Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1-ТАРАУ. Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы және жер бедері

1. 1. Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары . . . 7

1. 2. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері . . . 11

ІІ- ТАРАУ Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі

  1. Топырағы және өсімдігі . . . 18
  2. Жануарлар дүниесі . . . 20
  3. Адамы . . . 22
  4. Физикалық географиялық аудандалуы . . . 22

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25

Кіріспе

Солтүстік Америка - солтүстік жарты шардың Евразиядан кейінгі екінші материгі, оған Кариб алабының аралдары, Багам аралдары және Гренландия аралы кіреді. Батысында Тынық мұхитымен, ал шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитының теңіздерімен ұласып жатыр. Жер материктері ішінен ол жер көлемі бойынша (20, 4 млн. км 2 ) үшінші орын алады.

Континент Оңтүстік Америкамен Орталық Америка таулы аймағының мойнағы арқылы байланысқан, ал Еуразиямен Чукотка-Аляска ауданында Беринг бұғазы арқылы шекараласады. Нәтижесінде Орталық Америка табиғат жағдайлары бойынша Оңтүстік Америка материгінің солтүстік аудандарына, ал Солтүстік Американың тундрасы Еуразияға жақын келеді. Чукотка мен Аляска арқылы Солтүстік Америкаға адамдар өткен деген жорамал бар. Құрлықтың табиғат жағдайларының ерекшеліктерін қалыптастыруда Гренландиямен көршілес жатуының да үлкен маңызы зор. Оның мұздықтық қалқаны өте үлкен тоңазтқыш ретінде рөл ойнайды.

Материктің жағалық сызығы күшті тілімденген: түбектері де көп, шығанақтары құрлыққа қарай тереңдеп кірген.

Солтүстік Америка материгінің негізінде ежелгі платформа жатыр. Солтүстік-шығыста Канада қалқаны аймағында оның қатпарлы фундаменті жер бетіне жақын жатыр. Территорияның басқа бөліктерінде-Мидконтинент плиталарының шегінде палеозой шөгінділерімен және Ұлы жазықтар ауданының шеткі майысуларында мезазой шөгінділерімен жабылған. Платформаға негізінен жазықты жер бедер түрлері-цокольді және қабатты ойпаттар, қытарттар мен үстірттер сәйкес келеді. Платформаның шет жақтарына әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдар жалғасады. Эпигерциндік платформа фундаменті материктің оңтүстік-батыс Галф-Кост плитасы шегінде мезо-кайназой шөгінділерінің қалың қабатымен жабылған. Басқа аудандарда жер бедері қатпарлы құрылымы негізнен таулы болып келген. Пайдалы қазындылар тектоникалық құрылымдарына байланысты таралады.

1-ТАРАУ. Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы және жер бедері

1. 1. Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары

Протерезой дәуірінің аяқ кезіне қарай қазіргі солтүстік америка материгінің орнында жан-жағынан геосинклинальды (ұзақ уақыт бойы төмен түсумен болған кең алқап) белдеулермен көмкерілген аса үлкен платформа болған. Оны солтүстігінде - Арктикалық шығысында, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында-Атлантикалық геосинклинальдық белдеулер көмкерген. Бұл геосинклинальдық белдеулер солтүстік Америка платформасын Еуропа платформасынан, сондай-ақ кейінгі протерезой дәуірінде негізі түзілген Шығыс Тынық мұхиттық белдеу платформаны Тынық мқхиттың ежелгі ойысынан бөліп тастады.

Солтүстік Америка платформасының жоғарғы көл аймағы мен Гренландияның солтүстік бөлігі солтүстік-шығыс бөлігі аралығындағы солтүстік-шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны пайда болды. Геологиялық даму тарихының бұдан кейінгі барысында платформаның өзге бөліктері жалпы алғанда төмендей берді. Палеозой дәуірінің бас кезінен бастап платформа Канада қалқанынан оңтүстікке қарай және геосинклинальдық белдеуінің бір бөлігі болған Аппалач геосинклиналынан батысқа қарай барынша төмен түсіп, оны теңіз суы басқан. Сонымен қатар бұл майысу қалұанның қазігі Гудзон шығанағы жатқан ішкі бөлігі мен оның жағалауы маңындағы ойпаттарды да, әрі арктикалық геосинклинальдық белдеудің құрамына енген Франклин геосинклиналымен шектесетін солтүстік бөлігін де қамтыды.

Канада қалқанынан иоңтүстікке қарай шөгінді жыныстардың төмен түсуі мен оның жинақталуы палеозой дәуірінің бүкіл барысында жүріп жатты, сөйтіп ондағы шөгінді жыныстар жалпы қалыңдығы 1000-2000м-ге жетті.

Кордильер геосинклинальдық белдеуінің жер қыртысы қатпарының түзілуі мен аракідік жқғары көтерілу процесі кейінгі кембрийге дейінгі дәуірде және алғашқы палеозой дәуірінде жүрді. Ал шын мәнінде, Кордильер тауларындағы алғашқы орогендік тау түзілу процестерінің білінуі жоғарғы палеозой дәуіріндегі девон кезеңінің аяғынан бастап пайда болды. Бұл процестер бүкіл беледуді түгелдей қамтыды және Аляскадан Сьерра-Невада тауларына дейінгі аралықта магмалық жыныстардың енуімен қоса жүрді.

Ежелгі платформаны солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыс жағынан көмкеріп жатқан басқа геосинклинальдық белдеулерде де осындай күшті тектогенез (жер қыртысында болатын өзгерістер) орын алды. Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік-шығысында қалың қатпарлардың түзілуіне апарып соққан ең күшті қозғалыстар болды. Сөйтіп ол жерде Солтүстік Америка және Еуропа платформаларын өзара жалғастырған орасан үлкен құрлық пайда болды. Бұл құрылымдар Грендандияның солтүсігі мен шығысында және Аппалач тауларында, әсіресе оның солтүстік бөлігінде, сақталып қалған. Сол кезде түзілген таулардың жеміріліп бұзылған қалдықтары жалғас жатқан өзге бөліктеріне жиналды, сөйтіп, Аппалач етегіндегі орасан зор майысқан ойпатты толтырып тастады. Бұл ойпаттық майысу сол кездегі Аппалачтың батысында, Аппалач пен ежелгі платформаның аралығында болды. Аппалач және Уачита тауларының негізгі орогендік циклі жоғарғы палеозой дәуірінде жүзеге асты. Сондай-ақ осы цикл кезінде қазіргі Аппалачтың шығысы мен оңтүтігіне қарай, мексика шығанағының айнала төңірегінде құрлық пайда болды. Мұның соңғысы кейінгі палеозой немесе мезозой дәуірінде пайда болған синеклиза (төмен қарай иілген жердің ойлы-қырлы қатпары) болып табылады, ал оның айналасындағы палеозой кезінде түзілген құрлық (Голф-Кост) дамудың платформалық сатысына ауысқан.

Сөйтіп палеозойдың аяғы мен мезазойдың басында Солтүстік Америка материктен мейлінше өзгеше болған. Ол кембрийге дейінгі және палеозой дәуірлерінде пайда болған қатпарлардың өзара тығыз біріккен құрылымдарынан түзілген және ол солтүстік Еуразиямен жалғасып, көне заманғы біртұтас Лауразия континентін құрған. Одан батысқа және оңтүстікке қарай геосинклинальдық тұрғыдан теңіз алаптары болған. Ал Крдильер геосинклиналы алабындақұрлықтың палеозой дәуірінде қалыптасқан жекелеген жерлері жоғары көтерілген.

Солтүстік Америка қазіргі табиғат жағдаларының маңызды болған үлкен өзгерістерге мезазойкезінде душар болған. Мезазой оқиғаларының әсіресе Кордильер үшін зор маңызы болды. Ол кезде бұл белдеу альпі тектогенезінің алғашқы кезеңдерінен өтті.

Шөгінді жыныстардың тереңге ойысып батуынан және мол жиналуынан кейін триас дәуірінде және юра дәуірінің бас кезінде геосинклинальдық белдеуді түгел қамтыған, сөйтіп эоцен дәуіріне дейін созылған жоғары көтерілулер, қалың қатпарлықтар және күшті магмалық әрекет пайда болды. Бұл кезде тектоникалық әрекеттің екі дәуірі-невадалық және ламарилік дәуірі болғаны айқындалы. Бірақ, бұрын жорып келгендегідей, бұл екі дәуірдің арасында анық үзіліс жоқ. Кейінгі невадалық кезеңде (бор дәуірінің бас кезі) орогендік процестер Алясканы, Сеңгір тауларды, Жағалық жоталарды, Мексиканы және орталық Американы қоса алғанда геосинклинальды түгелдей қамтыды. Күшті интрузиялық әрекеттің барысында Сьерра-Невадада, Каскад тауларында басқа да тауларда батолиттер (тереңдегі қабаттарда магманың суынуынан пайда болған тау жынысы) түзілді. Көтерілген тау жоталарының батысына таман майысу пайда болды, онда шөгінділердің қалың қат-қабаты жиналды. Бор мен эоценнің аралық кезеңінде тектогенездің ламарилік дәуірі болған. Бұл дәуірде платформаның көтерілуі мен қатпарлық қазіргі Сеңгір таулардың Канададан бастап Мексикаға дейінгі аймағын, бүкіл Алясканы қамтыды, Калифорнияның Жағалық жотасы түзілді, жарылған желілер бойында аса қуатты интрузиялық процестер өтіп жатты.

Оңтүстік-шығыс пен солтүстіктегі ларамилік қозғалыстар аймағы платформаның шеткі бөлігін де қамтыды, мұның өзі АҚШ-тағы Шығыс Сеңгір таулары мен Маккензи тауларының пайда болуына әкеліп соқты.

Сөйтіп, кайназойдың бас кезінде Солтүстік Американың геосинлинальдың орнында Кордильер тау жүйесінің қалың қатпарлары түзілді, бұл жүйе солтүстік-шығыс Еуразияға дейін созылып жатты. Бірақ оның қазіргі тау жүйесінен әлі де елеулі өзгешелігі болды.

Солтүстік Американың платформалық бөлігі кайназой дәуірінің бас кезінде құрлық түрінде болды, ол солтүстікте полюске дейін созылып, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста Еуразияға дейін жалғасып жатқан құрлық болған. Бор дәуірінің орта кезінен бастап бұл құрлықтың алабына оңтүстіктен су алабы қаптап, платформаны Кордильерден бөліп тұрған майысуды толтырған. Сонымен қатар теңіз суы қазіргі материктің оңтүстік-шығысын түгел басып кеткен. Кайназойдың бас кезінде әсіресе су алабының жағаларында лимат ыстық рі ылғалды болған. Ол жерлерде қазір 40 параллельден солтүстікке қарай кездеспейтін секвойя, магнолия, мәңгі жасыл емен және басқа ағаш тұқымдарынан құралған жылылықты сүйетін мәңгі жасыл ормандар өсті.

Солүстік Американы оңтүстік материкпен жалғастырған құрлық алқабы солтүстік материкке өсімдіктер мен жануарлардың тропиктік аймақта тараған рүрлері енетін төте жолға айналды.

Бордың аяқ кезі мен палеоген дәуірінде платформа мен Кордильер таулары арасындағы су алабы Солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте шегіне бастады да ақырында жойылып кетті. Тап осы кезде материктің солтүстігі мен ішкі аймақтарында климат суытып, құрғай түсті, сондай-ақ онда далалық және шөлді аймақтарда өсетін ксерофитті өсімдіктер пайда бола бастады.

Олигоцен дәуірінен басталып, осы уақытқа дейін созылып келе жатқан жаңа-кейінгі альпі дәуірі (В. Е. Хайн бойынша) -Кордильердегі орогендік кезең болып табылады. Ол тау жүйесінің түрлі бөліктерінде әр түрлі болды. Мысалы, Тынық мұхит бөлігінде түрліше бөлінген қозғалыстар болып өтті. Мұның өзі бір аймақтардың су астында қалуына, ал басқаларының жоғары көтерілуіне апарып соқты. Суға ең көп батқан, сөйтіп шөгінділердің қалың қабаттарын түзген қозғалыстар, Әсіресе, Калифорнияны, Ванкувер аралы маңын, Алясканы, сондай-ақ қазір Тынық мұхит суының астында жатқан бірқатар көрші аудандарды қамтыды. Тап сол кездегі АҚШ-тағы Жағалық және Аралдық жоталардың, Канаданың, Оңтүстік Алясканың антиклинорийлері жоғары көтерілді.

Кордильердің өзге бөлігінде орасан зор территориялардың күмбезденіп көтерілуі орын алды. Бұған платформаның қатар жатқан бөліктері де қамтылды. Бұл күмбездердің үстінде ойыстар пайда болды. Мысалы, Үлкен Алаптағы, Мексикадағы, Алясканың ішкі бөліктеріндегі ойыстарды айтуға болады.

Сонымен қатар тектоникалық әрекет жанар таулардың өте күшті атқылауынан лаваның ысып ағуы түрінде жүріп жатты. Ол эоцен дәуірінде басталып, миоцен дәуірінде ең жоғары сатыға жетті, сөйтіп АҚШ-дағы Снңгір тауларды, Үлкен Алапты, Мексика таулы қыратын, Колумбия үстіртін, Каскад тауларын қамтыды. Қазіргі кезде бұл әрекет едәуір бәсеңдеді.

Олигоцен дәуірінде бұған дейін тегістелген Аппалач аймағында жоғары көтерілу қозғалысы бастиалды да, онда тау бедері пайда болды. Атлант мұхиты маңындағы жазық пен Мексика маңындағы жазықта жердің жоғары көтерілу әрекеті теңіз суының шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюына әрі күшті эрозияға (мүжіліп шайылуға) тап болды. Атлант мұхиты жағасындағы жерлердің арагідік төмен түсуі өзен сағаларының су астында қалуына және қазіргі эстуарийлік-лагуналық жағалардың пайда болуына ықпал жасады.

Солтүстікте төмендеудің орын алуы салдарынан архипелагтар пайда болды. Мұның өзі кей жерлерде лавалардың ағып төгілуімен ұштасты.

Палеоген дәуірінің аяқ кезі мен неоген дәуірінің климат жағдайларының өзгешеліктері бола тұрса да қазіргі климат жағдайларына жақын болды. Климаттың ылғалдылығы шығыс пен батыстан бастап бірте-бірте материктің ішкі бөліктеріне қарай азая береді. Батыс пен шығыста құрамы әр түрлі ормандар қалыптасты, өйткені олардың арасында түрлердің араласуы қиын болған: оларды алдымен су бассейні, кейіннен құрғақ климатты жазық аудандар бөліп жатты, бұл жазықтарда дала және орманды дала алқаптары қалыптасты. Кордильердің оңтүстік бөлігі (Үлкен Алап, Колорадо үстірті) сол кездің өзінде-ақ шөлді аймақтың өсімдіктері басым келетін аридтық (климаты ыстық және құрғақ жер) жағдайда еді.

Таулы жерлерде күшті жоғары көтерілудің біршама тыныштық кезеңімен алмасып отыруы белсенді эрозиялық әрекетті, таулардың мүжілуін және тегістелген жерлердің түзілуін тудырды, кейін бұл алаптар едәуір өзгерістерге ұшырады.

Кордильер таулары плиоценнің аяқ кезі мен плейстоценнің бас кезінде барынша жоғары көтерілді. Бұл көтерілу мен климаттың палеоген дәуірінің өзінді-ақ басталып, одан әрі күшейе түскен жалпы суытуы солтүстік Америкада материк пен тауларды мұз басып қалуға душар етті.

Плиоцен дәуірінің өзінді-ақ климаттың суытуына байланысты Солтүстік Америкада тайгалық және тундралық флора мен фауна пайда болды. Американы Беринг теңізі арқылы Еуразиямен жалғастырған құрлық түрлердің пайда болуы орталығына айналуына мүмкін еді. Бұл құрлық өсімдіктер мен жануарлардың екі материк арасында түр алмасуын қамтамасыз еткен көпір де болған.

Солтүстік Американы неоген дәуірінің өзінде-ақ Гренландияда басталған мұз басу плейстоценнің бас кезінен бастап кең тарала бастады. Екі орталықтан (Лабрадордан және Кордильерден) тарала отырып, ең көп мұз басу кезеңінде мұздықтар солтүстік ендіктің 40˚-ына дейінгі бүкіл материкті, яғни оның көлемінің 65 %-на жуығын алып жатты. Еуразиямен салыстырғанда Солтүстік Американы біршама көбірек мұз басып қалуы оның ішкі аймақтарының көп мөлшерде ылғалды болуы байланысты. Материктің солтүстік жартысында Алясканың солтүстік бөлігін мұз басқан жоқ. Өйткені сол кездің өзінде онда континенттік климат болған. Мұз Канада арктикалық архипелагының батыс бөлігін де басқан жоқ.

Тап Еуразиядағы сияқты Солтүстік Америкада да мұз басуы мен шегінуі болып өтті. Ал, оның соңғысы, Висконсин мұз басуы шамамен алғанда осымен 10-15 мың жыл бұрын аяқталған. Мүз басу орасан зор территориядағы топырақ-өсімдік қабаттарын құртып кетті.

Байырғы ағаш өсімдіктер мен ежелгі далалар енді материктің оңтүстік аудандарына қарай ойысты. Ол жақта тіршілік жағдайы сақталып қалды. Мысалы, Оңтүстік Аппалач аймағында-жалпақ жапырақты флора, Кордильердің оңтүстік-батысында -қылқан жапырақты флора сақталды.

Мұз басу мен климаттың ылғалдануы қатар жүрді. Су ағыны оңтүстікке қарай бағытталды. Соңғы мұз басу кезінде мұхит суы қазіргіге қарағанда әлдеқайда төмен болды, матриктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі шығанақтар мен бұғаздар ол кезде құрлық болған. Қазіргі Беринг және Чукот теңіздерінің сол кездегі құрлық болған учаськелері Америка мен Еуразияны жалғастырған. Ол учаськелер арқылы материкке өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері ғана емес, сонымен қатар адамдарда-американың байырғы тұрғындары болып тадылатын үндістердің аталары да келген.

Соңғы мұз басудың кейін шегінуі жағалаулардағы ойпаң жазықтарды теңіз суының басуын туғызды, әрі мұздық аймақтарының маңында орасан зор көледер пайда болды.

Мұз басу Еуразиядағы сияқты мұнда да жер бедерінің қалыптасуына өте күшті ықпал етті. Мұз басу аймақтарының ішкі бөлігі шамамен Канада қалқанының шекарасымен сәйкес келді. Сондықтан ол мұз басу аймақтарының орталықтарына таяу және олардың тікелей екі аралығында жатты. Қазір ол мұздық көшкіні қалдырған белгілері көп аймақ ретінде сипатталады. Мұз басу аймағының шет жақтары мұздіқтардың жүріп өткен жерлерінде шөгінді жыныстардың бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің кең таралғанымен ерекшеленеді. Солтүстік Американың мұз басудан тыс аймақтары үшін құмды алаңдар мен сары топырақ шөгінділерінің жинақталуы тән болады.

Тау жүйелері жер бедерінің қалыптасуына таудағы мұз басу күшті ықпал жасады. Таудағы мұз басу Каскад тауларында, Сьерра-Невадада және Сеңгір таулардың кейбір бөліктерінде өте күшті болды. Онда орасан зор жерді альпі мұздықтары алып жатты. Мұздықтар кей жерлерде қатар жатқан жазқтарды да басып қалды немесе теңізге тікелей төне түсті. Канаданың оңтүстігі мен Америка Құрама Штаттарының солтүстігіндегі ішкі үстірттерде мұздақ қар күмбездері пайда болып, көптеген аңғарларды мұздықтар басып қалуына себеп болды.

Висконсин мұздығы екі үлкен алапқа-Лабрадор және Киватин алаптарына - бөлінгеннен кейін және мұз қабаттары біржола жойылғаннан кейін материктің солтүстік бөліктерінде өсімдіктер мен жануарлар пайда бола бастады, климат едәуір жылы әрі құрғқ бола түсті, сөтіп бірте-бірте осы күнгі ландшафттар қалыптасты.

1. 2. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері

В. Е. Хаиннің пікірі бойынша, Солтүстік Америка өзге материктермен салыстырғанда құрылымының мейлінше симметриялы болуымен және құрылымы мен жер бедерінің мейлінше толык сәйкес келетіндігімен ерекшсленеді. Материктің орталық гипсометриялық (жер бетіндегі биіктіктігін анықтайтын ғылым тарауы) төмендеген бөлігі, сонымен қатар Гренландияның едәуір бөлігі мсн Қанадалық Арктика архипелагының аралдарын қоса қамтнтын ежелгі платформадан түзілген. Бұл платформа барлық жағынан ерте және кейінгі палеозой дәуірі мен мезозой-кайнозой дәуірлерінде әр кезде пайда болған қатпарлы тау сілемдерімен көмкерілген.

Ежелгі Солтүстік Америка платформасы Европа платформасы сияқты осы күнгі жазық жер бедері басым болатын тұрақты платформалар түріне жатады.

Платформаның мейлінше түрақты бөлігі - Канада кристалды қалқаны. Оның етегіндегі жер бедерінде Лаврентий қыраты жатыр. Бұл қыраттың ең биік жерлері 500-700 метрге, ал біріиама төмен жерлерінің биіктігі 100-200 метрге жетеді. Қыраттың ежелгі тегістелген жер бетінде әр түрлі қатты тау жыныстарының шығып жатуына сай күмбездер мен бұйратты адырлар жиі кездеседі. Онда сонымен қатар тектоникалық процестер мен мүздықтардың нәти-жесінде пайда болғаи көптеген келдер де бар. Сондай-ак қыратта жер бедерінің экзарацнялық (мүздықтардың жүріп өткен жерле-рінде пайда болған кедір-бұдырлы жер бедерінің түрі) және аккумуляциялық (шегінді жыныстардың бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің түрі) түрлері кездеседі.

Гренландияда және Канада архипелагы аралдарында қалқанның етегінде жатқан жазықты материктегі мұз қабаттары басып қалған және оның деңгені кей жерлерде мүхит деңгейінен төмен.

Гудзон шығанағының бүрыннан қалган орасан зор қазан шұң-қырларьшың шет жақтарында және төменгі Маккензи бассейніндэ қабатты және аккумуляциялық жазықтар бар. Олар төменгі палеозой дәуірінің қалың шөгінді жыныстарынан құралған. Сонымен катар мұздық дәуірінен кейінгі теңіздін. қүрлыкты басуы кезінде оның үстіңгі қабатьш шөгінді жыныстар жапқан.

Қалқаннан оңтүстікке қарай жатқан территория Орталық жазық деп аталады, ал құрылымы жағынан ол палеозой дәуіріндегі теңіз шөгінділерінін. қалың қабатын жамылып жатқан плитаға үқсайды. Оның жер бетінде кристалды тау . жыныстарының көтерілуіне байланысты пайда болған синеклизалы (ойлы-қырлы қатпарланған) күмбездер (Мичиган, Иллинойс т. б. ) жиі кездеседі. Жа-зықтың ең биік жері-Озарк үстірті. Ол 700 метрден асады. Оның жоғарғы бөлігінде кристалды негізді құрайтын тау жыныстары көрініп жатады.

Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әр түрлі бЪлып келетін шөгінді тау жыныстары бір жақка карай көлбей" жаткандықтан ол жерлерде куэсталар (кыраттардың бір түрі) түзілген. Силур дәуірінің тау жышыстарынан түзілген куэста кемері мейлінше елеулі болады. Ол кемерді Ниагара өзені кесіп өткен жерде Ниагара сарқырамасы пайда болған.

Сейтіп, Орталық жазықтың морфоқұрылымының негізгі түрлері қалың қабаттардан тұратын төбелі және еңіс жазықтар болады.

Жазықтың солтүстік жартысының жер беті муздықтардың жүріп еткен жерлерінде шөгінді жыныстардың бір жерге жнналуынан түзілген жер бедерінің түрлерімен күрделене түскен: мұздықтардан пайда болған ақырғы мореналық төбелер, ұзынша төбелер жиі кездеседі. Көлдердің төңірегінде көлемді-көлемді әр турлі шөгінділердің жиынтығынан түзілген ойпаттар орналасқан.

Жазықтын, оңтүстік жартысындағы морфоқұрылым ушін езен лоне жыра жүйесі өте жиі эрозиялық түрлердің басым болуы тән нәрсе. Ал қиыр оңтүстікте жер бетіне палеозой дәуіріндегі ізбес тастары шығып жатқандықтан жер бедерінің карстық (тау жыныстарының суға еру процесі) түрлері кең дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Австралия материгі
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz