Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе. 3
1 - тарау . . . 8
- Экотуризмнің анықтамасы. . . …. 15
- Экотуризмнің түрлері. 21
- Қазақстан Республикасындағы экотуризм………. . 25
2 - тарау . . . 27
- Қаратау қорығына физикалық-географиялық сипаттама……… . . . 33
- Қаратау қорығындағы экотуризм маршруттары38
- Қаратау қорығында экотуризмді дамыту мүмкіндіктері…. ……. . 44
Қорытынды. . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер
Түркістан - 2009.
Кіріспе
... жалғасыДипломдық жұмыстың өзектілігі . «Туризм» және «турист» терминдері әдебиеттерде ХІХ ғасырда пайда болған еді. Бұл терминдер француздың «tour» - сөзінен шыққан, саяхат деген мағынаны береді. Бұл термин ең алғаш Британдық аралдардағы ағылшындық жастар континентке білім алуға кеткен кезде қолданылған. Егер нақтырақ айтар болсақ, осы тектес жастарды туристер деп атай бастаған.
Спорттық туризмде немесе альпинизмде жиі қолданылатын туризм сөзінің шығуының басқадай бір түсінігі де бар, онда ол спорт туризмінде спортсмендер белгілі бір соңғы нүктеге жетіп, немесе биіктікке жетсе онда сол жерде аттың фирмасындағы олардың көздеген жерлеріне жеткендіктерін білдіретін, тастан құралған ерекше «тур» белгісін қояды.
Негізінен «туризм» сөзінің кең ауқымды түсінігінде табиғатқа саяхатқа шығу, әсем жерлер бойынша экскурсиялар, жорықтар жасау дегенді білдіреді. Ландшафтың әркелкілігі, рельефтің, климаттың әртүрлілігі, осының барлығы халықтың табиғат зоналарына уақытша миграция жасауларына әкеліп соғады да, бұл табиғатқа серуендеулер топтық сипатқа ие болады. Халық мақалында айтылатын, ата-бабаларымыздың өсиетті сөздерінің жаны болады. Егер көркем, әсем жермен бір адам жүріп өтсе, онда оның салған іздерінен жол пайда болады, ал егер мың адам жүріп өткен болса онда олардың соңынан ол жерлер далаға айналады.
Осылайша, туризмнің табиғатқа әсер ету проблемасы туындайды, кбінде бұл проблема табиғаттың пайдасына шешілмейді. Ю. К. Ефремов географы туризм түсінігі мен табиғаттың қорғанысының сәйкестенуінің үш әртүрлі пайда болуына сілтейді. Біз олар туралы биогеоценоздардың деградациясының себептері туралы сөз қозғағанда, ормандарда өрт пайда болғанда, ландшафт қасиеттерінің нашарлаған кезінде еске аламыз. Мұның бәріне себеп болатын - туристің шектен көп “белсенділігі” болады. Бұл проблеманың бір жағы - туризмнен табиғаттың қорғанысы. Алайда, басқадай проблемалар да бар.
Туризм адам қызметінің басқадай түрі секілді қоршаған орта табиғи негізінсіз тіршілік ете алмайды. Ол өзінің жеке ерекше табиғи ортаға деген міндеттемелерін қояды. Бұл туризм үшін табиғаттың қорғанысының проблемасының екінші жағы.
Сонымен де, туризм белсенді қызмет түрі ретінде, адам бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді, оның қорғалысы жайында қамқорлығын стимулдайды, Отанға деген сүйіспеншілігін оятады. Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысы - проблеманың үшінші жағы болып келді. Осылайша, туризмнің және қоршаған ортаның қорғанысының проблемасының үш жағы пайда болады.
а) туризммен табиғаттың қорғалуы.
б) туризм үшін табиғаттың қорғалуы.
в) туризмнің көмегімен табиғаттың қорғалуы.
Экологиялық туризм түсінігін тірі табиғаттың әртүрлі әсем объектілерін тану арқылы жасалған белсенді демалыспен түсіндіруге болады. Бұл жағдайда туристер қоршаған ортаға зияны тиетін іс-әрекеттерден тиылып, қағидаларды бұлжытпай орындайды. Бұл жерде жануарларды бинокльдер арқылы көріп, өсімдіктер дүниесі мен петроглифтерді суретке түсіруге немесе видеофильмдер жасауға мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризм өлкетанудың бір элементі ретінде өзінде жанды және жансыз табиғатты тануды қамтиды, сонымен қатар, әртүрлі ландшафтармен және тарихи - мәдени мұраның объектілерімен, жабайы табиғатпен танысу сияқты принциптерді қамтиды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті . Экологиялық туризмнің негізгі міндеті - табиғатты сырттай бақылау, пайымдау және ондағы демалыс мәдениетін тәрбиелеу.
Адамзат табиғаттың бір бөлігі екенін сезінуі және табиғаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, онымен бірдей тепе - теңдікте өмір сүруі керек. Экологиялық туризм - ағартушылық материалдарын және сауатты экскурсаводтарды талап етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
1. 1. Экотуризмнің анықтамасы
Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде “экологиялық туризмнен” қысқартылып алынған “экотуризм” сөз тіркесі пайда болды. Алайда көптеген зерттеушілер белгілегендей “экотуризм” түсінігі ұзақ уақыт бойына жайылған шекараларды иеленген. Оған себеп бұл сөздің бастапқыда туристерді тарту үшін табиғатқа бағдарланған оның қорғанысына және демалыс үшін маркетологтар қолданған. Алайда шын мәнісінде мұндай туроператорларды қоршаған орта туралы толғаныс қамқорлығы аз қызықтыратын сондықтан да экотуризм идеясы ұзақ уақыт туризм теоретиктерінің скептикалық қарым-қатынасын тудыратын және тудырып та келеді.
Сондықтан да экотуризмнің ең алғашқы зерттеушілерінің бірі В. В. Храбовченко былай деп жазған. “Экотуризм” түсінігінің өзі “экологиялық туризм” сөз тіркесіне қысқартылып алынған оның экология және ғылым ретіндегі көзқарасы тұрғысынан қаралуы әбден дұрыс емес”. Экотуризмді Г. С. Гужек, М. Ю. Беликов және Е. В. Клеменко ұсынған жетістік трактовкаларын ең біріншісі 1897 ж. шығып мынадай болған: “Экотуризм негізінде қоршаған орта туралы қамқорлық жатыр”. Бірінші жоспарда шектеулі қатысушылар саны мен саяхат ұйымдастырылуы қойылады, мәдени мүддені ұсынатын қорғаныс пен табиғи ресурстарын рационалды қолдануының әр түрлі проектерінің тарату мақсатымен болады. Аталған анықтама экотуризм халықаралық ұйымымен ортақ нәрселері бар: “Экотуризм - табиғи зоналарға, облыстарға қоршаған ортаны сақтап және жергілікті тұрғындардың игіліктеріне қолдау көрсететін отандық саяхаттар”.
Әлемнің әртүрлі аймақтарында өткізілетін табиғаттың қорғаныс күштерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең алдымен айтар болсақ таулы аймақтарда, «Жермен емес адамдармен» жүргізілуі қажет жұмыстарды қарастыру, жергілікті тұрғындардың қоршаған ортаны құру және басқаруда белсенділіктерін стимулдау қажет. Осы аталған компоненттердің бірі болмаған жағдайда экотуризм жайында сөз қозғаудың қажеті жоқ.
Не үшін дәл қазіргі күнде экотуризм тақырыбына приоритет беріледі? Бұл мәселе осыдан 30-35 жыл бұрын пайда болған. Сол кездің өзінде туристік ресурстарды рационалды қолданысының қажеттілігі туралы айтылған. Туризмнің бұл түрінің басқалардан приципиалды айырмашылығы неде? Осы сұраққа жауап бере отыра біз экотуризмді қай жерде, қалай дамыту керек екендігін түсіне алар едік. Экотуризм экотурға таласта көрініс тапқан туристердің өздерінің қажеттіліктерінің нәтижесінде пайда болған. Егер бұрынырақта туристік ұйымдар, туризм бойынша әкімшілік туристік ұсыныстарды қалыптастыратын мекемелер айналысса. Экотуризм болса табиғаттың қорғанысын зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктермен топтардың пайда болуы нәтижесінде туындаған. Осылайша экотуризм - жаңа туроператорларды нақты қозғалысқа сезімдерін оятатын экономикалық тұрғыдағы көбірек жаралуы формасы.
Сәйкесінше, экотуризм анықтамасы мынадай үлгіде айтылады: «Экотуризм - бұл туристік сұранысқа негізделген туристік қажеттіліктермен байланысты және табиғатты тануымен және де экожүйенің сақталуына күштің салынуымен байланысты туризм түрі».
Осы анықтамадан шыға отыра, географияны және экотуристік потоктардың бағытын түсінуге болады. Олар индустриалды дамыған елдерден келеді (АҚШ, Германия, Ұлыбритания) . Экотуризм Қазақстанда баяу дамыған, оны қолданудың Ақсу-Жабағылы қорығында аздап тәжірибе бар. Қазақстан территориясында қазіргі таңда 9 қорық бар, 6 ұлттық саябақ, 24 табиғат ескерткіштері және 57 заказник және де 2030 жылға қарай олардың саны 17 қорық пен 12 ұлттық саябаққа жетеді деп болжалдауда. Барлық осы территолриялар жоспарлы экотуризмнің объектісі болып табылады. Дәл жоспарлы экотуризмде қолданылады, өйткені территорияда ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен өңделген белгілі маршруттар да, ал өзіндік туристік топтармен бірге территорияларға кіру рұқсатын өздерінің күштерінің шегі бойынша қолдана алады және де табиғатқа өзінің талғамы бойынша әсер етуі десе де бұл нәрсе барлық өзіндік туристік топтарға тыйым салуды білдірмейді. Бұл ішкі және белсенді туризмнің түрі, десе де шетелде үлкен сұранысты иеленеді, бізде әлі аталған туризмнің түріне сұраныс әлсіз қалыптасқан және экотуристер саны да аз. Отандық туристердің көбісі өздерінің уақыттарын, күштерін, құралдарын қоршаған ортаға жұмсағысы келмейді. 2005 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласында экотуризмнің 1-ші ақпараттық ресурстың орталығы ашылды. Оның мақсаты - экотуризмнің алға жылжуы, қоршаған ортаның қорғанысы, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.
ЭАРО-ның негізін құрушылар болып Евразия қоры, Қазақстандық туристік ассоциация, «Эксон мобил Қазақстан и НК» компаниясы, АҚШ-тың дамуының халықаралық агенствосы болды. Негізін құрушылардың пікірі бойынша ЭАРО-ның құрылуы жергілікті халықты қоршаған ортаға зақым тигізбей сапалы туристік қызметті ұсыну бойынша жұмысқа тартуға көмектеседі. «Экотуризмнің құрылуының 1-ші этапының нәтижесінде 1 жылдың өзінде 1000 турист тартылған болатын. Бұл нәрсе туристік нарықтың дамуының потенциалды көрсеткіші және салалық аймақтарда жаңа жұмыс орындарының құрылуы болып табылуы» деп «Эксон мобил» компаниясының бас менеджері Дэвид Вилли айтып өтті. Оның айтуы бойына ЭАРО экотуризм бойынша проектерге жақсы қолдау көрсететін болады.
Ақпараттық орталықтың ашылуы Қазақстандағы экотуризмнің ары қарай дамуына түрткі болады деп сенеміз.
1. 2. Экотуризмнің түрлері
Қазіргі таңда экотуризм және экотурлардың 4 түрін бөліп қарастырады. Олар:
І. Ғылыми туризм. Бұл жерде туристер табиғаттың әртүрлі зерттеулеріне қатысып бақылаулар жүргізеді. Мысалы, Латын Америкасындағы құстардың іс-әрекеттеріне жүргізілген бақылаумен байланысты экотурлар кеңінен белгілі. Ғылыми туризмге шетелдік ғылыми зерттеу экспедициялары жатады, сондай-ақ студенттердің далалық практикалары да жатады.
ІІ. Табиғаттың тарихи турлары. Бұл қоршаған ортаны танумен байланысты саяхаттар. Олар көбінде қорықтар мен ұлттық саябақтардың территорияларында ұйымдастырылды. Сонымен қатар олар табиғи синоним бар жерлерде де ұйымдастырылды. Бұл жерге оқушылардың саяхаттары да жатады. Павлодардың Оңтүстік-батысында көркем Баянауыл таулары созылып жатыр. Онда 1928 жылы П. Л. Драйверд профессоры палеолит дәуірінің кең үңгірін тапқан. Ол қазір осы кісінің есімімен аталады. Қазіргі тауда бұл үңгірді кез келген адам барып көре алады. Алайда сауатты экскурсоводтың бара болуымен мұндай экскурсия өткен заманға айтарлықтай экскурсия жасауға айналады.
ІІІ. Оқиғалы туризм. Бұл туризм түрі табиғатқа еркін белсенді әдістермен қозғалыс жасаулармен байланысты барлық саяхаттарды біріктіреді. Олардың мақсаты жаңа сезінулер мен әсер алулар болып табылады. Бұл жерге альпинизм, скалолазание, ледолазание, жаяу және тау туризмі, су шаңғы және таулы шаңғы, ат туризмі жатады.
IV. Табиғи резервтермен саяхат және ерекше қорғалатын табиғи территориялар көптеген туристерді қызықтырады.
Ерекше қорғалатын табиғи территорияларға қазіргі таңда қорықтар, ұлттық саябақтар, ескерткіш саябақтары, табиғаттағы мұражайлар, заказниктер, табиғат ескерткіштері жатады. Соңғы жылдары қорықтар территорияларына туристік жұмыстармен және олардың туристік объектілерге айналуына үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Қаратау мемлекеттік қорығы.
Қаратау деген жалғыз ауыз сөздің өзінде қаншама құпия сыр, құдіретті ұғым бар десеңізші! Халық ұғымында “қара” деген сөздің өзі “қасиетті”, “киелі”, “әулиелі”, “әруақты” деген сөздермен үнемі үндесіп те, үйлесіп те жатады. Өйткені қара шаңырақ, қара қазан, және т. б сөздердің бәрінің құрамындағы “қара” сөзі “қасиетті” деген ұғымды білдіріп тұрғанына көкірегі ояу ешбір адам күмән келтіре қоймас.
Қазақстан жерінде Қаратау деп аталатын тау, жер-су атаулары да көптеп кездеседі. Біз сөз еткелі отырған Қаратау тауы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында орналасқан. Ол солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 420км. ге созылып жатыр. Ені кей тұстарында 60-80км. ге созылады. Оның ең биік шоқысы Бессаз тауының биіктігі 2175метр. Қаратау бір-бірімен қатарласа орналасқан Үлкен және Кіші Қаратау жоталарынан тұрады. Олардың арасын тауаралық аңғарлар айқын бөліп тұрады. Бұл екі тау жоталарының бастары біршама тегіс жазықты болып келеді де, ал беткейлері шатқалды, тік жартасты тілімделіп бітеді.
Қаратаудың оңтүстік-батысынан Сырдария, солтүстік шығысынан Шу және Талас өзендері ағып өтеді. Қаратаудың барлық аймағында өзіне тән ертеден өсіп келе жаткан өсімдік түрлері көптеп кездеседі.
Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі тау жоталарының бірі болып саналады. Қаратаудың табиғи байлықтарының ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249қаулысымен 2004жылы 1наурызда Қаратау мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жерн көлемі 34300гектпр аумақты алып жатыр. Қаратау қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейтті өңірлермен шектеліп жатқан оазисті аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь-Шань тау жотасының солтүстік-батыс сілемдерімен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың айналасын Қызылқұм, Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа райы күрт құбылмалы болып келеді. Онда жылына орта есеппен 300-500мм. шамасында жауын-шашын түседі. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +22+26ºС.
Қаратау қорығының алып жатқан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан бағыты бойынша 23, 6км-ге, ал шығыстан батысқа қарай ендік бағыты бойынша 28, 3км-ге созылып жатыр. Қорық аумағында археологиялық ескерткіштер де көптеп кездеседі. Онда тасқа қашап салынған суреттер (петроглифтер), ертеде өмір сүрген адамдардың тұрақтары, олар пайдаланған еңбек құралдары, обалар мен молалардың қалдықтары сақталған. Сонымен бірге ерекше мүсінді түйетас, кемпіртас, хантағы және т. б кейіптегі табиғаттың өзі ұзақ уақыт аралығында жасаған тас бейнелер де кездеседі. Олар жайында ел аузында сақталған саналуан аңыздар сыр шертеді.
Қаратау қорығының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың саналуан түрлері оқшауланып, айналасындағы далалы, шөлейтті алқаптардың өсімдіктері мен жануарларынан түр құрамы жағынан мүлде ерекшеленіп тұрады. Қорық аумағындағы өсімдіктер түрлерінде сол өңірдің өзіне ғана тән, басқа аймақтарда кездеспейтін эндемик түрлер мен геологиялық замандардан сақталып, өсіп келе жатқан реликт түрлер көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл алқаптың өсімдіктері биолог ғалымдардың назарына ертеден-ақ ілінген. Қорық аумағында ғалымдардың зерттеулері бойынша жалпы өсімдіктердің 1666түрі өседі, солардың 153түрі тек осы өңірде ғана өсетін түрлерге жатады. Қаратау қорығы Республика көлеміндегі эндемик өсімдіктер түрлері өте көп өсетін бірден-бір аймақ болып саналады. Бұл өсімдіктердің эндемик түрлерінің көпшілігі өте сирек кездесетін түрлерге жатады. Соңғы жылдары ботаник ғалымдар эндемик өсімдіктер түрлері өсетін жекеленген 34 жерді анықтады. Қазақстанның 1981жылы шыққан өсімдіктерге арналған Қызыл кітабында Қаратау қорығы аумағында кездесетін өсімдіктің 45 түрі тіркелген. Қаратау қорығында өсетін жалпы өсімдік түрлерінің 9% эндемик түрлерге жатады. Ондай өсімдік түрлеріне - қаратау рапонтикулы, регель рафидофитоны, грейг қызғалдағы, қаратау көкбасы, қаратау ырғайы, қаратау үшқаты, қаратау лепидолофасы, сиверс алмасы, қаратау ақшешегі, қаратау жыланбасы, қаратау кекіресі, қаратау қауы, қаратау маралтамыры, қаратау томағашөбі және т. б түрлер. Бұл аты аталған өсімдіктің түрлеріндегі “қаратау” деген сөздің қосарланып жүруі, сол өсімдіктің тек осы өңірде ғана өсетінін нақтылап айғақтап тұр.
Қаратауда ғана өсетін қаратаудың ақ терегінің аты әлемге әйгілі. Бұл ақ терек Қаратаудың Билікөл көлі орналасқан шығыс жақ беткейіндегі Берікқара деп аталатын шатқалда ғана өседі. Берікқараның ақ терегі тау шатқалының 1000-1200 метр биіктігінде шағын ғана жерде (8 сотықтай жерде ғана) топтанып өзінше тоғай құрайды. Теректің көпшілігінің биіктігі 10-12 метр, айналасына бұтақтары жайыла өседі. Жас бұтақтарының сырты ақ түкті болып келетіндіктен ақтерек деп аталған. Теректің ең ірілерінің биіктігі 25-30 метрге жетеді. Бұл шағын терек тоғайының көрінісі бірден-ақ көз тартады. Олардың жапырақтары да майда, жел соқса тербеліп, керемет көрініс береді. Теректің діңі қатты, темірмен ұрғыласа, шаңқ-шаңқ деп темірге ұқсас дыбыс шығарады. Теректің бұл түрін сақтап қалу мақсатында ол арада бұрыннан-ақ Берікқара ботаникалық қорықшасы ұйымдастырылған. Теректің бұған ұқсас бір түрі Өзбекстанның Зеревшан өңірінде бұрын өскен екен. Ол Зеравшанның ақтерегі деп аталған. Адамдардың ұқыпсыздығынан бұл терек түрі 1930жылдары біржола жер бетінен жойылып кеткен. Біздің ғалымдарымыздың жар құлағы жастыққа тимей Берікқараның ақ терегін естіген Канаданың бір ғалымы әр төрт жыл сайын келіп, осы теректің тағдырына алаңдайтын кімді болса да ойландыратыны анық.
Қаратау қорығының жануарлар дүниесі де саналуан. Әсіресе мұнда сирек кездесетін Үнді жерінен келіп, Берікқараның ағаштарына ұя салатын өте әсем құс - жұмбақторғай. Қорық аумағында құстың - 55, сүтқоректілердің - 16 түрі кездеседі. Сирек кездесетін жануарларға бүркіт, ителгі, қара дегелек, жыланжегіш, тас сусары, үнді жайрасы, қаратау арқары және т. б кездеседі.
Қаратау қорығының аумағын алдағы уақыттарда кеңейту шаралары да жоспарлануда. Оған келешекте Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданы жағынан тағы да 14317гектар жер бөлінбек. Сонда қорықтың жалпы жер көлемі 48617гектарға жетеді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында табиғат қорғау жайлы, Қаратау өңірінің табиғат байлықтары жөнінде үгіт - насихат жұмыстарын барынша жандандыра түсу керек. Мұндай игілікті істерге мектеп оқушылары белсене кірісіп, нұр үстіне нұр болар еді.
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ
Қаратау қорығын ұйымдастыру туралы алғашқы ұсыныс 1980 жылдан басталды. 1981-1985жылдар аралығында Қаратау аймағында қорықтың ғылыми негізделуіне бағытталған кешенді зерттеулер жүргізілді. 1983жылы Қазақ ССР-дің Ғылым Академиясының кеңесіне және қоршаған ортаны қорғау бөлімшесіне Қаратау қыратының физикалық-географиялық, фаунасы мен флорасының қазіргі жағдайы туралы көптеген материалдар мен құжаттар тапсырылды.
1985жылдың сәуір-маусым айларында АН. Каз. ССР Кеңестің бірігуімен Қаратау қорығына байланысты президиум болып өтті. Президиумның шешімі бойынша Қаратау қорығына кіретін аймақтарда қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қаратау мемлекттік қорығының қорытынды зерттелуі мен жобасы 1998жылы Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар Министрлігінің шешімімен жүзеге асты. Зерттеулердің нәтижесі бұл ауданның табиғаты антропогендік күштің әсерінде тұрғанын қайта дәлелдеді. Мысалы: браконьерлік, ағаштардың кесілуі, мал жайылымының көбеюі. Мұндай жағдайда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және эндемик түрлерінің сақталып қалуы екіталай. Осған байланысты аймақты қорғауға арналған мемлекеттік қорықтың құрылуы және оның территориясының кеңеюіне сұраныс арта бастады.
Қаратау тауларының табиғатын зерттеген зоологтар, ботаниктер, геогрофтар бұл аймақтың жануарлар және өсімдіктер дүниесінің ерекшелігін атап көрсетті. Осының нәтижесінде Қаратау мемлекттік қорығын құрудағы қысқаша ғылыми және толық технико-экономикалық негізі жасалды.
Қорық мемлекеттік мекеме формасы ретінде заңды статусқа ие болып табылады. Қорықтың негізгі органы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығының Комитеті болып табылады.
Қаратау мемлекеттік қорығы Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл Тянь-Шань тауларының Оңтүстік Қазақстан облысындағы сілемдері болып табылады. Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақдала сияқты географиялық аймақтармен шектеседі. Қорықтың ауданы: 34 300 гектарды құрайды; Солтүстігінде және солтүстік шығысында Созақ ауданымен шектеседі. Батысында Созақ ауданының шекарасымен өтіп, Байылдыр және Түйетас өзендерінің қиылысына, Қарағаштау тауларына дейін, оңтүстігінде Қарағаштау тауларынан Талдыбұлақ өзені арқылы, Хантағы аймақтарын, ал Оңтүстігінде Созақ ауданының біраз жерлерін қамтып, кең байтақ жерді алып жатыр. Қаратау қыраты ассиметриялы сипатта қалыптасқан. Ең биік жері - Бессаз (2176м) Мыңжылқы тауында орналасқан. Қыраттың жоталары кең далалармен, ірі және қысқа мерзімді өзендер торабымен ерекшеленеді. Салыстырмалы ірі өзендеріне - Байылдыр, Біресік, Хантағы, Талдыбұлақ жатады. Алайда бұл өзендер Қаратаудың негізгі артериясы саналатын Сырдария өзеніне дейін жетіп келе алмайды. Қорғалатын аймақтың ауданы 17 490гектарды құрайды. Қорықтың оңтүстіктен солтүстікке қарай ұзындығы: 28, 3км. (68º31' - 68º50' вост. долг ), батыстан шығысқа қарай: 23, 6км. (43º36' - 43º49' зап. широт . ) Орталық штабы Кентау қаласында орналасқан. Штаб-кантора мен қорықты байланыстыратын ең қысқа жол - 17км-ді құрайды.
ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ.
Қаратау таулы аймағы ежелден Қазақстанның көркем және қайталанбас өсімдік жамылғысымен ерекшеленетін аудандарының бірі болып келген. Эндемик және сирек кездесетін өсімдіктердің обилиесіне қарай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz