«Фитогормондар»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Гормондар. Эндокринологияға кіріспе
1.1 Гормон дегеніміз не? ... ... ... ..4
1.2 Гормондардың химиялық құрамы, биосинтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру ... ... ... ... ... ... ..7
ІІ Фитогормондарға жалпы сипаттама
2.1 Өсімдік гормондары . фитогормондар 18
2.2 Гиббереллиндер ... ... ... ... ..20
2.3 Цитокининдер немесе кининдер ... ...21
2.4 Абсциз қышқылы ... ... ... ...22
2.5 Этилен ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер

Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.
Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі аркылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі. Сырткы секрециялық (секреция — сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі — сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер).
Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.
Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, калқанша, қалқанша серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы безі немесе Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйкы және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Эндокрин (грек endokrin — ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысанаға алынған — клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.

1. Ю.Б.Филиппович. Основы биохимии. М., «Высшая школа», 1980.
2. Т.Т.Березов, Б.М.Коровкин. Биохимия. М., «Медицина», 1982.
3. Т.Б.Дарханбаев, Н.К.Шоқанов. Микробиология мен вирусология негіздері. Алматы, 1976.
4. Н.Ә.Кенесарина. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, «Мектеп», 1988.
5. З.С.Сейітов. Биохимия. Алматы. Изд. «Агроуниверситет», 2000.
6. К.С.Сағатов. Биологиялық химия. Алматы, Респ. Баспа кабинеті, 1998.
7. К.С.Сағатов. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, «Ғылым» баспасы, 2002.
8. Н.К.Шоқанов. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997.
9.Микробиология және Вирусология негіздері. Жарқынбаев Н.Қ. Шоқанов.
10.Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж
11.В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж
12.А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж
13.М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

Аннотация
Жалпы Фитогормондар туралы курстық жұмыс 28 беттен тұрады. Курстық
жұмыстың жобасы кіріспеден, эндокринологияға кіріспеден, гормондарға жалпы
сипаттамадан, фитогормондарға жалпы сипаттамадан және қорытындымен
аяқталады. Курстық жұмыстың Кіріспе бөлімінде жалпы бездер туралы,
гормондар туралы қысқаша сипаттама келтірілген.
Гормондар. Эндокринологияға кіріспе гормондардың номенклатурасы,
қасиеттері, химиялық құрамы, олардың биосинтезі және түрлері қарастырылған.
Фитогормондарға жалпы сипаттама бөлімінде өсімдік гормондары –
фитогормондар туралы толық жазылған. Бұл бөлімнен фитогормондардың өсімдік
өсуіне әсер етуін, фитогормондардың жалпы қызметін және т.б. қарауға
болады.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Гормондар. Эндокринологияға кіріспе
1. Гормон дегеніміз
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .4
2. Гормондардың химиялық құрамы, биосинтезі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру
... ... ... ... ... ... ..7
ІІ Фитогормондарға жалпы сипаттама
2.1 Өсімдік гормондары – фитогормондар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Гиббереллиндер

... ... ... ... ..20
2.3 Цитокининдер немесе кининдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Абсциз қышқылы

... ... ... ... 22
2.5 Этилен

... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының
миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен
тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды,
сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.
Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин
бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда
нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар
арқылы іске асады. Жүйке жүйесі аркылы хабар беру өте тез — миллисекунд
ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі.
Сырткы секрециялық (секреция — сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы
олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз
қуысына сілекей безінің өнімі — сілекей) немесе дененің сыртына шығады
(мысалы, тер безінің өнімі - тер).
Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп
атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей
клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің
өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.
Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл
денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге
гипофиз, эпифиз, калқанша, қалқанша серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті,
ұйқы безі немесе Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.
Ұйкы және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі әрі сыртқы,
әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Эндокрин (грек endokrin — ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі
секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан
арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысанаға алынған — клеткаға
жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу
жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Фитогормондардың түрлерін, атқаратын
қызметін және қолданылу жерлерін зерттеп, баяндау.
Курстық жұмыстың міндеті – фитогормондармен толығымен танысып,
зерттеп шығу.
І Гормондар. Эндокринологияға кіріспе
1. Гормон дегеніміз не?
Гормон дегеніміз — биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен
жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық
зат.
Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады.
Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, ағзадағы зат
алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.
Гормон деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hоrтао -
қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У.Бэйлисс пен
Э.Стерлинг енгізген.
Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер
мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл ағзаға әсер етеді. Ішкі секрециялык,
бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Химиялық құрамына
қарай гормондар — белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады.
Гормондар ішкі секрециялық бездерден басқада, ас қорыту жолының
мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі.
Барлық гормондар ағзадағы зат алмасу процестеріне әсер етеді. Олар
алдымен қанға сіңгенімен тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана
активтеледі. Адам денесіндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз —
бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор.
Олар ағзаның біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық және
биохимиялық қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда
мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты негізгі эндокриндік
реттеуші болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофизінің жұмысына дем беруші
нейросекреттерді өндіріп жару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған
нейросекрет гипофизге құйылып оның басқа бездерге әсерін тудырады.
Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі
секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондыктан ол мидың барлық
бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі нашарлағанда (гипосекреция) және
күшейгенде (гиперсекреция) ағзада түрлі аурулар пайда болады.
Гормондар тек нысана — клетка деп аталатындарға әсер етеді, сол
клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor - қабылдаушы деген
латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе
клетка ішіне орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті
рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге
әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның
жалпы өмірі ұзақ емес, әдетте ол сағаттан кем.
Гормондар ағзада аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:
1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;
2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны камтамасыз етеді;
3) бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштерін (осмостық қысымының,
қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің гипофиздің гормондары және гипоталамустың
гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші
болып табылады және мұнда "өте күшті гормондар" немесе "нейрогормондар"
түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзілуіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын
секреттерді және зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін
зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның негізін қалаған француз ғалымы Броун - Секар. Ол 1890
жылы жас қошқарлардың енінен алынған экстрактқа қатысты классикалық
тәжірибе жасады. Ондай эсктракты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің
астына) құяды, оны бірнеше рет қайталағаннан кейін кәрі қошқарлар ширайды,
олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады,
қан қысымы қалпына түседі, жем-шөпке тәбеті артады. Осы тәжірибені өзіне де
істеп байқайды (ол 72 жаста еді). Тәжірибеден кейін өзінде жаңа күш-қуат
пайда болғанын сезінеді.
Осындай тәжірибелерге сүйеніп, Броун-Секар мынандай қорытынды жасайды:
жыныс бездері және басқа да бездер қанға активті заттар бөліп шығарады, ол
заттар бүкіл ағзаға және жеке мүшелерге қосымша қуат береді.
Сонымен, ағзаның үйлесімді жұмысы, оның сұйық ортасы (қан, лимфа,
клеткааралық сұйық) арқылы химиялық заттардың жәрдемімен - гуморалдік
әдіспен (латынша гумор — сұйықтық) және жүйке жүйесінің жәрдемімен
реттеледі.
Жүйкелік және гуморалдік реттеу арқылы барлық мүшелер жүйесі өзара
байланысты және үйлесімді жұмыс істейді. Сондықтан, ағза біртұтас құрылым
ретінде қызмет атқарады.
Жүйке жүйесі гормондар жұмысында маңызды қызмет атқарады. Гормондар
жәрдемімен (реттеудің гуморалдік типі) және жүйке импульстары арқылы
реттеудегі айырмашылықтар мынада: гормондар клеткалар жұмысы режимінің
алмасуында ерекше жылдамдықты талап етпейтін, бірақ ұзағырақ ықпал етуді
қажет ететін жерде әсер етіп, жүйке жүйесі сигналдарының тез берілуін қажет
ететін жерде іске қосылады. Көбінесе аралас жүйке-гуморальдік реттелу жиі
кездеседі.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін зеттейтін гормондар
табылды.
Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топка бөлінеді:
Белоктік және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша
маңындағы без гормондары.
Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с. амин қышқылдарының туындылары
болып табылатын гормондар.
Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т.б.
Жергілікті әсер ететін гормондар (гормон тәрізді заттар): полиқанықпаған
май қышқылдарының туындысы — простагландиндер.
1.2 Гормондардың химиялық құрамы, биосинтезі
Үйдің кірпішпен қаланатыны секілді, адамның денесі де тканьдерді,
органдарды құрайтын, бірімен-бірін байланыстыратын клеткалардан тұрады.
Сондықтан организмнің бойында жүретін барлық процестер бірімен-бірі тығыз
байланысты және 3 деңгейдегі реттелудің молекулалық механизмін құрайды.
І-деңгей – клеткаішілік реттеу, яғни бір клетканың ішінде жүретін
процестердің реттелуі. Мұның өзі 3 түрлі жолмен жүреді:
а) ферменттердің активтілігінің өзгеруі: аллостерлік (активтелу немесе
тежелу), фосфорилдену, ацетилдену, метилдену арқылы;
ә) ферменттердің сандық мөлшерінің өзгеруі (ферменттер синтезінің
индукциясы немесе репрессиясы), молекуласының ыдырау жылдамдығының өзгеруі
арқылы;
б) клетка мембранасының тасымалдау жылдамдығының өзгеруі арқылы
(мембрананың өткізгіштігінің өзгеруі. Эндоцитоз, экзоцитоз).
ІІ-деңгей – эндокриндік жүйелер (гипоталамус, гипофиз, эндокринді
бездер). Бұл жүйелердің көмегімен бір немесе бірнеше органдарда, тканьдерде
жүретін метаболиттік жолдарды реттеп отыруға болады. Метаболизмдердің
мембраналық интеграциясы:
а) клетканы;
ә) органеллаларды (компартменттерді);
б) органдарды және тканьдерді;
в) жүйелерді;
г) бүкіл организмді берді. Сонымен қатар осы органдарда, жүйелерде және
организмдерде жүретін зат алмасудың реттелуінің жаңа механизмін талап етті,
яғни орталық нерв жүйесі сыртқы орта мен клетка ішінде жүретін зат алмасу
арасында клеткааралық, органаралық қатынас қажет болды. Дәлірек айтқанда:
Орталық нерв жүйесі ↔ ферменттер
Физиология ↔ биохимия
Міне, осы байланысты іске асыратын эндокриндік жүйелер болып табылады,
яғни орталық нерв жүйесінің тілін клетканың метаболиттік тіліне аударушы
химиялық тілмәш осы эндокриндік жүйелер.
Гормондар да реттелудің үш түрлі жолын қолданады (аллостерлік, гендік,
мембраналық).
ІІІ-деңгей – орталық нерв жүйесі. Бұл жүйенің қызметі барлық
органдардың, организмнің қызметін жинақтау, бір жүйеге келтіру. Орталық
нерв жүйесіне түсетін сыртқы және ішкі сигналдардың арқасында гормондардың
синтезі жылдамдатылады. Орталық нерв жүйесі сырттан түскен хабарды
қорытындылап, шешім қабылдайды.
1.3 Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру
Химиялық табиғатына қарай адамдардың және жануарлардың гормондары үш
топқа бөлінеді.
1. Белоктық және пептидтік гормондар: инсулин, глюкагон (ұйқы безінің
гормондары), соматотропин, вазопрессин, окситоцин (гипофиз маңындағы
гормон), кальцийтонин (қалқанша безінің гормоны) және басқа гормондар.
2. Стероидтік гормондар: эстрадиол, прогестерон, тестостерон (жыныс
бездерінің гормондары), кортизол, кортикостерон (бүйрек безінің
гормондары).
3. Аминқышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар: тироксин мен
трийодтиронин (қалқанша безінің гормоны), адреналин мен норадреналин
(бүйрек безінің гормондары).
Бірінші және үшінші топқа жататын гормондардың рецепторлары клетканың
сыртқы плазмалық мембранасында орналасқан, ал екінші топқа жататын
гормондардың рецепторлары клетканың ішіндегі цитоплазмада орналасқан.
Рецепторлардың осылай орналасуы гормондардың химиялық табиғатына
байланысты.
Жеке бір топқа ұлпа гормондары немесе гуморальді факторлар жатады. Олар
ішкі секреция бездерінен емес, ұлпалардан бөлінеді: гистамин,
простагландиндер. Қазіргі кезде көптеген гормондардың химиялық құрамы
белгілі.
Міне, осыған байланысты оларды сол химиялық табиғатына қарай атау керек
еді, бірақ гормондарды тривиалдық деп атайды. Бұлай аталуының себебі бар,
біріншіден, химиялық тұрғыдан атау көптеген гормондар үшін қиын және
күрделі, кейбір жағдайда ондай атауды пайдалану мүмкін емес. Екіншіден
тривиалдық атау, әдетте, гормонның атқаратын қызметін немесе шығу тегін
көрсетеді.
Мысалы, инсулиннің химиялық құрамы күрделі, сондықтан химиялық атауды
қолдану ыңғайсыз. Ал тривиалдық аты лайық, өйткені бұл гормон ұйқы безінің
аралық ұлпасында синтезделеді (грек тіліндегі инсула- арал). Кейбір
гормондардың аты оның организмге тигізетін физиологиялық әсерін көрсетеді.
Мысалы, окситоцин (грек тілінде оксис - жылдам, токос - туу, пайда
болу). Ерлердің жыныс гормоны тестестерон, ал оның химиялық атауы – 3-кето-
17-оксиандростен-4.
Гормондарды шығу тегіне қарай да топтастырады. Мұндай жағдайда оларды
бөліп шығаратын гормондардың атымен байланыстырады.
Осыған байланысты топтастыру:
1) тиреоидті гормондар, қалқанша без бөліп шығаратын гормондар –
тироксин, трийодтиронин, дийодтиронин, т.б.;
2) параттиреоидті гормондар (паратгормондар). Оларды қалқанша без
маңында орналасқан бездер бөілп шығарады;
3) адреналинді гормондар – адреналин, кортикостерон, гидрокортизон,
альдестерон, т.б. Бүйрек үсті безі синтездейді;
4) панкреатты гормондар, ұйқы безінде жасалатын гормондар – инсулин,
глюкагон;
5) жыныс гормондары – тестестерон, эстрадиол (аталық, аналық бездер
бөлетін гормондар);
6) гипофизді гормондар – окситоцин, вазопрессин, самотропин (өсу
гормоны), адренокортикотропин, тиреотропин, гонодотропин, т.б.;
7) ас қорытуға қатысатын гормондар, асқазан мен ішектің шырышты қабаты
бөліп шығаратын гормондар – гастрин, секретин, т.б.;
8) алқым асты бөліп шығаратын гормондар. Бірақ бір жерде синтезделуі
абсолютті болмай шықты. Айталық, жыныс гормондары бүйрек үсті безінде
бөлінген, ал кейбір пептидті гормондар бездерден тыс жерлерде жасалған.
Кейбір химиялық табиғаты жағынан бірдей гормондардың әсер ету механизмі,
шығу тегіне қарамастан, бір-біріне ұқсас. Сондықтан да қазір химиялық
топтастыруға көбірек көңіл бөледі.
Омыртқалы жануарлардың көпшілігінің ұйқы безі он екі елі ішектің
шажырқайында, қарынға таяу орналасады.
Сондықтанда оны халық арасында шажырқай безі деп атай береді. Оның
құрамында ас қорыту ферменттері бар. Сол ұйқы безінде түзіледі де,
түтікшесі арқылы он екі елі ішекке барады. Ал гормондары қанға қосылады.
1869 жылы Лангерганс ұйқы безінің құрылымын сипаттап жазды, сондықтан
бездің аралшықтары сол ғалымының атымен аталады. 1902 жылы Л.В. Соболев
ұйқы безін әр жерге аралшықтар сияқты жеке-жеке орналасқан клеткалары
гормон бөліп шығаратынын анықтады. Осындай клеткалардың орналасуына
байланысты гормон инсулин (insula — арал деген латын сөзінен шыққан) деп
аталадьі.
Канадалық ғалымдар Бантинг пен Бест 1922 жылы жаңа туған бұзаудың ұйқы
безінен инсулин гормонын бөліп алды. Инсулиннің алғашқы толық құрылымын
Ф.Сэнжер (1953 ж) анықтайды, ал 1965 жылы ол химиялық жолмен синтезделіп
алынды. 1977 ж инсулиннің гені Е соlі-дан клондап алынды, ал 1978 жылы оны
гендік инженерия жолымен алуға мүмкіндік туды. Ол гормон содан бері емдік
дәрі ретінде қолданылады.
Ұйқы безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсулардың алмасуын реттейтін
гормондар өндіреді. Аралшаларда 4 түрлі клеткалар болады: альфа, бета,
гамма және дельта клеткалар. Соңғы жылдары мұнда Е және X клеткалары
табылды.
Бұлардың соңғы төртеуі альфа және бета клеткалардың айналуындағы түрлі
кезеңдерде пайда болатын кл0еткалар деген болжамдар бар. Альфа және бета
клеткалар инсулин мен глюкагон гормондарын бөліп шығарады.
Ұйқы безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында жайылып жатыр.
Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшерлері
адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайларына қарай өзгеріп тұрады.
Альфа клеткалар дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалар
дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалар бета клеткалардан гөрі 4
еседей болады.
Химиялық табиғаты. Лангерганс аралшығының β-клеткаларында инсулин
жасалып шығады, алғаш ол проинсулин түрінде бір полипептидтік тізбек болып
құрылады; ондай тізбек жануарлар түріне байланысты 78—86 амин қышқылы
қалдықтарынан тұрады. Бұдан кейін протеиназа ферменті проинсулин
молекуласынан пептидті ажыратып бөледі де, оны активтендіреді. Мысалы,
бұқаның проинсулинінің С - соңынан 30 амин қышқылын бөліп алған кезде 51
амин қышқылы қалдығынан құралған инсулин түзіледі.
Осы инсулин молекуласы тең емес екі полипептидтік тізбектен құралған.
Ол — S - S - байланыс арқылы жалғаскан. Кіші полипептидтік тізбекте (А-
тізбекте) 21 амин қышқылы, үлкен (Б) полипептидтік тізбекте 30 амин қышқылы
бар. Кіші тізбекте үшінші дисульфидтік байланыс цистеиннің 6 — және 11 —
қалдықтары арасында орналасқан. Адамның және басқа жануарлар инсулинінің
құрылысы дәл осындай, 51 амин қышқылы қалдықтарынан құралған.
Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: тамақ
ішкеннен кейін ағзада, әсіресе қанда қанттың мөлшері көбейіп кетеді.
Бұл кезде инсулин артық қанды гликогенге айналдырады. Ал тамақ арасында
қандағы қанттың мөлшері азайғанда глюкагон гормоны бауырдағы гликогенды
ыдыратып глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза қанты ет және жүйке
клеткаларының қызметіне кажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.
Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар
жаксы дамыған. Жаңа туған баланың безінің әрбір грамынан — 10E, ересек
адамнан - 2Е инсулин бөліп алуға болады.
Зат алмасуға әсері. Инсулиннің негізгі нысаналары бауыр, бұлшық ет және
майлы ұлпа клеткалары. Оның рецепторы ныcaнa клеткалардың беткі жағына
орналасады, болжам бойынша ол гликопротеид, м.м. 300 000. Қан құрамында
глюкоза көбейіп кеткен кезде соған қарсы инсулин жасалып шығады.
Инсулин негізінен көмірсулардың алмасуына әсер етеді, клетка мембранасы
арқылы қанттардың өтуін, ең алдымен глюкозаның өтуін тездетеді және
глюкозаның фосфорлануын арттырады.
Бауырда және басқа да ұлпаларда глюкозадан гликогеннің синтезделіп
жасалуына қатысатын гексокиназа, фосфофруктокиназа, гликогенсинтетаза
сияқты ферменттердің әсерін күшейтіп, жандандырады.
Гексокиназа ферменті глюкоза мен АТФ екеуінен глюкозо - 6-фосфаттың
түзілуін катализдейді. Глюкозо-6-фосфат қосылысын клеткалар мынадай екі
бағытта пайдаланады: гликоген синтезі үшін және тотығып энергия бөліну үшін
жұмсалады. Инсулин әсері нәтижесінде қанда глюкоза концентрациясы
төмендейді, гликоген және гликолиз өнімдері түзілуінің күшеюі нәтижесінде
глюкозофосфат мөлшері артады.
Ағзада инсулин жоқ болса және жетіспесе, қан құрамында глюкоза мөлшері
көбейеді (гипергликемия) және көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады
(глюкозурия). Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді және сырқат адам
сусамырлыққа, ашқарактыққа ұшырайды.
Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат - гликоген айтарлықтай көп
шығын болады. Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дерттің кант диабеті
(сусамыр) деп аталатыны белгілі. Диабет дертінің белгісі - адамның қан
құрамында глюкозаның шамадан тыс көп болуында, оның 1-60 цм мөлшеріне
жетуі. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері 3,3-5,3 цм болуы тиіс. Инсулин
әсерінің нәтижесінде клеткалардың амин қышқылдарын сіңіруі және белоктардың
сиитезделуі күшейеді. Инсулин глюкозаның май қышқылдарына айналуына себепші
болады және май ұлпасындағы триглицеридтер гидролизін тежейді. Диабет дерті
кезінде зәр құрамында азот мөлшері көбейеді, май қышқылдары аяғына дейін
тотықтайды, зат алмасудың қышқыл өнімдері - кетондық денелер көбейеді, ол
жағдай ацидозға соқтырады.
Тіпті көпшілік аурулардың шығарған демінде ацетонның иісі сезіледі. Қан
айналысының бұзылуына байланысты мұндай ауруларда тері аурулары, қызыл иек
аурулары жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.
Жер жүзінде бұл аурумен 20 млн адам ауырса (шамамен) соның 1 миллионы —
балалар. Соңғы 30—40 жылда балалардың қантты диабет ауруы көбейіп отыр.
Бұған тәтті тағамдарды көп пайдалану әсер етеді деген мәліметтер де бар.
Көптеген зерттеулерге қарағанда қантты диабет ауруы 6—8 жас және 11-13
жас арасында көбірек. Қантты диабет ауруымен ауырған баланың өсуі көбінесе
нашар болады.
Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жаска дейінгі балаларда
талма ауруы байқалады. 10 жастан аса бұл ауру өзінен-өзі жоғалады, себебі
глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны
басады. Жалпы алғанда, инсулин клетка ішіндегі алмасуды күшейтеді, клеткаға
кальций иондарының келуін жоғарылатады, сөйтіп, цГМФ құрылуы арқылы әсер
етеді, бірақ ол цЛМФ-тың түзілуіне әсер етпейді.
Глюкагом инсулинге антогонист, оның әсері цАМФ концентрациясын арттыру
арқылы іске асады. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері 3,9 м деңгейінен
төмендеген кезде глюкагонның бөлінуі күшейеді.
Глюкагон бауырда фосфорилаза жұмысын активтендіреді, фосфорилаза
гликогеннің ыдырап айналуына қатысады, сөйтіп, қан құрамында глюкоза
концентрациясын арттырады.
Қалканша без — ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің біреуі.
Ағзада айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі
арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және
мүшелерге жеткізеді. Қалканша без гормондарының зат алмасуын реттеудегі
маңызын осыдан-ақ байқауға болады.
Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің
астына орналасқан. Ол онша үлкен емес. Ірі қаранікі — 15-45 г, жылқынікі —
20-35 г, шошқанікі — 12-30 г, қойдікі — 4-7 г, адамдікі — 15-30 г
шамасындай. Бездің ішінде коллоид деп аталатын қоймалжың массасы болады.
Коллоид құрамында белок, йодқа бай тиреоглобулин бар (м.м. 680000).
Қалқанша без ағзаға сумен және қоректік затпен бірге енетін йодидтерді
өзіне шексіз сіңіреді.
Химиялық табиғаты. Қалқанша бездің негізі де әсіресе активті гормоны
тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру
нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі
кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары
босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыға конденсациялану
жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен
дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.
Зат алмасуға әсері. Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы
іске асады. Олар хроматинде ядро ішіндегі белоктармен байланысады және РНҚ
транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады. Бұл жағдай белок синтезінің
жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады.
Бұл гормондар іс жүзінде ағзаның барлық органдары мен ұлпаларында
биохимиялық реакцияларды тездетеді. Соның нәтижесінде белок алмасу, йод
алмасу, көмірсулардың алмасуы және тұздардың алмасуы тездейді, оттегін
сіңіру және көмірқышқыл газды бөліп шығару артады. Осылардың нәтижесінде
өсіп даму, ағза ұлпаларының ыдырауы тездейді және орталық жүйке жүйесінің
жұмысына әсер етеді.
Қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде гормондардың бөлініп шығуы
бәсеңдейді (гипофункция) немесе олар көптеп бөліне бастайды (гиперфункция).
Гипофункция кезінде сүтқоректі жануарлардың зат алмасу төмендейді.
Мұндай жағдай жануарлардың қысқы ұйқысына және түлеуіне, оларға жаңа жүн
шығуына себепші болады.
Жануарлардың өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Гормон шығуы азайған
кезде адамдарда енжарлық, селқостық пайда болады, ұйқы басады, ойлау
қабілеті төмендейді, ақылынан алжасады. Ол жағдай жас кезде кездессе,
ағзаның өсуі тоқтайды (адам ергежейлі болып қалады), дене бітімі өзгереді.
Медицинада мұны кретинизм деп атайды.
Гипофункцияның басқа түрі - эндемиялық жемсау (зоб). Ондай сырқат су
мен азық-түлікте йод аз болатын таулы жерде өмір сүретін адамдарда
кездеседі. Бұл жағдай жануарлардың да денсаулығына және өнімділігіне жайсыз
әсер етеді. Сондықтан ас тұзына йодты калийді қосып беру кажет.
Гиперфункция кезінде гормонның жасалып шығуы артады. Бұл кезде зат
алмасу күшейеді, сырқат адамда қорқақтық пайда болады, бойын үнемі қорқыныш
билейді, жүйесі қозып, жұқарады, көзі ұясынан шығып, базед ауруына
ұшырайды.
Сол сияқты мұндай кезде азот алмасуының кері құбылысына ұшырауы бауырда
гликоген өте азаяды, қоректі қанша көп жесе де ағза жүдеп денесі арықтайды.
Гипоталамус бөлетін гормондар – қысқа пептидтер, құрамында 3-тен 15-ке
дейін аминқышқылының қалдығы бар.
Бұл гормондарды бөліп алу үшін көп уақыт қажет болған. Басқа
гормондарға қарағанда гипоталамустан бөлінетін гормондар өте аз мөлшерде
бөлінген. Мысалы, 1 мг тиролиберинді бөліп алу үшін 4 т гипоталамус ұлпасы
қажет, оны ет комбинатында соятын малдардың миынан алған. Ең бірінші
гипоталамус гормонын бөліп алған және оның химиялық құрылысын анықтаған –
Рождер Гиллемин (Сан-Диего) және Эндрю Шелли (Нью-
Орлеан). 1977 жылы олар осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алған. Олар
өздерінің сыйлықтарын Розамин Ялоумен бөлісті, себебі ол өте сезімтал
радиоиммунологиялық әдісті пайдаланған. Осы әдіспен гормондар
концентрациясын анықтауға болады.
Гипоталамус бөлген гормондар жалпы қан айналымына түспейді, олар
арнаулы қан тамырлары арқылы жақын жатқан гипофизге барады. Гипофиздің өзі
2 бөліктен: алдыңғы, артқы бөлігінен тұрады.
Алдыңғы бөлігінен бірнеше гормондар бөлінеді. Олардың полипептидтік
тізбегі әжептеуір ұзындау. Оларды тропты гормондар немесе тропиндер деп
атайды. Осы гормондар басқа ішкі секреция бездерінің активтігін арттырады.
Мысалы, кортикотропин бүйрек үсті безінің қабығын активтендіреді, ал
тиротропин қалқанша безді қоздырады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бөлетін
негізгі гормондар бөлініп алынып, бірінші деңгейдегі құрылымы анықталған.
Гипофиздің артқы бөлігі екі гормон бөліп шығарады: окситоцин, вазопрессин.
Жануарлар мен адам ағзасындағы гормондардың ішінде гипоталамус —
гипофиз — бүйрек бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар ағзаның
біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық және биохимиялық
қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың
гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты негізгі эндокриндік
реттеуші болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем
беруші нейросекреттерді өндіріп шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста
пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін
тудырады.
Аралық мида орналасқан гииоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі
секрециялық бездердің қызметтерін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық

... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz