Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу



1 Казақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері
2 Қазіргі таңда тіл мен мәдениет
Казақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері А.Байтұрсынүлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов, Ә-Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымның тұтас тарихы, терминдік жүйе мен термин жасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса, терминологаялық лексиханы зерттеп, оның теориялық мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің ("Қазақтіліндегі өсімдік атаулары"Д988), Ш.Құрманбайұлының ("Қазақтілі лексикасының терминденуі", 1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты А,Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың, А.Қоңырованың Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ, тіл білімінің метатілі мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған Е.К,Әбдірәсіловтің, терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен С.Ақаевтың зерттеулері терминологая саласын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Казақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері
А.Байтұрсынүлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы,
С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов, Ә-
Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы,
Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап
айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымның тұтас тарихы, терминдік жүйе мен
термин жасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми
еңбектерінде жасалса, терминологаялық лексиханы зерттеп, оның теориялық
мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің ("Қазақтіліндегі өсімдік
атаулары"Д988), Ш.Құрманбайұлының ("Қазақтілі лексикасының терминденуі",
1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты
А,Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың,
А.Қоңырованың Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ, тіл білімінің
метатілі мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған
Е.К,Әбдірәсіловтің, терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен
С.Ақаевтың зерттеулері терминологая саласын зерттеудің жаңа деңгейін
көрсетеді.
Зерттеу жұмысының өзектілі. Зерттеудің өзекгілігі ғалымдардың ғылым
метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты.
Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік
табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу
қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз
байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді
халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау
мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика,
психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану,
лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл
ғылымдардың тьныз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық
жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі
таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес - әлеуметтік, қоғамдық,
коммуникативтік қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі
терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты.
Осы орайда қазіргі кездегі тіл білімі метатілінің бір құрамдас
бөлігі, жеке бір терминологиялық жүйе, жаңа ғылым саласы — аударматану
терминологиясын даралап, когнитивтік-семантикалық құрылымын зерттеудің
маңыздылығы өте зор.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың арқауы мен негізгі ұстанымы
тілдік танымның бір бөлшегі ретіндегі тіл білімі метатілінің бір саласы —
аударматану терминдерінің аталады концептологиямен байланысты анықталады.
Қазіргі тіл білімінің ғаламның тілдік бейнесі туралы мәселе
Н.Хомский, М.Джоаорнг Р.Лангакер, Ю.Д.Алресян, Т.В.Колшанский, А.А.
Леошъев, Б.Касевич, Е.М.Кубрякова, Ю.Н. Караулов, В.Н.Телия,
Б.Н.Серебренников, А.А.Уфимцева, қазақстандық лигвитикада Э.Д.Сүлейменова,
Г.Г.Гиздатов, Ж.Машсеева, ,Ж.Шаймерденова, С.Сөтенова, Г.Смағұлова,
А.Алдашева, Б.Хасанов, ҚЖаманбаева, Г.Б.Мәдиева және т.б. ғалымдар
еңбегінде қарастырылып жүр.
Адамзат өзін қоршаған шынды, әлемдегі сан алуан құбылыстарды санада
қалыптастырып қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше
жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды,
өндейді, қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас
көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Осы қағидаға сәйкес терминдерді де адамның табиғи танымына белгілі
деңгейде өлшем бола алатын когнитивтік құрылым ретінде арнайы қарастырамыз.
Термин біздің зерттеуімізде субьектінің кабылдауы, ойлауы, танымы және
практикалық әрекеті аркылы тілде тұтылған білімдердің байланысы, адам
санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде
анықталады.
Сонымен қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп
қарастыруды мақсат етеді, өйткені қазіргі кезде тілді антропоөзектік
бағытта зертеу тілді "өз ішінде" ғана емес, тілден тыс, яғни, ақиқат
шындықдеп тығыз байланыста қарауды қажет етеді.
Осыған орай жұмыстың өзектілігін айқындауда тақырыпқа сай тілдік
бірліктердің семасиологиялық, ономасиологиялық, когнитивтік қырларын
сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше. Яғни, жұмысымыздың өзегі —
аударматану терминдеріне когнитивтік-концептуаддық талдау жасау мен сол
атаулардың ономасиологиялық негізін уәжтанумен байланысты сабақтастыра
зерттеу.
Қазақ тіл біліміндегі аударматану ұғымдарын білдіретін терминдік
бірліктерді ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, олардың когнитивтік-
концептуалдық, уәждік және семантикалық қырларының сабақтастығында
қарастыру қазақ терминологиялық жүйесінің танымдық қырын анықтауға қатысты
тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі аударматану терминдері.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің
когнитивтіх-семантикалық құрылымы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ
тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын
семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан
зерттеу. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:
— аударматану терминдері мен олардың тақырыптық топтарына терминологиялық
еріс және терминологиялык жүйе тұрғысынаң таңдау жасау;
— аударматану терминдерінің табиғатын, "ғаламның тілдік бейнесі"
тұрғысынан қарастыру;
— қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің концептуалдық құрылымын
анықгау;
— аударматану терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктерін уөжділік,
ономасмологиялық талдау негізінде анықтау;
— ұғым мен таңба арасындағы байланысты ашатын уәжділік құбылысының
теориялық мәселелері туралы ғылыми ой-пікірлерге сүйене отырып,
аударматану терминдерінің негізгі дәндеуіш топтарын айқындау
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған
мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басышылыққа
алынды:
— негізгі дерек көздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау
тәсілдері;
—терминдердің концептуалдық құрылымы мен когнитивтік семантикасын анықтауда
когаитивтік, концептуалдық талдау жасау;
—аударматану терминдерінің лексика-семантикалық және уәжділік
ерекшеліктерін баяңдауда лингвистикалық сипаттама тәсілі және компоненттік
талдау.
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ тіліндегі аударматану
ұғымындағы 2000-нан астам терминдік бірліктер алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Казақ тілінде осы кезге дейін аударма
теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Лингвистикалық
терминдердің орысша-қазақша сөздігі (І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов, 1967),
Атаулар сөздігі (1931), Тіл білімі сөздігі (1998), Тіл білімінің түсіндірме
сөздігі (Б.Калиев, 2005), Толковый переводоведческий словарь (Л.Л.Нелюбин,
2003) т.б. пайдаландыру Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл
біліміндегі аударматану терминдерінің алғаш рет когантивтік тұрғыдан
зерттеу нысаны болуымен байланысты аударматану ұғымындағы терминдік
бірліктердің терминологиялық өрісі мен терминологиялық жүйесі когнитивтік
лингвистика және лингвоконцептологая тұрғысынан талданылады. Сонымен қатар,
аударматану терминдерінің семантикасын, олардың концептологиялық құрылымы
мен уәжділік қасиеттерін терминологаялық лингвоконцептология тұрғысынан
зерттеу тақырыптың жаңалығы болып табылады.
3ерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Қазақ тіліндегі
терминологиялық жүйе (аударматану саласы бойынша) осы зерттеуде алғаш рет
когнитивтік лингвистика мен терминологиялық лингвоконцептологая арналарында
зерделеніп, қазақ тіл біліміндегі когаитивтік семантика және терминология
теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар
когнитивтік лингвистика, терминологиялық лингвоконцептология,
терминологиялық семиотика т.б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық
мәседелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамьпуға өз септігін
тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Зерттеу материалдары мен
теориялық тұжырымдар қазақ терминологаясы жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға
мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін жаңа ғылыми пән — когаитивтік
семантика мен терминологаялық лингвоконцептологияның теориялық және
практикалық мәселелерін әрі қарай зерттеуде, жоғары оқу орындарына.
3ерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар
— конитивтак лингвистика тұрғысынан аударматану терминдері өзіндік
терминологиялық өріс пен терминологиялық жүйе құрайтын тілдік бірліктер
ретінде қазақ тіліндегі терминологиялық қор мен тіл білімі метатілінің
сүбелі қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе;
— аударматану терминдері өздерінің кумулятивтік қызметі негізінде ғылыми
ұғымдардың когнитивті-менталды құрылымдары, "ғаламның ғылыми бейнесін"
айқындаушы тілдік (терминдік) бірліктер;
— тілдік сананың лингвоменталды құрылымы ретінде тілдік жүйеде
концептуалдық құрылым негізінде обьективтендіріліп, терминдік бірліктер
қалпында вербалданатын ғылыми ұғымдарды концептуалдық жүйе арқылы "ғаламның
ғылыми бейнесіндегі" белгілі бір ұымды басқа бір ұғымнан ажыратып
айқындайтын когнитивтік бірлік;
— аударматану терминдерінің тілдік және танымдық, табиғаты, оның
лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға сәйкес лексика-
семантикалық ерекшеліктері мен уәжділік дәрежелері семасиологиялық және
ономасиологиялық сабақтастықтары талдау жасау негізінде анықталады;
— аударматану терминдерінің лексика-семантикалық кұрамы термин интенциясы
мен экстенциясы арқылы ғана айқындалатын "ұғым-термин-дефиниция" менталды
құрылымы бойынша онтологиялық түзеді.
Зерттеудің мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі
тұжырымдары мен нәтижелері түрлі деңгейлердегі конференцияларда баяндалды:
"Қазақтіл біліміндегі функционалдық бағыт" атты республикалық ғылыми-
теориялық конференция (Алматы, 2006), "Мемлекеттік тілде аграрлық маман
даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе" атты республикалық ғылыми-әдістеме
конференциясы (Алматы, 2006), Профессор Қ.Тасболатұлының 80 жылдығына
арналған "Тәуелсіздік негізі - ұлттық тәрбие" атты халыкаралық ғылыми-
теориялык, конференция (Тараз, 2006) және А.Байгұрсынүлы атындазгы Тіл
бідімі институтьшьщ "Лингвистикалық жүма" атты ғылыми-өдістемелік семинары
(2005, желтоқсан).
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация мазмүнына
қатысты 6 мақала жарияланды.
Зерттеу жүмысьшың қүрылымы. Диссертациялыкжүмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан түрады.

Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзекгілігі, нысанасы,
мақсаты мен міндеттері айқындалып, ғылыми жаңалығы мен зерттеудің теориялық
және практикалық мәні көрсетілді. Сондай-ақ зерттеуте негіз болған
материалдар мен дерек көздер, зерттеу әдістері мен қорғауға ұсынылған
тұжырымдар, жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы баяндалады.
Диссертацияның "Аударматану терминдерінің когнитивтік негіздері" деп
аталатын бірінші бөлімінің "Аударматану ғылымының жалпы тіл біліміндегі
сипаты", "Аударматану концептуалды терминологиялык, аппаратының
ерекшелігі", "Когнитивтік зерттеулердегі терминнің танымдық сипаты",
"Аударматану терминдерінің когнитивтік-менталды сипаты" атты тарауларында
аударматану ұғымындағы терминдердің когнитивтік табиғаты, концептуалдық
құрылымы және термин ұғымына қатысты теориялық мәселелері қарастырылады.
Қазіргітанда қазақтіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін
салалардың бірі — аударманың лингвистикалық теориясы. Бұл сала — қазақ
тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала
қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі
бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым түсініктердің даралана қоймау
себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма
мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық
диссертациясында қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері,
шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары,
әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне
қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық қанығы ғылыми тұрғыдан
анықталған емес",— деп атап өткен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі
— XX ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардын. бірі.
Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да,
аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.
Қазақстан тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның
қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық
және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері мен
Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б. ғалымдардың еңбектері
аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Тіл білімінід арнаулы салаларының қайсысын алсақта, сол салалардың
әрқайсысының өзіне тен ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады.
Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы
зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы
терминологиялық жүйенің тілдік соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін
айқындау, аталған терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен
сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын
анықтауда жоғарыда аталған қазақ ғалымдарының және орыс тіл білімінде
А.Реформатский, В.В.Вшюградов, Н.А,Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов,
О.С.Ахманова, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степановт.б. ғалымдардың
еңбекгерін атауға болады.
Бұл зерттеулерде термин жасамның ғылыми принциптері мен шарттары
анықталып, сөздік жасау, салалық термин жасап мәселесі арнайы қарастырылды.
Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір кұрамдас белігі, жеке бір
терминдік жүйені — тіл білімі терминологиясын даралап зертеудің маңыздылығы
өте зор.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері
жүйесінің бірлігі "метатіл" деп аталады. Мамандар арасында "метатіл"
анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл — "екінші дәрежедегі" тіл [2, 7];
"метатіл" — ерекше семиологиялық жүйе [3, 3]; тіл білімінің "метатілі" —
терминдер арасындағы жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы
білдіретін күрделі құбылыс және әрбір ғылым саласының дамуы тіл білімі
метатілінің дамуын талап етеді. Белгілі бір ғылымның, оның ішінде,
аударматану саласы метатілінің қалыптасуы мен дамуына өзара байланысты
бірнеше себептер ықпал етеді: аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің
күрделенуі мен терендеуі; аударма теориясында жаңа бағыттардың пайда болуы;
жаңа терминдіктің пайда болуы; жаңа концептуалдық атараттын, қалыптасуы
мен белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы жылдары аударма
мәселесі көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы,
психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті
лингвистика, мәдениаралық коммуникация, салғастырмалы статистика және т. б.
Олардың негізгілерін төмендегі кестеден көруге болады:
Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді
қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес
қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл
білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен
байланыстыру. Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін
зерттеуші Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай
жіктемесін ұсынады.
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның
сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің
әлеуетті семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін
айқындайды. Мысалы, аударматану - аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде
зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят — сөйлеу әрекеті сәтінде болатын
немесе айтылымда сипатталатын шындыкқа сай болмыстың құрамдас бәліктерінің
жиынтығы; түп нұсқа — аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен
жасалады) т.б.
2) Құрылымдық ,мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі).
Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе
шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз
ішінде симатикалық кұрылымдық мағына және парактикалық кұрылымдық мағына
түрлеріне белінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның
кұрылымдык-синтагматикалық аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл
түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы,
• аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лигвистикасы, аударма нормасы,
аударма баламалығының нормасы және т.б.
ө) парадиглштикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-
парадигматикалық аспектісі). Ол белгілі бір топ кұрайтын лексикалық
бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді.
Мәселен: аударма жазбаша аударма
кәркем аударма
3) Прагматикалық; мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі).
Мағынаның бұл түрі, негізінен, сөздің эмоционалды және экспрессивті-
стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан бағалаудың спецификалық тілдік
көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі болып саналады. Ол
аталымның экспрессивті түрінде ғана орап алады;
Сигматикалық, (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық
мағынаның сигматикалық, заттық, жағдаятық аспектісі). Сигматикалық
мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің нақты жұмсалуы
мен белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты. Мысалы,
"Жоғарыда айтылғандай сорақы кемшіліктер осы аудармалардың
көпшілігінде - ақ бар" (Қ.Аманжолов, Шынжин.); "Бірақта, мен де бір
кезде асқан ақындық шеберлікті керек кылатын аудармашылық ,өнерге деп
қоярмын деген игі тілектің жетегінде болатынмын" ("Қаз.әдебиеті");
"Абайдың өз шығармалары мен аударып ылық еңбегі қатар жүріп отырған"
(Ғ.Мүсірепов). Байқап отырғанымыздай, метатілдік бірліктердің мағынасы
лексикалық мағынаның үш түрінде ғана көрініс табады.
Сонымен, тіл білімінде "термин-мағына-ұтым" мәселесіне қатысты үш
түрлі көзқарас қалыптасты:
1. Терминдердің лексикалык мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес
келе бермейді (Л.С.Ковтун, Д.Н.Горский, К.Н.Левковская);
2. Термивдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық
сипаттайды (Е.М. Галкина-Федорук, П.С.Попов, А.Шафф);
3. Терминдер — ұғыммен сәйкес келетін лексикалықмаз мағынаға ешбір қатысы
жоқ тілдік бірліктер (ВА.Звегиндев, А.А.Реформатский, Л.Н.Капанадзе).
Сонымен бірге, "Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес,
мазмұн межесінде, яғни, оның мағына сипатында. Ғылыми термин — бұл ғылыми
ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірак бұл мағына ғылыми
ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді" деген пікірлер
бар екені белгілі.
Біздің ойымызша, термин сөздер — ғылыми ұғымдарға сәйкес келетін
арнайы терминологиялық лексикалық мағынасы бар тілдік құрылымдар.
Аударматану саласының терминологиялық жүйесіне жататын терминдердің
барлығына бірдей ортақ сема (архисема) — "аудару ісі" болып табылады. Бұл —
"аудару" мағынасын білдіретін өзекті сема. Жалпылаушы сема барлық терминдік
атауын "аударма" деген жалпы атау төңірегіне топтастырса, даралаушы сема әр
терминдік бірлігін "көркем аударма ", "сөзбе-сөз аударма ", "төлтума
аударма", "толыққанды аударма", "еркін аударма", "баламалы аударма ",
"эквивалентті аударма "секілді мағыналық, ерекшеліктерін көрсетеді.
Осы негізде айқындалған терминдердің сема түрлерін, жалпылаушы және
даралаушы белгілерін төмендегі кесте үлгілерімен көрсетуге болады:
Екі терминнің де еемема көлемдері толық сәйкес келуімен ерекшеленеді. Жалпы
қолданыстық мағыналарында болмайтын термин семемасының нақтылаушы кәсіби
семаларының қайталануы бір ғылыми ұғымның тілде екі түрлі лексемасының
болуымен түсіндіріледі.
Осыған байланысты сема табиғатын арнайы зерттеген М.Ш.Мұсатаева
еңбегінде семалар классификациясының өзгеше жіктемесін кездестіруге болады.
1) Референттілік қасиеті тұрғысынан: экстралингвистикалық және
лингвистикалық
2) Міндетті сема (актуалдыланған, интенсионалды);
3) Прагматикалық мәртебесі мен білдіретін ақпарат сипатына орай:
денотативті және коннотативті;
4) Импликационалды семалар (жасырынды, қосымша, потенциалды);
5) Білдіретін ақпараттың категориалдық мәртебесі тұрғысынан:
архисемалар мен дифференциалды семалар;
6) Семалардың иерархиялық қатынасы тұрғысынан: маркерлер мен
дистингвишерлер немесе логикалық белгісі бойынша — гиперсемалар мен
гипосемалар;
7) Ұғым сипаты бойынша: терминояогиялық және терминологиялық емес
семалар;
8) Тіл мен сөйлеу тұрғысынан: узуалды және окказионалды;
9) Сема құрамының тіркесімділік қасиеті бойынша: болымды және
болымсыз.
Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, біздің зерттеуіміз үшін ең
маңыздысы бүл жіктеменің жетінші тармақшасы болып табылады. Яғни,
терминологиялық және терминологиялық емес сема түрлері. Осыған орай
терминдік емес мағына мен терминдік мағынаның арасындағы семалық қатынасты
төмендегі талдау арқылы айқындауға болады:
Қазіргі таңда тіл мен мәдениет", "адам және тіл" байланысын
коперативтік тұрғыдан қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Когнитивті бағыттың маңыздылығын мен өзектілігі оның тек кана теориялық
лингвистикадағы контексті полипарадитматишіндегі доминаштылығы ғана емес,
сонымен бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында, мәселен, тілдік
құбылыстарды экспликациялау, тіл мен мәдениет байланысындағы адамның рөлі,
адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және аппаратын қарастыру
(Е.С.Кубряхова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.В.Рахилина,
В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). "Когнитивтік лингвистика
лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі
антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды.
Конитивтік лингвистика термиңдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол
ашады. Өйткені бұған дейікті дәстүрлі семантикалық, жүйелі-құрылымдық
парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық процестерді
жаңа тұғыдан зерттеп ұғымдауға ұмтылыс жасайды. Когаитивтік лингвистика
жалпы лингвистикасаның аумағынан шыға отырып, философия, психологая,
логика, әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладап ғылымның
ауқымын кеңейтеді.
Терминдер - өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық,
функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған
ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, қалық
қалау, терминдерді ұғымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам кызметінің
ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін
айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және
өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көріңісінің дамуын бейнелейді.
Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының
біртекті еместігін, өр түрлі топттарға, бірлестіктерге бөлініл, әрқайсының
өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды.
Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық
жүйесіз бірде бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы
мүмкі емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім,
ұтымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің,
танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі
негізін сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі терминологаясында қазақ тілінің терминдері, негізінен,
семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
терминологиядағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына
назар аударымды. Қазақ терминологиясыңда, сондай-ақ, бүкіл тіл білімінде
тілдің таным шарттары мен құралдары ретіндегі рөлі мен трансформациялаудапы
таңбалау жүйесі болып табылатынын айқындауға көп көңіл бөлінді. Мысалы,
қазақ тілінің терминдері белгілі шамада. Терминологиялық жүйелердің
концептуалдық Құрылымын айқындаудың практикалық маңызы арнайы ұғымдар
жүйесі мен тұрақты тілдік тәсілдер байланысының экспликациялануында болып
табылады.
Зерттеу жұмысымыздың "Аударматану терминдерінің семантикалык,-
уәзқділік негізі" деп аталатын екінші бөлімінің "Аударматану терминдерінің
әр түрлі аспектіде қаралу сипаты", "Аудару процесін пгалдау барысында
қолданылатын үғымдық аппараттьщ тілдік ерекшелігі", "Аударматану
терминдерінің лексика-семантикалык, қүрылымы", "Аударматану терминдерінің
уәжділік ерекшеліктері" атты тараушаларында аударматану терминдерінің
семантикасы, олардың концептологиялық құрылымы мен уәжділік қасиеттері
терминологиялық лингвоконцептология тұрғысынан қарастырылады.
Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі
назарға ала зерттеп, мағына санада кодталатын процесс, ғаламның тілдік,
ғылыми бейнесін құрушы элемент екені ескеріледі. Соның нәтижесінде
когаитивтік процестің "әрекет етуші — әрекет — мақсат — нәтиже" қатынасы
негізінде ғана жүзеге асатыны мойындалады. Әрекет етуші (сана, аралық әлем)
әрекетті белгілі бір мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге
бағыталады. Ал нәтиже - обьективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасы
(мағына, мазмұн), концептуалды жүйесі (семантикалық кұрылымдар - терминдер,
терминдік бірліктер, көсіби атаулар т.с.с), ал ол мағына — санада
кодталатын процесс. Ғылыми танымның кодталуы өрекет түрінде сөз, дыбыстык,
құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және бейер балды емес, бербалды
түрде жүзеге асады. Вербалды түрде кодталған ғылыми, тілдпс таным мағынасы
(терминдер, терминдік бірліктер т.б.) ғаламның ғылыми бейнесі ретінде
көрініс береді. Ал обьекхивті дүниені тану, яғни, тілдің шындықты тануға
бағытталуы мақсат ретінде анықталады.
Аударма коммуникациялық қарым-қатынаспен тығыз байланысты
практикалық, қызмет атқаруымен сипатталады. Аударманың тілдік негіздеріне
мыналар жатады: 1) аударма алғашқы емес, қайталанатын қызмет; 2) бұл
қайталанатын қызмет табиғи тілдердің материалы негізінде тілдің нормалық-
бағалау сәйкестігі жолымен жүзеге асады. Яғни, бұл -тілдік мәтіндік
қызмет.
А.Поповига аударма процестерін зерттеу барысында қолданылып отырған
терминдер мен ұғымдарды ентізді. А.Попович енгізген "мөтін түпнұсқа мәтіні
протомәтін", "екінші деңгейдегі мәтін аударма мәтіні метамәтін" деген
терминдер тілде түіскенді және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп
аталатын зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Ономасиология және оның тіл білімі салаларымен арақатынасы
Толық омонимдер және жартылай омонимдер
Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
НОМИНАЦИЯНЫҢ ОНОМАСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ. НОМИНАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Салыстыру - универсалды әдіс
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты
Пәндер