Темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару


Жоспар
Кіріспе
1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.
2. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштерін пайдалана отырып маусымдық ауытқуды анықтау.
3. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдау бойынша келесі жылға болжам жасау.
Қорытынды
Кіріспе
Динамикалық қатардың мәліметтері тенденциялық өзгеруі мүмкін (өсуі, кемуі) және тербелісте болуы мүмкін.
Мәліметтердің тербелісте болуына кездейсоқ жағдайлар әсер етеді, оны кездейсоқ тербелістер дейді, маусымдық құбылыстар әсер етеуі мүмкін, оны маусымдық тербелімтер дейді.
Маусымдық тербеліс - белгілі бір уақыт периодында қайталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Маусымдық индексті анықтап, келесі жылға болжам жасау;
- Берілген мәліметтерге сүйене отырып, регрессиялық талдау жасау.
Маусымдық ауытқу қазіргі кезде қай салада болмасын жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе ол ауыл шаруашылығында, көлік, сауда, құрылыс салаларында кездеседі.
- Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.
Әр түрлі факторлардың өзара әсері динамикалық қатармен есептеледі. Біреуі тенденция өсуімен, ал екіншісі ауытқумен сипатталады. Бұл ауытқу көрсеткішке байланысты анықталады. Мысалы, ауытқуды У орт дәрежесінің шеңберінде, абсисса осіне параллель, тренд сызығының айналасында немесе шеңберінде іздестіруге болады. Динамикалық қатарда айлық, тоқсандық көрсеткіштермен кездейсоқ немесе маусымдық ауытқумен қарастырамыз.
Маусымдық ауытқу деп әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты азды-көпті өзгеруін айтамыз. Халық шаруашылық салаларының көпшілігінде маусымдық ауытқу кездеседі. Соның ішінде ең жиі кездесетін салаларға мынларды жатқызуға болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда және т. б. . Мысалы, ауыл шаруашылығында көктем айларынан бастап, орта есеппен, бір сиырдан сауылатын сүттің мөлшері біртіндеп өсіп, өзінің ең жоғарғы шегіне жететінін, ал маусым айынан бастап, керісінше, бұл көрсеткіш біртіндеп азая бастайтындығын көреміз.
Маусымдық ауытқудың өзіне тән жетістіктерімен бірге кемшіліктері де кездеседі, ал ол кейбір салалардың жыл ішіндегі дамуына үлкен кедергі келтіруі де мүмкін. Мысалы, маусымға байланысты еңбек ресурстары мен құрал жабдықтардың тиімді пайдаланылмай бос тұруы көбейеді, ал соның салдарынан өнімнің өзіндік құны мен шығыны арта түседі. Сондықтан маусымдық ауытқуды жан-жақты зерттеудің іс жүзіндегі мағынасы өте жоғары. Соның ішінде маусым бойынша динамикалық қатардың көрсеткіштері арқылы жыл бойына бағдарлама жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, жылдық тапсырысты маусымға қарай бөліп, әр айға жеке жоспарлауға болады.
Маусымдық ауытқудың өлшемі әр түрлі абсалютті дәреже бойынша орташа дәрежеге, ай бойынша, тоқсан бойынша немесе жыл бойынша есептейміз. Мұны маусымдық индекс деп атаймыз. Маусымдық индекс сол берілген көрсеткіштердің мәндеріне байланысты болады және соған қарай түрлі есептеу әдістері қолданылады.
Егер қоғамдық құбылыстардың орташа жылдық маусымдық дәрежелерінің даму бағыты жылдан-жылға тұрақта түрде өзгермейтін болса, онда маусымдық индексті жай орташа әдіспен есептеуге болады. Ол үшін алдамен қарастырылып отырған кезеңнін әрбір айының орташа шамасы (Уi= ∑Уі/n) анықталады. Содан кейін осы көрсеткіштердің орташа айлық дәрежесін (У0=∑Уі/n) есептейді де, әр айдың орташа көрсеткіштерін осыған бөлу арқылы маусымдық индексті анықтайды және бұл үшін мына формуланы қолданады:
Iмаус= У і /У0*100,
мұнда У i - үш жылдың әрбір айының орташа дәрежесі; У 0 - осы көрсеткіштің орташа айлық көрсеткіші.
Егер қоғамдық құбылыстырдың орташа жылдық маусымдық дәрежелерінің даму бағытында өсу немесе кему болатын болса, онда бұл тәсілді қолдануға болмайды. Себебі, жылдың басына немесе аяғына есептелген орташа көрсеткіштер маусымдық толқынды дәл көрсете алмайды. Сондықтан оны дұрыс көрсету үшін басқа әдісті қолдануға тура келеді. Оны есептеудің тәсілі төмендегідей: алдымен әр айдың нақты шамасын сол жылдағы орташа айлық дәрежесіне бөлеміз де арифметикалық орташа шаманы анықтаймыз.
2. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштерін пайдалана отырып маусымдық ауытқуды анықтау.
Жоғарыда айтылған теорияны дәлелдеу үшін төменде берілген мысал есепті шығарамыз.
Төмендегі кестеде теміржол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың екі жылдың тоқсандық көрсеткіштері берілген.
Осы көрсеткіштер бойынша маусымдық индексін табамыз және келесі жылға болжам жасаймыз.
2000 жылдың темір жол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың көрсеткіштері.
2001 жылдың темір жол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың көрсеткіштері.
Маусымдық ауытқуды анықтау үшін екі жылдық көрсеткіштер бойынша әр тоқсанға жеке орташа тәуліктік тасымалданған жүк көлемін анықтаймыз және ол төмендегі формуламен есептеледі:
У і = (У 1 +У 2 ) /2,
онда, У 1 =(310+315) /2=312, 5
У 2 =(338+333) /2=335, 5
У 3 =(348+346) /2=347
У 4 =(313+318) /2=315, 5
Енді барлық уақытты бірге алғандағы жалпы орташаны анықтаймыз. Ол үшін арифметикалық орташа шаманың жай түрінің формуласын қолданамыз және ол келесі түрде беріледі:
У 0 = ∑У і /n ;
У 0 = ∑У і /n =(312, 5+335, 5+347+315, 5) /4=327, 6
Енді маусымдық ауытқуды анықтау үшін келесі формуланы қолданымыз:
І маусым =У і /У 0 *100;
онда, І маусым =У 1 /У 0 *100 = 312, 5/327, 6*100 = 95, 4
І маусым = У 2 /У 0 *100 = 335, 5/327, 6*100 = 102, 4
І маусым =У 3 /У 0 *100 = 347/327, 6*100 = 105, 9
І маусым =У 4 /У 0 *100 = 315, 5/327, 6*100 = 96, 3.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz