Отбасының тәрбие ережелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж о с п а р

1. Отбасы тәрбиесі

2. Отбасының тәрбие ережелері

3. Отбасына педагогикалық қолдау беру

4. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармен жұмыс істеу формалары мен әдістері

5. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары мен әдістері

6. Схема

1. Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрби ері ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.

Отбасының жетекшілік маңызы оңда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына өсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жараңдары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дол тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мселінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;

- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;

- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

- отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан.

Ата - аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.

Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тәрбиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.

Отбасындағы тәрбие әдістсрі - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:

- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;

- тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т. б. тәуелді.

Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және одардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.

Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру арқылы) ; жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу) ; кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.

"Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар есксрілуі тиіс:

1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.

2. Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.

3. Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.

4. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.

2. Отбасылық тәрбие ережелері. Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелсу жолында орасан кеп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасыдағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бәрі ғылыми заңдылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-аналарға кеңсе, отбасылық тәрбие ережелері.

Ата-аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұғырынан салыстыра бағалап барады, сонымен бірге ежелер педагогтар үшін, әсіресе егде ата-аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға қажетті.

Жалпы адамзаттық мәдениеттің бірегейлігі мен тұрақтылығын ескеретін болсақ, балалар ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер әке мен шеше екеуінің болымды да болымсыз барша қажеттері мен сапаларының қосындысын тең ортадан бөлетін болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың біршама дәл бейнесін алуға мүмкін екендігін ғылым дәлелдеп отыр. Бұдан табиғат - ананың біз үшін аса күрделі мәселе туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасынағы бала тәрбиесіне байланысты көкейтесті проблемалар түбегейлі шешімін таппауынан қате кемшіліктер бітер емес, бітпейді де.

3. Отбасына педагогикалық қолдау беру. Мөлтек ауданындағы отбасы мен қоғамдық тәрбие істерін ұйымдастырудағы жетекшілік мектепке жүктелген.

Тәрбиелік ықпал көздерін орайластыруда бүгінде ол өз жұмыстарын қайта қарастырып, еткен дәуірлердегі ата-аналар мен қоғамдық мекемелер арасында қалыптасқан бір тарапты формальды істерден бас тартып, педагогикалық ағарту - сауаттандырудың гуманистік бағдарына өткені қажет.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты осы заман тәжірибесінде мектеп, отбасы және қоғамдық іс-әрекеттерді бірлестіре орындаудың келесідей ұйымдастыру формалары қабылданған:

1. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті, жер- жердегі қоғамдық кеңестер, клубтар, кітапханалар, стадиондар, тәртіп сақтау және денсаулық мекемелерінің жоспарларын біріктіре түзу, сонымен тәрбие процесіне қатысушылардың нақты міндеттерін айқын бөлістіріп беру.

2. Мектеп күшімен ата-аналар және қоғам өкілдерін балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдерімен таныстырып, жүйелі оқыту.

3. Тәрбие жұмыстарының барысын тыңғылықты зерттеу.

Тәрбие отбасынан басталады

Ата-аналар жиналысы түрінде өткізілген бұл сабақтың мақсаты бала тәрбиесі отбасынан бастау алатынын, соған баса көңіл бөлу қажеттілігін, әрі бірлесе жүргізгсн тәрбиенің нәтижелі болатынын ата-анаға түсіндіру.

Қатысушылар: топтағы балалардың ата-аналары, балабақша тәрбиешілері.

Алдын-ала жүргізілгеи жұмыстар:

1. Анкета.

2. Фотостенд "Отбасындағы тәрбие"

3. Ата-аналармен "Отбасында баланы тәрбиелеу" туралы әңгімелесу.

4. Тақырыптық көрме: Ата-аналар жиналысының жоспары:

1. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі ролі - баяндама

(тәрбиеші Қуанышева Д. Б. )

2. Анкета бойынша сұрыптау.

3. Ата-аналармен ойын: "Ойыншықтар әлеміне саяхат" Ата-аналарға конвертке салынған мына төмендегі сұрақтар таратылады.

а) "Балаңызды қуыршақ, машина, доп, кубиктер сияқты ойыншықтармен қалай ойнатасыз?"

ә) "Осындай жағдайларда ие істер едіңіз" - педагогикалық ситуация. Сұрақтар конверт ішінде.

б) Балабақша өмірінен: "Бала неге жылайды?"

в) Тәжірибе алмасайық:

Аталған жиналыс сабақта көп балалы анамен жалғыз балалы ана өзінің отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде пікірлерін ортаға салады. Сондай-ақ жекелеген ата-аналарға сөз беріледі.

Соңынан ортақ шешімге келіп, маңызды деген пікірлер қабылданады. Топ тәрбиешісі қорытынды сөз сөйлеп сабақты аяқтайды.

4. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармен жұмыс істеу формалары мен әдістері

Мектептің отбасыларымен жүргізетін барлық жұмыстары ұ жымдық және дербес болып негізгі екі топқа бөлінеді.

Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды.

Педагогикалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тәрбиелік мәселелерге аударуды мақсат тұтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тәрбие теорияларын жүйелі білімдерімен қаруландыруға бағытталынады.

Сынып бойынша педагогикалық білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1 -11 сыныптан бастап қолға алу қажет. Өйткені педагогикалық ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орынбасарлары бастап бергені жөн. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын біріктіруге болады.

Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттері табысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан тұрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен пракгикаға енгізу керек.

Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға "Балаларды еңбекке тәрбиелеу", "Жақсылыққа апарар ең төте жол - имандылық арқылы" және т. б. тақырыптар таңдап алынып, мектепте ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.

Ашық есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күндерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.

Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сынып оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.

Сыныптардағы кездесулер. Оқушылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушылары кәде сыйлар дайындап ата-аналарға тарту етеді;

"Үздік суреттер", "Үздік қолөнер шебері", "Фото-мерген", "Өнер тапқыштар мен конструкторлар" және т. б. көрмелергс қатысу;

Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетінің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;

Мәжіліс залында көркем фильмдер керуді ұйымдастыру. Ата-аналарға арналған "Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Көксерек" жөне т. б. фильмдерді ұсынуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Жеке тұлға туралы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы
Жанұя жайындағы бала дамуының теориялық негіздері
Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz