Сезімнің түрлері, қызметі, физиологиялық негізі, ерекшеліктері эмоциядан айырмашылықтары



Кіріспе ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім. Сезім туралы түсінік ... ... ... 5
1.1 Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері мен сапаларына сипаттама ... ... ... ...8
1.2 Сезімнің физиологиялық негіздері ... ... 12
1.3 Сезімнің қызметі ... ... ... ... ... ..16
ІІ Бөлім. Жоғары деңгейдегі сезімдер ... ... 18
2.1 Адамгершілік сезімдер ... ... ... ... ... .18
2.2 Эстетикалық сезімдер ... ..21
2.3 Интеллекттік сезімдер ...23

III Қорытынды ... ... ... ... .25
IV Пайдаланғанәдебиеттер тізімі ... ... ... ..27
Қосымшалар
Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және сезімдік жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы , стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз байланысты: сезімнің психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болуы не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз байланысты.
1.Ж.И.Намазбаева «Психология» Алматы 2005ж ......................... 227-240
2.Т.Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993ж.......................212-217
3.Қ.Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы 2004ж......................246-256
4.Р.С.Немов «Психология» І том Москва 1999г.............................435-461
5.Журнал «Бастауыш мектеп» 2003-2004ж
6.А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский «Психология» Москва 2000г...............................316-330
7.Журнал «Қазақстан мектебі» 2002-2003ж
8.Ә.Алдамұратов «Қызықты психология» Алматы 1992ж..............87-96
9.Л.Д.Столяренко «Основы психологии» Москва 2001г...............233-236
10.Журнал «Ұлағат» 2003-2006ж
11.Журнал «Бала тәрбиесі» 2002-2004
12.Журнал «Мектеп психологы» 2000-2003ж
13. Мухина В.З. Детская психология. М. 1976г.
14.. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
15. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
16. Люблинская Детская психология М. 1996г.
17 . Обухова Этап развития детского мышленения» М.1992г.
18. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
19. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы Алматы, 1987ж.
20. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба. Жантану негіздері Алматы, 2001жыл.
21. Эльхонин С. Детская психология М.1979г.
22. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, мектеп.1986ж.
23. Жұмасова К.С: Психология. Астана,2006 Оразбекова А.А. отбасы психологиясы. Алматы, 1997 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім. Сезім туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері мен сапаларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Сезімнің физиологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Сезімнің қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
ІІ Бөлім. Жоғары деңгейдегі
сезімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Адамгершілік
сезімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .18
2.2 Эстетикалық сезімдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21
2.3 Интеллекттік сезімдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25
IV Пайдаланғанәдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қосымшалар

Кіріспе.
Зерттеу өзектілігі. Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне
білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай
білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және сезімдік
жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды
тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып
саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары,
денінің сау болуы , стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді
орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып
табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз
байланысты: сезімнің психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің
психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болуы
не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық
процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз
байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты: Сезім ұғымына түсініктеме бере
отырып, оның түрлері, қызметі, физиологиялық негізі, ерекшеліктері
эмоциядан айырмашылықтары туралы түсінік беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:
• Психоэмоциялық денсаулықты қорғау, эмоциялық титықтаудың
алдын алуды үйрету.
• Оқушыларды мейірбандылыққа, өзгенің көңіл күйін түсіне
білетіндей етіп тәрбиелеуге үйрету.
• Өз сезімін дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Зерттеу пәні: Жеткіншектерге психологиялық көмек көрсету.

Зерттеу объектісі: Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Зерттеудің практикалық мәні: Мен осы курстық жұмыста
сезімнің психилогиялық мәнін қарастырамын. Сезімге
анықтама берумен қатар, олардың өз ерекшеліктеріне ,
сапаларына түсінікті және күрделі түрде тоқталып өтемін.
Және де сезімдердің дамуы мен қалыптасуы жайлы
қарастырамын. Мұнда көп ғалымдардың дәлелденген факторлары
мен зерттеулері қарастырылған. Бұл зерттеулердің теориялық
және практикалық маңызын өзімізге тіркеп алсақ зияны
болмайды. Менің бұл зерттеу жұмысым педагог – психологтарға,
студенттерге, мұғалімдерге құнды материалдар болып табылатыны
сөзсіз.

Сезім туралы түсінік.
Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі
қолданылып, түрлі мағынада айтылады. Не сезіп тұрсың? деген
сөйлем мағынасы психикалық таным процесі түйсік ретінде
қолданылады. Бірақ, сезім мен түйсікті өзара шатастыруға
болмайды. Сондай-ақ, қабылдауды да, елесті де өзіндік мағынасы
бар сезіммен шатастыру, әрқайсысын жеке дара танымдық
ерекшеліктері бар процестерге балау-қателік. Алайда, сезім
түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке
процестермен байланысты. өйткені, адамның бойынан, түрі мен
келбетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы
сезімдер арқылы түгелдей көрініс береді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамыс бойынша, сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің
нәтижесінде пайда болып отыратын психикалы процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты
түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді
туғызады: жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу,
зерігу т.б. осындай сезімдердің сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі псхикалық процестердің бірі. Сезімдер
адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан
алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік
сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты,
оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның
сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын
қоғамдық болмыс белгілеп отырады.
Адам сезімінің қайнар бұлағы – бізді қоршаған болмыс,
объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік
қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы
салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық
әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция
ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұғымдардаң мәнін
жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінің арасында елеулі
айырмашылық бар екенін аңғарамыз.
Сезім – адамның өзіне, өзге адамдарға , айналасындағы
заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін
және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Бұл анықтаманы Ә.
Алдамұратовтың еңбегінен көруге болады.
Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір
ерекшелігі – оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске
белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар
адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді.
Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның
сезім күйлері – қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету,
ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу
т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады.
Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы
әлеуметік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени
қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйдің
белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін ұзақ
мерзімді көрініс.
Сәбет Бап-Баба өзінің Жантану негіздері оқулығында сезімге мынадай
түсінік берген: Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және
құбылыстары мен қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс
бетерін толғаныс күйзелістері. Толғаныссыз өмір өшкен өмір. Ұлы ғұлама
А. Науаи Сезімсіз адам – кесек, махаббатсыз адам - есек деген екен.
Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да
себептермен болмай қалса, адам сезімдік ашырқауға келіп оның орнын
толтыру үшін ән – күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп немесе қым-қиғаш
оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесін мәнін ашумен
айналысуда. XVIII- XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көз қарас
пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды.
Бұл өріс мәні – адамдағы барша органикалық көріністердің негізі
психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологы
Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер
деп саналды. Бұл теорияға орай сезім – елестер арасындағы байланыстарға
сай қарама қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден
өткен адамның денесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз
негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй
білдіру үшін әрекет қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары
эклектикті, яғни әр түрлі психологиялық қарама қарсы көз қарастарды
қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше сезім
елес жүрісіне тікелей ықпал ететін адамның ішкі өзгерістері эмоциядан
пайда болады. Ал органикалық процестер эмоцияның салдары ғана.

1.1 Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері
мен сапаларына сипаттама.
Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктерін,
негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан аңғарамыз. Тереңірек
қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы
мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі –
мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтаждығын, қажеттілігін
қанағаттандыру не қанағаттандырмау талаптарымен байланысты адамның
қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі
деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапасын қарама-
қарсы сапалықтар деп атайды. Мәселен, көңілдің күйлері – наразылық
пен ризалық, шаттық пен қайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат
пен өшпенділік т.б. – қарама-қарсы сезімдер. Адамның сүйсіну не
сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлерге ғана емес, кісінің даралық
психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән мағынасы бар
ерекшелігі – эмпатия. Эмпатия – адамның өзгелер қайғы-қасіретті
жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп,
солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы.
Жанашырлық сезімнің мән-жайын психологияда ашып көрсеткен –
американдық психолог Э.Титченер. ол философиядағы ұнату сезімінің
теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық,
салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық және адам
көңіл күйінің аффекті жағдайға душар болу себептерін алдын ала
сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді.
Адамдардың бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түмініп,
оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-құлқындағы
адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын білдіріп қоймастан ол
жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъскт қажеттігі
және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай
сезімдер скі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі - қажст заттардың объектив маз-
мұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-
түрткісіне (мотив) айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы
үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй
серпінісі қажеттікпен үйлесе келс, іс-әрскеттің бастауын береді, оған
ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай
сезімдер іс-әрекетпен сөйкестікке түседі (релевантны). Бұл эмо-циялар
психологияда жетекші ниеттер аталған (В.К.Вилю-нас).
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі
не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол
әрекеттердің орындалуына тиімді нс кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза),
жетіскен нәтижелерге (қуаныш, өкініш) немесе қалыптасқан не мүмкін болар
ситуацияларға (қатерлсну, сенімді болу) субъсктгің қатынасын сипаттайды.
Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негіздслгенінсн әдейі не-месе
ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жстуде алда шыққан ксдергі
бір түрлі ссзім туындатса, енді сло кедергі жаудан құтылуда пайдалы
болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға,
сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себептсн пайда болады, бірінші - адамның объсктке
қатынасын айқындайтын қажеттліктер екіншісі - адамның осы нысанның тиісті
қасиеттерін түсініп оны санада бейнелеу қабілеті. Объсктив
және субъет жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған
дүниеге саналы баға беруімен қатар жеке эмоция
көзқарасының себептері ашылады.
Сезімдердің өзіңдік ерекшелігі олардың қарсылыкты (полярлы)
сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленугс де (рахаттану-
ысылу)' күрдслі толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш көңідді-
қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдсргс ғана тән аса маңызды сипат - олардың бірігімді (интегралды)
кслуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әссрге бөлейді.
Барша денс қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумсн (интегрировать)
сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабар-шы қызмстін
атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дснснің жауап әрекеті айқындалмай
жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдсрдің жәнс бір маңызды ерскшслігі олардың денедегі тіршілік
өрекеттермен тікелей байланыста болуы.Сезім ықпалынан адамның ішкі тән
қызметі өзгсріске түседі: айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі жәнс
сыртқы секреция бездері. Шектсн тыс ұзақ уақыт жөне қарқынды болған
көңіл-күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады:
корқыныш - жүрек ауруларына соқтырып,- бауырды, жабыркау мсн мұң
- асқазанды бұзады. (М.ИАстнацатуров)
Сезімдер тарихи-әлеуметтік нсгізгс ие. Олар әр-түрлі қатарда, әртүрлі
кезеңдсрде мән-магынасы мсн көріну формасын ауыстырып отырған. Қоғам
дамуымен сезімдер дс өзгеріп барады. Түрлі дәуірдс өмір сүрген адамдардың
ұқсас, бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі қайталамайды.
Ссзім ұдайы қозғалыста болып, тұракты жәнс ауыспалы элсменттердің тұтастай
бірлігінен құралады. Бұл сезім жслісіндс, бір жағынан - бір ізді қысқа
мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу - өрбу - шынына жсту сөну,
скінші жағынан - әртүрлі толғаныстар түйдегінсн түзілген ұзақ мсрзімді
ссзімдср құрылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйссінің өлшсмі бірі
бірінс кайшы келген бағытта берілсді (В.Вундт): сүйсіну-жсрксну, қозу-
тыншу, көңілднеу- мүңаю), т.б.
Егср сүйсіну не жсккөру сезімі көп жағдайда зат-тың өзіндік
срекшеліктеріне, олардың адам өміріндсгі маңызына немесе нақты бір
ситуация мәніне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежссі сол
сезімнің өзімсн шарттас кследі. Мысалы, қаһар-дүлсй қызбалық формасында
көрініс берсе, қанағаттану - адамның сабырлы, байсадды күйінсн бөлінеді.
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан ссзімдерді жетс , қалтқысыз басқару
мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жсткізс
алмауда байқалады: қолданған сөздсрдің мәні бұлыңғыр, көніл-күй
қалпына сәйкес болмай шығады.

1.2 Сезімнің физиологиялық негіздері

Сезім негіздері Сезімдср организмде жүріп жататын ерекшс процестсрмен
байланысты. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүнис өзгсрістеріндс,
дсгснмсн, олар бүкіл дене әрекет-қимылына әсер стеді. Осыдан, мысалы, коңіл-
күй, қандай да күйзсліскс кслсе, қан айналымы өзгсреді, жүрск соғуы
шапшаңдайды нс бәссңдсйді. қан кысымы ауысады, қан тамырларының күш-қуаты
(тонус) артады нс кемиді ж.т.б. Нәтижсдс, бір жан толганысынан адам
кызарады. скіншісінен - бозарады. Ссзімдік омірдің барша өзгерістеріне өте
нәзік - адамның жүрек ағзасы. Халық ауызыңда көп жағдайға байланысты
"жүрегім қатты соғып тұр". "жүрек шыдамайды", "жүрегім орнына түсті" ж.т.б.
сөз тіркестерінің жиі қолданылатыны осыдан. Денс мүшелсрінің қай-
қайсысындағы болмашы өзгсріс жүреккс әсерін тигізбсй өтпейді (ас корыту,
тыныс алу, бездер жүйесіндсгі т.б.).
Алайда, адам организмінің құрылымы симпатикалык жүйкс жүйссінің
қызмстіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы
бөлінеді. Адреналин дснс ағзалары өрскетінс өзгеріс ендіріп, оларды шектсн
тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бұлшык етттсргс
қан жеткізу күшсйсді, ас қорыту ағзаларының жұмысы бәсеңдейді, ішкі
органдардан қан сыртқа тебеді. Бұлшық етттсрге қарқыңды әрсксткс кслуі
үшін көп мөлшсрдс қант жеткізілсді, себсбі қант - бұлшык куатының негізі.
Сезімдсрдің пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшарлар қабығы
маңызды қызмет атқарады. Ми қабығы сезім жслісі мен көрінісін ретттеп,
денедсгі барлык құбылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын
тежеумен. оларға басшылық стсді.
Егер ми қабығында шсктсн тыс қозу туса (шаршағанда, ішкіліктсн,
ж.т.б.) қабықтан төмсн жайғаскан бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам
өзінің әдеттегі ұстамдылығынан айрылады. Үлксн ми жарымшарлары алынған
жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоционалдык күйзелістс болады.
Ал кең жайылған тежелуге тап келсе мұндай жануар сылбыр халге түссді, оның
әрекет кылығы әлсірейді, жүрск, қан тамыр жұмыстары мсн тыныс алуы
бәсендсйді.
Сезімнің негізі болған физиологиялык бастауын ми қабығында
ала отырып, төмсндегі қабық асты орталықтарына тарайды. Эксперименттер
кезінде мидің кейбір аймақтарын қоздырса, жағымды эмоция туып, жануар сол
әсердің қайталанғанын қалау сыңайын танытқан. Бұл ми бөлігі рахаттану
орталығы аталған. Ал екінші бір ми аймағына әсер түсксндс, жануар тыныш-
сызданып, қиналған күй көрсстксн, осыдан мұндай жүйке жүйесі қиналу
орталығы аталған. Осы күнде мидің сол жарым шарында жағымды эмоциялар
туындап, ал оң жарым шарында жайсыз сезімдср өріс алатыны дәлелденіп отыр.
Адамның эмоционалдык өміріне қуат беруші жүйке -Ретикулярлы Формаиия
деп аталады. Әртүрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып,
ретикулярлы формация оларды өндеп, бас миының үлкен жарым шарларына
жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке белсснділігін көтереді не
төмендетеді, сыртқы тіркендіргіштерге жауап әрекеттерді босаңсытады нс
іркіп барады.
Адамның сезімдік болмысында екінші сигналдык жүйенің маңызы үлкен.
Толғаныс тек сыртқы әсерлерден туындап қоймайды, ол үшін сөз бен ойдың
ықпалы күшті. Осыдан, адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі
сезімдік күйге түседі. Жоғары, адами сезімдердің - интеллектуалды,
моральдық, эстетикалық-физиологиялық негізі осы екінші сигнал жүйесіндс.
Екінші сигналдық жүйснің бірінші сигналдық жүйемен біртұтастық байланысынан
адам өз сезімдері мен олардың қоғамға сай тысқы көріністерін
саналы реттеп отырады.
Басқа тұлғалардың сезімдік кейпін олардың мәнерлі қозғалыс-
қимылдарынан, ым-ишарасынан, мойын-бас бұруынан ж.т.б. айқын тануға болады.
Әрбір ссзімнің өзіне сай әрекст түрі бар. Мысалы, қорыққанда көз аларады,
діріл пайда болып, бет бозарады, ал қуаныш - жанар жарқылынан, бет
қызаруы мен әрекеттср жеделдеуінен білінеді.
Сезім, әрине, біздің тек ойымыз ғана емес, сол ойға болған
қатынасымызды да білдіретін сөзіміз бен сөйлеу мәнерімізде анық
көрінеді. Мұнда дауыс ырғағының (интонация) да рөлі үлкен. Осыдан
біз тіпті де түсінбеитін тілде айтылып жатқаңды тыңдай отырып,
айту-шының қандай күйде скенін қалтқысыз тануымыз
мүмкін.
Өзге психикалық процестер сияқты сезімдердің де табиғаты
сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін
рефлекторлық әрекетпен байланысты. Сезімдердің физиологиялық
негіздері басқа психикалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда
күрделі. Сезімнің
сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер
жетекші болғанымен, сезімдер мен эмоциялардың физиологиялық
негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда
болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және вегетативтік
жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты
шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік
қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат
орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және
оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл
реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қаны сыртқа тебеді,
ішкі секреция бездерінің продуктысын бөліп шығарады. Ми қабығының
астыңғы қабаты мен жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық
процестер шартсыз рефлекстердің жүйкелік механизміне жатады.
Организмнің эмоциялық реакциялары үшін ми қабығының астыңғы
қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінің
орталықтары ерекше қызмет атқарады.
Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығы көру
төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына
жетіп жатады. Ал организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі,
қарапайым қорқу, долдану, қарын ашу, төнген қауіптен қорғану
сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның
астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық
негізі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық
формацияға байланысты болып, мидың қызметін жандандырады. Ал
екіншіден, ми төмпегінде ( таламуста ), әсіресе, көру төмпегінің
астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде
қалыптасқан қабығы лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар
арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен
эмоцияның дамуына елеулі әсер ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім немесе эмоция
Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту
Эмоция және сезімдер
Эмоция және сізім
Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы
Сезім және эмоция
Эмоция мен сезім
Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерікті мінез құлығын зерттеу
Сезім жөнідегі түсінік
Сезім мен эмоция жайлы
Пәндер