Тау бөктерінде



КІРІСПЕ ... ... ... .. 3

І. ҚАЗАҚСТАНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.І. Кескіндеме өнерінің қалыптасуы мен даму ерекшелігі ... ... ... .10

1.2 Қазақ кәсіби кескіндеме өнеріндегі ұлттық үрдіс 22


ІІ. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ИДЕЯ

2.1. Табиғат жанрындағы . композициялық заңдылықтарына шолу ... .. 29
2.2 «Таудың әсем көрінісі» . атты композициялық шешімі мен көркемдік рәсіміне сипаттама ... .. 35

3. ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
ПӘНІНІҢ ӘДІСІ

3.1. Әдістемелік бөлім. Орта білім беру мекемедегі бейнелеу пәнін оқытудың әдіс тәсілдері ... ... .. 47
3.2. Сурет салу пәнінің сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... . 51
3.3. Нобайлау (эскиздер) әдістері ... 54

ҚОРЫТЫНДЫ
Негізінде сурет өнері қанша ғасыр, заман толқынысынан өтседе өзіндік ерекшелігімен мен, мағынасын жоғалтпай өркендеуде. Бейнелеу өнерінің, қалыптасып, дамыған уақытынан бастап қарағанда айтарлықтай өзгерістер енгенін біздер, өнер тарихынан біліп, танып жаттырмыз.
Адамзат баласы жинақтаған ұшы–қиырсыз білім сонау ғасырлар тереңінен басталатын цивилизация қайнарына, оның адамдар құштарлығын жырлайтын көркемдікке ұмтылысы, ежелгі мәдениет пен өнерге жетелейді. Бейнелеу өнерінің дамуы қашанда халықтың тарихи тағдырымен астарлас. Қазақстанның бүгінгі таңдағы мәдени өмірін жағдайының жоғарғы дәрежеде болуы біздің өнеріміздің күннен–күнге өркендегенін көрсетеді. Бүгінгі өнерде ұлттық діл өзінің бастапқы қалпынан біршама өзгеріп, сол бастапқы формасынан жоғарғы кәсіптік дәрежеге дейін көтерілді. Осы даму жағдайында өнердің жеке түрлерімен тарих, мәдениет арқылы Қазақстан әлемдік өнер қорына өз қазынасын қосты, өз жолын таңдап алды.
1. Ғасырлар тоғытындағы Қазақстанның көркемөнері.–Алматы 2000.
2. Живопись Казахской ССР. М., 1970.
3. Изобразительное искусства Казахстана. –Алматы,1963.
4. Изобразительное искусства Казахской ССР. –М., 1974.
5. Қазақстан бейнелеу өнері ХХ ғасыр. –Алматы, 2001.
6. Очерки истории изобразительного искусства Казахстана. /Отв.ред.Г.А.Сарыкулова/. Алма–Аты, «Наука», 1977.
7. Қазақ ССР бейнелеу өнері. Ежелгі өнер, халық өнері, кескіндеме, графика, мүсін, монументтік–декоративтік өнер. –М., 1974.
8. Нурмухаммедов Н–Б. Искусство Казахстана. –М., 1970.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Факультет: Тарих-экономика
Кафедра: кәсіптік оқыту және еңбек
Мамандығы: 050107-Бейнелеу өнері және сызу

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ТАУ БӨКТЕРІНДЕ

Студент: 3 жылдық 3 курс Қаипбаева Эльмира Мәкенқызы
Ѓылыми жетекшісі: аға оқытушы Смайлов. И.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., Дарменова Р.А.

Жұмыс қорғауға жіберілген:_______________________
Орындау мерзімі: ______________________________
Қайтарылған мерзімі:___________________________ __
Бағасы: ___________________________________ _____

Алматы, 2008

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Факультет: Тарих-экономика
Кафедра: кәсіптік оқыту және еңбек
Мамандығы: 050107-Бейнелеу өнері және сызу

Тақырыбы:
ТАУ БӨКТЕРІНДЕ

Студент: 3 жылдық 3 курс Қаипбаева Эльмира Мәкенқызы
Институт бұйрығының бекіткен мерзімі № ___ ____ ______ 2008 ж.
Бітірген мерзімі: ____ ______ 2008 ж.

Ғылыми зерттеу барысы:

А) Тақырып таңдау
Б) Объектіні анықтау
В) Қойылған мақсаттарды зерттеу
Г) Зерттеу жұмысының әдісін таңдау
Д) Зерттеу жұмысын суреттеу
Е) Зертеу жұмысының қорытындысын талқылау
Ж) Қорытындыны тұжырымдау

Графикалық тұжырымдау

1. Тақырыпты анықтау.
2. Жобалық нобайын тұрғызу.
3. Суреттің нобайын, пішінін анықтау.

Дипломдық жұмыс білімдерінің кеңесшілері

Көшендік бөлім: ҚР суретшілер Одағының
мүшесі,

аға оқытушы
Орымхан Ж.О.

Дайын бұйым:
оқытушы Тазабеков Н.Т.

Дипломдық жұмыстың баяндамасы: Бекбергенова
А.С.

Берілген мерзімі: ____ ______ 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к.,
Дарменова Р.А.

Диплом жұмысының жетекшісі: аға оқытушы Смайлов. И.

Орындаған студент: 3 ж. 3 к. Қаипбаева Эльмира Мәкенқызы

Мерзімі: ____ ______ 2008 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. ҚАЗАҚСТАНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.І. Кескіндеме өнерінің қалыптасуы мен даму
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.2 Қазақ кәсіби кескіндеме өнеріндегі ұлттық үрдіс 22

ІІ. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ИДЕЯ

2.1. Табиғат жанрындағы – композициялық
заңдылықтарына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Таудың әсем көрінісі – атты композициялық
шешімі мен көркемдік рәсіміне сипаттама ... .. 35

3. ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
ПӘНІНІҢ ӘДІСІ

1. Әдістемелік бөлім. Орта білім беру мекемедегі бейнелеу
пәнін оқытудың әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
3.2. Сурет салу пәнінің сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... . 51
3.3. Нобайлау (эскиздер) әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . 62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Негізінде сурет өнері қанша ғасыр, заман
толқынысынан өтседе өзіндік ерекшелігімен мен, мағынасын жоғалтпай
өркендеуде. Бейнелеу өнерінің, қалыптасып, дамыған уақытынан бастап
қарағанда айтарлықтай өзгерістер енгенін біздер, өнер тарихынан біліп,
танып жаттырмыз.
Адамзат баласы жинақтаған ұшы–қиырсыз білім сонау ғасырлар тереңінен
басталатын цивилизация қайнарына, оның адамдар құштарлығын жырлайтын
көркемдікке ұмтылысы, ежелгі мәдениет пен өнерге жетелейді. Бейнелеу
өнерінің дамуы қашанда халықтың тарихи тағдырымен астарлас. Қазақстанның
бүгінгі таңдағы мәдени өмірін жағдайының жоғарғы дәрежеде болуы біздің
өнеріміздің күннен–күнге өркендегенін көрсетеді. Бүгінгі өнерде ұлттық діл
өзінің бастапқы қалпынан біршама өзгеріп, сол бастапқы формасынан жоғарғы
кәсіптік дәрежеге дейін көтерілді. Осы даму жағдайында өнердің жеке
түрлерімен тарих, мәдениет арқылы Қазақстан әлемдік өнер қорына өз
қазынасын қосты, өз жолын таңдап алды. Мұндай өзгеріс жолындағы мәселелер
біріншіден–тақырып таңдау жағына байланысты болса, екіншіден жас ұрпақтың
өзінің төл тарихын терең түсініп, мән–мағынасын ұлттық рухта жете сезіне
білмеуінде.
Кәсіби бейнелеу өнері ұлттық мұраттардың негізінде рухани қазынамен
ұштаса қалыптасатыны мәлім. Өркениетті елдің әрқашанда өнері биік демекпіз.
Әсемдік әлеміне болашақ ұрпақты жетектеген бейнелеу өнерінің адамға берер
әсері зор. Сонымен қатар тарихи жаңғырығықта байланысқан тақырыптық
композицияларда маңызын ашып жаңа реалистік бағытта жеткізу айрықша орын
алады. Көркем шығармаларда уақыттың ұлылығы, бүгін мен келешектің аңыздық
ғажайып тұрғыдан бірігіп сабақтасып жатуының да сыры осы тұста айқын
ашылады.
Қазiргi заман өнерiнiң көтерiп отырған басты мәселесi көптеген
пiкiрлердi, көзқарастарды жоққа шығару емес, көбейтуге саяды. Оны
фундаментальды демократиялық өнер ретiнде айқындайтын мәселе қысқарту да
емес, қайта өнер шығармаларының жүзеге асу контексiнiң байуында, дамуында
жатыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Белгіленген тақырып бойынша Таудың
әсем көрінісі атты кескіндеме жұмысты алудағы мақсаттым қазақ жерінің кең
байтақ, әсем де тамаша көрінісін бейнелей таныту.
Дипломдық жұмыста белгіленген тақырып бойынша көзделген мақсатты
бірнеше мінденттерде қарастырамыз:
–Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму тарихын зерттей
отырып, тақырыпқа байланысты материалдарды жүйелеп маңызын ашу
–Белгіленген композицияның мазмұнын ашатын табиғи жанрда жұмыс істеген
қазақ суретшілерді зерттеп, сипаттама беру
–табиғат жанрда жазалынған композициялық шешімге стилистикалық мәнін
түсіндіру
–Белгіленген тақырыптық композицияға байланысты нобай жасау.
–Ұлттық ділді ұрпақтар сабақтастығының үрдісіндегі маңызын ашу
Жұмыстың обьектісі: Таудың әсем көрінісі кескіндеме
Дипломдық жұмыстың болжамы: Белгіленген жұмыстың тақырыбы бойынша
бейнелеу өнердегі жанрлық тақырыпты аша танытып, оның бүгінгі таңда
көкейкестілік ерекшелігін жан–жақты ғылыми–теориялық заңдылықтарымен ұлттық
мәнер, ұлттық ділді анықтауға болады. Сондай–ақ кәсіби бейнелу өнерін
өркендеу жолдарының үрдістерін кеңінен танытудағы кешендер толықтырып
жүйелік мәнін береді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Зерттеудегі тақырыптың жаңалығын қойылған
мақсатың барысын шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінен
анықталды.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бір саласы кескіндеменің қалыптасуы мен
даму кезеңдерінің ерекшелігін ғылыми–теориялық базалар (өнер тарихы,
философия, мәдениеттану, ұлттық өнер–мәдениетті) тұрғысынан қарастырып,
айқындауға мүмкіндік берді.
Жалпы кескіндеме өнерінің пайда болу тарихының желісінің зерттелініп,
бүгінгі таңда кәсіби бейнелеу өнеріндегі жанрлық және жаңа стильде
сабақтастығына қалыптасқан жүйенің мәнісіне талдау жасалынды.

Жұмыстың практикалық құндылығы: Жұмыстың тақырыбы бойынша Қазақстан
бейнелеу өнері туралы материалдар аз емес сол көптеген деректердің тиімді
қолдануға және жүйелі тұрғыда түсінуге септігін тигізеді.

Қазақ жерінде қалыптасқан бұл өнердің даму кезеңі мен бүгінгі таңда
өркендеу ерекшеліктерін жан–жақты қарастыру (өнер тарихы этнографиялық,
археологиялық, ұлттық мәдениеттану, философия, әдебиет, тарих) нәтижесінде
ғылыми–теориялық және практикалық зерттеудегі мақсаттын ашуға көмек береді.

І. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.І. Кескіндеме өнерінің қалыптасуы мен даму ерекшелігі

Өнер тарихынан мәлім, қазақ кәсіби бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20–шы
жылдары қалыптасып, дамығандығы. Кәсіби бейнелеу өнерінің өз қарқында
өрбуіне біріншіден тума таланттардың өмірге келуі болса, екінші жағынан
Ресей жерінен келген орыс суретшілерінің де тікелей ықпалы болды. Дәлірек
айтқанда, 1920 жылы қазақ жерінде алғаш рет көркемсурет студиясының
ашылуынан басталады. Бұл студияның негізін құраған, сол Ресей жерінен
1877 жылы келген орыс кәсіпқой суретші Н.Г.Хлудов болды. Суретші
Н.Г.Хлудовтың студиясында кескіндеме өнерінің кәсіби тұрғыда қыр–сырымен
танысып дәріс алған суретшілер Ә.Кастеев, А.Ташенов, М.Жанкин, М.Өскенбаев,
Б Сәрсенбаев, А.Қашбаевтар болды.
Бір айтып кетер жәйт, 30–шы жылдары Семейде ұйымдастырылған бірінші
жылжымалы көрменің де қазақ бейнелеу өнеріне дәрежелі деңгейге көтерілуіне
үлкен ықпалын тигізді. Сондай–ақ, 1920–30–шы жылдары Қазақстанда реалистік
кескіндеме, станкалық кескіндеме, графика және мүсін өнері өз
ерекшеліктерімен шарықтай бастаған кезі еді.
Негізінде ХIX ғасырдың аяғы–XX ғасырдың басында Қазақстанға әртүрлі
кезеңдерде атақты орыс суретшілері В.Верещагин, П.Кузнецов, Н.Рерих,
В.Рождественский ізін салды. Суретшілердің алдыңғы толқыны үкіметтің ресми
тапсырысында емес тек сурет өнеріне құмарлықтарымен Қазақстан тақырыбына,
мәдени–ескерткіштеріне енген материалдарға сурет салумен айналысты. Дәлірек
айтқанда, Қожа–Ахмет Иассауи мавзолей есігін қағаз бетіне бейнелеп салған
В.Верещагиннің Мешіттің есігінің алдында (1873 Мемлекеттік орыс мұражайы)
П.Кузнецовтың Даладағы сағым, осы сияқты жұмыстар ХIX ғасырдың бірінші
жартысындағы суретшілерге тән академиялық мәнер де емес, табиғи тұрғыда
көркемделген дара шығармашылықтарын шарықтатқан қолтаңбалар еді. Бұл
суретшілердің қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына және өз ырқында
дамуына қосқан үлестері мен атқарған еңбектері ретінде тануға болады. Міне,
осындай адамдардың келуімен қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің
шарықтауының себебі еді. Олардың пайдаланған станоктық өнердің
технологиялық тәсілдері далалық мәдениетің халықтарға танылу ісі
атқарыла бастады.
Қазақ бейнелеу өнері–олардың есімдерімен тікелей және орыс реалистік
мектебімен тұтастайбайланысты, атап айтқанда нанымды көрнектілігін, табиғи
болмысы мен жаңа қалыптасқан құрылымға сүйенуі алғашқы кезең де шапшаң
еуропалық көркемөнер жүйесіне енгені бүгінгі таңда тарихтан белгілі.
Соғыс кезінде 30–шы жылдары кеңестік өнерде белгіленген
идеологияландыру тенденциясы көптеген жағдайда нақты себептердің салдарынан
күшейді. Суретшілердің негізгі тақырыптары сол уақыттағы жеңіске, бейбіт
өмір мен жарқын болашаққа бағышталды. Мұндай тақырыпта суретшілер
энтузиазм партия саясатымен және халық сенген көсемімен байланыстырып
көрермендерге паш етіп отырды. Бұл бағдарлама өнерге айрықша маңызды роль
берген еді.
Бұрын–соңғы болмаған дәрежеде форма мен форманы таңдауды анықтайтын
мазмұнның алғашқы мағынасының тұтастығын бекітетін концепция социялистік
реализм әдісі туралы мәселе қатаң тұрғыда алға қойылды. Сонымен
қатар форма кеңес өкіметінің қол жеткізген жетістіктерін анық та
нық, сенімді көрсету мен халықты жаңа белестерге ынталандыру болды. Мұның
барлығы бүкілодақтық Суретшілер одағының съездеріндегі ресми баяндамалардың
және өнер жөніндегі басылымдардағы теориялық сөз сөйлеушілердің негізіне
айналды.
Бейнелеу өнеріндегі басты бағыт болып, өнер туындылары заман талабына
сай келетін тақырыптық композицияларды жарыққа шығарып, соны жоғары сапада
дамыту мәселелері қалыптасты.
XX ғ. 30–шы жылдары Қазақстан суретшілер одағы құрылып, бірінші
съезінде Қазақстан Республикасының жиырма жылдығына орай алғашқы көрме
ашылған болатын. Мұндай көрмелерде суретшілер бейнелеу өнерінде көздеген
мақсаттары біріншіден, қазақ жерінің байлығына, екіншіден, Қазақстанда
жалпы болып жатқан өзгерістерге бағытталып (Н.Г.Хлудов, Ә.Кастеев, Х. және
К. Ходжиқовтар, З.Назыров, Н.Крутильников, Ф.Балкаев, Ә.Исмайлов,
В.Антощенко–Оленев, А.Михеев, А.Ненашев, С.Калмыков, П.Зальцман т.б.)
отырылды. Сондай–ақ 1930–1940–шы жылдары көркемөнерді жан–жақты дамыту
қарқыны күшейе түсті. Осы кезде Қазақстан советтік өнердің ХХ ғасырдың
соңғы онжылдығына дейін шығармашылық дамуының жүзеге асуына негіз
болған ұйымдар пайда бола бастады.
1935 жылы Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесі көркемөнер галереясын
ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. 1940–шы жылы советтік Қазақстан
бейнелеу өнерінің ұйымдастыру жұмыстарының бірініші кезеңінен кейін 26–шы
маусымда осы жылға дейінгі құрылған облыстық сегіз филиалдың қатысуымен
Қазақстан суретшілерінің I–республикалық съезі өткізілді.
Қазақ бейнелеу өнерінде, жалпы өзгерістер 1950–1960–шы жылдары
шарықтады. Бұл кезеңнің нағыз қол жеткізген табыстарының бірі–бейнелеу
өнеріне алғашқы ұлттық суретшілердің келуі болды. Олардың–ұлттық мәдениет
үшін жаңа көркем–пластикалық тілмен ұлттық дүниені сезінуді жүзеге
асыруы еді. Сонымен қатар бұл кезеңде бейнелеу өнерінде қатаң стиль
пайда болды.
Бейнелеу өнерінің қай саласында болмасын ұлттық мектеп пен қатаң
мәнерде көрінген композициялар тек қазақ жерінде ғана емес, одақтас
республика өңірлерінде де кездескені біздерге, өнер тарихынан мәлім.
Сондай–ақ жер–жерлердегі әр ұлттардың өзіндік ерекше бір стильдерін немесе
мектебін танытуда көздеген өнер иелері өз идеялогиялық ізденістерімен
шарықтап жатты.
Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби мектебінің қалыптасуы мен дамуының
ерте кезеңінде шығармашылықта да, білім беру процестерінде де жаңа
көркемөнерлік форманы меңгерудегі ең басты және қол жеткізген–реалистік
әдісі болды. Бұл уақыттың өзінде–ақ Қазақстанда суретшілердің
шығармашылықтарында тарих пен мәдениет негізгі орын алды. Мұндай әсер
қазақ суретшілердің еңбектерінен жарқын көріне бастады. Атап айтсақ,
50–ші жылдары С.Мәмбеев, К.Тельжанов, Н.Нұрмұхамедов, К.Шаяхметов,
М.Кенбаев, 60–шы жылдары С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ә.Жүсіпов, С.Романов,
Ұ.Әжиев, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, Ж.Шарденов, Ә.Сыдыханов.
50–ші жылдың орта шенінде бейнелеу өнерінің тобына еліміздің орталық
жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған дарынды жастардың келуіне
байланысты Республикамыздың көркемөнерінде жаңа кезең басталды.
Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке–дара
мәнерінің әр–алуындылығына, сонымен қатар қазақстандық кескіндеме мектебін
калыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Бұл кезеңде
бейнелеу өнерінің қалыптасқан ырқын жалғастыра отырып, тіл жүйесінде ұлттық
тақырыпқа көбірек мән беріле бастады.
Халықтық мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында
толғану көптеген суретшілердің шығармашылық қызметтеріне бірыңғайлылық
ықпалын тигізді. Сонымен қатар суретшілер әдеп–ғұрыптың ерекшеліктерін
ұдайы зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген композицияларының шешімін
ұлттық тұрмыс тіршілігіне және қарапайым заттарды бейнелеуге арнады.
Суретшілердің 60–шы жылдардағы ұрпағы алдыңғы ұрпақтың ізденістерін
одан әрі жалғастырғанымен, алайда бұлардың пластикалық әдістері басқаша
сипата ие бола отырып, баяндаушылық, аңсаушылық әуенінен үзілді–кесілді бас
тартып, дәстүрдің өміршеңдігі мен бекемділігі тұрғысында қарастырылды.
Жалпы суретшілердің композициялық шешімдерінің салдары қоғамдық
дуниетану процестерінің нәтижесінде оянған ұлттық сана–сезімнің өсуінен
туындады. Адекваттық бейнелеу тілін табуда 60–шы жылдардың суретшілері,
бір жағынан, Шығыс миниатюрасының композициялық құрылымына, екінші
жағынан, қазақтың ою–өрнек жүйесі принциптеріне сүйене көркемдеді. Мұндай
принциптер өнер иелерін біріншісі–композицияның кеңістік пен уақыт
компоненттерін еркін пайдалануға мүмкіндік берді, мұның өзі оларды
форманы жинақтап көрсетуге ұмтылдырды. Екіншісі–модульдің ірілігіне,
бояудың өз нақыштарымен қауыштастыруына мүмкіндік берді. Бұл екі мәселе де
конструкциялық шешімнің айқындығына, суреттің жинақы ықшам шығуына
баулыды.
Бейнелеу өнерінде ұлттық қолөнердегі сырмақтар мен текеметтердің аса
күрделі ою–өрнектерінде ұланғайыр даланың шексіздігіне бойы үйренген
көшпендінің болмыс бітімі бейнеленген. Ою–өрнектегі образдардың өршіл әуені
өмір мен өнерде өздерін асқақ орнықтырған жаңа ұрпақтың азаматтық
талпыныстарына толық сәйкес келген еді.
Республика суретшілерінің жаңа кейіпкер мен жаңа форманы іздеген
әрекеті 60–70–шы жылдардағы өнердің жалпы одақтық дамуына, қатаң стиль
– деп аталған арнаға табиғи түрде келіп қосылған болатын. Олар таңдап
алған сюжеттің кез келгенін уақыттан, оқиғадан жоғары тұруға тиісті деп
түсіндіреді.
Заттар мен құбылыстарда ең негізгісі ғана алынып және оған оңай
оқылатын көркемдеудің идеясы ізделді. Сонымен қатар бұл кезеңдерде
суретшілердің композициялық шешімдері халық өнерінің мәңгілік
нышандарына тың сүйенгендері байқалады.
Айқын ақиқатты іздестіру жолында көптеген суретшілер мәңгі
көнермейтін, тамаша тақырыпқа ден қойды. Сонымен қатар отбасы тақырыбына
кенінен тоқталғаны, суретшілер өз композицияларында біртұтас философиялық
ой бере отырып көркемдеу төрінен ұлттық мектепті, ұлттық стилді іздегендері
айқындалып жатты. Дәлірек айтқанда композицияларын қандай да тақырыпта
келтірмесін ұлттық деңгейді көркемдік рәсімдерімен дәріптеген. Ондағы
бастысы ұлттық қолөнермен байланыстыру. Яғни өнер тілінде айтқанда
декоративтик стиль деп аталды. Осы сәтте көптеген суретшілер өзіндік
форманы ізденуден бастайды.
Суретшілер өз шығармаларында көкейкесті мәселелерінде өнер мен өмір
алдындағы жауапкершілігі толғантпай қоймады. Осы тұрғыда кескіндемешілер
шығармашылық тақырыптарын жалғастыра отырып, өз шеберханаларының ішкі
көрінісін жиі баяндай бейнелеп, заттардың композициялық атрибуттары ретінде
қабылдап келді
Негізінде өнердегі шешуші тақырыптардың бірі–адам, қоршаған орта,
қоғам болып саналды. Алайда, өнердің өткен кезеңдерінде оның біртұтастығы
айқын байқалса, енді оның бөлшектенуі, біртектес болмауы, идеялық және
стильдік ерекшеліктерінің көбеюі 70–ші жылдардағы өнерге тән сипатына
айналған еді. Бұл мынаған байланысты болуға тиіс қоғамдық өмірдің қилы
өзгерістері, сөз бен істің арасындағы алшақтық өмір құбылыстарын табиғи
бейнелемей, жасанды бейнелеуді туғызған, осыдан барып, мұның салдары
ретінде ой–пікірді жанамалап білдіруден бастап таза конъюнктураға
дейінгі түрліше бейнелеушілік пайда болған. Өнердің міндеті жөніндегі
түсініктің де әуені өзгерді.
Кескіндеме өнеріне 70–ші жылдардың аяғында келіп қосылған көптеген
жас суретшілер де осы бағытты ұстанды. Оларды күрделі әлеуметтік
проблемалардан қашқақтайды деп талай рет кінәлады. Бірақ тау мен далаға,
аңыз ертегілеріне, бала кезінде жанына тұтқан–ұлттық өнерге қарай бой
бұрғандары суретшілердің шығармашылығында анағұрлым адал болып шықты.
Алайда, осыдан он жылдай бұрынғы өнердің негізгі тақырыбы жеке адамның
табиғатпен байланысы және үзілмеген тарих пен әлем кеңістігінде өмір
сүретін адамның рухани–эмоциялық дүниесі болды.
Сонымен қатар кескіндеме өнерінде ескімен жаңа тұрмыс тіршілік
айқындалған. Жас суретшілер барынша алдыңғы ұрпақтың тақырыптарын одан ары
жалғастырды, бірақ олар бұл тақырыптарға өзгеше үндестік берді. Осыдан
барып суретшілер қауымдар арасында басқаша жол ізденуіне де бірден бір
септігін тиізді.
Суретшілердің полотнолары шабытты салтанатты әуенге ие болды. 60–шы
жылдардағы өнер иелерімен салыстырғанда 30–шы жылдардағы суретшілер
табиғаттың мәні мен міндетін басқаша түсініп өз қөзқарастарымен таныта
білді. Егер де, бұрын табиғат көрінісі композициясында Қазақстанның
жинақталған образы ретінде еңгізілсе, енді суретшілер табиғаттың алуан
түрлі формаларының сұлулығы мен пластикалық сезілуін және адам баласына
рухани байлық беретін композициялық шешімдердің көркемдік рәсімдерінен
көріне бастады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бұл жаңа кезеңі көркемөнердегі құбылыс
ретінде танылып тұр. Оның көптеген басты
мәселелері–шығармашылықтағы еркіндіктің, жалпы ұлттық және жеке бастың
өзіндік ерекшелігін танытуға талпыну, сонымен қатар қазақ суретшілері үшін
бұл проблемалар академиялық және идеалогиялық ережелерден бас тартудан
туындап отырған екінші кезең. Осы орайда суретшілер бейнелеу өнерінің
принциптерін ұлттық деңгейде таныту көзделіп жаңа идеялық технологияда
көрінуге талаптанды. Сонымен қатар кескіндеме өнеріндегі қай жанрда
болмасын суретшілер динамикалық сезімді адам еңбегінің ерлік істерімен де
ұштастырып жатты.
Ал, кейінгі 1980–2000 жылдары суретшілер халықтың тұрмыс тіршілігінен,
ұлттың мәдениетін бейнелеуді жалғастыра отырып, суретшілер өзіндік
мәнерлерін таныта білді. Дәлірек айтқанда, бұл кезеңде кескіндеме өнерінде
әр стильде, яғни абстрактық, авангарттық, сюрреалистік, және тіпті дадаизм
бағыттарын да кездестіріп жатамыз. Тақырыптық жағынан суретшілердің
композициялары тарихқа байланысты болып келген туындылары да жиі көрініс
табады. Мұнда суретшілердің композицияларынан өткеннің сарынын, бүгінгінің
ақиқатын сезіне алатындай жағдай туғызады.
Жалпы кескендіме өнерінде кеңістік көріністерінің динамикалық
үйлесімдері негізгі орын алады. Өнер өзінің бастау бұлағында халықтың
тарихи жолы туралы сөз ету үшін төл сөз жеткіліксіз болып қалады,
сондықтан олар себеп–салдарлық байланыстарды орағытып өтіп, оймен
қабылдаудың байланыстылығын ояту үшін символикалық және аллегориялық
жинақтаулар дәрежесіне көтеріледі. Өнер өзінің бастау бұлағына, ежелгі
халықтық түп негіздеріне ықылас білдіруінде оның этнографиялық, одан кейін
поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа биіке шығып, оны пайымдаудың
философиялық дәрежесіне көтерілді деуге болады. Сахнаға шыға бастаған
суретшілердің келесі ұрпағы, тегінде, алдыңғылардың осы бағыттағы
ізденістерін жалғастыра отырып, халықтың менталитетін және халықтың
тарихы туралы ұғымды тыңынан түсінуге, сонымен қатар қазіргі заман
құбылыстарында тереңірек пайымдауға болардай, еңбектерімен ерекшелінуде.
1980–шы жылдырдың аяғында Қазақстан бейнелеу өнерінде айтарлықтай
өзгерістер байқала бастады. Яғни айтқанда 1988–89 жылдары екі бірдей
маңызды көрме өткізілген болатын. Сол көрмелер Қазақстан бейнелеу өнеріне
ұлттық мектеп принциптерін жалғастыра келіп, сана–сезімнің теңбе–тең
үлгісі ретінде символизм мен концептуализм қозғалысы қалыптасты. Мұнда
ұлттық мектептің дамуына өз үлесін қосқан кескіндемеші Ә.А.Сыдыханов
өзінінің Таңбалы кескіндеме, Тағдырлар тоғысы (Перекресток) атты жеке
көрмесінде көрермен назарына паш еткен болатын. Жаңа
символика–концептуалды тәсіл осы өтпелі кезеңдегі Қазақстанның
кескіндемелік өнерінің басты аспабы ретінде болуы аймақтық мінезге тән
болды.
Жалпы бейнелеу өнерінде мұндай күрт өзгерістер суретшілерді кешегі
кеңес өкіметі кезеңіндегі идеялогия мен әлеуметтік тақырыптар қажытып
жібергеннен де туындап отырды. Ең бастысы өнер иелерін дүниенің тылмыс
құпиясы, шаманизмдік, энергиясы, осы замандық ойлау принциптері ретінде
эстетикаландырылған интеллектуализмі, ұлттық эстетиканың мәнін түсіну
қызықтырды.
Соңғы жылдарда өнерде тарихи дәстүрді ұғынуға деген ықылас, сонау
алыста қалған көне заманнан бүгінгіміздің бастауын көруге ұмтылушылық
бәрінен де көрі айқынырақ сезіледі.
ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы Қазақстандағы көркемсурет
процестеріне жаңа ағым әкелді, яғни айтқанда 90–шыжылдары өнердің негізгі
ізденісі мифтік бейне жасау еді. Шеберлердің абстрактілеуге талпынысы,
қиялдау алғырлығынан келіп таңбалы бейнелерге көшті. Әртүрлі бейнелеу
амалдары композиялық туындыларының ойын жеткізуге ұмтылыстары байқалып
жатыр.
Жалпы тақырыптары жеке адамның ой–санасына бару, өмір қуанышын сезіну,
қарапайым дала өмірі, символдардың біртекті еместігі және осы сияқты алуан
түрлі тақырыптар бой түзегенін де айқындауда. Бұл кезеңнің өнері көп
жағдайда өзіндік жоғары деңгейдегі кәсібилігін өткен кезеңдерде салынған
дәстүр ретінде сақтай отырып, стильдердің концепциясының, көркемдік тілінің
жан–жақты көп қырлығымен ерекшеленеді.
Сол, ХХ ғасырдың бас кезінде еуропада пайда болған фовизмдік,
сююреалистік, авангарттық, абстракциялық бағыттары қайта жаңғырып жатқанын
жергілікті көрмелерден танып жүрміз. Осыдан барып, Қазақстан бейнелеу
өнерінде жаңа үш бағыт пайда болғаны аңғарылады, олар
символикалық–концептуальды, жаңа реализм, contemporary art– яғни, ағылшын
тіліннен аударғанда жәй ғана қазіргі кездегі өнер деген мағынаны
білдіреді.
Қазірдің өзінде–ақ Қазақстанның актуальды өнерінде 90–шы жылдың
басында жаңа құбылыстар пайда бола бастады. Атап айтсақ, олар
Түркістан, Шығысқа саяхат, Үлестен құр қалғандардың обсерваториясы
акциялары, Шымкенттік трансавангард мен Қызыл трактор (С.Атабеков,
М.Нарымбетов, С.Баялиев, В.Симаков), Алматыда Жолайрық топтары.
Бүгінде бейнелеу өнерінде ең алдымен мәдени және экономикалық
жағдайдың өзгеруіне байланысты тәуелсіз галереялардың жүйеге қосылуы,
соның ішінде бет алған Артрынок жүйесі болып табылады. Бірақ та бейнелеу
өнерінде көкейкесті мәселелер басым болсада, өз халқымыздың мәдениеті мен
тарихы қай стильде орындалмасын мағынасы мен нышаны шарықтауда.

1.2 Қазақ кәсіби кескіндеме өнеріндегі ұлттық үрдіс

Қазақ кәсіби бейнелеу өнері қалыптасып, дамыған жылдардан бастап
көптеген өзгерістер болды. Дәлірек айтқанда ХХ ғасырдың 20–шы жылдары
дамыған бейнелеу өнерінде 50–шы жылдың аяғы мен 60–шы жылдың бас
кезінде ұлттық таңбаны немесе ұлттық нақышты көрсету негізделе бастаған
еді. Бір айтып кетер жәйт, мұндай өзгеріс бір Қазақстанда ғана емес,
сонымен қатар кеңес өкіметі кезіндегі одақтас болған республикалардың
барлығында таныла бастаған. Сол жылдары, көптеген суретшілер кескіндеме
өнерінде өзіндік ізденістерін, идеяларын, тәжірбиелерін паш етті.
Осы орайда, 50–ші жылдардың соңы мен 60–шы жылдары бейнелеу өнерінде
ұлттық мектепті өзіндік ерекшеліктерімен танылған қылқалам шеберлері аз
болған жоқ. Атап айтар болсақ, олар: С.Мамбеев, Ж.Шарденов, С.Айтбаев,
Ш.Сариев, Т.Тоғыспаев, А.Жүсіпов, О.Нұржұмаев, Ә.Сыдыханов және т.б.
Аталған суретшілердің көздеген мақсатты мәселелері ұлттық деңгейдегі
мәнерді, менталитеттін көрсетуде қазақ халқының ежелден келе жатқан
қолөнеріндегі көркемдеу рәсімімен байланыстыра отырып, кәсіби бейнелеу
өнеріндегі өзіндік ұлттық мектепті қалыптастыруға атсалысты. Суретшілер
ұлттық деңгейдегі көркемдеу рәсімін кескіндеме өнерінде декоративтік, яғни
бояу түстерін өзіндік ерекшелігіне қарай белгіленіп алынған
композициялық шешімдеріне қауыштастырып отырды. 60–шы жылдардың ортасынан
70–ші жылдардың екінші жартысына дейінгі кездегі қылқалам шеберлер
кескіндеме өнерде ұлттық нақышпен қатар өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленіп
отырды.
Суретшілер кескіндеме өнерінде өзіндік ерекшеліктерін (С.Мамбеев Киіз
ұй жанында, Ж.Шарденов Қыс пейзажы, С.Айтбаев Бақыт, Ш.Сариев Жасыл
қырлар, Т.Тоғыспаев Қызыл фондағы натюрморт, А.Жүсіпов Бақыт,
О.Нұржұмаев Бәйге алдында, С.Романов Әңгіме, Ә.Сыдыханов Тоғызыншы
ықшамаудан) біріншіден, композициялық шешімдерін пластикалық мәнерде, яғни
шығыс миниатюрасы секілді танытса, екіншіден көркемдеудегі рәсімдерін
декоративтік нақышта шеше отырып, лирикалық әуенде шарықтатқан. Сонымен
қатар, бұл кезеңдегі суретшілердің негізгі көздеген мақсаттары кеңістік
болды. Сол белгіленіп алынған композициядағы кеңістікті бір–бірімен
біріктіру және көркемдеуде өз мәнісіне келтіруде суретшілер аса
шеберліктерін танытқандығын көзбен көріп отырмыз.
Бейнелеу өнерінде суретшілердің ұлттық мектепті танытудағы негізгі
тақырыптары қазақ жерінің әсем табиғатына, тұрмысына, өнеріне, мәдениетіне,
сонымен қатар қазақ жерінде арналып жатты. Бір айтып кетер жәйіт қарапайым
келген композициялық шешімдерін ұлттық мәнерде көрсетуде суретшілер
көркемдік рәсімдерін кеңістікпен танытқан. Суретшілердің ұлттық мектепті
ізденудегі идеалары қазақ кескіндеме өнеріне үлкен өзгеріс енгізгеніне
өнертанушылар өз көзқарастарын білдіріп жатты.
Сонымен, бұл кезеңдегі қылқалам шеберлері өздерінің
шығармаларында әрбір көздеген тақырыптық сюжеттерінің кеңес өкіметтінің
иделогиясын композициялық кеңістікте көрсете отырып, сол кездегі
тіршілікпен қатар қазақ халқының өмір тіршілігімен байланыстырып бір тұтас
үйлесімдікті шеше білген.
Суретшілердің қарапайым сюжеттерінің лирикалық сезімде әуендеткенін
бояу түстерінен көре аламыз. Әрбір бояу түстерінің өзіндік мағыналы
шешімдерімен қолданғандығын тағы байқауға болады. Бұл кескіндемешілер
қолтаңбаларында ұлттық мектепті танытуда өз халқының қолөнерін жетік
білгендерін айғақтайды.
Әлбетте ұлттық мәнерді, нақышты композицияда дәріптеуде біріншіден,
халықтық өнерді тың түсіну, екіншіден, мәдени–дүниетанымды, халықтық
философияны тану, үшіншіден, рухани байлықты сезіндіру.
Ұлттық мәнерде суретшілер кескіндеме өнерінің әрбрір жанрында
ұтымдылықтарын танытты. Сондай–ақ әрбір шебер өз жеке тұлғалық
қолтаңбасын қалдырды. Ұлттық мектепті дәріптеген суретшілердің
бірі–С.Айтбаев өз туындыларында ұлттық бейнені, мәнерді тың ұстай
келіп, кеңес үкіметтінің идеялогиясын негіз қылды.
Ал, тақырыптық сюжеттің бейнесін монументалды–пластикалық тұрғыда
шешкенін көре аламыз. Сонымен қатар С.Мамбеев шығармаларында сол
идеялогияға сүйене отырып, композициялық көркемдік шешімін лирикалық
сезімде шарықтатқан. Пластикалық шешімде туындай келген суретші
Т.Тоғысбаев көркемдік жағынан декоративті стилді басымдырақ көрсеткен.
Көбінесе үй іші жабдықтары, жайылған дастархан көрінісінің сезімге
толы рухани байлығын танытады. Осы суретінде Т.Тоғысбаев формализмдік
бағытты ұстай келіп ұлттық мәнерді байыптағаныны көрінеді.
Ә.А.Сыдыхановтың қолтаңбаларында монументалды, пластикалық–форма, көрсете
отырып, кеңістік пен уақыт байқалады. Көркемделу рәсімін декоративті
стильде шеше келе кескіндемелі мәнерде жалғастырғанын тағы байқауға
болады.
Бұл кезеңдегі жаңа бейнелеу өнерін кәсіби тұрғыда жеке тұлғаны
дәріптей келіп, ұлттық мәнерді көрсету еді. Бірақ, ескі дәстүрлер,
таным, ою–өрнек өнерінің жолын ұстаушылық болмыстың шыншылдығына көшу
өте қиын болды. Өткен кезеңдегі өнерді ұлттық формада, мазмұнын
реалистік, мағынасын социалистік идеяға сәйкес етіп жасау суретшілер үшін
нұсқау болды. Сонымен қатар ұлттық модельге айналдыру жолында өнер формасы
мен мазмұндық жағыда ұлттық болуы тиіс. Мұндай ресми модельден қалғаны
тұтастай советтік өнерге тән оптемистік, жалынды қызулық сезім туғызып
тұру негізделді.
Жалпы алғанда, бүкіл композиция фигуративтілік шеңберінде қалып,
керісінше оның реалистік заттығын, нақты тақырыптық объектісін анық
етіп көрсету болды. Сонымен бірге Пикоссоизм (кубизм) бағытты
суретшілердің еңбектерінде де тыс (С.Айтбаев Түскі ас) қалмады. Мұндай
мәнерде жазу ұлттық мектептің қалыптасуында үлкен қарама–қайшылық тұғызды.
Суретшілердің кескіндемелеріндегі түстік қасиетті сезіну қазақстандық
суретшілер үшін негізгі орында болды. Егер де, атап көрсеттер болсақ,
С.Айтбаевтың Түскі ас (1968), С.Мамбеевтің Тауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түлкібас ауданының флорасы
Қасқасу
X-XIV ҒҒ Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасуы және даму
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дендрофлорасы
ЭСПАРЦЕТ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Жоғарғы Ертіс бассейнінің табиғи факторлары
Алматы облысы Талғар ауданың табиғи климаттық жағдайы, қияр дақылын өсіру технологиясы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Қазақстандағы бұлттылық сипаттамасы
Пәндер