ОҢТҮСТІК БАТЫС АЗИЯ МЕМЛЕКТІ


ОҢТҮСТІК БАТЫС АЗИЯ
Оңтүстіктен Алдыңғы Азия тау қыратына Евразияның қалған бөліктеріне қарағанда өзінің пайда болуы мен табиғи жағдайының бүкіл комплексі жөнінен көршілес Африкаға неғұрлым жақын Евразия континентінің бір бөлігі ұштасып жатады. Ол - көбіне Оңтүстік-Батыс Азия болып аталатын- Аравия мен Месопотамия түбектері.
Материктің бұл бөлігі қалған Евразияға неоген дәуірінде ғана шеткеріректе Альпі-Гималай қатпарлы белдеуінің көтерілген тау ғимараттарын жасаған Месопотамия иінінің толуы нәтижесінде бөлшектенеді.
Генетикалық жағынан Оңтүстік Батыс Азия африкалық платформаның бір бөлігі болып табылады, бұл одан Қызыл теңіз опырығының пайда болуына байланысты неогендік-төрттік дәуір кезінде біржола бөлінген.
Пайда болу жалпылығы, тропиктік белдеуде орналасқандық, палеоклиматтық жағдайлардың ұқсастығы және қазіргі климат, органикалық дүниенің бірлігі Аравияны Сахараның нақты жалғасы етеді.
Оңтүстік-Батыс Азияны Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігінің жас теңіздері үш жағынан шайып жатады. Олар - опырылған жерде пайда болған Қызыл теңіз, Аден мен Оман шығанақтары, тау етегіндегі иікді суға толтырған Персия бұғазы және нағыз мұхиттық тектоникалық ойыстағы - Аравия теңізі. Осы теңіздердің, бәрі де қатты қызатын континенттер әсерін көреді, муссондық әрекетке ұшырайды және суының температурасының жоғарылырымен, оның тұзының көптігімен ерекшеленеді. Судың беткі қабатының тым жылитын кезі май айынан август айына дейін: Аравия теңізінде +29, +30°С, Қызыл теңізде +32°С-ге дейін, Персия шығанағында +35 0 С-ге дейін. Бұл дүние жүзілік мүхит бетінде байқалған ең жоғары температура. Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігінде 800 метр тереңдікке дейін +12°С температура сақталады. Судың қатты булануы мен ағынының нашарлығы Үнді мұхиты теңіздерінің тым тұзды болуына жағдай жасайды. Аравия теңізінде тұздылық 36-36, 5%. Персия шығанағында-37-39%. Қызыл теңізде дүние жүзілік мұхиттағы аса зор тұздылық - 41 %. Сөйтіп, Оңтүстік-Батыс Азия тропиктік шөлдер мен шөлейтті ландшафтар басым келетін аридтік территориялардан тұрады да Дүние жүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды суларымен шайылып жатады.
АРАВИЯ ТҮБЕГІ
Дүние жүзіндегі аса ірі Аравия түбегі үшін физикалық-географиялық тұтастық және кең-байтақ территориядағы ландшафтар бірегейлігі тән. Онда Африканың тропиктік шөлдерінің жалғасы ретіндегі шөлдер басым. Аравия түбегінің шөлді ландшафтары Синай түбегінде түгел дерліктей өзгермейді. Көлемі жағынан 3 миллион шаршы километрден асатын зор физикалық-географиялық облысқа Сауд Аравиясы және Персия, Аден шығанақтары мен Аравия теңізі жағалауларына орналасқан бірнеше шағын араб мемлекеттері, солтүстігінде - Сирияның бір бөлігі, Ирак және Иордания енеді.
Тектоникалық жағынан бүкіл облыс (Оман бұғазына жататын учаскені қоспағанда), жердің опырылуына байланысты Африка платформасынан бөлініп, Қызыл теңіз бен Аден бұғазының пайда болуына әкелген шығысқан қарай еңістей түсетін сом құрлық. Аравия физикалық-географиялық жағынан Азияға қарағанда Африкаға жақындау, оған ол геологиялық тұрғыдан қарағанда берірек дәуірлерде жақындай түсті.
Архей дәуірінен келе жатқан кристалдық фундамент түбектің батысында және оңтүстік батысында күндіз көрінігі жатады. Қалған аудандарда ол құрамы әр түрлі, бір шамасы мыжылып қатпарланған, ал біршамасы көлбеу жатқан юра, бор және палеоген дәуірлерінің теңіз шөгінділерімен жабылған.
Қазіргі рельеф неогеннің екінші жартысында қуатты опырылыс және интенсивті вулкандық әрекетке ұласқан интенсивті вертикалдық қозғалыс әсерімен қалыптасты. Бұл қозғалыстар Аравия түбегінің пішінің анықтап берді, сондай-ақ оның рельефінің негізгі ерекшеліктерінің пайда болуына әкелді.
Аравия түбегінің батыс және солтүстік-батыс шеті мен Синай түбегінің оңтүстік бөлігінде кристалды таулы массивтер жағалаулық ойпаттан жарқабақтана сатыланып тік көтеріледі. Бұл - Қызыл тедіздің рифтік зонасымен қақ бөлінген зор күмбездің шығыс бөлігі. Күмбездің батыс қанаты Африка жағалауының Қызыл теңіздік тауларын құрайды. Бұл массивтердің үстірт тәрізді тегіс беті тіп-тік, қақырай жырымдалған беткейлерімен және жеке жоталардың тіс-тіс жалдарымен алмасып отырады. Оларды биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай арта түсетін (солтүстікте 2000-2500 метрден Меккенің оңтүстігіндегі Хиджаз тауларында 2700-2800 метрге дейін) тау белдеуін терең сайлар бөліп жатады. Оңтүстік-батыста, Иемен шегінде шеткі таулар биіктігі 3000 метрден асып, ең биік жері 3760 метрге жетеді. Жауын-шашындардың көбіне орай солтүстіктен оңтүстікке қарай таулар тілімдене түседі.
Қызыл теңіз жағалауындағы таулы аудандар үшін -таяуда болып өткен вулкандық әрекеттер салдарының көптеп көрініп жатуы тән. Талай жерді жауып жатқан вулкандық жыныстар тау құрылымында үлкен орын алады. Олардың арасында сөнген вулкандар бой көтеріп тұрады. Аден бұғазының жағалаулық ойпатында бой көтерген осындай бірінің кратеріне Аден қаласы орналасқан. Аравия түбегінде және Қызыл теңіздегі жағалаулық аралдарда атқылайтын вулкандар бар.
Баб-эль-Маедеб бұғазының жағасында тау массивтері шығысқа бұрылып, бірте-бірте еңістене отырып, Аравия түбегінің оңтүстік шетін бойлай жалғасады. Бірақ Аравияның оңтүстігіндегі геологиялық кұрылым мен рельеф сипаты батыс және оңтүстік-батыс жақтық бөліктерге қарағанда мүлде басқаша. Кристалды фундамент мезозой, палеоген дәуірлерінде горизонталды қалыпта орын тепкен, әк тастары мен құм астында жасырынып жатыр және рельефкс терең шатқалдар тілімденген тегіс биіктіктер тән, олар арқылы анда-санда болатын нөсерден соң аққан жерін талқаңдап кететін асау толқындар жөңкіледі.
Шет жақтағы биіктер батыста және оңтүстікте жағалаулық өңірге таяна күрт үзіледі, батыста кей жерде мәселен, Мекке ауданындағы сияқты (олардың, ені ондаған километрге жетеді, ал кей жерлерде (әсіресе оңтүстікте) әбден сыналап енеді де таулар жағаға таянып келеді. Жергілікті халық тихама деп атайтын мұндай жағалаулық ойпат әлі жас және ара-кідік болатын тау тасқындары ығыстырып шығарған қалдықтардан қалыптасқан.
Таулы рельеф сондай-ақ түбектің шығыс шетіне де тән. Оман таулары тектоникалық жағынан Оман шығанағынан опырықпен бөлінген Загорска жатады. Алайда олардың рельефінде батыстық шеткі тауларындағыдай неогендік көтерілулер мен опырылыстар зор роль атқарады. Тауларды негізінен мезозой және неоген дәуірлерінің әк тастары құрайды. Олардың рельефі үстірт тәрізді, беткейлері тіп-тік құламалы, таулар жағалауға төне таянатын тұста, таяуда суға батқақ жерлерде риас типті жаға пайда болған. Қалған жерлерде таулар мен теңіз аралығында ойпатты өңір жатады. Оман тауларының ең биік жері 3000 метрден асады.
Аравияның ішкі бөлігін теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте орналасқан және геологиялық құрылымы мен рельефі әркелкі, олардың қалыптасуында шөлдік желге мүжілу процестері мен күлге айналу әрекеті үлкен роль атқарған үстірттер мен жазықтықтар алып жатыр.
Ішкі Аравияның едәуір көтеріңкі бөлігі - Орталық Аравия үстірті Хиджаз бен Эль-Асира таулық көтерілулерінен шығысынан орын тепкен. Ол кей жерін ыстық лавалар жауып жатқан кристалл жыныстардаң құралған. Үстірттің, биіктігі 1500-2000 метрге дейін жетеді. Орталық Аравия үстіртінің рельефінде жеке аралдық биіктіктер бар тегіс жер басым.
Үстірттің солтүстік, оңтүстік және шығыс жақтарында кристалл жыныстар әр кезеңдік және құрамы әркелкі тұнба қабаттары астында жатады. Мұнымен бірге осы бағытта жер бетінің жалпы төмендеуі жүріп жатады.
Орталық Аравия үстіртінен шығысқа қарай жоғарғы юра, бор, эоцен дәуірлерінен көлбеу жатқан әк тас қабаттары жер бетіне шығады. Оңтүстік-батыс бөлігінің бірте-бірте көтерілуіне байланысты теңіз шығысқа қарай ығысқан, ал тұнба жыныстардың қабаттары моноклинальды қалып алған. Эрозия оларды Орталық Азия үстіртінің шығысынан жарты шеңбер түрінде жиектеп тұратын куэсті тізбекке айналдырған. Олардың салыстырмалы биіктігі бірнеше жүз метрге жететін тік қабақтары құмды шөгінділер толған депрессиялардан жоғары көтеріліп тұрады және биік дөңдене тізбектеліп жатқан құмы бар шөл учаскелері болып табылады. Осындай депрессиялардың бірінде Кіші Нефуд немесе Дехна шөлі жатыр. Куэст тізбектері Персия шығанағы жағында көлбеуленген беткейге айналады. Бұл тізбектерді енсіз және терең шатқалдар түзетіп сусыз аңғарлар қиып өтеді. Климатының құрғақ болуына байланысты куэстердің, бетінде қарсты процестер нашар дамыған.
Орталық Аравия үстіртінен солтүстікке қарай Үлкен Нефуд шөлі аталатын сусымалы құмды кең-байтақ алаб орналасқан. Шөл шегінде құм дөң-дөң болып үйіліп жатады, олардың биіктігі шамамен 100 метрге дейін жетеді.
Аравия түбегінің көлемі едәуір, екінші құмды шөлі және жер шарындағы аса ірі шөлдердің бірі Аравияның оңтүстік бөлігіндегі ежелгі фундаменттің синеклизінде орын тепкен. Ол - батыстан шығысқа қарай теңіз деңгейінен бірте-бірте 50 метрден 100 метрге дейін төмендей еністене отырып, таудың батыс шетінен Оман тауына дейін созылып жатқан Руб-эль-Хали шөлі. Шөлдің беткі қабаты бор және палеоген дәуірлерінде үгітілген әк тастарынан пайда болған құмдардан қалыптасқан. Руб-эль-Хали шегінде дөңдер мен құм тізбектерінің биіктігі шамамен 150 метрге дейін жетеді. Жер бетін бірнеше жылда суға бір-ақ рет толатын кепкен аңғарлар - уэдтар айқыш-ұйқыш кесіп өтіп жатады.
Аравияның шығысқа қарай бірте-бірте төмендейтін ішкі бөлігі Персия шығанағы жағасында биік жерлері 100 метрден аспайтын, тасты немесе құмды шөл болып келетін жағалаулық кең-байтақ Эль-Хаса ойпатына айналды.
Үлкен Нефуд шөлімен солтүстікке қарай бор және палеоген дәуірлерінің тұнба шегінділерінен қалыптасқан Солтүстік үстірті мен Сирия шөлі созылып жатыр, олардың астында кристалды негіз бар. Үстіртте орташа биіктігі 400-500 метр болатын, бірақ кей жерлерде мың метрден асатын биіктіктер бар. Оның шегінде тегіс жалпақ төбелі биіктіктер жер бетін айқұш-ұйқыш тілімдеп жататын кепкен аңғарлар учаскелерімен алмасып отырады. Сирия шөліне көлбеу беткейлі ауқымды тұйық еңістіктер тән, оларда әдетте көптеген кепкен аңғарлар тарамданып жатады.
Аравия түбегінің қойнауы мұнайға өте бай. Оның таралуы бор және юра әк тастарынан қалыптасқан жайпақ антиклиналдарға байланысты. Персия шағанағы жағасындағы қатар ауданында Сауд Аравиясы шегінде және Даммама ауданында мұнай юра әк-тастарында жатыр, ал Бахрейн аралдарында ол бор дәуірі шөгінділері қабаттарына байланысты.
Аравия территориясының үлкен бөлігінде бүкіл жыл бойына континентті тропиктік ауа басым, сондықтан мұнда жауын-шашын мүлде болмайды дерліктей, температура амплитудасы күрт өзгереді, әсіресе солтүстік бөлігінде жаз айларында температура өте жоғары болады.
Жаз айларында бүкіл облысты орталығы Инд бассейнінде жатқан ауқымды бари депрессиясы қамтиды. Осы жерде қалыптасатын континентті тропиктік ауа өте құрғақ. Тек жағалауларда ғана оның ылғал ұстағыштығы төменгі қабаттарында күрт артады. Жылдың суық кезінде облыс субтропиктік максимум әсеріне ұшырайды, оның әсері солтүстікке Оңтүстік Сирияға дейін тарайды. Сөйтіп бүкіл жыл бойы ауа массасының алмасу жағдайы ылғалдың түсуіне қолайсыз. Тек қиыр солтүстікте ғана полярлық фронттың өтуіне байланысты қысқа мерзімді қысқа жаңбыр болады, ал Қиыр оңтүстік-батыста муссондық сипаттағы желдер әкелетін жауын-шашын жазда болады. Оның жылдық мөлшері Иемен таулары беткейлерінде 750 миллиметрге жетеді. Бұл бүкіл Аравия облысының ең ылғалды ауданы. Аравияның қалған территориясында жаңбыр кездейсоқ және көбіне нөсерлі сипатқа ие. Кейбір аудандарда бірнеше жыл бойы бір ретте жаңбыр жаумайды, ал кейде жаңбырдың нөсерлете жауып; аз уақыт ішінде ондаған миллиметр ылғал түсуі мүмкін. Мұндай кездейсоқ жауын бүкіл облыс бойында дерлік көбіне қыс кезінде жауады. Аравия түбегінің ішкі бөліктеріндегі тауларға жақбыр аз жауады, олар да жазықтық сияқты шөліркеп жатады. Тек Оман тауларында ғана мұндай емес, оның беткейлеріне қыс кезінде максимумы анық айқындалған 500 миллиметрдей ылғал түседі. Солтүстік аудандарда және биік таулардың шыңдарында анда-санда қар түседі.
Аравия жер бетіндегі күн радиациясының жалпы жиынтығын ең мол қабылдайтын жер, мұнда жыл бойына температура жоғары болып тұрады. Түбектің қиыр-солтүстігінде, Сирия шөлі шегінде ғана температураның қатты төмендеуі және үсікпен қабаттасатын салқын толқынның енуі мүмкін. Бұл кезде ең суық айдың орташа температурасы +8, +10°С, тәулік амплитуда 30°С-ге жетеді. Оңтүстік аудандарда, әсіресе жағалауларда температура +16 0 С-ден төмен түспейді, ең суық айдың орташа температурасы +20°С-ге жақын. Жазғы температура едәуір биік тау массивтерінде болмаса, негізінен, барлық жерде жоғары болады. Жазғы орташа температурасы +24-32°С болғанда, кей аудандарда абсолюттік максимум +45-50°С-ге, ал ішкі Аравияның кей жерлерінде тіпті +50°С-ге жетеді. Мұңдай ыстық жағалауларда ауаның біршама жоғары ылғалдылығымен (80% шамасында) үйлеседі, ал ішкі бөліктерде және солтүстікте жазда әсіресе шаң мен құмды көкке көтеретін самум (жел) кезінде ауа құрғақ және аптапты болады. Самум кезінде ауаның ылғалдығы кейде 10%-ке дейін төмендейді.
Қазіргі кездегі климат жағдайы өзен жүйесін дамытуға қолайлы емес, Аравия территориясының көп бөлігінде үнемі ағын су болмайды. Бірақ кепкен аңғарлардың торланып жатуына қарағанда өткен геологиялық дәуірде климаттың қазіргіден ылғалды болғандығының дәлелі іспетті. Кеуіп қалған аңғарлар - уэддтер Аравияның биік массивтерінен басталып, Қызыл теңізге, Аравия мен Персия шығанақтарына немесе Тигр мен Евфрат бағыттарына қарай тарайды. Олардың кейбірінің ұзындығы жүздеген километрге жетеді. Күшті нөсерлі жауыннан кейін сағалар кейде жүздеген километр бойы суға толып жатады, бірақ ол тез буға айналады.
Аравияны сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-жер асты сулары. Олар көптеген жерлерде қайнардан шығып жатады немесе оны құдық қазып шығарады. Аравия түбегінің барлық дерлік оазистерін көгертіп тұрған жер асты суы.
Аравия флорасының құрамында жерорта теңіздің элементтер африкалық элементтермен үйлесім тапқан, сонымен бірге алғашқысы оңтүстікке бойлай еніп, ылғал аз түсетін аудандарына тараған.
Ылғалды муссондық жел өтіндегі Иемен тауларының беткейлерінде табиғи және мәдени өсімдіктер жайқалып тұрады. Онда қараған, ағаш тәрізді сүттіген, мимоза, сикомор, алып қатты ағаштар (Dracaena draco) өскен ормандарды кездестіруге болады. Ормандар көбіне 1000-2000 метр биіктікте өседі. Төменде, тау беткейлерінде және жағалаулық жазықта ылғал аз түседі, сондықтан өсімдіктері де Аравияның басқа бөліктеріндегі шөлдердегідей күйде. 2000 метрден, яғни ылғал көп түсетін белдеуден жоғары өсімдіктер шөлдік далалық сипатқа ие болады.
Едәуір қаныға ылғалданатын тау беткейлеріне егін егіледі. Жерорта теңізі жағалауындағыдай террасаланып, оларға жеміс ағаштары, кофе ағашы, индиго отырғызылған, дәнді дақылдар егілген.
Орманды өсімдіктер мен өте бай мәдени өсімдіктер, сондай-ақ Хадрамаута, Оман, Сауд Аравиясының оңтүстік-батысындағы таулы аудандардағы суармалы жерлерге тән, ішкі тау беткейлерінде және ішкі аңғарларда орман бірте-бірте жойылады, жер-жерде саванна типтес өсімдіктер көрініс береді.
Қызыл теңіз бен Персия шығанағының жағалаулық ойпаты толып жатқан оазистері бар шөлді территория болып табылады, олар уэддтер немесе су көздері бойында, сондай-ақ ірі құдықтардың айналасында пайда болады.
Оазистерге тән ағаш - құрма пальмасы облыстағы жер өңдеумен айналысатын арабтардың, көпшілігінің тіршілік ету көзі болып табылады. Кейбір жақсы суландырылған жағалаулық жерлерде кокос пальмасы кездеседі. Жағалаудан облыстың ішкі бөлігіне қарай жүргенде оазистер азаяды да барған сайын шөлді кеңістіктер көбейе түседі, кеңістіктің көпшілігін шөлейттер алады, онда суккулентті өсімдіктер (алоэ, сүттіген) немесе ылғалды тереңнен алатын тамыр жүйесі жақсы жетілген бұталар мен шөптер (астрагал, жусан, аристида) алып жатады. Сирек жауатын жаңбырдан соң шөлде аз уақыттың әр түрлі эфемерлер пайда болады. Аравияның ұлаңғайыр кеңістігін сусыма құм немесе шағыл тас жауып жатады және өсімдік мүлде жоқ дерліктей.
Аравияның облысының фаунасы көрші Евразия мен Африка облыстарының фаунасына жақын. Тұяқтылардан Аравияда шөлдің болмашы өсімдігін қорек етіп, ұзақ мерзім су ішпеуге бейімделген қарақұйрық, бекен, онагр жабайы есегі кездеседі. Мұнда тауда тіршілік ететін нағыз африкалық фаунаның түрі - даман да бар. Елді мекендердің және көшпенділердің уақытша тұрақ-жайының айналасынан шие бөрі мен қорқау қасқырды (Hyaena hyaena) көруге болады; шөлдерді; құм мен тас реңдес салттаң құлақ тау түлкі - фенек (Fenneciis zerda) мекендейді, ол Сахарада да кездеседі.
Мысық тұқымдас жыртқыштардан жазықтарда шақар қарақал (Felis caracal), тауларда - қабылан бар.
Облыстың оңтүстік бөлігінің таулы аудандарында гамадрилдер (Раріо hamadrias) көзге түседі.
Бұл жерге тән құстар: шіл, қараторғай, құр, кейде жойылып бітуге таянған түйе құс (Strouthio camelus) кездеседі. Барлық жердегідей облыста аридтік ландшафт басым, Аравияда бауырымен жорғалаушылар: жылан (кобра, әбжылан, гюрза), агама, хамелеон кең тараған.
МЕСОПОТАМИЯ
«Месопотамия» сөзі өзен аралығы деген ұғымды білдіреді. Бұл Тигр мен Евфрат өзендерінің орта және төменгі ағасында жатқан физикалық-географиялық осы облыс түгел дерліктей Ирак жерінде жатыр, оңтүстік-шығыста Иранға, солтүстік-батыста Сирияға енеді.
Жазықтықтық рельеф, оңтүстікте тропиктік шөл климатына ауысатын құрғақ субтропиктік климат, және екі үлкен транзиттік өзеннің болуы - осы облыс табиғатының негізгі ерекшеліктері. Месопотамия альпілік қатпарлы белдеу мен Аравия платформасы аралығындағы кең-байтақ шеткі иін орнында пайда болған. Иілу мезозойда басталып, кейін неогенде одан әрі жалғасуы неғайбіл. Едәуір ежелгі жыныстар жер бетіне тек шеткі жақтарда шығады; ішкі аудандар палеоген мен неогеннің құм және әк тастарынан, Тигр мен Евфраттың төрттік дәуірдегі аллювиалды шөгінділерінен жасалынған. Осы жиынтықтың бәрі жалпы алғанда бірнеше метр қалыңдыққа дейін жетеді.
Рельефте бір-бірінен айырмашылығы айқын көрінстің басқыштармен бөлінген екі деңгей көзге түседі. Армян тау қыраты мен Сирия шөліне (Джезир үстіртіне) жақын жатқан Месопотамияның солтүстік-шығыс бөлігі тегіс немесе кей жері төбелі келеді, өзендер тілімдеген жазықтықта 200-400 метр биіктіктер бар. Оны биіктіктігі 1000 метрге жететін қыр қиып өтеді. Оңтүстік-шығыста бұл жазық теңіз деңгейінен биіктігі 100 метрден аспайтын аллювиалды жазық ойпатқа ұласады, ол Персия шығанағында барған сайын кеңейе түсетін зор атыраумен аяқталады. Геологиялық құрылым мен тарихи деректер Персия шығанағының жағалаулық жиегі антропоген дәуірінің бас кезінде қазіргіден солтүстікке таман, шамамен қазіргі кезде Тигр мен Евфрат қосылатын жерде болып, Шатт-эль-Араб атты ортақ саға жасап жатқанын көрсетеді.
Бірақ соңғы деректер сондай-ақ жағалаулық жиектің оңтүстікке қарай шегінуіне әкелген көтерілулер сол тарихи кезеңнің өзінде жиі-жиі төмен түсумен алмасып отырғанын, соның нәтижесінде Шатт-эль-Арабтың ағысындағы ирригациялық құрылыстарды су басқанын көрсетеді.
Месопотамияның қазіргі жағалаулық белдеуі өте жас және онда таяуда болған қозғалыстардың іздері бар. Шатт-эль-Арабтың атыраулық жазығын көптеген қолтықтар қияды, олар құрлықтың таяуда төмендеу кезінде пайда болған көлемі әр түрлі. Жағалаулық ойпат әр жерде бөгегіш дамбалармен тілімделген, оларға жер суландыратын каналдар жалғасады.
(Месопотамияда орасан зор мұнай қоры бар. Ол Оңтүстік Иран ойпаты, Персия шығанағы мен Аравия түбегінің жағалаулары қосылатын үлкен мұнайлы аймақ шегіне енеді. Мұнай кристалды негізді жауып жатқан және жайпақтана күмбез тәрізді қатпарларға айналып тапталған мезозой және падеоген дәуіріндік теңіз шөгінділері қабатында жатыр. Мұнай өндірстің басты аудандар - Жоғарғы Месопотамияда (Мосул мен Киркук төңірегінде), Төменгі Месопотамияда (Басра қаласы төңірегінде), Ирак жерінде және ойпаттың Иранға (Хузестан) қарайтын бөлігінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz