Каспий маңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері



1. Каспймаңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
1.1 Каспи маңы ойпатының географиялық орыны.
Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Каспймаңы ойпатының геологиялық тұрғыдан зерттелуі ... ... ..8
1.3 Каспймаңы ойпатының геотектоникалық құрылысы ... ... ... ... ...
2. Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалары
2.1 Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалардың түзілу жолдаоры ... ...
2.2 Каспймаңы ойпатының жанғыш пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ...
2.3 Каспймаңы ойпатының химиялық шикізаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебйеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Каспймаңы ойпатының аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін орын және химиялық шикізаттарға өте бай.
Каспймаңы ойпатының аумағында жер қойнауынан өндірілетін мұнай, табйғи газ химиялық шикізаттар тау-кен, машина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуғам қолайлы жағдай туғыза отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және шетедік компанияларды тарта отырып, отын-энергетика кешенінін, химия, машинажасау өнеркәсіптерін, құрылыс индустриясын дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Каспи маңы ойпатының мұнай-газ әне хемогенді кенсіз шөгінді пайдалы қазбалардың түзілу жолдарын, оларды өндіруге байланысты туындаған түйінді мәселелерді анықтауымен өзекті.
Курстық жұмыстың мақсаты:
• Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктерне негізделіп пайдалы қазбаларын түзілу жолдарына қарай топтастыру;
• Орал – Емб,і Теңіз Қарашығанақ мұнайлы алаптары мен кенорындарының пайда болу жолдарын айқындау;
• Ежелгі Шығыс Европа платформасының аумағындағы биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру;
• Каспймаңы ойпатының аумағындағы кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын анықтау.
Бітіру жұмысын міндеттері:
• Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орындарының ерекшеліктерімен геологиялық тұрғыдан зерттелуін;
• Каспймаңы ойпатының геологиялық құрылысының ерекшелігі мен геологиялық даму тарихын;
• пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтарын;
• жанғыш пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен орындарына кешенді сипатама беріп геологиялық құрылысының ерекшелігін анықтау;
• Каспи маңы ойпатының ірі кен орындарында өндірілген мұнайды экспорттауға мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған және жобаланған құбырлар мен олардың шаруашылық маңызын анықтау;
• Мұнаймен кенсіз шөгінді пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты туындаған экологиялық түйінді мәселелерді анықтау.
1. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
2. Физическая география Казахстана. / Под ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
3. Чупахин В.М. Физическая география Казакстана. Алматы: мектеп, 1968.С. 83-90
4. Ш.Есетов, Д.Қонаев, С.Мұхаметжанов. Недра Казахстана.-Алма-Ата: Қазақстан,1969. С123-125.
5. И.И. Блок, А.В.Паршин. Полезные ископаемые Қазахстана.-Алма-Ата: издд-во АН Каз ССР,1961. С.23-25.
6. Беспалов В.Ф. Геологическая строение Казахской ССР – Алма – Ата: Наука, 1971. - С. 21-25.
7. Беспалов В.Ф. Геологическая строение Казахской ССР –
Алма – Ата: Наука, 1971. - С. 100-115./
8. Абдуллин А.А. Геология и минерологические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.34-46.
9. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. – Алма – Ата: Наука, 1981.-С.64-85.
10. Беспалов В.Ф. Геологическая строение Казахской ССР – Алма – Ата: Наука, 1971. - С. 100-115.
11. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.120 – 161./
12. Ж.С.Сыдықов. Подземныу воды Каспиского нефтегазоносного района.- Алматы: Казгос ИНТИ,201, С.26-37.
13. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР.
М: Высшая школа, 1986. – С. 250-311.
14. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. - С. 100-115.
15. Казахстан природные условие и естественные ресурсы, СССР. – М: Наука, 1969. - С. 128-139.
16. Ш.Есетов, Д.Қонаев, С.Мұхаметжанов. Недра Казахстана.-Алма-Ата: Қазақстан,1969. С454-457.
17. Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1990. – С. 204 – 221.
18. Беспалов В.Ф. Геологическая строение Казакской ССР – Алма – Ата: Наука, 1971. - С. 125-143.
19. Ш.Есетов, Д.Қонаев, С.Мұхаметжанов. Недра Казахстана.-Алма-Ата: Қазақстан,1969. С 346-354.
20. Проект освоение месторождения Тенгиз(Казахстан) // Нефтегазодобыа в странах СНГ. Независимое нефтянное обозрение «Скважина» - 1999- С-42-45.
21. Ш.Есетов, Д.Қонаев, С.Мұхаметжанов. Недра Казахстана.-Алма-Ата: Қазақстан,1969. С368-374.
22. Казахстан природные условие и естественные ресурсы, СССР. – М: Наука, 1969. - С. 139-147.
23. Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений. Алматы: КИСИ, 2002. С 122-130.
24. Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений. Алматы: КИСИ, 2002. С 148-157.
25. Качество определяет направление транспортировки Казахстаникой нфти // Нефть и капитал.-2002.- № 9.-С. 69.
26. Качество определяет направление транспортировки Казахстаникой нфти // Нефть и капитал.-2002.- № 9.-С. 70-71.
27. Абдуллин А.А. Геология и минерологические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.184-193.
28. Физическая география Казахтана. / Под ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.92-105.
29. Бизнес в зеркале политики // Нефтегазовая вертикаль .-2002.-9.
30. Бизнес в зеркале политики // Нефтегазовая вертикаль .-2002.-10.
31. На распуте // Petoleum.-2001. № 5.-С.33.
32. У. Кожантаева. Параллельные старты // Деловая нделя.-31 мая 2002.-С.8.
33. Надиров Н. Перспективы развития магистральных нефтепроводов./ Магистраль.-2001.- № 1. – С. 15.
34. Глушкова Н. Проект ОЭТ БТД делает еще один шаг на пути к рзвитию //Panorama.- 19 июля 2002. – С.9./
35. Надиров Н. Перспективы развития магистральных нефтепроводов./ Магистраль.-2001.- № 1. – С. 15.
36. Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1990. – С. 234 – 236.
37. Атлас СССР. – М: 1983.
38. Большой Атлас Каз. ССР.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .. 2
1. Каспймаңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
1.1 Каспи маңы ойпатының географиялық орыны.
Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Каспймаңы ойпатының геологиялық тұрғыдан зерттелуі ... ... ..8
1.3 Каспймаңы ойпатының геотектоникалық құрылысы ... ... ... ... ...

2. Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалары
2.1 Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалардың түзілу жолдаоры ... ...
2.2 Каспймаңы ойпатының жанғыш пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ...
2.3 Каспймаңы ойпатының химиялық
шикізаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебйеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Каспймаңы ойпатының аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының
ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны,
шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке
салаларын дамыта отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға
мүмкіндік беретін орын және химиялық шикізаттарға өте бай.
Каспймаңы ойпатының аумағында жер қойнауынан өндірілетін мұнай, табйғи
газ химиялық шикізаттар тау-кен, машина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы
мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуғам қолайлы жағдай
туғыза отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік
береді.
Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және шетедік компанияларды тарта
отырып, отын-энергетика кешенінін, химия, машинажасау өнеркәсіптерін,
құрылыс индустриясын дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті
мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Каспи маңы ойпатының мұнай-газ
әне хемогенді кенсіз шөгінді пайдалы қазбалардың түзілу жолдарын, оларды
өндіруге байланысты туындаған түйінді мәселелерді анықтауымен өзекті.
Курстық жұмыстың мақсаты:
• Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орны мен геологиялық
құрылысының ерекшеліктерне негізделіп пайдалы қазбаларын түзілу
жолдарына қарай топтастыру;
• Орал – Емб,і Теңіз Қарашығанақ мұнайлы алаптары мен кенорындарының
пайда болу жолдарын айқындау;
• Ежелгі Шығыс Европа платформасының аумағындағы биогенді және
хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына
шаруашылық тұрғыдан баға беру;
• Каспймаңы ойпатының аумағындағы кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен
орындарын анықтау.
Бітіру жұмысын міндеттері:
• Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орындарының
ерекшеліктерімен геологиялық тұрғыдан зерттелуін;
• Каспймаңы ойпатының геологиялық құрылысының ерекшелігі мен
геологиялық даму тарихын;
• пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтарын;
• жанғыш пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен орындарына
кешенді сипатама беріп геологиялық құрылысының ерекшелігін анықтау;
• Каспи маңы ойпатының ірі кен орындарында өндірілген мұнайды
экспорттауға мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған және жобаланған
құбырлар мен олардың шаруашылық маңызын анықтау;
• Мұнаймен кенсіз шөгінді пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты
туындаған экологиялық түйінді мәселелерді анықтау.
- Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Бітіру жұмысын жоғрғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта
мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан , қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Каспймаңы ойпатының аумағының физикалық-географиялық
орыны, геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының түзілу заңдылықтары
қарастырылып геологиялық картасы мен кестелер берілген.
Екінші тарауда Каспймаңы ойпатының ірі мұнай, газ, тас көмір, кенсіз
пайдалы қазбалардың кен орындарына сипаттама беріліп, олардың қорына
шаруашылық тұрғыдан баға беру, өндірілген мұнайды тасмалдайтын халықаралық
мұнай құбырларрының маңызы қарастырылған.

1. Каспймаңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
1.1 Каспи маңы ойпатының геомарфологиялық- геологиялық тұрғыдан
зерттелуі

Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орны.Каспи маңы ойпаты шекарасы
айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді. Каспи маңы
ойпаты Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен
оңтүстікке 450, батыстан шығысқа 730 шақырымға созылып жатыр. Аймақ
солтүстік-шығысында Мұғалжар таының етегіндегі Орал алды немесе Ембі
үстіртімен, солтүстігінде Жалпы сыртпен батысында Еділ өзенімен
оңтүстік-батысында Каспи теңізімен , оңтүстігінде Маңғыстау мен Үстіртпен,
шығысында Шағырай ұстіртімен шектеседі. Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Аттырау облыстарының аумағын қамтиды. Оңтүстік шеткі
нүктесі 470421 с.е. Солтүстік шеткі нүктесі 49036’ с.е. Батыс шеткі
нүктесі 460 ш.б. пен530 ш.б. Аймақтың аумағында Ақтөбе, Атырау, Орал,
Ақсай, Қандыағаш, Доссор сыяқты ірі және орташа өнеркәсіпті қалалар мен
кенттер бар Олардың көбі Жайық Елек , Ембі өзендерінің жағалаулары мен кен
орындарында, теміржолдың бойында орналасқан. Каспи маңы ойпатының ойпаты
теңіз деңгейінен орташа биіктігі 100-150 метрден аспайды. 1
Ойпаттың әр бөлігінде үстірттер көтеріліп жатады. Дүниежүзілік
мұхиттардан алыс жатқандықтан климаты шұғыл континенттілігімен күшті желді
күндердің көп болуымен ерекшеленеді.Географиялық орнының ерекшелігіне сай
шөл және шөлейт зоналарына тән аумақтың табиғат кешендері таралған.Каспи,
Басқұншақ, Индер тағыда басқа көлдері бар. Географиялық орынының
ерекшеліктеріне сай Каспи маңы ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері
бар.Олар:
• Материктің ішкі бөлігіндегі 470421 - і 490361 с.е. аралығындағы
орынының;
• дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
• мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының
трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-
шашынның аздығы;
• Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воеиков білігінің
оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін
арттыруы;
• транзитті Жайық , Жем ,Үлкен және Кіші өзендерден басқа өзен
торларының болмауы;
• құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің
таралуы.
Каспи маңы ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының
барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.2
Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп
мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық
орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең
аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) Тұтастай алғанда
табиғатына аридтілік тән. Осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ
ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен
жүретін эрозиялық әрекеттер басым болады. Жерүсті суларының тапшылығы мен
табиғатының қолайсыздығы табиғат байлықтарын игеруге қолайсыздық тудырады.
Қазіргі кезеңде игеріліп жатқан мұнай кен орындарын тұщы сумен
қамтамасызету өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан
гидрогиологиялық зерттеулер жүргізуді әліде жалғастыру мәселелері туындап
отыр.
Каспи маңы ойпатының геологиялық тұрғыдан зерттелуі. Каспи маңы
ойпатының жер бедерін жүйелі түрде зерттеу өткен ғасырдың ортасынан
басталады. ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы жиһангездер өз усуптерінде сипаттаған.
1733-1771 жылдар аралығында Ресей ғылым академиасы ұйымдастырған
экспедициалар Қазақстанның батыс өңіріндегі Каспи маңы ойпатының зерттеді.
Оларды сол кезде танымал болған атақты ғалымдар И.Г. Гмелин, П.С.Паллас,
И.Ф.Фальк т.б. басқарған. 1755-1771 жылдарда Каспи маңы ойпатындан әскери
топографтар экспедициясы зерттеді. Бұл экспедициясы Батыс Қазақстан жерін
Ұлытау өңіріне дейін шолып өтіп көптеген геологиялық, этнографиялық
мәліметтер жинаған. Жергілікті тұрғындардың көмегі мен сол кездегі табылған
кен орын-дарын картаға түсірген. Экспедиция өзі жинаған деректерге сүйене
отырып, Каспи маңы ойпатының табиғатының ерекшеліктері туралы алғашқы
мәліметтер келтіреді.. Оған қатынасқандар Каспи маңы ойпаты мен Мұғалжарды
зерттеген Эвересмаңының Үстірт бойындағы Л.С.Берегтің Н.А.Северцев пен
И.А.Борщев басқарған экспедиция (1857) Доссордан мұнай кен орнын ашады,
олар Алатау мен Қаратау өңірінен бірнеше қор- ғасын, мыс, күміс кен
орындарын тауып, көптеген геологиялық деректер жинайды.1865-1879 жылдар
аралығында патша әскерінің полковнигі, А.С.Татаринов қазақ жерінің батысы
мен оңтүстігінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргіді.3
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысын зерттеудегі жаңа бетбұрыс
1916-1920 жылдар аралығында басталған. ХІХ ғасырдың 90-жылдары Сібір темір
жолын салу жоспарына байланысты Қазақстанның Каспи маңы ойпатының
көптеген зерттеу Экспедициялары шыға бастайды. Бұл экспедициялардың кей
біреулерін белгілі геологтар: А.А.Краснопольский, А.К.Мейстер,
А.Б.Высоцкий, т.б. Көптеген кен орындарын ашады.Бұл аймақта мұнайдың бар
екені жөнінде 1857 жэылы Н.Северцов пен –И.А.Борщев жазған. Олардың
деректерін 1874 жылы Кирпичников, 1886 жылы С.Н. Никитин дәлелдеді.Тек
С.Н. Никитиннің дәлелді қорытындысынан кейін ғана 1894 жылы геологиялық
барлау жұмыстары басталды. Барлау жұмыстарын сол кезеңдегі ең көрнекті
геологтар К.И.Борщев пен С.Н.Никитин жүргізді. 1894-1908 жылдар аралығында
Каспи маңы ойпатының мұнайын зерттеу құқығы жеткілікеі мөлшерде
қаржысы бар Леманның консессиялық компаниясының ғана құқығы болды.1911
жылы Доссор кен орынындың 3- скважинасында 225-226 метр тереңдіктегі юра
қабатынан алғашқы мұнай өндірілу басталды. 1913-1915 жылдар аралығында
Мақат кен орынында юра бор қабаттарынан мұнай өндіріле бастады.
1912 жылы патшалық Ресейдің геология комитеті Ембі мұнайлы – газды
алабында А.Н Зямятин мен Н.И.Тихонович зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
аймақтың геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады.
1913 жылы олар Мәртөк тұз күмбезіндегі Құмсай кеішінен құмға
сіңіп, жер бетіне шығып жатқан мұнай кенін анықтады. Каспи маңы
ойпатының геологиясы жайлы ғылыми көз қарастар, И.В.Мушкетовтың
зерттеулерінде қамтылған.
ХХ ғасырдың басында Л.С.Берг пен Н.А.Тихонович өздерінің ғылыми
зерттеулері негізінде Каспи маңы ойпатының түзілуі жайлы тұғырнама
қалыптастырып , жер бедерін түзілу жолдарына қарай топтастырды. Алғашқы
геомарфологиялық аудандастыруды Л.С.Берг жүргізді Ол 500 мың шаршы
шақырым аумақты алып жатқан Орал-Ембі мұнайлы-газды алабындағы бұлақ,
төмпешік түріндегі мұнай көздері мен басқада белгілерін дәлелдеді. 4

1918 жылдан бастап республика аумағының жаппай геологиялық картасын
жасау ісі қолға алынды. Осыған орай 1921 жылы Қазақстан жерінде 8-
геологиялық барлау тобы жұмыс істеді, ал 1927 жылы ондай геоло-гиялық
топтардың саны жиырмаға жетті. Қазір Қазақстан территориясында Қазақ ССР
геология минстірлігіне қарасты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін
жүздеген экспедициялар мен топтар бар.Сонымен қатар геологиялық ғалымдар
иниститутының жүздеген топтары қазақ жерінің мол қазынасын ашуға өз
үлестерін қосуда өздерінің кен іздеу сапарларын қазақ жерінен бастаған,
есімдері елімізге танымал геологтар да аз емес.
Кеңес үкіметі тұсында бұл аудандардағы мұнайды кең түрде игеру
міндетін алға қойды. Осыған орай мұнай тасу үшін Александров-Гай— Ембі
темір жолы салынды. Осы темір жол бойымен мұнай ағызатын құбыр салу
мәселесін де көтерді. Міне, осы міндеттерге сәйкес Орал — Ембі мұнайлы
аудандарын зерттеуге академик И. М. Губкин бастаған көрнекті ғалымдары мен
геологтар белсене қатысты.
Мұнай шаруашылығын реттеуде 1920 жылы ұйымдастырылған Ембімұнай
тресі үлкен роль атқарды. 1925 жылы сол кездегі алдыңғы қатардағы бұрғы
салу әдістері қолданылды, ал 1927 жылы Гурьев—Доссор темір жолы салынып
бітті.
Мұнай іздестіру саласында жаңадан ашылған геофизикалық тәсілдер:
гравиметрия (жыныстардың салмақ күшін өлшеу), сейсмика (толқынының
таужыныстары қабаттарынан өту жылдамдығын өлшеу), магнитометрия
(жыныстардың магниттік күшін өлшеу), каротаж (жыныстардың радиоактивтілігін
өлшеу) және электрлік барлау кең түрде пайдаланылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бұрыннан белгілі кен орындарына Байжүніс
(1931), Ескене (1934), Қосшағыл (1935), Сағыз (1938), Құлсары (1939) сияқты
жаңа кен орындары ашылып, іске қосылды. 5
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Каспи маңы ойпатындағы мұнай
іздестіру жұмысы қауырт қолға алынды. Геофизикалық тәсілдерге негізделген
күрделі жұмыстарды Қазақстанмұнай бірлестігі, Ақтөбемұнай және
Қазақмұнай трестері жүргізді.
Мұндай барлау жұмыстары мұнай кен орындарының санын молайта түсті.
Қошқар (1944), Тентексор (1943), Мұнайлы (1948), Төлес (1947), Қаратон
(1949), Тереңөзек (1956), Тәжіғали (1957), Қарсақ (1958) кен орындары
ашылып, пайдалануға берілді. Таңатар және Прорва, Қаратон кен орындары іске
қосылды. Ембінің терістік жағынан Кеңқияқ, Көкжиде, Құмсай, Қопа, Ақжар,
Мартыши және Камышитов кендері мұнай бере бастады.
Каспи маңы ойпатының жер қойнауын зерттеуге академик И. М. Губкин,
И.П.Герасимов, Б.А.Петрушевский, С.Ю.Геллер, В.Н.Кунин, Л.Г.Гаель,
М.П.Петров, Д.С. Коржинский, үлкен территориялық және әдістемелік маңызы
бар (1937,1943,1946, 1947). Олар нақты бір аймақтың материалдары негізінде
алғаш рет Каспи маңы ойпатының бедерінің морфоқұрылымдық және
морфомүсіндікер екшеліктерін ескере отырып жіктеді.
Каспи маңы ойпатының көп қабаттылығының қалыптасуы оның мезозойлық
пенеплен және эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы
тұғырнаманы 1940 жылдары Г.Ц.Медоевтың өзінің еңбектерінде көрсетті.
Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958,
1916, 1965 жж.) Е.Е.Милановский (1961, 1967 жж) К.В.Никифорова (1960 ж),
В.И.Бабак (1964, 1968 жж), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ
жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жинақталған маңызды
геоморфологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар Орта Азия
мен Қазақстанның жазықтары мен таулары атты монография шықты.
Қазақ КССР ғалым академиясының геология ғылымдары инситутының
геоморфология бөлімі Г.Ц.Медоевтың жетекшілігімен 20-жыл көлемінде
геологиялық-геоморфологиялық түсірілімдер жасады. Нәтижесінде Қазақстан
Республикасының алғашқы масштаюы 1:1000000. 500000 геоморфологиялық
картасы жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды ғылыми және
бибилографиялық деректер бар.6
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысынле зерттеулер жеке
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларын кеңестік
кезеңде Қазақ КСР Ғылым Акадамиясының президентінің басшылығымен Қ.И.
Сатпаев атындағы геология ғылымдары институтының ғалымдарыУ.М.Ахметсафин,
В.А.Бочкарева,

1.2 Каспи маңы ойпатының геотектоникалық құрылысы.Жер бедері
Каспи маңы ойпатының геологиялық даму тарихы

Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысы өте күрделі. Бұл оның
жеке аудандарының ежелгі және жаңа кезендегі геологиялық даму тарихымен
тығыз байланысты. Аймақтың жеке бөліктеріндегі геосинклинальдық даму
жағдайы әртүрлі тау түзілу кезендерінде аяқталады.
Кембриге дейінгі қатпарлық Қазақстанның батысында Каспий маңы ойпатында
өтті. Бұл ауданда ежелгі Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіретін
Каспий маңы синиклизасының қатпарлы негізі пайда болған. Осымен бірге
протерозойда кейінгі каледон қатпарлығына жататын облыстардың ежелгі
ядросы қалыптасқан.
Палеозойдың басында Қазақстан аумағындағы Каспий маңы синеклизасынан
басқа көпшілік бөлігі Орал-Монғол геосинклинальдық белдеуінің құрамына
енген. Оны геологтар екінші сөзбен Орал-Тянь-Шань геосинклинальдық белдеуі
деп те атайды. Орал-Монғол белдеуі Альпі-Гималай және Тынық мұхит
белдеулері сияқты жер шарындағы аса зор геоқұрылымдардың қатарына жатады.
Ол Шығыс Еуропа, Сібір Солтүстік Қытай және Тарим платформаларының аралығын
түгелдей алып жатыр. 7
Палеозой эрасының кембрий мен силур дәуірлерінің аралығында Каспи маңы
ойпатының аумағын саяз теңіздер алып жатқан геосинклинальді зона болды.
Саяз теңіздердің арасынан жанар таулардың түзілген аралдар су бетіне шығып
тұрады.Тау жыныстарының көпшілігі жанартаулар атқылау нәтйжесіндегі
магманың жер бетінде қатуынан түзілді (эффузивті магматизм) құрлықтың
ұлғаюына байланысты Каспи маңы ойпатының аумағы біршама көтеріліп саяз
теңізге айналды.өсімдіктер құрлықа шығып, климат аридтеніп алғашқы шөлдер
түзеді. Тау түзілу үрдісі аяқталғаннан кейін тас көмір, перм дәуірлерінде
каледон қатпарлығында түзілген. Каспи маңы ойпатының толығы мен Саяз
теңіздер алып жатқан геосинклинальдық режим сақталды..
Қорыта айтқанда полезой эрасының бірінші жартысында каледон,
екінші жартысында герцин қатпарлығында Қазақстанның ірі тау жүйелерінің
түзіліп еліміздің аумағының көп бөлігі құрлыққа айналды. Мезозойдың
басында каледон, герцин қатпарлығындағы тау жүйелері бұзыла бастағаны мен
теңіз табанына батқан жоқ.
Мезозой эрасының Триас дәуірінде геосинклинальдар (саяз теңіздер)
еліміздің батыс бөлігінде Каспий маңы ойпаты, Орал алды (Ембі) үстірті мен
Маңғыстау түбегінде сақталады. Қалған бөлігін құрлық алып жатқандықтан,
құрғақ ариді климат қалыптасып тау жыныстар ының үгілуін күшейтті.
Жерқыртысының баяу көтерілуінен Каспи маңы ойпатының оңтүстігінде
Маңғыстау таулары пайда болды. Әктасты жыныстардың түзілуі. Оны таудың
мезазой эрасынан әктасты жыныстардың түзілуі дәлелдейді.
Бор дәуірінде теңіз трансгрессиясы артып, батыс Каспи маңы ойпатының
оңтүстігінде мен Тұран жазығын толығымен теңіз суы басты. Құрлықтың
көлемінің кішірейуіне байланысты юра дәуірінде ылғалды климат қалыптасты.
Ылғалды климат өсімдіктердің кеңінен таралып. Жер қыртысына шөгуін
күшейтуінің нәтижесінде қазіргі Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпатында
мұнай газ алаптарының түзілуіне әсер етті.8
Юра кезеңінде континетальдық режим Каспи маңы ойпатының басым
бөлігінде сақталған жоқ.. Аймақты тұтас алып жатқан теңіз орта және
жоғарғы юра кезеңінде жойылды. Төменгі юра қалдықтары Орал Ембі аймағы мен
Маңғыстау (платосында) үстіртінде өзен және көл түрінде таралған. Бұдан
орта юра кезеңінде солтүстік батыс теңіз суы қаптады. юралық жел әсерінен
жалаңаштанған жыныстарына ақ түсті бор, юра кезеңінде жанартаулық үрдістер
аз болды. Алайда сол кездегі магматизм көрінісі қазіргі кунде Алакөл,
Кетмен, Обаған жерлерінде орналасқан.
Бор дәуірінің соңына қарай тектоникалық қозғалыстардың біршама жандануына
байланысты құрылықтын көтерілуі Каспи маңы ойпатының бөлігін алып жатқан
теңіздің шегінуіне себеп болған. Теңіз тек Каспий төңірегінде ғана
сақталған. Кайназой эрасында Каспи маңы ойпатының полеогеографиялық
жағдайы күрт өзгерді.
Палеогеннің ортасында (эоценде) аса зор теңіз трансгрессиясы өтті.
Теңіз суы солтүстік-батыста Оралдан оңтүстікте Орта Азия тауларына дейінгі
алқапты түгелдей қамтыған. Батысқа Мұғалжар теңізге суғына кірген түбек
сипатын алған.
Дегенмен Жайық-Жем алабының кей жерлері теңіз қысқа мерзімге ғана
жауып, көп ұзамай шегініп кеткен. Қазақстанның геологиялық даму тарихының
соңғы кезенінде палеогеннен бастап қазіргі кезге дейін климатын салқындап,
құрғай түскені, континенттігі арта бергені айқын көрінеді.
Каспи маңы ойпатының геологиялық даму тарихының ұзаққа созылуы және жеке
аудандарда әр түрлі сипатта жүруі оның геологиялық құрылысының күрделігін
тудырады. Қазақстан аумағы төмендегідей облыстардан тұрады.
Ең ежелгі геологиялық құрылымы- Кембриге дейінгі орыс платформасы.
Қазақстанға оның оңтүстік-шығыс шеті Каспий маңы синеклизасы кіреді. Бұл
ауданда Кембриге қатпарлы ірге тасы өте тереңде жатыр. Геофизикалық
деректер бойынша оның үстіндегі шөгінді тау жыныстары қабаттарының
қалыңдығы 20-км-ден асады. Беткі қабат тау жыныстарының ең үстінде Каспий
теңізінің плиоцен төрттік трангрессияларының теңіз шөгінділері тараған.
9
Төменгі полеозойдың (Кембрий мен Силурдың басы) тау жыныстарына
теңіз табанында шөккен құмдар мен әктастар, сазды тақта тастар жатады.
Себебі төменгі Силурда Қазақстан аумағы Саяз теңіздің табаны болған,
төменгі полеозой жыныстары Орталық Қазақстанда көп кездеседі. Олар
геологияляқ картада Силур мен девон төменгі тас көмір түзілген жыныстарыда
Каспи маңы ойпатында кең тараған.
Каспий маңы ойпатында тұз төңпешіктер түрінде шоғырланған.
Кайнозой эрасында Каспи маңы ойпатындағы леогеографиялық жағдай
толығы мен өзгерді. Палеоген дәуірінде құрлықтың біртіндеп көтеріл-іп
теңіздердің регрессиясының нәтижесінде теңіздік жағдай тек Каспий маңы
ойпаты мен үстіртте сақталады.
Неоген төрттік дәуірде жер қыртысында жарылыстар пайда болып Альпі
орогенезінің жүруіне болған неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде
құрлықтың көтерілуінің байланысты Каспи маңы ойпатының аумағындағы
теңіздер таратылып, қазіргі жер бедері қалыптасты. Төрттік дәуірдегі тік
бағыттағы қозғалыстардан соң құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты.
Каспймаңы ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері
Каспи маңы ойпатының аумағының ірі болуына мен геологиялық құрылысының
ерекшелігіне сай жер бедері жатық оңтүстік-батысқа Каспи теңізіне қарай
еңіс болуымен ерекшеленеді. . Ол Каспи маңы ойпатының геотектоникалық
құрылысымен аумақтың геологиялық даму тарихымен түсіндіруге болады. Негізі
алуан түрлігі ірі тегіс ойпаттар мен жазықтардың кезектесіп келуімен
ерекшеленіледі. Оңтүстік-батысында Каспи теңізінің деңгейі дүниежүзілік
мұхит деңгейінен -26 метр төменжатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысында
жер бедері біртіндеп 250-300 метрге дейін көтеріледі. Аймақтың жер
бедерінің ерекшелігі мен табиғи кедергілердің болмауына байланысты далалы,
шөлді-шөлейтті ландшафтлардың қалыптасуына әсер етеді. 10
Каспи маңы ойпатының жер бедерінің үш түрлі ерекшелігі бар. Каспий
маңы ойпаты табиғаты аридті болып келуімен ерекшеленетін биіктігі әр түрлі
жазықтардың кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Еңбиік солтұстік-шығысының
абсолют биіктігі 350-400 метрге жетеді. Мұнда негізінен жалды-төбелі,
белді белесті жер едері басым. Олардың суайрықтарының бетікі қабатын
қалың лессті жыныстар жауып жатқандықтан жер бедері жатық әрі қриссталды
жыныстардың жербетіне шығуы байқалмайды. Мұгалжар маңындағы Орал алды
немесе Жем үстірті өзен аңғарларымен қатты тілімделген. Елек өзенінің
батысында бор дәуірінің әктасты жыныстары кең таралғандықтан жер бедерінің
карстылы пішіндері кең таралған.Олардың ауызының диаметрі 20-30 метрге
жетеді.
Оралалды үстіртінің солтүстік батысында Қазақстан мен Ресей
шекарасының маңында солтүстік-батысқа бағытталып созылып жатқан абсолют
биіктігі 200-260 метр аралығында ауытқитын жер бедерінің ерекше пішіні
Жалпы сырт таралған Жер бедерінің аталған пішіндері Каспи маңы ойпатының
қиыр слотүстігінде Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Жалпы сырталды үстірт біршама көтеріңкі түғырлы жазықтардың
қатарына жатады. Оның басым бөлігін Жайық пен оның салалары қатты
тілімдеуінен эрозиялық жербедері алып жарыр. Олар Орал алды үстірті мен
Жалпы сырталды үстірттерін Жайықтың солжақ салалары Елек, Қобда, Сағыз,
Ойыл, Ембі өзендрінің аңғарларында кең таралған.
Тұғырлы және қабатты жазықтар Каспи теңізінің солтүстік-шығысына
қарай біртіндеп аласарып, ежелгі теңіздік жазықтарға ұласады. Теңіз
деңгейінен 70-80 метрден аспайтын ойпаңдардағы жерасты суы жер бетіне
жақын жатқан жерерде шағын лиманды көлдер мен сорлар тақырлар, құм
шағылдар кең таралған. 11
Аймақтың көп бөлігін абсолют биіктігі 0-100 метрден аспайтын
теңіздік көлдік аккумулятивтік жазықтар алып жатыр. Каспий маңы ойпаты
теңіз денгейінен -26 м. төмен жатқан ежелгі теңіздің табанының
көтерілуінен түзілген. Көп бөлігін құмдар мен сортандар алып жатыр. Ойпат
солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа Каспий теңізіне дейін
аласарады.
Морфологиялық тұрғыдан алғанда Алакөл ойысы жер бедерінің әр түрлі
пішіндерінің үйлесуімен ерекшеленеді. Мұнда биік тау жоталарымен қатар
тегіс жазықтар басым. Тегіс жазықтар көп қазан шұңқырлары (Алакөл,
Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы), борпылдақ жыныстары уақытша ағынсулардың
шаюынан түзілген жыралар сияқты жер бедерінің теріс пішіндері мен қатар
көл жағалауындағы дюналар, бұйраланған құм жолдары сияқты оң пішіндері
күрделендіреді. Алакөл ойысында жер бедерінің әр түрлі пішіндерінің
үйлесуі қалыптасу тарихының күрделілігін көрсетеді.
Каспи маңы ойпатының жер бедерінің аккумулятивті пішіндері.
Каспи маңы ойпатының аккумулятивтік жер бедері үш ірі топқа бөлінеді.
1. 1.Мұғалжар тауының батысындағы Жем , Жалпы сырт үстірттерінің
элювиальды- етегіндегі пролювиальды көлбеу жазықтар;
2. 2.Каспи маңы ойпатының орталығы мен оңтүстік-батысындағы алювиальды-
көлдік жазықтар;
3. Аймақтыңорталығы мен батысындағы Жайық пен Еділ өзендерінің
аралығындағы эолдық аккумуляция таралған аудандар.
4. Қарастырылатын аумақта жер бедерінің үш биіктіктік - аймақтық типтері
бар.
o Бірінші типке абсолют биіктігі 75-80 метрден аспайтын көп бөлігі
теңіз деңгейінен төмен жатқан, беті бір шама нашар тілімделген
ойпаттар;
o екінші типке абсолют биіктігі 75-350 метр аралығын қамтитын
оңтүстік – батыстан солтүстік- шығысқа біртіндеп көтерілетін
көлбеу қабатты жазықтар;
o үшінші типке абсолют биіктігі 350 - 400 метр аралығында
ауытқитын Орал – Мұғалжар тауларының батысы мен оңтүстік
бөліктерін қамтитын жер асты суларын қоректендіретін үстірттер
жатады.
Аккумулятивтік жер бедерінің аталған үш түрінің әрқайсысы жер
бедерінің ерекшелігіне, геологиялық құрылысының сипатына сай бірнеше тип
тармақтарына бөлінеді. 12
Каспи маңы ойпатының жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерін
қалыптастыруда жел ерекше роль атқарады. Аймақтың көтеріңкі бөлігінде жер
бедерінің тегіс емес пішіндерін бұзса жазықтарға үрленген ұсақ тау
жыныстарын шөктіреді. Желдің аккумулятивтік әрекетінен түзілетін жер
бедерінің пішіндері.Жер бедерінің басқа пішіндеріне қарағанда эолдық
аккумулятивтік жер бедері Каспи маңы ойпатының басым бөлігін алып жатыр.
Жер бедерінің эолдық пішіндері негізінен Каспи маңы ойпатының
орталық және батыс бөлігінде кең таралған .Олар өсімдіктермен бекіген
құмды алқаптардың қатарына жатады. Негізгі құмды алқаптар Еділ мен Жайық
өзендерінің өзендерінің аралығында орналасқан. Олардың ең ірілері Нарын
Тайсойған құмдары.
Жер бедерінің сипаты мен морфологиялық белгілеріне қарай бекіген
жалды тоқталған төбелі белесті - белді және бекімеген сусымалы құм
төбелері дюналы құмдарға толптастырылды.Құм жалдарының көлденең қимасы
ассиметриялы болып келеді. Көлбеулігі 30-450 дейін жетеді. Солтүстік
беткейі тік, оңтүстік шығыс беткейі ұзын әрі біршама көлбеу болып келуімен
ерекшеленеді. 13
Құм жолдарының барлық ұзындығына жүзгін, шеңгел, сексеуіл мен
жусанды астық тұқымдас өсімдіктермен бекіген. Кей жерлерінде ұсақ
түйіршікті сарғыш-сұр түсті құмдар таралған. Аталған құмды алқаптар
негізінен кварцитті құм түйіршіктерінен, сирек жағдайда дала шпаты мен
кварцит түйіршіктерінен тұрады.
Бекіген құмтөбелерінің шоғырлары Нарын , Тайсойған құмдарында
таралған Олар сексеул, қараған жүзгін сияқты бұталармен және астық
тұқымдас шөптесін өсімдіктермен бекіген, Құм төбелердің биіктігі 5-6; ені
10-15; ұзындығы 20-30 метрге дейі жетеді. Бектейлерінің көлбеулігі 20-250
дейін жетеді. Құм төбелерінің аралықтарын кең ойысты шұңқырлар бөліп
жатыр.
Достық теміржол бекетінің маңына жақыдағанда құмтөбелерінің
аралығында шағын тақырлар кездеседі. Шығысында теміржлдан шамамен 400-
600 метр қашықтықта құмтөбелер тегістеліп біртіндеп жербедерінің эолдық
пшіндері жойылады.
Жартылай бекіген белесті құм жалдары Барлық тауының етегінде Емел
өзенінің аңғарына бағыттас ендік бағытта созылып жатқан бірнеше белесті құм
жолдарының тізбегінен тұрады. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі Емел өзенінің
жайылма үсті үшінші текшесінде биіктігі 18-20 метрге жететін құм жолдары
айқын байқалатын кемер түзеді. Құм жусан астық тұқымдас өсімдіктермен нашар
бекіген жекелеген құм жолдары мен жол аралық ойыстардың салыстырмалы
биіктігі 12 метрге жетеді. Құмжолдардың шығыс бектейі тік болып келеді. Құм
жолдарының ұзындығы 80-250 метр аралғында ауытқиды. Кей жердегі бекілмеген
құм жалдарын толығымен жел үрлеп ұшырып әкететіндіктен олардың орнында жер
бедерінің басқа аймақта кездеспейтін ерекше пішіндері түзіледі.14

1.3 Каспий маңы ойпатының кен орындарының түзілу жолдары

Каспи маңы ойпатының аумағының ірілігіне, геологиялық құрылысының
ерекшелігіне сай негізінен жанғыш және химиялық шөгінді пайдалы
қазбалардың мол қоры бар. Слардың ішінде мұнай мен табиғи газдың, құрылыс
материалдарының мол қоры бар. Ааектоникалық құрылысы мен геологиялық даму
тарихының ерекшеліктеріен сай әркелкі таралған.
Кен түзілу көріністерінің қарқындылығы мен сипатына қарай Каспий маңы
ойпаты аумағы шөгінді жанғыш және химиялық пайдалы қазбалар шоғырланған
Шығыс Европа платформасының синиклизасы болып табылады
Ең ежелгі тектоникалық құрылымдардқ эементтерінің қатарына Қазақстан
республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Шығыс Европа
платформасының ірге тасы мантияға батқан синиклийзасы болып табылатын
Каспий маңы ойпаты жатады. Кембриге дейінгі құрылының ірге тасы тереңде
жатқандықтан қалыңдығы 10-12 мың метрге дейін жететін полеозой, мезозой,
және кайнозой жасындағы қалың шөгінді жыныстар жауып жатыр.
Платформалық құрылымда магматизм әрекеті жүрмегендіктен негізінен
эгзогендік шөгінді, биогенді және хемогенді пайдалы қазбалар шоғырланған.
Каспий маңы ойысындағы хемогендік жолмен түзілген тұз күмбездерінің
құрылымдарында галиттің (тас тұзы) калий мен бор тұздарының сульфатының
мұнай мен қоңыр көмірінің мол қоры шоғырланған.
Тұз күмбезінің негізгі бөлігінің ядросын тас тұзы құрайтындықтан әрбір
күмбезді галит кен орны деп есептеуге болады. Олар: Жылан, Индер, Шалқар,
Сатымола, Шөптікөл сияқты Каспий маңы ойпатының шеткі аймақтарында
таралған. 15
Ақтөбедегі Орал маңындағы, Қарашакөл, Қара өзен тұз кен орындарынан
басқа доломиттенген және теңіз маржандары (рифтерден) түзілген әктастардың
кен орындары флос, әктас алу мақсатында құрылыс материалдары ретінде
қолданылады. Бор палеоген дәуірінің саздары цемент, керамзит алуға, мұнай
бұрғыларына қажетті ерітінді ретінде қолдануға болады.
Ақтөбедегі Жем үстіртінде құмды фосфориттің 60 астам кен орны
анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілерінің қатарына Богданов, Жаңа
Украина, Шилісай кен орны Шилісай кен орнындағы фосфор барланған қоры 350
миллион тонна деп бағаланған. Жоғарғы бордың шөгінді кен орындарының
қатарына Орал қаласы мен Ақтөбе облысының аумағындағы Орал алды
үстіртіндегі мергел (цемент шикізаты) мен жазатын бор кен орындары
жатады.
Құрылыста кеңінен қолданылатын мергельдің қоры ондаған миллион
тоннадан асады.Ал Ақтөбедег феррақортпа заводын қажетті флюспен қамтамасыз
ететін Анастасев, Ақжар кеніштеріндегі әктастың қоры 30 млн. тоннадан
асады. 16
Каспий маңы ойпатының маңызды биогендік шөгінді пайдалы
қазбаларының қатарына полеозой эрасының девон және кайнозой эрасының
неоген дәуірлеріндегі ежелгі теңіз табанында түзілген мұнай мен жанғыш
табиғи газ конденсат кен орындарының маңызы зор. Олар Каспий маңы
ойпатында әр келкі таралған. Олардың ішіндегі қорымен өндіру мүмкіндігі
жағынан болашағы зор кен орындарының қатарына тұз қабаттарының астындағы
карбонатты шөгінді жыныстардың қалың қабатында кесдесетін. Теңіз, Жаңа жол
мен Кеңқияқ, солтүстігіндегі Қарашығанақ кен орындарын жатқызуға болады.
Аталған кен орындарында Қазақстандағы мұнай мен газ қорының 32
бөлігі шоғырланған. Салыстырмалы түрде шағын болғаны мен саны жағынан көп
әрі қарқынды игеріліп жатқан мұнай кені орындарының қатарына Орал-Ембі
мұнайлы ауданы мен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы кен орындарын
жатқызуға болады. Олардың қатарына Доссор, Мақат, Қосшағыл, Құлсары кен
орындарын жатқызуға болады.
Неоген-Төрттік дәуірлеріндегі қарқынды тектоникалық қозғалыс
әсурінен юра, бор дәуірлерінің мұнайлы қабаттарын да қамтып, нәтижесінде
үзілмелі қозғалыстардың маңындағы Жер бетіне жақын жатқан мұнайлы
қабаттар тау жыныстарымен араласып қарашайыр немесе асфальт кен орындары
түзілді. Қарашайырдың кен орындары мұнайдың гипергенді өзгерістерінің
нәтижесінде түзілді. Олардың қатпарына Маңғыстау түбегіндегі Қарамұрат,
Ақша, Дөңгелексор кен орындары жатады.
Каспий маңы ойпатының юра, бор, палеоген, неоген және төрттік
дәуірдің шөгінді қабаттарындағы түщсы су көздері шаруашылық мақсатқа
кеңінен қолданылуда. Мұнай кендері мен бірге емдік мақсатта кеңінен
қолданылатын жоғары дәрежеде минералданған күкірт сутекті, бромды, иодты
басқада су көздері кең таралған.
Геологтардың деректеріне қарағанда, жер қыртысының даму тарихында
осыдан 30—35 миллион жыл бұрын, яғни олигоцен заманында бұл өлкенің
көптеген жерлерін ұсақ құм қабаттары басқан болатын. Кейінгі ғасырларда
сол құм қабаттары су өтпейтін саз қабаттарымен бүкелген. Міне осы құм
қабаттарына бұрғы салынса немесе оларға дейін қазылса, тамаша тұщы судың
көздері ашылады. 17
Ал бұл су көздерімен іргелес сазды қабаттардың бетінде түзілген
ащы көлдер де бар. Мысалы, Шағлы, Үлкен Қараой, сияқты суы ащы көлдердің
жағалауларындағы құм қабаттарының бойында тұщы су көздері ашылып, олар
елді мекендерді ауыз суымен қамтамасыз етуде.
Әрине, қазылған су көздерінің кейбір жерлерде тым тереңде жатқандары
да бар. Олар бор дәуірінде, яғни осыдан 100 миллион жыл бұрын пайда болған
кұм қабатында кездеседі. Ондағы сулы құм қабаттарының қалыңдығы 3—4 метрден
25—30 метрге дейін жетеді, ал тереңдігі 250—500 м шамасында.
Тереңдікке орналасқан су көздерінің тағы бір ерекшелігі —олар жер бетіне
үлкен қысым күшімен өздері көтеріліп, кейде өздігінен бұлақ болып ағып
жатады.
Каспи маңы ойпаты өзен, көл тұщы су көздеріне өте тапшы аудандардың
қатарына жатады. Бұл өлкенің ең үлкен өзені, әрі суы мол Жайық негізінен
Батыс Қазақстанның шеткі аудандарын ғана қамтиды, ал Ақтөбе облысындағы
кішігірім өзендер жаз ортасына қарай суы азайып, кейде шағын ғана
айдындарға бөлініп қалады.
Орал-Мұғалжар төңірегінде жер асты суының негізі атмосфералық жауын-
шашындардан пайда болған. Олардың тереңдіктері жер бетінен 5—50 метрден
аспайды. Олар кей жерлерде бұлақ болып жер бетіне тәулігіне 100—250 текше
метр шамасында тұщы су шығарып жатады.
Жайық, Ембі өзендерінің аңғарларындағы жыралар мен сай-салаларды қуалай
ағатын бұлақтар да кездеседі. Ембі, Нарынқұм аумақтарында жер асты су
қабаттары 50—100 метр, кейбір ойпат құрылымдарда 300—600 метрге дейінгі
тереңдікте кездесе береді. Сондықтан да бұар, олардың дебит мөлшері
тәулігіне 2000—3500 текше метрге дейін жетеді.
Каспи маңы ойпатының рталық бөлігінде теренартезиан бассейндері
ашылып отыр, олардың ішінде ең ірілері Шалқар, Тоғаз, Шілікті, Сексеуілді,
т. б. Олардың орташа тәулік дебиты 1000—1700 текше метр шамасында.18
Каспи маңы ойпатының аумағындағы геологиялық құрылымында пермь-триас
пен төрттік дәуірлер аралығындағы шегінді жыныстар бар, солардың арасында
жер асты суы бор және пермь-триас дәуірлерінде пайда болған
жыныстар бойында ғана кездеседі, осындай сумен Ералиев поселкесі өз
мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп отыр. Оның тәулігіне беретін суы 1000—1500
текше метрге дейін жетеді. Құм жалдарының арасындағы тұщы су аймақтың
орталық аудандарындағы жер асты су көздерінің тәулігіне беретін тұщы су
мөлшері 25000 текше метрге жетеді.
Құм линзаларының арасындағы тұщы су көздері Бозащы түбегіндегір Қаражамбас,
Қаламқас кен орындарындағы мұнайшылар кенттерін қажетті тұщы сумен
қамтамасыз етуде, Ол өндіріс орындарынан не бары 50—60 шақырым қашықтықта
орналасқан, тәулігіне 5—6 текше метр су береді.

2. Каспи маңы ойпатының пайдалы қазбаларры
2.1 Мұнай –жанғыш табиғи газ кен орындары

Каспи маңы ойпатындағы мұнай шөгінді жыныстар арасында кең тараған өте
маңызды қазба байлық. Әдетте мұнай газ тәріздес көмірлі сутектерімен бірге
1,2—2 шақырым тереңдікте пайда болған. Жер бетіне таяу жатқан тереңдікте ол
қоюланған малта (ботқа), шала қатқан қара шайырға (асфальтқа) басқада
заттарға айналады.
Мұнай әр түрлі көмірлі сутектерінен (алкандар циклоалкандар) және көміртегі
мен сутегінің қосындыларынан басқа оттегінің, күкірттің, азоттың
гетероатомдарынан (гетеро — грек тілінде — әр текті) құралады. Оның
құрамында күрделі көміртегі 82—87%, сутегі 11 — 15%, күкірт 0,05—0,35%,
кейде 0,7%, азот 0,001—8% мөлшерінде болады. Жер қойнауында мұнаймен бірге
әр түрлі газдар да кездеседі. Бұл газдар екі түрлі жағдайда ұшырайды: 1)
еріген газдар — ауыр көмірлі сутектері; 2) газ түрінде: этан, пропан,бутан,
аз шамада гелий, аргон. Бұларды отын және химиялық шикізат есебінде
пайдаланады.19
Каспи маңы ойпатындағы мұнайдан Атрау мұнай өңдеу заводында керосин,
бензин, автол сыяқты жағар майлар, басқа да әр түрлі азотты тыңайтқыштар,
спирттер, синтетикалық аммиактар, бояулар, лактар, парафиндер нитоглицерин,
тағы сол сияқты толып жатқан құнды заттар алынады.
Каспи маңы ойпатындағы мнай шығатын негізгі жәндік планктон болып
табылады, ол су қоймаларында ең көп мөлшердегі органикалық сапропель тектес
затпен тығыз байланысты, онда көмір сутегі жоғары мөлшерде болады.
Негізінде мұнайды бойына сақтайтын жыныс балшықтар, оларды аналық жыныстар
деп те атайды, сирек жағдайда кар-бонаттар (әк тас, доломит, т. б.),
құмдауыт саздар да мұнайды бойларына сақтай алады.
Айймақтағы жер қойнауындағы мұнайдың мөлшері әр түрлі болады,
кейбір мөлшері мен көлемі аз қуыстарда бірнеше мұнай болса, көлемді
орындарда ондаған миллиард текше мерт мұнай жиналады. Бірнеше мыңдаған
тоннадан жоғары мөлшердегі мұнай шаруашылық үшін қажетті деп саналады.
Каспи маңы ойпатындағы мұнай өндіру 1911 жылы ашылған Доссор, 1915 жылы
ашылған Мақат кен орындары шамалы мөлшерде мұнай өндіретін. Кеңес үкіметі
тұсында бұл аудандардағы мұнайды кең түрде игеру міндетін алға қойды.
Осыған орай мұнай тасу үшін Александров-Гай— Ембі темір жолы салынды.
Осы темір жол бойымен мұнай ағызатын құбыр салу мәселесін де көтерді. Міне,
осы міндеттерге сәйкес Орал — Ембі мұнайлы аудандарын зерттеуге академик И.
М. Губкин бастаған көрнекті ғалымдары мен геологтар белсене қатысты.
Мұнай шаруашылығын реттеуде 1920 жылы ұйымдастырылған Ембімұнай
тресі үлкен роль атқарды. 1925 жылы сол кездегі алдыңғы қатардағы бұрғы
салу әдістері қолданылды, ал 1927 жылы Гурьев—Доссор темір жолы салынып
бітті.20
Мұнай іздестіру саласында жаңадан ашылған геофизикалық тәсілдер:
гравиметрия (жыныстардың салмақ күшін өлшеу), сейсмика (толқынының
таужыныстары қабаттарынан өту жылдамдығын өлшеу), магнитометрия
(жыныстардың магниттік күшін өлшеу), каротаж (жыныстардың радиоактивтілігін
өлшеу) және электрлік барлау кең түрде пайдаланылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бұрыннан белгілі кен орындарына Байжүніс
(1931), Ескене (1934), Қосшағыл (1935), Сағыз (1938), Құлсары (1939) сияқты
жаңа кен орындары ашылып, іске қосылды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Каспи маңы ойпатындағы мұнай іздестіру
жұмысы қауырт қолға алынды.
Геофизикалық тәсілдерге негізделген күрделі жұмыстарды
Қазақстанмұнай бірлестігі, Ақтөбемұнай және Қазақмұнай трестері
жүргізді. Мұндай барлау жұмыстары мұнай кен орындарының санын молайта
түсті. Қошқар (1944), Тентексор (1943), Мұнайлы (1948), Төлес (1947),
Қаратон (1949), Тереңөзек (1956), Тәжіғали (1957), Қарсақ (1958) кен
орындары ашылып, пайдалануға берілді.
Таңатар және Прорва, Қаратон кен орындары іске қосылды. Ембінің
терістік жағынан Кеңқияқ, Көкжиде, Құмсай, Қопа, Ақжар, Мартыши және
Камышитов кендері мұнай бере бастады.
Жаңа кен орындарының табылуы Қазақстан жері де мұнай өндіру мен өңдеу
жұмыстарын ұйымдастыру толық мүмкіндік туғызды. Бұрын тек қана Атрау мұнай
өңдейтін заводын қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отыр.
Орал — Ембі мұнай бассейні 500 мын, шаршы километрдей алаңды алып жатыр.
Бұл алаң Гурьев, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерлеріне
орналасқан. 21
1912 жылы Россияның геологиялық комитеті Ембі бассейнінің төңірегінде
жүргізілген геологиялық жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып, сол маңның
геологиялық ерекшеліктерін баяндайтын материалды бастырып шығарады, бірақ
барлау жұмысын жүргізбеді.
Бұл істі жеке кәсіп иелерімен көпестер жүргізді, ол үшін олар мұнай
сырын білетін әйгілі геологтарды шақырды. Бірақ жеке кәсіп иелері қанша
тырысса да 1917 жылға дейін мұнай қоры мен оның көлемін толық анықтай
алмады. Бұл міндетті совет геологтары ғана толық шешті.
Ембі төңірегіндегі мұнай кен орындарының ерекшелігі-олардың кең алқапқа
бытырай тараған тұзды қабаттармен тығыз байланысты болуында. Ондай
күмбездердің жалпы саны екі мыңға жуық. Кейде ондай қабаттар тұзды,
мұнайлы, күкіртті, әрі газды болып келеді. Мұнай таралуындағы осындай
ерекшеліктер Орал —Ембі бассейнінің төңірегінде мұнай іздеу жұмысын көп
жеңілдетті.
Геофизикалық тәсілдердің көмегімен жүргізілген геологиялық-іздеу
жұмыстарының нәтижесінде Каспий ойпатында отыз екідей мұнай және газды-
мұнай кен орындары барланды. Осыған байланысты Байшұнас, Ескене, Қосшағыл,
Сағыз, Қаратон, Қошқар және басқа да мұнай өндірістері құрылды.
Орал —Ембі мұнайы төмен температурада қайнайды және ол мұнайдың майлы
түрлеріне жатады. Доссор, Мақат, Сағыз, т. б. кен орындарындағы мұнай
бұрынғы КССР-ың басқа аудандарында сирек кездеседі, бұлардағы мұнай
кұрамында күкірт, парафин және шайырлар да аз мөлшерде болады.
Бұл орындардың мұнайы палезой эрасының пермь, мезезой эрасының
триас, юра және бор дәуірлерінде пайда болған шөгінді жыныстар аралығынан
кездеседі, шамалы мөлшері плиоценде пайда болған жыныстар аралығында да
бар.
Ембі алабындағы мұнай жер бетінен 50—2420 метр тереңдік аралығында
жатыр, негізгі қоры 800 метр тереңдіктен әрі аспайды. Мұнайдыңьол қоры
орыны Қеңқияқ, Прорва және Баранкөл кен орындарында шоғырланған. Мұндағы
мұнайды скважинаға қойылған насостар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Тұран жазығы
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Жайық өзені алабындағы өзендер
Пәндер