АБАЙ МЕН ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
1 Абай мен Ыбырай мұралары
2 Ыбырайдың «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» атты жыры

Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл тарапта шеті бұзылмай «ақтаңдақ» күйінде беймәлім болып отырған мәселелер аз емес. Бұларды біртіндеп қолға алып, ғылыми айналымға, тексеріске, талқыға салу аса зәру мәселелер санатына жатады. Әрине, мұндай келелі міндеттерді атқарып шығу көп уақытты, дарын-қабілетті қажет етеді. Қандай бір күрделі жұмысты тиянақты орындау үшін оны орнымен, ыңғай жүйесімен бастай білу керек.
Бұл жұмысты Абай мен Ыбырай еңбектері, ойлары, көзқарастары арасындағы сарындастық, сабақтастық, тамырластық, ұқсастық жәйттерді қарастырудан бастау орынды деп білеміз. Мұның сан алуан қыры мен сыры бар. Ең әуелі екі данышпанның еңбектерін қатар қойып, салыстыра отыра еңбектеріндегі ұқсастықты саралап ашуды жөн көрдім.
Бұл екеуінің өмір жолдары, еңбек майдандары екі алуан болуымен қатар,екеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық – олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Екеуі де қазақтың киіз үйінде туылып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті.

1. Алтынсарин Ы. Өнер - білім бар жұрттар. Алматы, 1989 ж.
2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985 ж.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962 ж.
4. Құнанбаев А.Шығарманың бір томдық толық жинағы. Алматы, 1961 ж.
5. Құнанбаев А. Шығармалар (Екі томдық). Алматы, 1968 ж.
6. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1962 ж.
7. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991 ж.

ӘОК 82.091
О.58
АБАЙ МЕН ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
Қ .Омарова , А .Қалшабеков
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл
тарапта шеті бұзылмай ақтаңдақ күйінде беймәлім болып отырған мәселелер
аз емес. Бұларды біртіндеп қолға алып, ғылыми айналымға, тексеріске,
талқыға салу аса зәру мәселелер санатына жатады. Әрине, мұндай келелі
міндеттерді атқарып шығу көп уақытты, дарын-қабілетті қажет етеді. Қандай
бір күрделі жұмысты тиянақты орындау үшін оны орнымен, ыңғай жүйесімен
бастай білу керек.
Бұл жұмысты Абай мен Ыбырай еңбектері, ойлары, көзқарастары арасындағы
сарындастық, сабақтастық, тамырластық, ұқсастық жәйттерді қарастырудан
бастау орынды деп білеміз. Мұның сан алуан қыры мен сыры бар. Ең әуелі екі
данышпанның еңбектерін қатар қойып, салыстыра отыра еңбектеріндегі
ұқсастықты саралап ашуды жөн көрдім.
Бұл екеуінің өмір жолдары, еңбек майдандары екі алуан болуымен
қатар,екеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық –
олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Екеуі де қазақтың
киіз үйінде туылып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, қазақ халқының
ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ,
туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы
қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті.
Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен
қолжазбаларының ішінде Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған
аудармалар қоса кірумен бірге, Ыбырай өлеңдері үнемі бірге көшіріліп
жазылып жүрді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек. Бұл тегін
емес. Бұқар, Дулат, Шортанбай – Абайдың қолжазбаларына жалғыз ауыз өлеңмен
тұмсық сұғып кірмегенде, Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып,
жатталып, таралып жүруі, бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман бағыты және
болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытады. Бұған тағы да бір дәлел,
олардың творчествалық толысу кезеңдері хронологиялық жағынан тұспа-тұс
келеді. Бұл қазақ ағартушыларының екеуі де қазақ жерінің түкпір-түкпірінде
танымал болатын. Ыбырай болса Торғай облысы мектептерінің инспекторы сынды
аса жауапты қызметте болды. Оның Қазақ хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс
тілін үйретудің бастапқы құралы атты кітаптары қазақ жеріндегі қазақ-орыс
мектептеріндегі оқу құралына айналды. Бұл екі жайттың Абай назарына
ілікпеуі мүмкін емес. Сондай-ақ, Қарқаралыға көршілес Торғай уезінде өмір
сүріп, қызмет еткен Ыбырай да Абай сынды атақты ақын әрі төбебиді білмеуі
мүмкін емес. Олардың поэтикалық шығармалары сюжеттік әрі стильдік жағынан
да көп жағдайда ұқсас болып келеді. Олардың бірлік пен тағдырластық сыры
кейбір шығармаларда, анығырақ айтсақ олардың табиғат лирикаларынан айқын
аңғаруымызға болады. Дәл осындай өзара астасқан үндестікке көз жеткізу
үшін, Ыбырайдың Жазы мен Абайдың Жазғытұрымы деген өлеңдерінен үзінді
келтіруге болады. Мәселен, Ыбырайдың өлеңінде:
Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып.
Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Боз үйден таң алдында күйеу шықса,
Артынан қарар жары жүзін басып.
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай,-
деп келетін өлең суреті Абайдың Жазғытұры өлеңінде:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,
Көбелек пен құстарда сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су-
деп, ұқсас сарында сипатталатыны бар, алайда бұл әрине, бірінің шығармасын
бірі білгендіктен емес, қайта көшпенді өмірдің қайталанатын көріністерінен
туған үндестік, бірлік. Екеуінде де асыға келген алты ай жаз адам
тіршілігіне қолайлы да шаруаға ыңғайлы кезең екендігін білдіреді. Бұл
кезеңдегі өлең-селеңмен бос өткізбей, шаруаның пайдалы жақтарына жұмсап,
дұрыс пайдаланып, оның қадіріне жет дегенді ескертеді.
Ыбырайдың Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым атты жыры күні бүгінге
дейін діни аңызға құрылған деп өзге шығармаларының көлеңкесінде қалып
келді.Бас аяғы он тоғыз шумақтан тұратын бұл көлемді жырда Дәуіт пайғамбар,
Тақ-Сүлеймен, Қыдыр-Ілияс секілді дін өкілдерінің аты аталып, оқиға дамуына
қатысқан болмаса, негізгі түйін адамгершілік, ынсап-қанағатшылдық
мәселесіне барып тіріледі. Жырдың басты кейіпкері билік-мансапқа, байлық-
дәулетке тоймайтын әйгілі Ескендір патша. Ол дүниежүзін түгелге жуық жеңіп
жаулап алса да, мұның бәріне қанағат етпейді, ең ақырында Ескендір өзінің
уәзірі Қыдыр-Ілиясты өлмейтін мәңгі су алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz