Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту



1.Кіріспе
2.Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімі туралы
3.2005.2007 жылдары Алматы қаласында халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс.шаралар жоспары
4.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, зейнеткерлерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі және қалалық арнайы жәрдемақы
5. «Жұмыспен қамту туралы»ҚР Заңы, Қалалық жәрдемақыны алу туралы ереже.
6.Құжаттар
7.Қорытынды.
Мен,өндірістік тәжірибемді Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткіздім.Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өзіндік ерекшелектерімен белгілі.Осы аты аталған мекеме бастығы Ұ.Қастаева.
Бөлім бастығы, бөлім бастықтары, бас мамандар және мамандар әрқашан орта қызметіне жататын сауалдар бойынша азаматтарды қабылдайды және кестеге сәйкес аудан мекемелерінде, кәсіпорындарында Орталықтың қызметі туралы насихат жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту бөлімі әрқашан аудан мекемелерінде, кәсіпорындарында Қазақстан Республика Еңбек туралы заңдылықты орындап, еңбек ұжымдарына, мекемелерге жұмысшылардың қажетті әлеуметтік және құқықтық қорғау шаралары ескерілген шарт келісімдерді жасауға практикалық және ұйымдастыру әдістемелік көмек көрсетеді.
Қоғамдық бірлестіктер және кәсіптік одақтармен әлеуметтік және еңбек қатынасы бойынша ұсыныстар дайындау және жүзеге асыру шараларын орындайды.Арнайы топқа уіретін адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жағдайына талдау жүргізеді және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру вакансия банкін құрастыруды жалғастырады,мектеп бітірушілерді жыл бойында жалақы төлейтін қоғамдық жұмыстарға дайындау курстарына тарту мектеп директорлары кеңестеріне қатынасып отырады.
Мүгедектер,ардагерлер, тұрмысы нашарлармен жұмыс жүргізетін бөлімнің бас мамандары тоқсан сайын тиісті Ережелерге сәйкес мүгедектерге жол билетін беріп, әлеуметтік карталар бойынша мәліметтер базасын түзетеді. Материалдық көмек көрсету арыздарын қарастырады.Әлеуметтік тұрғын үй,ардагерлер үйі және мүгедектер интернатында тұрғысы келетін зейнеткерлерге құжаттарды тексереді және арнаулы қалалық жәрдемақыны тағайындайды.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтардан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға,
зейнеткерлерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындаудың және
төлеудің тәртібі
1.Өтемақы алушылардың іс-қағаздарын табыстаудың аудандық, қалалық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мынандай тәртіппен
жүзеге асырады:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен,
ақшалай өтемақы тағайындалған,бірақ төленбеген мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы алушылар,зейнеткерлер қатарындағы ақшалай өтемақы алушылардың іс-
қағаздары макеттерін қоса отырып, қабылдау-табыстау актілерін толтыру.
-Іс-қағаз макеттері:
-өтініш берушінің СТП,жеке куәлігі көрсетілген ақшалай өтемақы төлеу
туралы өтініші;
-тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжаты;
Семей ядролық сынақ полигонындарындағы ядролық сынақтар салдарынан
зардап шеккен аумақтарда тұру,жұмыс істеу,қызмет өткеру фактілерін
растайтын құжаттары;
Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұрған,жұмыс
істеген,қызмет өткерген уақыт кезеңінің есебі;
-аудандық,қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы бекіткен ақшалай өтемақы тағайындау және төлеу туралы шешімді
қамтуы тиіс.
-ақшалай өтемақыны есептеу ақшалай өтемақы алушылардың іс-қағаздарын
табыстау жүргізілген жылғы айлық есептік көрсеткіш есебінен жүргізілуі
тиіс.
2.Ақшалай өтемақы алушылардың іс-қағаздарын қабылдауды Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі-ЗТМО) аудандық ,қалалық
бөлімшелері мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
-ақшалай өтемақы алушылардың іс-қағаздарын 1-тармақта көрсетілген
талаптарға сәйкес қабылдау;
-ақшалай өтемақы алушылардың іс-қағаздарын 1-қосымшаға сәйкес нысандағы
есеп журналына тіркеу;
-ақшалай өтемақы алушыларды ақшалай өтемақы алушылар қатарындағы кетіп-
қалған және қайтыс болған азаматтарды анықтау үшін зейнетақы төлемдерін
және мүгедектігі бойынша,асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар базасымен
салыстырып тексеру,бұл орайда қайтыс болған және кетіп қалған азаматтардың
іс-қағаздары мұрағатқа сақтауға табыс етіледі.
Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ақшалай өтемақы алушылардың саны
айқындалады және олардың іс-қағаздары макеттері бойынша ақшалай өтемақының
тағайындалуын тексеру жүзеге асырылады.Тексерулер аяқталғаннан кейін
ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобалары дайындалады,олар 5
күн ішінде ЗТМО облыстық Астана және Алматы қалаларының бөлімшелері арқылы
Министрліктің аумақтық органдарына бұдан әрі-аумақтық органдар жіберіледі.
Аумақтық органдар 5 күн ішінде қабылданған іс-қағаздары бойынша ақшалай
өтемақы тағайындалғаны туралы осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысандағы
шешімді қабылдайды.
Ақшалай өтемақыны төлеу осы Тәртіптің 3-бөліміне сәйкес жүзеге
асырылады.
3.Ақшалай өтемақы тағайындауды жүзеге асыру үшін ЗТМО аудандық,қалалық
бөлімшелерінің қызметкерлері іс-қағаздарының макеттерін қалыптастырады,олар
мынандай құжаттарды:
1)Осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
2) азаматтарды тіркеу кітабын;
3)ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжаттарды;
4)жеке басын куәландыратын құжатты,сондай-ақ осы Тәртіпке 3-қосымшаға
сәйкес нысандағы ақшалай өтемақы тағайындау шешімнің жобаларын қамтиды.
Бұл ретте,өтініштерді тіркеу Тәртіпке қосымшаға сәйкес 1-нысандағы
журналда жүргізілуге тиіс.
5.Іс-қағаздарынның макеттері мен ақшалай өтемақы алуға арналған шешімнің
жобасы 5-күн ішінде ЗТМО облыстық,Астана және Алматы қалаларының
бөлімшелері арқылы аумақтық органдарға жіберіледі.
6.Аумақтық органдар 5-күн ішінде Семей ядролық полигонындағы ядролық
сынақтардан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
алушыларға,зейнеткерлерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау
не оны тағайындаудан бас тарту туралы осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша шешім қабылдайды және бұл шешімдерді ЗТМО облыстық,Астана және
Алматы қалаларының филиалдары арқылы аумақтық органдарға жібереді.
7.Айлықесептік көрсеткіш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомаларын қайта
есептеуді ЗТМО аудандық,қалалық бөлімшелері жүргізеді,олар тиісті шешім
жобаларын ЗТМО облыстық,Астана және Алматы қалаларының филиалдары арқылы
аумақтық органдарға бекітуге жібереді.
Аумақтық органдар жүргізілген қайта есептеудің дұрыстығын тексереді
және 5-күн ішінде осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгертілген
ақшалай өтемақы сомаларын бекіту туралы шешім қабылдайды.
8.ЗТМО аудандық,қалалық бөлімшелері Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігі белгіленген күнгі жағдай бойынша аумақтық органдар
бекіткен шешімдердің негізінде ақшалай өтемақы төлеуге қаржы қажеттілігін
жасайды және оны ЗТМО облыстық,Астана және Алматы қалаларының бөлімшелеріне
жібереді.
9.ЗТМО облыстық,Астана және Алматы қалаларының бөлімшелері ақшалай
өтемақы төлеміне қажетті қаржы қажеттілігі туралы ақпаратты жоғары тұрған
ұйымға жібереді,ол Министрлік бекіткен мерзімде республика бойынша
қажеттілікті Министрлікке ұсынады.
10.Министрлік ұсынылған қажеттілікке сәйкес республикалық бюджеттен
ақшалай өтемақы төлеміне бөлінген қаражатты міндеттемелер мен тиісті жылға
арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегінде таратып бөледі және
ЗТМО шоттарына аударады.
11.ЗТМО бөлінегн қаржы мен төлем тәртібіне сәйке облыстар,Астана және
Алматы қалалары бойынша ақщалай өтемақы төлеудің кестесін жасайды.
12.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға,зейнеткерлерге біржолғы
мемлекеттік ақшалай жәрдемақы төлемін ЗТМО екінші деңгейдегі банктер мен
банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
лицензиясы бар ұйымдар арқылы,қаражатты жеке немесе кәртішкелік шоттарға
немесе үйіне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.

13.Ақшалай өтемақының сомалары бойынша ЗТМО менқызмет көрсетуші
банктердің арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
14.Министрлік пен ЗТМО арасында бөлінген трансферттер бойынша ай сайын
салыстырып тексеру актілері жасалады.
15.Ақшалай өтемақыны беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ЗТМО мен
екінші деңгейдегі банктердің,банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдардың арасында белгіленген
тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

Қалалық арнаулы жәрдемақы тағайындау бөлімі.Қалалық арнаулы жәрдемақыны
алуға құқылы азаматтар:
-қалалық тіркелімі бар зейнеткерлер
-Халық қаһарманы жоғарғы атағы бар азаматтар
-созылмалы бүйрек ауырымен ауырған 1топтағы мүгедектер
-соғыс жылдарында еңбек еткен зейнеткерлер
Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш жасайды және келесі құжаттарды
тапсырады;
-өтініш
-азаматтарды тіркеу кітабы
-зейнеткердің куәлігі
-жеке басты куәландыратын құжат-жеке басының куәлігі
-тіркелген салық номері.
-халықтық банкінің тиісті филиалындағы арнаулы есебі бар жинақ кітапшасы
-жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттар,оларды тіркеу үшін түпнұсқа
күйінде ұсынылады,одан соң өтініш иесіне қайтарылады

-Жәрдемақы төлеу өтініш берген күннен бастап,құжаттарды қабылдаған күннен
кейін,жаңадан іс-құжат қалыптастырады,әр алушыға жәрдемақы тағайындау
шешімін дайындайды,жеке карточка толтырады.
-Жәрдемақы мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алатын азаматтарға 1-топтағы
созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын мүгедектерден басқаларға тағайындалмайды
-Жәрдемақы төлемі оны алушылардың алу құқығынан айырылғанша
-Зейнеткердің қаза болуына байланысты жәрдемақының есеп шотта қалған
сомасы оның отбасы мүшелеріне төленбейді
-Қалалық жаңа мекен-жайға кететін зейнеткерлерге жәрдемақы есептен шыққан
айына дейін төленеді
-Қалалық арнаулы жәрдемақының мөлшері 0,5 айлық есеп көрсеткішті құрайды.
-Зейнеткердің жәрдемақы алу құқығы тоқтаған кезде аудандық Еңбек,жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығы ол жайында есеп құжатына
белгі жасайды да, оны архивке тапсырады.
-Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығы жылына бір рет
жәрдемақы төлеу жөніндегі жеке істерге түгендеу жүргізеді.
-Жәрдемақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жыл
сайын айлық есеп көрсеткішінің өзгерісіне байланысты қайта қаралады.
-Аудандық Еңбек және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
орталығы барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін,әр айдың 20 күні еңбек және
жұмыспен қамту бөліміне мәлімет береді.

Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімі аудандық басқарманың құрылымдық
бөлімшесі ретінде құрылған.
Халықты жұмыспен қамту бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары,ҚР Президенті және Үкімет
жарлықтары, сонымен қатар Қалалық жұмыспен қамту бөлімі және әлеуметтік
бағдарламалар департаментінің,Алматы қаласының Әкімі, аудан әкімі шешімдері
және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.Бөлім жұмысы тікелей бөлім
бастығының басшылығымен атқарылады
Халықты жұмыспен қамту саясаты,әлеуметтік,еңбек және соған байланысты
аудан мекемелеріндегі экономикалық қатынастар жөніндегі мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асыру.Бөлімге хабарласқан азаматтарды,жұмыссыздарды
жұмысқа орналасу мүмкіндігі жөнінде, ал жұмыс берушілерді жұмыс күштерін
табу мүмкіндіктері жөнінде хабардар етіп отыру.Азаматтар мен жұмыссыздарға
жұмыс таңдауда дұрыс бағыт беру және жұмысқа тұруға,біліктілігін көтеруге
жолдама беру.Аудан мекемелері мен кәсіпорындарынан және жұмыссыздардың
білімін көтеретін оқу орындарынан еңбек нарығы жөнінде мәліметтер
жинақтау,жұмысқа орналасқандардың саны,жұмыссыздардың,қоғамдық жұмысқа және
біліктілігін көтеруге жіберілгендердің сапалық құрамы.
Еңбек нарығы жөнінде талдау жасап, ол жөнінде халықты және жергілікті
атқару органдарын хабардар етіп отыру.Жұмыспен қамту заңына сәйке
азаматтарды тіркейді және есепке алады. Есепте тұратын жұмыссыздарға
кәсіптік оқу орындарына,еңбек нарығының қажетіне орай білімін жоғарлату
үшін жолдама береді.
Нысаналы топтарға кіретін адамдардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз
ететін жұмыспен қамту және басқада бағдарламаларды дайындауға
қатысады.Аудан мекеме кәсіпорындарын олардың меншік түрлеріне, атқаратын
жұмыстарына қарамастан бос жұмыс орындарын анықтау үшін аралау.Аудандағы
еңбек коллективтеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің
Қазақстан халқына жолдауына, Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға
арналған әлеуметтік реформаларды ары қарай тереңдету жөніндегі
бағдарламаларына сәйкес еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
мәселелері жөнінде кездесулер өткізеді.
Шет елден келген жұмыс күштерін тарту үшін тиісті құжаттарды уақытында
дайындау.Заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз-шағымдарын дер кезінде
қарап,тиісті жауап қайтару.Бөлімнің жұмыс жоспарын уақтылы жасап,келісіп
отыру керек.Бөлім жұмысының есептерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы,зейнетақы тағайындау бөлімі туралы
Облыс әкімі
«еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы. Жұмыссыздық
Басқарманың функциялары
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы 5
Пәндер