2- сыныпта ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі п. ғ. д., профессор
Қ. А. Аймағамбетова
«» 2010ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 2- сыныпта ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары
Орындаған: «050102- Бастауыш оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
5 жылдық 5 курс (сырттай бөлім) студенті
Умбеталиева Келбет
Ғылыми жетекшісі б. ғ. к., доцент Э. Б. Исламкулова
Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 тарау. Бастауыш сынып оқущыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- Эстетикалық тәрбие туралы түсінік . . . 6
- Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары . . . 13
2-тарау. 2-сыныпта «Ана тілі» пәні материалдары арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары
- Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты . . . 22
- Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу тәжірибесі . . . 38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі . Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда- жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдекті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.
Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем өнер, олардың пікірінше, адамда көтеріңгі рух туғызады, өңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен ерлікке рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды және айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркем өнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген олар, эстетикалық тәрбиені жүргізуде әсіресе көркем өнердің екі саласы- поэззия мен музыка арқылы жүргізудің мәнін көрсетті.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, ролін және орнын түсінудің негіздері А. В. Лунчарский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий қалаған болатын.
Қоғам дамып отырады, бір қоғамдық құрылыстың орнына басқа қоғамдық құрылыс келіп, адамдардың көзқарастары мен түсініктері, оның ішінде әсемдікке, оның адамға әсер ету жолындағы көзқарасы да алмасып отырады. Бірақ эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басылмады, творчестволық ізденгіш ой оның табиғатын, жеке адамға әсер ету жолдарын барған сайын тереңдетіп аша береді.
Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми- техникалық ревалюция болып табылады. Ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті сықылды болып көрінеді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие мәселелеріне деген ынта- ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез- құлқындағы әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы деп есептеу қажет.
Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірде терең де жан-жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамдық қалыптастырудағы алғы шарты болып табылады.
Адамдардың әсемдікті жасауға белсене қатысуынсыз шын мәніндегі эстетикалық тәрбиені көзге елестетіп те болмайды. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің жүйесі өзінің сапалық құрамына балалар мен ересектердің эстетикалық іс-әрекетінің элементін қамтиды. Эстетикалық тәрбие процесінде пайдалы (ақылға сыйымды) және эмоциалы (сезімді) элементтерді дұрыс түсінудің аса зор маңызы. Педагогика бұл мәселені шешуде адамның жан-жағдаятының бөлшектенбес бір тұтас екендігін, оның өмірінің барлық жағынан: ақыл-ойы, идеясы, адамгершілігі және эстетикалық жағынан өзара байланысты екендігін негізге алады. Осының барлық жағынан үндестікпен дамуы- жеке адамның гүлденіп өсуінің маңызды шарты.
Қазақ халқының эстетикалық ой- пікір тарихы жөніндегі деректер ақын- жырыаулардың шығармасында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан қайғының, Доспанбет Ақтамберді, Бұхар т. б қазақ жырауларының жыр- толғауларында, еңбекшіл бұқараның ой-арманы, әстетикалық ұғымдары жан-жақты бейнеленген, қазақ халық поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.
Көне түркі мәдениетінің «құдатқу білік», «диуани хикмет» үлгілері қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып қадырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси- қоғамдық ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзарасы мен орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиенің жан- жақты жүйелі талдап зерттеулерінде емес, керісінше мүмкіңдігінше сол мәселелер жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақ халқының ұрпақтап-ұрпаққа ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамды ең алғаш қазақ ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талданды.
Соңғы кезде М. Х. Балтабаев, Ұзақбаев С. А. Ахметова З. Р. Еспаев Я. Ж С. Әбенбаев, Ш. Әлібековтар болашақ мұғалімнің эстетикалық тәрбиесін, мәдениетін философиялық, педагогикалық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізуде. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында туған өлке табиғатын аялау арқылы, оқушының көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын: «2- сыныпта ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары», - деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттарын айқындау және оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мән-мағынасын сипаттау.
- Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдарын қарастыру.
Зерттеудің объектісі : Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні : Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеудің әдістері:
- Педагогикалық әдістемелік әдебиеттермен танысу, пайдалану.
- Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау.
- Бақылау, әңгіме.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Бастауыш сынып оқущыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- Эстетикалық тәрбие туралы түсінік.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушының «айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін» қамтамасыз ету екндігін атап көрсетілген.
Қазіргі кезеңде оқушылардың эстетикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың маңызы ерекше. Эстетикалық қызығу- адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстары танып-білу мақсатымен өз қалауы бойынша өмірде, болмыста жасалатын нысаналы іс-әрекет. Эстетикалық қызығушылықтың негізі эстетикалық қажеттілік болып табылады, ал бұл екеуінің бір-біріне ауысуы кезінде эстетикалық ляззаттану жатады. Адам ляззатталған соң ол үшін қызығу объектісі маңызды эстетикалық құндылыққа ие болады да, онымен қайта кездесуге асығады, қызығушылығы артта түседі.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, ролін және орнын түсінудің негіздерін А. в. Лунчарский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий қалаған болатын сол кездегі бір тұтас еңбек мектебі туралы деклорацияда -эстетикалық білім дегенді қайдағы бір оңайтылған, балалар өнерін үйрету ғана деп түсінбей, балалардың сезім мүшелері мен творчестволық қабілеттілігін үнемі дамытып отыру, бұл сұлулыққа рахаттана білу мүмкіндіктерін молайтып, оны өздері жасай білу деп түсінген.
Қазақ халқының эстетикалық ой-пікір тарихы жөніндегі деректер ақын- жыраулардың творчествасында әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан қайғының, Доспанбет Ақтамберді, Бұхар т. б. қазақ жырауларының жыр толғауларында, еңбекші бұқараның ой-арманы, эстетикалық ұғымдарды жан-жақты бейнеленген, қазақ халқы поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.
Көне түркі мәдениетінің «Құдатқу білік», «Диуани Хикмет» үлгілері қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып қадырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси- қоғамдық ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзарасы мен орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиенің жан- жақты жүйелі талдап зерттеулерінде емес, керісінше мүмкіңдігінше сол мәселелер жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақ халқының ұрпақтап-ұрпаққа ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамды ең алғаш қазақ ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талдап қорытындылады.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңрді. Ал, халық ауыз әдебиеті жастардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда айрықша роль атқарады. Сонымен қатар, ол осы мұраларға бірінші болып ғылыми пікір айтушы болды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы-ғалым Ы. Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей түсті.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінің барысында халық мұрасына: ауыз екі шығармашылыққа, салт дәстүрге, әдет ғұрыпқа ерекше зер салып отырып жастардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету жағын қарастырды.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі - музыкадан, біреудікі- сұлу суреттен, ал біреудікі- поэзиядан . . . » деп ерекше назар аударған.
«Эстетика»- гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезімнен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика» ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданылады, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.
Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымның ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін толастаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз не?
Әсемдік- бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін жоғары дәрежедегі терең сезімі. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз еңбек процесін көреміз: әркім айналысқан ісіне орай сурет салған, - аң аулау, балық аулау, жермен айналысу т. с . Соған орай «Өмір деген тамаша» афоризмімен келіспеуге болмайды. Бірақта «әсемдік» жайындағы түсінікте субъективтік те кездеседі. Себебі «әсемдік» жайындағы ұғымды анықтауда көптеген маңызды әлеуметтік- психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшілігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар : ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т. б.
Әсемдекті тану (эстетика) - табиғатта, қоғамда, адамның іс-әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым-қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым боп табылады. ақиқат дүниені, ондағы құбылыстар сырын адамның тануы тек ақыл арқылы ғана емес, сонымен бірге түйсік арқылы беріліп, көңіл-күй сезімімен біртұтас қабылданады. Соған сәйкес заттың немесе құбылысытың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адам баласына әсемдіктің ляззатын алып келеді.
Әсемдікті тануға тәрнегібиелеу (эстетичечкое воспитание) - оқушының бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл-күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру үрдісі. Мақсаты - оқушы тұлғасының әсемдікті тануын, білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
Тәрбиенің бұл саласын жүзеге асыруға табиғат, еңбек, тұрмыс, қоршаған орта, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар зор рөл атқарады.
«Эстетикалық тәрбие» өмірдің барлық әралуан әдемілігімен ляззат алу қабілетін тәрбиелеу, қоғамның игілігіне шығармашылықпен еңбек ету қажеттілігінің болуын және барлық қабілеттердің үйлесімді дамуына тырысуы- дейді М. Овсянников.
Оқушыларды эстетикалық тәрбиесі- біздің қоғамның негізігі бір міндеті. Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаныңы жан- жақты үйлесімді дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, эстетикалық тәрбие тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде этикалық, эстетикалық, саяси сенімдері, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы.
Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған, керісінше ол ақиқат дүниені оқу- тәрбие процесінде тану арқылы қалыптасып дамиды. Біздің елде оны ерте кезден қолға алады: отбасында, балабақшада әдемі ойыншықтармен, суреттермен, балалар әдебиеттермен, музыкамен, мультфильмдермен танысу барысында жүзеге асырады. Одан әрі белсенді түрде жүзеге асырылады.
Мектеп жасындағы балаларда әдемілік сезімдерін ұғыну процесінде өзіндік ерекшеліктеріне қатысты жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті тану қабілеттеріне түсінік беріледі. Сондықтан эстетикалық тәрбиесінің сапасын көтеріп, әсемдік жайлы сезімдері және қажеттіліктерін дамыту, соған сай эстетикалық білім беру мәселесі- бүгінде бастауыш мектепті реформалау жағдайының өзекті бір мәселесіне айналуы тиіс.
Эстетикалық тәрбие- деп жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын түсінеміз.
Оқушылардың эстетикалық мәдениетінде жоғары дәрежеге қол жеткізу, оқу орындарында идеялық- тәрбиелік жұмыстарының бағытына да байланысты.
Практика жүзінде идеялық- тәрбиелік жұмыстары эстетикалық тәрбиеде төмендегідей жеке қарастырылады:
- Эстетикалық білім, ондағы мақсат тұлғаның эстетикалық мәдениетінің теориялық және құндылық негіздерін қалыптастыру;
- Көркемөнер тәрбиесі, мақсаты тұлғаның дағдылары, білімдері, құндылық бағыттары және талғамдарының бірлігінде біртұтас көркемөнер мәдениетін қалыптастыру;
- Эстетикалық тұрғыда өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу, мақсаты тұлғаның өзін-өзі жетілдіру;
- Шығармашылық қажеттілік пен қабілетті тәрбиелеу- мақсаты шығармашылық мәдениетті, өзінің әрекетіне эстетикалық көзқарасты, шығармашылық себепті, белсенділікті дамыту.
Дегенмен де жастардың эстетикалық тәрбиесіне қатысты мәселеде, алдымен, тәрбиенің кез келген түрлерінің маңызды принциптері: тәрбиеленушлердің жеке басының ерекшеліктерін, олардың қажеттіліктерін, эстетикалық сананың ерекшеліктерін ескеру қажет.
Олардың эстетикалық дамуында, оның қажеттілігі ақиқат дүниені эстетикалық тұрғыдан меңгеру және қайта жасаудың белсенді көзі болады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру процесінде тұлғаның эстетикалық санасының барлық элементтері актуалданады және дамиды- көңіл күйінің әсерленуі, эстетикалық көзқарастары, мұраттары.
Қажеттілік, қабылдау немесе эстетикалық құндылықтарды жасау процесінде бұрынғы кезіндей емес, керісінше қайта өңделеді, соның ішіде тікелей қабілеттердің дамуы рқылы кеңейтіледі және күрделенеді. Жаңа қажеттіліктер, қабілеттердің өзгеруі негізінде, қозғаушы күшке айналып, эстетикалық мәдениеттің жаңа даму деңгейіне жетуге түрткі болады.
Тұлғаның эстетикалық дамуында (қалыптасуында) қажеттілікті қалыптастыру тетігі (механизмі) маңызды рөл атқарады. Ол тұлғаның эстетикалық тұрғыдан қанағаттандыруда оның белсенді әрекетімен тікелей байланыста болады. Мысалы, көркемөнер қажеттілігі ең алдымен қызығушылық формасында болады. Ол тұлғаның эстетикалық көзқарастары, мұраттары негізінде дамиды.
Сондықтан, жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының барлық кезеңдерінде жалпы орта мектептің жоғары сыныптарынан бастап өскелең жас ұрпақтың эстетикалық тәрбие жұмысының маңызды саласы болып табылатын көркемөнер қажеттіліктерін дамыту шарт.
Эстетикалық мәдениеттің ары қарай дамуына ықпал етуде мәдени-бұқаралық шаралары эстетикалық тұрғыдан тартымды етіп ұымдастырудың да маңызы ерекше. Бастауыш мектепте атқарылатын әрбір бұқаралық шара эстетикалық мәнге ие болып, оның күнделікті өмірі адамгершілік-эстетикалық мазмұнға толы болуы тиіс. Соның барысында оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамытуға бағдар беріп отыру қажет, қорытындысында ол эстетикалық және жалпы тәрбие жұмысының жазылмаған заңы мен нормасына айналуы керек.
Тұлғаның эстетикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде эстетикалық мінез-құлық, мінез-құлық мәдениетімен де байланысты.
Оқушылардың эстетикалық даярлық сапасының қабілеттері мен көзқарастарының және снімдерінің қалыптасуына, сонымен бірге жанұясы мен құрбы-құрдастарынан да ықпалынан болады.
Бұлардың арасында ең маңыздысы- мәдени-эстетикалық әрекет. Әрекеттену- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени-эстетикалық әрекет деп, әдетте, мәдени құндылықтарды өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени құндылықтармен үнемі қарым-қатынас орнату және оларды жасау нәтижесінде адам өзінің де эстетикалық деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнар көзі, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерін бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Жеткіншектер рухани-практикалық әрекеттердің негізгі субъектісі. Олар көркемөнер құндылықтарын жасау және таратуда, өндірісте, тұрмыста, демалыста эстетикалық формаларды ұйымдастыруда негізгі рөл атқарады.
Олай болса, рухани- практикалық әрекеттің негізгі бір түрі- эстетикалық әрекет болса, оған: кәсіби және көркемөнер шығармашылығы, көркемөнерпаздар, көркемөнерді жобалауды жатқызамыз. Осылардың ішінде көркемөнерпаздар эстетикалық әрекеттің көпшілік түрі. Ал, көркемөнер шығармашылығы мен көркмөнерді жобалау көбінесе осы саланың кәсіби мамандарына ғана ыңғайлы болып келеді.
Сондықтан, кемеліне келген қоғам жағдайында оқушылардың күнделікті өміріндегі, тұрмысындағы, демалысындағы қолдары жететін әрекеттерінің эстетикалық аспектілерінің сырын ашып білуге деген талпыныстары мен қабіліеттерін оятып, ынталандырып отыру айрықша маңызға ие болуы қажет.
Эстетикалық тәрбие деп- жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын түсінеміз.
Қоғам дамып отырады, бір қоғамдық құрылыстың орнына басқа қоғамдық құрылыс келіп, адамдардың көзқарастары мен түсініктері, оның ішінде әсемдікке, оның адамға әсер ету жолындағы көзқарасты да алмасып отырады. Бірақ эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басылмады, творчестволық ізденгіш ой оның табиғатын, жеке адамға әсер ету жолдарын барған сайын тереңдетіп аша береді.
Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми-техникалық революция болып табылады. ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті сықылды болып көрінді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие қазіргі адамдарды ғылым техникадан ешбір кем қызықтырмады. Эстетикалық тәрбие мәселелеріне деген ынта-ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез-құлқындағы әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы деп есептеу қажет.
Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірді терең де жан-жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамды қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz