Өнімнің бәсекеқабілетін және оның кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе….: Кіріспе ….
Кіріспе….: 1. Нарық жағдайында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері.
Кіріспе….: 1. 1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен мазмұны . .
Кіріспе….: 1. 2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері (өлшемдері) мен факторлары
Кіріспе….: 1. 3 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін бағалау
Кіріспе….: 2. Өнімнің бәсекеқабілетін және оның кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау
Кіріспе….: 2. 1 Кәсіпорынның даму тарихы
Кіріспе….: 2. 2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы. .
Кіріспе….: 2. 3 «Берік-Қара» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіштері
Кіріспе….: 2. 4 Кәсіпорынның жалпы табысын талдау
Кіріспе….: 2. 5 Өндірілетін өнімнің ассортиментін талдау…. ………. . .
Кіріспе….: 2. 6. Сыртқы рыноктағы өндірілетін өнімнің бәсекеқабілетін талдау
Кіріспе….: 2. 7 Өнімнің бәсекеқабілетінің кәсіпорынның қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау .
Кіріспе….: 2. 8 Бәсекеге қабілетті өнімді өндіру шараларының негіздемесі. .
Кіріспе….: 3. Өнімнің бәсекеқабілетін көтеру шараларын дайындау.
Кіріспе….: 3. 1 «Көлік ішін химиялық тазалау» шарасы
Кіріспе….: 3. 2 «Киімді бояу» шарасы
Кіріспе….: Қорытынды
Кіріспе….: Әдебиет.

Кіріспе

Сапа және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез-келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіптік саясаты, атап айтқанда, талдап жасалынатын бағддарламалар мен заңнамалық актілер, мемлекеттік қолдау шаралары басты және басым мақсаттарға - қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағдарлануы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік - елдің, кез-келген өндірушінің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.

Өнімнің бәсекеге қабілеттігі кәсіпорынның дамыған бәсекелік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады.

Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзінде туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта өткізуге жататын өнімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу нарыққа қатысушы субьектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттігін көтерудің жолдары мен әдістерін беллсенді түрде іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын нығайту үшін кез-келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикалық және өндірістік өткізу стратегиясының басты бағытына айналады.

Тауардың сапалық сипаты өзгермегенде оның бәсекеқабілеті рынок коньюктурасының өзгерісіне байланысты, жарнаманың әсеріне, тауарға қатысты ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты оның бәсекеқабілеті кең шенберде өзгеруі мүмкін. Міне осы себепті «Берік-Қара» ЖШС мысалында көрсетілген тұрмыстық қызметтің бәсеке қабілетін қамтамасыз етуді жетілдіру тақырыбындағы дипломдық жұмыс өте өзекті болып табылады.

Жұмыста берілген кәсіпорынмен өндірілетін өнімнің бәсекеқабілетіне талдау жасалды және оны жоғарлатудың нақты шаралары ұсынылды.

1. Нарық жағдайында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері.

1. 1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен мазмұны

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік беру қажет.

Бәсекеге қабілеттілік - бұл нысананың белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілік шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару порблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.

Нысананың бәсекеге қабілеттігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.

Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілігі қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғаы болса ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және ндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:

  • кәсіпорын тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірілген тауарлардың түрі;
  • нарықтық сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері) ;
  • нарыққа кірудің жеңілдігі;
  • нарықтың біркелкілігі;
  • осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позициялары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
  • өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді тұжырымдайық :

  1. Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.
  2. Кәсіпорынның клиентке жақындығы.
  3. Кәсіпорында дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
  4. Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі.
  5. Кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
  6. Өз позициясында бекем тұра білу.
  7. Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер саны деңгейінің минимумы.
  8. Бір сәтте жұмсақ әрі қатаң бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауға ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын беру.
  9. нарық қатынастарының әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу және аталған принциптерді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.

Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен өнім өндіруші кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өзара бөлік пен бүтін секілді ара қатыста болады. Компаняның белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі тауадың бәсекеге қабілеттілігіне және кәсіпорын қызметінің бәсекелестік күрес нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына тікелей байланысты.

Кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толығырақ ашып көрсету үшін, біздіңше өнім (тауар) туралы мүмкіндігінше толық түсінік беру қажет.

Тауар - нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылығы) бар, белгілі бі сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болды, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады. Тауар - экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үрдісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардың бәсекелес тауардан нақты қоғамдық тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсекеге қабілеттілігіне ие болу керек.

Әдебиетте тауардың бәсекеге қабілеттілігі дегенге былайша анықтама беріледі. Бұл оның нарықтағы басқа ұқсас тауарлармен тайталасқа (бәсекелестікке) төтеп беруіне мүмкіндік беретін экономикалық, техникалық пайдалану параметрлері деңгейі. бұған қоса бәсекелестік тауардың салыстырмалы сипаты ол нарқтың айқындалған талаптарына немесе басқа тауардың қасиеттеріне қатысты бүкіл өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және экономикалық көрсеткіштердің жиынтық бағасын қамтиды. Ол осы бәсекелес тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы, жеткізу шарттары мен өндірістік және тұтыну процесінде пайдалануға кеткен шығындарды ескергендегі қоғамдық қажеттілікке сай келу дәрежесі бойынша анықталады.

Бұдан әрі «кәсіпорын экономикасы» тарауында біз тауардың бәсекеге қабілеттілігінің барлық құрамдас көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Бәсекеге қабілеттіліктің «жұмсақ» құрамдас бөліктерін қарастырайық. кәсіпорындардың нарықтық бәсекесі мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі бір-біріне өзара ықпал етеді. Интервенциялық саясаттың өзі-ақ кәсіпорынға үлкен зиян тигізуі мүмкін және сонымен бірге Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана саясаттың ісі бола алмайды, оған кәсіпорындардың өзі де өз үлесін қосуы тиіс. Бәсекеге қабілеттіліктің осынау басты аспектілерінің негізінде бәсекелестік күрестің «жұмсақ» құрамдас бөліктері деп атауға болатындай нәрсе жатыр, олар ақшамен бағаланбайды және жалпы алғанда сандақ тұрғыдан да анықтау қиын.

Өнеркәсібі дамыған елдерде бұлқұрамдас бөліктер дамушы елдерге қарағанда, әділетті, үлкен роль атқарады. Сонымен бірге «жұмсақ» құрамдас бөліктер саяси айла-амалдарға көнбейді, ал оларды өзгерті, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру немесе инфрақұрылымды құру сияқты қиын жүзеге асырылатын шараларға қарағанда ұзағырақ уақытты талап етеді. Талап жасалынған зерттеу әдістерінің жоқтығына қарамастан бәскелестік күрес факторларының бұл тобын ескермеуге болмайды. Олардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады: Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік көп жағдайда ықылас пен еңбек етуге байланысты. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзінше құнды нәрсе деген сезім жетіспейді. Егер әңгіме бәсекеге қабілеттілікті салыстыру тұрғысында болса, онда бір ғана еңбек өнімділігінің болуы жеткіліксіз.

Өзін-өзі жетілдірудегі икемділік пен әзірлік. Сөз жоқ, дәстүрлерге, шешімдердің тексерілген нұсқаларына бейімділіктің және тағы басқалардың өз артықшылықтары бар. Алайда мүлдем басқаша менталитетке ие, клиенттің кез-келген қалауы мен жаңа тенденцияларға жедел назар аударуға әзір бәсекелестермен куресте бұл басымдықтар ештеңеге жарамай қалады.

Қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге әзірлік . Мұны қаламау, әсіресе егер ол эканомиканың маңызды салаларының бірі болған жағдайда, қоғамның дамуы үшін өкінішті болуы мүмкін. Жұртшылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, адамның абырой-беделін пәсейту дегенді білдірмейтіндігін түсіну керек. Бұл клиент басты қалыптасушы тұлға болуды қалайтын және болуға тиісті бәсекеге қабілетті экономика үшін қажет қалыпты жұмыс.

Наразылық деңгейі. Дамыған елдердіңхалқы өздерінің жоғары өмір сүру деңгейін жай бір солай болуға тиісті сияқты қарауға үйреніп кеткен. Мұндай позиция қоғамды кез-келген икемділіктен айырады, ақыр соңында эканомиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін, жұмыс күшіне шығындар деңгейін басқаруға келмейтіндей етеді.

Сыртқы дүниеге ашықтық. Шетелдік тауарлардың ішкі нарыққа енуіне, шетел азаматтарының кәсіпорындар акцияларының бақылау пакетін алу мүмкіндігіне кедергі жасау, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын асыра бағалауға бейімдік, әлемдік тәжірбиені үйренуді қаламау және тағы басқалар эканомикаға келеңсіз әсер етеді.

Жұмыс күшінің жұмылушылық әзірлігі. Өмір сүрудің жоғары деңгейі, әлеуметтік кепілдіктердің дамыған жүйесі жұмыс күшін оқуға, шетелде жұмыс істеуге, басқа елдердің тәжірбиесін үйренуге деген ықыласын жояды. Елдердің бұл орайдағы артта қалушылығына ішкі жұмыс күші нарықтарының сыртқы әсер мен араласудан жабық болуы септеседі.

Бәсекелестік рухы. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік рух бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцариялықтардың тілі, менталитеті ондай сападан толық айырылған. Олар талас пен қақтығыстарды емес, картельдік келісімдерді артық көреді. Корпоративтілік қоғамдық келісімдер деп аталатынның негізі болды, өткендегі табыстарға едәуір дәрежеде соның арқасында қол жетті. Алайда қазіргі кезде және алдағы уақытта басқаша жағдай қалыптасып отыр.

Бәсеке-ұсыныс сұраныстан артық болатын жағдайдағы қажетті құбылыс, және де ол әдетте өндірушілер арасында емес, тауарлар арасында туындайды. Бәсекенің мынадай түрлері бар:функционалдық, түр-тұрпаттық, заттық, бағалық, жасырын, заңсыз.

Функционалдық- бірдей қажеттілікті түрліше қанағаттандыруға болатындықтан туындауы мүмкін.

Түр-тұрпаттық- ұқсас тауарларды түрлі кәсіпорындардың немесе кәсіпорынның шығаруы, бірақ әртүрлі безендірумен. Кәсіпорынның өзіндік бет-бейнесінің болуы маңызды.

Заттық- әдетте түрлі кәсіпорындардың ұқсас тауарлары арасында болады.

Бағалық- неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады.

Бәсекеге қабілеттілік-бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек тауардың қасиетін салыстыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер нарықта тұтынушылар тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен салыстыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға да болмас еді.

Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

Бәсекеге қабілеттілік дегенде:

-нысанның тиісті нарыққа шығарылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын сипаттайтын қасиетін;

-осы нарықты ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін;

-белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажетін қанағаттандыруы дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін сипаттамасын айтады.

1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері (өлшемдері) мен факторлары

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері мен факторларына баға беру қажет.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нарықтың саралануы ықпал етеді. нақты нарықтағы қызметті осы үдерістен бастау керек.

Нарық сараланымы-бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарлардың немесе кәсіпорындардың кейбір ортақ белгілері бар тобы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай-ақ өндіріс технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнертабыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы заманғы құралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді.

Шикізаттық тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейі көбінесе олардың қандай тауарлар сататынына, тауарлар қайда және қалай тұтылатындығына байланысты.

Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай-ақ фирма ұлттық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер кепілдігін беру, олардың сақтандыру, салықтар мен алымдардан босату, экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы конъюнктуралар туралы және басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге байланысты болады.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады.

Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескерту қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектіллері мен каталогтарын пайддаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердің тұтыну шығындары деңгейін объективті бағалаудың болмауы және т. б. Бұл фактордың ықпалы мүмкін болғанша азайтылуы тиіс.

Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден-бір құралы, және сонысымен де бәсекелестік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. өнім сапасын арттыру, пайданы баынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өрістеген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау аса маңызды мәнге ие болады.

Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатқызылады:

  • экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны;
  • ғылымның, техниканың даму деңгейі;
  • халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу;
  • ішкі нарықтың серпінділігі мен сыйымдылығы;
  • әлеуметтік экономикалық және ішкі саяси жағдай;
  • қаржы жүйесінің икемділігі;
  • экономиканы мемлекеттік реттеу;
  • еңбек және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және ресурстарды жіктеу деңгейі.

Бәсекеге қабілетті тауарлар шығара отырып, өндіруші нарықта өзіне бекем орын алады. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте баға белгілеу әдістерімен қатар бағадан тыс әдістері де пайдаланылады.

Талданатын тауалар коньнктурасының нарықтық өзгерістерін айқындау негізінде тұтынушылардың сұранымына неғұлым сай келетін тауарлар тобы іріктеп алынады.

Одан әрі жаңа бәсекелес тауарлардың пайда болу болжамдары зерттеледі. Бұл ретте сатылу мүмкіндігі айқын және бәсекелестер арасында күшті тайталас туғызатын жаңа тауарлар болып көрсетіледі. Одан соң тауарлардың параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар қарастырылады. Қорытындысында бірнеше қызығушылық туғызатын жаңа тауар шығару мүмкін болмайтын технологиялардың параметрлерінің сәйкестігін бағалау кестесі жасалады.

Ақырғы нәтижесінде нұсқаны таңдау аталған өнеркәсіптік фирмасы үшін технология, материалдық қамтамасыз ету саласында бар шектеулерді анықтайды. Тауардың бәсекелестік қабілетін арттырудың дұрыс таңдап алынған нұсқасы мәнсіз шығындардан барынша аулақ болуға және тауарлардың алуан түрін талдау бойынша қорытындылар алуға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік фирманың нарықтағы бәсекелестік күрестегі позицияларын бәсеңдету үшін оны ңөндірістік қаржы - экономикалық және өткізу жұмысындағы мақсатты өзгерістер бағдарламасын қалыптастыруға жағдай туғызады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің және ғылыми - техникалық прогрестің ықпалымен бәсекелестіктің кеңінен өрістеуі өндірушілерді бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар шығарудың жолдарын және жаңадан өткізу нарықтарын белсенді іздестіруге итермелейді.

Параметрлік қатарлары мен ассортименті жиынтығы неғұрлым кеңірек болса, тұтынушының өзіне оңтайлы сатып алу нұсқасын табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Мысалы, бірдей тұрпаттағы автотиегіштер шығарылады, біақ олардың бір-бірінен жүк көтеруі, жылдамдығы, бұрылу радиусы жағынан және басқадай айырмашылықтары бар. Әрбір тұтынушыға оның жұмысының нақты жағдайын ескергенде сатып алынатын автотиегіштердің белгілі бір пайдалану параметрлері қажет. Егер сатушы оларды қамтамасыз ете алса-сауда оңғарылады, ал егер қамтамасыз ете алмаса сатып алушы басқа сатушыны іздейтін болады.

Көптеген бәсекелестеге қатысты алғанда нарықтағы позицияларды жеңіп алудағы маңызды сәт шығарылатын тауарларды дер кезінде жаңарту, жаңа өнім шығаруды әзілеу мен ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде жаңа тауарлар жасап шығару мен өндірудің кәсіпорынның өркендеуі үшін шешуші маңызы бар. Статистикалық деректерге қарағанда өндірістің негізін құрайтын жаңа өнім шығаруды игергеннен кейін оны өткізудің өсу қарқыны бәсекелестермен салыстырғанда шамасмен екі есе артық болады. жаңа өнім шығарып және ұсынылатын тауарлардың түрін кеңейте отырып, фирмалар нарықтағы болжап білуге болмайтын өзгерістерді ескергенде кез-келген уақытта банкротқа әкеп соғуы мүмкін бір ғана тауарға тәуелділікті азайтуға ұмтылады. Бүгінде біздің еліміздегі бірқатар кәсіпорында мен фирмалар өндірісті айтарлықтай қайта құрылымдауға кіісіп отыр және бейіндік өнімдерді жаңалаумен бірге халық тұтынатын тауарлар шығауды жолға қоюда.

Алайда, жаңа тауар жасап шығару - аса күрделі процесс, өйткені конструкторлық-технологиялық шешімдермен және өндіістік базаны жаңатумен қоса, бұл арада түптеп келгенде соңында нарықтың талаптарына толық жауап беретін тауар массасын жасау турасында болып отыр. Нарыққа шығарылатын жаңа тауарлардың едәуір бөлігі коммерциялық сәтсіздікке ұшыайтыны белгілі: мысалы, шамамен оннан сегізі дайындаушылардың оларға деген үмітін ақтамайды. Мұның негізгі себептері: нақ осы тауарға сұраныстың қандай екендігін жеткілікті білмеу, тауардың техникалық және пайдаланудағы ақаулары, тиімділігі шамалы жарнама, көтеріңкі баға, бәсекелестердің күтпеген өндірістік проблемалар, жалпы алғанда бәсекелестік саясаты дұрыс болжанбауы болып табылады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдаын таңддауда жаңа тауар шығару жөнінде емес, тауарды түлендіру жөнінде өте дер кезіндн шешім қабылданатын сәтте жиі болады. Тауарды түрлендіру туралы шешім көбірек пайда алу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру мақсаттарында қабылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару
Таза пайданы талдау
Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығы және әдістері
Кәсіпорынның ассортименттік саясаты
Кәсіпорынның табыстар мен шығыстарды талдау
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері
Кәсіпорынның кірістерін талдаудың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz