Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Магистрлік зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу жұмысында ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің рөлі мен алатын орны қарастырылады.

Магистрлік зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шешендік өнер жас ұрпақтың өзін тануына, ұлтының болмыс-бітімін, дүниетанымын, ұлттық сана-сезімін тануға септігін тигізеді.

Магистрлік тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған магистрлік жұмыс рухани мәдениеттің қалыптасуында ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің күрделі және құнды мәселе ретінде біршама ғылыми пәндердің объектісі болып табылады.

Магистрлік зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету.

Магистрлік зерттеудің жаңалығы. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін философиялық тұрғыда қарастыру.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттері тізімінен тұрады. Магистрлік диссертацияның жалпы көлемі -

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ КӨРКЕМДІК

СИПАТЫ . . . 7

1. 1. Ауыз әдебиеті қалыптасуының тарихи үрдісі . . . 14

1. 2. Ауыз әдебиетіндегі сөз саптаудың ерекшелігі . . . 26

ІІ. БИТАНУДАҒЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ РОЛІ . . . 35

2. 1. Шешендік шындыққа жету құралы . . . 52

2. 2. Ел басқарудың танымдық-тәлмдік үлгілері . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81

КІРІСПЕ

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен, риясыз тазалығымен, зерделі мән-мазмұнымен, пайымдылығымен ежелден сабақтас болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени сабақтастық дәстүрін осы күнге дейін жалғастырып отыр. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде сақтайтын және оның өзгелермен қатар өмір сүру құқын беретінін дәлелдеп келеді. Ал рухани қуатымен тұтастығы жоқ халықтың ғұмыры келте болатыны белгілі.

Ұлттың даналығы мен даралығын, ұлылығы мен рухын саралап көрсетер жалғыз нәрсе ол халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті қазақтың сан ғасырлық қан кешулерімен қуанышты сүрлеулерінде өзінше өрнектеліп, тіршілік толқынымен толысып, қазақы ой-арманды бойына сіңіре қалыптасқан қазақы мәдениеттің қағидаларының жиынтығы.

Міне, сөз еткеніміздей ауыз әдебиетінде бұл қазақ халқының болмысы жатыр. Өзге салаға ұқсамайтын, өрнегі бөлек, берер мәйегі тұнық ауыз әдебиеті саласын саралап қарап, терең үңілсек дана халықтың ешбір еуропалық мәдениетті халықтардан қалыспағандығы, тіпті ой ұшқырлығы, тіл мәдениеті жағынан бәрінен де көш ілгері екендігіне көзіміз жетеді.

Біздің, яғни қазіргі ұрпақтың парызы сол ата-бабалардың ауызекі қалдырған рухани мәдениетін қазіргі дамыған, білімді, білікті зерттеушілік қоғамда жаңа жақтарын ашып, бояуын нәрлеп дамыту.

Осы орайда, біз халық ауыз әдебиетін тұтастай қарамай саралап, даралап қарауымыз абзал. Ендеше әдебиет саласында ықылымнан келе жатқан халық ауыз әдебиетін салаларға, яғни түрлерге тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, ертегілер, жаңылтпаш, жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер деп бөліп қарастырып келгені белгілі. Біз соның ішінде шешендік өнерді алып, сол шешендік өнердің ауз әдебиетіне негізделген қазақ мәдениетіндегі маңызын қарастырамыз. Жалпы, шешендік өнер ол өзінді құпиясымен қайталанбас ерекшелігі бар, тәрбиелік мәні өте жоғары, өмірдің мәнін, бар мен жоқты, жақсымен жаманды айыруда елегішті рольді атқарады.

Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында (2005 ж. ) «Мәдени мұра бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажеттігін қадап айтқаны белгілі. Дала мінезі - қазақтың мінезі. Көшпенді күй кешседе үлкен мәдениет тұрғызып, отырықшы күй кешседе далаға тән рухын, өзіндік болмысын сақтап отырды».

Қазіргі қоғам жағдайында халықтық мәдениеттің құнарлы көздерін жаңғыртып ұрпақ санасына сіңіру, оны қоғамдық қажеттіліктер қатарына қосу заман талабынан туындап отырған мәселе.

Ал, ауыз әдебиетіне негізделген қазақ мәдениетіндегі шешендік өнерді таңдауымыздың екінші бір себебі - қазіргі қазақ қоғамындағы шешімін таппас даулы мәселелердің біріне айналған қазақтың басты қасіреті тіл мәселесіне байланысты. Тілі ақсаған қазақ қоғамына аузы әдебиеті соның ішінде шешендік өнердің сырын ашып, пәлсапалық, психологиялық жақтарын саралап, ұғымды етіп зерттей жасай алсақ біздің қосқан үлесімиіз тамшыдай болса да көмегі зор болар.

Міне, сондықтанда мәйегі нәрлі, сөз қаймағы бьолып есептелінетін шешендік өнердің мәні мен мағынасын ашып, тәрбиелік мәні мен адам санасына әсер етіп психологиялық философиялық иірімдерін саралап, қазақ мәдениетіне қосар үлесімен орынын анықтау бүгінгі қоғамда ұрпақтарымыздың мәдени-рухани толысуына өзіндік пайдасы мол.

Осы орайда халық ауыз әдебиетінің ерекшелігі оның белгісі авторының болмауында. Осыған байланысты ауыз әдебиетіндегі ерекшеліктерді айқындап беру ионың өзіндік құндылығын көрсетеді. Ауыз әдебиетінің авторы қашанда халық. Халықтың немесе бір тайпаның дас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямсыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер оны ешкім білмейді. [1; 11]

Екінші бір ерекшелік - ауыз әдебиетінің варианттарының көп болуы. Мысалы: Қобыланды батыр жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері ұқсас келеді. Бәрінде айталытаны басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, ерліктері.

Жалпы адамзаттық құндылық ХХІ ғасырда ғана жер бетіндегі бүкіл адамзаттық тұтастық идеясына айналуда, оның дәлелі - Қазақстан Респубоикасы Парламентінің (27 маусым, 2000 жыл) Әлем парламентарийлеріне «ХХІ ғасыр Бейбітшілікпен Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс!» деген қаулысының негізгі тұжырымдамасында жаңа ғасыр белесінде болашақ ұрпақтарымыздың жаңаша өмір салтын рухани құндылықтар негізінде құруы қажеттігі атап көрсетілген.

Қоғам дамуының бегілі сатысында философиялық ой пікірлер пайдав болып, өалыптаса бастады. Әлемдегі ең ірі мемлекет ретінде Қазақстанда тәрбие мен білім беруде өз азаматтарының бойында ұлтаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизм, ұлттар достығы, әдет ғұрыптарды құрметтей мен аялау басқа да ұлттармен ұлыстардың және халықтардың дәстүрін сыйлау қазақ халқының рухани құндылықтарын қастерлеу тиіс.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болып танылғаннан кейінгі уақыттан бері қоғамдық талаптарға сай ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, жаңа қоғамның ұлттық ерекшеліктерінің негізгі компонентіне айналдлыру басты мақсатқа айналып отыр. Осы орайда қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісінің ғылыми жақтарын ашып, қарастыру, шешендік өнердің қыры мен сырын, философиялық мағынасын ғылыми тұрғыда талдау бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.

Зерттелудің мақсаты: Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету.

Зерттеу объектісі: Шешен-билердің шешендік сөздері мен аңыз-әңгімелері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ауыз әдебиетіндегішешендік өнердің қазақи үрдісін нақты ғылыми түрде ашып, көрсете білсек шешендік өнердің жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда, адал, парасатты, сөз қадірін ұғынатын, ұлтжандын болып тәрбиеленуіне, болашақта қазақ қоғамын әділеттікпен өркендетуге үлес қосатын адамзаттардың рухани-мәдени жетілуіне септігін тигізгеніне кәміл сенеміз.

Зерттеу жұмысының ғылыи жаңалығы: Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін пәлсапалық тұрғыда қарастыру.

Диссертацияның құрылымы:

Кіріспе, негізгі бөлім, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жалпы, осы жоғарыда атап өткен «Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісі» атты тақырыптың ғылыми, философиялық мәнін ашып, оны ғылыми тұрғыда жүйелей отырып, шешендік өнердің философиялық мағынасын ашып көрсеті білу біздің алдымыздағы негізгі мақсат болып табылады.

І АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады.

Шешендік арнауға біреуге арнап айтылған шешендік сын, бата-тілек, алғыс, естірту, көңіл айту сөздері.

Шешендік толғауға жалпы жұртқа арналған өсиет-насихат, өнеге мысал, мақал-нақыл сөздер жатады.

Ал шешенлік дау - жерге, жесірге талас, мал-мүлік дауы, өмір-ождан қорғау мәселелерін қамтиды.

Мазмұны халыққа таныс, құрылыс қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді жүйелі, үлгілі сөздер ғана шешендік сөздер бола алады. Шешендік - кез келген нақтылы бір нәрсе туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен ол туралы өзгелерді өз пікіріне ойыстыру деген сөз. Сол тіл өнерімен жасалған нәрсе немесе шешендік сөз деп аталады, - дейді М. В. Ломоносов.

Әрине, белгілі бір шешеннен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең алдымен халық шешендігі түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дән. Оның үстіне ондаған, халық арасына кең таралып «қанатты сөре айналып кеткен сөздер. Халық шешендігінің тілі ұста, көлемі - қысқа, мазмұны айқын келеді, даналық философиялық мақал-мысалдарға бай болады».

Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан табиғи құбылыстардан туады. Сан рет қайталаудан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады.

Алдында өткен даналардың ақиқатқа айналған ой-толғамдарын басшылыққа ала отырып, Цицирон ғалымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешенлік өнерді саусақтар сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды.

Шешендік өнер кісінің бойына оқу-білім арқылы емес, көктің құдіретімен даритынын көрсетеді. Ғұлама тастай түйілген жұдыоық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе ашық алақан арқылы шешенлдік өнерге және жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады.

Сөйте отырып ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделгенін көрсетеді. Мұның өзі - Цицирон сөз өнеріне тереңдігі мен бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз. Бұдан шешендік сөздің ерте дәуірден ақ өз жүйесінде өнер мен ғылымның белгілерін бірдей ұстанған күрделі, синкретті құбылыс ретінде танылғаны белгілі болады. Осы қасиетіне орай шешендік өнер тыңдаушы елдің ойымен сезімен бірдей баурап, бірдей билейді. Шешендік өнердің философия, логика, этика, эстетика, тарих, этнография, тіл, әдебиет, заң психология секілді ғылым салаларымен тығыз байланыста дамып отырғанын да көне дәуір әдебиетінен қазақ билер дәуірінің әдебиетіне дейін үзбей жалғасады. Көрсетілген байланыстың табиғаты басқа құбылыстар арасындағы байланыстар сипатынан мүлде бөлек, ол тұтастыққа ұласып кетіп отырады. Мұндай байланыстың немесе тұтастықтың әрбір құрамдас саласын біліп, игерудің өзі қыруар еңбек пен уақыттан талап етеді. Ал аталған ғылым салаларын, олардың өзара байланысу, үндесу жолдарын жете білудің үстіне солардың бәрінің табыса, тоғыса келе тұтас күрделі құбылысқа айналу сырына бойлау ілуде біреудің ғана қолынан келген. Ғалым мен батыр көп болғанда, шешеннің саусақпен санардай аз болуының басты себебі осында. Төле бидің: «Батыр деген - барақ ит: екі долы қатынның бірі табады. Би деген - бір бұлақ қатынның ілуде біреуі ғана табады» -[2; 14] деген қанатты сөзі де би мен шешеннің, шешеннің, шешендік өнердің болмыс бітімін, дара табиғатын терең танудан туған. Өнер мен ғылымның басқа түрлерінің қай-қайсысы да өз пәнінің аясынан аспайды, олардың әрқайсысы өзімен-өзі болғанда ғана қоғамдық ойдың дербес саласы ретінде сақталып қалмақ. Ал олай болмаған жағдайда олардың қай-қайсысы да мәнін, мәнімен бірге пәнін жоғалтып аларында сөз жоқ. Шешендік өнердің басқа ғылым түрлерінен және ғылым салаларынан айырмашылығы оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде ешқандай шекара болмайды. Шешендік өнер үшін асуға болмайтын жалғыз аяқ шекара бол. Ол ақыл-ой, ар-ождан, абырой шекарасы. Ақыл ойдан тоятын, ар ожданнан аттамайтын, абыройдан ажырамайтын межерден арғы жерде шешендік өнер де жоқ.

Көне дәуір шешендері шешендік өнер негіздері туралы алғашқы білімді тиісті оқу орындарынан алып, бұл орайдағы өз дағдылары мен шеберліктерін ұштауда өздеріне дейінгі өнерпаздардың еңбектеріне сүйеніп, сөз ұстар алдында жазбаша жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлген. Көркем сөздің көне заманғы майталмандырының тәжірибелері белгілі бір мәселе төңірегіндегі негізгі хабарларды, дерктерді тұтас игеріп, оларды ой сарабынан өткізу, сөйтңп тиісті тұжырымның бұлтартпас дәлдігінде жазбаша түрде еңбектену нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Оның үстіне жазбаша жұмыс жүргізіп жаттығу сөздің дәлдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оның ыпғақ жүйесі мен мағыналық құрылымына тән мөлшерлі тәртіп пен өлшемді өрнекті де күшейтіп, ажарлай түседі. Айтай ойын жазулы толғауға айналдырып, әр пікіріне атан түйеге жүк болардай ауыр салмақ дарытып, әр сөзінен көзді арбап, көңілді баурайтындай ажар танытып дағдыланған сөлер шешен сөйлер жерге келгенде, жазбаша да, ауызша да ағыл-тегіл көсіле беретін болса керек. Сонымен қатар шешендер арасында алдын-ала жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізбей-ақ тиісті мәселе бойынша бірден сөйлеп жету тәжірибесі де мол болған және бұл ретте де неше түрлі өткір сөздер, отты лебіздер айтылған. Алайда ежелгі дәуір шешендердің тәжірибесінде дәлелділігі, жүйелілігі жағынан бұл секілді жүрде айтылған сөздер алдын-ала жазбаша түрде дайындалған, екшелеген сөздер сияқты қуатты да, құнарлы бола алмаған.

Шешендік сөздің тарихы мен теориясында қазақ халқының қиыннан қиыстырып, суырып салып айту өнерінің маңызы мен мәні өте жоғары. Қазақ шешендері өз сөздерін көне дәуірдің сауатты шешендері секілді жазбаша дайындап, әр сіс туралы айтар ойын алдын-ала кесіп-пішіп, тіпті сөзін жатқа айтып жаттығып отырмаған. Өмірдің сан аулан құбылыстары, олардың тарихы болмысымен тарихи сипаты, мазмұны мен мәні, қай-қайсысы да көне дәуір шешендерінің қойын дәптеріндже жүретін болса, қазақ шешендерінің ойында сақталған. Қалыптасқан таным мен талғам талаптарына орай кез-келген құбылыс туралы тұжырымды, кесімді пікірді де олар табан асытинад айналасы теп-тегіс жұмыр пішінге, өлшемді, мөлшерлі түрге түсіре берген.

Қазақ шешендерінің сөз майталманы ретінде қалыптасуы, өнерін өсіріп, шеберліктерін шыңдауы арнаулы оқу орындарында, шешендік өнер мектебінде, ұстаз алдында емес, сахаралық тұрмыс салт жағдайында өткен. Сайын дала төсінен шыққан алуан шешендердің, билердің сөздері бүгінде қазақтың өзін де, өзімен өзектес басқа жұртты да таңдандырмай қоймайды. Өйткені, қазақ шешендлік өнері тапқыр сөз, шешен сөйлеу ғана емес. Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі де, мазмұнымен мағынасы да, сыртқұы ажар көркі де өте күрделі, көп салалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған. Өмір құбылыстарын көркемдік-эстетикалық жоғары деңгей де толғау, өмір құбылыстарының мәні мен тегін, олардың өзара өзектес сырларын толғау (философия, тарих), өмір құбылыстарының тәлімдік мазмұнын толғау, ғибратлану (халық педагогикасы), өмір құбылыстарына қоғамдық баға беру мен үкім айту (билік), т. б. - қазақ шешенлік өнерінде осылардың бәрі бар. Сондықтан да қазақ шешендік өнерін ғылым мен өнердің, қоғам мен өмірдің өзара тұтасқан, тоғысқан деңгейінде көрініс тапқан арнасы ретінде қарау дұрыс. Қазақ шешендік өнерінің мағыналық құрылымдық жүйесі, ықпал ету аясы қаншалықты кең, жан жақты болса, қазақ шешеннің өзін де жұрт сондай көп қырлы, терең сырлы, әмбебап өнерпаз болғанда ғана мойындаған.

Қазақ шешендік өнерінің қалыптасып, дамуына, өркен жаюына зор ықпал еткен бірнеше факторлар болды. Олардың бастылары мынадай:

1. Халықтық әдет заң жүйесі;

2. Халықтық сот билігі жүйесі;

3. Халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салты;

4. Халықтың ақындық, жыраулық өнері;

5. Халықтың айтыс өнері;

6. Халықтың тарихи тағдырымен дүниетанымы.

Халық ұғымында осы көрсетілген салаларда өмір құбылыстарының мәні-мағынасын терең біліп немесе олардың әрқайсының өмірдегі нақты көріністермен жете таныс бролып қана қоймай, өзін солардың бәрімен біртұтас сезініп, солардың бәрін өзінің күнделікті өмір-тіршілігінің басты өзегі мен өлшеміне айналдыра алған, сөйтіп, ел ықыласына өзінің әділдігімен, кеңдігімен, биіктігімен бөленген әрі өнерпаз, әрі ғұлама адам ғана шешен атағына ие болған. Мұндай биікке көтерілген шешеннің өзі билік секілді тұжырымды, бұлтарға жібермейтін дәлелді, ой мен сезімге бірдей өтімді болады, әңгіме болып отырған құбылысты уөзге көрсетіп, қолға ұстатқандай әрлі де, нәрлі, әсерлі қалыпта бейнелейді.

Сөз өнерінің көне замандағы білгірлерінің бірі Аристотельдің байқауы бойынша, шешендік сөздің болмыс бітімін белгілейтін үш белгі бар: тіл, стиль және құрылымдық жүйе деп атап көрсетеді. [3; 182]

Шешендік өнердің басты қуаты - тілде. Тілінің қуаты жоқ кісінің сөзінен шешендік өнерджің өрнегін іздеу ретсіз. Тілі күрмеленіп тұрған сөзден стиль немесе тасбұлақтың суындай сылдыраған келісім табуға талпыну ағаттық болады. Сондықтан сөз өнерінің бастапқы теоретигі Аристотель тілдік көркемдеу құралдарына, тілді ажарлау тәсілдеріне ерекше көңіл бөлген. Ұлы ойшылдың көркем сөз тіліне қоятын басты екі талабы бар: оның бірі - тілдің айқын-айқын, шынайы айту әркімнің қолынан келмесе де әркімге қойылатын талап. Аристотельдің айтып отырғаны жай, ауызекі сөйлеудегі айқындық емес, көркем тілдің айқындығы, поэтикалық тілдің айқындығы (екіншісі тілдің сәулеттілігі. Анық сөйлеу, айқын, шынайы айту әркімнің қолынан келмеседе, әркімге) . [3; 183]

Белгілі ұғымды күнделікті қолданып жүрген сөздің өзі білдіретіндей, тіпті одан да анық танытатын, бірақ танымға тосын, жаңа, суретті әсерлі түрде танытатын сөз ғана шешен өнерінің өрісін кеңейтіп, қадірін арттыра алады. Бұл ретте өмір құбылыстарының табиғи болмысына тән қасиеттерімен оны бейнелеп көрсетіп тұрған суретті сөздің арасында тиісті қарым-қатынас толық сақталуы тиіс. Суретті сөздің мәні мен сәні сол сөз арқылы беріліп отырған өмір құбылыстарының өз мәні мен өз ісінің айқындығы, бейнелілігі жағынан әлдеқайда асып түсіп жатуы шарт. Шешендік сөз ел алдында айтылатын болғандықтан, оны айтудағы үн, әуез бен ырғақтың да маңызы жоғары. Маңызды мәнді құбылыс туралы тереі ойды көпшілікке белгілі әуезбен, жайлы ырғақпен жеткізгенде ғана оны айтудағы тілдің алады. Шешеннің өзі оның көмейінен ұнді емес, әуез де емес құр айқай болып шықса, оның тілінің сұлу ажары мен анық-айқын табиғатында ешқандай да қажет қылмайды. Дауыс, дыбыс тұрпайылығы сөздің де, ойдың да қадірін қашырады. Абайдың “Құр айқай бақырған құлаққа өн бе екен?” деуінің сыры міне осында.

Шешендік өнер Үшін сөздің анықтығы мен айқындығы қандай қымбат болса, шешеннің сөйлеу стилі де айрықша маңызды. Әр шешеннің тек өзіне ғана ойлау және сөйлеу ерекшелігі барында сөз жоқ. Ол ерекшелік - сөз болып отырған терең, анық та айқын ашатын болса ғана қуанбай, тұнжырап сөй”леу және қайғылы құбылыс жайында алып-қашпа қуанышты ұнмен өрекпіп сөйлеу қаншалықты ретсіз, жөнсіз болса, жалпы сөз сазының, сөйлеу мәнерінің сөз болып отырған құбылыстың мазмұн-мәніне қарама-қайшы, жат болып келуі де соншалықты орынсыз, ойға қонымсыз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
Ұлттық театрды дамытудағы шешендік өнердің орны
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz