Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Педагогикалық зерттеу әдістемесы мен әдістер жүйесі
ә) Мұғалімнің зерттеу мәдениеті. Мұғалімнің оқушыларды зерттеудің негізгі тәсілдері
б) Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеу процесіндегі социометриялық әідісті қолдану

ІІІ. Қорытынды
Зерттеу әдістемесінін (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод)тобынан құралады, Әдістердің тұстай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі педагогикалық құбылыстарды зертгеу, олар жөніндегі ғылыми ақпраттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады.)Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысын әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, әрекеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
1. «Педагогика» Б.Ы.Мұқанов, Р.К. Төлеубекова Алматы, 2003 ж.
2. «Педагогика» Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев астана, 1998 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті
3. Егенбердиев Ж. «Мектеп жұмыстарын жоспарлау методикалық ұсыныстар» Алматы, «мектеп» 1975 ж.
4. Е. Дайрабаев., А. Дайрабаева «Педагогика пәнінің негіздері» «Қазақ университеті» 2005 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі
Зерттеу әдістемесінін (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына
орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен
байланысты нысан болған білімдену процесін жоғары шынайылылықпен зерттеуге
мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод)тобынан
құралады, Әдістердің тұстай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема
жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден
өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі
педагогикалық құбылыстарды зертгеу, олар жөніндегі ғылыми ақпраттарды
жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде
ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен
тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре
келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені
зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары.
Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер
қызметтері бірдей алынады.)Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысын
әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, әрекеттеу, оқушылардың
жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық
құжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материалын жинақтау
мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Ба-қылашан
кұбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға
орай алдым ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы
келесі кезендерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2)
бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру; 3)
бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді
тәсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды түсіру формасын ойластыру;
5)жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан
топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттий бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастап және
таңдамалы бақылау.
Бақылау орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік
кемшілігі де жоқ. Көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге
зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүлдесі,
жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан тууына себепші
болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі -қажетті ақпаратты алу немесе бакылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес - не
қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айкындалуы тиіс нақты сұрақтар
бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін
жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасу екінші бір
түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл сұрақтар
алдына ала түзіліп, бірізділікпен қойығызып барады, нтервью жауаптары анық
жазылып хатталады.
Анкеттеу-ауқымды материал жинақтау үшін қолданьыады. Сұрақ жауаптары
жазбаша қабылданады. Сұхбаттасу мен интервыо алу бетпе-бет әңгімелесумен
жүргізіледі, ал анкеттеу сырттай орындалады. Аталған әдісі нәтижелі болуы
қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымы тәуелді. Сауалнама түзуде
ескерілетін жәйттер 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2)
қойылатын сұрақтың бірнеше өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше
жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс 4; сауалнама
кемшілілгі түзетіліп, пайдалануға ақырға редакцияның ұсынылуы тиіс.
Құнды материалдардыц шығармашмлық туындылаын зерттеу әдісімен дн
алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық шығарманы және
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық
қабілеттерін дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дәртеріне қарта, күнделік,
жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат қағаздарымен
танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру
практикасында нақты қалыптасқан обьектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен
қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагоги-
калық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі-
эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық экспериімент міндеттері
жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін
себеп-салдарын байланыстар мәнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі – теориялық (проблема қою, зерттеу
мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау,
бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау
(ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттешілердің жауап
әрекеттерін бағалау);
- талдау сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге
түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксиеримент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында)
және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды
жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы алдына бөлектенеді).
Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады..Ол зерттеуге алынған
педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. орай ұзакқа созылған не
қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға
бағытталған болса, деректеуші (констатируюший) аталып, ал оқушы ие сынып
ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай
эксиеримент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау
экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксікрименттік әдістің қиындыгы: оны жүргізу техникасын жетебілу қажет, бұл
зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі,
көреі ендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу
қабілеттілігі де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың
эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке дара ғылыми-
педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Дәл осы топталған алғашқы
деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен зандылықтарын анықтау
зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады.
Оқушыларды зерттеудің негізгі тәсілдері
Тәрбиелілік дәрежесін анықтау әр түрлі тәсілдерді қолданған жағдайда
ғана мүмкін. Қандай да бір тәсіл арқылы оқушы мінезі мен тәртібінің
ерекшелігін білу, тәрби саласындағы оның білімін, бейімділігі мен
дағдыларын анықтау мүмкін емес оқушылардың білімі туралы деректердін сан
алуан (екендігін есте ұстаған жөн. Бұл ең алдымен оқушының өз әрекеті.
Онымен оқушының мінез-құлқын түрлі жағдайда бақылау процесінде танысуға
болады. Оқушы араласатын адамдар (ата-аналар, мұғалімдер, құрдастар,
көршілер, достар, т. б.) хабарының да маңызы аз емес. Кейбір материалдарды
түрлі документтерден (жеке іс, класс журналы, кітапхана формулары және т.
б.) алуға болады.
Алдын ала танысудың тәсілдері мен әдістері. Тәжіриелі тәрбиешілер
жаңа класта жұмысқа кірісе отырып, ең алдымен класпен және әрбір оқушымен
алдын ала жеке-жеке-танысуға ұмтылады. Мұның өзі алғашқы оқу
тоқсанындағы тәрбие жұмысының нақты жоспарын жасауға көмектеседі. Сонымен
бірге алғашқы танысу оқушылар коллективінін өмірі мен қызметін
ұйымдастыруы, жекелеген оқушыларға педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін
таңдауды женілдетеді.
Алдып ала зерттеу ең алдымен оқушылардың жеке іс – қағаздарымен
танысуды көздейді. Мұның өзі өткен оқу жылда ындағы үлгірім мен сабаққа
қатысу туралы, денсаулық жағдайы туралы, тәрбиелілік дәрежесі туралы
түсінік береді. Жеке іс-қағаздарынан оқушылардың қандай қоғамдық
тапсырмалар орындағаны олардың өз оқуы мен қоғамдық міндеттерге қалай
қарайтынын білуге болады. Әсіресе, егер өткен жылдарда жазылған
мінездемелер болса, олар тәрбиелілік дәрежесі туралы құнды материал бере
алады. Оқушылармен және класс коллективімен алдын ала танысу тәсілдерінің
бірі—өткен жылдардағы класс журналдарын қарап көру. Класс журналы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістері
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Оқыту әдістерінің классификациясы
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Жоғары мектеп педагогикасы
Географияны оқыту әдістемесі
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Пәндер