Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім Оқушылар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерінде ұжым
проблемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ Бөлім Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары
2.1. Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Оқушылардың ұжымдық.танымдық іс.әрекетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К. Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдаған “Қазақстан-2030” үндеуі, 1997.
2. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Коллективті қалыптастыру және оқушының жеке басына оның ықпалы. Алматы, 1991.
3. Әбдіразақов Е., Макуов Д., Пошанов К. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы. « Қазақстан мектебі», №4-5, 1994, 28 бет.
4. Балтаев А. Қазақтың халық педагогикасындағы жастарды тәрбиелеу мәселелері.
5. Ғаббалов С. Халық педагогикасының негіздері. Алматы, «Әл-Фараби», 1995.
6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, «Санат», 1995.
7. Қоянбаев Р.Н., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 2000.
8. Сағындықұлы Е. Педагогика (дәрістер курсы) - Алматы, 1996.
9. Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. «Мектеп», Алматы, 1986.
10. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. «Мектеп», Алматы. 1987
11. Ильясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. (1-лекция), Алматы, 1991.
12. Подласый И.П. Педагогика. Москва, 1999.
13. Қоянбаев. Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
14. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
15. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
16. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.
17. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
18. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
19. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
20. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
21. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
22. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Эстетикалық тәрбиенің негіздері (13 -лекция). – Алматы, 1991ж.
23. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.

Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім Оқушылар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерінде ұжым
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. А.С. Макаренконың ұжым туралы
тағылымы ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ Бөлім Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары
2.1. Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 17
2. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
9
КІРІСПЕ
Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады, - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу,
демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке
басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде
ғана дамиды.
Н.К.Крупская: Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым
-деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін
шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы
өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-
ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың
тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады,
ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына
септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара
тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет
әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым
арақатынасы туралы түсініктеме жазған.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам
жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның
дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты
даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас
бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын
ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір
сүретіндігінен туындайды.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір
мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына
айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін,
жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді
құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық
ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К. Крупская,
А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл
аударып зерттеді.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы
баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі
оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп
топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған
күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б.
Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды
құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын көрсетеді.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан
шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да
олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты
үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы
психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады.
Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін
тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-
бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді.
Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен
бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі
организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта
алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүріге
және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты
білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым
құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді.
Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық
ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына
байланысты. Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны
қалыптастыру жолдарын қарастыру
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымды қалыптастыруды
қарастыру;
- А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымын қарастыру;
- Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі
ынтымақтастығын айқындау;
- Ұжымда оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
қарастыру.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы Заңы;
Елбасшысының халыққа жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; Кәусар бұлақ
бағдарламасы; Атамекен бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта
білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары,
ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері
негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, анкета және интервью әдістері;.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1. Педагогика және психология әдебиеттерінде ұжымды
қалыптастыру проблемасы
Жеке тұлға және ұжым проблемаларын философтар, әлеуметтанушылар,
әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың
педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып
кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға
П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешенский, В.И.Сорока-
Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко
еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның
қоғамдық бағытылығы деп есептейді. А.С.Макаренко ұжымның басты белгілерін
нақты тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста
болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым
мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара
жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының
болуы.
А.В.Луначарский: Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы
ұжым болады - деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам
біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының
мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана
дамиды.
Н.К.Крупская: Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым -деді.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-
қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және
жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті.
Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап
көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен
әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б..
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді
педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін
құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты
тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың
Коммунар әдісі игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым
өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік
принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен
іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті
іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру
кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың Коллектившілерді тәрбиелеу атты
еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай
үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектеріндет Мудрая
власть коллектива, Коллективтің құдіретті күші т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда
негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы
рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі.
В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл
мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық
балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық
идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан қарастырылған.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әр түрлі әдіс-
тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-
жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді
жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты
қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады.
Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін
жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін,
оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың
теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның
дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен
қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қала алмайды.
Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың
себебін, дамудың мүмкіндіктерінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның
болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының
маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің
мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі бүкіл моральдық
бейнесі айқындалады.
А.С.Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды
ерекшеліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып,
ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің
және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл-күйі
мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан
қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу
оқушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау
болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым
балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және
дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді,
мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру
мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері
болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан
туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің
еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы
құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен
байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты
ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық
мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс
әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті
сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымдық
қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері қазіргі кездері тәрбие жұмысы
құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек
мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер т.б.. Мектепте
үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы
оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен
қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер
жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты
болып отыр.
Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде, мұражай
және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып
оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой
өрісін кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және
үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың
төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың
алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті
шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
- өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа
жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету
жолдарын табуға көмектеседі .
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік
тәсіл нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау.
Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды,
жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және
практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс – тәрбие ұжымын және
біріктіру барысындағы ең бір маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке
барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу
белсенді, жасампаз сипатта болған жөн.
Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу - балаларды
еліктірудің, болашақ үміт дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі
жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген
іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек
еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке талғамды көзқарасын
тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті безендірілген болуы
керек. Әсіресе, мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы
қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында
балаларға силықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте
жақсы.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда
әсіресе сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның
болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды
ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз
ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі,
әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және
қызық еткісі келетініне сендіру керек.
А.С.Макаренко әдепкі кезеңде оқушылар қарсылық білдірмей,
пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап
қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сиымды, балалар шамасына сай
орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы
керек. Бірақ, бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате
болады. Бұл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-
әрекеттерді тежейді. Сондықтан, болашақ үміт дүниесі үшін күрестің
алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің
қуанышты және қызықты етуге тырысқанына оқушылар сенгенде,
балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір
мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін
белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет.
Оқушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мұғалімді қуаттайды.
Оқушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші күшіне
айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің
дұрыс болуын талап етеді.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие
ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың бүкіл мектептің өзін-өзі
басқару ісіне қатынасуы болады. Сыныпта ұйымдастыру міндеттерін
орындауы, ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару
органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа
бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге
асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі
еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектеп жаңындағы
учаскедегі іс-әрекет, макулаттура жинау, мектепке дейінгі мекемелерге
қамқорлық т.б.). Олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады
және бағаланады.
1.2. А. С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті
мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі
болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына
жауап береді.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық
бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу
жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.
Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұғысынан
ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті:
1. Ұжым тербиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері –
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола
алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді.
Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым –
бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл
студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет т.б.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін
айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған
топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап
қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті
нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық номасына үйрету,
әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек
кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр
мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы
мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға
сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс
істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің
жұмысты бірлесіп жұмс істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- ұжым іс-әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобына бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру,
ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық
ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып
жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына
көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топта жұмыс істеудің маңызы
зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық
еңбек тапсырмаларын орындау, әр ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-
әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, яғни балалармен байланыс
жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы
міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-
әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір қолданылады. Бұл саты
ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі
бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды,
демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының
қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын
сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым
мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті
ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды
немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық,
әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды
мәселелердің бірі- ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны талдау.
Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның
жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып, жеке
адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Егер адамдар
алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре
алмайды. А.С.Макаренко: Адам өмірін шын ынталандыру – ертеңгі
қуаныш-деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк,
музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б.
жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару,
жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет,
эстетикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда
тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір
ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға
келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін
халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта
жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше
ұжымға, отанға пайда келтіру тиіс. Бұл перспектива жақын және орта
перспективалармен мызғымас байланыста іске асырады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді
пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны
баланың, сыныптың, пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден,
оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске
алу.
Ұжым өмірінде дәстүрлі үлкен тәрбиелік маңызы зор
А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Адамдарды
белгілі бір мақсатты іс-әрекет негізінде біріктірудің ұйымдық
формасы коллектив деп аталады.
Мектептің оқушылар ұжымы адамдардың ұжымдық бірігуінің ерекше
ұйымдық формасы болып табылады. Оқытудың кластық сабақтық жүйесіне
орай бір жастағы және білімдері бір деңгейдегі оқушылар кластарға
біріктірілген. Сондықтан оқушылар ұжымы сынып ұжымы деп те аталады.
Оқушылар ұжымын оқу ісі біріктіреді.
Педагогтар ұжымы, сынып ұжымы және оқушылардың мектептердегі
қоғамдық ұйымдары мектеп ұжымын құрайды.
Педагогика тарихында ұжым, ұжымда тәрбиелеу, ұжымдық оқыту
идеясын ең алғаш отандасымыз Абу Али ибн Сина анықтады. Баланың
жан-жақты жетілуінде игі ықпал ететін ұжымы түрде қытудың мәнін ашып
берді.
Ал А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясының негізін
жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір
сүруге, еңбек етуге үйретуге керек деп есептеді (1-сызбанұсқа).
1-сызбанұсқа. Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Оқушылар ұжымын оқу процесінде, еңбекте, мәдени және спорт
жұмыстарында қалыптасады.
Оқушылар ұжымын ұйымдастыруды ең алдымен талап қоюдан
бастайды. Оқытушы балаларды зерттеп, біліп алғаннан кейін, оларға
талап қояды. Талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатындай
болуы керек. Талапты нықтап, жігерлі түрде айту керек және оның
орындалуын бақылап отыру керек. Талап біртіндеп қиындатылады.
Ұжымды ұйымдастырудың басты шарттарының бірі - активтермен
жұмыс істеу.
Ұжымды тәрбиелеуде ұжым активтерді іріктеп алудың олармен
жұмыс істеудің маңызы зор. Басында активтер көп болмауы керек.
Беделді, ұқыпты, қолынан іс келетін қоушылардан іріктеп алынған
активтер тобымен мұғалім санасып, іс алып бару керек. Оларға
тапсырмалар беріп, мәселелерді талқылап отыру керек. Сонда бүкіл
класс активтердің айтқандарын тыңдайды. Активтердің беделін нығайтып
отыру арқылы мұғалім оқушыларды олардың маңына топтастыра түседі.
Бірақ активтермен ғана істеп оқушылардың пікірімен санаспауға
болмайды. Оқушылармен де ақылдасып отыру керек, ал активтерді
көбірек көмекке шақыру тиімді.
Ұжымды ұйымдастыру және тәрбиелеудің тағы бір жолы –
паралельді ықпал ету.
А.С.Макаренко жеке адамға әрі ұжым активінің, әрі мұғалімнің
қатар талап етуін параллельді әсер ету принципі деп атайды.
Мұғалімнің оқушыға талап қоюы ұжым, ұжымның активтері арқылы
жүргізілсе, онда коллектив нығайып, өсе бастайды.
Оқушылар ұжымын құрудың және нығайтудың маңызды жолының бірі –
коллектив алдында мақсаттың перспективаның болуы.
Ұжыммен істеудің теориялық негізін салған А.С.Макаренко коллектив
алдында мақсат тұрса ғана, коллектив мүшелерінің бәрінде перспектива
айқын болса ғана, коллектив алға жылжып отырса ғана ол өмір
сүре алады деген еді.
Педагогика ғылымында балаларды ұжым арқылы тәрбиелеу
идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол
толық
зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр.
Қазіргі қоғамды реформалау идеясы, нарық жағдайында жиі-жиі
сынға алынуда. Ондағы негізгі себеп ұжымдық қатынас тұлғалық
ерекшелікті басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады.
Сонын негізінде тұлғаның өзіндік белсенділігі азайып, ұжымға
жалтақтау, яғни конформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық
жариялық, тұлға дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген
көзқарасты дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі
мұғалімдердің өктемдік әрекетінен туындайды. Себебі 80-жылдардың орта
кезеңіне дейін мұғалімдер оқушылардың нақты өмір жағдайына қатысты
қызығушылығын, талап-тілектерін көбінесе ескермей біржақты қатаң
жүйемен оқу тәрбие процесін ұйымдастырып келді.
Қорыта келгенде, ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық
пен имақсаттылық, іс-әркетімен сипатталатын адамдар тобы.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым тәрбиесінің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы
– бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың
мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас

Сондықтан оларды үнемі дамтып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның
оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыты
айтқанда, ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.

ынтымақтастығы
Мектептегі мұғалімнің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті –
оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті
орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар
ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz