Жас ұрпақтың ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

I Бөлім Оқушыларда гуманды қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізі.
1.1 Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік..
1.2 Адамгершілік тәрбиенің этнопедагогикалық әдебиеттердегі көрінісі.
II бөлім Адамгершілік тәрбиені практика жүзінде қолдану.
2.1 Ойын адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың құралы ... ... .
2.2 Еңбек адамгершілікке тәрбиелеудің басты тәсілі ретінде ... ... ...

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар.
Қазақстан Республикасы Парламентінін 27 маусым, 2000 ж. әлем парламснтарияларына жолдаған "XXI ғасыр — Бсйбітшілік псн Адамгершілік ғасыры" қаулысында басты көздслгсн міндст — еліміздің тыныштығы мсн ұрпақ тәрбиесіндсгі әлсмдік рухани ынтымақтастық, ал басты мақсат ұлттық құңдылықтар мен имаңдылық, асқақ адамгершілік сияқты асыл қасисттсрімізді санаға сіңіріп, адамгсршілік тұрғысынан болмысты түсіндірс отырып руханилыққа тәрбиелеу.
XXI ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына, жалпы әлемдік, саяси-коғамдык, әлеумсттік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет адды. Сондыктан еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу — адамзат алдындағы басты міндет.
Е.Ильиинің "...оқушшардың рухани дүниесін дамытпай, Білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны — оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасайды "дегсні мәлім. Оның идеясы бойынша мұғалім жеткіншсктің рухани қалыптасуына ықпал жасау арқылы оның өздігінен жетілуінс мүмкіндік жасайды екен.
Өшпес мұра қалдырған ойшыдарымыз Баласағұн, Қашқари, Яссауи, т.б. еңбектсрі — қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар. Соңдай-ақ Асаң- қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсисттсрінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама. Абай мұрасының, оның педагикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерскше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбыраймен қатар XX ғасыр басыңда тәлімдік ой-пікірлсрімсн барша казақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып. Жүсіпбск, Мағжандардың псдагогикалык, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесіп жатыр.
1. Философиялық сөздік /Құр Нұрғалиев Р. Алматы, "Каз. энциклопесдиясы" бас редакциясы, 1996 ж.
2. Жұмабаев М. "Педагогика" Алматы. Ана тілі
3. Білім мекемесі – оқу тәрбие ордасы / Қожамжарова Р., Бектенғалиев С., Қадырбаева Қ.Қ.. Оспанова Ж Шымкент.
4. Мектеп // 2005 жылғы № 10.
5. Бастауыш мектеп // 2004 жылғы № 6.
6. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы. Білім 1997. 171б.
7. // Егемен Қазақстан. Алматы, 2000, шілде.
8. Әл-Фараби. Әлеуметтік- этикалық трактат. Алматы. 1973. 215-б.
9. Философиялық словарь/ Под ред. Фролова. М., 1980.
10. Аймаутов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор. 1924.183-б.
11. Макаренко А.С. Цель воспитания. Соч в семи томах 5 том. М., 1958.
12. Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясы».
13. Ж. Аймаутов, М. Әуезов. Қазақстан өзгеше мінездері. // Алаш, 1917, 30 наурыз.
14. Ш. Уәлиханова. Таңдамалы шығармалары.
15. Ы.Алтынсарин. Мұсылмандықтың тұтқасы.
16. Браже Т.Г. Из опыта развития общей культуры учителя // Педагогика 1993. 70-74-б.
17. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы. Санат, 1991. 312-б.
18. Сүйіншіәлиев Х. VIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы. Санат ,1999. 280-б.
19. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы. Санат, 1995. 552-б.
20. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, алматы. Жазушы. 1985. 367-б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

I Бөлім Оқушыларда гуманды қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізі.
0.1 Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Адамгершілік тәрбиенің этнопедагогикалық әдебиеттердегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II бөлім Адамгершілік тәрбиені практика жүзінде қолдану.
2.1 Ойын адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың құралы ... ... .
2.2 Еңбек адамгершілікке тәрбиелеудің басты тәсілі ретінде ... ... ...

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Парламентінін 27 маусым, 2000 ж. әлем парламснтарияларына жолдаған "XXI ғасыр -- Бсйбітшілік псн Адамгершілік ғасыры" қаулысында басты көздслгсн міндст -- еліміздің тыныштығы мсн ұрпақ тәрбиесіндсгі әлсмдік рухани ынтымақтастық, ал басты мақсат ұлттық құңдылықтар мен имаңдылық, асқақ адамгершілік сияқты асыл қасисттсрімізді санаға сіңіріп, адамгсршілік тұрғысынан болмысты түсіндірс отырып руханилыққа тәрбиелеу.
XXI ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына, жалпы әлемдік, саяси-коғамдык, әлеумсттік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет адды. Сондыктан еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу -- адамзат алдындағы басты міндет.
Е.Ильиинің "...оқушшардың рухани дүниесін дамытпай, Білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны -- оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасайды "дегсні мәлім. Оның идеясы бойынша мұғалім жеткіншсктің рухани қалыптасуына ықпал жасау арқылы оның өздігінен жетілуінс мүмкіндік жасайды екен.
Өшпес мұра қалдырған ойшыдарымыз Баласағұн, Қашқари, Яссауи, т.б. еңбектсрі -- қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар. Соңдай-ақ Асаң- қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсисттсрінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама. Абай мұрасының, оның педагикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерскше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбыраймен қатар XX ғасыр басыңда тәлімдік ой-пікірлсрімсн барша казақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып. Жүсіпбск, Мағжандардың псдагогикалык, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесіп жатыр.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күн талабындағы жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами қөзқарастары мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі өзегі. Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көз қарас ауытқуына байланысты мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен адамгершілік мәдениеттің үйлесімі бұзылғанына оның апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Надандық дөрекілік, менмендік, алкогализм мен шылымқорлық, нашақорлық, қылмыс жиі кездеседі. Олар күн сайын сағат сайын, өмірімізді улап ұлттың жаны мен тәнінің саулығына нұқсан келтіруде.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жас ұрпақтың ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру. Шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті рухани адамгершілік мәдениеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Қоғамның адамгершілік күштері қалпына келтіруде түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу.

I бөлім. Оқушыларда гуманды қасеттерді қалыптастырудың теориялық негізі.
1 Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік.

Ізгілік - адамның өзінс баға беруінен басталатындығынан жас өспірімнің өзінің өмірдегі орны мсн өмір сүрудін негізгі өзегін және мәні мен маңызын түсінуін, адам сүйгіштік, адам мен адамдық міндсттерге құрметпен қарауын білдіреді. Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ізгілікті адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншіліккс негізделуін, адамның ар-намысын, абыройын, ар-ожданын құрметтеу,жоғары адамгершілік парасаттылық қасиатпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп түсінеміз.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз - бұл қоғамдық морал талаптарына сәйкес келетін оқушылар бойына адамгсршілік сапаларды қалынтастыру мен олардың санасы мен сезіміне мақсатты және жүйелі түрде әсер етуге байланысты болып отыр. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасын, моралдық сезімдерін жетілдіріп, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру керек. Ізгіліктілік - бұл адамзатты сүю, жаңарған қоғам мен білім беру жүйесінде үлкен Азамат-Адамды бағалы жеке тұлға ретінде мойындау. білім беру үрдісіне қатысушылардың арасында демократияландыруды орнату.
Ізгілік -- адамның әдептілік, сыпайылығын өнегелік өзара пайымдылығын білдіретін қасиет. Ізгіліккс тәрбнелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмілік позициясын, қоғамдык сапалық қөзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормасынан ауытқушыларға жол бсрмеуді қалыптастыру болып табылады.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады. Мектсптегі адамгсршілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Сондықтан мектептсгі адамгершіліктің тәрбиесі адамгерішіліктің барлық сатысын қамтитындай шеңберлі болуы тиіс жәнс сынып жетекшісі немесе педагог тәрбиенің баланың дамуына қандай игі әсер стетінін, тәрбие әсерінен оқушы қалай өзгеретінін, адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетінін жақсы білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік сананы қалыптастыру керек. Адамның адамгершілік , дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрескетін анықтайды. Адамгершілік сана адамгершілік сезім тудырады.

0.2 Адамгершілік тәрбиенің этнопедагогикалық әдебиеттердегі көрінісі.

Қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарастарынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірінен жалғасын табады. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жеге алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысгы екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген. Солардың ішінде Ы.Алтынсаринның ізгіліктік көзқарасын ерекше атап айтуға болады. Ол өзінің екі сыныптық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында "егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсак сөйлесуі, шыдамдылык етуі керек. Оқушыларды бағалағанда олардың іске қатысты сөздерін карап емес олардын егістерінің бетіне шықкан жемістеріне, яғни, оқушыларына карай бағалау қажет. Тәлім-тәрбие. оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді. Кінәнің ең үлкені - бала жанының нәзік қылдарын дұрыс сезе алмайтындарында" деп жазды.
Ұлттық мектепттің ізгілікті болуы туралы ой-пікірлер А Байтұрсынв, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде де өз жалғасын тапты. Ахмет Байтұрсынов туған халқының бастауыш білім алуына көп көңіл бөлді. Ол 1913 жылы "Оқу жайы" мақаласында "Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін - мектеп" деп жазып, ұлт болашағы үшін білім алудың маңыздылығын көрсетеді.
Тұңғыш қазақ психолог-педагогтерінің бірі Жүсіпбек Аймауытов "қазақ мектептеріндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары болуы тиіс және ол профессионалдық еркіндікке ие болуы керек" деп білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте оқушы тұлғасын тәрбиелеуде мұғалімнің шеберлігі мен адами көзқарастарының жоғары деңгейде болуы міндетті екендігін атап көрсетеді.
Тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілген ұлтымыздың педагогтері ішінде Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Оның 1922 жылы Орынборда, 1923 жылы Ташкентте жарық көрген "Педагогика" оқулығындағы мұғалім, оқушы тұралы ізгілікті ойлары бүгінгі ұлттық мектеп үшін аса құнды. Ол осы еңбегінде "балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болу ғана жетпейді екен. Бұлар сыннан өткізіліп пісірілмеген күйде бөрік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жаксы, жаманын, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін тәрбие майданыңда шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болуы керек", "Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білітін адам шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін калың қайратпен кеше білетін, адамдық жолға құрбан бола білетін, қыскасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.
Баланы мұдай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін бар білімін жұмсап, жалықпай шаршамай, үйрете білу керек..." дейді.
Ы Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының авторлар тобының еңбегінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы теориялары іс-тәжірибені ізгілендіру мен демократияландыруға негізделеді. Олардың пікірінше, білім беру дегеніміз - баланың өзінің дербес мұмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көру мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу. Сонымен қатар тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады деген заңдылықтарды негізге ала отырып оқушыны маңызы бар істерге тарту туралы, педагогикалық үрдісті демократияландыру мен ізгілендіру жайында тәжірибелер берілген. Іс-әрекетті ұйымдастырудағы рефлексияның мәні оқушының өзін-өзі бақылауына, өз іс-әрекетіне талдау жасауға үйретуге негізделгені анықталған. Сондай-ақ, рухани құндылықтарды оқушы өнер, ғылым, адамгершілік арқылы сіңіріп, ой түйіндейтіні, сөйтіп, әр затқа, құбылысқа өзімдік ой-пікір, көзқарастың қалыптасатыны ғылыми түрде негізделген.
Белгілі ғалым Г.Нұрғалиееа "Оқушылардың құндылықтық бағдар жүйесін көре білу - мұғалімнің маңызды қасиеті" деумен шектелмей. "оқушылардың құндылык бағдары интегралдық жеке тұлғалықлық қалыптасуы, ал құндылықтық бағдар дамудың танымдық, іс-әрекеттік және мотивациялық салаларының бірлігі мен өзара үйлесімділігін сипаттайды" дейді.
Ізгілікпк туралы зерттеу еңбектерде С.Қожаева "Оқу-тәрбие үрдісінде ізгіліктік - адамгершілік, әдеп қасиеттерін қамтитын жиынтық, адамның жеке тұлғалық бейнесінің сапалық көрсеткіші, қоғамңың тіршіпіктің дамуы мен жалпы адамзаттық кұндылыктардың өзекі тірегі негзгі бастауы" десе, X Рахымбекова "Гуманитаризация" термині әдебиеттерде гуманитарлық ғылымдардың кеңеюіне және оқу бағдарламаларындағы гуманитарлы білімнің көбеюін білдіретін білім беруді ізгілендірудің бір жолы" деп көрсетеді. М.Ералиева "ізіліктік - адамгершілік, адамшылық ықыластық, кайырымдылық мәдениеттілік, адамдардың бір-біріне, табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілік және оны бағалап, қамқор болуына жетелейтін күш" дейді.
Абай өмірдің мәні дүниде байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін тісіндіре келіп: "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым гой демектің бәрі де - ақымақтық", - деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесінде екенін айтады (І8-сөзі). Абай сол тәрбиені беруші, баланың өсіп жетілуінің бәрі отбасына, өскен ортасына, көргендері мен байқағандарының салдары екенін, сондықтан бала жақсы тәрбие алу үшін оның ортасын, оған әсер етуші ықпалдардың жағымды болуын І9-сөзінде дәріптейді.
Қазақтың аты әлемге әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, зерттеуші М.О. Әуезов те отбасы тәрбиесі мәселелерін кеңінен қарастырған. Оның шығармаларында көптеген педагогикалық проблемалар күрделі орын алған. Қазіргі халық педагогикасын орынды қолдану мәселесін шешуде ұлы жазушының шығармалары таусылмас қайнар бұлақ болып табылады. Көптеген шығармаларында отбасы тәрбиесінің сан-алуан ерекшеліктері әдеби көрсетіліп, ғылыми түрде талданған. Соның ішінде отбасылық өмір салтын көрсетіп, ондағы ер кісі мен әйел, ата-ана мен балалары арасындағы қарым-қатынасты, ер кісі мен әйелдін үйдегі орнын, рөлін, тұрмыс салтының ерекшелігін суреттеп бейнелеген, М. Әуезов Адамдық негізі - әйел деп аталатын мақаласында адам баласынын даму тарихына көз тастай отырып, о бастан тіршілік көзі де, ұрпақ жалғасы да әйелден басталатынын айтады;. Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұжымның басын құраған әйел екенін, алғашқы қауымнан бүгінге дейінгі әйел бейнесін суреттейді. М. Әуезов баланы дамып, болашақта жақсы азамат болып жетілуінде оның өскен ортасы мен
отбасы ахуалының ықпалы ерекше екенін айтады. Біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін ісіміз, ол біздің анамыз,-деп кеміз қандай ғалым болсын, адамшылығына бірге болатын құлықты бәрібір анадан алатынымызды айтады. Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекше маңыздылығына сіндіре келіп, М. Әуезов тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын талап етеді. Оны адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген - әйел. Сол себепті әйелдің басындағы тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе, - деп әйелдерге бала тәрбиелеуде ерекше қамқорлықтың қажет екенін айтады.
Отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелерін қарастырған казақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Спандияр Көбеевтің жазушылык және педагогикалық қызметі тығыз байланыста дамыды. Оның өлеңдері мен әңгімелері жастарға тәрбие берерлік мазмұнға бай. Әсіресе Үлгілі тәржіме деп аталатын кітабына енген Емен ағашы мен тал шыбық, Құмырсқа мен шегіртке, Түскі тамақ пен кешкі тамақ және т.б. әңгімелері жастарды адамгершілікке, шыдамцылық пен еңбекқорлыққа баулиды.
С. Көбеев отбасы тәрбиесіндегі мандылыққа көп көңіл бөлген. Оның Баланы семьяда тәрбиелеу деген кітабы осының айғағы. Онда ата-аналарға баланы жастайынан отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп береді. Ол ата-анасы баласын әдепті де өнегелі етіп тәрбиелеуі үшін оның әрбір әрекетінің дұрыс болуын қадағалап, бақылап отыруы керектігін ұсынады.
II бөлім. Адамгершілік тәрбиені практика жүзінде қолдану.
2.1 Ойын адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың құралы.

Мектепке дейінгі жаста калыптаскан моралдік сана-сезім мен мінез-құлық барлық балалар іс-әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындагы өзара карым-катынастары кешеніне шешуші ыкпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.
Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінін бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл -өмірдің зандылығы. Енбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еқбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын аркылы баланың ой-өрісі кенейеді. Ойынның өз максаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын аркылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлык әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету қиындықты жеңуде төзімділікке баулу- адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті. Әсіресе ұлттық ойын ойнау баланың салт-дастүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылыктарын қалыптастырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сиякты қасиеттер калыптасады. Мектепке дейінгі естияр жастағы балалардың адамгершілік құндылыктармен қалыптастыруды жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндінің 3-4 жастағы балдырғандарға қарағанда анағұрлым көп екенін аңғарады. Балалар қашанда шындықты айтуға тәрбиелеуі тиіс.
Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі - ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алган дұрыс. Ол "баланы қоғамдық өмірдің әр тцрлі жақтарымен еркін араластыру керек баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет" деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылықка алдық. Тарихи ескерткіш-мұраларға жүргізілген саяхаттар мен танымжорықтар балалардың танымың қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байкадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С. Выготскийдің дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі" дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлык пікір.
Ойынды адамгеріиілікке тәрбиелеудің құралы етудегі басты шарт -- негізінен басшылыққа алынатын нәрсе, ойын мазмұны балаларды еліктіріп, олардың өзара қарым-қатынасы адамгершілік тұрғыда бағыт алуы керек. Жанұя болып ойнаған ойындағы ана өз балалары жөнінде қамданады, олар ауырғанда мазаланады, капитан батылдық көрсетеді, теңіз дауылыңда суға кетіп бара жатқан балықшыларды құтқарады: ұшқыш жауында, найзағай ойнап тұрғанда ауру адамды құткарудағы тау жоталарынан ұшады; мұғалім өз оқушыларын ерінбей-жалықпай оқытады, сабақта қалай отырудың керектігін, әріпті қалай жазуды, кітапты қалай күтіп ұстауды түсіндіреді. Тәрбиеші ойнау барысында тіл алғыш окушыларды мадақтап. батыр моряктардың желден, тулаған толқыннан қорықпайтындығына және балықшыларды аман алып қалатындықтарына сенім білдіреді.
Естияр топтағылардың қуыршақ бұрышы аты жоқ қуыршақтарды сақтау орны болмауға тиіс, қайта әр куыршақтын өз аты, өз мінезі бар, тату-тәтті тұратын қуыршактар жанұясына айналуы қажет. Сонда ғана қуыршақтармен ойын ортақ ойынға тәрбиеленушілердің мейірімділік сезімін қалыптастырады. Өзше мамандык рөлін алу арқылы тәрбиеші, бұл ойындарға жақсы жанұяларға тән үлкендер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты және дәстүрді көшіре аларлықтай стиль табуға жәрдемдеседі.
Ойын кезінде балалар сан түрлі қимылдарды орындайды, қыздарын тамақтандырады, ұйыктауға жатқызады, киіндіреді, серуенге шығарады, дәрігерге апарады, пионер лагеріне шығарып салады, оларға арнап елка құрады және т. б. мақсатқа бағытталған қимылдар жақсы көрушілікті, қамқорлыкты калыптастыруға мүмкіндік береді.Куыршактармен ойын балалардан оларды мұнтаздай қып ұстау үшін, жайлы қамқорлықты және қуыршақ бұрышында тәртіп сақтауды талап етеді. Ананың, тәрбиешінің, шофсрдің рөльдерін орындау арқылы балалар анықталған тәртіпке үйреніп, өте қажет дағдыларды меңгереді. Тап солай, ананың рөліндегі бөбек тәрбиешіге кірді ілуге және алуға көмектеседі, әрі оны үгіктеуді қызығып бакылайды. Балдырғандардың қуыршақтар үшін столға ыдыс жинауды үйрету арқылы, педагог тек ойын сюжетін дамытуды меңгеріп қана коймайды, мұнымен бір уақытта тәрбиеші кейбір мәдени тәртіп элементтеріне, көркем талғамға, шаруашылық дағдыға, жаксы семьяда сақталган дәстүрлерге балаларды баулиды. Балаларды қуыршақ бұрышындағы қуыршақ өмірін ұйымдастыруға тарту -- олардың белсенділігін дамытып, ал өзгелерге қамқорлық қабілетін білдіретін ойындарға қызықтырудың басты шарттарының бірі.
Мектепке дейінгі жастағылар тек қуыршақ ғана емес, басқа да ойыншықтар ойнауға өте құмар.
Мен бұл "допты жақсы көремін, -- дейді Лека. -- Мен әрқашан да оны мен ойнаймын, -- деп түсіндірді ол Игорьға қарап. Оның белдеуіндегі қызыл жолақты қарашы. Игорь Ленаға допты кайтып береді, ал ол оны кеудесіне жайлап қысады. Қалған балалар бұл әңгімені колдайды. Мен де ез добымды сондай ұнатам. Ол қандай биікке секіреді, караңдаршы, Ал, менің добым бәрінен де алысқа домалайды. -- Ал.менікі де жоғары секіреді. Балалар қызыға-қызыға өз доптарының жақсы қасиеттерін көрсете бастайды.
Балалардың мұндай әңгімелерін қолдау қажет. Доптардың барлық балаларға ортақ және әр бала кез келген ойыншықтарды ала алады деген стандартты ескертулерден аулақ болған жөн. Тәрбиеші балалардың ойыншық жөніндегі қызықты әңгімесіне араласып кеткенде, ол зор нәтижелерге кол жеткізеді.
Тәрбиеші, Ленаның өз добын қалай ұқыпты тазалап жатқанын көріп: Ленаның добы қалай жарқырайды, қараңдаршы. Тіпті, ол оған күліп тұрғанға ұқсайды, -- дейді.
Балалар да өз доптарын жаппай тазалауға кіріседі. Ал менікі жарқырай ма?, Ал менің добым күліп тұр ма? -- деп сұрайды. Басқа бірде тәрбиеші. Балалар, мен бүгін ерте келдім, сендер жоксыңдар, барлық ойыншықтар орындарында екенін көрдім. Қуыршақтар стол жанында отыр, ал қояндар мен аю балалары өз бұрыштарында, олардың бірге болғандары өздеріне жылы да жайлы. Ал, мына аюдың баласын мен қол жуатын жерден тауып алдым. Оны онда біреу ұмытып кетіпті. Оның өзі ғана, орындық үстінде жатып және сондай көңілсіз болды, -- деді. Тәрбиеші аюдың баласын сипап койды. Сережа педагогқа жүгіріп келді де аю баласын алды да оны құшағына алып қысты.Оның процесінде тәрбиеші балалар мінез-құлкына әр түрлі ықпал ету әдістерін қолданады. Олар: ескертулер, кеңестер, сұрақтар. Кейде тәрбиеші өзіне белгілі бір рөль алады.
Тәрбиеші балалар сезіміне ықпал етеді, оларды нактылы адамға еліктетеді, оларды белгілі бір адамгершілік нормаларды орындаудың қажеттігіне сендіреді.
Балалар дәрігердің, музыкалық қызметкердің құрылыс бастығының, капитанның талаптарын ықыласпен орындайды, бұлардың рөлінде тәрбиешінің ойнауына болады. Балалар бірте-бірте бірігіп, тату ойнау ережелерін меңгереді, тату ойнау -- жолдастар жасаған құрылысқа ұқыптылықпен қарауды түсіне бастау, кімді ренжітсе, егер ол қиындыққа кездессе соған болысу, оған көмектесу, құрбысының ойын, жақсы инициативасын қолдай білу, кешірімді бола білу, құрылыс материалын немесе ойыншықты сыпайылап сұрап ала білу, ойындағы кезектілікті сақтай білу.
Біріне-бірінін ынта коюы, бірін-бірінің ұнатуы, біріне-бірінің жолдастық қарым-қатынасы, -- міне, осының бәрі балалар бірлестігінің тұрақтылығына негіз болып табылады, коллективтік қарым-қатынасты қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер тудырады. Қоллективтік кызметтен сырт калғандарға ересектердің ерекше қамқорлығы керек. Оларды ортақ ойынға, енбекке, ойын-сауыққа тарта білу керек. Бұл үшін мұғалімнің әр баланы, оның күшті жақтарын, артыкшылыктарын жан-жакты бағалай білуі керек. Мұғалімнің әр баланың жеке басының қасиеттеріне берген бағасы оның басқалармен араласып, оның баскалармен қарым-қатынасын не қиындатып, не жеңілдетуі мүмкін. Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрде қатысуға деген ынтықтығы ойын үстінде көрініс табады. Ойын -- олардың дүниені, шындыкты тану жолдарының бірі. Бала ойын үстінде маңызды коғамдык оқиғаларды көп ретте өз шама-шаркынша түсіне отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл-күйі осы ойын үстінде айрыкша көрінеді және калыптасады. Шындап берілмейінше ойын -- ойын болмай қалады. Ойын окиғаларына ынта- ықылысына төмендеді дегенше, ол тоқтады дей беріңіз. Ойын дегеніміз ешқашанда мәжбүр етуге, міндеттілікке негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның баска қызмет түрінен айырмашылығы да осында жатыр. Түрлі ойындар балалар коллективін ұйымдастыруға, қуанышты, сергек көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі. Бала өзін ойын үстінде жайшылықтағыдан жоғары сезіне алатындыктан, Макаренко оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар қызмет түрі ретінде қарады. Ойнамайтын коллектив ешкашан да шын мәнісіндегі балалар коллективі бола алмайды, -- деді ол.
Ұйымдастырушы балалар, жетекші балалар өздерін осындай коллективтік ойындар арқылы көрсетеді және қалыптастырады. Ойынға қатысушылар белгілі бір ережелерге, нормаларға бағынуды үйренеді.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Балалар доп ойнайды, жіппен секіреді, жасырынбақ ойнайды, шана тебеді, тағы басқа ойындарды ойнайды. Балалардың бір белегі футбол, хоккен, волейбол ойындарын, стол үсті ойындарын, дойбы, шахмат, қасқыр мен қой, тағы басқа ойындарды ойнайды. Ережелері бар бұл ойындарды ойнағанда балалар өз ойындарын басқа қатысушылардың әрекеттерімен үйлестіреді, белгілі бір ережелерге бағынады, оларды бұзбайды, олай болмаса ойынның шыркы бұзылады. Сюжетті рөльде ойнау ойындарында елімізде болып жатқан маңызды оқиғалар, баланы қоршаған ортаның құбылыстары көрініс табады.
Тұрғын үйлер, метро салып, космонавтар болып, соғыс ойынын ойнағанда және тағы басқаларды ойнағанда балалар басқа дүниеге келгендей әсер алады, өздерін құрылысшы, ұшкыш, әділеттілік үшін күрестің жеңімпазы -- әскери адамның орнында сезінетін болады. Мұндайда балалардың қиялдауға бейімділігі көрініс береді, қиялдауы дамып, жетіле түседі. Педагог балалардың мазмұнды ойындарын ұйымдастыру арқылы олардың бойында жақсы адамдарға, ерлерге еліктеу, қызығу сезімін тәрбиелейді, балалардың солардай болғысы келу тілегін оятады. Педагог балалар еліктейтін қаһарман басынан кешірмеген, бірақ олардың өз ойындары үстінде солар істеді деп жасап жүрген жақсы қылыктарына назар аударып отырады. Балалар мен өткізілетін бұл тәрізді талқылаулар олардың білімін молайтып, балалардың қиялын бағыттап отырады.
Балалардың ойындары мейлінше әр түрлі болып келеді. Алайда, кейде олардың мазмұны, аясы тар болады. Сол себепті де ойынға педагогикалық басшылық жасалмаса, ойын аркылы балалардың адамгершілік тұрғыдан дамуына тиімді әсер жасалмайды. Мәселен, балалар бір ойындарды жыл бойына үзілістермен ойнайды, олардың кейбіреулерінің мазмұнына әр түрлі өзгерістер енгізіп отырды. Бұл -- соғыс ойыны, кыздар мен аналар болып ойнау, әр түрлі кимылы мол ойындар (паровоз ойыны, жасырынбак, футбол ойыны т. б.). Енді бір ойындар басталды да, жеткілікті түрде дамымады; (атын балалардың ездері қойған) почта, аурухана, дүкен ойындары. Кейбір ойың түрлерін педагогтардың өздері арнайы ұйымдастырды: мектеп ойыны, қуыршақ ойыны, мергендікке жарыс ойыны, конструктор ойыны.
Ойын үстінде балалар алдын ала келісіп алған белгілі бір ережелерді катаң сақтауға тиіс. Мәселен, кім кай кезде өлуге тиіс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеялары
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Өзін-өзі тану пәніндегі бағалау ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Пәндер