Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны



1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі
2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
3 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні
4 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік Гербі, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.

Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі

Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік Гербі, елтаңба — Қазақстан
Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң
күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.

Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi.
Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн
шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ —
киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты,
жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның,
самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың,
жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi
бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi
өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан
сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi
iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң
авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар
Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты
кездеме.

Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген.
Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ
өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен
Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да
бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық,
сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi
тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары
үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик.
тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа
мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп
қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.
Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт,
замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк,
айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк
сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовты

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

I Тарау
Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi болып табылады.

2-бап. Мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi (сызба және түрлi-
түстi бейнелерi қоса берiледi).
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi (ақ-қара және
түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi).
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң музыкалық редакциясы мен
мәтiнi (қоса берiледi).

3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн қастерлеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн
қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты
болады.

II Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы - ортасында шұғылалы күн,
оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi
мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тiк жолақ көктеп өтедi.
Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен
ұзындығының қатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен оның бейнесi, көлемдерiне
қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы
тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы эталонының түрлi-түстi
және сызба бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мынадай жерлерде тiгiледi
немесе орнатылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан
Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық
атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей
бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа
да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергiлiктi
атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
дипломатиялық және сауда өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң
ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң сессия (бiрлескен және бөлек)
отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырыстары, Қазақстан Республикасы
мәслихаттарының сессиялары өтетiн залдарда, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесiнiң отырыс залында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот мәжiлiсi залдарында,
сондай-ақ дүниеге келген нәрестелердi және некенi салтанатты түрде
тiркейтiн орын-жайларда - ұдайы;
3) егер бұл халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары
төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және олардың
өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен халықаралық форумдар өтетiн ғимараттарда
немесе орын-жайларда;
4) ресми адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан
Республикасы Парламентi Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi мiнген теңiз кемелерiнде, iшкi жүзу кемелерiнде және басқа
да қатынас құралдарында;
5) белгiленген тәртiппен тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде;
6) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери
жарғыларға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Республикалық ұланының әскери
құрамалары мен бөлiмшелерiнде - ант қабылдау кезiнде;
8) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ғимараттарында Қазақстан
Республикасының Ұлттық мерекесi күнi және мереке күндерi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының бейнесi Қазақстан
Республикасының әуе кемелерiнде орнатылады.
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк туының өзге де реттерде мiндеттi түрде тiгiлуi
немесе орнатылуы көзделуi мүмкiн.

6-бап. Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы
тұғырдың биiктiгiнiң жарты деңгейiне ұлттық аза тұту мерзiмi бойына төмен
түсiрiледi.

III Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы

7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасында көгiлдiр түс
аясында шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) бейнеленген,
шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы
пырақтар қанаты көмкерiп тұр. Елтаңбаның төменгi жағында "Қазақстан" деген
жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi екi
түрлi: алтын және көгiлдiр-көк түстi болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi,
көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында
сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының
түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi:
1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан
Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық
атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей
бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында,
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен басқа да
соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ғимараттарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi мен Республикалық ұланының құрамалары мен
бөлiмдерiнiң штабтарының, Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң ғимараттарында;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы
Парламентi Палаталарының сессия (бiрлескен және бөлек) отырыстары,
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен оның Төралқасының отырыстары, Қазақстан
Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының сессиялары өткiзiлетiн
залдарда, Конституциялық Кеңестiң отырыс залында, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот отырысы
залдарында, дүниеге келген нәрестелердi және некенi салтанатты түрде тiркеу
орындарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет наградалары
тапсырылатын орын-жайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi
дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң қабылдау залдарында;
3) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң, оның Палаталары мен олардың аппараттарының,
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Қазақстан
Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де
атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей
бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан
Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
мен Республикалық ұланының әскер құрамалары мен бөлiмдерiнiң,
мәслихаттардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының
заңдарымен мөрлерiнде және құжаттарының бланкiлерiне елтаңбаның бейнесiн
орналастыру құқығы берiлген мөрлерiнде және құжаттарының бланкiлерiнде;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасының
Парламентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми
басылымдарында;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиын ақшаларында,
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақшалай-заттай лотерея билеттерiнде;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен төлқұжатында, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына берiлетiн басқа да төлқұжаттарда;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына орнатылатын шекара
бағаналарында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
елтаңбасы бейнесiнiң көшiрмесiн орналастырудың басқа да реттерi көзделуi
мүмкiн.
Ескерту. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 141
Заңымен.

IV Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi

9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi:
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сессияларын ашу және жабу кезiнде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi мен Қазақстан Республикасында
аталып өтетiн мерекелiк күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен
отырыстарды ашу және жабу кезiнде;
3) қазақ мемлекеттiк теледидары мен радиохабары беретiн хабарларда - Жаңа
жыл түнi 24.00 сағатта; Қазақ мемлекеттiк теледидары хабарларында -
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi күнгi бағдарламасының басында -
25 қазанда, мереке күндерi - 1, 2-қаңтарда, 8-наурызда, 22-наурызда, 1-
мамырда, 9-мамырда, 30-тамызда, 16-желтоқсанда; қазақ мемлекеттiк
радиохабары беретiн хабарларда - күн сайын республикалық бағдарламаның
бастауы мен аяқталуы кезiнде;
4) Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi аса маңызды тарихи оқиғаларды
атап өту құрметiне ескерткiштер, монументтер, құлпытастар мен өзге де
құрылыстарды ашу кезiнде;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, сондай-ақ қоғамдық
бiрлестiктерi мен өзге де ұйымдары өткiзетiн дәстүрлi рәсiмдер, салтанатты
iс-шаралар кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiлген
кезде;
6) Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген шет мемлекеттердiң
мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі
Қазақстан Республикасы рәміздері
Мемлекеттік елтаңба
Мемлекеттік рәміздеріміз
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік рәміздер
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран
Пәндер