Сабақтас құқықтар



1 Сабақтас құқықтардың объектілері
2 Сабақтас құқықтардың қолдану аясы
3 Орындаушының құқықтары
4 Фонограмма жасаушының құқықтары
5 Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтары
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кадельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.
2. Фонаграмма, жасаушы, хабар таратушы ұйым осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфир-де немесе кабель бойынша берілетін туындыны орындаушымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегінле жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторлардың құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр данасынды және (немкесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша «Р» әріпі: ;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
III Тарау. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР

34-бап. Сабақтас құқықтардың объектілері

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға,
эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың
мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына
қарамастан қолданылады.

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектілері

1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кадельдік
хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып
табылады.
2. Фонаграмма, жасаушы, хабар таратушы ұйым осы тарауда көзделген
құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфир-де немесе
кабель бойынша берілетін туындыны орындаушымен және оның авторымен
жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегінле жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды
авторлардың құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да
болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы
және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін
фонограмманың әр данасынды және (немкесе) оның әрбір қорабында
көрсетілетін және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау
белгісін пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әріпі: ;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолдану аясы

1.Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1)орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2)орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында
жүзеге асырылса;
3)орындаушылық, қойылым осы баптың 2- тармағының ережелеріне сәйкес
қорғалатын фонограммаға жазылса;
4)фонаграммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-
тармағының ережелеріне сәйкес қорланатын эфирде немесе кабелдь бойынша
берілетін хабарға енгізілген болса, танылады.
2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына
жағдайларда, егер:
1)фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе
Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар заңды
тұлға болса;
2)фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық
көрсе, танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде жарияланған күннен кейін отыз күн ішінде Қазақстан
республикасының аумағында жарияланса, ол да Қазақстан Республикасының
аумағында алғаш рет жарияланды деп саналады.
3. Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға
сәйкес, егер ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында ресми
тұрғылықты жері бар болса және хабарларын Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегімен жүзеге асырса,
танылады.
4. Шетелдік өзге орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың, эфирлік
немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан
Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шартарына
сәйкес қорғалады.

37-бап. Орындаушының құқықтары

1. Осы Заңда көзделген реттерді қоспағанда, орындаушыға мынадай
мүліктік емес жеке және мүліктік құқықтар:
1) Есімнің құқығы;
2) Орындаушылықты немесе қойылымды кез-кеоген бұрмалаудан, бүлдіруден
немесе орындаушының ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіре
алатын өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқығы (беделін қорғау
құқығы);
3) Орындаушылықты немесе қойыоымды пайдаланудың әрбір түрі үшін сиақы
алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдаоану құқығы беріледі.
2. Орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға беріоетін айрықша құқық
мынадай әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат етуге немесе тиым салуға:

1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуға;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын көшірмелеуге;
3) орындаушылықты немесе қойылымды, егер бұл орындаушылық немесе
қойылым бұрын эфирге берілмесе жазбасын пайдаланып жүзеге асырылмаса,
эфирге таратуға немесе кабель бойынша жалпы жұрттың назарына ұсынуға;
4) егер жазба бастапқыда коммерциялық мақсатпен жасалмаған бболса,
орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге немесе кабель бойынша
беруге;
5) орындаушы қатысқан орындаушылық немесе қойылым жазылып,
коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жалға беруге құқық
берел\ді. Орындаушылықты немесе қойылымды фонограммаға түсіруге шарт
жасалған уезде бұл құқық фонограмманы жасауға ауысады. Бұл орайда
мұндай фонограмманың даналарын жалға бергені үшін орындаушы сыйақы алу
құқығын сақтап қалады (осы Заңның 38-бабы).
3.Орындаушының осы баптып 2-тармағының 2)-тармақшасында көзделген
айрықша құөығы мына жағдайларда:
1)орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының
келісімімен жасалған,
2)орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу орындаушылықты немесе
қойылымды жазу кезінде орындаушының келісімі алынған мақсатпен
жасалған;
3) орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу осы Заңның 41-бабының
ережелеріне сәйкес жазба жүргізілген мақсатта жүзеге асырылған
жағдайда қолданылмайды.
4. Осы бапты 2 тармағында аталған рұқсатты орындаушы береді, ал ұжым
болып орындаған кезде пайдаланушымен жазбаша шарт жасау арқылы сондай
ұжымның жетекшісі береді.
5. Егер орындаушының эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымымен
жасасқан шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейіннен
беруге, мұндай жазбаны беру мен көшірмелеу үшін эфирлік немесе
кабелдік хабар тарату ұйымдарының жүзеге асыруға осв баптағы 2-
тармақтың 1),2) және 3)-тармақшаларында аталған рұқсат алу талап
етілмейді. Бұлайша пайдаланғаны үшін орындаушыға берілетін сыйақы
мөлшері де осы шартта белгіленеді.
6. Орындаушы мен дыбыс-бейнежазу туындысын дайындаушы арасында
жасалған шарт орындаушының осы баптағы 2-тармақтың 1),2),3),4)-
тармақшаларында аталған құқықтарды беруіне әкеп соғады.Орындаушының
мұндай құқықтарды беруі дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланумен
шектеледі және, егер шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу
туындысына түсірілген дыбыспен бейнені жеке пайдалану құқықтарын
қамтымайды.
7. Орындаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары
шарт бойынша басқа адамдарға берілуі мүмкін.

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары
1.Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнінде, осы Заңда
уөзделгендерді қоспағанда, фонограмманың әрбір түрі үшін сыйақы алу
құқығын қоса, фонограмманы кез-келген ныанда пайдалануғқұқықтар
берілді.
2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құөық мынадай әрекеттерді жүзеге
асыру үшін рұқсат етуге:
1) фонограмманы көшірмелеуге;
2) нограмманы қайта жасауға немесе кез-келген әдіспен өңдеуге;
3) фонограмма даналарын таратуға, яғни оларды сатуға, жалға беруге
және сол сияқтыларға;
4)осы фонограмманы жасаушының рұқсатымен дайындалған даналарды қоса,
тарату мақсатында фонограмма даналарын, импорттауға құқық берілетінін
білдіреді.
3. Егер заңды түрде жарияланған фонограмма даналары оларды сату арқылы
азаматтық айналымға түсірілсе оларды фонограмма жасаушы – ның
келісімінсіз және сыйақы төлемей одан әрі таратуға жол беріледі.
Фонограмманың жалға беру арқылы тарату құқығы сол даналарды меншіктену
құқығына қарамастан фонограмманы жасаушыға беріледі.
4. Фонограмма жасаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша
құқықтары шарт бойынша басқа адамдарға берілуі мүмкін.

39-бап. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма
жасаушы мен орындаушының келісімінсіз пайдалану

1.Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жасаушының жіне
осындай фонограммаға орындауы жазылған орындаушының келісімінсіз,
бірақ сыйақы төлей отырып:
фонограмманы көпшілік алдында орындауға;
1) фонограмманы эфирге беруге;
2) фонограмманы эфирге беруге;
3) фонограмманы кабель арқылы жалпы жұтшылық назарына жеткізу үшін
хабарлауға жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сыйақы жинау, бөлу және төлеу
фонограмманы жасаушылар мен орындаушылардың құқықтарын ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдардың бірі (осы Заңның 43-бабы) осы ұйымдар арасындағы
келісімге сәйкес жүзеге асырады. Егер бұл келісімде өзгеше көзделмесе,
аталған сыйақы фонограмма жасаушы мен орындаушы арасында тең бөлінеді.

3. Сыйақы мөлшерін және оны төлеу жағдайларын бір жағынан, фонограмма
пайдаланушылар немесе осындай пайдаланушылар бірлестіетері
(қауымдастықтары) және, екінші жағынан, фонограмма жасаушылар мен
орындаушылар құқықтарын басқарушы ұйымдар арасында жасалған келісім
бойынша, ал егер тараптар мұндай келісімге келе алмаса – уәкілдік
берілген орган белгілейді.
4. Фонограммаларды пайдаланушылар осы баптың 2-тармағында аталған
ұйымға фонораммалардың пайдаланылу мөлшері туралы дәл мәліметтер
жазылған бағдарламаларды, сондай-ақ сыйақы жинауға және бөлуге қажетті
өзге де мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге тиіс.

40-бап. Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының
құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттерді қоспағанда, эфирлік және (немесе)
уабельдік хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-
келген нысанда пайдалануға және мұндай рұқсат бергені үшін сыйақы алу
құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша
құқықтар беріледі.
2. Хабарды пайдалануға рұқсат ететін айрықша құқық эфирлік және
(немесе) кабельдік хабар тарату ұйымының мынадай әрекеттерін жүзеге
асыру.
1) оның хабарын эфирлік және (немесе) ккабельдік хабар тарату ұйымының
эфирге немесе кабель арқылы бір мезгілде беруіне;
2) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды кабель арқылы
хабарлау
немесе хабарды эфирге беру;
3) хабарды жазып алуға;

4) хабардың жазбасын көшірмелеуге;
5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін жерлерде
хабарлауға құқығын білдіреді.
3. Осы баптың 2-тармағының 4)-тармақшасында көзделген эфирлік және
(немесе) кабельдік хабар тарату ұйымының айрықша құқығы мына
жағдайларда:
1) хабар эфирде хабар тарату ұйымының келісімімен жазып алынғанда;
2)осы Заңның 41-бабындағы ережелерге сәйкес хабарды көшірмелеу ол
жазылған мақсатта жүзеге асырылғанда қолданылмайды.

41-бап. Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік
хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу

Орындаушылықты, қойылымды, эфир хабарларын, кабель арқылы
берілетін хабарларды және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма
жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының келісімінсіз
және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ фонограмманы көшірмелеуге:
1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирде немесе кабель
арқылы берілген хабардан шағын үзінділерді ағымдағы оқиғалар туралы шлуға
қосу үшін;
2) текқана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсатында;
3) мұндай дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда
орындаушылықтан, қойылымна, фонограммадан, эфирге немесе кабель арқылы
берілген хабардан шағын үзінділер түрінде дәйектеме көрсету үшін жол
беріледі. Бұл орайда эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының
коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирде немесе кабель
арқылы беруге пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 36-бабындағы
ережелерді сақтағанда ғана мүмкін болады;
4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерінде белгіленген әдебиет,
ғылым және өнер туындылары авторының мүліктік құқықтарын шектеуге қатысты
өзге дежағдайларда жол беріледі.
2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерін тыс орындаушының,
фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының
келісімінсізхабарлар мен олардың жазбаларын эфирге немесе кабель арқылы
таратуға, сондай-ақ фонограмманы жеке мақсат үшін көшіруге жол беріледі.
Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы
көшірмелеуге жол беріледі.
3. Егер қысқа мерзімге пайдалынатын жазба немесе көшірме эфирге хабар
тарату ұйымының өз жабдықтары көмегімен және өзінің жеке хабары үшін жүзеге
сырылса, орындаушының, фонограмма жасаушының жіне эфирге хабар тарату
ұйымының орындаушылықты, қойылымды немесе хабарды қысқа мерзмге жазып алуды
жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшірмелеуге жіне коммерциялық мақсатта
жарияланған фонограммаларды көшірмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның
37, 38, 40-баптарындағы ережелермынадай жағдайларда:
1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелеріне сәйкес қысқа
мерзімде пайдалануға жасалатынжазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын
көшірмелеуді жүзеге асыруға қатысты қойылымның өзін, орындаушылықты немесе
хабарды эфирге беруге алдын-ала рұқсат алғанда;
2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелеріне сәйкес
әдебиет, ғылым және өнер туындыларының қысқа мерзімге пайдалануға жасайтын
жазбасына қатысты алты ай мерзім ішінде, оның тек құжаттық сипатының
негізінде ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкін жалғыз данасын қоспағанда, оны
жойғанда қолданылмайды.
4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты,
қойылымды, эфирде немесе еабель арқылы берілетін хабарды және олардың
жазбаларын, сондай-ақ соларға енгізілген әдебиет, ғылым жіне өнер
туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын тигізбей, сондай-ақ орындаушының,
фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабнльдік хабар тарату ұйымының және
аталған туындылар авторларының заңды мүдделеріне нұқсан келтірмей
қолданылады.

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімі

1. осы тарауда көзделген орындаушыға қатасты құқықтар алғашқы
орындалудан немесе қойылымнан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Осы Заңның
37-бабында белгіленген орындаушының есімін, орындаушылыұты немесе қойылымды
кез-келген бұмалаудан немесе өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқықтарының
қорғалуына шек қойыомайды.
2. Осы тауарда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар
фонограмма алғаш жаричланған кейінгі елу жыл бойына, егер осы мерзім ішінде
фонограмма жарияланбаған болса, ол алғаш жажылып алынғаннан кейінгі елу жыл
бойы күшін сақтайды.
3.Осы тауарда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар
мұндай ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейін елу жыл
бойы күшін сақтайды.
4. Осы тауарда көзделген кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты
құқөықтар мұндай ұйым кабель арқылы алғашқы хабар таратуды жүзеге
асырғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды.
5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезінен бастап, егер олар
жарияланбаған болса, осы Заң күшіне енген күнен бастап елу жыл мерзім
өтпеген радио жіне телехабарлар (эфиргехабар тарату) қалған мерзімде
сабақтас құқықтар объектісі ретінде қорғалады.
6. Осы баптың 1,2,3,4-тармақтарында көзделген мерзімдерді есептеу
оның басталуына негіз болатын заңды жәйт орын алған жылдан кейінгі жылдың
бірінші қаңтарынан басталады.
7. Егер орындаушы қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін
ақталған жағдайда, осы бапта көзделген құөықтарды қорғау мерзімі ол
ақталған жылдан бастап күшіне енді.
8. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында аталған орындаушылықты,
қойылымды, фонограмманы , эфирде немесе кабель арқылы таратылған хабарларды
пайдалануға рұқсат ету және мерзімдердің қалған бөлігі шегінде сыйақы алу
құқығы орындаушының, фонограмма жасаушының , эфирлік немесе кабелдік хабар
тарату ұйымының мұрагерлеріне (заңды тұлғаларға қатысты - құқық
мұрагерлеріне) ауысады.

IV тарау. МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҰЖЫМДЫҚ
БАСҚАРУ

43-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары

1. Ғылым, әдебиет және өнер туындылрының автырлары, орындаушылар,
фонограмма жасаушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері
өздерінің мүліктік құқықтарын іс жұзіне асыру мақсатында олардың мүліктік
құқықтарын ұжымдық негізде бсқаратын үйымдар құруға құқылы.
2. Мүліктік құқықтары ұжымдық негізде басқаратын үймның коммер-циялық
іспен айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негізде басқару үшін алған
туындылардың және сабақтас құқықтар объектлерін пайдалануды жүзеге асыруға
құқығы жоқ.
3. Әртүрлі құқықтар мен құқық иелерінің түрлі санаттары бойынша
жекелеген ұйымдар, не құқық иелерінің бір санатының мүделерінің сай түрлі
құықтрды басқаратын ұйымдар, не құқық иелерінің түрлі санаттарының
мүделеріне сай құқықтардың бір түрін басқаратын ұйымдар құруға жол
беріледі. Мұндай ұйымдарды тікелей авторлық және сабақтас құықтар иелері
құрады және олар солардан алған өкілеттік шегінде, жарғы негізінде әрекет
етеді.
4. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқруға өкілеттікті тікелей авторлық
және сабақтас құқықтар иелері жазьаша шарттар негізінде ерікті түрде,
сондай-ақ осынай құқықтарды қарайтын шетелдік ұймдардың жасалған тиісті
шарттар бойынша беріледі.
5. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізе басқартын ұймдардың жағылры осы
Заңның талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Авторлрдың мүліктік
құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымды тіркеуден бас тартуға осы
Заңның талаптары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейтін
заңдар бұзылған жағдайда беріледі.
6. Аталғн ұйым қызыметіне басшылықтық мүліктік құқықтарын оның өзі
басқаратын авторлық және сабақтас құқық иелері жұзеге асырады. Сыйақының
мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережелеріне
жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне және мұндай ұйым қызметінің өзге
де принципті мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдау тек қана авторлық және
сабақтас құқық иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.
7. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұймдардың қызметін
бақылауды уәкілетік берілген орган жүзеге асырад.

44-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі

1. Кез-келген автор, оның мұрагері немесе осы Заңның III тарауына
сәйкес қорғалтын авторлық және сабақтас құықтардың өзге де иесі өздерінің
мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал
ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұймның жарғылық қызметіне
жататын болса, бұл құқықтрды ұжымдық негізде жүзеге асыруды өз мойнына
алуға міндетті. Аталған ұйымдардың ұжымдық негзінде басқару үшін алынған
туындыларды және сбақтас құқықтардың объектілерін пайдалануға құқығы жоқ.
2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкілеттік негізде
мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым туындыларды және
сабқтас құқықтардың объектілерін пайдаланудың тиісті әдістеріне
пайдаланушымен лицензиялық шарт жасасады. Мұндай лицензиялық шарт талаптары
бір санаттағы барлық пайдаланушыларға бірдей болуға тиіс. Аталған
ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткілікті негіздерсіз
бас таратуға құқығы жоқ.
3. Лицензиялық шарт жасасқан барлық пайдаланушылар авторлардың
құқықтарын және сабақтас құқықтар иелерін қорғау жөніндегі уәкілдік
берілген органда бергіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге
және тиісті үлгідегі мемілекеттік тіркеу куәлігін алуға міндетті. Мұндай
лицензиялық шарттар оларда көзделген әдістермен, осы Заңның 43-бабының 3-
тармағына сәйкес ұйымға өкілеттік бермегендерін қоса алғанда, барлық
туындылар мен сабақтас құқық объектілерін пайдалануға рұқсат берілді.
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің туындылар мен сабақтас
құқықтардың объектілерін осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдаланумен
байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүліктік талаптарын
лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиіс.
5. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым талап
етілмеген сыйақыны бөлінетін сомаға қоса отырып немесе ұйым есепшотына
түскен күннен бастап үш жыл өткенше өзі өкілі болып табылатын авторлық және
сабақтас құқықтар иелерінің мүдделеріне сай басқа мақсаттарға айналымға
сала отырып сақтауға құқылы.

45-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың атқаратын
ұйымдардың атқаратын қызметтері

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым өзі өкілі болып
табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің атынан әрі олдардан
алынған өкілеттік негізінде мынадай қызметтерді атқаруға:
1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға
пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;
2) сыйақы мөлшерін және лицензиялық шарттар жасалған басқа да
жағдайларды пайдаланушылармен келісуге;
3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен
шұғылданатын жағдайлары сыйақы мөлшерін пайдаланушылпрмеген келісуге (осы
Заңның 26-бабы және 39-бабының 2,3- тамақтары);
4) лицензиялық шартта көрсетілген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3-
тармағында көзделген сыйақыны жинауға;
5) осы баптың 4-тармағына сәйкес жиналған сыйақыны өзі өзі өкілі
болып табылатын авторлық және сабақтас құөықтар иелеріне бөлуге және
төлеуге;
6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажетті кез-келген
заңды әрекеттерді жасауға тиіс.

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың
міндеттері

1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі
мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің
мүддесіне сай жүзег асырылады. Бұл мақсатта ұйым төмендегі міндеттерді
атқаруға;
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге
олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;
2) осы Заңның 45-бабвндағы 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жиналған
сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін
пайдалануға тиіс. Бұл орайда ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны
жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы,
сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық жіне сабақтас құқықтар
иелерінің келісімімен және солардың мүдесіне сай сол ұйым құрған арнайы
қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;
3) туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін нақты пайдалануына
қарай осы тармақтың 2)-тармақшасында аталған соманы шегере отырып,
жиналған сыйақыны бөлуге және ұдайы төлеп отыруға тиіс.
2. Осы заңның 45-бабының бірінші тармағында көзделген сыйақыны
ұйымның жинауына өкілеттік бермеген авторлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орындаушының құқықтары
Сабақтас құқықтың пайда болуы
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Авторлық құқық объектісі
Авторлық және сабақтас құқық
Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Автордың мүліктік құқықтары
Құқық шығармашылық
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Пәндер