Қазіргі кездегі нәресте мен үлкендердің қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздерін анықтау


МАЗМҰНЫ :
КІРІСПЕ . . . 3-4
І БӨЛІМ. НӘРЕСТЕНІҢ ЕРЕСЕКТЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1. 1 Нәрестенің ересектермен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары . . . 5-9
1. 2 Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасының түрлері . . . 10-18
1. 3. Нәрестенің үлкендермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздерінің ерекшеліктері . . .
ІІ. БӨЛІМ. НӘРЕСТЕНІҢ ЕРЕСЕКТЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ
2. 1 Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы дамуының тәжірбиелік мәні . . . 19-23
2. 2 Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасында сөздік қорының пайда болуы . . . 24-28
2. 3 Нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану әдістемесінің ролі
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30-31
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н. Ә. Назарбаев 2010 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі - жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Нәрестелік кезең (нәрестелік шақтың шегі-туылғаннан бір жасқа дейін) . Бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші ассоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан тұрады. З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың «шыр ете» қалуын, оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Осы сәттен баланың инстинктік қажеттері мен қоғамдық өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Француз зерттеушісі А. Валлон баланың шырылдап жылауын бірдеңені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті бос қиял деп есептейді.
Нәресте психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т. б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі.
Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен, соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз», -дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда мектепке дейінгі педагогиканы оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын халық педагогикасы арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің объектісі: Нәресте мен үлкендермен қарым- қатынасы мен оның алғашқы сөздері
Зерттеудің пәні: Жас ерекшеліктер психологиясы
Зерттеудің мақсаты : қазіргі кездегі нәресте мен үлкендердің қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздерін анықтау
Зерттеудің міндеті:
- Нәрестенің үлкендермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздерінің маңызын анықтау;
- Нәрестенің үлкендермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздерінің ерекшеліктерін сипаттау;
- Қазіргі кезде нәрестенің үлкендермен қарым-қатынасы және оның оның алғашқы сөздерін дамыту жолдарын анықтау;
Зерттеудің теориялық қолданылымы:
Зерттеудің практикалық қолданылымы:
Зерттеудің әдістері:
Курстық жұмыстың құрылымы:
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
І БӨЛІМ. НӘРЕСТЕНІҢ ЕРЕСЕКТЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
- Нәрестенің ересектермен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Нәрестелік кезеңдегі бала тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің табысты болуы тәрбиеші олардың жас және даму ерекшелігін дұрыс біліп, өмірін, іс-өрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты. Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуының бірқалыпты өтпейтіндігін (секірмелі, дағдарысты өтеді) ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөледі. Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде бала үш дағдарыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді: Мұндай жас топтарына бөлінуі бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға, ата-аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.
Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңдебалатезөсіп, дамиды. Осыны ескеріп маңсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса, нәрестенің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.
Нәрестелік кезеңде баланың дұрыс дамуын ұйымдастыру үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп, сонда әлпештеп күту керек. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жаюға, жаялықтарды кептіруге болмайды. Нәрестеге астына қатты төсеніш салынған, айналасы қоршалған төсек керек. Төсеніштің ішіне түбіт, мамық, паралон салмай, мақтаны пайдалану қажет. Өйткені жұмсақ төсек ыстық болады да баланы терлетеді. Басына аласа жалпақ жастық қояды. Ал биік жастық омыртқасын қисайтады. Баланың астына жаялықтан кейін кішкентай сулық салады. Нәрестенің жаялыгы мен сулығын, киімдерін (олардың бәрі мақтадан жасалады) күнделікті жуып, сыртқа кептіріп, екі жағын бірдей үтіктейді. Баланың киімдерін үлкендердің киімдерінен бөлек жуып, қайнатады. Нәрестені күнде жатар алдында шомылдырады. Баланы қайнатылған өсімдік майы, арнаулы кремдермен сылап-сипап майлайды. Алғашқы айларда ол өте нәзік, кінамшіл келеді, сондықтан оны әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтау, қолынан бетінен сүймеу, бөтен адамдарды жолатпау, серуендерге адамдар аз жүретін орындарды таңдау керек.
Нәрестемен өткізілетін ойын-сабақтар (жеке және топпен өткізілетін) балабақша бағдарламасында көрсетіл-ген.
Аталған ойын сабақтардың, күн тәртібі тазалық талаптары мен күтімінің, тәрбие шараларының бәрі - нәрестенің дұрыс дамуы (ағзасының өсіп, қатаюы мен психикасының дамуы) үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ, 2, 5-3 және 5-6 айлық баланың қол қимылы дамуының калыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді. Осының салдарынан нәрестенің психикалың дамуына туа біткен атавизмдік рефлекстер: жармасу, итеру (аяқпен) қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау ықпал етеді; ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды үлкендердің үйретуі мен жаттатыру негізінде қалыптасатынын ғалымдардың (Н. М. Акса-рина, Г. М. Лямина, т. б. ) зерттеу нәтижелері дәлелдеген.
Нәрестенің көруі мен естуінің ерекшелігі - дене қозғалысынан жылдамырақ дамуы, жаңа тәжірибелерді игеруі, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігі шексіз.
Нәрестенің дамуына үлкендердің қарым-қатынасы және осы жастағы тәрбиенің халың дәстүрлеріндегі маңызына тоқталайық.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдың орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, такпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортанын құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген болған. Халық педагогикасының үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келіп әсерлі әдет-ғүрып, салт-дәстүрлер болып халықтың өмірінде салт-сана болып қалыптасқан. Халық педагогикасындағы салт-дәстүрлердің ұлттык санаға сіңіп, бір жол азандастырылуы салт-сана деп аталынады. Ұлттың санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсе-теді. Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттың намыс, ұлттык абырой. Ол жеке түлғалардың перзенттік борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғүрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Нәрестелік кезеңде осы халық дәстүрлерінің алатын орны ерекше. Нәрестелік кезеңнен басталатын тәрбиенің калыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттың салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Олардың қатарында нәресте шыр етіп дүниеге келген күннен басталатын "Шілдехана", "Бөбекті қырқынан шыгару", "Балаға ат қою", "Бесік тойы", т. б. сияқты рәсімдерді атап айтуға болады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті - тәрбие құралы. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, өс-өс, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүниені танытатын ғаламат туындылар. Бұл -халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. 3. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпал етуін айқын-дауда тәрбиеші іс-әрекеттің алуан түрлерімен танысады. Олар:
- Ойын әрекеті - негізгі болып табылады.
- Оқу әрекеті - жоспарлы, жүйелі жүргізуді талап етеді.
- Еңбек әрекеті - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін игеруді көздейді.
- Қоғамдық әрекетте балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға үйретеді.
5. Көркем өнер әрекеті - барысында баланың көркемдік ой-қиялын, арманын, елестету сезімін, логикасын дамытуға назар аударады.
6. Спорттың әрекетте баланың денсаулыгын нығайту, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады.
4. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасқан. Халқымыздың салтында сәбиді қастерлеу, өте биік мұрат болып саналады. Ұл мен қызды бөле ажыратпайды, бәріне бірдей әкелік, аналық ерекше мейірімділікпен қарайды. Ұл баланы мұрагер, қыз баланы жатты жақындатушы деп ерекше ілтипатпен үміт артады. Сондықтан да үйге жас сәби келсе дос, жолдастары, ата-ананы сәбиімен құттықтап, қалауын білдіреді. Мұндай жағдайда қымбат бұйым болса да қалаушыны риза етеді. Өйткені қалаушының ниеті ұлық болып саналады. Ал жомарттың - біздің халқымыздың өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі. Осындай ғасырдан-ғасырға ұласып, ел екшеуінен өтіп, мол да шексіз қазына болып қалыптасқан асыл мұратымыз халық педагогикасының лайланбас тұнығын, тот баспаған асылын әрбір баланың бойына сіңіру, бүгінгі күннің еңселі міндеті. Олай болмағанда ңалыптасқан тәрбие негізінде ащы да терең шындың бар екені баршамызға аян. Тілін білмеген тіленіп, салт-дәстүрін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйініп өтетінін әрбір азамат білуге тиіс. Осыған орай, тәрбие отбасынан басталып, балабақшада, мектепте жалғасын тауып, дамытыла түсуі керек. Балабақша мен мектеп тәрбие мен білімнің орталығы болғандық-тан мұндағы жүргізілетін іс-шаралардың барлығы да халық педагогикасы негізінде жүргізілгені орынды. Ултжанды үрпақ тәрбиелеуде баланың ақл-ой, парасаты, имандылық, адамгершілік, ізгілік тәрбиесіне баулуда халықың салт-дәстүрлерді пайдалануға, тұрмыс-салт негізінде тәрбиелеуге басым көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Ол үшін әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер, әсемдікке тәрбиелеу, көркемдік қабілеті мен талғампаздығынн баулу, еңбекті сүйе білуге, эқологиялық және экономикалық тәрбиені, азаматтың жауапкершілік пен құқық тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге басым көңіл бөлу керек.
1. 2. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасының түрлері
Нәрестелік кезеңдегі бала деген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т. б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы мен көру мен есту қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударуды ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершесі қажетерін қанағаттанудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадыру комплексі деп аталатын, арнайы эмоциалы -қимыл реакциясын қылыптасады. Жадыру комплексі қол мен аяқтың екіпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шақтың шегі -бір-екі айдан бір жылға дейін) Бірқатар бүржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік иесі болып есептелінеді. Сондықтан жаңа туған баланың шыр есте қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқаллақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажетіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимстік тұрғыда суреттейді.
Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейіе болмыстан мүлдем аулақ болды: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүинеде емес, өздерінің қиялдауында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттанудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті.
Фрейд пен Пиженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Франсуздың прогресшіл зерттеушісі А. Валло шырылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психилогиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Бала психиккасының әуел бастан оқшаулану жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С:Выгодский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сынға ілікті, Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулеріне алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетті. Үлке адамның көмегімен кеңістікті қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік адады.
Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез-келген жағдайда көзге көрінсе де, көбінесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымыдастырылған еді.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып көріне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыс жасау проесінде, бір жағынан баланың қажетіліктері пайда, екінші жағынан оларды қанағаттандыру мүмкіндігі туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін оны барып тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалау дұрыс болмас еді. Әрине нәрсетелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын-ала ойдастырылмаған, стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жердс де бала мен тұтас алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білімқұмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білімкұмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz