Сөз тіркестері туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Тарау. Сөз тіркестері туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
II Тарау. Есімді тіркестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Матаса байланысқан сөз тіркестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өз ара тіркесу қабілетіне қарай
е с і м д і және е т і с т і к т і болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек — сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады; етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін.
Зерттеу өзектілігі:
Қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестері және оның түрлерін ғылыми тұрғыда терең меңгере бастаған студент оның тіл білімінде қолдануын есімді сөз тіркестерімен, етісті сөз тіркестерінің ерекшеліктерін еркін ажырата алуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты:
Ғылыми әдебиеттерден есімді сөз тіркестерінің түрлерін ғылыми тұрғыдан тану жұмыстың негізгі алдына қойған міндеті болып саналады.
- Есімді сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері;
- Байланысу тәсілдерін
- Практика мен теория жүзінде дұрыс қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
Міндеті:
Курстық жұмыстың басты міндеті мынадай болып бөлінеді. Біріншіден сөз тіркестері туралы түсінік беру және оған тән белгілерін, түрлерін түсіндіру. Екіншіден есімді тіркестердің іштей бөлінуін жіктеу.
- Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер;
- Матаса байланысқан сөз тіркестері;
- Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін қамту.
Құрылымы:
Жалпы курстық жұмысым екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда екі бөлімнен тұрады. Ол сөз тіркесі туралы түсінік. Бірінші тараудың бірінші бөлімінде сөз тіркестеріне тән белгілерін, екіншісінде сөз тіркестерінің түрлері жайында жазылады. Ал екінші тарау есімді тіркестерінің анықтамасы және оның түрлерін қамтиды. Мәселен қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер, матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері қамтылады.

1. Балақаев. М., Сайрамбаев. Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. - Алматы: «Білім»,2004, 42-636.
2. Балақаев. М., Қордабаев. Т. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). - Алматы, 1993,36-466
3. Балақаев. М. Қазіргі қазақ тілі - Алматы: «Ана тілі», 1992, 47- 746.
4. Исаев. С, Қосымова. Г. Қазақ тілі: 7-сыныбына арналған оқулық. -Алматы, 2003 - 2086.
5. Мергенбаев. Е. Қазақ тіліндегі сез өзгерім жүйесі (синтетикалық және аналитикалық талдау). Оқу құралы. - Алматы: «Сенат», 1994, 20-746.
6. Оразбаева.Ф.Ш., Сағидулда. Г., Қасым. Б., Қобыланова. А., Есенова.Қ., Исабекова.Ұ., Балтабаева. Ж., Мұхаммади.Қ., Рахметова.Р., Көпбаева.Ж. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 2005-535 Б.
7. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. II. (синтаксис). - Алматы, 1967, 20-356.
8. Бектұров Ш. К. Қазақ тілі: лексика, фанетика, марфология, синтаксис. -Алматы: Атамұра, 2006-336.
9. Оралбаева Н.,Әбдіғалиева Т.,Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі.-Алматы: Ана тілі, 1993-2726.
10. Ақанов К.Жалпы тіл білімінің негіздері.-Алматы:-664б.
11. Балақаев М, Сайранбаев Т. Казіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: Оқулық-Алматы: Сеиат, 1997-2406.
12. Ақанов К. Тіл білімінің негіздері-Алматы, 2002
13. Қордабаев Т. Казақ тіл білімінің қалыптасу даму жолдары.-Алматы: Мектеп, 1987.
14. Байтұрсынов А.Тіл тағлымы (Қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты енбектері) -Алматы: Ана тілі, 1992.
15. Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы: ғылым, 1982,1356.
16. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері.- Алматы: Ғылым, 1988.
17. ҚордабаевТ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 1999,836.
18. Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 2 басылуы. - Алматы: Сенат, 1996,2966.

Аннотация
Мен жазған курстық тақырыптан мынадай мәселелерді қарастырдым. Біріншіден жалпы сөз тіркестері туралы түсінік және оған тән белгілері, сөз тіркестерінің түрлері. Екіншіден есімді сөз тіркестер және оның түрлері. Мәселен:
- қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер. Олар іштей
Зат есімдерден құралған тіркестер
Сын есімді тіркестер
Сан есімді тіркестер
Есімді тіркестер
Есімдікті тіркестер
Үстеулер қатысқан есімді тіркестер болып іштей бөлінеді.
- Матаса байланысқан сөз тіркестері.
- Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары.
- Матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары.
- Меңгере байланысқан есімді сөз тіркестері деп бөліп жік - жігімен қарастырып өттім.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау. Сөз тіркестері туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II Тарау. Есімді тіркестер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер ... ... ... ... ... ... .. ...5
2.2 Матаса байланысқан сөз тіркестер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өз ара тіркесу қабілетіне қарай
е с і м д і және е т і с т і к т і болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек -- сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады; етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін.
Зерттеу өзектілігі:
Қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестері және оның түрлерін ғылыми тұрғыда терең меңгере бастаған студент оның тіл білімінде қолдануын есімді сөз тіркестерімен, етісті сөз тіркестерінің ерекшеліктерін еркін ажырата алуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты:
Ғылыми әдебиеттерден есімді сөз тіркестерінің түрлерін ғылыми тұрғыдан тану жұмыстың негізгі алдына қойған міндеті болып саналады.
- Есімді сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері;
- Байланысу тәсілдерін
- Практика мен теория жүзінде дұрыс қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
Міндеті:
Курстық жұмыстың басты міндеті мынадай болып бөлінеді. Біріншіден сөз тіркестері туралы түсінік беру және оған тән белгілерін, түрлерін түсіндіру. Екіншіден есімді тіркестердің іштей бөлінуін жіктеу.
- Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер;
- Матаса байланысқан сөз тіркестері;
- Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін қамту.
Құрылымы:
Жалпы курстық жұмысым екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда екі бөлімнен тұрады. Ол сөз тіркесі туралы түсінік. Бірінші тараудың бірінші бөлімінде сөз тіркестеріне тән белгілерін, екіншісінде сөз тіркестерінің түрлері жайында жазылады. Ал екінші тарау есімді тіркестерінің анықтамасы және оның түрлерін қамтиды. Мәселен қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер, матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері қамтылады.
Дерек көзі:
Курстық жұмысымда жазу барысында біраз ғалымдардың еңбектеріне сүйендім. Олар М. Балақаев, Т.Сайрамбаевтің Қазіргі қазақ тілі. М.Балақаев, Т. Қордабаевтің Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). М.Балақаев Қазіргі қазақ тілі С.Исаев, Г.Қосымованың 7-сыныбына арналған оқулығынан К.Ақанов Тіл білімінің негіздері. Т.Қордабаев Қазақ тіл білімі мәселелері. Осы аталған ғалымдардың еңбектерін өзімнің жұмысыма басты ақау етіп пайдаландым.
Сөз тіркестері туралы түсінік

Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардың арасына "сына қағып" екі айырып тастау керек екенін уағыздады. Жоғарыда айтқанымыздай, сөз тіркесінің сыр-сипаты жайында ғалымдардың көзқарастары әр алуан. Дұрысына көз жеткізу үшін сөз тіркесінің сөйлемнен сөзден айырмалшылықтары нелер екенін білу керек:
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және с ө з - сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы, үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болатыны белгілі. Қалайда күрделі сөздердің және басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке де сөз тіркестері сөйлем қызметінде алса, олар сөз тіркестеріне тән қасиеттерінен айрылып қалады деп те түсінбеу керек.
Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек;
1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2. ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
3. тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай
е с і м д і және е т і с т і к т і болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады.
Сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек -- сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.

Сөз тіркестері
Есімді
Етістікті
Сөздің тіркесу қабілетіне қарай
Қабыса байланысқан с.т.
Матаса байланыс
қан с.т.
Меңгеріле байланысқан с.т.
Қабыса байланысқан с.т.
Меңгеріле байланысқан с.т.
Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы бірнеше топқа бөлінеді (оларды бұдан былайғы талдаулардан көруге болады).
ЕСІМДІ ТІРКЕСТЕР
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әрбір уақытта есім, көбінесе зат есім, болады. Зат есімдердің жететінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Ол есімдердің бірқатары сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады.
Қабысу -- түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу (Есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
3 а т е с і м: темір күрек, ағаш күрек, жел тиірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.
С ы н е с і м: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, социалистік жарыс т. б.
С а н е с і м: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші бригада т. б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.
Е с і м ш е: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз т. б.
Бұларды жинақтап зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:
Зат есім жібек орамал,
Сын есім ақылды бала,
Сан есім зат есім тоғызыншы мектеп
Есімше орындалған арман,
Сілтеу есімдігі мына қала.
Бұл есімдердің өзара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес. Олардың сөз тіркесін құрау ерекшеліктерін білу үшін, әр түрін бөлек қарайық.
Зат есімдерден құралған тіркестер
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі -- зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол т. б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, бота тірсек ат, темір қанат балапан, шаруа қол товар.
Осы тәрізді, қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар бас темір таяқ.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім ене бермейді. Оған өзара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: сағат қалта -- қалта сағат, көз әйнек -- әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге, қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы, тәртіп, абырой, кінә, түс, обал сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуы керек етеді:
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегендей оның алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ә) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет қалпында етістіктің аяғына -ым-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланысты болады. Бұлай болу -- барлық затқа бірдей шарт емес.
б) Салпаң, қалпан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады:
қалқан -- қалқан құлақ бала,
салпы -- салпы ерін ат,
Сыр мінез, тұтқын қыз, күлім көз, сандырақ сөз сияқтылар бұған жатпайды.
бұлаң -- бұлаң құйрық түлкі, сылтың -- сылтың аяқ түйе.
в) Бірақтар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол т. б.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.
Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораныц алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты:
тас үй -- тастан салынған үй д. м. болса,
тас еден -- тас төселген еден д. м.
тас балға -- тасты сындыратын балға д. м.
тас көмір -- тастай, тас сияқты көмір д. м.
күміс сағат -- күмістен істелген сағат д. м. айтылса,
қол сағат -- қолға тағатын сағат д. м.
электр сағат -- электр күшімен жүретін сағат д. м.
құс төсек -- құстыц жүнінен жасалған төсек д. м.
Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланысты болады.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш), ағаш күрек (ағаштан істелген күрек), күміс қасық (күмістен істелген қасық).
2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ -- (ат) аттың құлағы қамыстай д. м.; пісте мұрын (қыз) -- қыздың мұрны пістедей д.м.; жібек жүн -- жүні жібектей д. м.; құрыш білек -- құрыштай қатты білек д.м.
3. Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады. Мысалы: ат қора -- ат тұратын қора; мал қора -- мал қамауға арналған қора; шай кесе -- шай ішуге арналған кесе: кір сабын -- кір жууға арналған сабын; қазан пышақ -- қазан қыру үшін жұмсалатын пышақ (қырғыш); өкше біз -- өкшеге шеге қағу үшін жұмсалатын біз.
Арнау мағынасындағы анықтауыштық тіркес құрамында жұмсалатын сөздердің өзара бірлігі күшті. Әдетте олар бөлек жазылғанмен, мағыналық, ритмикалық бірлігі жағынан біріккен сөздер тәрізді. Сондықтан олар сөйлемнің бір мүшесі ретінде жұмсалады.
4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта сағат т. б. Олардың екі түрі бар.
а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жерсу аты болып, басыңқысы заттың сонда өсіп-өнетінін, сол жақтан екенін (мекенін) білдіреді: тау ешкі, су жылан, көл бақа, түрікпен кілем т.б.;
ә) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есім болып, бірі екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды: мойын ет, желке тамыр, тамақбез, ауыз үй, тамақ бау т.б.
Бұлар -- бір лексикалық бірлікте айтылатын тіркестер.
5. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, екі саба қымыз, қап-қап астық, бір асым ет т. б. Ондай өлшемдік мағынада жұмсалатын тіркестер мынадай құрамдарда айтылады:
бір қора қой, бір үйір жылқы, екі полк әскер, бір қазан ет, үш шелек су, бес қап ұн, бір уыс бидай, бес құлаш арқан, үш адым жер, қап-қап астық, шелек-шелек сүт, мая-мая шөп, тау-тау бидай, саба-саба қымыз, үйір-үйір жылқы, қора-қора қой, бір атым насыбай, бір үзім нан, он шақырым жер, екі қайнатым шай, бір сауым сүт т. б.
6. Кәсіп дәрежені білдіреді.
7. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала, әйел адам т.б.
8. Даралау мағынасында жұмсалады: қайың ағаш, алма ағаш, нар түйе т. б.
Сын есімді тіркестер
Сын есімдер -- заттың әр түрлі сынын, сипатын, сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар -- сөз тіркесінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, үлкен қайрақ, терең көл), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, басқа заттың і ш к і с ы р ы н (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтың д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың с а л м а қ т ы қ белгісін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) т.б. білдіреді.
Осындай әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, тілемсек қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тау деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың (не заттардың) лексикалық мағынасымен үйлесімді, белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан, мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады. Көркем әдебиетте, ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады.
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестірге беруге болады. Мысалы: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі, ақ сиыр, ақ түйе, көк ат, көк ешкі деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды; қара ат, қара сиыр, қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ешкі деп айтылмайды.
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін.
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болыпта олар күрделі сөз тркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай ащы дәрі.
Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады:
Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен а) басқа зат есімдер не ә) сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін:
Сан есімді тіркестер
Сан есімдер -- зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер мен зат есімдердің өз ара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан, ондай сөз тіркестері жиі кездеседі және олардың құрамы әр түрлі болады.
Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымның аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады:
а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық, мырзалық, сезімділік сияқты сапалық зат есімдер;
э) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасқану, мінез, қылық сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;
б) социализм, марксизм, логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты ілім және ғылым аттарын білдіретін зат есімдер.
Сан есім қатысқан сөз тіркесі сыңарлары бірі-бірінің тұлғалануына әсер етпейді. Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы: он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы бригада.
Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді: сонда есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін -- нешінші екенін -- білдіреді:
Есімшелі тіркестер
Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы -- есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келген кісі, айтар сөз, түсінетін бала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер - -ған-ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, а-тын е-тін, -ар-ер, -р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі -- есімшелердің білдіретін шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын -ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой, боздаған бота, жиналған астық, айтқан сөз, қараңдаған мал, ұшқан құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ, колхозда жүрген үгітші.
Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде, көбінесе, оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылған сиыр), жазатын кісі (салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ орған жігіт);
Есімшенің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағынасын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардың елеулі айырмашылығы бар екенін көреміз: егер, мысалы, сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық:
көк шөп -- көгерген шөп
ақ үй -- ағарған үй,
семіз қой -- семірген қой,
жас әйел -- жасарған әйел.
Әдетте есімшелердің жетегінде оларға меңгерілетін есімдер болатыны белгілі. Олар көбінше сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады.
Көреген, сүзеген, қашаған, береген, жатаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, сүзеген сиыр, қашаған ат, береген қол, жатаған түйе.
Есімдікті тіркестер
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері -- сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: мына кітап, ана тау, осы қала; қай аудан?, қандай мәселе?
Есімдіктердін сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес:
С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға алыс - жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды:
Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері -- қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар. Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.
Жинақтау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz