Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы

Мамандығы: 010514-“Тарих”

Орындаған: Н. Б. Жүсіпбаев

Ғылыми жетекші: Г. С. Султангалиева

т. ғ. д. профессор

Алматы, 2011


МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
3
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: КІРІСПЕ . . .
3: 4
: І
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ, БАЙЛАНЫСТАРЫ . . .
3: 7
: 1. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: Қазақстан мен Жапонияның саяси байланыстарының даму тарихы . . .
3: 7
: 1. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: Қазақстан мен Жапонияның сыртқы саясатындағы жаңа бағыттарының стратегиялық аспектісі . . .
3: 20
: ІІ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ТҮРЛЕРІ . . .
3: 47
: 2. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық байланыстар . . . 47
3:
: 2. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: Қазақстан мен Жапония арасындағы экология мәселелері . . . 61
3:
: 2. 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: Мәдени саладағы екіжақты қатынастар . . . 68
3:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
3:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
3:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:
3:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:
3:


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Қазақстан және Жапония қарым-қатынастары өзара стратегиясы зерттеліп, қатынастың қалыптасу, даму кезеңдері қарастырылады. Қатынастың түрлері мен салалары зерттеліп тиімді, тиімсіз деген тұстары атап өтіледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. XX ғасырдың аяғымен XXI ғасырдың басы Кеңес Одағының республикалары үшін тарихи бетбұрысты кезең болғаны белгілі. КСРО ыдырағаннан кейін жаңа, тәуелсіз мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болды. Олар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ, ЕЫҚҰ, т. б. ), өздерінің дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Сонымен бірге жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азия мемлекеттері соның ішінде Қазақстан Республикасы өзінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін географиялық тұрғыдан қолайлы да тиімді географиялық орналасуы және жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуына негізделді. Қазақстан мен Жапония мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселеге айналды.

Сондықтан да дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі - ең алдымен, Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты екені белгілі. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Қазақстанның Орталық Азияның бес мемлекеттерінің ішінде жетекші орынға ие болуы және біздің мемлекетіміздің жетекші мемлекеттердің аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде танылуында. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатынастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болды.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты - теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда ғана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1] .

Сол себепті де, Қазақстанға прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде «Күн шығыс елі» деген атауға ие болған Жапония XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа айқын нақтылықтарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жолында келеді.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жапония мен Қазақстан дипломатиялық қатынастарының дамуы және Жапонияның Орта Азия мемлекеттерімен байланыстарына орай XX ғасырдың 90 ж. қамтитын ғылыми-дипломатиялық мәселелер үстірт те болса бұрын қарастырылған. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси ынта құралына айналды. Қазақ - жапон қатынастары және Орта Азиядағы жапон факторы көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қысқаша шолып өтілгені болмаса, арнайы монографиялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналмаған. Дипломдық жұмыста пайдаланылған еңбектер қатарында, алдымен ел басылары мен саяси қайраткерлердің еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың, «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» [2], «Ғасырлар тоғысында» [3], «Сындарлы он жыл» [4] атты еңбектері, Өзбекстан президенті И. Каримовтың «О национальной государственности, идеологии независисмости и правовой культуре» [5], Түркменстан президенті С. Ниязовтың «Внешняя политика нейтрального Туркменистана» [6] атты еңбектерін атап өтуге болады.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстар қазақстандық дипломаттардың да және қазақстандық саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Олардың қатарында ҚР экс-сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың, [7-8], Т. С. Қабдрахманов [9], Е. А. Идрисов [10], еңбектерін атап өтуге болады.

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки еңбектерінде Жапонияның қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен Жапониядағы экономикалық даму және экономикалық салаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ сипаттарына баға беріледі.

Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Жапонияның экономикалық дамуы туралы Жапон мемлекет басшылары еңбектері мен саяси сұхбаттары пайдаланылды. Олардың ішінде Дзюнитиро Коидзуми, К. Обути, Рютаро Хасимотоның [11], Акио Ватанабэ [12], Ясухиро Накасонэ [13] еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Жапонияның өзіндік даму жолы және жапондық ерекшелігі баяндалады. Сонымен бірге Жапонияның экономикада реформаға бағыт алу қажеттігі және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады.

Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Жапония және Жапония мен Орта Азия мемлекеттері дипломатиялық байланыстарына баса назар аударған. Мысалы, Б. К. Сұлтановтың [14], Н. Есенғаринның [15], Р. М. Қалиеваның [16], Ө. Қасеновтың [17], М. Лаумулинның [18] еңбектерін атап өтуге болады. Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж. У. Ибрашевтің [19], К. Қожахметовтың [20], Қ. Е. Байзақованың [21], Ф. Т. Кукееваның [22] және т. б. еңбектері бар.

Жапонияның жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е. Примаков [23], В. А. Корсун [24], А. Д. Воскресенский [25], В. А. Лузянин [26], Е. П. Бажанов [27], М. И. Крупянко [28], М. Г. Носов [29], В. Е. Петровский, [30] . И. А. Цветова [31], В. Н. Бунин [32] сияқты зерттеушілерді атауға болады.

Орта Азиядағы жапон факторы деп атауға боларлық өзбек, қырғыз зерттеушілері А. Табышалиеваның «Центральная Азия: новое пространство для сотрудничества» [33] атты еңбегі зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды. Онда Жапонияның Орта Азиядағы ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Жапонияға байланысты кейбір факторлар ашылған.

Ал диссертациялық еңбектің ішінде Ф. П. Уразаева [34] атап өтуге болады.

Зерттеу нысаны. Жапония мен Қазақстан Республикасы арасындағы сыртқы саяси және экономикалық байланыстар, сол байланыстар нәтижесінде туындаған, сондайақ туындайтын қарым-қатынас стратегиясын ашып көрсету.

Зерттеу пәні. Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы.

Зерттеудің мақсаты - әртүрлі дерек көздеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алған күннен бүгінгі күнге дейінгі Жапонияның сыртқы саясатындағы алатын орнын зерделеп анықтау болып табылады. Қатынастардың әр саласындағы бірігіп жасалынып жатқан әрекеттердің практикалық маңызын көрсету. Сонымен қатар Жапония мен Қазақстан өздерінің үлесін қосқан стратегиялық маңызды мәселелер түзуге қажетті алдағы мүмкіндіктерге баға беру. Яғни Қазақстан және Жапония қарым-қатынастарының орнатылуы мен даму барысына және нақты салаларына жан-жақты сараптама жасау зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қазақстан мен Жапонияның саяси байланыстарының даму тарихы;
  • Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасындағы негізгі бағыттарды зерделеу;
  • Екі елдің сыртқы саясатындағы жаңа бағыттарының стратегиялық аспектісі;
  • Сауда-экономикалық байланыстар;
  • Экология мәселелері;
  • Мәдени саладағы екіжақты қатынастар;

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Бірінші тобында ҚР мен Жапония арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер, т. с. с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы жиырма бірінші ғасырдағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі [35-36] .

Ал деректердің екінші тобы қазақ, орыс тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары қамтылады. Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Жапония мен Қазақстанның анықтама материалдары және статистикалық мағлұматтар құрайды [37-38] .

Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары дипломдық жұмыстың деректік негізі болды. .

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бергі бүгінгі күнге дейінгі мерзімді қамтиды.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негізінде. Дипломда тарихи оқиғаларды және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарды жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Жапонияның сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді пайдаланған.

Зерттеудің жаңалығы. Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастарды талдау отандық және шетелдік зерттеушілердің нысаны болғаны белгілі, бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып республика көлемінде әлі де зеттеуді қажет етіп отыр.

- Жапонияның сыртқы саясатындағы басым жақтары қарастырылып Қазақстан үшін тиімді жақтары көрсетілді;

- Қазақстан мен Жапонияның және Жапонияның түрлі стратегиялық саяси бағыттарының даму үрдісі айқындалып, келешек дамуының тиімді бағыттары айқындалды;

- Жапония мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының мәтінінде кездесетін қысқартулар тізімінен, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ, БАЙЛАНЫСТАРЫ

  1. Қазақстан мен Жапонияның саяси байланыстарының даму тарихы

Осынау өтіп кеткен жылдардың ішіндегі Қазақстан мен Жапонияның қарым-қатынастары туралы айтпас бұрын екі елдің сыртқы саяси концепцияларына тоқталу қажет болар.

1994 жылы Президент Н. Назарбаев өзінің Ресейге алғашқы ресми сапарында Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынған болатын. Г. Вернадский, Л. Гумилевтардың философиялық еуразиялық концепцияларының, әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты Президентіміздің «теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда ғана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деп тұжырымдалған ойын растайды [39] .

XXI ғасыр табалдырығында Жапония да өзгеріп жатқан әлемнің жаңа бет бұрыстарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жағдайында болды. 1997 жылы 24 шілдеде премьер-министр Рютаро Хасимото «Еуразиялық дипломатия» атты елдің жаңа сыртқы саяси концепциясын жариялады дедік. Онда Қазақстанға да қатысты саяси байланыстар баяндалғанын білеміз.

Осы концепцияны жариялау барысында Токио өзінің сыртқы саясатын Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей байланыстыратыны анық байқалады. Жапондық дипломатияда осындай «еуразиялық екпіннің» пайда болуын, ең алдымен Еуразиялық континенттегі қауіпсіздік жүйесінің трансформациясымен байланыстырады. Бұл жөнінде премьер-министр Рютаро Хасимото былай деген: «Мен болып жатқан өзгерістерден анық байқағаным, бұл жаңа құрылымның Американың, Атлантиканың және Еуропаның ауқымды кеңістіктерін алып, ары қарай бұрынғы КСРО территориясы арқылы Тынық мұхитқа шығып, Атлант мұхитын көз қиығының астындағы еуразиялық дипломатияның ерекше сипатына ие екендігі.

Бұл жерде НАТО-ның кеңеюі, Еуропалық Одақтағы, Батыс Еуропадағы және ТМД-дағы болып жатқан саяси-экономикалық процестер жайында айтылады».

Премьер-министр Р. Хасимото Каспий аймағы өзінің бай мұнай және газ ресурстарымен әлемнің энергоресурс нарығына әсері зор екендігін атап өткен. Және аймақтың бүкіл Еуразия көлеміндегі елдердің коммуникацияларын байланыстырудағы өзіндік бір көпір рөлін атқара алатындай күшке ие екендігін жоғары бағалады.

Жапонияның ресми түрде аймақты саяси-географиялық топономикасын анықтап, өзі үшін аймақ елдерін «Жібек жолы елдері» деп атауы бекер емес. Тағы бір атап өтетін жайт - Жапония мен Ресей арасындағы катынастардың кейбір тұстарына қарамастан, Жапонияның Қазақстанмен және Орталық Азия аймағының басқа да елдерімен қатынасының өрбуі ол мәселелерден тыс, өзінше бөлек дамуға бағытталғаны. Алғаш рет осы аймақтың мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да жапондық сыртқы саясаттың мүдделі тұстарының бірі ретінде жарияланғаннан соң, Р. Хасимотоның «Жібек жолы» елдерімен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсынысы ретінде қабылдана бастады.

Қарап отырғанымыздай, «атлантикалық еуразияшылдық» та, «еуразиялық доктринаға тынықмұхиттық келіс» те Президент Н. Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру идеясымен сәйкес келеді.

Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін қолдаған мемлекеттер арасында біріншілер қатарында болғанын айта кеткен артық болмас.

16 желтоқсан 1991 жылы Жоғарғы Совет Қазақстанның тәуелсіздігі жөнінде Заң қабылдады. Бірден халықаралық қауымның бұл мәселеге көзқарасы жайлы алаңдаушылық туды. Өйткені жаңа тәуелсіз мемлекет дипломатиялық қолдауды қажет етеді, онысыз тәуелсіздік жөнінде сөз қозғау мүмкін болмас еді. Сол кезде бөлініп жатқан министрліктің қамымен Мәскеуде жүрген Қ. Тоқаев пен Қ. Саудабаевқа (Қазақстанның сол кездегі Мәскеудегі тұрғылықты өкілі) Президент Дипломатиялық корпустың бұл жаңа мәселе, Қазақстан парламентінің тәуелсіздік жариялағанына көзқарасы жөнінде пікір сұрап және ол үшін жаңа бұл бағыттағы жұмысқа көмек сұрайды.

Шетел елшіліктеріне ноталар жіберіліп, соңында документ дайындалып, ол Президент Н. Назарбаевқа жіберіледі. Бұл бірінші дипломатиялық депештің Жапонияның сол кезде Қазақстанда болып жатқан әрекеттерге қаншалықты қатысы бар деген тұрғыдан сол информациялық материалға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Сол кездегі жапон елшісі Эдамура өз елінің Қазақстан халқының үкімет ұйымы шығарған шешімін қолдайтындығын жариялайды. Жапония Қазақстанның тәуелсіздікке көшу процесі еш кедергісіз өткенін қалайды және Қазақстанның тәуелсіздік жариялауы тарих талабына жауап береді деп атап көрсетті.

Елші еш кідірмей бұл жаңалықты керекті шара қолдану үшін Токиоға жеткізуге уәде берді.

Сонымен қатар елші өз елінің Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіретіндігін мәлімдеді. Қарым-қатынас орнатудағы бірінші қадам жапон мамандарының Қазақстанға елдегі жағдаймен танысу мақсатымен жасаған сапар еді. Жапон іскер топтары Қазақстан экономикасына инвестициялар салуға ынталанатындығына сенетіндігін білдірді. Жапония бұл қатынастардың екі елге де тиімді болуы шарт дегенді ұстанады. Елші бір сөзінде Жапония инвестицияларына әлемнің көптеген мемлекеттері қызығады, сондықтан жеке кәсіпкерлер үшін пайда ең басты қозғаушы күш екендігін ескерген жөн дейді [40, 151-152бб. ] .

28 желтоқсан 1991 жылы Жапония ресми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

26 қаңтар 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1997 жылдың ақпанынан Токиода Қазақстан Республикасының елшілігі қызмет етеді. Бірінші Төтенше және Өкілетті елші болып Т. Қабдрахманов тағайындалады.

9 шілде 2002 жылы Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде Тосио Цунодзаки тағайындалады.

Қазақстан - Жапон арасындағы саяси сұхбат 1992 жылдың мамырында премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі М. Ватанабэнің Қазақстанға жасаған сапарынан басталған.

1992 жылдың тамызында либерал-демократиялық партияның жоғарғы басшылығы және Жапон парламенті мүшелері Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Қазақстандық дипломатия Жапониямен ынтымақтастықты дамыту мақсатында белсенді бағыт ұстайды. Осы Қазақстан мен Жапония арасындағы он бес жылдық дипломатиялық қатынастар ішінде өзара ықпалдастық барлық салалар бойынша жүзеге асырылуда.

Қазақстан-Жапон ресми қатынастарының алғашқы бастамасы ретінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 1994 жылы сәуірде Жапонияға жасаған ресми іс-сапары саналады. Біздің Президент пен Жапония императорының кездесуі нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылып, СССР мен Жапония арасындағы келісімдерді мойындау жайлы ноталар алмастырылды. Бұл саяси құжатта Жапония Қазақстанның реформалар жүргізуін аса қолдайтындығын көрсетеді. Шын мәнінде бұл құжат екі мемлекет арасындағы қатынастардың заңды бастамасы болатын.

Сонымен қатар тараптар өзара тиімділік пен теңдік, сондай-ақ, егемендікті құрмет тұту принциптерінің негізінде өзара сенім білдіру мен түсіністікті тереңдету жолымен бір-бірімен достық қатынастарды дамытуға бекем бел байлағандықтарын мәлімдеді.

Қазақстан-Жапон ынтымақтастығына қосымша жеделдетуші ретінде жоғарыда аталған сапардан кейін іле-шала әртүрлі деңгейдегі сапар алмасулар болды. Сөйтіп 1996 жылы қаңтарда Алматы қаласында «Сакигаки» партиясының лидері, Жапон Парламентінің төменгі палатасының депутаты, Қазақстан-Жапон достастығының парламенттік лигасының төрағасы, бұрынғы қаржы министрі М. Такэмура Президент Н. Назарбаевпен, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының да спикерлерімен кездесті. 1996 жылы қазанның соңы - қарашаның басы аралығында Қазақстан Республикасының сол кездегі премьер-министрі Ә. Қажигелдиннің Токиоға сапары болып өтеді. Сол сапар кезінде Қазақстан Республикасының делегациясы «Қазақстан - Жапония: инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты конференцияға, Қазақстан-Жапон экономикалық ынтымақтастық Комитетінің рет саны бойынша үшінші отырысына және Дүниежүзілік банктың ұйымдастырылуымен жүргізілген көмектесуші елдердің жиналысына қатысты.

Қазақстан - Жапония сұхбаты 1997 жылы шілде айындағы Жапон Парламентінің төменгі палатасының депутаты және Жапонияның либералдық-демократиялық партиясының экономикалық реформалар жөніндегі арнайы Комитетінің төрағасы Кейдзо Обутидің басшылығымен Қазақстанға келген делегация сапарында жалғасын тапты. Ал 1997 жылы қыркүйекте Кейдзо Обути Жапонияның Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. (1998 жылдың шілде 2000 жылдың сәуірі аралығында Обути мырза Жапонияның премьер-министрі қызметін атқарған) .

Кейдзо Обутидің Орталық Азия аймағы мен Ресейге жасаған сапарының нәтижесі жайлы баяндамасы экс-премьер-министр Р. Хасимотоның «Кейдзай Доюкай» деген жапондық экономикалық пікірлестер қоғамының алдында сөйлеген «Еуразиялық дипломатия» атты жаңа дипломатиялық концепциясында да ескерілді. Онда Жапон үкіметінің басшылығы Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саясатын үш бағытқа бөлген. Біріншіден, өзара түсіністік пен сенімді тереңдету үшін саяси сұхбат жүргізу. Екіншіден, экономикалық әріптестік және аймақ гүлденуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалы қазбалар мен ресурстарды игерудегі серіктестік. Үшіншіден, ядролық қаруды таратпау, демократизация мен тұрақтылық негізінде аймақта бейбітшілікті сақтау. Сонымен қатар, Жапония тарапынан жасалған көмекті көліктік, коммуникациялық және энергетикалық тұрғыдан қамтамасыз ету мен аймақтағы энергетикалық ресурстарды игеру жүйесін құру мақсатында Орталық Азия аймағы елдерінің өзара ішкі аймақтық ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру маңызды факторы болуы тиіс делінген.

Жапонияның жаңа еуразиялық бағыттағы концепциясының жүзеге асырылуының практикалық контекстіндегі іс-шаралары ретінде 1997 жылы қыркүйекте Жапонияның экономиканы жоспарлау агенттігінің төрағасы Т. Асо мен «Кейдзай Доюкай» Президенті К. Минагучидің Алматы қаласына келуін атауға болады. Бұл концепция ұстанымдарының логикалық жалғасы ретінде Жапония премьер-министрі Дзюнитиро Коидзумидің 12 сәуір 2002 жылы Боаоск Форумында (ҚХР) сөйлеген сөзін атап кеткен жөн. Жапон көшбасшысы тұрақты энергетикалық көздерге мұқтаждығы өсіп келе жатқан Азия елдерін қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен энергетикалық мүмкіндіктерге бай Орталық Азия мемлекеттерімен қарым -қатынастарды кеңейту қажеттігіне тоқталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай және жаһандану проблемалары
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Елдің экономикасының даму стратегиясы
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Мектеп және білім беру
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz