XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері

Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың көлемі: 52бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 33

Зерттеу нысаны: Әлі жарияланбаған, Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қоры мен Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде сақталған «Мың бір түннің» поэзиямен жазылған нұсқалары.

Зарттеудің мақсаты: Зерттеудегі негізгі мақсатымыз ғылыми айналымға түспеген, Қолжазбалар қорында қадым жазуымен сақталған Ертай Құлсариев пен Үсенбаев Жомарттың жырлаған «Мың бір түннің» екі нұсқасының мазмұнына ден қоя отырып оқырман қауымға ұсыну. Сонымен бірге қазірге дейін аты белгісіз болып келген ақын-жыршыларды оқырман қауымға пәш ету.

Жұмыстың мазмұны: «Мың бір түннің»шығу тарихы туралы, қазақ фольклоры мен әдебиетінде кеңінен тараған оның нұсқалары жайында мәліметтер беру. Сондай-ақ жаңадан жарыққа шығарып отырған «Мың бір түн» нұсқаларын прозалық нұсқада шыққан вариянттарымен салыстырып көрсету. Сондай ақ жекелеген авторлардың шығармаларына талдаулар алып бару.

Қолданылған дерек көздері: Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында жатқан № 834, 835 бумалар мен Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар бөліміндегі № 502, 503 дәптерінде жазылып сақталған «Мың бір түннің» поэзиямен жазылған нұсқаларының мәтінін пайдалану. Сондай ақ Абай Құнанбаевтың «Әзім әңгімесі» поэмасын, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжүін» поэмасын, Нұржан Наушабаевтың «Мың бір түннен» алынған «Өгіз бен есек»мысал өлеңін, Кете Жүсіп Ешниязовтың «Сұрмергенін» тағы басқа материялдарды дерек көзі ретеінде пайдаландық.

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Бастауын тереңнен алатын шығыстың классикалық туындыларының бір егейі «Мың бір түн» болып табылады. Әлемде аударылмаған тілі қалмаған осы кесек туындының қазақ әдебиетінен орын алуы таң қаларлық жағдай емес. Алайда, ислам мәдениеті Орта Азия даласына X ғасырдан бастан қанат жайғанымен, бұл кесек туындының тек қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап пайда болғаны ғажап жағдай. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша осы тоғыз ғасыр аралықта «Мың бір түн»туындысы әлі де қалыптасып, бүгінгідей деңгейге жетпегенін, сол кездің өзінде шығыс топырағында енді өркен жайып келе жатқанын тілге тиек етеді.

«Мың бір түн» шығармасы шығыстың өзінде тек IX-XV ғасырлар аралығында ғана қалыптасып үлгірген. Алғашқы таралуы баяу болған «Мың бір түн» ертегісі XVII-XVIII ғасырлар аралығында еуропа елдерінің тіліне атап айтқанда француз, ағылшын тілдеріне аударылғаннан кейін ғана әлем назарына ілігіп дүниені өзіне жалт қаратқан кесек туындыға айналды. Орыстарға XVIII ғасырдың ортасында келіп жеткен осы ертегі қазақ сахарасына XIX ғасырдың екінші жартысында жарыққа шықты. Алғашында «Дала уалаяты газеті» мен «Түркістан уалаяты»газетінде жарыққа шыққан «Мың бір түн» нұсқалары осыдан бастан қазақ әдебиетінде жиі кездесіп отыратын болған. Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсаринның т. б ақын жазушылардың шығармаларында да осы «Мың бір түн» ертегілерінің сюжеттерін көптеп кездестіруге болады. XX ғасырдың басындағы Абайдың ақын інілерінің шығармасында да осы «Мың бір түн»желілері көптеп кездеседі.

Алғашында «Мың бір түннің»жекелеген тараулары халық арасында көптеп тараған. Мысалы «Мың бір түннен» алынып, ақын-жазушылардың айтуымен XIX ғ. ортасында мынадай бірнеше дастандар қазақ халқының арасында кең тараған. Қазан баспасынан шыққан: «Сейфүлмәлік», «Орқа-Гүлше», «Мәлік-Хасен», Ташкент баспасынан шыкқан: «Шахмыран», «Атымтай Жомарт», «Ахметбек», «Сардарбек» және т. б. Бұл қисса-дастандардың «Мың бір түн» хикаяларының жекелеген тарауларынан алынғаны белгілі. Сондай-ақ халық арасында ертеректе ескіше сауат ашкан көне шағатай-түрік тілін аздап түсінетіндер болған солардың айтуымен ауыздан -ауызға тарап халық арасында көптеген нұсқалары пайда болған. Ал XX ғасырдың ортасында Қалмахан Әбдіқадыровтың аудармасымен қазақ халқының ортасында көптеп тарала бастады. Сонымен қатар Қалтай Мұқаметжановтың орыс тілінен аударған «Мың бір түн» ертегісі де ел арасында көптеп тарала бастады. XX ғасыр басындағы ақын жазушылардың шығармасына арқау болған «Мың бір түн»желілері өзінің әуелгі қасиетін бірте-бірте жойып біздің өз ауыз әдебиетіміз бен жазба әдебиетімізге сіңіп кеткенін де көруге болады.

Алайда осы нұсқалардың кейбіреуі оқырман қауыммен жүздесіп жатса, ал кейбіреулері әлі де шаң басқан мұрағаттың арасында жарық көрмей, ешкімге де белгісіз күйінде қалып бара жатқаны жаныңызды ауыртады. Халыққа рухани қуат болып, шөлін қандырған «Мың бір түн» желілерінің поэзия тілімен жазылған үлгілерін оқырман қауымға таныстыру бүгінгі диплом жұмысының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеудің нысаны. Әлі де баспа бетінде жарық көрмеген, тек қана мұрағатта сақталумен келе жатқан «Мың бір түн» ертегісінің көлемді екі нұсқасын, Ертай Құлсариев пен Үсенбаев Жомарт жырлаған нұсқаларды жұртқа пәш ету. Сонымен бірге авторлық шығармаға айналып кеткен нұсқаларына талдау жасау, біздің нақты зерттеу нысанымыз болмақ.

Зерттеудің мақсаты. Қолжазбада сақталған «Мың бір түн» нұсқаларын ғылыми айналымға салу. Сонымен бірге аты жұртқа белгісіз болып келе жатқан халық ақындары мен жыршылары туралы аз да болса мәліметтер беріу. Сондай-ақ аты халқына танымал ақындарымыздың шығармаларына талдау жасап «Мың бір түнмен»сабақтастығын ашып көрсету.

Зерттеудің міндеттері. Жоғарыдағы аталған мақсаттардан мынадай міндеттерді келтіріп шығаруға болады:

-«Мың бір түннің»жарияланбаған жаңа нұсқасын оқырман қауыммен таныстыру;

-«Мың бір түн»шығармасының танымдық ролін ашып көрсету:

-Әлі де жұртқа таныс емес есімдерді жарыққа шығару;

-«Мың бір түннің» қазақ әдебиеті мен фольклорынан алатын орынын сараптау;

Жұмыстың жаңалықтары.

-Отыз мың жолдан тұратын поэзия тілімен жазылған «Мың бір түн»ергегісін ғылыми айналымға түсіріп, «Мың бір түнді»жаңа бір қырынан ашып көрсету.

-«Мың бір түннің» поэзиялық үлгісі мен прозалыұ нұсқасын өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып беру.

Тұжырымдары.

Сан ғасырды бастан өткізіп қазақ даласына жеткен «Мың бір түннің» өз оқырманын тауып халық арасына кең таралғанын дәлелді тұжырымдар арқылы келтіріп, «Мың бір түн»шығармасының танымдық, тәрбиелік мақсаттарын ашып көрсету.

Құрылымы.

Кіріспеден, бірінші және екінші тараудан, қорытындыдан тұрады.

1. Мың бір түн және қазақ әдебиеті

Бүгінгі күннен кемінде екі жарым үш мың жыл бұрынғы тарихтар

дерегінен бастау алатын қазақ әдебиеті өзінің даму барыснда талай-талай кезеңдерден өтті. Тарихтың сан тарам жолдарында көптеген халықтармен тоғысты, мәдени байланыс, қарым-қатынастар жасады. Соның айғақты іздері қазақ әдебиетінің әр саласынан табылады.

Қазақ әдебиетінің тарих бетіне айырықша із қалдырған замандар ислам мәдениетінің өркендеуі түрік оянушыларының тұсы болды. Бұл кезде ислам дінінің аясында өркендеген араб, иран, орта азиялық елдердің әдебиетіндегі қарым қатынас зор болды. Соны нәтижесінде шығыстық желіде жазылған көптеген қисса-дастандармен прозалық шығармалар халқымыздың ауыз әдебиетінде көптеп кезігетін болды. Олар шығыстық желідегі шығармалардың сиюжетін алады да өз ұлтының ғұрып әдетіне байланысты өзгерістерге енгізіп жырлап отырған. Менің бүгінгі диплом жұмысымдағы «Мың бір түн» тақытыбы да сол шығыстық желінің әсерімен жырланған көлемді шығармалардың бірі болып табылады. Сондықтан да бұл шығарманың қазақ әдебиеиінен алатын орыны айырықша болып табылады.

Араб әдебиетінің көне ескерткіштерінен, жалпы бүкіл орта ғасырлык араб прозасынан бүкіл әлемге кең таралғаны және әлем әдебиетінің ең үздік туындылары қатарынан орын алғаны «Мың бір түн» хикаялары. Бұл классикалық ескерткіште халық ауыз әдебиетінің түрлі жанрлары: ертегілер, әңгімелер, тұрмыстық новеллалар, мысалдар, әзіл әңгімелер, повестер мен роман-эпопеялар жинақталған.

Бұл ескерткіштің тарихына сілтемелерді орта ғасырлық араб деректерінен кездестуріге болады, бірақ бұл мағұлыматтардың неғұрлым қысқалығы түрлі бағыттағы зерттеулер мен талқылауларға мүмкіндік беретіндіктен, оларды дерек көздерінің бастауы ретінде қабылдауға болады. Жинаққа енген әңгімелер мен ертегілер туралы маңызды мәліметтер әл-Масудидің 947ж. жазылған «Алтын тоғай» атты шығармасынан, Ибн ан-Надимнің 987ж. құрастырған әйгілі анықтамалығынан, қосымша мағлұматтарды X ғ. филологы, тарихшысы Хамза әл-Исфаханидың тарихи шығармасынан көрініс береді.

«Мың бір түннің» шығу тарихын зерттеген европалық зерттеуші-ғалымдар арасында екі түрлі концепция қалыптасты: «үнді-ирандық» және «арабтык».

«Әл-Масуди мен Ибн-ан-Надимнің сілтемелеріне негізделген алғашқы концепцияны И. Хаммер-Пургшталь қалыптастырып, оны ағылшын арабтанушысы Ричард Бертон қолдады. Бұл концепция бойынша «Мың бір түн» парсының мың ертегісі «Хезар-эфсаненің «прототипі» болып табылады. Екінші концепцияны жақтаған XIX ғ. белгілі арабтанушылары, олардың қатарында А. И. Сильвестр де Саси ондағы үнді-ирандық элементтерді мүлдем жоққа шығарды. Олар бүкіл жинақ Ортағасырлық арабтардың жазба туындысы деп қабылдады. «Мың бір түннің» пайда болу тарихы туралы жаңа қорытындыны неміс семитологы Э. Литтман мен Е. Крымский жасады. Зерттеушілер «Мың бір түнге» енген ертегілер мен әңгімелерді мезгілі мен мекендеріне байланысты үш топқа бөлді: ирандық, бағдаттық және мысырлық . Жинақтын көне бөлімінің негізі парсының «Хезар эфсане» ертегілер жинағының араб тіліне VIII ғасырдағы аудармасынан тұрады. ІХ-Х ғасырларда қалыптасқан «Мың бір түн» үнді-ирандык ертегілермен қатар бағдаттық материалдар: араб ертегілерін қамтиды. ХІІ-ХІII ғасырларда жинактың каирлык редакциясы месопотамиялық-сириялык, мысырлық туындылармен толықтырылды.

«Мың бір түн» сюжеттері қазіргі біз білетін жүйеге түскен бірнеше қалыптасу кезеңінен ткен:

  1. Арабтың ежелгі аңыз-әңгімелері.
  2. Индия сюжеттерінің элементтері айқын көрінетін парсының «Мың ертегісінің» негізінде X ғасырдың маңайында түзіле бастаған.
  3. X-XII ғасырларда Бағдат төңірегіндегі тараған әңгімелер негізінде жинақталуы.
  4. XI ғасырлардан бастап, XIII-XIV ғасырларға дейін Египетте шығарылған әңгімелермен байытылып, толық нұсқасы қалыптасты. «Мың бір түн» мың жылға жуық уақытта түзілген ғаламат шығарма. (8, 7б)

X-XIV ғасырлардағы түрік ақындарының шығармаларынан әлі «Мың бір түн» сюжетінің орын алмауы ол кезде қалыптасып, тарап үлгірмегендігінің бір айғағы болса керек.

Жоғарыда аталған зерттеулерді корытындылай келе, «Мың бір түннің» бір автордың, бір халықтың жеке шығармасы емес, кәсіби әңгімелеушілердің бірнеше ұрпактарының, яғни халык әдебиетінің ортақ туындысы екендігіне көз жеткізуге болады. Әрине, мұндай шығармада белгілі автордың болмайтыны анық.

XVIII ғасырдың басында орта ғасырдағы араб әдебиетінің классикалық ескерткіші «Мың бір түннің» түрлі аудармалары европалык(америкалық) оқырмандарға таныс бола бастады. «Мын бір түн» ертегілер жинағы қай жағынан алып қарағанда да аудармаға бейім. Ертегіде де жалпы әдебиеттегідей сөз ең қажетті материал болып табылатындығымен қатар, оның жанама роль атқаратындығы да белгілі. Сөздер мен сөз тіркестерін әдемілігі мен мәнерлілігі үшін ғана емес, қарапайым әңгімелеу максатында да қолданады. Сондықтан басқа тілдің сәйкес сөздері де окиғаны қиындыксыз әңгімелейді. Егер оқырманның қолында сенімді және қанағаттанарлық аударма болса, оның ертегіні түпнұсқадан оқығандай әсер алатындығы анык. Атақты неміс семитологы және арабтанушысы Энно Литтман «Мың бір түннің» осындай ғажайып аудармасын ұсынады. Э. Литтманның бұл еңбегін орыс шығыстанушысы И. Крачковский өте жоғары бағалады: «Мың бір түн» туралы аударма мәселелері енді жоқ деп айтуға болады: Энно Литтман аудармасынан басқа үздік аударманың болуы мүмкін емес».

Алғаш рет бұл әйгілі үздік шығарманы европалық оқырманға А. Галлан француз тілінде ұсынды. (1703-1713 жылдары, 12 томдық. Галлан «Мың бір түнді» аударуда негізінен оның XV ғасырдағы қолжазбаларын пайдаланды, ал жекелеген жағдайда маронит Ханнаның ауызша айткан ертегілерінен аударды.

А. Галланың француз тіліндегі аудармасы арқылы бұл классикалық туынды Европада саяхатын бастап кетті. Нәтижесінде ол әлемнің бірнеше тілдеріне аударылды, сондай-ақ мұсылман әлемі мен әдебиетіне деген еліктеушілік сән толқынын тудырып та үлгерді. "Мың бір түн" тағдырынын ерекшелігі сол - оны бүкіл әлем оқырманы қандай да бір жолмен өзінің жекеменшік мұрасына айналдырып жіберді. Бұл жерде оны аударған шебер аудармашылардың ерен еңбегін атап айтпау мүмкін емес. "Мың бір түнді" аударған әрбір аудармашы жолма-жол аударуды мақсат етпей, керісінше түпнүсқанын толық мазмүнынан ауытқымай өз окырманынын тілдін қолданысына әбден лайық көркем аударма үлгісін беруге тырысқан. «Мың бір түннің» әлем әдебиетіндегі үздік туындылардың қатарына енуі -аудармашының алға қойған мақсатының толық орындалғандығын білдіреді. Бір таң қаларлық жағдай араб әдебиетінің ең әйгілі үлгісі «Мың бір түнге» деген көзқарас батыс елдерімен салыстырғанда араб тілді мемлекеттерде мүлде баскаша, яғни оған деген оқырман ықыласы төмен болған. Ғасырлар бойы сауатты шығыс оқырманы оны әдебиет деп есептемеді: европалықтардың бұл шығармаға деген ерекше пікірі мен ыкыласын олар күлкілі түсініксіз жағдай деп қабылдады. Бірақ уақыт өте келе олардың бұл көзқарасы өзгерді. Дегенмен, оның өз отанында лайыкты дәрежеде бағалануына ұзак уакыт қажет.

«Мың бір түн» Шығыс халықтары арасында ХІІ-ХІП ғ. иран-парсы, ХІУ-ХУІ ғ. үнді, ХУ-ХУІ ғ. кытай тілдерінде де кең таралды.

Орыс оқырмандарының бұл жинақпен танысуы XVIII ғасырдың ортасында басталды. 1763-1771 жылдары Алексей Филатов түңғыш рет «Мын бір түнді» француз тіліндегі Галлан аудармасынан орыс тіліне 12 бөлім етіп аударып жариялады. Ал түпнұсқадан орыс тіліне 1929-1939 жылдары профессор М. А. Салье аударды. Бұл аударма И. Ю. Крачковскийдің редакциясымен 8 том болып жарық көрді. «Мың бір түннің» басылымдарына кезінде М. Горький өзі тікелей басшылык жасап алғы сөз жазды.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде алыс елдер мен шалғай шаһарлардағы ғаламат ғажайыптар туралы көне ертегілер мен алуан түрлі аңыздар Шығыстан келіп, казақ жерінде өзгеріп, өңделіп кең тарағаны мәлім. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап «Мың бір түннің» жекелеген ертегі тараулары қисса-дастан жанрында қазак оқырмандарына да таныс бола бастады. Шығыс пен қазақ әдебиетінің бұл мәдени байланысының басталуына тарихи және діни карым-қатынас мәселелері тікелей себепкер болғаны байқалады. VII ғ. ислам діні пайда болғаннан кейін оны тарату мақсатында араб жаулаушылықтары басталғаны көне тарихтан мәлім. VIII ғасырда арабтар Иран елін жаулағаннан кейін Оммейядтар династиясы құлады, ал Иранда Сасанидтер династиясы жойылып, бұл екеуінің орнына Аббасидтер династиясы Ирақтың астанасы Бағдатта құрылды. Оның халифасы болып Харун ар-Рашид жарияланды. Арабтардың үстемдік алып, дәуірлеген кезі осы халифаның тұсынан басталады. «Мың бір түн» хикаяларының қалыптасып таралуы да осы кезеңге сәйкес келеді. Харун-ар-Рашидтен кейін оның баласы Мамун (813-838) таққа отырып әкесі бастаған мәдени өрлеуді әрі қарай дамытты. Ол ғылыми орда Дәр әл-Хикматты Хорезмнен барған Мұхаммед бин Мұса әл -Хорезмге басқартты. Бұл ғылым ордасын Отырардан шыққан әлемнін екінші ұстазы - Әбу-Насыр әл-Фараби да бірнеше жыл басқарды. Әбу-Насыр әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерін араб тілінде жазғаны белгілі.

Аббасидтер династиясы тұсында ислам діні Бағдат каласынан Шығысқа, Орта Азияға бет алды. Әл-Фарабиден басқа Хорезмнен шыққан Әбу-Райхан әл-Бируни, Бұхарда ғүмыр кешкен Әбу әли ибн Сина барлығы да өз еңбектерін араб тілінде жазды. Орта Азияға ислам дінінің таралуына бұл жағдайлардың белгілі әсері болғандығы анықталған. Бұл туралы академик В. В. Бартольд: « . . . ислам діні Орта Азияға каруланған әскери Шабуылмен тараған жоқ» - деп атап көрсетті.

«Мың бір түн» сюжеттерінің шығыс елдерінде кең тараған саласы-ғашықтық оқиғалар. Олардың ұзын саны жиырмадан асады. «Мың бір түннің»ғашықтар оқиғасы таныс емес алыс елдің ханшасына, әдетте патша қызы, екінші бір алыс елдегі ханзада немесе патшазада көрмей ақ сырттай ғашық болу желісіне құрылған.

«Мың бір түндегі»ғашықтық туралы әңгімелердің біразында бір-бірімен түсінісе алмаған, немесе ата анасы қарсы болып қоспаған оқиғалар суреттеледі. Соның нәтижесінде кейде ғашықтар мерт болады. Сондай ғашықтардың танымалы Ләйлі мен Мәжүн. Герхарттың дәлелінше олардың «Мың бір түнге» кірмей қалу себебі кітапты құрастырушылар тым танымал әңгімені алғысы келмеуінен деп көрсетеді.

«Мың бір түннің» тағы бір ғашықтық оқиғаларында әңгіменің аяғы жақсылықпен, ғашықтардың қосылуымен аяқталады. Бірақ оған басқа біреудің немесе қайырымды патшаның көмегімен жетеді. Ал негізгі қаһарман өз бетімен айла-шарғы істемейді. Онда адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез, сезім иірімдерін суреттеуге көп көңіл бөледі. Бұлар Бағдат ертегілер тобына жатады. Өйткені мұндағы іс әрекеттер Бағдат жерінде өтеді. Ғашықтар қиыншылықпен күресіп жатпайды. Оны шешу үшін оқиғаға басқа бір кейіпкер араласады. Оған мысал «Нұр әд-дин әли».

«Мың бір түннің» көптеген әңгімесі саяхат жайлы болып келеді. Саяхат оқиғасы теңіз арқылы немесе құрғақта, ауада дюлар немесе самұрық құс т. б. мифтік кейіпкерлердің көмегі арқылы өтеді. Мысалы «Сейфулмәлік», «Хасен зергер» әңгімелерінде саяхат тақырыбы араласқан.

Сейфүлмәлікте» Ғасым патша алысқа жүзе алатын қырық кеме құрастырып, Шын қаласына қарай бет алады.

«Саяхатшы Синдбат» Сандыбаттың жеті сапары әңгімелері арабтың өз заманында жазылған жекелеген кітаптардан алынып құрастырылған қызықты хикая.

«Мың бір түннің» тағы біраз оқиғалары: болған жері, дерегі белгісіз таза оқиғалардан тұрған. Оның кейіпкерлері жын, дю болып келеді. «Мың бір түннің» бастамасында -ақ, бір сұлу әйелді сандыққа салып алып жүрген дю туралы айтады.

«Аздап дем алып отырғанда, теңізден төбесі көкті тірегендей бір дю, қолтығына темір сандықты қысып алып, шаһзадалар отырған ағаштың тап түбіне қарай келе берді. Дюды көріп үрейлері ұшып, басқа қашатын жер таба алмай, екеуі ағаштың басына шықты. (4, 5б)

«Мың бір түн» әңгімелерінде қазақ арасында қисса-дастан түрінде кең тараған «Сейфүлмәлік» пен «Бәдүғұлжамалдың хикаясы». «Сейфүлмәлік»деген атпен 1807жылы жарық көрген алғашқы қазақ қиссасы. Дастанның негізгі оқиғасы «Мың бір түннен» алынып, қисса дәстүрінің шарттарын ескере отырып жазылған.

«Мың бір түн» желілерінде жиі кездесетін сюжеттің бірі адамның аңға, құсқа, маймылға айналуы. Аңға айналған адамдар өзінің адамдық ой санасын сақтайды, адамша ойлайды. Адамды аңға айналдыратындар көбінесе әйел кейіпкерлер. Олардың құралы су. Сулы дуа оқып шашады. Қазақ ертегілерімен аңыздарында да бұл сюжеттің көптеген нұсқалары бар. Кете Жүсіп Ешниязовтың «Сұр мерген»атты дастаны бар. Бұл таза қиссалық шарттан арыла түсіп, аралық дастанға айнала түскен түрі. Негізі «Мың бір түннен» алынып, оқиға қазақ өмірі мен тіршілігіне жақындай түскен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
М. Жұмабаев
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz