскуство" журналының №2, №7 сандарында 1958 жыл.
25. Момышұлы Б. "Возмище деревняс" // "Советский Казахстан" газетінің № 1, № 2 сандарында 1958 жылы.
26. Кравченко Т. Сын своего народа // Панорама Шымкента. - 2000. - С. 10 ноября
27. Қалдыбай, М. Адам не үшін өмір сүреді? Бауыржан Момышұлы шерткен сыр [Текст] // Түркістан. - 2003. - № 44, 30 қазан. - Б. 6
28. Қаратаев М. Шеберлік шыңына. – Алматы, 1963. – 337-353 бб.
29. Масатбаев О. Момышұлына ескерткіш орнату неге кешеуілдей береді? [] : "Бауыржан Момышұлының мұрасы және патриоттық тәрбие" бағдарламасның және Төле би қорының үйлестірушісі Оралжан Масатбаевпен сұхбаттсақан Е.Зәңгіров // Нұр-Астана. - 2006. - №4, 1 ақпан. - Б. 6.
30. Маталиева А. "Москва үшін шайқас" романының өмірге келу тарихынан // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2006.- №12.-102-106 б.
31. Молдабек Ш. Батырын бағалаған ауыл: Б.Момышұлы - 90 жаста // Шымкент келбетi. - 2000. - 3 қараша
32. Жамбыл. «Қазақ майдангерлеріне хат» («Балама хат»). Өлең // «Правда» газеті, 1943 жылы 6 февраль.
33. Қалдыбаев М. Ұмытылмас кездесулер. – Алматы, 1979.
34. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2000. – Т.1. – 480 б.
35. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап / ауд. М. Қазбеков. – Алматы, 1991. – 400 б.
36. Момышұлы Б. Офицердің күнделігі. – Алматы, 1952. – 130 б.
37. Мусаева Н., Бейсенбаев М. Ұлағаты мол тағдыр [] : биография отдельного лица // Ақиқат. - 2005. - №5. - Б. 11-15. - Библиогр.: кітаптардың аты 11.
38. Мырзахметұлы М. Аңыз-Адам: Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің каферда меңгерушісі... әңгімелескен К. Сәттібайұлы // Егемен Қазақстан. - 2005. - №284, 21 желтоқсан. - Б.5.
39. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы, 2004. – 396 б.
40. Садықова Ә. Батырлардан қалған өсиет // Егемен Қазақстан. - 2007. - № 72 - 75., 22 наурыз. - Б. 9. : фото
41. Садықова Ә. Е. Бауыржанның қанатты сөздері [Текст] // Қазақ батырлары. - 2003. - № 9, Қыркүйек. - Б. 15
42. Рәшев М. Ерлік дастаны. – Алматы, 1978.
43. Сәттібайұлы К. Ер Баукеңнің қызы Елена ата жұртқа бір келіп қайтсам деп армандайды // Егемен Қазақстан. - 2005. - №19, 29 қаңтар. - Б. 4.
44. Смағұл Б. Ірілікті аңсау : ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы төрағасының орынбасары // Жас Алаш. - 2007. - № 37. 8 мамыр. - Б.5.: фото
45. Уәкілқызы, Ж. Соғыс-тірілердің тамұғы: / Алғысөзін жазған полковник О.Әлмұхамбетов // Қазақстан сарбазы=Воин Казахстана. - 2005. - №21, 20 мамыр. - Б.3
46. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Көптомдық шығармалар жинағы. – Т.1. – Алматы, 2008. – 248 б.
47. Человек, у которого не было фамилии // Панорама Шымкента. - 2000. - С. 10 ноября
48. Шермаханова Р. Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері [Текст] // Ұлт тағылымы. - 2004. - №1. - Б. 8-12. - Библиогр.:14 аталым
49. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1998. – 107-109 бб.
50. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы, 2000. – 480 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Орталық Азия Университеті

Гуманитарлық факультететі

қазақ тілі және әдебиеті

кафедрасы

Бітіру жұмысы

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

___________________

___________________

Қорғауға жіберілді:

Алматы 2009

Мазмұны

КІРІСПЕ ----------------------------------- ------------------------- 2
– 4 бет

1. Бауыржан Момышұлының өмір тарихы мен шығариашылығы 5 – 27б

1.1 Бауыржан Момышұлының өмірбаяны ---------------------- 5 – 8
бет

1.2 Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары 8 – 14 бет

1.3 Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері --
----------------------------------- -------------------------------- 14 –
16 бет

1.4 Жауынгер жазушы ----------------------------------- ---------------
17 – 21 бет

1.5 Москва үшін шайқас романының өмірге келу тарихынан 21 – 27 бет

2. Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер --------------------- 28 – 52 бет

2.1 Ақиқат пен аңыз атты романы жөнінде ------------------------- 28 –
33 бет

2.2 Ойнаған от ішінде найзағайдай – Батыр туралы естеліктерден 34 – 46
бет

2.3 Азамат. Қаламгер. Қаһарман ----------------------------------- ----
46 – 49 бет

2.4 Бауыржан мен Мұхтар ----------------------------------- ------
49 – 52 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- -------------------
53 – 55 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ --------------------------- 56 – 58
бет

КІРІСПЕ

Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына
біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік.
Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер
жоқ.
Ол: "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі. Ел
дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс –
күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды", —
дейді.
Біздің халқымыз, әсіресе, жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса
деймін.
Нурсултан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
(Тәуелсіздіктің 17-ші жылдығына байланысты салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен). Астана, 2008 жылы 15 желтоқсан.

Ер азаматқа бақыттың, ең үлкені — халқына қадірлі болу. Ерте заманнан
халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасақ — кімде кім ел-жұртын жаудан
қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек
сіңірсе, сол адам үздік көзге түскен, даңққа ие болған, халқының
сүйіспеншілігіне бөленген. Сондықтан да әрбір халықтың көркі, мақтаны не
дегенде алдымен атышулы батыры, даңқты ғалымы, өнерпазы, данышпан жазушысы
аталады. Мысалы осы дәстүр бойынша қазақ халқының бұрынғы өткен дарқандарын
айтсақ, ауызға Қобланды мен Қамбардың, Исатай мен Махамбеттің, Құрманғазы
мен Шоқанның, Абай мен Ыбырайдың есімдері ілінер еді.
Бүгін жас ортасы елудің биік белесіне шығып отырған Бауыржан
Момышұлының атын айтқанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі —
батырдың бейнесі, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің
бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан
ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылса ше? Бауыржан
тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипатының ғажап
сыйысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес[1].
Бауыржан Момышұлы бұрыннан әдеби кейіпкер болуға дайын тұлға еді. Өзі
көсем, өзі шешен және жазушы. Соғыс кезіңце оның 40 макаласы жарияланды. Ол
туралы А. Бек кітап жазды. Нұршайықов Ақиқат пен анызда дайын образды сол
қалпында кайталап шықты. А. Бек те дайын образды кітап етіп шығарды.
Ерлігі де, өрлігі де, білімділігі де парапар. Оны сен қазір кез келген
маршалдың қасына апарып қойсаң, ешқайсысынан кем түспейді. Мәселен, Кубаның
соғыс министрі Рауль Кастромен қатар отырған кезін қара. Бөтен елдің
министрімен терезесі тең, тіпті биік те. Әсіресе, соғыс тактикасы жайында
сөз сейлегенде, Кастро-министр полковник Момышұлынан төмен қалады. Оны
Кастроның озі де мойындап отырады. Немесе Баукеңнің өзіміздің маршалдар
Баграмянмен, Жуковпен, Василевскиймен сөйлескен кездерін алайық. Баукеңнің
тапқырлығына, сөзінің ұтымдылығына жаның сүйсінеді. Мақтанасың. Ұлттық
мактаныш болуға туған қазақ халқының ұлдарының бірі деп сүйсінесің.
Момышұлы соғыс кезінде де афоризмдер шығарған.
Кешегі атақты жауынгер енді өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір
жақтарын жарқыратып отыр. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада Бауыржан аз
уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлық құнарлы жемістер берді. Бұрын
жауынгерлік еңбегі үшін көкірегі ең жоғарғы дәрежелі ордендерге толған
Бауыржан Момышұлы 1958 жылы Москвада болып өткен қазақ көркем өнері мен
әдебиетінің онкүндігі тұсында әдеби еңбектері үшін Құрмет белгісі орденімен
наградталды.
Бауыржан жаратылысында ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың,
үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік, әсіресе командирлік өнерінде
қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай көрініп отыр.
Зерттеудiң көкейкестiлiгi.
Адамның тұлғалық бейнесі көрсеткіштерінің бірі – адамгершілік қасиет
сапаларының болуы. Адамгершілік – бұл сөз қорындағы ерекше, мәні мәңгілік
айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл
қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің
мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип.
Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы
мәлім. Осы ұлы күш – адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес,
жалпы қоғамның да қордалы байлығы.
Зерттеу объектiсi: Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,
халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының
шығармалары мен батыр туралы жазылған естеліктер.
Зерттеу мақсаты: студенттердің адамгершілік қасиеттерін, патриоттық
сезімін оятып, келешек ұрпаққа батырлық, ізгілік, адамгершілік ұғымын ашып
көрсету.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлының шығармаларын талдау;
- Бауыржан Момышұлының тұлға ретінде, образын ашып суреттеу;
- студенттер бойына адамгершілік, батырлық қасиеттерді қалыптастырудың
құрылымдық үлгісін жасау, Жазушы шығармаларындағы образдар мазмұнына
сипаттама беру.
Зерттеу әдiстерi: диплом жұмысын зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлы
шығармаларына, жауынгер жазушы туралы жазылған естеліктерге теориялық
талдау жасау;
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәндiлiгi:
1. Адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру әдебиет, философия, тарих
ғылымдары тұрғысынан зерделендi және оны iс-жүзiне асырудағы әдiс-
тәсiлдер айқындалды.
2. Б. Момышұлы шығармаларына талдау жасай отырып студенттердің бойына
адамгершілік, ізгілік, батырлық, ерлікті тудыратын қасиеттерді
қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.

1. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

Ежелден ер тірегі — ел тілегі Адал ұл ер боп туса ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл
облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім
болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір
жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып
оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота,
командирі болады.
Жасында Жамбыл қаласындағы интернатта тәрбиеленіп, сондағы орта
мемтепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз ауданында, Қазақстанның
астанасы Алматы қаласында, мекеме қызметінде болады.
1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет Армиясының қатарына шақырылады.
Содан бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан гвардия полковнигі
дәрежесіне шейін өсті.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор
И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-
атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны
басқарады[2].
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27
рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік
құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты
ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға
енуі, тактикада ошақты және икемді қорғаныс ұғымдарының қалыптасуы
Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның
қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк,
дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын
соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі
болды.
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы
баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің
Волоколамск тас жолы (1947, 1960, 1962, 1988; қазақ тілінде Арпалыс
1948, 1959, 1977, ауддарған Қ. Сағындықов) атты кітабында суреттеліп,
жан­жақты жазылды. Бауыржан Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың
Ақиқат пен аңыз (1976) роман-дилогиясы жарық көрді. Кітап неміс, чех,
еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды[3].
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының
батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі батырым деп танып, ардақтаған
қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт
өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған Халық
қаһарманы деген атақ берілді[4].
Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі
шайқаста үш мәрте қоршауда қалған. Соғысты Бауыржан полковник лауазымында,
9 гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі ретінде аяқтады. 1990 жылы
оған Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) беріледі.
1073-гвардиялық атқыштар полкінің 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының
майоры Бауыржан Момышұлының әскери мінездемесі:
1910 жылы туылған, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы бойынша –
қызметкер. Жалпы білімі – орта, әскери білімі – бір жылдық. Қызыл армияда
1932 жылдан 1934 жыл аралығында және 1936 жылдан күні бүгінге дейін.
Майдандағы армияда 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап.
Жолдас Б.Момышұлы 8-гвардиялық дивизиясында оның құрылғанынан бастап
қызмет атқарады. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет
қараған, әр ұлт жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген ержүрек
командир.
1941 жылдың қазанында Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған
батальон жаумен аянбай шайқасып, оған елеулі соққы көрсетті.
Жеке құрамы батыс майданында орналасқан 1073-полк командирі
Момышұлымен бірге жау шабуылы мен нақты пәрменділігіне төтеп беріп отырды.
Басқа дивизиялармен бірлесіп, Мәскеу түбінде неміс басқыншыларының
талқандалуына жол ашты.
1942 жылдың қыс, көктем мезгілдерінде Калининский майданында қалың қар
қыс, қатты аяз, жолсыздық, содан соң көктемгі лайсаң мен батпақты жер
жағдайларында гвардиялық атқыштар полкінің қарқынды шабуылдары нәтижесінде
мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, көптеген танктер мен
автомашиналарын және басқа да әскери техниканың көзін жойып, ондаған
ауылдар мен қыстақтарды босатты.
Дивизияның көпшілікке танымал ерліктері оның гвардиялық атануы,
Жауынгерлік Қызыл Ту және Ленин ордендерімен марапатталуы майор Момышұлы
басқаратын 1073 атқыштар полкінің жауынгерлік жетістіктерімен
байланысты[5].
Майор Момышұлы – қазақ елінің даңқты ұлы, Кеңес одағының тағдыры
сынға түскен қиын кезеңде қолындағы қаруымен ел намысын қорғаған. Өз елінің
үздік өкілі, айбынды жауынгер үкімет наградасына ұсынылады.
Көзі тірісінде–ақ аты аңызға айналған даңқты қолбасшы үлгі тұтар батыр
бабаларымыздың бірі болып қала беретіндігі айқын.
Бауыржанның ұлы Бақытжан Момышұлы өз сөзін: Мен үшін әкем басқаларға
да сияқты ержүрек жауынгер, танымал жазушы, заманауи адам, ең бастысы жақын
адамым болып қалады. Ал, немерелерінің есінде ол гүрілді зор дауысы бар
тікенек сақалды қайырымды ата ретіне қала бермек. Әкем халықпен бірге
жүрсең жалғыз қалмайсың деуші еді. Мен осы сөзді баршаңызға бағыштаймын, ел
аман, жұрт тыныш болсын деп түйіндеді.
1956 жылы отставкаға шыққанға дейін Бауыржанның Совет Армиясы
қатарында болғаны белгілі. Ол Армия қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер
жазған. Сол азын-аулақ өлеңдерінен-ақ Бауыржанның ақын жанды адам екені,
туған елін, советтік Отанын, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы
көретіні, айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен
қарайтыны, ақын жүрегімен тебіренетіні анық байқалды. Әйткенмен әдебиет
саласында жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі
жылдар. Мұнда ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын.

1.2 Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары

Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға.
Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей
берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, “Офицер жазбалары”,
“Ұшқан ұя”, “Москва үшін шайқас” және сексенінші жылдары жариялана бастаған
“Қанмен жазылған кітабымен” таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан
басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр.
Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас
ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және
орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның
игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін
тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың
көкейге қонады[6].
Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық
архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде
және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде
жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында
және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың
барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған.
Бұл Бауыржан Момышұлының 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа
түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды.
Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін
ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен.
Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның “менің
әкімдік карьерім – мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ
әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде
қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да
болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де,
әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге
әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік”, деп, өзінің маңдайына әскери
өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Мысалы,
Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде
Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) “Социалистік мал шаруашылығы” деген
газетінде “Тау сағыз бен көк сағыз” деген атпен жарияланды. Осы очеркінің
өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі
жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: “Бауке,
баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?” деп сұрағанымда[7],
“уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын” деп
айтқан екен.
“Тау сағыз бен көк сағыз” дегеннің мағынасы.
Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың
басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын.
Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан.
Бірақ Баукең бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар,
екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде
өндіре жазған. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең
жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан
ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының
бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне
келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ
және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен саяқ болса,
соның бірі Баукең еді.
Мысалы, күнделіктер, естеліктер, әлбетте, хат-хабар сияқты
эпистолярлық жанрдың да берер азығы мол деген сияқты. Мысалы, Ресей
оқырмандары бір ғана Пушкиннің жазған хаттары мен алған хаттарының өзінен
оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қаншама құнды деректерге
қанығады.
Біздің бұрынғы-соңғы белгілі ақын-жазушыларымыз эпистолярлық жанрға
онша мән бермеген. Әуезов те, қос Ғабең де, кейінгілерден Мұқағали да
ұшырасады. Ал мәдениеті биік, ісіне ұсынықты елдің зиялылары эпистолярлық
жанрды ұсақ-түйек демейді. Баукеңнің жарияланбаған қолжазбаларын тақырыбы
жағынан жүйеге түсіріп, жанры жағынан жіктегенде көптомдықта күнделіктері,
естеліктері, замандастары мен ресми орындарға жазған хаттары, өлеңдері,
шежіре-әңгімелері, көптеген шашпа пікірлері мен әскери-ғылыми теориялық
туындылары хронологиялық жүйемен сұрыпталып берілді.
Бүгінде Баукең туралы архив деректері түгелге жуық жинақталды десек те
болады. Баукеңнің қара шаңырағында қалған архивіне келіні Зейнеп Ахметова
аса ыждағатпен мән беріп, рет-ретімен жүйелеп бізге дер кезінде жеткізіп
берді. Бұл біздің жұмысымызға көп жеңілдік туғызды. Қолбайлау болып тұрған
нәрсе бар ма деген сауалыңа келсек, ол әскери архивтегі “Өте құпия” деген
таңба басылған Баукеңнің қолжазбалары. Мәскеулік архивариустардың
бюрократтық әрекеттері мен самарқаулығы игі іске аздап тұсау болып тұр. Бұл
істі орнынан жылжыту үшін тек қана жергілікті атқарушы билік емес, сондай-
ақ ел Үкіметі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің де көмегі керек
сияқты.
Архив материалдары негізінде Бауыржан Момышұлының таңдамалы
шығармаларының 27 томының алғашқы нұсқасы даяр тұр. Оның қандайлық қиын
жолдармен жүзеге асып жатқанын басына түскен пенделер ғана сезініп, бағалай
алмақ. Бауыржан Момышұлының өзінің майдандағы қанды көйлек досы Д.Снегинмен
өз қолжазбаларының келешек тағдыры туралы әңгімесінде: “Мен саған күллі
қағаздарымды қалдырамын. Кейбіреулерінде табу (тыйым) белгісі; бастыруға
болмайды. Бірақ мен тиісті кезінде білдіремін – тіпті, ол дүниеден де –
“сәті келді, бәрін де жарияла, тіпті “ұмыт” деп әмір еткен нәрселерімнің
өзін де жарияла деймін”, депті. Міне, Бауыржан Момышұлының сол аманатын
тәуелсіздіктің арқасында еліміздің жас буын, жаңа толқынына ұсынатын кез
жеткен сияқты[8].
Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де
аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан
Момышұлы сынына, ой-пікіріне түсіне білген адам оны ақылға салып, қабылдай
да біледі деп ойлаймын. Ал ойлана білген әрбір жас Баукең сөзінен рух
еркіндігін сезініп, санасындағы бодандық сезімнен құтылып, жандүниесі
байып, ой-санасы еркіндікке құлаш ұрып, биікке қанат қағары сөзсіз.
Баукеңнің ащы сынға толы өміршең ой-пікірлерінің өзі осындай тәрбиелік
тереңдігінде жатыр.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары
әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет
Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен
отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.
Жазушылық талант тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып,
қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті
тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан­жақты
суреттеп сомдауға арналған. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде
жазушы қаламынан туған Куба әсерлері (1969), Жонарқа жинағы, екі томдық
шығармалар жинағы (1969), Ұшқан ұя (1974), Соғыс психологиясы, Қанмен
жазылған кітап (1990, 1991) т.б. туындыларын айтуға болады. Ұшқан ұя
кітабы үшін жазушы 1976 жылы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Ол қазақ
және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау
етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен
әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар
бірнеше қайтара басылып шығады.
Оқушы жұртшылығымызға ұсынып отырған Офицердің күнделігі атты шағын
кітаптың авторы — Совет Армиясының гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері бүкіл совет халқына
мәлім. А. Бектің Арпалыс атты романын, М. Ғабдуллиннің Менің майдандас
достарым атты очерктерін, генерал Панфилов атындағы даңқты гвардия
дивизиясы туралы жазылған жүздеген әнгіме, мақала, очерктерді оқыған әрбір
совет азаматына полковник Б. Момышұлының басынан өткен уақыйғаларды мақала
тілімен баяндау орынсыз сыяқты болып көрінетіні де рас. Бірақ,
оқушыларымызға бұрын көркем шығармалардың геройы ретінде таныс Бауыржанды,
бұл жолы көркем шығарманың авторы ретінде таныстыру үшін, оның өмірбаяны
туралы қысқа мәлімет бере кетуді орынды көрдік[9].
Бауыржан соңғы жылдары әскери мамандығын арттырумен қатар, қалам
қайраткері болу талабына да зер салып жүр. Оның соғыс жылдарында жазған
күнделіктері, солдат өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп алғандары,
майдан өмірінің елеулі уақыйғаларынан жазған көркем очерк, әңгімелері
орталық және республиқалық газет, журналдар бетінде басылып жүргені
көпшілігімізге мәлім. Бауыржанның қолжазбалары көп. Олардың көпшілігі орыс
тілінде жазылған еңбектер. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Совет
Армиясының қатарында қызмет ететін жастарды батырлық пен батылдыққа,
төзімділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табандылыққа қалай үйрету керек
деген мәселелерді көтереді. Бауыржан өзінің Офицер дәптері атты
қолжазбалары туралы: Көрген-білгенімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді
қағаз бетіне түсіргенде, мен, өзімді қаламы төселген жазушы болдым деп
жүргенім жоқ, менің, жазғандарым жазушыларға материал болса да жеткілікті,
- дейді. Бірақ бұдан автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегінсіз
жариялауға жарамайды деген ұғым тумайды. Оған осы кітап айғақ.
Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер қаламы төселген жазушының
шығармасы еместігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектердің әрқайсысында
өмір шындығы, солдат сыры, отанын сүйген адамның жан сезімі бар. Бұл
шығармалар мындаған совет солдатының тағдырына жауапты командирдің демалыс
уақытында ғана жазылған, совет командирінін ауыр борышын атқару жолындағы
арпалыспен араласа туған, автордың өз сөзімен айтқанда, аттың, жалында,
автоматтың жанында жазылған еңбектер.
Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен алынған қолжазбаларын бөлек
кітап етіп ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы айтылған ерекшеліктерін
ескерер деп сенеміз.
Жігіттердің намысын қыздыруға тырысады: Дұшпандарды артымыздан ертіп
Москваға не бетімізбен барамыз, жігіттер сүйегіміз осы жерде қалсын, бір
адым кейін шегінуге жол жоқ, — деп солдат кеудесіндегі патриоттық сезімді
оятады Ана әмірі әңгімесінде. Ал Бір түннің оқиғасында автор былай деп
іштей толғанады: Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен азаптан
қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып.
Жаным – арымның садағасы – дейді. Осы ішкі монолог әңгіме желісіне
ауысады. Бауыржан Момышұлы әдебиетімізде алғашқылардын бірі болып соғыстағы
адам мінезінің алуан құбылыстарын суреттеу міндетін алға қойды және оны
ойдағыдай шешіп отырды.
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", "Наша семья", "Москва үшін шайқас",
"За нами Москва" шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл
шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде цензураның қатаң
бақылауынан өтіп, біраз жерлері қысқартылған болатын. Өйткені "Наша семья"
кітабы 1947 жылы жазылып бітсе де, 1956 жылға дейін ешбір баспа орны
қабылдамай келді. Осындай алақұйын заманда XX ғасыр басындағы, яғни қазан
төңкерісі алдындағы қазақ отбасы өмірінің бар болмысын сол қалпында
суреттеген әрі ешқандай таптық саясаттың көрінісі жоқ "Наша семья"
кітабының М.Әуезов эпопеясынан кейін басылым көруі Қазақстанда мүмкін емес
еді. Осы жағдайға байланысты бұл кітап цензура тарапынан біраз қысқартулар
арқылы Ресейдің шеткері облысы Калининградта жарияланды[10].
Баукең күнделігінде "Жазғандарым көп, басылғандары аз",- деп
ескертуінде зор шындық жатыр. Біздер, оқырмандар, бүтігге дейін жарияланған
Б.Момышұлы шығармаларынан айсбергтің су бетіндегі бөлігін ғана көрумен
қанағаттанып келеміз. Ал айсбергтің су астындағы аумағы зор қат-қабат сырға
толы қазыналы болмысын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Өйткені онда
Баукеңнің бастан кешкен заман шындығы жайлы өтін тіліп айтқан сыншыл да
шыншыл жасампаз пікірлері жатыр. Бұл Баукең жазған аталы пікірлердің мән-
мағынасы – бірегей тарихшы ғалым профессор Е.Бехмаханов ескерткендей
"Қиянаттың үлкені — халықтың өз тарихын өзінен жасыру екен. Бұл — ұлттық
сананың төте жолы ғой. Ал, ұлттық санадан айырылған ел ұлт болудан қалады",-
деген ой толғанысымен тікелей сабақтасып жатқан құндылықтардың тұнып
тұрған рухани қазынасы.
Осы басылымда Биографическая справкада берілген Предлогаемая
читателю книга является первой частью автобиографического романа Наша
семья,[11] — деп ескертуіне қарағанда, автордың Наша семья романының
екінші кітабын жазу мақсаты айқын көрініп тұр.
Наша семья романын жазушы Тұтқабай Иманбеков Ұшқан ұя деп қазақ
тіліне аудару барысында автормен бірге жұмыс істеп, толықтырулар енгізді.
Баукеңнен қалған архив мұрағаттарында Ұшқан ұяның екінші кітабын жазуға
пайдалану үшін жиған дерек-мағлұматтары мен ол жайлы автордың жанама
пікірлері жиі ұшырасады. Мысалы, Баукең балалық шағында әкесі үйреткен Сұр
мерген қиссасын әпкесі, қарындасы, көкесі Момынкұлдың басшылығымен ауыл
аралап айтқаны, тыңдаушылардан алғыс алғаны туралы айтылатын жазба деректер
осының айғағы.
Баукеңнен бірде неге Ұшқан ұяның екінші кітабын жалғастырмадыңыз деп
сұрағанда:
– Ол кітапты жалғастыру үшін дерек көздерін жинастырып жүрдім. Бірақ
уақыт мүмкіндік бермеді. Әрі бозбалалық дәуір мен әртүрлі мектептерде оқып,
сол тұста қатты сапырылыстарға ұшыраған қазақ коғамының қалтарыстарында
өткен өмірлік жолының суреттері санамда қарайып ұмыт бола бастауы да
кедергі келтірді, — деп отыратын.

3. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері

Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері мен
повестері өз алдына бір сала. Олар: Бір түннің оқиғасы, Москва үшін
шайқас, Жонарқа, Ұстаз, Офицер жазбалары (1962), Артымызда Москва
(1963), Генерал Панфилов (1965), т.б. оның осы соғыс жөніндегі мемуарлық
шығармалары да, Біздің семьясы да әуел баста орыс тілінде жазылғанды[12].
Мұның өзі адам Соңғы бес күн, бес түн бойы мен осындай қатал да болса әділ
үкімді естуге өзімді-өзім дайындап едім. Ал енді болса, генерал менің
алдымнан шығып рапорт айтуыма да мұршамды келтірмей, шапшаң басып қасыма
келіп, қолымды қос қолдап қазақша алып, сәл қиғаштау қара көзімен маған
тебірене, қуанышты жүзі жайдарылана қарап, көпке дейін қолымды өз қолынан
босатпай тұрды. Сондай-ақ бөрік кимегенде Чапаевтан айнымайтын капитан
Лысенко, бұрынғы педагог, алғашқы кезде әскери киімді қалай киюді
білмейтін, адамға жекіріп сөйлей алмайтын татар жігіті Қайым Гарипов,
Россия байтақ ел, шегінетін жер қалған жоқ, артымызда – Москва,- деген
сөздері жүрегімізге мәңгі жазылған политрук Василий Клочков, аю сықылды,
мосқал. дөң, бірақ ақкөңіл адам артиллерия капитаны Кирсанов, күні бүгін
араласқандай жақын жанды, жарқын образдар, Толстунов, Исламқүлов, Угрюмов,
Краев, Бозжанов, Рахимов, Капаров, Курганов, т. б. солар сықылды әр ұлттан
шығып, ұлы бір мақсатта достасқан ардақты совет адамдары туралы да осыны
айту керек.
Бұларды, оның ішінде Бауыржанның өзін де, совет құрылысы, Коммунистік
партия тәрбиелеген. Сондықтан қандай қиын, ауыр кезеңде болсын, олар
ерліктің ғажап үлгісін көрсетуге бар. Бұл ерліктің нәр алатын қайнар бұлақ
көзі не десек, Отанға деген сүйіспендік пен жеңіске деген шексіз сенім
екен. Совет жауынгерінің осы бір құрыштай сезімін ешқандай күш әлсірете
алмайды. Өлім екеш өлім де оның алдында дәрменсіз. Бүкіл Армия шегініп келе
жатқан жағдайда кейбір бөлімшелер қоршауда қалып, кейбір батальон, роталар
тұтасынан апатқа ұшырап жатқан кезде де жауынгерлері жеңіске сенуін қойған
жоқ. Бауыржан кітабында осы бір айрықша қасиетті тамаша бейнелеген. Бұл
қасиетті толып жатқан түрінде әрбір совет солдаты мен офицерінің басынан
табамыз. Олар нанымды фактілерімен алынып, бір жағынан типтік дәрежеге
көтерілген, екінші жағынан әр адамның характеріне сыйымды, лайық қалыпта
дараланып бейнеленген. Бауыржанның бір ерекшелігі – жеке бір жалқы
адамдардың дара ерлігін ғана емес, жалпы кеңес жауынгерлерінің жаппай
ерлігін де жақсы бейнелей алуында, ерліктің қайнар бұлақ көзі — социалистік
Отанды сүю, жеңіске шексіз сену сезімі екенін айқындай білуінде. Қітаптың
үлкен тәрбиелік мәні де осында. Совет Армиясына тән жаппай ерлік туралы
жазушы бір жерінде өзі де түйіп айтыпты: геройдың бәрін бірдей біле
бермейміз және ұрыста бәрін бірдей байқай да алмаймыз. Аты әйгілі
геройлардан аты белгісіз геройлар ылғи да көп. Алдыңғы айтқандар соңғыларға
көптен-көп қарыздар, өйткені қарапайым адамдардың жанқиярлық ерлік
қимылдары болмаса устав тілімен айтқанда, өз борыштарына берік берілген
қатардағы көп жауынгерлердің ешбір атышулы даңққа таласы жоқ жаппай ерлігі
болмаса, аты әйгілі геройлардың ісі мен есімінің қаншалықты құны болар
еді.[13]
Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша. Ол бірінші
бой көрсеткен әскери жазушы. Оның қызық ерекшелігі – әрі даңқты командир,
әрі белгілі жазушы, әрі өз шығармаларының авторы мен кейіпкері, әрі басқа
жазушылардың да басты кейіпкері. Бауыржанның екінші ерекшелігі – ол екі
тілде жазады, және орыс тілінде жазғанда да өзінің ұлттық ойлау, сезіну,
сөйлеу өзгешеліктерін сақтайды. Үшінші ерекшелігі — әдебиетке кеш
келгендіктен, жазушының жаратылысындағы суреткерлік дарын өзінің барлық
қаблет мүмкіндіктерін әлі көрсетіп үлгірген жоқ. Бұл ерекшелік әскери
жазушының жаңа құнды туындылар беруінің кепілі сияқты.
Бауыржан творчествосын дербес көркем өнер тұрғысынан алып қарасақ,
әрине, көп сын айтуға болады.
Мемуардың аты мемуар ғой. Басқа жанрға қоятын талаптың бәрін бірдей
бұған қоя берсек, аз кемшілік таппаған болар едік. Эпизодтарының өзара
драмалық байланысында тұтастық жоқ, образдар шығарманың өн бойында көрініп
отырмайды, жалт етеді де, жоқ болады, сондықтан олар шығарманың негізгі,
өзекті образдары болып шықпайды, характерлерінің көп қырларымен ашылуына
мүмкіндік бермейді; шығарманың тіл, стиль кемшіліктері де бар.
Ол өзінің соғыс кезінде есте қалған бай материалдарын қопарып, мол
пайдаланған. Простор атты орысша журналда Бауыржан Момышұлының Ежова
рукавица деген әңгімесі жарияланған. Жазушының арихивінен делінген бұл
әңгіме 1946 жылы Москвада жазылыпты. Көркемдік өрнегінің ерекше әсем,
әдемілігінен шығар? Әлде мүмкін, уақиғасының айрықша тартымды қызықтығынан
шығар? Жоқ, оның бәрі де емес. Барлық себеп бәзбаяғы шындықта, шындықтың
шындығында. Сонау бір кезде, жеке адамға табынушылық кезеңінде шындық
туралы айтуға да, жазуға да болмайтын ащы ақиқат болғанды. Жазушы
әңгімесінде сол ақиқатты тайсалмай тура айтып жазған. Және қашан жазған?
Сталиннің қара басына табынушылықтың нағыз қабындап, жанып тұрған шағында
1946 жылы жазған.
Сол соғыс біткеннен кейінгі бірінші бейбітшілік жылында жазушы
шығармасының кейіпкерімен әңгіме құрады. Ол соғыстан бұрын 1936-37 жылдары,
Қиыр Шығыста Армия қатарында бірге қызмет еткен жақын жолдасы екен. 1937
жылы белгісіз себептен Армиядан шығарылып ажырасқаннан қайтып көрісіп
отырғаны осы болады. Арада тоғыз жыл өтеді. Бір кездегі уыздай жас жігіт,
қазір егде тартқан, бетіне әжім түскен, көзінің алды күлтілдеген, барлық
бет әлпетінде, қимылында шеккен азаптың ұшыраған рухани күйзелістің ізі
байқалады. Неліктен? Міне осы сырды кейіпкердің жолдасына шерткен әңгімесі
ашады...
Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ және барлық майдандарда дерлік
Ленинград, Великие луки, Белоруссия, Украина, Крым, Кавказ, Карпат таумен
шайқасып қажығандықтан ба әлде? Жоқ. Одан емес. Баяғы 1937 жылы кездейсоқ
басқа түскен бәледен.

1.4 Жауынгер жазушы

Оның бойындағы творчестволық талант енді қанатын кең жайды. Міне осы
кезде оның қаламынан туған кесек шығарма — Біздің семья атты повесть[14].
Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен тәрбие алған ортасын
суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Повестің бірсыпыра көріністері С.
Мұқановтың Менің мектептерімі мен М. Әуезовтың Абай романындағы
суреттелген қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып картиналарын еске салады.
Алайда Біздің семьяда Бауыржан Момышұлының өзіндік түсінігі, өзіндік
дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть
жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір
материалын жетік білушілік — жазушыға көптен көп қажет қасиеттер[15]. Қалың
халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды
ана, қарт ана, – үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан
сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-
білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай
бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор
есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап,
бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. Біздің семьяны қызығып оқисың, сүйсініп
оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің.
Мұның сыры неде? Мұның сыры шығарманың көркемдік, суреткерлік
қасиеттерінде, шыншылдық сипатында. Повесте шиыршық атқан сюжет жоқ. Бар
әңгіме бір семьяның тағдырын, 10-15 жыл ішіндегі бастан кешірген өмір
құбылыстарын баяндайды. Сондықтан шығарманың тартымдылық себебін автордың
әлгі айтқан суреткерлік қабілетінен, әңгімешілдік шеберлігінен, ағынан
жарылып, ақтарыла адал сөйлейтін адамгершілік сарынынан табамыз.
Жан сырындай сақталған естеліктерден сұрыпталып, сомдалып жасалған
адам образдары шығармада жаңадан өмір сүргендей әсер туғызады. Сырттай
қатал, іштей мейрімді әзиз жан, ардақты әженің образы бір тоға, Тура
Момыш аталған әділ, еңбеққор, өнер иесі әке мен алып күшті, аңғал мінезді,
Момынқұл ағаның образы, түп нағашысы такаппар, әпербақан Серкебайдың
образы, шабандоз шал мен ең алғаш әйел теңсіздігіне қарсы тұрған қайсар
Зейнептің образы, коммунист Садық Аблановтың жағымды образы және толып
жатқан пасық бай, зәлім молда, жебір болыстардың образдары көз алдыңнан
кетпейді.
Образдар жүйесі схема бойынша қолдан жасаған сияқты емес, өмірде шын
болатын табиғи қалпында құралған. Рас, осындай болған, өз көзіммен көргем
де дейсің ішіңнен және дәл осы жас бала Бауыржанның көзімен көргені есіңе
түседі.
Ұнамды, ұнамсыз дейтін образдар жазушының күнілгері әзірленген ұғымына
сай жасалмай, нағыз өмірдің өзінен тікелей ойып алынғаны көрінеді.
Қалыптасқан схемалы ой образ туғызған емес, жанды образдан жемісті ой
туған. Образдар дүниесінің нанымды да әсерлі болатын себебі сол.
Повесте алабөтен ой туғызатын әженің образы. Бұл образ мынадай бір
картинаны көз алдыңа әкеледі: Жапан түзде, ысылдаған ыстық құмның ортасында
жападан-жалғыз біткен тораңғы дейтін ағаш болады. Өзі мықты бұтақты, саялы.
Жел мен боранға, аяз бен аңызаққа — бәріне төзген, мәңгі шөлдеген, тарыққан
күйінде жаратылыстың не бәле-батранының бәріне табандылықпен төтеп берген
сіңірлі ағаш. Бауыржанның әжесі де осы тәрізді ана. Ол айнала ортаның, ащы
өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де соған төтеп
берген, бойына дарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз ананың
образы болып шыққан. Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің
жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы
әже. М. Әуезовтың Абай жолы романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де
қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған
даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің
сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал
семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрықтарды өз төңірегіне,
әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана.
Сөйтіп, әженің образы жазушының алдымен атап айтарлық табысы. Бұл
образ, сөз жоқ бүкіл шығарманың көркемдік қуатын танытатын өзекті образ. Ал
енді шығарманың міні бар ма? Бар. Жазушы қазақ тұрмысында етек алған салт,
әдет-ғұрыптарды, өмір құбылыстарын, тарихи оқиғаларды (ас, көкпар,
калыңмал, қашаған қуу, жыл санау, жұт, айтыс, беташар, неке қияр, өлік
жерлеу, наурыз, 1916 жыл көтерілісі т.б.)[17] үлкен ұқыптылықпен,
зергерлікпен суреттей отырып, шындықтың тыс көрінісіне, ұсақ-түйек
жақтарына тым көп көңіл аударады, жаңа мен ескіні жыты ажыратпай, кейбір
ескірген салттарды еліге, әсірелей суреттейді, әлеуметтік қайшылықтарды
батыл көрсетіп, терең аша бермейді.
... Ең жақын жолдасымен қоштаса да алмай кеткен бетте жігіт штабтағы
командирге барады. Майор Журавлев мұны жылы жүзбен қарсы алып, адалдығына
сенетіндігін білдіреді. Бірақ адал жігіттің Армиядан қуылуына ол да бөгет
жасай алмайды. Себебі одан да күшті қол бар. Ол қандай қол? Оны жігіт әлі
білмейді. Сол қол мұны Владивостоктан Алматыға, Алматыдан өз аулының
тұсындағы кіші-гірім станцияға әкеледі. Станцияда әлгі қол бейбіт жатқан
жұрттың мазасын алып, документ сұрайды, тінтеді, жұлқылап тергеуге
сүйрейді. Жайшылықта гуілдесіп жататын станция залы енді тым-тырыс, тып-
тыныш, үрейі қашқан жұрт аз сөйлейді, қысқа сөйлейді. Жігіт ауылына келсе,
баяғы суық қол оның момын колхозшы әкесін түрмеге жауыпты. Жалғыз ол емес,
көп жұртты жазықсыз күйретіп күңіренткен. Ең сұмдығы сол – ешкім ештеңе
айта алмайды, ішінен тынады. Сүйітсе, әлгі қанды қол Ежова рукавица
(кірпі биялай) деп әсірелеумен аталған сол кездегі жендеттік қызмет
атқарған Ежов сұмның қолы екен. Оның суреті жігіттің зарлап көріскен
анасының сандығынан шығады. Ақ адамдарды тұншықтырып тұрған Ежовтың
суретіне қарап тұрып, ашынған ана бозқасқасын шалып Ежов тажалға өзінің
барлық білген қарғысы мен лағнатын айтады. Басқа дәрмені жоқ.
Міне шындық! 1937 жылдың ақиқат шындығы! Қай жазушы осы шындықты XX
съезге шейін ашып жаза алды? Жоқ, ешқайсысы жаза алған жоқ. Ол үшін, әрине,
жазушыларды кіналауға да болмайды. Ал Бауыржан сықылды ілуде біреу жеке
адамға табынушылықтан туған ауыр жағдайды кезінде түсініп, сезініп, Ежов
тәрізді жауыздың дұшпандық әрекетін тани білсе, тіпті осы ұғымын жазып та
қойса ше? Мұндай ерлікке барабар көрегендік пен коммунистік шыншылдыққа
қалай таң қалмасқа, қалай тәнті болмасқа?![18]
Ендеше Ежова рукавица әңгімесінің бұл — теңдесі жоқ қасиеті дер
едім.
Бауыржанның Жұлдыз журналында шыққан Музей ана атты әңгімесі де
жазушының көңіл аударарлық шығармасы сияқты. Бұл оның творчестволық
жолындағы қатар келе жатқан қос сүрлеудің – соғыс картиналары мен үй
тұрмысы суреттерінің - соңғысында жаңа адам жасаған әңгімесі көрінеді.
Біздің семья повестінде ескі ауылға тән семьядағы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып
суреттелсе, мына әңгімеде осы күнгі жаңа семьяға тән жаңалықтар бой
көрсеткен.
Біздің семьядағы Бауыржанның ұзатылған апасы Убианна енді Музей
апа аталған — ол мына жаңа шығарманың басты кейіпкері, баяғы үлкен әженің
ролінде. Бұл ретте жазушының жаңа әңгімесін оның бұрынғы Біздің семья
атты повестінің заңды жалғасы дерлік туынды.
Музей апаның образы, оның басындағы азынаулақ өзгеріс пен құбылыстар
бүкіл қазақ ауылының тұрмыс салтындағы ескілік пен жаңалықтың ара қатынасын
көзге елестетеді. Әдет-ғұрып жөнінде ақылды апа керенау кертартпа да емес,
жалбақтаған жаңашыл да емес. Ол не жақсы, не жаман деген тұрғыдан бәрін
өз ақылымен қорытып, миға қонғанын қабылдайды да, миға қонбағанын
қабылдамайды. Автордың өзі бір жерде: Музей апа қазақтың әдет-ғұрпын мықты
ұстайды. Ол кісі жаңалыққа қарсы емес. Ескілік пен жаңалықтың жақсы
дәстүрлерін тең ұстай білу керек екенін ол жақсы түсінді деп дұрыс айтады.
Өзі мейлінше еңбекқор, соғыс тұсында жесір, жетім қалған бүкіл әулетін
асырап бас-көз болған Музей апа өзіне қарасты ауыл-аймағының биі, ақылшы,
қамқоры болған. Оның жолында ешкім көлденең тұра алмайды. Би кемпірдің
ырқына көнбеген жалғыз орыс келіні болады. Теміртаудағы озат горновой боп
істейтін баласы Үйсінбай орыс қызы Зояға үйленеді. Зоя ұл табады. Алыстан
іздеп барған енесіне Зоя келіндік ілтифат етіп, елпеңдеп тұрмайды, үй
шаруасына икемсіз, салақ көрінеді. Айтып түсіндірейін десе орысша тілі
жетпейді. Міне Мекіре балықтың басы тасқа тиген жері осы. Бұл Музей
апаның семьядағы күтпеген кедергісі еді. Осы тұста оның өз басындағы
қайшылық пен өз бойындағы ескіліктің етекбасты жүгі ашыла түседі. Бір
жақсысы ондай жүк пен қайшылық онда көп емес: кейбір басқа енелер сықылды
ол баласының орыс қызын алғанына бажылдамайды, қайта батасын береді, бірақ
келінінің кемшіліктерін көріп кейиді, күйінеді. Оның да жөні бар. Алайда
кемпірдің үй жұмысы тек әйелдің мойнында болу керек деген ұғымы оның
ескілікке тартатын жағы Өзің жатып байыңа тұртұрлама келіншек пен беті
ашылған Музей апаға баласы құлдық пен қорлықта жүргендей көрінеді.
– Отырсаңшы, ас-қазанға араласа бермей, осы үйде қатын бар көрінеді
ғой, ол өз ісін өзі істер,- дейді.
Ақырында Музей апа бұл ұғымында қалып қоймай-ды, ілгері басады – ол
орыс келініне икемделіп, онымен тіл табуға тырысады, әртүрлі үлгі, өнегелер
арқылы ықпал жасап, кемшіліктерін түзеуге кіріседі. Сөйтіп, енеде, келін де
семьяны екі жаққа керіп кетпей, ақырында келісім табады. Басқа бір орыс
келіні бар, сәнді, жарасымды семьяны көріп, Музей апа: шешесі келінін
ұстай біледі екен, келіні үйін ұстай біледі екен. Әңгіме ұлтта емес, адамда
деген сөз мыналарға қарағанда рас болып шықты ғой... деген қорытындыға
келіп, мен де икемденіп көрінейінші, деп үйге қайтады.
Музей апа қазақ халқының қамқор ана жөніндегі ізгі касиет, дәстүрлі
мінездерін бойына жинаған ыстық образ. Оның жаңалыққа жат емес, қайта
жаңалықты талай тәжірибесіз жастардан бұрын және санамен ұғып, жүрегі мен
сезініп қабылдайтын әзиз ана, адал апа екені жылы лебізбен айтылған. Оған
деген автордың інілік сүйіспенділігі әңгіменің өн бойында оқушыға самалдай
есіп отырады. Әсіресе оның апасына еркелеп, қалжыңдап айтқан сөздері жылы
да жарасымды [19].
Әсілі Бауыржан характерді қажетті детальдар арқылы шешуге шебер-ақ.
Бірақ кейде сол детальдарды көбірек келтіріп, созып алатыны бар. Мына
Музей апа әңгімесінде солай. Бір әңгіме үшін детальдардың жүгі асыңқырап
кеткен. Әсіресе жас немересі Сәулеге байланысты жерлер артығырақ сияқты.
Жазушының мәселеге орағытпай тура кірісетін жақсы әдеті қарапайым стилі кей-
кейде қарадүрсіндікке айналып, кейбір жайлар добалдау түйіледі. Мысалы,
кемпірдің Алматы көшесінде адасып милиционерге соғуы, районға барғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
Пәндер