Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, Маңызы және заңдылық сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
2.2. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының «Атыс қаруларын оқ - дәріні, қару — жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі» 1995 жылғы 25 шілдедегі № 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995, № 3).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы. Қүқық батама: 2030. 2001.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының «Бүзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995 жылғы 25 шілдедегі № 5 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жаршысы 1995, № 3).
Арнайы әдебиеттер:
1. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» Ерекше бөлім. Алматы, Жеті жаргы, 2000. 244-284 б.
2. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім 2 т. Алматы, Дәнекер, 2000. 16-75 б.
3. Заң және заман № 4 2000. 74- 77 б. М. Қайназаров, Е.Жаппаров мақалалары.
4. Данынин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка. М.Ю. 1973.
5. Тихий В.П. Ответственность за хищение огнестрельного оружия, боевых припасов и взрывчатых веществ по советскому уголовному праву. Харьков. 1976.
6. М.А. Ефимов Борьба с преступлениями против общественного порядка, общественной безопасности и здоровья населения.
7. «Заң» газеті. 2001. № 5.
8. Яценко С.С. Ответственность за преступления против общественного порядка. Киев. 1976.
9 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік.
Алматы,2001.
10 А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Алматы, 2000.
11 Бородин С. Ответственность за убийство: квалификация и наказания по российскому праву. Москва, 1994.
11 Загородин Н.И. Преступления против жизни по советскому уголовному праву. Москва, 1961.
12 Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких насильственных посягательств: уголовно-правовые криминалогическис исследования. Саратов, 1974.

13 3аң №8, 2002, 43 б. 7. 3аң №5-6, 2000, 96. 8.Ақиқат 1999 №9, 10, 186.
14 Егеменді Қазақстан 31 қазан 2000.
15 Егеменді Қазақстан 14 шілде 2001.
16 Актуальные проблемы борьбы с преступностью. Сборник научных трудов. Ташкент, 1983.
17 Актуальные вопросы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова Томск. 1990.
18 Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан, Алматы, 1999.
19 Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни здоровья, свобода и достоинство личности. Ереван, 1990.
20 Ткаченко В.И. Квалификация преступлений против личности. Москва, 1981.
21 Чечель Г.И. Жестокий способ совершенствования преступлсния против личности. Начальник. 1992.
22 Совершенствование мер борьбы с преступностью и ее профилактика Сборник научных трудов. Ташкент, 1989.
23 Вопросы повышения эффективности борьбы с преступностыо.
23 Редактор: проф. А.Л.Ременсон. Томск, 1980.
24 Антонян Ю.М., Голубев В.П., Кудряков Ю.Н. Личность
корыстного преступника. – Томск: Томский университет, 1989.
25 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. /Отв.
ред. Рогов И.И., Баймурзин Г.И.. – Алматы: Жеты Жаргы, 1998. – 288 с.
26 Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для
ВУЗов/ Под ред. Рогова И.И., Рахметова С.М.. – Алматы: ТОО «Баспа», 1998. – 228 с.
27 Уголовное право. Общая часть. – М.: Московский
университет, 1993.
28 Уголовное право. Общая часть. Учебник / Под ред. Гаухмана
Л.Д., и Колодкина Л.М. – М.: МИ МВД России, 1997.
29 Научно-практический комментарий к Уголовному кодексу РФ
/ Под ред. Профессора П.Н. Панченко. – Нижний Новгород, 1996.
30 Юридический энциклопедический словарь / Главн. Ред.
Сухарев А.Я. – М.: Советская энциклопедия, 1987.
31 Уголовное дело №00003430 архива г. Тараза за 2000 год.
32 Уголовное право. Общая часть. Учебник / Под ред. А.И.
Рарога. – М.: Институт международного права и экономики. Издательство «Триада, Лтд», 1997.
33 Курс уголовного права. Общая часть. Т.1: Учение о
преступлении. /Под ред. Кузнецовой Н.Ф., Тяжковой И.М. – М.: Издательство ЗЕРЦАЛО, 1999. – 592 с.
34 Уголовное право России. Учебник для вузов. Т.2. Особенная
часть./ Под ред. Игнатова А.Н., и Красикова Ю.А. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА-М, 1998. – 808 с.
35 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. 2-е
изд. – Алматы: Жеты жаргы, 2003. – 304 с.
36 Миньковский Г.М., Мирзажанов К. Проблемы охраны
правопорядка и борьбы с правонарушениями. Ташкент, 1984.
37 Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан, №2,
2002.
38 Постановление Пленума Верховного Суда РК № 1 от 30
апреля 1999 года «О соблюдении судами законности при назначении уголовного наказания». Сборник Постановлений Пленумов Верховного Суда РК (1998-1999 гг.). Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1999.

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан
қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
2.2. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты
қылмыстар
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың
ерекшсліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

КІРІ СПЕ

Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа
тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау
мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп
ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа
лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан,
адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды
дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа
итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін.
Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды
өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген
салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. адамдарға қарсы
қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды
болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны
қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол
үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын,
олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-
әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан
кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу
шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс
тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1
қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам,
мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға
қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде
қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің
бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-
бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат
қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп
жарияланған.1
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның
ішіңде Қылмыстық кодексте адамды корғауды өзінің міндетті деп санайды.
Қазақстан Республикасының ҚК- нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс
тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын
қорғауға әруақытта артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді
жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана
заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда
болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, түлғаға
зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі
мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың
мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты
болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды.2
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың
әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай
салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын
ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы
мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп қатысудың ұғымы, оған
қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекет
сипатайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары,
сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-тің 27-31
баптары).

I тарау
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардьщ
үғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық
қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың
формальді анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық
құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған
материалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы
белгілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол
сүғушылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал
материалдық анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде материалды
қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында
берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық
қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен
сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік
және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен
ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға
қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты
қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі
(әрекет немесе әрекетсіздік).
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып
табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін
анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына
жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға кауіптілік іс-әрекеттің
қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы
белгілерімен сипатталанады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды
міңдетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе
әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.3
Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды.
Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян
тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін,
қол сүғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын
белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен.
Қоғамға қауіптілік қоғамды зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне,
яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не
тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы в) бөлігі бойынша .механикалық көлік
кұралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе
орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда осы бап бойынша болған жағдайда
жауаптылық әкімшілік ретпен қарастырылады.
Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстык жауапқа
тартылады.
Қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-бап),
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-жайлар
кезінде денсаулыққа орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап 2-
бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121-
бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны
(178-бап), ұрып-соққаны (179~бап), қорқытып алғаны (181-бап), терроризм
(233-бап), адамды кепілге алу (234-бап), террорлық акті туралы біле тұра
көрінеу өтірік хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, өқ-дәріні, жарылғыш
заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап),
ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап 2,3-бөлігі), тағылық (258-
бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не
қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған
адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275 бабы 2-
бөлігі), көлік кұралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені
(299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.4
Қылмыстық қауіпсіздік деп ~ адамдардың қауіпсіз өмір сүруін,
бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды,
өқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғылар-ды тиісінше және
қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрлыс жұмыстарын қауіпсіз
жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып
табылады. Бұл қоғамға қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі
қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның
қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды
пайдалану, өліммен аяқталатын зардап түғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және
т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей
объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын
қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал
қайсы біреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы: ҚК-тін 245, 246
баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік
диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251 баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233-234, 237
баптары), ал қайсы біреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244 баптары)
жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік
құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік
құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті
әлеуметтік жағдайлар құрулуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен
демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға
бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып
табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол
сүғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауынын нормалары осындай
шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік жәңе қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс-тардың
ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды
екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің,
ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс
атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау
кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің
қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян
келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз
жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей
қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік
құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға үшырауы мүмкін. Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық қодексінің жалпыға бірдей
қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол
сияқты қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық
қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады.
Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық
қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін
қылмыстардың текті объектісін құрайды. Заңга сәйкес, Қылмыстық қодексінің 9-
тарауының нормаларымен құрастырылған қылмыстардың объектісі -
қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның
әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауыпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу
кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың,
қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей
қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасаланады:
• терроризм (Қылмыстық кодексінің 233-бабы), адамды кепілге алу (ҚК-
нін 234-бабы), бұзақылық (ҚК-нің 257-бабы) және басқалары.
Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін:
• атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-
нің 244-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 245-бабы) және басқалары.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстардын
көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады:
• заңсыз әскерілендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК-нің 236-бабы),
қаруды заңсыз жасау (ҚК-нің 252-бабы) және тағы басқа кейбір
қылмыстардың кұрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт
қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК-нің 256-бабы).5
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және коғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі қылмыстың қасақана түрінің болуымен
сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын
ұқыпсыз сақтау (ҚК-нін 253-бабы).
Қылмыстық кодексінің 233, 234 баптардың 2-бөлімі, 235, 237-240
баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.
Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері ~ он алты жасқа толған
тұлғалар. Ал Қылмыстық кодекстің 233, 234, 242, 255 - 1,2-бөлімдері, 257-
258 баптарымен көзделген. Қылмыстардың субъектілері 14 жасқа толған
түлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке
тұлғалар болса, жекелеген жағдайларда - арнайы белгілері бар тұлғалар болуы
мүмкін.

II тарау
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың -түрлері және олардьщ
ерекшеліктері

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын,
әлеуметтік қүрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу
кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның
немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін камтамасыз етуші қоғамдық
қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қауіпін
тудырушы, қылмыстық заңға көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты төменгідей
топтарға бөлуге болады:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталган
тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам
өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең
маңызды мүдделерді қозғауы мүмкін. Олардың қатарына Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінін 233-243-баптарымен көзделген
қылмысты әрекеттер жатады.
2. Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен
байланысты қылмыстар. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-246-
баптармен көзделген кылмыстар құрайды.
3. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен
байланысты қылмыстар. Бұл топқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 247-256 баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.
4. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп -қылмыстың
объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі,
демалуы, түрмысьг үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен
ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық
қатынастар жүйесінен тұрады. Бұл топтағы қылмыстарға Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер
жатады.6
Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру - даярлық әрекеттерін
орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін тапан-таражға салу
әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсетілгендігін сол тұста еңбек
еткен аға буьгн тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің
шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген үйымдасқан талан-
таражға салушылар тобын әшкерлеп, мемлекетке миллиондаған каражатты
қайтаруга атсалысты.
Коғамдық, қауіпсіздікке қарсы қылмыстардыц арасынан ұйымдасқан
қылмыстық топтардыц жасайтын қылмыстары.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысуды мемле -кетіміз алғаш
рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ ҚСР Қылмыстық
кодексіне 63-3 бап еңгізілді. Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 кантарынан
кушіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 235-бабында
ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды)
құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың
құрамы болып белгіленді.
"Ұрлықты саралаған кезде бір топ адам жасаған ұрлықты ұйымдасқан
қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білген жөн. Ұйымдасқан қылмыстық
топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да
көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну қажет. Қылмыстық қауымдастыққа
бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналасу үшін құрылған құрылымдық
бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір
айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық, құрылымында екі немесе одан да көп
қылмыстық топ бөлімшелері болады.
Алдын-ала сөз байласқан бір топ адамнан, ұйымдасқан қылмыстық топ пен
қылмыстық қауымдастықтың негізгі айырмашылығы - олар ұйымдасқан және
тұрақты келеді.
Қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен
тұрақтылдығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымынын айыптылығы, олардың
мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және
жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, кылмыстық әрекеттерінің түрімен
тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы,
қатысушылар арасында рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын-ала
шараларын және кылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді
қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған ұрлыққа
тікелей қатысқан ғана емес, қаржыландыруға, ұрлық объектілерді табуға,
көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етуге бағытталған басқа да
әрекеттер, ұйымдасқан топқа не қылмыстыққа қатысқан деп табылады.
Мінеки, Қазақстан Республикасының ең Жоғарғы Сот төрелігін айтатын бұл
мәселеге белгілі бағыт беріп, анықтауға жататын мән-жайлардың ара жігін
ажыратып, алдын ала тергеу мен сот отырысында ең алдыменен қандай
әрекеттерді орындау қажеттігін осылайша айқындаған.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қаулысыңда бөтеннін мүлкін
ұрлау мақсатында құрылған қылмыстық топ жөнінде түсіндірме бермегенімен,
мұндай талан-таражға салу, есірткі бизнесі, мемлекеттің ұлттық және
экономикалық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасау мақсатында да құрылатының
ойымыздан шығармауымыз керек.
Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне
тұңгыш рет еңгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет
үшін аса қауіп тудыратын жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей
объектісі - қоғамдық немесе мемлекеттік қауісіздік болып табылады. Өйткені,
ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдастардың әртүрлі
құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтіруімен бірге,
олардың дұрыс қызметіне тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.
Объективті жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында
көрсетілген қылмыс кұрамы төмендегіше түрде сипатталады:
а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, соңдай-ақ оны басқару (235-баптың
I тармағы);
б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық үйымды) ауыр
немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;
в) қылмыстық коғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін
кұрылымдық бөлімшелерді басқару;
г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшылары-ның немесе
өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру (Қылмыстық кодексінің 235
баптың 2 тармағы);
Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді
тікелей басқарып, жұмысын үйымдастыру, олардың кұжаттарын дайындау,
қоғамдастыққа кіретін, адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін,
рольдерін айқындау, оларга міндет жүктеу әрекеттері жатады.
Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуда, осы қоғамдастықтың міндеттерін
тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орыңдаушысы болу
немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе
қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау
әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады: кінәлі
үйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (ұйымды) кұрудың, оны басқарудың
немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі,
бірақ соған қарамастан оны кұруды, оған басшылық етуді немесе оның
қызметіне қатысуды тілейді.
Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1,2,3 тармақтарында көрсетілген
қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толган, есі дұрыс кез келген адам, ал
осы баптың 4 тармағында көрсетілген қылмыстын субъектісі болып - арнаулы
субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге лауазымдық жағдайын пайдаланған
лауазым иелері немесе өкімет "өкілдері" танылады.7
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық қоғамдастықты (қылмысты ұйымды) ауыр немесе оған кіретін
құрылымдық бөлімшелерді басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар
жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық
топтардың үйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің
бірлестіктерін құру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз , бес жылдан он жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді
адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -- мүлкі тәркіленіп немесе
онсыз, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Заң террорлық әрекетке - адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян
келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпІн
төндіретін жарылыс жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті
бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ
аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қоркытуды іске асыру -
деген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы осындай
анықтама береді.8
Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады.
Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат
алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мумкін, бірақ оның бәрін
біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі -терроризм мемлекеттік
өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру
арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттер арқылы
тұрғындарға үрей, қорқыныш қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.
Қылмыстың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективті жағы
төмеңдегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:
а) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға
қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою
немесе өзге де іс-әрекеттер жасау;
б) аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту;
Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек
шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзсге асырылатын немесе ең
бастапқыда ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға
бағытталған жарылыс жасау,өртеп жіберу немесе басқа да әрекеттер құрайды.
Жарылыс жасау не өртеуден басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік
зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын
тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады
(гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату,
электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т.б.)
Егер де террорлық әрекетті жасау туралы ниеттің өзі ғана анықталып, ол
пиғылдың қауіптігі және шынайылығы нақты әрекеттермен қуатталмаса,
қылмыстық объективті жағының белгісі ретіндегі террорлық әрекет жасаумен
қорқыту да орын алмайды. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру
не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру
терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға
болады: тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар
орналасқан төңіректің үлкен жерін су басуы; апат, катострофа, аймақтың
химиялық немесе радиоактивті заттармен ластануы, т.б.
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға
кауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы кауіп төндіретін жарылыс,
өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған қылмыс
ретінде тану міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен байланысты. Тұлға
адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті
басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа
әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттерімен қорқытатындығы түсініп
біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.
Терроризмнің мақсаты, яғни коғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты
қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету - оның
негізгі белгісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты, халықты қоркыту мақсаттары
тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге ұшыратуға, қалын көп-шілікті өздерінің
өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлен-діруге ұмтылумен
сипатталады.
Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты
айыптының бұл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз
әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылғандай ниетінің болуымен
байланысты.
Қылмыстың субъектісі - 14 жасқа толған тұлға. Терроризмнің
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-
бөлімімен көзделген бағаланған түрі ретінде:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) атыс қаруын қолдана отырып жасаған нақ сол әрекеттері
танылады;
Егер де терроризмді жасауға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын
ала келіскен (жарылыс, өрт не басқа әрекеттерді немесе осы әрекеттермен
қорқытудың жасалу сәтіне дейін) екі не одан да көп тұлғалар қатысса, ол
алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы арқылы жасалған деп танылады.
Дәрімен ататын қару пайдалану деп оны адамның денсаулығына зиян
келтіру үшін іс жүзінде қолдануды айтады. Дәрімен ататын карулар қатарына
пистолеттер, винтовкалар, автоматтар, пулеметтер, фанатометтер және т.б.
жатады.
Жаппай қырып-жоятын қарулар қатарына жарылыс арқылы немесе
радиоактивті материалдар көмегімен әсер ететін қарулар, өлтіретін химиялық,
биологиялық қарулар және атом бомбасының не жоғарыда аталған қарулардың
бірінің қасиетіне не болашақта жасалып шығарылатын кез келген басқа қару
жатқызылуы тиіс.
Қалың көпшіліктің денсаулығына зиян келтіру, адамдардың жұкпалы
аурулармен жаппай ауруы, өзге де ауыр зардаптар болып табылады. ҚР ҚК-нің
233-бабының 1-бөліміне қарағанда қылмыстың бұл кұрамы материалды құрам
болып келеді, сондықтан қылмыс тек жоғарыда аталған зиянды зардаптар орын
алса ғана аяқталған болып есептеледі. Және де, терроризм әрекеті кезінде
адам өлімі немесе өзге де ауыр зардаптарға ұшырау тек абайсызда болуы
мүмкін. Ал егер де өлім қасақана ұшыратылған болса, онда жасалған әрекет ҚК-
нің 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді.
Заң терроризм актісін дайындауға қатысқан адамды, егер ол мемлекеттік
органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің
жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде
өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстык жауаптылықтан босатуды қарастырады.
Сонымен, тұлғаны терроризмге дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан
босату екі түрлі шарттың болуына байланысты:
1. Мемлекеттік органдарды дер кезінде ескерту нәтижесінде немесе
басқа жолмен (жарылғыш кондырғыны залалсыздандыру, бірлесіп
қатысушыларды айныту) аталған актінің алдын алу
(болдырмау).
2. Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа
құрамының болмауы.
Терроризм, яғни адамдардын қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру,
не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс
жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы әрекеттер
қоғамдық қауіпсіздікті бұзу халықты қорқыту не
мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса:
сондай-ақ аталған іс әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаймын деп қорқыту - 3
жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соқса - 10
жылдан 15 жылга дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.9
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдай-ларда
адамдар арасында әбіржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да
мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын
бұзады.
Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар
әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тоқтату үшін
ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізу мәжбүр болады. Осыған байланысты
бұл қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян
келтіру не қоғамға өзге де кауіпті зардаптардың болуы кауіпін тудыратын
жарылыс, өрт кою немесе өзге іс-әрекеттердін дайындалып жатқаны туралы
көрінеу жалған хабарлау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. (Қылмыстық
кодексінің 242-бабы)
Адамды кепілге алу (234 бап). Адамды кепілге алу халықаралық маңызы
бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979
жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық
Конвенция қабылдаған.
Қылмыстың тікелей объектісі - кепілге алынған адамдардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу
немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. Кепілге алу - кез-келген
құқыққа қайшы түрде, күш тану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға
түсіру болып табылады. Кепілдік ретінде ұстау - адамды өз еркімен жүріп-
тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып
табылады. Адамды кепілге алу - формальдық құрамға жатады. Қылмыс
жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп
саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады.
Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап
тұрганын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі -қылмыстың
мақсаты тікелей көрсетілген. Ол - мемлекетті, ұйымды немесе азаматты
қандайда бір - іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады.
Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түріңде жасалады. Кінәлінің мәжбүр
ететін әрекеттеріне: мысалы, оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық
заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан
босатып жіберуді талап етулері жатады.
Қылмыстық кодекстің 234 бабының 3 тармағында адамды
кепілге алуды ұйымдасқан топ (ҚК-тің 96-бабының 3 тармағы) жасаған не
абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға
(жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар
болуы, ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердегі
мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген. Қылмыстық кодекстің 234 бабының ескертуінде; "Кепілге
алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша
босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс
құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - делінген. 10 Осыған
орай қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары: а) кепілге
алынған адамды өз еркімен босату б) өкіметтің талап етуі бойынша
босату болып табылады. Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе
өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа
қылмыс құрамы (мысалы: кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта,
жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ-дәріні
ұрлауы) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін
жауаптылыққа тартылады.
Кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе
азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет
жасаудан тартылуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге немесе кепілдік
ретінде ұстау - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.1111
Осы баптың 1 және 2 бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер оларды
ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр
зардаптарға әкеп соқса - 10 жылдан 15 жылга дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Бірақ бұл жерде бір ескертуі бар: кепілге
алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан
адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс кұрамы болмаса, қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
Бандитизм (237-бап) - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар
жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды
құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды
жасайды.
Қылмыстық тікелей объектісі - коғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей
объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай
мүдделер.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша
сипатталады:
1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында
тұрақты қарулы топ (банда) құру.
2. Орындай топтық (банданы) басқару.
3. Тұрақты қарулы топқа қатысу.
4. Бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да
қарулануы.
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп
азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында
құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.
Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың
құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың
істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның
ұйымдастырушысы болып табылады.
Банданың тұрақтылығы қаруланған топтын мүшелерінің кылмысты іс-
әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі аркылы анықталады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше
қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын
немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-
ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.
Баңдитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады.
Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған
деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің
болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ
басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы
аяқталған деп табылады.
Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің
оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді
таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен
"тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен
куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру
немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың
жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану кауіпін тұғызуын
айтамыз.
Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян
келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі
адам Қылмыстық кодекстің 237-бабыңца көрсетілген әрекеттерді істейтінін
сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әртүрлі болуы мүмкін,
оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет.
Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі -арнаулы мақсат
азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14
пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел
зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-
тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық
кодекстің 237-бабынын, 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе
ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.
Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу,
сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз
ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін
адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық
белгіленген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны
пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер
істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі
болып лауазым адамдары (Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуі)
коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары ( ҚК-тін 228-
бабының ескертуі )
Айыптау қорытынды бойынша Тамыр Жігербаев, Әлихан Боданбаевтың
қылмыстары Қазақ КСР Қылмыстық кодексі 76-2 бабының 2-бөлігі *'б", "в",
"г". тармақтарымен, осы баптың 1 және 2 бөліктерімен және 88-бабының 1-
бөлігі "а", "г", "е" тармақтарымен; Еркін Аханбаев, Бауыржан Күнболатов,
Мәди Мұқышевтың қылмыстары ҚКСР Қылмыстық кодексінің 237-бабының 2-
бөлігімен І8-бабының 1-бөлігі "а", "г", "е" тармақтарымен
дәрежеленген.
Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті көп мөлшерде икемдету мақсатымен
бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасап, шабуылға
үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына кауіпті күш жұмсаумен
ұштастырып немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Қылмыс ұғымы жайлы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Пәндер