Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5 ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретіндегі зерттеуге арналған. Диссертациялық жұмыста заңдылық юридикалық категория ретінде, конституциялық заңдылық құқықтық мемлекеттің басты қағидасы, құқықтық мемлекеттің заңдылық қағидасымен арақатынасы, құқықтық мемлекеттің пайда болуы және оған ықпал етуші факторлар, құқықтық мемлекеттегі заңдылық және басқа да қағидаларының арабайланысы, Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру, елімізде заңдылықты нығайту және қамтамасыз ету жолдары қарастырылып, зерттелген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні заңдылық алдынғы орынға қойылуда, жаңа бастама алды оның ролі мені маңыздылығы күннен күнге өсуде. Қалыптасқан жағдайда заңдылық тақырыбы ерекше өткір және көкейкесті болуда.
Заңдылықты нығайту мәселесі қазақстандық мемлекеттілікті дамытудағы өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, олсыз Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өзінің құқықтық саясатын жүргізіп жатқан қазіргі таңда алдына асқақ мақсат қойып отыр. Ол мақсат – елімізде заңдылықты орнату және азаматтық қоғамды қалыптастырып жетілдіру сонымен қатар демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекетті қалыптастырып, дамыту болып табылады [1, 67 бб.].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, дербес ел болып еңсесін көтергелі бері әлемдік кеңістікпен қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеру стратегиясы мемлекеттік саяси бағдарламаның ең басты шарттарының біріне айналып отыр. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін [2] тек экономика, саясат, білім беру, мәдениет және т.б. шараларды іске асырып, дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды көздейді.
Заңдылық және құқықтық тәртіп проблемалары, әр уақытта ғалымдардың және іс жүзіндегі қызметкерлердің көңілін өзіне аударады себебі, жеке адамның құқығы және еркі қоғамның саяси режимінің оны шешуіне, тікелей байланысты. Құқықтық мемлекеттің дамуының алғышартын құру кезінде, бұл тақырыптың өте үлкен маңызы және қажеттігі бар. Заңдылық жеке адамның шын мәніндегі еркіндігін, оның құқығымен еркінің шындығын қамтамасыз етеді, биліктің бөліну принципіне ықпал етіп, өзінің құзыретімен өкілеттілігі көлемінде мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың жұмысына септігін тигізеді.
Құқықтық мемлекет қалыптасып, дамуы құқықтық негіздерді талап етеді. Яғни, заңдылық құқықтық мемлекеттің бастапқы алғышарты. Қазіргі кезде құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Құқықтық саясат тұжырымдама, т.с.с. түрлі құқықтық актілер ықпал етті. Әрине, құқықтық мемлекетті тек заң шығару арқылы дамыттыра алмаймыз. Ол үшін азаматтардың саналы түрде өздері заңдылықты орнатуға тікелей қатысуы қажет. Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы жетілген сайын, соғұрлым олар заңдылық пен құқықтық тәртіп орнатып, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыттыруға өз үлестерін қосып белсенді қатысады. Қоғамдағы әлеуметтік-құқықтық және экономикалық, саяси аялар жұмыс жасап, дамуда заңдылықты қажет етеді. Заңдылық нық орнап, күшейген сайын соғұрлым қоғамдағы түрлі салалар гүлденіп, жандана бастайды. Халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы көтеріліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық іске асып, экономика құлдырамай, дамып отырса, қоғамға қажетті сапалы заңдар өмірге келсе онда құқықтық мемлекет қалыптасып дами түседі.

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007. - 69 б.
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы // Казахстанская правда. - 2006. – 1 наурыз. - 1-4 б.
3 Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999. - 320 б. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999. - 320 б.
4 Большая советская энциклопедия. Изд. 3-е. Т. 9. 1972. - С. 945.
5 Строгович М.С. Основные вопросы советской социалистической законности. М., 1986. - С. 190.
6 Абузярова Н.А. Механизм обеспечения законности (факторы и их использование) Алматы: Жеті жарғы, - 2001. - С. 192.
7 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - Алматы. Жеті жарғы. 1998. - 320 б.
8 Мами К.А. Конституционная законность и судебная власть в Республике казахстан: основные тенденции и приоритеты. Дис. докт. юрид. наук. Алматы, 2003. - С. 289.
9 Хропанюк В.Н. Теория государства и права (2-е издание, дополнение, исправление): Учебное пособие для высших учебных заведений/Под ред. Профессора В.Г. Стрекозова. – М.: ИКФ Омега-Л; Интерстиль, 2003.- 382 с.
10 Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері. – Алматы: «Білім», 2004. – 234 б.
11 Каирбеков Б.З. Конституционно-правовая основа режима законности В Республике Казахстан. Дисс. канд. юрид. наук. Алматы, 2008. - С. 145.
12 Байтин М.И. Сущность права. (Современное нормативное правопонимание на грани двух веков). М., 2005. – С. 544.
13 Баймаханов М.Т. Национальная государственность и воплощение в ней принципов правового государства // Становление суверенитета Республики Казахстан. – Алматы, 1994. - С. 167.
14 Теория государства и права: Учебник / Под редакцией А.У. Бейсеновой. – Алматы: Атамұра, 2006. – С. 392 .
15 Лисюткин А.Б. Принципы законности и их реализация в условиях формирования правового государства. Автореф. Канд. юрид. наук. Саратов. 1992. С. - 24.
16 Спанов А.Қ., Шапак У. Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзара байланысы. Заңгер // Қазақстан Республикасының құқық жаршысы. № 8 (97) август 2009. 97-100 бб.

ӘОЖ 34.01
Қолжазба құқығында
МАЙЛАНОВ ТҰРЛАН БУКЕНБАЕВИЧ
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
6N0301 - Заңтану мамандығы
Магистрлік диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Магистрлік диссертация АҚ Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекшісі: Заң
ғылымдарының кандидаты,
доцент У. Шапақ
Ресми оппоненті: Заң
ғылымдарының кандидаты,
доцент Ш.А. Андабеков
Магистрлік диссертация 2011 жылы 22 маусым сағат 11.00 АҚ Қазақ
Гуманитарлық Заң Университеті мемлекеттік аттестациялық комиссия
отырысында қорғалады.
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8. ____
аудитория.
Магистрлік диссертациямен және авторефератпен АҚ Қазақ Гуманитарлық
Заң Университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 010000,
Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Автореферат _________________2011 жылы таратылды.
Хатшы
Беркимбаева С.Ш
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Заңдылық құқықтық
мемлекеттің қағидасы ретіндегі зерттеуге арналған. Диссертациялық жұмыста
заңдылық юридикалық категория ретінде, конституциялық заңдылық құқықтық
мемлекеттің басты қағидасы, құқықтық мемлекеттің заңдылық қағидасымен
арақатынасы, құқықтық мемлекеттің пайда болуы және оған ықпал етуші
факторлар, құқықтық мемлекеттегі заңдылық және басқа да қағидаларының
арабайланысы, Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру, елімізде
заңдылықты нығайту және қамтамасыз ету жолдары қарастырылып, зерттелген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні заңдылық алдынғы орынға
қойылуда, жаңа бастама алды оның ролі мені маңыздылығы күннен күнге өсуде.
Қалыптасқан жағдайда заңдылық тақырыбы ерекше өткір және көкейкесті болуда.
Заңдылықты нығайту мәселесі қазақстандық мемлекеттілікті дамытудағы
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, олсыз Қазақстанда құқықтық
мемлекетті қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз дербес мемлекет болып өз алдына отау
тігіп, өзінің құқықтық саясатын жүргізіп жатқан қазіргі таңда алдына асқақ
мақсат қойып отыр. Ол мақсат – елімізде заңдылықты орнату және азаматтық
қоғамды қалыптастырып жетілдіру сонымен қатар демократиялық, зайырлы,
әлеуметтік, құқықтық мемлекетті қалыптастырып, дамыту болып табылады [1, 67
бб.].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, дербес ел болып еңсесін
көтергелі бері әлемдік кеңістікпен қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеру
стратегиясы мемлекеттік саяси бағдарламаның ең басты шарттарының біріне
айналып отыр. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру үшін [2] тек экономика, саясат, білім беру, мәдениет және
т.б. шараларды іске асырып, дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
құруды көздейді.
Заңдылық және құқықтық тәртіп проблемалары, әр уақытта ғалымдардың
және іс жүзіндегі қызметкерлердің көңілін өзіне аударады себебі, жеке
адамның құқығы және еркі қоғамның саяси режимінің оны шешуіне, тікелей
байланысты. Құқықтық мемлекеттің дамуының алғышартын құру кезінде, бұл
тақырыптың өте үлкен маңызы және қажеттігі бар. Заңдылық жеке адамның шын
мәніндегі еркіндігін, оның құқығымен еркінің шындығын қамтамасыз етеді,
биліктің бөліну принципіне ықпал етіп, өзінің құзыретімен өкілеттілігі
көлемінде мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың жұмысына
септігін тигізеді.
Құқықтық мемлекет қалыптасып, дамуы құқықтық негіздерді талап етеді.
Яғни, заңдылық құқықтық мемлекеттің бастапқы алғышарты. Қазіргі кезде
құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуына Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Құқықтық саясат тұжырымдама, т.с.с. түрлі құқықтық актілер
ықпал етті. Әрине, құқықтық мемлекетті тек заң шығару арқылы дамыттыра
алмаймыз. Ол үшін азаматтардың саналы түрде өздері заңдылықты орнатуға
тікелей қатысуы қажет. Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы
жетілген сайын, соғұрлым олар заңдылық пен құқықтық тәртіп орнатып,
құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыттыруға өз үлестерін қосып
белсенді қатысады. Қоғамдағы әлеуметтік-құқықтық және экономикалық, саяси
аялар жұмыс жасап, дамуда заңдылықты қажет етеді. Заңдылық нық орнап,
күшейген сайын соғұрлым қоғамдағы түрлі салалар гүлденіп, жандана бастайды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы көтеріліп, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары толық іске асып, экономика құлдырамай, дамып отырса, қоғамға
қажетті сапалы заңдар өмірге келсе онда құқықтық мемлекет қалыптасып дами
түседі.
Осыған байланысты жоғарыда атап кеткен мәселелерді арнайы ғылыми
зерттеу және Қазақстанда құқықтық мемлекет пен заңдылықты жетілдірудің,
дамыттырудың нақты тетіктерінің тиімділігін арттыра түсу қажеттілігі өзекті
болып отыр.
Құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты категорияларды зерттеу
жұмыстарының көптігіне қарамастан, қазіргі қазақстандық заң ғылымында
заңдылықты құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде зерттеуге арналған арнайы
жұмыстары жоқтың қасы.
Егеменді, Тәуелсіз ел болғалы Қазақстан қоғамының өзгеруі мен жаңаша
даму кезеңінде, зерттеліп отырған тақырыпты қазіргі ғылым мен құқық
тәжірибесінің жетістіктерін есепке ала отырып, заңдылық, демократия,
құқықтық мемлекет, құқықтық саясат, құқықтық реформа сияқты құқықтық
құбылыстармен байланыстыра отырып кешенді түрде жан жақты қарастыру
қажеттілігі пісіп жетілгені айдан анық болып отыр.
Демократиялық, құқықтық мемлекет құруға бет бұрып отырған еліміздің
заңдарының халықаралық құқықтық нормаларға сай болуы заңды құбылыс.
Құқықтық, демократиялық және азаматтық қоғам құруды мақсат еткен
мемлекетіміз өткенімізді күнмен сабақтастыра отырып, заңнамаларын
біріктіргенде ғана жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар қарқынды болары
сөзсіз.
Сондықтан әлі күнге дейін елімізде құқықтық мемлекет қалыптастыру мен
заңдылықты, орнатудың, жетілдірудің құқықтық астарларының арнайы зерттеле
қоймауы және осынау маңызды мәселелерінің қоғамдық-саяси өміріміздің күн
тәртібінде өткір тұр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құқықтық мемлекет пен заңдылық туралы
айтылған идеялардың бастаулары да ежелгі дәуірлерге барып тіреледі.
Құқықтық мемлект пен заңдылық ежелгі грек ойшылдары Платонның және
Аристотельдің, сонымен қатар рим заңгерлерінің еңбектерінде сөз болған.
Кейіннен, Т. Гоббстың, Б. Спинозаның, Дж. Локктың, Ш.Л. Монтескьенің, Ж.Ж.
Руссоның, Г. Гегельдің, И. Канттың, Р. Мольдің, Ю. Штальдің, В. Велькердің,
К. Маркстің еңбектерінде әртүрлі идеялар көрініс тапты.
Революциялық кезеңге дейінгі ресейдегі И.Г. Чичериннің, П.И.
Новгородцевтың, С.А. Котляровскийдің, М.М. Ковалевскийдің, Б.А.
Киятяковскийдің, Н.М. Коркуновтың, Л.И. Петражицкийдің, Г.Ф. Шершеневичтің,
В.М. Гессеннің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде құқықтық мемлекеттің
идеялары мен проблемалары зерттелді.
Ұзаққа созылған кеңестік кезеңде біздің мемлекетіміздің тарихында
құқықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелеріне тиісінше көңіл бөлінген жоқ
болатын. Бұл қоғамдық және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктеріне, белгілі
объективтік себептер мен жағдайларға байланысты болды.
Еліміз егеменді мемлекет болғаннан кейін отандық ғылымдардың Қазақстан
жағдайында құқықтық мемлекет қалыптасуы мен заңдылықтың нығаю мәселелеріне
қызышулығы артты. Бұл С.З. Зимановтың, М.Т. Баймахановтың, С.С. Сартаевтың,
Г.С. Сапарғалиевтың, А.К. Котовтың, Т.А. Ағдарбековтың, Е.К. Көбеевтің,
С.Н. Сәбікеновтың, С. Өзбекұлының, Ө. Қопабаевтың, М.С. Нәрікбаевтың, Ж.Д.
Бұсырмановтың, С.Ф. Ударцевтың, З.Ж. Кенжалиевтың А.С. Ибраеваның, З.К.
Аюпованың, Н.А. Шайкеновтың, Л.Т. Назаркулованың, С.Ю. Савченконың, Ш.В.
Тлепинаның, Б.З. Каирбековтың, А. Сманованың, Ш.А. Андабековтың, А.С.
Сартаевтың және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін заңдылық пен
құқықтық мемлекет құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы
ретіндегі орны, заңдылықты орнату мен нығайту және құқықтық мемлекетті
қалыптастырып, дамыттыру жолдары құрайды. Қазіргі таңда Қазақстан құқықтық
мемлекетті қалыптастыру жолындағы заңдылықты нығайтудың құқықтық тетіктері
зерделеуге жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында заңдылық
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы құқықтық тетіктерін қарастыру.
Заңдылық пен құқықтық мемлекеттің орны, ролін қарастыру. Сондай-ақ қазіргі
кездегі Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолындағы заңдылықты нығайту
және жетілдіру жолдарының кешенді теориялық зерттелінуінен тұрады.
Алға қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- заңдылық мәселелерін теориялық жағынан қарастыру;
- заңдылық түсінігіне деген әртүрлі көзқарастарды қарастыру және
біздің көзқарасымызды көрсету;
- заңдылықтың белгілерін, қағидаларын, мазмұнын қарастыру;
- құқықтық мемлекеттегі заңдылықты нығайтуға қажетті объективті және
субъективті факторларға талдау жасау;
- кейбір дискуссиялық сұрақтарда өз позициямды белгілеу;
- заңдылықтың құқықтық мемлекетті жетілдіруге арналған тетіктерін
тетіктерін зерттеу;
- заңдылық пен құқықтық мемлекеттің бір біріне ықпалдарын анықтау;
- жүргізілген зерттеуге сәйкес қазіргі Қазақстандағы заңдылық пен
құқықтық мемлекетті жетілдіру жолдарының ұсынысын және тәжірибелік
ұсынымын негіздеу.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік
және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды.
Заңдылық пен құқықтық мемлекетті қарастырылуда диалектикалық әдіс басым
қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік
әдістер қолданылды. Заңдылық пен құқықтық мемлекеттің пайда болу жолдары
тарихи тұрғыдан, заңдылық пен құқықтық мемлекеттің дамуын жүйелік тұрғыдан
талданды. Индуктивті және дедуктивті әдістері құқықтық мемлекеттің құрылу
себептерін, алғы шарттарын, әлеуметтік жағдайын, саяси-құқықтық кеңістікте
жариялануында қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесің басты және жүйе
құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды.
Қазақстанның саяси-құқықтық кеңістігіндегі құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
мен дамуы және қоғамды реттеген заңдылық жүйелі талданды.
Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз
кезегінде орайлы орын берілді. Кеңестік кездегі және қазіргі кездегі
мемлекетте заңдылықтың орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және
мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік, еңбектер,
баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар пайдаланылды.
Зерттеудің нормативтік және эмпирикалық негізі. Диссертациялық жұмысты
жазу үрдісінде ізденуші Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және
атқарушы билік тармақтарының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық
шарттар, сот тәжірибесін қолданып қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі
тұжырымдамалар мен бағдарламалар да талданды. Сонымен қатар статистикалық
материалдар пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыс
заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретіндегі қазіргі Қазақстандағы
кешенді алғашқы зерттеулердің бірі болып табылады.
Ғылыми жаңалығы мынада:
- бүгінгі заман талабына сәйкес заңдылық пен ақұқықтық мемлекет
ұғымдарына талдау жүргізілді;
- заңдылық қоғамдық қатынастарды реттейтін бірден-бір ерекше механизм
ретінде айқындалады;
- заңдылық құқықтық мемлекеттің дамуының айқындаушы факторы ретінде
анықталады;
- құқықтық мемлекет теориясының аз зерттелген құқықтық акпектілері
зерттелінді;
- қазіргі кездегі Қазақстанда заңдылық пен құқықтық мемлекетті дамыту
мен жетілдіруге бағытталған заңнамаға ұсыныстар жасалынды;
- құқықтық мемлекет дамуының құқықтық негіздері қарастылды;
- азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жетілдіру
арқылы заңдылықты нығайтудағы маңыздылығы анықталынды;
- Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастырып,
жетілдірудегі жаңа заңнаманы пайдалану және қазіргі кездегі
шетел мемлекеттердегі заң тәжірибесін қолдану арқылы заңдылықты
нығайту және жетілдіру мәселесі алғаш рет қарастылып отыр;
- құқықтық тәртіптің қазіргі кездегі қоғамдағы орны мен ролі
талданды;
- құқықтық мемлекетті, заңдылықты орнатуда қоян-қолтық азаматтық
қоғамның серіктесі ретінде қабылдау;
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының
нәтижелері мен ұсыныстарын мемлекет және құқық теориясы, құқықтық тәртіп,
қоғамдық қатынастарды қорғау мен құқықтық реттеу бағыттары және міндеттерін
анықтауда, құқықтық мемлекетті жетілдірудегі ғылыми зерттемелерді енгізу.
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің теориялық маңызы – заңдылық құқықтық
мемлекетті дамыттырудың жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар зерттеу нәтижесінде қол жеткізілген теориялық түйіндер
мен ұсынымдарды заң шығару үрдісінде құқықтық реформаны жүзеге асыруда
басшылыққа алуға болады.
Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарындағы заңтану мамандығындағы,
саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы, мемлекет
және құқық теориясы мәселелері, салыстырмалы құқықтану пәндері бойынша
дәріс жүргізу кезінде кеңінен қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Заңдылықтың жаңа анықтамасы ұсынылады. Заңдылық – құқықтық
ақиқаттылықтың мәні құқықтың тәжірибеде жүзеге асуы асуы көлемінде
қарастырады. Ол мемлекетпен, заңнамамен және әділ сот төрелігімен бірге
пайда болады. Яғни, құқық заңдылықсыз іске аспайды. Бүгінгі күні заң
ғылымында құқықтық заңдылық деген термин пайда болды. Оның көзқарасынша,
осы категория теория және заң ғылыми үшін де маңызды, бірақ құқықтық
тәжірибеде тікелей қолданыла алмайды, өйткені заңдылықты нақты түсінуге
қолайлы емес.
2. Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңдылық пен құқықтық мемлекет
ұғымдарын кеңінен талдап, оған ықпал жасайтын тетіктердің мән-мағынасын аша
отырып, құқық қорғау органдарын реформалау, құқық жүйесі мен сот жүйесін
одан әрі жетілдіруге қатысты мәселелерді зерделеп, олардың бүгінгі таңдағы
тәжірибеде қолданысын арттыру.
3. Кәдімгі санада құқықтық ретінде құқыққа негізделген, онымен
шектелетін және ол арқылы іске асырылатын мемлекетті, билікті қабылдаймыз.
Бірақ мұндай көрінім, мәні бойынша дұрыс болса да, құқықтық мемлекет
феноменін жете түсінуге жеткіліксіз.
Заңдылықты мемлекетке деген құқықтық мемлекет туралы туралы көрінім
мәліметі кәдімгі санада кең таралған. Бірақ бұл түсініктер өте тығыз
арабайланыста болғанына қарамастан оларды сәйкестендіруге болмайды.
Заңдылық болған немесе әлі бар бірнеше мемлекеттерге сүйенуге болады, бірақ
оларда оған қарамастан құқықтық болған емес және қазір де болуы мүмкін
емес. Кеңестік социалистік мемлекетте заңдылық болды, бірақ ол ешқашан
құқықтық болған емес.
4. Заңдылық, құқықтық мемлекеттің жаңа, өте жоғары деңгейі – құқықтық
мемлекеттің ерекше қағидаларының бірі. Кез келген құқықтық мемлекет –
заңдылық мемлекеті, бірақ кез келген заңдылықты мемлекет, құқықтық емес.
Құқықтық мемлекет – ол жай заңдылықты мемлекет немесе оның жақсартылған
нұсқасы қана емес, ал тарихи даму процесінде қалыптасқан ерекше, өте
жетілген қазіргі кездегі демократиялық өркениетті мемлекеттің үлгісі.
5. Заңдылықты түсінудегі маңызды өзгерістердің бірі болып,
конституцияда құқықтық мемлекет идеясының бекітілуі және Қазақстанда оны
қабылдаумен ерекшелінеді. Заңдылық тек заңдардың ғана орындалуы емес,
сонымен қатар мемлекет қызметінің заңға сәйкестігі, мемлекеттік органдардың
барлығы үшін заңдардың міндеттілігі.
6. Заңдылық және құқықтық мемлекет бір біріне сәйкес келетін категория
бірақ, оларда әртүрлі назар (акцент). Заңдылық барлық құқықтық аялардың
барлық субъектілері заңнаманы қалтқысыз сақтауын талап етеді, ал құқықтық
мемлекет жария биліктің қызметін атқаратын мемлекеттік құрылымдарға осындай
талаптарды қояды. Сол себепті құқықтық мемлекет режимін жүзеге асыру,
биліктің, басқарудың мемлекеттік органдары, сот пен прокуратура және
олардың лауазымды тұлғаларының, яғни биліктік құрылымдар қызметінде
заңдардың салтанат етуі деп түсінуге болады. Ақырында, заңдылық пен
құқықтық мемлекет заңды өзіндік, объективті күшке алып келеді. Оның өмірлік
қызметі оған тәуелді емес.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс Қазақ
гуманитарлық заң университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
кафедрасында дайындалды. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен түйіндері
халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияларда және ғылыми еңбектерде
көрініс тапты: Қазақстандық даму жолы: Тәуелсіздікке 20 жыл Жас ғалымдар
(PhD докторанттар, магистранттар және ізденушілер) Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы (Астана. 16 наурыз 2011); Наука и ее роль в
современном мире атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
(Қарағанды 2010).
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәні. Зерттеудің ғылыми тәжірибелік
мәні мемлекет және құқық теориясының жаңа парағын ашады. Зерттеу
барысындағы түйіндер, байламдар, тұжырымдарды жоғары оқу орындарының заң
факультеттерінде құқықтану бакалавры мамандығын дайындағанда мемлекет және
құқық теориясы курсын оқытуда арнайы курс оқытуда қосымша материал материал
ретінде пайдалануға болады.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі – магистрант қойылған ғылыми зерттеу
мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына
сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық зерттеу тақырыбының таңдап алынуы, зерттеу аясына
қатысты қазақстандық заң ғылымында түрде заңдылық құқықтық мемлекеттің
қағидасы бұрын кешенді зерттеу жүргізілмеуімен және қарастырылып отырған
мәселенің осы тұрғыдағы ғылыми ізденістер жүргізудегі өзектілігімен
түсіндіріледі.
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттеу деңгейі, мақсаты
мен міндеттері, жалпы объектісі мен пәні, жұмыстың жаңалығы, теориялық және
тәжірибелік маңызы, мемлекеттік ғылыми бағдарламалармен қатыстылығы,
қорғауға шығарылатын басты тұжырымдар, жұмыстың сыннан өтуі, құрылымы
көрсетілген.
Диссертацияның бірінші бөлімі Заңдылықтың қағида ретінде
ерекшеліктері атты бірінші бөлім екі бөлімшеден тұрады. Бірінші бөлімше
Заңдылық юридикалық категория ретінде атауымен берілген. Бұл бөлімшеде
заңдылықтың түсінігі, белгілері, қағидалары, мазмұны сипатталып, талданған
және де әртүрлі кезеңдегі заңдылық категориясына деген ғалымдардың
көзқарастары қарастырылып қорытыланған. Сонымен қатар қазіргі кезде
заңдылықты орнату мен нығайтудың мәселелері де көрсетілген.
Заңдылық құқықтық категориялардың ең өзекті, әрі қызықты және күннен
күнге дамып, жетіліп келе жатқан құқықтық құбылыстардың бірі болып
табылады. Заңдылық тарихта мемлекетпен, құқықпен бірге пайда болған деуге
болады. Себебі заңдылықсыз мемлекеттің, құқықтың өмірге келуі бір сәрі
десек қателеспейміз.
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып,
өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның
келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да
қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың
әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте
күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі
бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және
құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда -
қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі [3, 193 б.] дейді.
Ғылыми әдебиеттерде заңдылық – заңдардың және соларға сәйкес басқа
да актілерді мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар және
қоғамдық ұйымдардың мүлтіксіз орындауы [4, 306 б.] деп түсініледі. Осы
анықтаманы кеңестік кездегі ғалым М.С. Строгович [5, 11 б.] және басқа да
авторлар ұстанады. Сонымен қатар басқа да пікірлер бар.
Осы анықтамалардың барлығын айта келе Қазақстандық заңгер ғалым Н.А.
Абузярованың жазған пікірімен келісеміз. Оның пікірінше заңдылық дегеніміз
– бұл мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар және қоғамдық
ұйымдармен заңдардың және соған сәйкес басқа да құқықтық актілердің
мүлтіксіз орындалуы, қатаң сақталынуы; қоғамдық қатынастар қатысушылары
қызметінің құқықтың алғышарттарына сәйкес келуі немесе органдар және
лауазымды тұлғалар жағынан азаматтарға озбырлық жасатпау [6, 10-11 бб.]
деп түсінеді.
Конституциялық заңдылық құқықтық мемлекеттің басты қағидасы деген
атауға ие екінші бөлімшеде конституциялық заңдылықтың түсінігі, ерекшелігі
және оның тәжірибеде орындалу жолдары кеңінен қарастырылған.
Конституциялық заңдылық іліміне айтарлықтай мән беріліп жүрген жоқ.
Конституциялық заңдылық – ол барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды
адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің Қазақстан аумағында
конституциялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сақтап, біркелкі қолдану.
Конституциялық заңдылық идеясы Конституцияның барлық тарауларының арқауы
деуге болады, ал мемлекеттік органдардың ұйымдастыру тәсілдері,
өкілеттіктері, қоғамдық бірлестіктерінің қызметін ұйымдастыру туралы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы айтылатын жерлерде ол
мейлінше айқын көрінеді. Айталық, Парламент өз өкілеттігі шеңберінде қызмет
жүргізуі тиіс. Бұл Үкіметке де қатысты. Мұндай принцип тек Конституция
нормаларын сақтау талабынан ғана көрініп қоймайды. Конституция
конституциялық заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен
органдарды да қарастырады. Мысалы, Президент өзінің тыйым салу құқығын
пайдаланып, Конституцияға қайшы келетін заңды Парламентке кері қайтара
алады. Парламент қабылдайтын Заңдардың Қазақстан Конституциясына
сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңес қарайды. Бұл
арада проблема бар сияқты. Не Конституцияда, не Президенттің Конституциялық
Кеңес туралы конституциялық заң күші бар Жарлығында Конституциялық Кеңес
Парламент қабылдайтын барлық заңдарды қарауы тиіс пе деген сұраққа жауап
берілмеген. Егер Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында
ежіктей талдасақ, Парламент қабылдайтын барлық заңдар алдын ала
Конституциялық Кеңесте қаралуы тиіс. Алайда, бұл проблемаға шынайы қөзқарас
тұрғысынан келген жөн. Біріншіден, 72-баптың 2)-тармағының 2-тармақшасын
сөзбе-сөз қабылдасақ, онда конституциялық норманың бұзылғанын байқаймыз.
Конституциялық Кеңестің қарауынан өткізбей-ақ Парламент бірнеше заң
қабылдады, оған Президент қол қойды. Екіншіден, құрамында жеті мүшесі бар
Конституциялық Кеңес заңның қай-қайсысының болсын Конституцияға сәйкестігін
қарай алмайды. Үшіншіден, Сенат қабылдаған жоба заңға айналады және он
күннен кешіктірілмей Президенттің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Президент
Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес күннің ішінде қол қояды. Демек,
Президенттің заңды қарауына, шын мәнінде, он бес-ақ күн берілген. Заңның
конституциялығы туралы мәселені қарау үшін Конституциялық Кеңеске бір айға
дейінгі мерзім белгіленеді. Айтылғандардан, Парламент қабылдайтын барлық
заңдарды Президент қол қойғанға дейін қарауға Конституциялық Кеңестің күші
жетпейді. Демек, Президент қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің
заңдардың Конституцияға сәйкестігін дау туған жағдайда ғана қарайтындығын
пысықтаған дұрыс.
Бұл арада тағы бір мәселе туындайды. Егер Парламент Президенттің тыйым
салуына төтеп берсе, Президент жеті күннің ішінде заңға қол қоюы тиіс. Ал
егер Парламент Конституцияға қайшы заң қабылдаған болып шықса Президент не
істей алады? Президенттің Конституциялық заң күші бар Президент туралы
жарлығында оның өкілеттігінің толық тізімі берілген. Онда заңның
Конституцияға сәйкессіздігі туралы мәселе жөнінде Конституциялық Кеңеске
жүгінуге Президенттің құқы жоқ. Президент Конституцияға сәйкес келмейтін
заңға қол қоюы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын жәйт. Президент туралы Жарлыққа,
егер Президент Парламент екінші рет қабылдаған заңда Конституцияға сәйкес
келмейтін қағидалар бар деп есептесе, оның Конституциялық Кеңеске жүгіну
құқы туралы толықтыру енгізу керек.
Одан әрі, Конституциялық Кеңес Конституцияны қорғайды, бекітілгенше
халықаралық келісім-шарттарды, сондай-ақ соттардың нормативтік актілердің
Конституцияға қайшылығы жөніндегі жүгінулерін қарайды. Соңғы жағдайда
әңгіме азамттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауы
туралы болып отыр [7, 27-29 бб.].
Конституциялық заңдылық мазмұны өзіне кем дегенде төрт аспектіні
кіргізеді: бірінші, мемлекетпен қабылданатын заңдардың және басқа да
нормативтік актілердің Конституцияға және мемлекеттермен бекіткен
халықаралық шарттарға сәйкес келуі; екіншіден, мемлекеттік органдар
қызметінде және шешімдерінде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарының сақталуы; үшіншіден, қоғамдық бірлестіктердің және
ұйымдардың конституциялық әрекеттілігі; төртіншіден, конституциялық нормаға
сәйкес жеке тұлғалар (азаматтар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқтар)
өздерінің жеке құқықтары менміндеттерін жүзеге асыруға тиісті.
Конституциялық заңдылық режимін іске асыруға мемлекеттік органдардың
барлығы қатысады деуге болады, яғни, оған мемлекет басшысы, парламент,
соттар, прокуратура, конституциялық қадағалау органдары [8, 116 б.].
Егер заң шығарушы заң шығарушылық процесінде заң жобаларын
Конституцияның идеяларымен, принциптерімен, нормаларымен тұрақты түрде
салыстырып тексеріп отырса және оны қатаң сақтаса, онда Конституцияның
қолданылатындығы, конституциялық заңдылықтың салтанат құратындығы туралы
айтуға болады.
Құқықтық мемлекеттің заңдылық қағидасымен арақатынасы деп аталатын
диссертацияның 2-ші тарауы екі тараушадан тұрады. Құқықтық мемлекет: пайда
болуы және оған ықпал етуші факторлар 2.1. бөлімшесінде құқықтық
мемлекеттің идеясы, тарихы және қалыптасу жолдары зерттелген.
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын [9, 72 б.].
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес
қосқан: Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро,
П.Гольбах, Т.Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық
мемлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын
талдап көрсетеміз.
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында да кең
көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н. Писаревтың, А.И. Герценнің, Н.Г.
Чернышевскийдің, А.Н. Радищевтың, П.П. Пестельдің, М.Н. Муравьевтың және
басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің
заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекет туралы орыс тұжырымдамасының бекігендігін Октябрь
революциясына дейінгі кезеңдегі көрнекті заңгерлердің және философтардың
еңбектерінен толық көреміз: Н.М. Коркунов, С.Н. Котляревский, П.Н.
Новгородцев, С.А. Муровцев, П.М. Гессен, Г.Ф. Шершеневич, Б.Н. Чичерин,
Н.А. Бердяев және басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық зерттеулері,
негізінен – саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне арналған.
Баспасөз беттерінде осы күнге дейін қалам тартылмай келген мәселенің
бірі – Ахмет Байтұрсыновтов құқықтық демократиялық мемлекет хақында
айтылған пікірлері. Құқықтық мемлекетті құру бүгінгі тәуелсіздік алған
қазақ елін дағдарыстан шығарудың ең маңызды мәселелерінің бірі екені
даусыз. Міне, сондықтан Ахмет Байтұрсыновтың құқықтық мемлекетінің негізгі
принциптеріне сай келетін идеялары ерекше көзге түседі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz