Алматы қаласындағы тұсқағаз фабрикасының қоршаған ортаға әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Экология және ботаника кафедрасы
Бітіру жұмысы
Алматы қаласындағы тұсқағаз фабрикасының
қоршаған ортаға әсері
Орындаған
4 курс студенті
(қолы, күні)
Ғылыми
жетекші а. ш. ғ. д.,
профессор Асанбаев И. Қ.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Билялова Г. Ж.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
б. ғ. д., профессор Айдосова С. С.
(қолың күні)
Алматы, 2009
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 38 беттен тұрады. Бітіру жұмысында 8 кесте, 1 схема, 2 диаграмма келтірілген. Пайдаланған әдебиеттер тізіміне 33 еңбек кіреді.
Кілттік сөздер: шаң, ауыр металдар, мониторинг, тұсқағаз, ШРК, ШРШ, КҚК ( кәсіпорынның қауіптілік категориясы) .
Бітіру жұмысы Алматы қаласындағы “Айгерім” атты тұсқағаз мекемесінің қоршаған ортаға тигізіп жатқан әсерін қамтиды. Кәсіпорыннан шығатын ластаушы заттар, олардың жылдық мөлшері анықталған.
Жұмыстың мақсаты : “Айгерім” ЖШС-нің қоршаған ортаға тигізіп жатқан әсерін бағалау.
Жұмыстың міндеті : мекемеден атмосфералық ауаға шығып жатқан зиянды заттардың мөлшерін анықтау әдістерін игеріп, нәтижелер алу.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері: мекемеде 3 ластаушы көздің бар екені анықталды. Ластаушы көздерден атмосфераға 5 түрлі ластаушы заттар шығады. Олар: сірке қышқылы, қағаз шаңы, этил спирті, көміртегі оксиді, қатты бөлшектер. Қатты бөлшектер 0, 0005г/сек, жылына 0, 0015т шығады ( бұл заттың қауіптілік класы-3, улылық коэффициенті-6, 7), ал көмір оксиді 0, 0065г/сек, 0, 0194 т/ жыл ( қауіптілік класы-4, улылық коэффициенті-0, 1), сірке қышқылы 0, 0031г/сек, 0, 0087т/жыл (қауіптілік класы-3), этил спирті 0, 0257г/сек, 0, 0768т/жыл, ( қауіптілік класы-4, улылық коэффициенті -0, 2), қағаз шаңы 57, 6072т/жыл ( улылық коэффициенті-10, 0) .
ГЛОСАРИЙ
ШРК - Шекті рауалы концентрация, зиянды агенттің организмге не олардың қауымдастықтарына өткенде (демалу, тамақпен бірге және т. б. ) оларға мазасыздық пен денсаулығына қатер туғызбайтын және құртатындай ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.
ШРШ - Шекті рауалы шығарынды, жермен астасқан ауа қабатындағы негіздер не негіздер тобынан түскен ластағыш заттектің шамасы тұрғындарға, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне арналған сапасының нормативінен аспайтындай етіп белгіленген ғылыми-техникалық норматив.
КҚК - Кәсіпорынның қауіптілік категориясы.
Атмосфера (грек. atmos - ауа және sphаіra - шар) - әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы.
Мониторинг - қоршаған табиғи орта жағдайларын антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруін бақылау, бағалау, болжау жүйесі.
Ауыр металдар - қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Ол элементтерге: қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, молибден, маргенец, никель, қалайы, кобальт, титан, мыс, ванадий т. б. жатады. Бұл элементтер қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды.
Шаң - қатты бөлшектердің атмосферадағы жиынтығы. Шаң - ол аэрозоль. Аэрозольдер таралған күйдегі ( қатты немесе сұйық ) бөлшектер.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 4
1. 1 Алматы қаласының орналасуы мен климаты 4
1. 2 Алматы қаласының ауа бассейнінің қазіргі жағдайы 4
1. 3 Шаң мен ұсақ бөлшектердің қоршаған ортаға таралуы 10
1. 4 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы 11
2. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ЗЕРРТЕУ ӘДІСТЕРІ 12
2. 1 Зерттеу нысаны 12
2. 2 Ауаның шаңдануын, шығарынды массасын және шаң
ұстағыш қондырғының эффективтілігін анықтау 12
2. 3 Ауыр металдарды анықтау әдістері 14
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ 19
3. 1 Мекемедегі ластау көздерін тізімге алу 19
3. 2 Өнеркәсіптегі ластау көздерінен шығатын зиянды заттардың
мөлшерін анықтау және зиянды заттарды шығаратын көздер 20
3. 3 Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың түр құрамы мен
массасына байланысты КҚК анықтау 26
3. 4 ШРШ нормативтері бойынша ұсыныстар және атмосфераны қорғау
іс-шаралары 29
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35
КІРІСПЕ
Алдыңғы қатарлы мемелекеттердің тәжірибелеріне қарағанда қазіргі таңда қалалардың өсуі әлеуметтік-экологиялық мәселелердің күрделене түсуіне әкеледі. Осындай күрделі экологиялық жағдайда тұрған еліміздің ірі қалаларының бірі Алматы қаласы. Оңтүстік астананың экологиялық жағдайының нашарлауы табиғи-климаттық жағдайлармен, желдің соғуы мен қала ауасының алмасуына кері әсер ететін сәулетті құрылыстрымен байланысты. Осының барлығы қала төбесінде смог түзетін, қоршаған ортада көптеп жиналатын әртүрлі токсикалық заттардың пайда болуына әкеледі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан Республикасы бойынша өте қолайсыз экологиялық жағдайы бар аудандар қатарына жатады. Мұнда соңғы жылдары барлық табиғи орталар: топырақ, су, өсімдіктер мен атмосфераның ауыр металдармен, шаң, улы газдармен ластану деңгейі жоғарылауда.
Алматы қаласынынң экологиялық жағдайының сандық және сапалық сипаттамалары өте жағымсыз деп айтуға болады. Қазіргі таңда ауаның ластануына байланысты бақылау жеткіліксіз түрде жүргізіледі. 1996 жылы қаланың ластануын Қазгидрометтің 15 тұрақты станциясы бақылап отырған. 1996 жылы 15 станция жұмыс істесе, ал 2000 жылы 2 станция ғана қалды
Өндірістің жоғары дәрежедегі жағдайы, автокөліктердің көптігі атмосфералық ауаның ластануына бірден бір себеп. Ауада зиянды заттардың көп мөлшерде жиналуы адам денсаулығына тікелей әсер етіп, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне, өкпенің ісінуіне, орталық жүйке жүйесінің нашарлауына және ұзақ уақытқа улану қан айналымының бұзылуына әкеледі.
Қалада осылай ауа бассейнін ластаушы өндіріс орындарының бірі- “Айгерім” тұсқағаз ЖШС.
Берілген жұмыстың мақсаты: “Айгерім” ЖШС-нің қоршаған ортаға тигізіп жатқан әсерін бағалау.
Жұмыстың міндеті: мекемеден атмосфералық ауаға шығып жатқан зиянды заттардың мөлшерін анықтау әдістерін игеріп, нәтижелер алу.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Алматы қаласының орналасуы мен климаты
Алматы қаласы өзінің физико-географиялық және табиғи-климаттық жағдайлары бойынша уникальды қала болып есептеледі. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Тянь-Шань тау жүйесінің бір бөлігінің жанында, теңіз деңгейінен 670-970м биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бойында орналасқан [16] . Қаланың картасында табиғи белдеулердің көпшілігі кездеседі. Олар солтүстік шекарадағы жартылай шөлдермен оңтүстік шекарадағы мұздықтар. Іле Алатауының биік таулы ярусының жер бедері альпілік формалармен келтірілген. Тау бөктерінде далалы белдеу орналасқан. Қаланың солтүстігінде біркелкі емес жер бедері күрт тегістене бастайды, ал далалы белдеуді Үлкен және Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Ремизовка өзендері бойлап өтеді.
Алматы қаласының климаты континентальды, ұзаққа созылатын құрғақ жазымен және тұрақсыз қысымен, жыл бойында тәуліктік температуралардың күрт ауытқуымен, таулардың жақын болғанына байланысты атмосфералық жауын-шашынның көп мөлшерімен сипатталады.
1. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 629мм, негізінен күз және қыс мезгілінде.
2. Орташа температурасы жазда +20, 6 С, максимум +42 С, қыста 5, 6 С, минимум -38 С.
1. 2 Алматы қаласының ауа бассейнінің қазіргі жағдайы
1980-ші жылдардың ортасында Алматы қаласы қоршаған ортаның ластануы бойынша бұрынғы КСРО көлемінде ең лас он қаланың қатарына кірді [17] . 1986 жылы атмосфераға қалдық заттардың түсуі 306 мың тоннаға жетті. Атмосфераның мұндай ластануы, әсіресе өте лас аймақтарда тұратын қала тұрғындарының денсаулығына қатты зиян келтірді.
Алматы қаласының ауа бассейнінің ластануында жел ағындары да маңызды рөл атқарады. Қаланы жел режимі бойынша микроклиматтық аудандастыру тұрақты гидрометеорологиялық станциялардың көпжылдық мәліметтерін жинастыру негізінде болды. Алматының микроклиматтық ерекшеліктеріне қаланың шығыс және оңтүстік бөлігінде орналасқан Іле Алатауы әсер етеді. Қала аумағында жел көрсеткіштерімен ерекшеленетін үш микроклиматтық ауданға бөлуге болады. Біріншісі - қала аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ауа массаларының белсенді тау-далалы циркуляция ауданы. Тау-далалы циркуляцияның маңызы- түнгі уақытта ауаның таудан төмен қарай жылжуы, ал күндіз керісінше. Түнгі уақытта оңтүстік және оңтүстік-шығыс желдері, ал күндіз солтүстік желдер басым болып келеді. Тау-далалы циркуляция қала атмосферасының тазаруына байланысты позитивті фактор болып есептеледі [18] . Екінші микроклиматтық аудан - Боралдай қыраты мен Іле Алатауы етегінің арасында орналасқан. Шұңқыр тәріздес орналасуы жел жылдамдығының азаюына себепші болады. Бұл микроклиматтық ауданда өзіндік тазару мүмкіндігі өте нашар.
Үшінші микроклиматтық аудан Боралдай қыратынан тыс орналасқан, онда солтүстікке және солтүстік-шыңысқа соғатын жел бағытының күндіз және түнде өзгеруі байқалады. Сонымен бірге, Алматы қаласында жел тұту жағдайлары өте көп кездеседі, абсолютті биіктіктің азаюымен олардың мүмкіндігі көбейеді. Теңіз деңгейінен 1600м биіктікте жел тұруының қайталануы 10%, ал 825-850м биіктікте 21-25% жетеді, 670м биіктікте 43% тең.
Алматы қаласының ауасы ауыр металдармен көп мөлшерде ластанған. Ауыр металдарға шектік салмағы жоғары болатын барлық металдар жатады. Адам ағзасында микроэлементтердің жетіспеушілігінен зат алмасуда күрделі өзгерістер болады. Және де ауыр металдардың жоғары концентрациялары уландыру әсерін береді. Ауыр металдардағы зиянды заттардың экологиялық айналымға кіруі адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Мысалы, ауыр металдардың көп мөлшерде болуы жүрек пен қан тамырларының, жүйке жүйесінің, сүйек ұлпаларының мутагендік және тератогендік, онкогендік әсерлердің итиологиясы қоршаған ортада осы металдардың болуымен байланыстырылады. Ауыр металдар топырақ бетінің техногендік қалдықтар құрамында болатынын және атмосфералық ауа арқылы ластанатыны дәлелді түрде белгілі болған. Топырақ бетіне түсетін жауын-шашын құрамында қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, хром, никель, мырыш т. б. элементтер болуы мүмкін. И. Г. Важенин көрсетулері бойынша, топырақ бетіне түсетін элементтер өсімдіктердің ластануына әкеліп соғады.
Ауыр металдардың атмосфералық ауаны ластаудағы негізгі көзі жылу электр станциялары болып табылады. ЖЭС - 27%, қара металдар өндірісі - 24, 3, мұнай, алтын және өңдейтін орындар - 15, 5%, көлік құралдары - 13, 1%, түсті металдар өндірісі - 10, 5%, құрылыс материалдарын өңдейтін орындар - 8, 1% құрайды[29] .
Республика бойынша 2007 жылы атмосфералық ауаға стационарлы ластаушы көздерден шығатын зиянды заттар 2, 9 млн. т құрады. Республика бойынша есепте тұрған 8097 кәсіпорынның 53% өздерінің шығарындыларын көбейткен. Республика бойынша атмосфералық ауаның жоғарғы деңгейде ластануы Алматы қаласында байқалады. 2006 жылы атмосфераның ластану индексі - 12, 1 болса, ал 2008 жылы ол 12, 6 көрсеткен.
Алматы қаласы бойынша атмосфералық ауаны ластаушы стационарлы көздерден шыққан зиянды затттар 82, 6 мың. т құраған. Оның ішінде 74, 5 мың. т ұсталынып алынған, яғни 90, 3%. Осы көрсетілгеннің 97, 7% қатты заттар болса, ал 12, 4% газ тәрізді және сұйық заттар. Қала атмосферасына 8, 1 мың. т зиянды заттар шығарылған, оның ішінде қатты заттар - 1, 7 мың. т, газ тәрізді және сұйық заттар - 6, 3 мың. т.
Атмосфералық ауаға көп мөлшерде шығарылатындар қатарына: күкірт ангидриді-2, 2 мың. т; көмір оксиді-1, 2 мың. т; азот оксиді-2, 2 мың. т кіреді.
Қаланың ауа бассейніне шығарындыны көп мөлшерде шығаратын стационарлы көздер қатарына ЖЭО-1-9, 8 мың. т, “Алматы теплокоммунэнерго”- 433, 0т. кіреді. Қалған шығарындылар атмосфералық ауаға орта және кіші кәсіпорындардың соның ішінде автономды жылу орталық көздері бар кәсіпорындар еншісіне тиеді [15] .
Г. А. Гармаш мәліметтері бойынша ауыр металдардың көп мөлшері қара және түсті металдар есебінен қоршаған ортаға техногендік шаң-тозаң ретінде түседі. Ауыр металдардың орта нысандарына түсу көзі түсті металлургия, химиялық, электр-техникалық өндіріс қалдықтарының шығаратын қалдық суларынан да болады. Қорғасынды балқыту және тазарту кезінде әр тоннасына 25кг қолданылмаған қорғасын шығарылады. Тау-кен өндіріс орындарындағы шаң құрамында 3% мыс, 9% қорғасын, 1% кадмий және 15% мырыш болады. Қара және түсті металлургия өндіріс орындарының қалдық сулары құрамында 1-5мг/л кадмий, 200-250мг/л никель кездеседі.
Қалалардағы нашар экологиялық жағдай жылу электр орталықтары әсерінен де қалыптасады. Алматы қаласының ЖЭО-1 аймағында қорғасын, мыс, мырыш, кадмий, молибденннің фондық мәні 3-100 есеге дейін артқан. Ал құрамында жоғары дозалы ванадий, висмут, берилий, хром заттары бар қалдықтар 3км қашықтықта өсетін өсімдіктерге әсер етеді [22] .
Ұлттық баяндамадағы мәліметтерде көрсетілгендей Алматы қаласындағы әртүрлі аудандардан алынған топырақ үлгілеріне жүргізілген зерттеулер нәтижелері мынаны көрсетеді: ауыр металдар соның ішінде топырақтағы кадмий нормадан аспаған, қорғасын ШРК бойынша 0, 6-1, 8 аралығында, хром 0, 6-2, 1; цинк 0, 9-1, 4; мыс 0, 7-1, 7 аралықтарында болған. Топырақтың ауыр металдармен ең көп ластанған аудандар Абай даңғылы мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысқан жерлерінде. Бұл аймақта көктем және күз мезгілдерінде мыс, қорғасын, цинк және хромның ШРК 1, 0-2, 6 аралығында болатынын көрсетеді. Ал ВАЗ ауданында көктемде хром концентрациясы 1, 2 жеткен, күз айларында мыс, қорғасын, цинк, хромның ШРК 1, 1-1, 7 аралығында болған. Қалалық әуежай аймағында күзде қорғасын концентрациясы 1, 4 жеткен. ҚазҰУ-нің саябағында ауыр металдардың жинақталуы нормадан аспаған [22] .
Жылына бір автокөлік орта есеппен 1кг қорғасын қоспасын шығарады, ал сағатына ол 1, 4г құрайды екен. Қорғасынның жоғарғы концентрациялық қалдықтары үлкен, кіші автомагистралдар жанындағы топырақ пен өсімдіктер құрамында басқа жерлердегі өсімдіктерге қарағанда, қорғасын 10-100 есеге дейін артық екендігін көрсетті.
Д. Бериния және т. б. автокөшелердің маңында 50м жерде өсетін өсімдіктер құрамында қорғасыннан басқа марганец, мырыш, мыс, кадмий, кобальт, никельдің жоғары концентрациясы кездесетінін көрсеткен.
Алматы қаласының климаттық жағдайы қолайлы болғанымен, атмосфералық өзін тазарту қасиеті төмен болып келеді. Республикада соңғы жылдары жүріп жатқан экономикалық реформаларға байланысты шаруашылық құрылым өзгеріске ұшырады, оның ішінде көптеген ескі және ірі өндіріс орталықтары тоқтатылды. Нәтижесінде көпжақты өнеркәсіп орындары пайда болды. Ал олардың ауаны ластандыру процесіне қосатын үлесі ірі өнеркәсіп орталықтары шығаратын улы және зиянды заттар мөлшеріне тең болып келеді.
ҚІСБ ЖПБ мәліметтері бойынша экологиялық қауіпсіздік бөлімінің талдау жұмыстары қаладағы пайдаланылатын көліктің 75% -ның пайдалану мерзімі өткен, олар қолдануға жарамсыз болып табылады.
Ауаға түскен барлық ластаушы заттардың 80% - автокөліктен шығатын улы заттар. Сол газдардың құрамында зиянды бөлшектер бар.
Әрбір автомобиль орташа есеппен 1км жол жүргенде, 30г СО 2 , 4г NO 2 , 2г көмірсутектерді шығарады екен. Осы газдардың бөлінуі отынның түріне, жол сапасына және жер бедеріне байланысты.
Бақылау орталықтарының мәліметтері бойынша автокөліктер жыл сайын 802 мың тонна СО 2 , 45 мың тонна NO 2 , 10 мың тонна тетраэтилқорғасын,
13 мың тонна көмірсутек, 0, 5 мың тонна бензапирен шығарады екен.
Металдармен ластанған қала тұрғындарының денсаулық көрсеткіштеріне корреляция жасағанда балалар өлімінің 32% жерасты суларының ауыр металдармен ластануына, ал 40-42% тыныс алу органдарының зақымдануына байланыстылығы дәлелденген. 1991-1993 жылдар аралығындағы экологиялық жағдайдың өзгеруі екі қарама-қарсы процестермен айқындалады: біріншісі - автокөлік санының күрт өсуі, жылына 25-30% өскен; екіншісі - өнеркәсіптіктік іс-әрекеттің азаюы. 1990 жылы Алматыда 560 өндірістік кәсіпорын жұмыс істеді. Кәсіпорындардың азаюы қалдықтардың азаюына себеп болды. Сондықтан, Алматы қаласының экологиялық жағдайының сапалық анықтаушысы - автокөліктерден шығатын газ мөлшерінің өсуі болып келеді. Автокөлік шығаратын қалдықтардың үлесі 2000 және 2003 жылдар арасында 95-96% жетті.
Алматы қаласының экологиялық жағдайының сандық және сапалық сипаттамалары өте жағымсыз деп айтуға болады. Қазіргі таңда ауаның ластануына байланысты бақылау жеткіліксіз түрде жүргізілмейді. 1996 жылы қаланың ластануын Қазгидрометтің 15 тұрақты станциясы бақылап отырған. 1996жылы 15 станция жұмыс істесе, ал 2000 жылы 2 станция ғана қалды.
Қазіргі жағдайда қала ортасының сапасын бақылаудың жаңа әдістерін енгізу қажеттілігі анықталып отыр. Мониторинг жүйелері биоиндикациялық зерттеулерге қажетті жаңа әдістердің бірі болып есептеледі.
Мониторинг анықтамалары және негізгі міндеттері:
Табиғи ортаның жағдайы және оның өзгеруі жайлы мәліметтерді адамдар көптен бері пайдалануда. Соңғы жүз жыл бойы метеорологиялық, фенеологиялық т. б. бақылаулар тұрақты түрде жүргізілуде.
Техниканың дамуы мен адамның табиғатқа әсер ету мүмкіндігі ұлғайған кезде, табиғи ресурстарды кеңінен пайдалану, геофизиологиялық мәлімет ең маңызды және қажетті бола бастады. Ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаның табиғи себептерімен болатын өзгерістерінің жағдайына бақылаулар жүргізілгені белгілі.
Соңғы он жылда бүкіл дүние жүзінде адамның қоршаған ортаға әсері күрт өсті, табиғатқа жүргізілетін бақылаусыз қысым өте күрделі салдарға әкелетінін көрсетті. Осыған байланысты биосфераның жағдайы туралы детальды мәлімет беру қажеттілігі туды. Табиғи себептермен өзгеретін биосфераның жағдайына қарағанда, антропогендік фактордың әсерінен болатын өзгерістер өте қарқынды жүрді, осы себептермен биосфераның кейбір элементтеріндегі срңғы 10 жылда болған өзгерістер табиғи жағдайда мың, тіпті миллион жылдағы болатын өзгерістерімен тең келеді.
Табиғи фонда антропогендік өзгерістерді білу үшін биосфераға адамның көмегімен жүргізілетін арнайы бақылауларды ұйымдастыру қажеттілігі туды.
Алдын ала әзірленген бағдарламаға сәйкес белгілі мақсатта кеңістікте және уақыт бойынша табиғи ортаның бір және одан да көп элементтеріне жүргізілетін қайталанбалы бақылаулар жүйесін - мониторинг деп атау ұсынылған.
“Мониторинг” термині қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл 5-6 маусымда “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде) пайда болды. Осындай жүйені құру бойынша алғашқы ұсыныстарды СКОПЕ арнайы комиссиясының сарапшылары 1972 жылы жасаған. “Мониторинг” термині “бақылау” терминіне қосымша пайда болған, яғни ол тек қана бақылап, мәлімет алу ғана емес, сонымен қатар, белсенді іс-әрекет элементтері, басқару элементтері дегенді білдіреді. Мониторингке келесі негізгі іс-әрекет бағыттары кіреді:
1. Сыртқы ортаға әсер ететін факторларды бақылау;
2. Табиғи ортаның нақты мезетіндегі жағдайды бақылау;
3. Қоршаған ортаныңжағдайына болжам жасау және оны бағалау.
Сонымен, мониторинг дегеніміз - бақылаудың және болжам жасаудың жүйесі. Онда қоршаған ортаны ұйымдастыру маңызды шарттардың біріне жатады. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико-географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мониторинг жүйелерін локальды аймақтарда және бүкіл жер шарында жүргізуге болады. Ғаламдық мониторинг - бүкіл биосфера туралы мәліметтер алады; аумақтық - үлкен кеңістікті алып жатқан аумақтар (табиғат белдеулері, ландшафт кешендері, т. б) туралы, ал жергілікті - жеке объектілердің (қала өндіріс аймағы, т. б) экологиялық жағдайларын бақылайды. Бұдан басқаша биоэкологиялық (санитарлы-гигиеналық, адам денсаулығы, т. б) геоэкологиялық (климат жағдайы, т. б) болып бөлінеді. Мониторинг қызметінде дистанционды және автоматтық бақылау әдістері қолданылады. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетінде қоршаған ортаның сапасын басқару кірмейді. Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде “экологиялық мониторинг” басқармасы бар.
Мониторинг жүйесін топтастыру - қоршаған табиғи орта жағдайының өзгеруін болжау мен бақылаудың кешенді жүйесін қарастырылатын объект түрлеріне, факторларға, ластағыш көздерге, әсер ауқымына, қолданылатын тәсілдерге қарай топтарға бөлу болып табылады. Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрлық жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілеріне қарай мониторинг жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық, сейсмикалық, ионосфералық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz