Майлау жүйелерінің ақаулары мен оны жөндеу тәсілдері


Кіріспе

Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллионадаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар шаруашлығында маңызды қызмет етіп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек істеп келеді.

Жыл сайын автомобиль көлігі арқылы халық шаруашылығында 80%-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың 75%-дан астам жолаушылар үлесіне тиеді.

Сонымен қатар автомобиль көлігі тасымал кешені жұмсайтын қор шығынының негізгі тұтынушысы болады: мұнай өніміндегі жанармайдың 66%-ын, еңбек қорының 70%-ын және барлық қаржы салымының жартысына жуығын.

Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске енгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің еңбек жағадайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды-техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу-түсіру және жөндеу жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.

Өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, қордың барлық түрін үнемдеу - бұл мәселелер тікелей автомобиль тасымалына және оның жүйеліктері - автомобильдерді техникалық пайдалануға (АТП) қатысты автомобиль паркінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді. Оның дамуы мен жетілдіруі автомобиль көлігінің даму өрісімен айқындалады және еліміздің тасымал кешеніндегі орнымен; еңбек материалдық, жанармай қуаттылығы және басқа да қорларды тасымалдау, техникалық қызмет (ТҚ), жөндеу және автомобильдерді сақтау кезіндегі үнемдеудің қажеттілігімен; тасымал үдерісінің қозғалыс құрамымын, тұрғындарды қорғау, жүргізуші және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен де айқындалады.

Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір маңызды мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль шығаруммен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан - автомобильді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құруды, ТҚ пен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру жабдықтарын, өндіріс үдерістерін (процестерін), жүргізушінің мамандығын жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.

Тасымал құралының сенімділігіне қойылатын талаптар жылдамдығы және қозғалыс жиілігі, қуаты, жүк көтергіштігі және автомобильдің сыйымдылығы артқанда, сонымен бірге автомобиль тасымалының қызмет көрсету мекемесі және тасымалдың басқа түрлерімен технологиялық және ұйымдастырушылық байланыстары арта түседі.

Елімізде автомобиль паркін ұйымдастыру мен ұстап тұру оларға ТҚ пен жөндеуге байланысты үлкен шығынды қажет етеді. Мысалы, автомобильдерді техникалық жарамды күйде ұстап тұру үшін жыл сайын жеке тұтынушылардағы жеңіл автокөліктерге 15000-нан 2тг, жүк автомобильдеріне 15тг-ден 18 тг және автобустарға 2тг-ден 3тг пайдалану жағдайына байланысты шығын жұмсалады.

Автомобиль көлігі едәуір бөлшектер, материалдар санын жұмсайды, ТК және жөндеу барысында технологиялық жабдықтардың әр түрлерін, қондырғылар мен жабдықтарды пайдалануды қажет етеді.

Үлкен жүккөтергішті автомобильдерді жасаудың еңбек сыйымдылығы 120-150 норма-сағ. тең болса, қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану жиілігіне байланысты жылына 400-900 норма-сағ. еңбек сыйымдылығын қажет етеді. Бұл жағдай 2-5 жүк автокөлігіне немесе 1-2 автобусқа жылына бір жөндеушіні ұстап отыруды қажетсінеді. Жүкі автокөлігінің барлық пайдалану мерзімінде жұмсалатын шығын құрамы төмендегі жуық қатынаспен анықталады: техникалық пайдалану, техникалық қызмет пен мерзімдік жөндеу (МЖ) - жалпы шығынның 91%-ын құрайды, жобалау және жасау 2%, қалпына келтіру 7%-ды құрайды.

Автомобильдер санының тұрақты көбеюі адам баласына зиянды жану қалдықтарымен, газ қоспаларымен және бөлшек қалдықтарымен қоршаған ортаны ластайды. Автомобиль көлігінің үлесіне залалды қалдықтарды сыртқы ауаға шығарудың 40%-ы тиесілі.

Карбюраторлы моторларда автомобильді қоректендіру жүйесінің ақаулығынан жану қалдығындағы зиянды қоспалар 2-7есе жоғарылайды екен. Бұған қоса ақаулы ескі автокөліктердегі дыбыс мөлшерінің шамасы 15-20%-ға жоғары болады. Ақырында, ақаулы автомобильдер 5-8% жол апатының себепшісі болып табылады.

Автомобильдердің өнідімділігін, ыңғайлығын, қолайлы болуын, тиімділігін арттыру көбіне қосымша агрегаттар, механизмдер, компьютерлік жүйелер орнату немесе оларды күрделендірумен байланысты, мұның өзі техникаық қызмет көрсету және жөндеу барысында еңбек және материалдық шығындарды көбейтуге алып келеді.

Автомобиль көлігі ірі жанармай қорын тұтынушылардың қатарына жатады, оны үнемді пайдалану қоректендіру жүйесінің, электр жабдығының және басқа механизмдер мен автомобиль агрегатының сапалы жұмыс істеуіне, сондай-ақ жүргізушінің мамандығына байланысты. Автомобиль тасымалындағы күрделі мәселелердің бірі, атап айтқанда техникалық пайдалану барысында жанармайдың басқа түрін, яғни табиғи сығымдалған газды (метан) және мұнай сығымдалған газын (пропан-бутан) пайдалану болып табылады. Автомобиль паркінің өсуі оның құрамының ескіруімен қатар жүреді, пайдалану барысында көп жүрген автомобильдерді жарамды ұстап тұру қосымша қаржына қажет етеді. Сонымен, егер автомобиль-таксидің жүрісі 10-150 мың км аралығындағы жұмсалатын бөлшек шығынын 100% деп алатын болсақ, онда 50 мың км, ол 12%, 150-200мың км жүрісінде - 166%, 200-250 мың км жүрісінде 456%, 250-300мың км - 608% және 300-350мың км - 686% құрайды.

Автомобильдерді техникалық пайдалануға оң ықпалын тигізетін шаралар қатарында келесілерді атауға болады: жол құрылысын өрістету, автомобильдердің құрылымын жетілдіру және олардың ТҚ пен жөндеу сапасын арттыру, АТМ кеңейту, ірілендіру, жөндеушінің мамандығын көтеру, дұрыс ұйымдастыру және мекемені механикаландыру, шаруашылық есепке көшу мен аренда, жөндеу мен қызмет көрсету маманының өнімділігін арттыру.

Автомобильдің мүмкіндік қасиеттерін және жұмыс қабілетін қамтамасыз ету автомобильді жасау кезінде белгіленген (пайдалану сенімділігі) . Автомобильді ұстап тұру шығындарын азайту, ТҚ және жөндеу, осыларға сәйкес тұрып қалу уақытын азайту, тасымал өнімділігінің артуымен қатар оның өзіндік құнын қысқаруды қамтамасыз ету, яғни үнемділігін арттыру мен экологиялығын қамтамасыз ету - автомобиль тасымалында қозғалыс құрамының негізгі техникалық пайдалану міндеттері болып табылады.

Автомобильдің техникалық жағдайын басқару мәселесін шешу үшін айтарлықтай ықпалда болатын қозғалыс құрамына ТҚ және жөндеуде жоспарлы алдын алу жүйесі, оларды техникалық ақаусыз жағдайда ұстауы бойынша ретіне тәртіптеу мен басқа да нормативтері (тәртіптілік) жатады.

Автомобильдерге техникаық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық үдерістері мен өндірісті ұйымдастыру автомобильдің техникалық жағдайын басқару мәселесін шешудің басты бөлімі болып табылады, оның құрамына инженерлік-механикалық қызметтің оңтайлы құрылымы, инженерлік шешімді қабылдау әдістері, технологиялық амалдар, жөндеу бөлімі мен жұмыс орны жабдықтары және жұмысты ғылыми ұйымдастыру (ЖҒҰ) енеді.

Материалдық-техникалық жабдықтау мен ғылыми негізде қалыптастыру, оның құрамына кіретінде тасымалдау (қабылдау), сақтау, тарату, пайдалану және жөндеу материалдарын, қосалқы бөлшектерді, агрегаттарды қалыпты жұмсау және олардың үнемді жұмсау шаралары - бұлар автомобиль паркін ұстауда шығын көздерін азайтуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, автомобильдерді ерекше жағдайларда техникалық пайдалануды тиімді ұйымдастыру басты міндеттергі жатады: олар төменгі температура жағдайында жұмыс істеуге және сақтауда, таулы жерлерде және өндірістік-техникалық орнынан бөлек жерде пайдалану (өнім жинауға, жаңа аймақты игеруге және т. б. ) .

Автомобильдерді техникаық пайдалану, сондай-ақ өндірістік-техникалық орынды жобалау, техникалық қайта жабдықтау мен қайта қалыптастыру әдістерін қарастырады: АТМ және орталықтандырылған өндіріс орны, автогараж және техникалық қызмет көрсету станциялары, бұлар автомобиль паркін ұстау бойынша жоғарыда аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Ғылыми-техникалық өркендеу жетістіктерін пайдалану негізінде ТҚ және жөндеу жұмыстарын жүргізу, қор үнемдеуді тығыз байланыстары жүргізу адам факторының рөлін арттырады, яғни инженерлік-техникалық қызметте жүрге мамандарды мамандыққа және саяси әлеуметтік жағдайларына дайындау және оның ішінде алдымен инженер-механиктер мен өндіріс басшысын даярлауға жол ашады.

Сонымен, автомобильдерді техникалық пайдалану ғылыми ретінде автомобиль паркінің техникалық қалыптасуын неғұрлым тиімді басқарудың әдістері мен жолдарын анықтайды. Мұның мақсаты автомобиль құрылымының техникалық мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруда және пайдалану сенімділігінің белгілі деңгейін қамтамасыз етуде реттілік пен тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық және еңбек шығынын оңтайландыру, қозғалыс құрамының техникалық жағдайының қызмет көрсетушіге, қоршаған ортаға зиянды әсерін барынша төмендету болып табылады.

Автомобильдерді техникаық пайдалану практикалық қызмет аймағы ретінде, бұл - автомобиль паркін ақаусыз ұстап тұруды қамтамасыз ететін механикалық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастыру шараларының кешені, еңбекші тиімді пайдалану және материалдық қор мен қызметкердің қалыпты еңбегі және тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуі. Автомобильдерді тиімді техникалық пайдалануды инженерлік-техникаық қызметкерлер қамтамасыз етеді.

Нақты автомобильдің маркілері мен модельдеріне техникалық қызмет көрсетудің әр түрінің: жуу, тазалау, бақылау, диагностика жасау, реттеу, майлау, май құю, бекіту және автомобильдердің барлық құрама бөліктерін бөлшектеу-жинақтау жұмыстарының операциялар тізімі мен майлау кестесі немесе картасы болуы тиіс. Тізімге нақты маркілі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету операцияларының тізімі олардың қиыстырмалық ерекшеліктерін, құятын және майлайтын майды, сондай-ақ мемлекет стандартты ұсынысының негізінде жасалған операциялардың типтік тізімінде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету түрлері мен көрсетілген техникалық қызметтің мазмұнын ескере отырып жасалады.

Айдалғаннан кейінгі дистилятты майлардың құрамында зиянды қоспалар болады. Олардан майларды қышқылмен (қышқылды тазарту) немесе ерітінділермен (селективті тазарту) тазартады.

Майларды тазарту тәсілдері, олардың маркаларында көрсетілген; АҚ немесе АС майларындағы А әрпі майдың автомобиль үшін қолданылатын, ал К әрпі қышқылды немесе С селективті тазартылғанын көрсетеді. Егерде майдың белгіленуінде П әрпі болса, ол майға оның қасиетін жақсартатын комплексті присадка қосылғанын көрсетеді.

Присадканы майдың тұтқырлығын, тотығуға қарсы тұрақтылығын, коррозияға қарсылығын және жуылғыштығын жақсарту үшін, сондай-ақ температура артқан сайын оның сұйылуға тұрақтылығын арттыру үшін 3-14% шамасында қосады.

Әдетте комплексті присадкалар (АЗНИ-1, ПМС-200А, ВНИИНМ-360 т. б. ) қолданылады. Дизель майларын Д әрпімен белгілейді. Соңғы кездері майлардың жаңа маркалы түрлері шығарылып жүр, мәселен, М-6Б, мұндағы М әрпі мотор майы деген ұғым берсе, 6 саны майдың тұтқырлығын, ал саннан кейінгі әріп пайдалану жағдайын көрсетеді. Карбюраторлы двигательдер үшін қолданылатын майлардың маркасында А, Б және В әріптері болады. А әрпі майдың присадкасыз екенін және оны жеңіл пайдаланудың жеңіл жағдайларында қолдану керектігін, Б әрпі майдың ішінде орта жағдайларда В әрпі майдың ішінде присадка барлығын әрі оны пайдаланудың ауыр жағдайларында қолдануға болатындығын көрсетеді.

Дизельді двигательдер үшін қолданылатын майлардың цифрдан кейін В, Г, Д әріптері болады. В әрпі майдың присадкамен жеңіл, Г әрпі орта, Д әрпі пайдаланудың ауыр жағдайларында қолдануға болатындығын көрсетеді.

Двигательдердің бөлшектерін майлауға қолданылатын майлар белгілі бір талапқа жауап беруі тиіс. Май таза болуы керек, яғни оның ішінде механикалық қоспа кездеспеуі қажет, ол бөлшектердің үйкелік беттерінің тез тозуына себепші болады; майдың ішінде су болмау керек, өйткені ол төменгі температурада қатып қалып двигательдің майлау жүйесінің каналын бүлдіруі мүмкін; майдың ішінде бөлшектерді тез коррозияға ұшырататын қышқыл мен сілтілер болмауы керек. Бұлардан басқа майдың белгілі тұтқырлығы, қату температурасы және тұрақты болуы шарт.

Майдың тұтқырлығы деп майдың кішкентай бөлшектерінің бір-бірімен өзара үйкелуіне көрсететін қарсылығын айтамыз. Егер майдың тұтқырлығы нашар болса, ол өзара үйкелетін бөлшектердің арасынан тез шығып кетеді де, ал тұтқырлығы жоғары болса оның майлау жүйелері каналдарынан өтуі нашарлайды және нашар шашырайды.

Майдың тұтқырлығы санмен белгіленіп, ол майдың маркасын анықтайтын әріптердің соңынан жазылады, мәселен, АС-8 (М8-Б) . Сан неғұрлым көп болса, майдың тұтқырлығы соғұрлым жоғары болады.

Ауаның температурасы төмен кезде май өзінің ағып-қозғалу қабілетін жоғалтады. Оның бұл қасиетін қату (қоюлану) температурасы деп атайды. Қату температурасы минус 20 градустан минус 40 0 С аралығында болады. Сондықтан двигательдерге қыстыгүні қолданылатын майлардың қату температурасы жазда қолданылатын майлардың қату температурасынан төмен болуы керек. Май өзінің қасиеттерін ұзақ уақыт бойы жоғалтпауы тиіс, яғни тұрақты және ауадағы оттегінің әсерінен қышқылданып ашымау қажет. Төмен температурада жұмыс істейтін двигательдер үшін тұтқырлығы төмен, жоғары температурада жұмыс істейтін двигательдер үшін тұтқырлығы жоғары майлан қолданылады.

Қаралып отырған автомобиль двигательдердің бөлшектерін майлау үшін АС-8 майы қолданылады.

Автомобиль бөлшектерінің өзара үйкелісте болып, бөлшектері әр түрлі температура жағдайында әр түрлі жылдамдықпен қозғалып және әртүрлі қысымда істейді, сондықтан автомобильдің әрбір механизмі үшін әр түрлі майлау майларын пайдалану керек.

Трансмиссия механизмдері мен руль механизмдері үшін тұтқырлығы көбірек, қалдық майлар тобына қосылатын майлау майларын қолданады. Бұл майлардың қату температурасы төмен, майлау қасиеті жоғары. Қолданылатын нигролдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан температура төмендеген сайын оның қоюлануы да арта түсетіндіктен, қыс айларында (әсіресе қыста) оған тұтқырлығы төмен (веретен) май қосады.

Трансмиссиялық майлардың үйкеліске қарсылық қасиеттерін арттыру үшін оған 5% қышқылды присадка қосады. Бұған жаз үшін қыс айларында қолданылатын автомобильдің трансмиссиялық (ТА-п15, ТА-п-10) майлары жатады.

ГАЗ-53А автомобилінің бас берілісі жүк автомобильдерінің гипоид майымен, ГАЗ-24 «Волга» жеңіл автомобильдері үшін гипоидты майлар қолданылады.

Автомобильдердің кейбір механизмдері мен агрегаттарының май құятын картері болмағандықтан оларды консистенттік маймен майлайды. Ондай майлар минералды май мен қойылтқыштан - сабынна тұрады. Дайындау тәсілдеріне қарай қойылтқыштарды: сабын қойылтқышқа сілті қосып қайнатқан солидолдың құрамына кальций кіреді; қойылтқышы сабын болып табылатын консталин, ол күйдіргіш натрийде қайнатылады.

Солидол суға берік, балқу температурасы (70-90 0 С) төмен, ал консталин ылғалға төзімсіз және балқу температурасы 130 0 С жетеді. Консистендік майлардың УС-1 және УС-2 маркалары болады да, оларды механизмдердің жұмыс істейтін температурасына қарай қолданады. Олармен руль тартқышының жалғасқан түйіндері, рессордың саусақтару, шкворень т. б. майланады.

Графитті майлармен рессорлардың табақтарын майлайды. Графитті май 10-15% графит ұнтақтарына араластырылып УС-2 солидолынан тұрады.

Бөлшектерді ұзақ уақыт тотығудан сақтау үшін және аккумулятор батареялары клеммаларын жабу үшін олардың мұнайды өңдеуден қалған өнімдерден тұратын техникалық вазелинмен майлайды.

Двигательді майлау. Өзара қарым-қатынаста болатын денелердің арасындағы біріне қарағанда, екіншісінің салыстырмалы қозғалуын және ондай қозғалыстарға қарсылық білдіретін күштері деп атайды. Үйкеліс күштерінің шамасы өзара үйкелісте болатын беттердің өңделуіне, жылдамдығына және олардың арасындағы қысымға байланысты.

Жұмыс істеп тұрған двигательдердің күш бергіш көптеген бөлшектері бір-бірімен үнемі үйкелісте жүре бір-бірімен салыстырмалы қозғалыста болады. Двигатель жұмыс істегенде үйкелу күштерін жеңу үшін двигатель қуатының бір бөлігі жұмсалады; сонымен бірге бөлшектердің өзара үйкелуі олардың тозуына және жылу бөлінуіне әкеліп соқтырады, сондықтан двигатель бөлшектері бөлінген жылудың әсерінен көлемін ұлғайтып, айқасып қалуы мүмкін. Сөйтіп қозғалмасы бөлшектерінің жұмысына жақсы жағдайлар жасау үшін олардың арасындағы үйкеліс күші барынша азайту керек.

Үйкеліс күштерін азайту үшін антифрикциялық қорытпа қолданылып, олардың беттерінің өңделуін жақсарту және роликті немесе шарикті подшипниктер қолдану керек. Бірақ үйкеліс күштерін азайту үшін қолданылатын тәсілдердің ішінде күшті әсер ететіндердің бірі үйкеліс беттерінің арасында май қабатын жасау. Өзара үйкелетін беттердің арасындағы май қабатын жасау. Өзара үйкелетін беттердің арасындағы май пленкасы детальдардың (бөлшектер) бір-бірімен тікелей үйкелісі май қабаттарының өзара үйкелісімен алмастырылады. Сонымен қатар майлау майы үйкелетін детальдардың беттерін ысытпай оларды салқындатады, түскен ұсақ механикалық т. б. бөлшектерді ала кетеді, детальдерды коррозиядан сақтайды және олардың саңылауларын тығыздайды.

Майлау жүйелері двигательдердің үйкелетін беттеріне май беріп, май қысымен бір қалыпта ұстайды, оларды керексіз заттардан тазартып және салқындатып отыру үшін керек. Майды жеткіліксіз беру двигательдің қуатын азайтады, үйкелістің артуына жол береді, подшипниктерінің қызып, тіпті балқуына, поршеньдердің сыналуына және двигательдің тоқтап қалуына әкеп соқтырады. Май көп берілсе майдың бір бөлігі жану камерасына құйылып, оның қабырғаларына күйенің тұруын көбейтеді, осыдан барып от алу свечаларының жұмысы нашарлайды.

Двигательдің жұмыс істеу процесінде майдың бір бөлігінің өз сапасын жоғалтуына байланысты оны жаңартып, толықтырып отыру керек.

Үйкеліс беттеріне май әр түрлі жолдармен - қысыммен, шашырату және өздігінен ағу арқылы беріледі. Сондықтан детальдарға май беру жолдары олардың жұмыс істеу жағдайына, май беру мүмкіншілігіне байланысты болады. Автомобиль двигательдері үшін май араласы жүйемен беріледі, кейбірлеулеріне шашыратылып және өздігінен ағу арқылы беріледі.

Майлау жүйесіне картердің табаны, май қабылдағыш, май насосы, май сүзгілері, май радиаторы, майдың қысымын көрсеткіш, трубопроводтар мен каналдар кіреді.

ГАЗ - 24 двигателінің (34-сурет) майлау жүйесіне май картердің табанынан май қабылдағыш арқылы насосқа береді. Бұдан кейін май сүзгісіне беріледі, ал одан әрі қысымның күшімен цилиндр блогі бойына орналасқан орталық май магистралына және каналдардың бойымен иінді біліктің түпкі мойнына, бөлгіш біліктің таяныш мойнына келеді. Иінді біліктің түпкі мойындарынан май біліктің жақтарындағы тесік арқылы шатунға беріледі. Шатунның тесігінен өткен май сәйкес келген кезде шатун мойнындағы канал мен подшипник тесігі цилиндрге беріледі.

Бөлгіш шестернялар мен таяныш фланец бөлгіш біліктің алдыңғы мойнының подшипнигінен шыққан майдың ағынымен майланады. Бөлгіш біліктің артқы подшипнигінен аққан май ағыны тік канал мен артқы қуыс тірек жолымен күйенте осінің каналына беріліп, одан тесік арқылы күйентенің втулкасына, реттегіш винттер мен штангілердің жоғарғы ұштарына беріледі. Штанглармен аққан май итергіштер мен жұдырықшаларды майлап отырады. Қалған детальдарының бәрі шашыранған немесе өздігінен аққан майлармен майланады.

35-суретте ЗИЛ-130 двигателінің майлау жүйесінің схемасы көрсетілген. Май резервуары деп аталатын картердің табанынан май қабылдағыш арқылы май насосымен сорылып алынады. Май насосының төменгі жағынан май радиаторға, одан картердің табанына беріледі. Жоғарғы бөлігінен май қысыммен цилиндрлер блогінің артқы аралық каналы арқылы май сүзгілерінің корпусына беріліп, онда тазартылады.

Сүзілген май цилиндрлер блогінің артқы қабырғасына орналасқан бөлгіш камерасына беріледі. Бөлгіш камерадан май цилиндрлердің оң және сол қанаттарындағы магистральды екі каналдарға беріледі. Магистраль каналардардан май қысыммен итергіштердің бағыттаушы втулкасына, бөлгіш біліктің таяныш мойындары мен иінді білікті таяныш подшипниктеріне беріліп, одан біліктің ішіндегі канал арқылы шатун подшипниктеріне беріледі. Компрессор магистральдық каналдың алдыңғы басынан келген маймен майланады. Бөлгіш біліктің орта мойнындағы тесік цилиндрлер блогінің тесіктерімен тұспа-тұс келгенде (бөлгіш білік әрбір айналғанда 1 рет) толықсыған май ағыны әрбір цилиндрлер қалпақшасының каналына беріледі. Ол каналдардан күйентенің таяныш тірек арқылы өтетін болттары мен қабырғалары арасындағы саңлау арқылы май күйентенің іші қуыс осьтеріне кіріп (35, а-сурет) оның тесігі арқылы күйентенің втулкаларына келеді.

Күйентенің осі мен оның тесігі арасындағы саңылаудан өткен май, күйентенің қысқа иініндегі канал арқылы штангының сфералық таянышына (35, б-сурет), бір бөлігі клапандардың стержені мен олардың айналу механизміне беріледі. Бөлгіш біліктің алдыңғы мойнындағы каналдан май қысыммен таяныш фланеціне беріледі. Двигательдің қалған бөлшектері шашыраған және өздігінен ағып келген майлармен майланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базалық детальдарды жөндеудің әдістері
Автомобильді және оның электро техниканы жөңдеу
Жөндеу жұмыстардың міндеттері
Автомобиль және оны пайдалану, жөндеу
КамАЗ автокөлігінің жарықтандыру жүйесін жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру
Автомобильдерді күрделі жөндеуде механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі құралдары
Көлік техникасының сенімділігі пәні бойынша лекциялық кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz