Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары


Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І-тарау. Оқыту процесін компьютерлендірудің теориялық негіздері
1. 1 Оқыту процесінің мәні мен мазмұны . . . 6-7
1. 2 Оқыту процесін компьютерлендіру мәселелерінің мазмұндылығы . . . 7-11
1. 3 Электрондық оқулық және оның тиімділігі . . . 11-18
ІІ-тарау. Оқыту процесін компьютерленуін ұйымдастыру жолдары
2. 1 Мектептегі оқыту процесін компьютерлендіруді ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері . . . 19-23
2. 2 Оқыту процесін компьютерлендіру перспективалары . . . 23-32
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34-35
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі : Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді.
«Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Кокституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым) .
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту» күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі тандайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай оз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны калыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ен күрделі түріне жатады.
Қазіргі кезде арнайы мектептер, гимназиялар, жоғары оқу орындары жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар оқу процесін жаңаша оқытуға негізделе бастаған .
Дәстүрлі оқу теориясы мен іс-тәжірибесінің қазіргі кездегі білім саласы информатикаландыру технологиясын пайдалану қажеттілігін тудырады. Білім алушылырдың қабілетін дамыта алатын оқу процесін, әсіресе өз бетінше орындалатын жұмысты ұйымдастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал етуі керек. Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды окулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды окулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты - оқыту процесін компьютерлендіру арқылы білім алушыларға тереңдете білім беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Оқыту процесін компьютерлендірудің проблемалары мен перспективаларын анықтау;
- Оқыту процесін компьютерлендірудің жүзеге асу жолдарын қарастыру.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Курстық жұмыстың міндеттер:
- Оқыту процесінің мәні мен мазмұны
- Оқыту процесін компьютерлендіру мәселелерінің мазмұндылығы
- Электрондық оқулық және оның тиімділігі
- Мектептегі оқыту процесін компьютерлендіруді ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері
- Оқыту процесін компьютерлендіру перспективалары -
Зерттеу базасы : Т. Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп гимназиясы.
Зерттеу әдістері : Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.
І-тарау. Оқыту процесін компьютерлендірудің теориялық негіздері
1. 1 Оқыту процесінің мәні мен мазмұны
Соңғы жылдар білім беру жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т. б. ) құрал [5] .
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады:
- компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) ;
- бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу) .
Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру - педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды.
Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында жаңа, әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімділігін көрсетеді, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды [1] .
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге, оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан - программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс [6] .
Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау - берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі . Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.
Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды .
1. 2 Оқыту процесін компьютерлендіру мәселелерінің мазмұндылығы
Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не үрдісін дұрыс құра білу керек.
Есептеуіш техникаларды пайдалану оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудыратыны сөзсіз. Ал бірінші тоқсанның соңына қарай олардың бастапқы талпынысы төмендейді, ЭЕМ құралынсыз сабақ қызықсыз көрінетін болады. Сабақта ЭЕМ техникасын пайдалану оқушылардың күшті не әлсіз даму деңгейін талғамайды, өйткені, ол бәрін бірдей дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең [3] .
Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісіне енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Өйткені, ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.
Есептегіш машинаны оқып үйренуші қандай режимде жұмыс істесін оның іс-әрекеті мұғалімнің бақылауында болуы тиіс. Олай деуіміз негіз, бүкіл сыныптың қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс көрсеткіштеріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т. б. ауыстырып отыруы тиіс. Сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушының назарын экран мен пернетақтадан басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие [3] .
Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық окулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электроңдық практикум" берілген оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып - үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар кәзіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагокикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымыздың басты мақсаты - оқушыға және студентке тереңде тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр муғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға студентке меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білүі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: студенттердің пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен, студентпен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр турлі тапсырмалар беріп, барлық студент білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр студент, өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану студентті шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Студент пен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар студенттің психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз [6] .
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында басталған компьютерлік программалар көмегімен оқыту ойдағыдай нәтиже бере алмады, өйткені программалық құралдар сапасы төмен болады да, олар бұрында қолданып келе жатқан технологиялардан асқан нәтиже бере алмайды. Оған себеп, сол кездерде компьютерлер көптеген мектептерде болған жоқ. Сондықтан балалар да, мұғалімдер де компьютерлерді тұрақты оқу құралы деп санамады. Кейбір зерттеушілер тіпті сол компьютерді оқу процесіне қолдану қажеттілігіне үлкен күмәнмен қарады.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдерін атап өтейік:
- Оқыту мақсатын анықтау;
- Өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектісін талдап алу және оның тиісті құрылымын жасау;
- Оқыту тәсілін таңдау
- Сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру;
- Сабақты жүргізудің программасын (программалау тілінде) жасау;
- Пән мұғаліміне арналған әдістемелік құрал жасау;
- Педагогикалық эксперимент;
- Оқу процесіне компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу;
Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады. Педагогикада оқыту мақсаттарының үш түрі болатыны белгілі, олар: білім беру, дамыту және тәрбиелеу [9] .
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабактарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр [9] .
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар кәзіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагокикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымыздың басты мақсаты - оқушыға және студентке тереңде тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр муғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға студентке меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білүі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: студенттердің пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен, студентпен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр турлі тапсырмалар беріп, барлық студент білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр студент, өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану студентті шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Студент пен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар студенттің психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады [10] .
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның акпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс [8] .
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.
1. 3 Электрондық оқулық және оның тиімділігі
Білім берудің саласында "Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материаддарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақьпта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады [7] .
Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық окулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электроңдық практикум" берілген оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып - үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz