Оқыту процесінде жеткіншектердің зейінін қалыптастыру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
« Педагогика және психология » кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЗЕЙІНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
І Жеткіншек жастағы оқушылардың зейіні және оның жалпы психологиялық мәселелері . . . 6
1. 1 Зейін ұғымына қатысты негізгі теориялар . . . 6-8
1. 2 Жеткіншектік жастағы негізгі ерекшеліктердің теориялық мәселелері . . . 9-27
ІІ Жеткіншек жастағы зейін қасиеттерін анықтау жолдары . . . 28
2. 1 Жеткіншектерде кездесетін ауытқулар және оның себептері . . . 28-34
2. 2 Жеткіншектер зейінін анықтау әдістемелері . . . 35-50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51-53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54-56
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міңдеті болып отыр.
«Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр - қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да артып отыр» - деп мемлекет басшысы өз жолдауында айтып өтті [1] .
Бүгінгі заман талаптарына сай келетін, жас болашақ мамандарға бағыт-бағдар беретін және қоғамда жоғарғы білімді, мәдениетті, шығармашылықпен жұмыс істеп, жас ұрпаққа саналы білім, тәрбие беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасының III тарау, 19-бабының "Білім берудің балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша дамыту бағдарламасында" көрсетілгендей, мектептен тыс ұйымдар балалардың жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін іске асыруына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасайды [2] .
"Қазақстан - 2030" Стратегиясы адам факторын дамудың ең мықты басымдығы ретінде ең жоғарғы орынға қояды. Сөйтіп, адамдарды өздеріне сенуге шақырады. Тек сондай адам ғана қалыптасып отырған жағдайға қапысыз қаныға алады. Тек сондай адам ғана өз мүмкіншіліктерін жете бағалап, қандай іске жұмылу керектігі жайында дұрыс қорытындылар жасай алады. Тек сонда ғана жалқының ғана емес, жалпының да келешегімізге деген сенімі нығайып, күллі ел боп іске жұмыла аламыз [3] .
Жеткіншектік кезең - көп зерттеліп келе жатқан қоғам алды мәселелердің бірі.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл кеңесінен құтылғысы келуі;
- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі;
- жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе балалар жас қиындығын оңайырақ шешетіндігіне күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
Жеткіншектер зейінін қалыптастыру жолдарын психологиялық әдебиеттер анализінің негізінде қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі:
Оқыту процесіндегі жеткіншектер зейінінің даму және қалыптасу процесі. .
Зерттеудің міндеттері:
- Психологиядағы жеткіншектер мәселесін ашып көрсете білу.
- Жеткіншектер дамуында әлеуметтік факторлардың маңызын анықтау.
- Психологиялық әдебиеттердегі теориялық және практикалық материалдардың негізінде талдау жасап, жеткіншектер дамуының кезеңденуін жүргізу.
- Жеткіншектермен зерттеу жұмыстарын жиі - жиі жүргізу, дұрыс талдама жасай білу.
Зерттеу жұмысының базасы:
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді - мекені, Қазығұрт орта мектебі.
Зерттеу көздері: Зерттеу жұмысында отандық және жақын шетелдік психолог ғалымдардың еңбектері, философиялық, психологиялық сөздіктер, т. б. қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. .
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттелу деңгейі және ғылыми аппараты айқындалып, мақсат-міндеттері, зерттеу әдістері мен көздері, базасы қарастырылады.
Бірінші тарауда жеткіншек жастағы оқушылардың зейіні және оның жалпы психологиялық мәселелері, жеткіншектік жастағы негізгі ерекшеліктердің теориялық мәселелері және зейін ұғымына қатысты негізгі теориялар қамтылған.
Екінші тарауда жеткіншек жастағы зейін қасиеттерін анықтау жолдары, жеткіншектер зейінін анықтау әдістемелері, жеткіншектерде кездесетін ауытқулар және оның себептері жайлы мәліметтер жинақталған.
Қорытынды бөлімде диплом жұмысын орындау барысында қол жеткізген нәтижелеріміз баяндалып, олардың жеткіншектердегі танымдық қабілеттерді дамытудағы маңыздылығы мен мәні тұжырымдалады. Зерттеудің негізгі идеяларын мектеп практикасында пайдалануға байланысты нақтылы ұсыныстар беріледі.
Әдебиеттер тізімінде диплом жұмысын орындауда негізге алынған 88 ғылыми және әдістемелік еңбектер көрсетілген.
І Жеткіншек жастағы оқушылардың зейіні және оның жалпы психологиялық мәселелері
1. 1 Зейін ұғымына қатысты негізгі теориялар
Зейін туралы психологиялық теориялар.
Зейін өздігінен жеке дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Солай болғанымен әрекетке таным процесіне қатысып, адамның мүддесін, бағыт -бағдарын білдіреді. Зейін кез келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адамның іс -әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейінді өз ырқына қарай бағыттау және шоғырландыру жеке адам белсенділігін білдіреді. Зейін адамның психикалық өмірінің ерекшелігі ретінде еңбек ету процесі үстінде қалыптасқан. Мұндағы қажетті шарт объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейін келесі қызметтерді атқарады:
1. Психологиялық және физиологиялық процестерді белсенді етеді де, қажет еместерін тежейді.
2. Келіп түсіп жатқан ақпараттарды мақсатқа орай және жинақты түрде қабылдауға мүмкіндік туғызады.
3. Белсенділікті ұзақ мерзімді уақытқа бір ғана объектіге бағыттауды қамтамасыз етеді.
Зейін туралы психофизиологиялық теориялар
Зейін -бұл психикалық құбылыстардың ерекше қасиеті. Біз бір мезетте спалы түрде түрлі жұмыстарды атқара алмаймыз, әр түрлі заттар туралы да ойлана алмаймыз. Бұл қасиетті сананың жіңішкелігі деп атайды. Барлық психикалық процестер сана үшін күреседі. Сана бір мезетте олардың барлығына жетеді. Бұл күрес психикалық құбылыстар бір бітімге біріктірілмеген жағдайда байқалады. Біздің санамызда өте жарық орын бар. Ол - зейін. Психикалық құбылыстар әлгі жерден алыстағансайын бұлыңғыр болады. Біз оларды сезуден қаламыз.
Зейіннің туындауына әсер ететін факторлар:
1. Әсердің күші: күшті дыбыс, айқын жарық және бәсең дыбыспен анық емес жарықпен салыстырғанда сананы тез билеп алады.
2. Әсердің немесе ойдың эмоционалды жағы. Бізге үрей, қуаныш, ашу -ыза туғызатын әсерлер сананың бөлінуіне түрткі болады.
3. Біздің санамыздағы бұрынғы елестер біз дәл қазір қабылдап отырған әсерлермен ұқсас болады. Яғни кейде біз не көретінімізді, не еститінімізді алдын ала көріп отырамыз.
Зейіннің эффектісі:
Таныс елес немесе түйсік біздің санамызда билеуші орын алғанда зейін пайда болады. Олар өзге елестер мен түйсіктерді сана зонасынан аластады. Осы жағдай негізгі эффект немесе факт болып саналады. Осыдан кейін екінші кезектегі эффектілер пайда болады. Олар мыналар:
- Айқын сезілетін елестер
- Санада айқын тұрақты орын алатын эффект. Олар оңайлықпен жойылып кетпейді.
- Егеар адам әлсіз дыбысқа құлақ түріп, мұқият тыңдаса дыбыс күшейе түседі.
Зейіннің биологиялық мәні:
Әсерлер күресінде жеңіп шыққаны санада билеуші функцияға ие болады. Бұл биологиялық қажеттіліктің арқасында іске асады. Шөл, аштық, шаршау және жыныстық қажеттіліктердің әсерінен маңызды әлеуметтік қажеттіліктер пайда болады.
Әр кезде ғалымдар түрлі теориялар ұсынған. Олардың кейбіреулері зейііннің табиғаты жөнінде толық түсінік бермейді. Дегенмен оларды топтап сегіз ілімге бөлуге болады:
1. Зейін - қимылдық бейімделудің нәтижесі
2. Зейін - сана ауқымының шектелуінің нәтижесі
3. Зейін - эмоцияның нәтижесі
4. Зейін - апперцепцияның нәтижесі
5. Зейін - жүйке тітіркенуінің нәтижесі
6. Зейін - рухтың ерекше белсенділік қабілетінің нәтижесі
7. Зейін - салыстыру әрекетінің нәтижесі
8. Зейін - жүйкелік тежелудің нәтижесі
1. 2 Жеткіншектік жастағы негізгі ерекшеліктердің теориялық мәселелері
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс
даму дағдарысы
деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917 - 1924 жж. ) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л. И. Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З. Фрейд пен К. Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі - тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т. б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі) . Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» - «өгей қыз») . Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б. Г. Божович, И. С. Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д. Б. Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез - құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен. балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады.
Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.
Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл - отбасы кемшілігі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л. С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай -ақ макаренко а. с. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір- бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жсткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. (Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П. П. ) . Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz