Қорқыт ата кітабы туралы ақпарат
1. Қорқыт ата кітабы мен оның зерттелуі
2. Қорқыт ата кітабындағы жырлармен қазақ жырларының сабақтастығы
3. Қорқыт ата кітабының маңыздылығы

Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, XV ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік лұғатын жазған Фарханг Шури "ұзан" қолына тамбур алып, өлең-жыр айтатын адам дейді. Кейбір тарихи жазбалардан "Қорқыт ата кітабының" айтушысы Қорқыттың өзі, тек соны оғыз ханына оның немерелері жырлап берген деген мәліметтер кездеседі. Әрбір жырды аяқтаған соң, жырау: "Бұл жырды менің Қорқыт атам айтып, сөзін құраған еді",- деп отырады. Сол себепті жырға "Менің бабам Қорқыттың оғыз тайпасының ұлы тілінде жазылған кітабы" ("Китаби дадам Қоркут ғали лисан тайфа оғузан") деген ат берілген.
"Қорқыт ата кітабы" бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға, Кавказдағы әзірбайжан, Осман түріктеріне кеңінен жайылған сюжет. XIV— XV ғасырларда "Оғызнама", "Қорқыт ата кітабы" Иран, араб тілдеріне де аударылған. Академик В.Бартольд бұл сюжеттің Кавказ, Түркияға ортақтығын Шыңғыс шабуылы кезіндегі селжүктердің батысқа қарай ығысып көшуінен болған құбылыс дейді. Ол кезде селжүктердің бір қанаты Кавказ, Иран жеріне дейін барса, екінші қанаты - оғыздар осы күнгі түрікмен жерінде қалған. Оғыз-қыпшақ тайпаларының осы толқыны Қорқыт жырларын Кавказ, Анадолы туріктеріне жеткізген.

1. Қоңыратбаев Ә. Көп томдық шығармалар жинағы- Алматы: Мер Сал Баспа үйі 2004 Т9: Көркем аудармалар 2005, 532 бет
2. Қоңыратбаев Ә. Көп томдық шығармалар жинағы- Алматы: Мер Сал Баспа үйі 2004 Т2: Түркітану және шығыстану мәселелері 2004, 518 бет
3. Жолдасбеков М. Асыл арналар Алматы 1990, 349 бет
4. Бердібай Р. 5 томдық шығармалар жинағы. Эпос-ел қазынасы . Т1.- Алматы : Қазығұрт, 2205-464 бет

Кіріспе
"ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ"
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде
жырланып, XV ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда
ұзандар жырлаған. Түрік лұғатын жазған Фарханг Шури "ұзан" қолына тамбур
алып, өлең-жыр айтатын адам дейді. Кейбір тарихи жазбалардан "Қорқыт ата
кітабының" айтушысы Қорқыттың өзі, тек соны оғыз ханына оның немерелері
жырлап берген деген мәліметтер кездеседі. Әрбір жырды аяқтаған соң, жырау:
"Бұл жырды менің Қорқыт атам айтып, сөзін құраған еді",- деп отырады. Сол
себепті жырға "Менің бабам Қорқыттың оғыз тайпасының ұлы тілінде жазылған
кітабы" ("Китаби дадам Қоркут ғали лисан тайфа оғузан") деген ат берілген.
"Қорқыт ата кітабы" бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға,
Кавказдағы әзірбайжан, Осман түріктеріне кеңінен жайылған сюжет. XIV— XV
ғасырларда "Оғызнама", "Қорқыт ата кітабы" Иран, араб тілдеріне де
аударылған. Академик В.Бартольд бұл сюжеттің Кавказ, Түркияға ортақтығын
Шыңғыс шабуылы кезіндегі селжүктердің батысқа қарай ығысып көшуінен болған
құбылыс дейді. Ол кезде селжүктердің бір қанаты Кавказ, Иран жеріне дейін
барса, екінші қанаты - оғыздар осы күнгі түрікмен жерінде қалған. Оғыз-
қыпшақ тайпаларының осы толқыны Қорқыт жырларын Кавказ, Анадолы туріктеріне
жеткізген.
Бұл жырды әзірбайжан халқы да иемденіп келеді. XIV ғасырдағы сұлтан
Баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі -- Осман
түріктері. Баязит сұлтанның Қорқытзаде дейтін баласы болады. Өзі әнші,
акын әрі сауыққой болыпты. Осман түріктері Қорқыт жырларын соның есімімен
байланыстыратын көрінеді. Иностранцев пен Бартольд Осман түріктерінің мал
бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмай, "Қорқыт ата
кітабында" Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады деп
білген.
Жырдың оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғанында дау жок. Оған жырдың
мазмұны, жер-су аттары, түрлі әдет-ғұрып көріністері айғақ. Қорқыттың
бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді бүгінде Қорқыт станциясы
деп аталады. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә. Диваев зерттеп, ол
туралы бірқатар аңыз-әпсаналар келтірген. Көптеген орыс ғалымдары да Қорқыт
жайында толып жаткан аңыз-әңгімелер жинаған. Бұл деректер жыр сюжеттерінің
бірқатары Сыр бойында туғанын толық дәлелдейді.
"Қорқыт ата кітабы" - жазба ескерткіш. Оны сөз еткенде ел аузында
жүрген түрлі аңыздармен шатастыруға болмайды. Сол аңыздардың қайсыбірінің
"Қорқыт ата кітабына" енген жырларға барып тірелетіні рас. Алайда оларда
жырдың негізгі сюжеттері қамтылмай, көбіне Қорқыттың өз бейнесі айтылады.
Мұндай аңыздар бойынша Қорқыт ажалдан қашқан сәуегей, ұзан, жырау, қобызшы.
Ал "Қорқыт ата кітабына" Қорқыттың тарихи тұлғасы емес, көбіне жырлаған
дастандары енген. Дегенмен жырда ол белгілі бір тарихи кезеңде өмірде
болған адам ретінде суреттелген. Қорқыт барлық жырлардың қаһарманы емес,
көбіне айтушысы, оғыздар заманындағы эпостық жырдың атасы. Қазақ арасындағы
Қорқыт жайындағы аңыздардың бірқатары оньң жәдігеріне байланысты туған.
Қорқыттың аты мен жырлары ХII ғасырдан бергі шығыс елдерінің жазба
әдебиетінде айтыла бастаған. XII ғасырда селжүктер тарихын жазған араб
тарихшысы Ибн әл-Әсир 1141 жылы оғыздардың үш оқ, бұзық оқ деген екі
тайпасы болған, бірінің көсемі - Таутыұлы Дәдебек, екіншісінің көсемі -
Қорқыт болған дейді. Бұл екі тайпаны баят деп атайды. Махмұт Қашғари өзінің
"Диуани лұғат ит-түрк" деген кітабында баят - оғыздарының тоғызыншы руы деп
көрсетеді. Қорқыт сол баяттардың ақыны, әншісі, данасы. жыршысы болған.
Парсы тарихшысы Равэнди 1158 жылғы селжүктер мен оғыздар арасында болған
соғыстың дерегін келтіреді. Бұл екі тайпа оғыздардың екі бұтағы болса да,
Санжар сұлтан тұсында өзара қатты жауласқан. Осы соғыстар тұсында
оғыздардың көсемі Таутан мен Қорқыт болған дейді.
Анадолы түріктерінің әдебиетінде Қорқыт есімі XIV ғасырдан бастап
айтылады. Түрікмен тарихында Қорқыт Инал Ябы, Дойлы
Қай, Ереке, Туман, Қаңлы, Жаулы деген хандарға қызмет көрсеткен қазақтың
Сыпыра жырауы сияқты көп жасаған қариясы. Түрік саяхатшысы Әулие Челеби
"Саяхатнама" деген кітабында (XIV) Қорқыт Кавказ түріктерінің ақыны,
күйшісі болған дейді. "Тарих-и Әли селжүк" дейтін жазбада "Қорқыт ата
кітабының" алғашқы сөз үлгілері берілген. Оны тарихшы ел аузындағы
жырлардан алған сияқты. Бүгінде ол сөздер жоқ. Кейбір түрік тарихшылары,
мысалы
Константин Богародный (Қырмызы), Қорқытты IX ғасырда Дон бойындағы
пешенегтердің көсемі болған дейді. М.Қашғари пешенегтерді оғыздардың бір
тайпасы ретінде көрсетсе, енді біреулер оларды Дон қыпшақтарының бір
бұтағы деп біледі. Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүр хан өзінің "Шежіре-и
түрік" деген кітабында Қорқыт оғыздардың елбегі (инал бегі) болған, өзі 95
жасқа келіп өлген деп, оның өмір сүрген дәуірін Х-ХI ғасырларға алып
келеді. Олай болса, кейбір зерттеушілердің Қорқытты VII ғасырда өмір сүрген
Мұхаммед пайғамбардың замандасы деп жорамалдауы тарихи шындыққа
жанаспайды. Өйткені Қорқыттың IХ-Х ғасырлардағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында
өмір сүргені біршама анықталған. В.В.Барттольд пікірі де осыған жуық
келеді. Ол Розен мен Жәми сөздеріне сүйене отырып, Қорқыт X ғасырдағы
бүкіл Орта Азия халықтарының данасы, сәуегейі болған дейді. Біздің
пікірімізше, Қорқыт сәуегей ғана емес, IХ-Х ғасырлардағы оғыз-қыпшақ
ұлысының эпостық жырларын тудырған үлкен жырау, ұзан, эпос айтушысы.
Қазақтың "Көрұғлы", "Бозұғлан" жырларының ақындық дәстүрі сол
оғыздар эпосының әсерімен жасалған. Олай болса, Қорқыт Орта Азиядагы түркі
тайпаларының эпостық жырларының атасы болып табылады. Оның алдында
"Оғызнаманы" жырлаган ұзандар дәстүрі, одан ертерек бақсылар үрдісі болған
деп шамалаймыз.
Жырдың зерттелуі. Біздің дәуірімізге дейін "Қорқыт ата кітабының"
екі қол-жазба нұсқасы сақталып келген.Солардың бірі қазір Германиядағы
Дрезден қалалық
кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.Бұл
қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты "Кітаби дедем Коркут ғали
лисани таифаи у огузане" яғни "Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі
кітабы".Қорқыт ата кітабының осы Дрезден қолжазбасы он екі жырдан,басқаша
айтсақ,он екі оғыз-намеден тұрады.
Ал,Қорқыт ата кітабының екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия)
Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан
құралған,ол "Хикаят оғызнаме Қазанбек уа ғайри" деп аталады. Мұны осы
кітапханадан тауып, итальян тіліне тұнғыш рет аударған Этторе Росси болды.
"Қорқыт ата кітабының" Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын
зерттеу, Европа тілдеріне аудару ісі XIX-ғасырдын бірінші жартысында
басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц бұл
шығарманың бір тарауын-сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып,баспасөзде
жариялады.Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке "Қорқыт ата кітабын"
неміс тіліне толық аударып шықпақ болды.Бірақ ол бұл істі аяғына дейін
жеткізе алмды да,барлық материялдарын өзінің шәкірті В.В.Бартольдке
тапсырды.В.В.Бартольд бұл кітапты зерттеу,аудару ісімен ондаған жылдар бойы
айналысты.Сөйтіп, ол "Қорқыт ата кітабын" 1922 жылы орыс тіліне аударып
шықты.Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрген жоқ. Бұл аударма
1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н.Кононовтың редакциясымен басылып
шықты.
Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып ескерткіштерін
зерттеугеА.Н.Самайлович,В.В.Вельями нов,Зернов,К.А.Иространцев,А.Ю.Якуб овский
,А.А.Диваев сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты.Оғыздардың
қаһармандық эпосын әдеби,тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде
зерттеген белгілі совет ғалымы,көрнекті түрколог Х.Г.Көрұғлы болды.
Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем "Қорқыт ата
кітабының" толық текстін латын әрпімен транскрипция жасап бастырып
шығарды.Бұл кітапқа қосымша ретіпде шығарманың Дрезден және Ватикан
қолжазба нұсқаларының факсимилесі де енгізілді.
Қазақстан ғалымдарынан Қорқыт ата кітабын зерттеу, аудару ісіне
академик Ә.Марғұлан,профессор Ә.Қоныратбаев және филология ғылымдарының
кандидаты Б.Ысқақов белсене атсалысып келеді. "Қорқыт ата кітабының"
сюжетіне келсек, оның оғыз тілінде жасалған бір нұсқасын XIX ғасырдың бас
кезінде неміс ғалымы Диц жазып алған. Бұл нұсқа шама бойынша ХV-ХVI
ғасырларда хатқа түсірілген делінеді. Қорқыт жырларын соның есімімен
Дрездендегі король кітапханасында сақтаулы. Бұл Қорқыт жырларының ел
аузында айтылып жүрген нұсқасы емес, соның жазба әдебиетке түсіп, көбіне
прозамен баяндалатын үлгісі. Бұл қолжазба соңғы кездері "Қорқыт ата кітабы"
деп аталып жүр.
1859 жылы осы нұсқаның бірсыпыра жерін Нельдеке неміс тіліне аударып,
бастырған. 1893 жылы "Қорқыт ата кітабының" алғашқы үш саласын академик В.
Бартольд оғыз тіліндегі нұсқасымен бірге орыс тілінде бастырған . 1950 жылы
осы аударма Бакуде "Деде Горкут" деген атпен жарық көрген. 1962 жылы КСРО
Ғылым академиясының баспасы В.В.Бартольд аудармасының толық нұсқасын "Книга
моего деда Коркута" деген атпен басып шығарды.
"Қорқыт ата кітабы" жайында К. Иностранцев, Э. Диваев, А. Туманский, А.
Кастанье, В. Бартольд, т.б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар. В. М.
Жирмунский оның "Қамбөрі баласы Бәмсі-
Байрақ туралы" саласын "Алпамыс батыр" жырының басы дейді. Археология
қоғамы хаттарының 1910 жылғы XX томында жарияланған К. Иностранцевтің
"Қорқыттың тарих пен аңыздағы келбеті", В.Бартольдтың "Сұлтан Санжар және
оғыздар" деген еңбектерінде бірқатар оған қатысты тарихи мағлұматтар
келтірілген.
Қорқыт туралы қазақ тілінде жазылған ұсақ зерттеулерді айтпағанда, Ә.
Марғұланның "Қорқыт әнші" деген мақаласын еске сала кеткеніміз орынды. Ә.
Марғұлан "Қорқыт ата кітабы" емес, көбіне оның өз басына қатысты
әңгімелерді сөз қылады. Сол себепті оның мәліметтері Қорқыт жайындағы қазақ
аңыз-әпсаналарына үйлесімді. Онда қазақ арасына мәлім Қорқыт жайындағы
аңыздардың бірқатары жинақталып берілген. Қазақ КСР Ғылым академиясының
Әдебиет институтының қолжазбалар қорында Қорқыт ертегілерінің бірнеше
нұсқасы бар. Олар әр жылдары түрлі жинақтарда жарияланған.
Сюжеті. "Қорқыт ата кітабы" - оғыз-қыпшақ ұлысының жазбаға түскен
мұрасы. Ішінде 12 түрлі жыр бар, әрқайсысы жеке-жеке аяқталған сюжеттер.
Бұл реттен жырды шығыс дастандарының жиынтығы - "Шаһнамаға" ұқсатуға
болады. Циклдану мұның екеуіне тән.
Қорқыт ата кітабы" өзінің тарихилығы, сюжеті, образдары,
суреттейтін өмір тұрғысы, салт-сана көрінісі жағынан қазақтың батырлық
жырларына өте жақын. Тілі марқа, ескі оғыз тілінің үлгісімен жазылған. Диц
қолжазбасы Кавказға барған оғыз ұзандарының аузынан алынған . Сол себепті
тіл өзгешелігінен басқа жырдың оқиғаларына да бірсыпыра қоспалар енген
сияқты. Мысалы, жырдың алғашқы үш саласы анық Сыр бойында туған: 4, 7, 8
және 12-жырлардан да осыны байқауға болады. Қалғаны
Кавказ жерінде болған оқиғаларды суреттейді. Мұны Х.Коруглы да қуаттапты.
Соңғы жырларда Қазан батырдың әрмене (трапезунд) патшасының қызын алу
ниетінде жасаған жорықтары суреттеледі.
Осыған орай көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігіне тән "қымыз" атауы жыр
Кавказ жерінде хатқа түскендіктен "шарап" сөзіне ауыстырылған сияқты. Бірақ
осы сияқты өзгерістеріне қарамастан жырдың бас қаһарманы – Казанның Сыр
оғыздарының салор тайпасынан шыққаны анық. М.Қашғаридің көрсетуінше, салор
- оғыздардың қият, баяндүрден соңғы руы.
Негізгі бөлім
Дирсеханұлы Бұқашжан туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz