Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысандары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Кафедрасы

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысандары »

Мазмұны

:
:
: Кіріспе.
: 3
: 1.
: Г Жеке кәсіпкерлік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
8
: 1. 1
: Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні
8
: 1. 2.
: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің нысандары
10
: 2
: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мәселелері
31
: 2. 1.
: Жеке кәсіпкерлердің құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың және оны заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері
31
: 2. 2
: Жеке кәсіпкерлікті тоқтатудың нысандары. Жеке кәсіпкердің банкроттығы
46
: Қорытынды. .
: 58
: Қолданылған әдебиеттер тізімі
: 62

Кіріспе

Еліміздің экономикалық жүйесінде мемлекеттік тәуелсіздігімізді алған сәттен басталған түбегейлі өзгерістер әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы құрудың қажеттігін туғызып, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруды талап етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі - экномикалық тұрғыда дамудағы уақыт талабы еді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» деп аталатын Қазақстанның келешекте гүлденіп дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтаған халыққа арнаған жолдауында біздің еліміздің алдына қоятын басты мақсаты: үлттық бірлік, әлеуметтік эділдік, барша қазақстандықтардың экономикалық жоғары деңгейдегі ахуалы тэн тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру болып табылатындығын атап өтеді. Қоғамның бірлігі мен ішкі түрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде болу қажеттігін де баса көрсетеді.

Кәсіпкерлік, тұтас алғанда, ауылдық жерлерде де жақын арадағы онжылдықта нарықтық құрылымдарға қосымша күш беретін және инфраструктуралар сүрақтары мен әлеуметтік мәселелер айрықша мэнге не салаға айналуы тиіс.

Қазіргі таңдағы қоғамымызда жұмыссыздық кедейлік, зейнетақы мен төлемақылардың төмен мөлшері, тағы басқа толып толып жатқан әлеуметтік мәселелердің өз шешімін тиісінше таппай жүргені жасырын емес. Осындай мәселелерді шешудегі мемлекеттің мақсаты болып азаматтарға, шаруалар мен ауылдық жердің түрғындарына кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қажетті құралдармен қамтамасыз етудің де мәселелері басты назарда болуы қажет.

Жаңа экономикалық қатынастырды қалыптастыру барысында біздің дербес мемлекетіміздің қоғамдық өміріндегі пайда болып жатқан құрылымдарды қаржылық және құқытық қамтамасыз етудің мәселелері өте өткір туындап отырғаны белгілі.

Бүгінгі күні, меншік қатынастарына қатысты реформалар, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарының көп түрлілігі, кэсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу эдістерінің елеулі тәжірибеде де, теориялық тұрғыда да құқықтық реттеуде шынайы демократиялық қағидалар басшылыққа алынады, атап айтқанда, кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең мүмкіндіктері қағидасы және кэсіпкерлік еркіндік қағидасы.

Нарықтық экономиканы кэсіпкерлік қызмет еркіндігі қағидасынсыз елестету мүмкін емес. Аталған қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында баян етілген: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алган кдндай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке, онынь ішінде мұрагерлік күкыгына заң мен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруга болмайды. Заіьмен көзделген ерекше жагдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның күлы тен, бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Әркімнің кәсіпкерлік кызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кэсіпкерлік кызмет үшін еркін пайдалануга күкыгы бар. » Сонымен, еліміздің негізгі Заңының азаматқа мүлдай құқық берілетінін жариялауы үлкен мэнге ие, ал бүл құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттің әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз етудің құралы болатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасыдағы жеке кэсіпкерлік өз дамуын 80-жылдардың соңынан алады. Осы кезең ішінде экономика саласында оның қызметін реттейтін көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Солай бола түрса да, осы саладағы нормативтік базаны жетілдіруге байланысты көптеген мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді.

Аталған саладағы қоғамдық қатынастардың жеткілікті түрде, ауқымды құқықтық реттелгеніне қарамастан, шешімдер талап ететін сүрақтар әлі де жетерлік. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 31-наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағы

заңды тұлға құрмастан шаруа қожалығы нысанының болуын ғана белгілейді. Ал тәжірибеде шаруа қожалықтары заңды тұлға ретінде құрылып эрекет етеді, көп жағдайда Қазақстан Республикасы 1994-жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексіне қайшы келмейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында қүрылады. Бұдан жоғарыда аталған Заң нормасында жоюды талап ететін қайшылықтар туындайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс жеке кәсіпкерлердің құқыққабілеттігін жеке түлғанікімен бірдей көлемде белгілейді, бірақ жеке кэсіпкерлік құқықтыққабілеттілік пен эрекетқабілеттілікке мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап ие болады және құқықтарды жүзеге асыру саласында мүмкіндіктері де аса зор емес. Яғни, жеке кәсіпкердің құқыққабілеттілігі тек уақыт бойынша ғана емес, жеке түлғалармен салыстырғанда өкілеттіктерінің көлемімен де шектеулі. Сонымен, қолданыстағы азаматтық заңнамаларда көрініс таппаған ережелер орнын толтыруды қажет ететін құқықтағы ақтаңдақтық екені даусыз. Мысалы, жеке кәсіпкер мен оның отбасы мүшелері оның мүлкіне мүліктік шара ретінде өндіріп алу іс-жүргізуі қозғалатын болса, олар қорғаусыз қалады, мүның өзі экономиканың басты саласы ретінде мемлекетпен таңдалған және кәсіпкер қызметін жан-жақты қолдау қағидасына қайшы келеді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде бұл дипломдық жүмыс тақырыбының өзектілігімен толығымен келісуге болады. Бүгін де жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайын анағүрым терең зерттеудің қажеттілігі анық туындап отыр. Жеке кәсіпкердің қүықтық жағдайы мәселелері отандық әдебиеттерде де жеткіліксіз зерттелген, бұл кәсіпкерлік құқықтық қарым қатынастырды зерттеу саласындағы жаңа ғылыми еңбектердің жоқтығымен түсіндіріледі.

Ғылыми зерттеудің жалпы әдістемелік және теориялық негізін диалектикалық әдіс, таным теориясы құрайды, жүмыс барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық және өзге де дэстүрлі жалпы ғылыми әдістер қолданылды.

Осы зерттеудің ғылыми-теорилық негізі Ю. Г. Басин, М. Балкен, С. Григоренко, С. У. Жандосов, С. Э. Жилинский, В. Ермаков, С. И. Климкин, Л. А. Кусаинова, В. В. Лаптев, М. К. Сулейменов, В. Е. Хруцкий, өзге де Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесіне қатысты конституциялық құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, аграрлық, кәсіпкерлік құқық саласындағы танымал заңгер-ғалымдар мен зерттеуші-құқықтанушылардың, сонымен қатар ТМД елдері ғалымдарының да ғылыми еңбектері танылады. Кэсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелеріне байланысты жаңа әдебиеттердегі ғылыми зерттеулердің болуына қарамастан, жеке кәсіпкерлік туралы ғылыми көзқарастар мен пікірлер жеткіліксіз деуіміз: ғылыми жұмыстардың кәсіпкерліктің барлық нысандарын тұтастай зерттеумен шектелуіне байланысты екендігін ескерген жөн. Дипломдық жұмысты жазуда Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде жеке кәсіпкердің кұқықтық жағдайы мәселелерін кешенді түрде зерттеуге тырыстық.

Бұл ғылыми жұмыста әсіресе, жеке кәсіпкерліктің үйымдық-құқықтық нысандарының теориялық жағдайларында, олардың кәсіпкерлік қатынастардың өзге субъектілерінен ерекшелендіретін айрықша белгілеріне, және кәсіпкер қызметін қуру мен тоқтатуына тоқталуды жөн көрдік. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайымен байланысты теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелер бойынша ТМД елдері заңнамасына салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді: жеке кэсіпкерліктің бір ретінде бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің тең қүдығы туралы; банкроттық институты; жеке кәсіпкердің құқыққабілеттігі; сонымен қатар заңды түлға болып табылатын шаруа қожалығына қарағанда, заңды түлға құрмастан жүзеге асырылатын жеке кэсіпкер мэртебесінің оң жақтары бар екендігін салыстыру әдісін қолданып көрсету.

Дипломдық жұмысты орындауға жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері мен оның қызметін реттеудегі кездесетін мәселелерді анықтауға, жеке кәсіпкерлікпен байланысты заңнамаларды жетілдіру мақсатында кешенді зерттеуге басты көңіл бөлінді. Осы аталған

зерттеудің негізгі мақсаттары келесі сұрақтар жөнінде мазмұндауды жөн санадық:

  • жеке кәсіпкердің жалпы ерекшеліктерін зерттеу;
  • жай серіктестіктің шаруа қожалығының мүшелерінің құқықтықжағдайын салыстыру мен таңдау;
  • шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерінің ауыл шарушылыққызметінің мэнін зерттеу;
  • заңды тұлға құрмай-ақ шаруа қожалығын құрудың заңды тұлғанысанында құрылған шаруа қожалықтарына толы екендігіне тоқталу;
  • жеке кәсіпкер құқыққабілеттілігін заңдық реттеудің мәселелерінетоқталу;
  • жеке кәсіпкер қызметін тоқтату мен оның банкроттығы мәселелерінтоқталу;
  • жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайын реттейтін заңнамалардыжетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Бұл жұмыстың нормативтык негізгі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы», Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлік туралы», Қазақстан Республикасы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заңдарының нормалары қолданылды.

1 Тарау. Жеке кәсіпкерлік - кәсіпкерліктің нысаны ретінде

1. 1. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні

"Кәсіпкерлік нысаны (ұйымдық құқықтық нысан) " терминның өзі заң шығарушылық және іскерлік айналымда жақында пайда болды. Өзінің пайда болуымен бүл жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырды. Кеңес дәуріндегі советтік экономикада мемлекеттік сектордың үстемдік еткені белгілі. Мемлекеттік емес сектордың рөлі тым аз мөлшерде еді. Тіпті, "қайта құру" деп аталған уақытта да жаңа экономикалық қатынастырдың пайда болуы мен дамуы ешқандай нэтиже бермеді. Солай бола түрса да, белгілі бір ілгері басушылықты тіптен ескермеу объективсіз болар еді, мысалы, 80-жылдардың ортасымен 90- жылдардың басындағы кезең. 1987 ж. 30 маусымда қабылданған КСРО-нің "Мемлекеттік кәсіпорын (бірлестік) туралы" Заңын, 1988 ж. 26 мамырдағы КСРО-нің "КСРО кооперациялар туралы" Заңын, , өзге де бірлскен кәсіпорындар қызметін реттуге арналған бір 1989 ж. 7 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Жалдау қатынастар туралы" Жарлығын қатар актілерді атап өтуге болады. Кәсіпкерліктің дамуында үлкен мәнге ие КСРО министірлер Кеңесімен 1990 ж. 8 тамызда бекітілген "Шағын кәсіпорындарды қуру мен дамыту шаралары туралы " Ереженің маңызы зор болды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуін кәсіпкерлік нысандары жөніндегі үлттық заңнамаларды қалыптастыруға ықпал етті. Біздің жағдайда нысан ретінде "Тип. құрылым белгілі бір мазмұмдағы ішкі сыртқы көрініс" түсіндіріледі. \ 16, с. 21 Сонымен, бүл дипломдық жүмыста Қазақстан Республдикасы және ТМД елдері заңнамасында көзделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың нақты әдістері - бүл дипломдық жүмыстың зерттеу пәні болып табылады.

Кэсіпкерлік белгілі бір ұйымдық оның нысанын таңдау көптеген факторларға байланысты: шаруашылық субъектілерінің қаржылық

мүмкіндігі, қызмет ортасы, қандай да бір нысанның салыстырмалы артықшылықтары. Әрбір елдің кэсіпкерлікті үйымдастыру бойынша өз заңнамасы әрекет етеді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибеде типтік кэсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық - құқықтық нысаны бар. Бұған: жеке кэсіпкерлік, жай серіктестік, толық және коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мекемелер жатады. Бүл негізгі нысандар кэсіпкерлік субъектісіне қарай эр елде өзіндік модификацияға ие болуы мүмкін. \28, с. 4-5\

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандарын кәсіпкерлікті құқықтық реттеу жүйесінің элементі ретінде бөліп қарастыру кәсіпкерліктің экономикалық негізінің тәжірибелік және теоретикалық тұрғыда үлкен мэнге ие. Бұл - аталған саланы зерртейтін заңнаманы дұрыс қолдануға және оны нақты орындауға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарды анықтауға және заңнамадағы ақтаңдықтықтарды жойып, оны жетілдіруге зор ықпалын тигізеді.

Кәсіпкерлік қызметтің нысандары мен түрлері жөнінде сөз қозғағанда "түр мен нысан" терминдерінің заңнамада, ғылыми терминологияда және тілде жиі ауыстырылып қоданылатынын ескеруіміз қажет. Осы дипломдық жұмыс барысында кәсіпкерліктін түрі ретінде кәсіпкерліктің негізгі бөлімшелерін түсінеміз, бүл негізгі бөлімшелер - түрлер ретінде қарастырылатындықтан да бір-біріне нысан болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, кәсіпкерліктің бір түрі басқасына нысан болуы мүмкін емес.

Ал кэсіпкерліктің нысанына келетін болсақ, бүл өндірістік құрылымдар. Кэсіпкерліктін түрлері эр түрлі нысанда болуы мүмкін, кэсіпкерліктің бір түрлі нысандарда көрініс табу мүмкін, ал кәсіпкерліктің бірнеше түрі үқсас нысанда кездесуі мүмкін. \41 с. 36-37\ Осы бөлімнің бірінші тақырыбында заңды түлға құрмай-ақ жеке түлғалардың кэсіпкерлікті жүзеге асыруының ұйымдық құқықтық нысанына қысқаша сипаттама беріледі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Кәсіпкерлік қызмет туралы" Заңында (бүдан әрі - Заң) кәсіпкерліктің түрі мен нысаны арасында нақты айырмашылық келтірілмеген. Заңның мәтініндегі кәсіпкерліктің түрі мен нысанын ажырату қиынға соғады, өйткені олардың нақты түсінігі қарастырылмаған. Жағарыда атап өтілгендей түр мен нысагн терминдері көп мағыналы және бір бірімен жиі ауыстырылады. Сәйкесінше, заңнамада да заңдық әдебиетте де олар түрлі мағынада қолданылады, сондай-ақ синоним ретінде де жиі кездеседі. Кәсіпкерлік нысандарын бөлуде оның заңдық мазмүлын білдіретін заңдық нысандары туралы айтылады. Яғни, бір ғана мазмұнның өзі түрлі заңдық нысандырда, ал түрлі мазмүн бірдей нысандарда болуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің заңдық нысандарын ең алдымен кәсіпкерлік қызметтің субъетілеріне қарай бөлуге болады. Осы негізде жеке түлғалардың және заңды түлғалардың кәсіпкерлік қызметін бөліп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бойынша мүндай бөлу Қазақ ССР нің 1990-жылғы 19-желтоқсандағы "Қазақ ССР-дегі кэсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы" Заңының 2-бабына сэйкес келеді.

Жеке түлғалардың кәсіпкерлігі туралы сөз қозғағанда, заңды тұлға құрмай-ақ, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын айтамыз. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлігі тек қана жеке кэсіпкерлік түрінде болуы мүмкін, бүл өз кезегінде, жеке кәсіпкерлікті білдіреді. Кәсіпкерлер ретінде жеке түлға немесе бірнеше жеке түлға болуы мүмкін. Заң шығарушы белгілегендей, бір түлғадан құрылса - жеке кәсіпкерлік, бірнеше түлғаларадан құрылса, үйымдастурышылық нысаны - бірлескен кэсіпкерлік болып саналады. Бұнымен қатар, жай серіктестік, отбасылық кәсіпкерлік, шаруашылық (фермерлік) қожалықтар түріндеде кэсіпкерлік қызмет кең таралған.

1. 2. Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің нысандары

Жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға құрмай азаматтардың (жеке тұлға) кәсіпкерлік қызметі кэсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Жеке кәсіпкерлік нысандарының ерекшелігі: азаматтардың бастамашылық қызметі олардың жеке меншігіне негіделеді және мазмүны жағынан коммерциялық болып табылады. Олар әр қашанда тауарларға (жүмыстар, қызмет көрсетулер) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен пайда табуға бағытталады және нақты жеке тұлғаның атынан оның тәуекелдігі мен мүліктік жауапкершілігіне негізделіп жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерліктің субъектілері тек Қазақстан Республикасынаң азаматтары ғана емес, егер халықаралық шарттар мен заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, сонымен бірге шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар да бола алады.

Жеке кәсіпкерлікке арналған ең бірінші заңдық акт КСРО-нің 1987 -жылғы 19-қарашадағы "Жеке еңбектік қызмет туралы" Заңы болып табылады. Аталған заңның қабылдануымен кішігірім өндіріс пен қызмет көрсету саласында шағын бизнес пайда болды: бас киімдер, аяқ-киімдер, киімдер тігу, тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, бейне-таспа өнімдерін жалға беру, гүлдерді өсіру мен сату т. б. Жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуы 19991-1992 жылдардағы кәсіпкерлік жөніндегі заңнамалардың дамуымен тікелей байланысты болды. Ендігі кезектегі кәсіпкерлік заңды тұлға құрмай-ақ биржалық және биржадан тыс тауар нарықтарында айтарлықтай ірі делдалдық мәмілелер жасайтын және орындайтын брокерлермен де жүзеге асырыла бастады. \27, с. 20-21

Қазақстан Республикасның Азаматтық Кодексіне сэйкес азаматтардың заңды түлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы шағын кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің түсінігі Қазақстан Республикасының 1997- жылғы 19- маусымдағы «Шағын

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-бабынаң 1-тармағында былайша анықталған: Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы қүны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды түлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Яғни, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тек заңды түлғалар ғана емес, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке түлғалар да жатады.

Жоғарыда заңнамамен белгіленгені айтылғандай, дәлірек айтсақ Қазақстан Республикасы 1997 - жылғы 19- маусымдағы "Жеке кэсіпкерлік туралы" Заңымен заңды тұлға қүрмастан жеке тұлғалар кәсіпкерлігінің: жеке және бірлескен екі түрі көрсетілген. Жеке кәсіпкерлік азаматтың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге мүмкіндік беретін өзге де құқықтар арқылы жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерлікті некеде түрған азамат өзінің жүбайын (зайыбын) кәсіпкер ретінде көрсетпей жүзеге асыратын болса, мүлдай жағдайда кәсіпкерлікті жүзеге асыруға зайыбының келісімі талап етілмейді.

Бірлескен кәсіпкерлік ортақ меншік құқығы мен тиесілі мүліктері негізінде, сондай - ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге құқық негізінде азаматтар тобымен жүзеге асырылады. Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік үш үйымдастырушылық құқықтық нысанға бөлінеді:

а) жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіне негізделіп жүзеге
асырылатын жүбайлардың кәсіпкерлігі;

б) шаруашылық фермерлік қожалықтарының немесе жекешелендірілген
түрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде іске асырылатын отбасылық
кәсіпкерлік;

в) кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншікке негізделіп жүзеге
асырылатын жай серіктестік.

Қолданыстағы заңнамалар нормаларындағы мынадай екі жағдайға мән бергеніміз жөн:

Біріншіден, жеке кәсіпкерді тіркегенде заңды тұлға қүрылмайды, яғни жеке мүліктің заңдық оқшауланып, іскерлік айналымға қатысуы орын алмайды. Соған байланысты мұндай кэсіпкерге несие берушілер өз талаптарын қойған жағдайда кэсіпкерлік субъектісін барлық мүлкі іс жүргізу заңнамасымен белгілінген тэртіпте өндіріп алуға жатады. Сондықтан да кәсіпкерліктің мүлдай нысаны үлкен тәуекел мен байланысты емес бизнес салаларында ғана кең таралады. Екіншіден, жеке кәсіпкерлерге заңды түлғалар үшін көзделген бизнес жүргізу ережелері таралады. Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 19-маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында жеке кэсіпкерлердің шағын кэсіпкерлік субъектісі ретінде көрсетілуі, сондай-ақ оларға өндірістік кооперативтер, серіктестіктердің барлық түрлерінің жатқызылуы ерекше мәнге ие. Яғни, жеке кәсіпкерлер тең құқықтарды пайдаланып, заңды түлғалармен бірдей міндеттер атқарады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда жеке кәсіпкерлер шарт жасауда еркін және өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше емес орындаған ретте, айыппүлдық шараларды қоса алғанда өздері жауагіты болып табылады. Оларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында міндеттемелерді бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік жөніндегі жалпы ережелер де таралады: егер олар міндеттемені тиісінше орындау бой бермейтін күштердің (форс-мажорлық мән-жайлар) салдарынан мүмкін болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілікке тартылады.

Жеке кәсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүзеге асырады. Бірлескен мэміле жасаған жағдайда, заңда актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтар мен міндеттер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Бірлескен шаруашалық қызмет кең мағынасында қандай да бір шаруашылық мәселені шешуде субъектілердің өзара әрекеттесуін білдіреді. Шаруашылық айналымның жекелеген қатысушылары өздерінің мүліктерін біріктіріп, қатысушылардың бәрі үшін қажетті нәтижеге қол жеткізуге талпына алады, жалпы шаруашылық мақсаттың объектілері коммерциялық қызметтегі немесе тұрмыстық деңгейдегідей түрліше болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және құқықтық мәртебесі
Шаруашылық серіктестіктер корпоративтік құқық субъектісі ретінде
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Жеке кәсіпкерлік - кэсіпкерліктің нысаны ретінде
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Сақтандыру саласына байланысты заңнамалық актілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz